Инфоурок Дошкольное образование Рабочие программыЭкология негізі " Қыс қызығы"

Экология негізі " Қыс қызығы"

Скачать материал


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карта


Өтілетін орны: Топ бөлмесі.


Өтілетін топ: «Балауса» /3-4жас/

Білім беру саласы: «Таным»


Оқу іс-әрекеті: Экология негіздері


Тақырыбы: «Қыс қызығы» (Табиғаттағы маусымдық өзгерістер)


Пән аралық байланыс: Айналамен таныстыру,Көркем әдебиет,Қарапайым математика,Құрастыру

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы

Сабақтың ұзақтығы: 15-20 мин

/Кіріспе бөлім:3мин,Негізгі бөлім:12 мин,Бекіту бөлім:5мин/

Мақсаты.

1.Білімділік,бағдарламалық: Балалардың қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейтіп,балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға,әңгімеге араласып сұрауға және сұраққа жауап беруге деген қызығушылығын арттыру..Жыл мезгілінің ерекшелігін ажырата біліп,көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға,берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету.

2.Дамытушылық:Қыста ойналатын ойындар қыс қызығын арттыра түсетінін түсіндіру.Есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік:Табиғатты аялауға,ұйымшылдыққа,мейірімділікке,әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.


Сөздік жұмыс:Сықырлауық,шаңғы,коньки,хоккей.

Әдіс-тәсілдер: Қуанышты сәт,сұрақ-жауап,көрсету,әңгімелеу,түсіндіру,елестету,

Көрнекіліктер: Қыс бейнесі бейнеленген үй,шаңғы,коньки,хоккей үлгілері,үнтаспа.

Тосын сый: Қыс ханшайымы- (тәрбиеші-Шугаева Гүлнур)

Іс-әрекеттердің кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық-

оятушылы






Шаттық шеңбері

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал кәнекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге,

Сәлеметсіздер ме,апайлар!





Балалар шеңбер бойына

тұрып іс-қимыл арқылы жасайды.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік














Тақтамен жұмыс:




















































































































Сергіту сәті:








Дидактикалық ойын:








-Жарайсыңдар.Енді орынымызға отырайық.

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Кәне ай аттарын атап беріңдерші?

-Қазір қай айы?

-Иә,қыс мезгілінің соңғы айы-ақпан айы.

-Бір аптада неше күн бар?

-Бүгін аптаның нешінші күні?

-Өте жақсы.

-Ал балалар,бүгінгі «Экология негіздері» оқу іс-әрекетінің тақырыбы «Қыс қызығы» деп аталады.

Жылды осы мезгілі туралы көптеген мағұлматтар алдық.

-Балалар тақтадағы суреттерге назар аударайықшы.

-Бұл суретте нені көріп отырсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар,бұл суретте қыс мезгілі бейнеленген.

Сурет бойынша әңгіме.

-Осы суреттен көріп тұрған балаларға ат қояйықшы.

-Шанасы бар бала кім?

-Аққала жасап жатқандар?

-Шанамен сырғанап жүргендер?

Балаларды сурет бойынша тақтаға шығарып әңгіме құратып айтқызу.

-Өте жақсы,балалар.

-Балалар сендер қыста далада ойнайтын қандай ойындарды білесіңдер?

-Ал,бұдан да басқа қыста-шаңғы,коньки,хоккей ойындары бар екен.

Біздің жақта бұл ойындар көп ойнала бермейді,сондықтан біз бұл ойындарды біле бермейміз.

-Міне,мынау құралды- «шаңғы» деп атаймыз.Шаңғыны аяғымызға киіп алып,қолымызға екі таяқшасын ұстап,биіктен төмен қарай сырғанаймыз,жоғарыдан төменге тез түсеміз.

-Мына құралды-«коньки» деп атаймыз.Бұл конькимен мұз үстінде ойнаймыз.

-Мына таяқша «хоккей» таяғы деп аталады.Хоккей ойыны да мұзда ойналады.Аяғымызға коньки киіп хоккей таяғын қолымызға ұстап,мұз үстінде сырғанап жүріп ойнаймыз.

-Кәне,бәріміз бұл ойындардың атын қайталап жіберейік.

-Жақсы,балалар.

-Балалар,сендер далада ойнағанда қолдарыңа жылы қолғап,мойнымызға бөкебай,басымызға бөрік,үстімізге тон,аяғымызға етік киіуіміз керек.

-Мұның бәрі қай мезгілде болады?

-Дұрыс айтасыңдар,міне қазір қыстың соңғы айы –ақпан айы.

Бұл мезгілді,яғни қыстың соңғы айын «Сықырлауық» қыс деп атайды.

Өйткені,ақпан айында құбылмалы сәттері көп бірде боран,бірде аяз болып тұрады.

Аязды күндерде, далада жүргенде қардың үсті сықырлайды екен.

-Тыңдасаңдар сықырлаған дауыс естіледі.

(үнтаспадан қардың сықырлаған дауысын естірту)

-Балалар,сендер аяздан қорқасыңдар ма?

(Осы кезде Қыс ханшайымы әуен ырғағымен тарсылдатып кіріп келеді)

-Ой,балалар,мынау Қыс ханшайымы емес пе? Өзі ашулы ғой!

Қыс ханшайымы.Менің аязды, суық күндерімді елең қылмай,қорықпаймын деген кім?Көрсетемін мен сендерге!

Мен сендерді қатырып тастаймын!

(сиқырлы сөздер айту)

-Ой, мына балалар неге қатпайды?

Мен түсінбей тұрмын!

-Қыс ханшайымы сіз біздің балаларды қатыра алмайсыз.

Қыс ханшайымы: Неге?

Оны өздерінен сұрап көріңіз.


Қыс ханшайымы балалармен ойын ойнайды.

-Балалар, мұз қылып қатырсам не істередіңдер?

-Қарға айналдырсам ше?


-Боран болып соқсам ша?


-Көрдіңіз бе,Қыс ханшайымы,біздің балалар

ештеңеден қорықпайды,олар барлығын ақылмен шешеді.

-Кәне,бір ашуыңызды бізге беріп балалармен бірге болыңыз.

Қыс ханшайымы:Жарайды,бірақ сендер ол үшін маған қыс туралы тақпақ айтып беріңдер!

-Балалар тақпақ айтамыз ба?

Балалар тақпақ айтады.

1.Жас ұланмын шыныққан,

Жасқанбаймын суықтан.

Қардан жасап аққала,

Сырғанаймын шаттана.

2.Сырғанаққа мығымбыз,

Шыныққанбыз,шымырмыз.

Таудан төмен сырғанап,

Біз тебеміз сырғанақ.

3.Ішік,пима,қолғап бар,

Арада жоқ,тоңғақтар.

Баста қалың малақай,

Біз тебеміз алақай!

4.Бір топ бала сырғанап,

Барады әне жарысып,

Қалады артта қар алап

Іздерінен қар ұшып.


Қыс ханшайымы: Қандай ақылды балалар,

мен енді еріп кетпей тұрғанда кетейін,мына жер тым жылы екен.


Жарайсыңдар,балалар!

Көрдіңдерме,қыс деген осылай үсітіп,қатырып тастауы мүмкін.


Ал,енді балалар бәріміз орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық!

Боран соғады оң жақтан,

Боран соғады сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан.

-Жақсы,балалар біраз тынығып алдық.


-Енді оқу іс-әрекетімізді әрі қарай жалғастырамыз.

«Мезгілдерді топтастыру» ойынын ойнайық.

Шарты: Қыс мезгілі мен жаз мезгілінің

суреттерін топтастыру.

Мақсаты: көріп есте сақтауды,ойлау жылдамдығын дамыту.

-Жақсы,балалар.

-Енді мен сендерге мезгілге байланысты жұмбақ жасырайын.



Жұмбақ жасыру:

1.Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп. (Аяз)

2.Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық. (Қар)

3.Көзіңе көрінбейді,

Тоңдырып қызартады.

Күні-түні ерінбейді,

Өзенге мұз арады. (Аяз)

-Өте жақсы балалар.


-Мен сендерді «Аққала» ойынын ойнатсам деп тұрмын.

-Балалар, аққала неше бөліктен тұрады?

-Оның бөліктерінің пішіні қандай?

Ойынның шарты бойынша тақтаның бетіне қиындыдын жабыстырылған аққаланың жетіспейтін бөлігін тауып, орнына жабыстыру.

-Балалар,сендерге қыс мезгілі қатты ұнайды екен.Қыстан алған әсерімізді сызба арқылы бүгінгі оқу іс-әрекетімізді қортындылайық.


Қардан тұрғызылған Ақ ұлпа

аққаласымен қарымен



ҚЫС







Сырғанақта ойнайтын Аяз-атасымен

шанасымен




Қыс мезгілі


Желтоқсан,Қаңтар,Ақпан.

Ақпан айы


Жеті күн бар

Төртінші күні









Қыс мезгілін.













Балалардың жауабы.



















Шаңғы,коньки,хоккей.







Қыс мезгілінде.































-Қоянша секіреміз.

(секіреді)

-Шыршаға айналамыз.

(айналады)

-Орнымызға отырамыз.

(орындарына отырады)










Иә.





























Балалар қимыл-қозғалыс арқылы жасайды.







Балалар белсенділікпен ойнайды.











Балалар жауаптарын айтады












Үш бөліктен тұрады.

Пішіндері дөңгелек.










Балалар тақтаға шығып сурет арқылы ойларын ортаға салады.







Қорытынды:

-Балалар бүгін сендерге сабақ ұнады ма?

-Қыстың соңғы айын қандай қыс деп атайды екенбіз?

-Қыс ханшайымы сендерге не істемекші

болды?

-Қыста ойналатын қандай ойын түрлерін

білесіңдер?

-Өте тамаша,бүгін сендер жақсы жауап бердіңдер.

-Енді мен сендерге барлықтарыңа жақсы қатысқандарың үшін,қысқы ойын түрлерін біле жүрсін деп-ойындардың суреттерін табыстаймын.



Иә.


«Сықырлауық қыс»

Мұз болып қатырмақшы болды.

Коньки,шаңғы,коньки т.б







Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Балалар,қыс мезгілін суреттен көріп әңгімелеп беруді.

Игеру керек:Қардан аққала құрастыра білуді.

Үйрену: Сұрақтарға жауап бере алуды,сөздерді,сөйлемдерді дұрыс айтуды.




Пайдалынған әдебиеттер:


1.Отбасы және бала-бақша журналы.

2.Мектепке дейінгі тәрбие журналы.









Тәрбиеші: Базарбаева Анар

















Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Экология негізі " Қыс қызығы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 449 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2016 2868
    • DOCX 123 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Базарбаева Анар Алибековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Базарбаева Анар Алибековна
    Базарбаева Анар Алибековна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2989
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие мышления и речи детей старшего дошкольного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 451 человек

Курс повышения квалификации

Конструируем сегодня – отличники завтра: пропедевтика инженерного образования в детском саду

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 74 человека

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Формирование социальной ответственности и гармоничного развития личности учеников на уроках

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология аддиктивного поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Мини-курс

Wildberries: от управления заказами до продвижения товаров

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 25 регионов