Инфоурок Биология Другие методич. материалыЭкология пәні бойынша конференция сабағы 8-10 сынып

Экология пәні бойынша конференция сабағы 8-10 сынып

Скачать материал

                      

                  

 

                        Экологиялық   өзекті    проблемалар

 

«Экология – заман талабы»атты экологиялық пресс конференция сабағы.
Мақсаты:1.Оқушыларға экологиялық
   білім беру.Адам – табиғат»арасындағы үйлесімділікті,табиғатта болатын қарым-қатынас жайлы,Каспий теңізінің ,Балқаш қөлінің,Өскеменнің  және  Арал  теңізі экологиясының – адам,өсімдік,жануарлар өміріне деген әсерімен танысып,қорғау шаралары туралы қаулы қабылдау.
2.Есте сақтау,ойлау,салыстыру,сараптау,саралау қабілеттерін осы сабақ арқылы дамыту.
3.Қоршаған орта мен оның табиғи байлықтарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын,аялай білетін,адамгершілігі мол,экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілік:тақырыпқа байланысты қанатты сөздер,Экология - заман талабы» 
атты стенд,экологиялық сот процессінен көрініске арналған декорациялар
.                                   « Каспий тағдыры»,Балқашым – бағым», «Арал  теңізі  тағдыры  - Өскемен  қаласы»атты шығармашылық топтары,Экологиялық  ақпарат жүйесі – орталықтары, «Зерде»газеттерінің  өкілдері,Менің елім,  Жасыл  ел  теле  арна өкілдері, Эколог,Географ,Тарихшы мамандары,тәжірибелерге арналған құралдар, «Жасыл  ел» теле  арнасының    жарнамасы.
Өткізілу формасы:пресс конференция.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі мұғалімнің кіріспе сөзімен басталады(музыка әуені)
Оқушылар бүгінгі : «Экология
лық  өзекті  мәселелер»атты сабағымыз экологиялық пресс конференция түрінде өтпек.Экологиялық пресс конференция дегеніміз – ақпарат жүйелерімен сұхбаттасу арқылы білімдерімізді ортаға салу және экологиялық мәселе бойынша қаулы қабылдау. 
Сабақ жоспары:
І.Экология – заман талабы – негізгі бөлім.
1.Каспий – тағдыры»
2.Балқашым – бағым»
3.
Арал  тағдыры   
4.Арт.терапия
ІІ.Өнер саласы –
11 А сынып  оқушыларының  экологиялық  сот  қойылымы. «Экологиялық сот мәжілісінен көрініс»
ІІІ.
9 А сынып «Жасыл  ел» телеарнасының жарнамасы.  Бұл біз қорғайтын орта.
ІV.Шығармашылық топтардың жұмыстары – көрме.
V.Экологиялық пресс конференцияның қаулысын қабылдау.
Ал,енді «Экология – заман талабы» атты негізгі бөлімімізді бастайық.Сөз ақпарат жүйесіне.
«Зерде»газеті:Ал онда, экология деген не?
«Эколог» 10 А сынып  Аяужан : Экология бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс-әрекетіне келешекте шек қоятын,оның тыныс -тіршілігіне ат салысатын ғылымның жаңа саласы
«Тарихшы»Ақбота: Экология ғылыми табиғат заңдылығының бұзылуын,тепе-теңдіктің сақталуын бақылай отырып,өзгерістеріне дер кезінде шара қолданады.
- Адамның үйі оның баспанасы,жануарлар мен құстардың,аңдардың үйі -орман,дала,тау,су,өзен,көл.Ал осы барлық тіршілік иелеріне ортақ үй - жер планетасы. 
Мұғалімнің қорытуы:
Табиғат әсемдік төркінісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін
Жан - жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысын деп,
Жамбыл атамыз жырлағандай,қазіргі заманда адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы күрделенді.Демек,адам баласы өзінің саулығын ойлап,барды күтіп,аялап сақтаумен қоса,қалпына келтіру,көркейтуге мән беру керек.
«Зерде»газеті: Ал,біздің Отанымыз Қазақстанның экологиясы қандай? Экологиялық мәселесі бар ма?
Мұғалім: сөзді географ  Сұңқарға  берейік қысқаша Қазақстанмен таныстырып кетсін.
«Географ»:Қазақстан ең үлкен Еуразия материгінің ортасында орналасқан.Солтүстікте – Ресей елі,шығыста – Қытай елі,оңтүстікте – Қырғызстан,Өзбекстан,Түрікменстан елдерімен шекаралас.Астанасы – Астана қаласы.Тұрғындарының саны 17миллионнан астам,130 дай  ұлт өкілдері тұрады.
«Эколог» Аяужан:Экологиялық жағдайына келетін болсақ: қазіргі заманда адамның қоршаған ортамен қарым - қатынасы күрделенді.Адам санасының өсуі,өнеркәсіптің тез өркендеуі,ғарышты игеру қоршаған ортадағы тепе – теңдіктің бұзылуына әкеліп соғуда.Бүгінде Қазақстанда экологиялық мәселе - өзекті мәселеге айналды.
Мұғалім:осы заман талабына сай Қазақстаннің батысында орналасқан Каспий теңізі,орталығындағы – Балқаш көлі,шығысындағы – Өскемен қаласының экологиясына көңіл бөлдік.
«Зерде» газеті: Каспийдің экологиясы туралы айтып кетсеңдер.
«Географ» Нұрбол:Каспий теңізінің жалпы жағалауы – 7000 км.Қазақстандағы ұзындығы – 2340 км.Каспий тұйық теңіз.
-Ластану себептері:өндірістік қалдықтардың тасталуы,мұнай – газ,тау –кен кәсіпорындарынан төгілетін сулар мен мұнай төгінділері.
-Ластану салдары: мұнай өндіру жұмыстары таязда жүргізіліп,мұнай операцияларының экологиялық қауіпсіздігі толық сақталмауы Каспийдің биологиялық жүйесіне зардап келтіреді.
-Қорғау шаралары: Каспий теңізінің мәселесін Каспий маңы елдері – Қазақстан,Әзербайжан,Иран,Ресей,Түрікменстан бірлесе шешеді.Осы елдердің қатысуымен 2003 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы даму бағдарламасы бойынша Каспий тіңізінің табиғи ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенция» қабылданып,2006 жылы күшіне енді.Қазақстан Каспийдегі мұнай апаттарының алдын алу,реттеу ісіне ірі көлемде қаржы бөлуде.
Мұғалім сөзі: Иә,Каспий мәселесі осы 5 елді ойландырмай қоймады,жаңағы айтқан шараларды қолданып жатыр.
«Зерде»газеті: Ал, Балқаш туралы не ойлайсыздар?
«Эколог»Нұрмұхамед:Орталық Қазақстанның оңтүстік құмды жерінде Балқаш көлі теңіз деңгейінен 340м.биіктікте,ұзындығы 600км. –ден астам.Ең терең жері – 26метр.
-Ластану мен тартылу себептері:
1.Қапшағайда су электр стансасы салуына байланысты Балқашқа құятын ең ірі Іле өзенінің бөгелуі.
2.Балқаш қаласындағы мыс қорыту комбинаты мен тағы басқа өндіріс орындарынан шыққан қалдықтардың көлге төгілуі.
-Экологиялық зардап:
1.Көлдің деңгейі бастапқы шамасынан 2 метрге жуық төмендеді.
2.Судың құрамында мыс,молибден және мырыш мөлшерінің көбеюі (14 – 15 есе)көлдегі тіршілік көздурінен жода.
3.Көлдің флорасы мен фаунасына зиян келіп,нәтижесінде пайдалануға жарамсыз.
4.Лас су – жергілікті тұрғындар арасында көп тарған түрлі аурулардың(ішек,теріаурулары)негізгі көзі.
Мұғалім: иә, блалар Қазақстанда осындай экологиялық апат аймақтар аз емес,біз тек осы аймақтарды көрсеттік.Ал әйтеуір теңіз,су туралы айтқандықтан,қазір біз біраз демалып алайық.Ол үшін «теңіз бойында»атты арттерапия үзіндісін тамашалайық(3 оқушы,теңіздегі толқындар,теңіз бойындағы өсіп тұрған ағаштар,теңіз жағасындағы пілді көрсету)
Келесі сұрақты «Менің елім» теле  арнасы  қояйын деп отыр.
- Өскеменде де экологиялық мәселе бар дедіңіздер?Айтып берсеңіздер.
«Тарихшы» Жандос:Біздің өлкеміздің негізгі қаласы Өкемен –Шығыс Қазақстан облысының орталығы.Ірі өнеркәсіп орны:Қазмырыш,Үлбі металлургия зауыты,Титан магний комбинаты жұмыс істеуде.Осы тұрғыда Өскемен Қазақстандағы экологиялық ауа атмосферасы ең лас қалалар қатарына жатады.
-Ластау себептері: 
1.Ауыр және жеңіл өнеркәсіп пен тау-кен металлургия саласындағы аса ірі кәсіпорындардан шығатын қалдықтар.
2.Экологиялық тұрғыдан негізделмеген қала құрылысынан туындайтын ауа алмасуының әлсіздігі.
Ластанудың салдары:
- Қышқылды жаңбыр жауады;
- Ауа мен топырақ бүлінеді,
- Ауа қозғалысының әсерінен улы заттар басқа да жерлерге таралады;
- Жергілікті тұрғындар арасында ауру түрлері(тыныс жолдары,жүрек – қан тамырлары,жүйке,қатерлі ісік)етек алып,науқастар саны өсе түседі;
- Өсімдіктер мен жануарлар әлемі де күрт азайып,түрі мен саны кемиді;
Қорғау шаралары:
- Зиянды қалдықтарды тазалайтын сапалы сүзгілер орнату;
- Ауыр өнеркәсіп орындарын орналастыру кезінде климат пен жер бедер ерекшеліктерді ескеру;
- Еліміздің экологиялық қауісіздігін сақтау мақсатында ҚР Экология және табиғат қорғау министрлігі құрылды.
Мұғалім сөзі: иә, Өскеменнен басқа - Алматы,Ақтөбе,Тараз,Шымкент қалалары да ең лас қалалардың қатарына енді.Осыған кінәлі өнеркәсіп салалары,ең негізгі адам болып табылады.Осы орайда «Менің елім»газеті келесі сауал қоймақ:
- Ал,өнер қауымы осы экология мәселесіне қалай атсалысады екен?
Мұғалім:  Осыған  байланысты  біздің  11 А сынып  оқушыларының  дайындаған  қойылымын  тамашалаңыздар.  «Экологиялдық сот процессінен көрініс»
Сотқа қатысушылар:
1.Сот – Жандос
2.Хатшы – Жанбота
3.Жәбірленуші Жер,Табиғат – Шынар
4.Адам –Төлеген
5.Қорғаушы – Нұрғали
6.Су маманы – Нұря
І.Хатшы: сот келеді,орындарыңнан тұрыңдар!
Сот: Отырыңдар! Адамнан жәбір көріп жапа шеккен,адамның әрекетінен табиғатына зақым келіп,көптеген табиғат компоненттері құрып кету алдында қалған жәбірленуші Жердің шағымы бойынша іс қозғалды.Істі экология соты жүргізеді.Куәгерлер сотқа жалған куәлік бергендеріңіз үшін айыпталатындарыңызды естеріңізге саламыз.
Сөз кезегі Жәбірленуші Жерге беріледі
Жер: мен Жермін,Табиғатпын.Адамды келесі қылмыстары үшін айыптаймын: - Адам жыл сайын жер қойнауынан 100 миллиард тонна пайдалы қазбалар алады,30 миллион тонна улы химикат пайдаланады.Атмосфераға 20 миллиард тонна көмірқышқыл газы,700 миллион тонна әр-түрлі қосылыстар тастайды.Осыдан көптеген экологиялық мәселелер пайда болады.
Мен Адамды жазалауды өтінемін.Адамға жер планетасында тұруға болмайды,оның жерден қуылуын сұраймын.Осы сөздерім дәлелді болу үшін куәгерлерді тыңдауларығызды өтінемін.
Сот: Куәгер Су маманына сөз беріледі.
- Құрметті сот!Су – баға жетпес табиғи байлық.Қазақстан тұщы су жеткіліксіз аймаққа жатады.Ауыз су тапшылығы судың аздығынан емес,оның адам әрекетінен ластанып жарамсыз болуынан.
Сот: сөз Қорғаушыға беріледі.
- Құрметті сот мүшелері, Адам – табиғаттың төл баласы,жас баласы осыны ескерсеңіздер екен.Жыл сайын экологиялық сенбілік,айлықтар ұйымдастырады,онда ауыл – қалаларды көгалдандыру сияқты жұмыстар жүргізіледі.Қазақстанда : 9 қорық,2 ұлттық саябақ,2 қорықша,2 табиғи ескерткіш бар.Қазақстан Республикасы табиғатты қорғау заңын қабылдады.
Осыны ескеріп Адамға кешірім беріп, өз қателігін жоюға мүмкіндік беруді өтінемін.
Адам: мен барлық кінәларымды мойындаймын.Жасаған қателіктерімді өзім түзеймін.Мен Жер Ананың төл перзентімін.Жердің,Табиғаттың адамсыз өмір сүре алмайтынын түсіндім.Өз қатемді өзім түзеймін.
Хатшы: орындарыңыздан тұрыңыздар,сот үкім шығару үшін үзіліс жариялайды.
Үзілісте - Мұғалім: сот шешімін шығарғанша біз географиялық жаттығу жасайық. Алфавит бойынша Қазақстанның қалаларын атайық.(Мен әріп көрсетемін оқушылар қала атын атайды: А –Астана,Қ –Қарағанды,
Ө –Өскемен,П – Павлодар,
Ш – Шымкент,Т – Тараз.
Өте жақсы!
Хатшы: орындарыңыздан тұрыңыздар,сот келеді!
Сот: Табиғаттың байлығы – Жер, Адамдар,өсімдіктер,жануарлар өз қорегін осы қара жерден алады.Сондықтан,Табиғат пен Жер – Ананы сүйе білу,оны аялау адамдардың азаматтық борышы.Жәбірленуші және куәгерлерді тыңдап,қорыта отырып,Қазақстан Қылмыстық істер кодексінің «Қоршаған орта және оның зиянды әрекеттерден қорғау» туралы 85 бабы бойынша сот Адамды Жерде қалдыра отырып келесі шешім қабылдайды:
- Табиғаттағы тепе –теңдік сақталу үшін шаралар ұйымдастырсын.
- Мектептерде зкология сабағы жүргізілсін.Осы шаралардың орындалуын Өскемен қаласындағы «Жасыл елшілерге» тапсырылсын.
- Сот мәжілісі жабық деп жариялаймын.
ІІІ.Сонымен,Адам өз кінәсін мойындап,өз қатесін түзететін және сот шешімін орындайтын болды.
Ал, енді «Кенді Алтай»газеті «Қазақстан Өскемен телеарнасына» сұрағы бар екен.
- Сіздердің телеарнаңыз экология мәселесіне көңіл бөле ме,қандай жұмыстар жүргізуде?
«Қазақстан Өскемен телеарнасы» жарнама ұсынады: Бұл біздің қорғайтын орта» (слайд) 
Мұғалім: сонымен қатар «9б» сынып оқушылары да, экология мәселесіне атсалысуда.Осы мәселені іс жүзінде,көзбен сіздер көрсін деп – география,жаратылыстану сабақтарында 2 апта бұрын келесі эксперимент өткізді: 4 стақан су, 4 жапырақ алды.
І – ші стақанда: таза су,жапырақ;
ІІ – ші стақанда: таза су,жапырақ және сірке суы.
ІІІ – ші стақанда:таза су,жапырақ,2 қасық май.
ІV – ші стақанда: таза су,жапырақ,қоқыс,қағаз,көкөніс қалдықтары салынады.
Нәтижесін барлықтарыңыз көрген шығарсыздар.Осы жапырақ таза суда ғана солмапты.Себебі,барлық тіршілік атаулыға : таза ауа,таза жер,таза су қажет.Біздің эксперимент осыны дәлелдеді. 
ІV.Ал қазір осы «Экология – заман талабы»атты сабағымызды қаншалықты ұққанымызды,пысықтағанымызды білу үшін,тест ұсынамын.
1.Қазақстан қай материкте орналасқан:
А)Америка
Б)Еуразия
В)Африка
2.ШҚ облысының орталық қаласы:
А)Алматы
Б)Астана
В)Өскемен
3.Бұл ғылым табиғат заңдылығының бұзылуын,тепе-теңдігінің сақталуын бақылай отырып,өзгерістерге дер кезінде шара қолданады.
А)биология
Б)экология
В)геология
4.Батыс Қазақстан экономикалық ауданында орналасқан экологиялық апатты аймақ:
А)Байкал
Б)Арал
В)Каспий
5.Орталық Қазақстан зкономикалық ауданында орналасқан балығы жеуге жарамсыз көл:
А)Зайсан
Б)Балқаш
В)Марқакөл
Өте жақсы!
Мұғалім: ал,құрметті конференцияға қатысқан қонақтар!Қазақстанның экологиясын сақтау,жақсарту үшін осы шара өткізілді.Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші,бірлесіп бәріміз бір кісідей ат салыссақ,ісіміз алға басары анық.Ал енді әр экологиялық пресс конференцияға тән қағида,ол соңында қаулы қабылдау.(стенд бойынша)
1.Табиғатты тиімді пайдалану:
а)зерттеу;б)қорғау;в)игеру;г)қайта құру;д)үнемді технология қолдану.
2.Табиғат қорғау мәселелерін шешу жолдары.
3.Экологиялық саяхат.
4.Халықаралық экологиялық ұйымдар құру.
5.Жасылдар қозғалысы»жұмысын жалғастыру.
V.Көрмеге назар аудару: 1. үй тапсырмасы кескін картаға экономикалық аудандарды түсіру,деңгейлер бойынша.
2.Жан жануарлардың адамдарға жолдауы...
3.Нағыз Қазақстанның азаматы білуі тиіс...
4.Бақыт құсының қанатына туған өлкеге бағытталған оқушылардың жылы лебізі...
Мұғалім: ал, осымен біздің экологиялық пресс конференциямыз аяқталды.Құрметті қонақтар,осындай экологиялық бағдарламаға келіп бізге мәнді де,мағыналы мәліметтер бергендеріңізге рахмет айтамыз.
Бұл кездесу Жер туралы,Қазақстанның экологиясының қорытындысы ретінде өтті.Бар ғаламшар сіздерге ғана сенеді,сіздер жердің келешегісіздер.Келешекте Жер ғаламшары,Қазақстан Жері таза болсын!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Экология пәні бойынша конференция сабағы 8-10 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Политолог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Экология пәні бойынша конференция сабағы 8-10 сыныптарға арналған

«Экология – заман талабы»атты экологиялық пресс конференция сабағы.
Мақсаты:1.Оқушыларға экологиялық білім беру.Адам – табиғат»арасындағы үйлесімділікті,табиғатта болатын қарым-қатынас жайлы,Каспий теңізінің ,Балқаш қөлінің,Өскеменнің және Арал теңізі экологиясының – адам,өсімдік,жануарлар өміріне деген әсерімен танысып,қорғау шаралары туралы қаулы қабылдау.
2.Есте сақтау,ойлау,салыстыру,сараптау,саралау қабілеттерін осы сабақ арқылы дамыту.
3.Қоршаған орта мен оның табиғи байлықтарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын,аялай білетін,адамгершілігі мол,экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 291 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.06.2015 2388
    • DOCX 29.6 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калимбай Култай Калимбай. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калимбай Култай Калимбай
    Калимбай Култай Калимбай
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2503
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

ФГОС общего образования: формирование универсальных учебных действий на уроке биологии

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 87 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 360 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 490 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 556 человек

Мини-курс

Основы духовно-нравственной культуры народов России: особенности преподавания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Wildberries: от управления заказами до продвижения товаров

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 26 регионов

Мини-курс

Продвижение экспертной деятельности: от личного сайта до личного помощника

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе