Инфоурок Начальные классы КонспектыЭкология Тақырыбы: "Су не үшін керек? "

Экология Тақырыбы: "Су не үшін керек? "

Скачать материал

Технологиялық карта

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: дене шынықтыру

Тақырыбы: «Балабақша»

Мақсаты: шағын топпен жүру дағдыларын жетілдіру. Қос аяқтап секіруге үйрету. Допты қос қолмен домалату іскерліктерін бекіту. Балалардың денсаулығын нығайту.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

 

Мотивациялық-қозғаушылық

Балаларға спорт залға баруды ұсынады.

«Балабақша жайлы үй, спорт залда көтереді көңіл-күй».

Спорт залға қарауды ұсынады. Зал кеңістігіне назарларын аударады, жүгіруді ұсынады. Спорт залда жақсы.

Жақын тұруды және түрлі-түсті доптардың соңынан жүруге шақырады.

Балалар тәрбиешінің соңынан спорт залға барады.

Тәрбиешінің соңынан шағын топпен жүреді.

Түрлі бағытта жүреді.

Түрлі бағытта жүгіреді.

Шағын топпен жүреді.

 

Ұйымдастыру-іздестіру

Себеттегі доптарға назарларын аударады. Доппен жалпы дамыту жаттығулар кешені.

Көркем сөз: ойнауды ұсынады.

Добым добым, домалақ,

Қайда кеттің домалап?

Бір, екі деп, екі ұрдым,

Шатырға сен секірдің.

Доптың еденнен қалай

серпіліп секіретінін көрсетеді.

Доп сияқты секірулерін ұсынады.

Допты қалай домалататынын көрсетеді.

Балалар себетке жақындайды.

Тақпақты тыңдап, доптың еденнен қалай секіретінін қарайды.

Секіреді.

Екі қолмен допты домалатады.

 

Рефлексивті-түзетушілік

Мәтінге сәйкес қимылдарды қайталауды ұсынады.

Домала доп, домала,

Балшыққа тек жолама.

Жек көремін оныңды,

Бүлдіресің қолымды.

Секіріп өр, ордан да,

Секіріп өт жолдан да,

Қуса күшік жетпесін,

Машина басып кетпесін.

Қолдары мен аяқтарын демалдыруларын ұсынады.

Мәтінге сәйкес қимылдар жасайды.

Кілемге отырады, қолдарын тізеге қояды. Демалады.

 

 

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек:

- шағын топпен жүруді.

Нені игереді:

- түрлі бағытта жүгіру түсінігін.

Нені біледі:

- аяқтың ұшымен жерге түсе отырып қос аяқтап секіруді;

- неғұрлым допты алысқа қос қолмен домалатуды.

 

 

 

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: дене шынықтыру

Тақырыбы: «Күз»

Мақсаты: қол ұстасып шеңбер бойымен жүруге, шектелген жазықтық бойымен сызық арасымен жүгіруге үйрету. Алға жылжи отырып секіруін жетілдіру. Қос қолдап допты алға лақтыру іскерліктерін бекіту.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

 

Мотивациялық-қозғаушылық

Спорт зал безендірілуіне назар аудартады «Күзгі орман».

Қол ұстасып еденде жатқан жапырақты шеңбер бойымен айналып жүруді ұсынады.

Қол ұстасып бірінің соңын бірі шеңбер бойымен, түрлі бағытта жүреді.

 

Ұйымдастыру-іздестіру

Жапырақтарды алып жалпы дамыту жаттығуларын орындауды ұсынады.

«Желдегі жапырақтар»

«Тастарды аттап өтеміз»

«Жапырақтарды ал»

Дене-кеңістікке арналған жаттығуы «Сілкініп-қағамыз».

Балаларға қоян туралы жұмбақ жасырады.

Қоян секілді алға жылжи отырып секіруді ұсынады.

«Көңілді доп» ойыны.

 

Балалар тәрбиешінің көрсетуі бойынша жаттығулар орындайды.

 

Алға жылжи отырып секіреді.

Допты қос қолмен алға қарай домалатады.

 

Рефлексивті-түзетушілік

Күзгі орманда серуендеуді, көздерін жұмып музыка тыңдай отырып ағаштардың көлеңкесінде демалуды ұсынады.

Зал бойымен жүреді, кілемге жатады, көздерін жұмады, музыка тыңдайды.

 

 

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек:

- бірін-бірі итермей, жапырақтарды басып кетпестен қол ұстасып шеңбер бойымен жүруді.

Нені игереді:

- жүру барысында бағытты өзгертіп жүру түсінігін.

Нені біледі:

- секіру барысында аяқтың ұшымен түсуді;

- допты домалату барысында жігерлі итеруді.

 

 

 

 

 

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: дене шынықтыру

Тақырыбы: «Көкөністер»

Мақсаты: бірін-бірі итермей түрлі бағытта жүгіруге үйрету. Қозғалыс үйлесімділігін дамыту. Өзінің қимылын басқа балалардың қимылымен сәйкестендіруге үйрету. Дене шынықтыру жаттығуларын орындау ниеттеріне тәрбиелеу.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

 

Мотивациялық-қозғаушылық

Ұйқымыздан тұрамыз,

Беті-қолды жуамыз,

Апайға біз ереміз,

Бақшамызға келеміз,

Біз тәртіпті баламыз,

Серуенге шығамыз, қыдырамыз.

Сағаттың тіліндей

Иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір

Оң аяқ, сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

Арқаннан ұстай отырып шеңбер бойымен жүреді.

Аяқтың ұшымен жүреді.

Бірінің соңынан бірі жүгіреді.

Бірінің соңынан бірі жүреді.

 

Ұйымдастыру-іздестіру

Жалпы дамыту жаттығулар кешенін орындауды ұсынады.

«Күнбағыс», «Шалқан», «Картоп», «Бақша қарауылы», «Картоп жинау».

Көбелекке назарларын аударады.

«Көбелекті ұста» ойынын жүргізеді.

Тәрбиешінің көрсетуі бойынша орындайды.

Допты алға қарай лақтырады.

Оларды қуып жетіп себетке салады. Секіре отырып зал бойымен жүгіреді.

Рефлексивті-түзетушілік

Біз көкөністер жинадық,

Шамалы ғана шаршадық.

Біз кішкене демаламыз,

Тағы жинауға барамыз.

Бірінің соңынан бірі жүреді.

 

 

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек:

- аяқ-қол қимылдарын үйлестіріп жүруді.

Нені игереді:

- бірін-бірі итермей, секіре отырып жүгіру туралы түсінігін.

Нені біледі:

- хабарлай отырып әрекет етуді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: дене шынықтыру

Тақырыбы: «Құстар»

Мақсаты: тепе-теңдік қалпын сақтай отырып шектелген жазықтық бойымен жүруге үйрету. Алға жылжи отырып секіру іскерліктерін бекіту. Әртүрлі қалыпта допты қос қолмен лақтыру іскерліктерін жетілдіру. Балалардың денсаулығын бекіту.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

 

Мотивациялық-қозғаушылық

Құс секілді ұшуды ұсынады.

 

Құстар биікке ұшып барады.

Қанаттарын қағады.

Шиқ-шиқ, шиқ-шиқ,

Ал енді олар төмен қонады,

Қанаттары оның қосылды.

Балалар түзу жол бойымен жүреді. Қолдарын қағады. Алға жылжи отырып секіреді.

Қолдарын арқыларына жасырады.

 

Ұйымдастыру-іздестіру

 

Ұшып келдік.

Жалпы дамыту жаттығулар кешенін орындауды ұсынады.

«Құстар су ішеді»

«Тары шоқиды»

«Құстар көңілді»

«Құстар ұшады»

Спорт залындағы кедергілерге назарларын аударады (таяқшалар, арқандар).

«Құрттардың соңынан» ойыны.

Доптарды қолдана отырып құстардың ұшуларын көрсетулерін ұсынады.

 

Басты еңкейту, қолдарын екі жаққа созу.

Денені еңкейту, жарым жартылай отырады, қолдарын сермеп жүгіреді.

Кедергілерден аттап өтеді. Доптарды алға лақтырады.

 

Рефлексивті-түзетушілік

Биік аспанда құстар ұшып барады. Жылы ұясында дем алады. Қанаттарын жиып, көздерін жұмады. Бір күн бойы ұшып, сол мезетте ұйықтап кетеді. Күн шығып, жылынады, күлімдеп «Қайырлы таң», құстар оянады.

Тәрбиешінің көрсетуі бойынша мәтінге сәйкес қимылдар орындайды.

 

 

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек:

- белгіленген тәсіл бойынша доптарды лақтыруды.

Нені игереді:

- шектелген сызық бойынша түзу жол бойымен жүру туралы түсінігін.

Нені біледі:

- тәрбиешімен бірлесіп қимылдар орындауды.

 

 

 

 

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлім: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Бақша»

Мақсаты: Балаларда бақша туралы ұғым қалыптастыру. Көпке таралған көкөністерді тануды және атауды, көлемі бойынша іріктеуді үйрету. Балалардың жадын дамыту.

Сөздік жұмыс: орамжапырақ, сәбіз, шалғам, кішкентай, үлкен, жүйек

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

 

Балалардың әрекеті

 

Мотивациалық- қозғаушылық

Жағдаят туғызады: көкөністерімен үлкен себет топтың ортасында тұр.

Топта көкөністер қалай пайда болғанына назар аудартады.

Балалар себетті көріп, оны қарауға қызығушылық және ниет білдіреді.

 

Ұйымдастыру-іздестіру

Балалардан олардың не көргенін сұрау, балаларға жауаптарын айту.

 

Өлеңді оқу:

Біздің бақшамызда

сәбіз де, шалғам да,

орамжапырақ та өсті,

деп, Арман бөсті.

Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақ қояды.

Өлең жаттау.

 

Ойын жаттығуларын ұсынады:

«Міне олар қандай: кішкентай және үлкен»

Көкөністерді қалай өсіреді, жүйекті қалай жасайды?

Көкөністерді күтсе, олардың қалай үлкейгендігін көрсетеді.

Сұрақтарға жауап береді

(көкөністерді атау)

 

Өлең тыңдайды.

 

 

 

 

Мазмұны бойынша сұраққа жауап беру.

Өлең жаттайды.

 

Бақшадағы жұмысты еліктеп көрсетеді.

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

Рефлексивті-түзетушілік

Қазылған жүйекте көкөністер шықты: міне олар қандай кішкентай және үлкен.

Жеке сөздерді қайталайды, көкөністерді атайды.

 

 

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек:

- бақша деген не;

- көкөністерді қалай өсіреді;

- көкеністердің атауы.

Нені игереді:

- еңбек дағдылары туралы түсінік.

Нені біледі:

- өлеңді жаттау және оқу;

-іс-әрекет пен нәтиженің аралығы байланыстылығын түсіну (көкөністерді күту - жақсы түсім).

 

 

 

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлім: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Бақша» (мақсатты серуен)

Мақсаты: балаларға көкөністердің қалай өсетінін, көкөністерді танып-білуге және атауға үйрету: сәбіз, қызылша, орамжапырақ, шалқан, қызанақ, сөйлеуде көкөністердің жалпы зат есімдерін қолдану.

Сөздік жұмыс: бақша, жүйек, сарғылт, қызыл, жасыл, тәтті, қатты

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешілердің әрекеті

 

Балалардың әрекеті

 

Мотивациалық- қозғаушылық

Бүгін біз бақшаға барамыз және онда не өсетінін көреміз деген хабарлама.

Балалар қызығушылық көрсетеді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Бақшаға мақсатты түрде серуен жүйекте не өсетінін айтады.

 

Көкөністерді көрсетеді, олардың сыртқы көрінісін суреттейді.

 

Сұрақ қойылады: «Сәбіздің, орамжапырақтың түсі қандай?» және т.б.

 

Дидактикалық ойын «Суреттен сондай көкөніс тап!»

Ойын жаттығулары «Сәбіздің, қызанақтың түсінің қандай екенін көрсет және т.б.»

Ойын тапсырма «Сәбіздің, қызанақтың жүйегін тап және т.б.»

Балалар бақшада не өсетінін қарайды.

Көкөністерді қарайды.

Тәрбиешінің соңынан көкөністердің атауларын қайталайды.

Сұрақтарға жауап береді.

 

Балалар аталған көкөністерді суретте көрсетеді.

Балалар қажетті дөңгелектің түсін көрсетеді.

Жеке балалар қажетті жүйектерді табады.

Рефлексивті-түзетушілік

Тәрбиеші топқа қайтуды және қолдарын жууды ұсынады.

Өзі балалармен бірге қолдарын және көкөністерді жуады да: «Маған салат жасауға көмектесіңдер, орамжапырақ әкеліңдер және т. б.»

Салатты ірі етіп кеседі, балаларға сыйлайды. Дәмін сұрайды.

Балалар қолдарын жуады.

 

 

Тәрбиеші аталған көкөністерді әкеледі.

 

Салат жейді. Көкөністердің дәмін атайды.

 

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек:

- бақшада не өседі;

- салатта нені шикі күйінде жеуге болады.

Нені игереді:

- көкөністердің қалай өсетіні туралы түсінік;

- дәм туралы түсінік.

Нені біледі:

- көкөністерді сыртқы түрі бойынша ажырату, оларды дұрыс атау;

- тәрбиешінің тапсырмасын түсіну және орындау.

 

 

 

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлім: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Балалар балықтарға жем шашады»

Мақсаты: Балалардың аквариум балықтары туралы білімін қалыптастыру. Балықтарды бақылай білуге ынталандыру, олардың құрылымының және мінез-құлқының ерекшелігін белгілеу. Балаларға суреттің сюжетін түсінуге көмектесу; сұрақтарға жауап бере білуін және сурет бойынша өз ойын айтуды қалыптастыру. Аквариумге және оның мекендеушілеріне қамқор болуды үйрету.

Сөздік жұмыс: сөздер мен сөз тіркестерін белсендіру: шыны аквариум, жүзеді, аузымен жемді жейді, құйрығы балыққа жүзуге көмектеседі, астыға-үстіге жүзеді, жақын жүзіп келді, жүзіп кетті, қарайды.

Құрал-жабдық, демонстрациялық материал: аквариум, «Балалар балықтарға жем шашады» атты сурет.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациалық- қозғаушылық

Балаларды назарын аквариумдағы түрлі-түсті балықтарға аудартады.

Балалар аквариумның айналасына жайланып отырады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші шыны аквариумді және оның мекендеушілерін қалай күту тәртібін ескертеді.

 

Педагог балаларға балықтарды бақылауға және оларға байқағандарын ақырын айтуларын ұсынады.

 

Балаларға сұрақ қойылады. Балалардың жауаптарын нақтылайды және толықтырады.

 

Балықтарға жем шашады.

 

Балаларға балықтарға жем жеуге бөгет жасамауды және «Балалар балықтарға жем шашады» суретіне жақын келуді ұсынады.

 

Тәрбиеші суретті көрсетеді және онда бейнеленгені туралы әңгімелейді.

 

Тәрбиеші суреттің мазмұны бойынша сұрақтар қояды.

Балалалардың айтқанын мадақтайды.

Балалар педагогті тыңдайды.

Балалар көргендерін әңгімелейді, балықтардың әрекетін түсіндіреді.

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

Балықтардың қалай жем жейтінін бақылайды

 

 

Балалар суреттің қасына келіп, алдын-ала дайындалған орындыққа жайланып, жайғасады.

 

 

Балалар қарайды және тыңдайды.

 

Балалар сұрақтарға жауап береді.

 

Рефлексивті-түзетушілік

«Балықтар» қозғалыс ойыны.

Балықтар суда жүзеді,

Балықтарға көңілді.

Балық, балық, балықтарды

Ұстап алғым келеді.

Тәрбиеші балаларды қуып жетеді.

Балалар – балықтар қол қимылдарымен еліктеп, «жүзеді»

 

Орындықтарына жүгіреді.

 

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек:

- балықтар денесінің құрылысы мен пішінін;

- балықтардың суда өмір сүруін;

- шыны аквариумді күту тәртібін.

Нені игереді:

- балықтардың өмір сүретін жері туралы түсінік;

- балықтарды күту мүмкіндігі және ниеті.

Нені біледі:

- дене мүшелерін дұрыс атау;

- сөзде етістіктерді қолдану: жүзеді, жұтады, жүзіп кетті.

- суретті көңіл қойып қарау;

- сұрақтарға жауап беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлім: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Шалқан»

Мақсаты: ертегіні көңіл қойып тыңдауға, шығармаға қызығушылық танытуға, ертегіні қайталап тыңдауға үйрету. Балаларда бақшада не өсетіні туралы түсінік қалыптастыру. Өзара көмек көрсету сезімін тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: балалардың тілінде «олай тартады, былай тартады», «үлкен - үп-үлкен» сөзтіркестерін, көкөністердің атауларын: картоп, қызылша, сәбіз, шалқан белсендіру.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациалық- қозғаушылық

«Шалқан» ертегісіне көп бояулы суреттері бар кітапты көрсетеді.

Балалар суретті қарайды.

 

Ұйымдастыру-іздестіру

«Ғажайып қалта» ойыны

 

Ертегіні әңгімелеу және мәтінді оқуда үстел үсті театрының фигуралары демонстрациялауды және кейбір ертегі кейіпкерлерінің әрекетін көрсетуді қолдану.

Балаларға бірінің артынан бірі екі адамнан тұрып, шалқанды қалай тартқанын көрсетуді ұсыну.

Тәрбиеші «Үлкен-үп-үлкен шалқан шықты» деп ескертеді және шалқанның көлемін көрсетулерін сұрайды.

Тәрбиеші балаларға оған шалқанды қалай тартқаны туралы көмектесуін ұсынады.  Тәрбиеші тағы да ертегіні фланелеграфты қолданып әңгімелейді. «Тышқан артынан (мысықтың көрсетеді)»

Балалар кезекпен қаптан көкөністерді алады, оларды атайды, қайда өсетінін айтады. 

 

Ертегіні тыңдау және үстел үсті тетрының фигураларының әрекетін бақылайды.

Балалар шалқанды қалай тартқандарын көрсетеді, сондай-ақ дауыстарын шығарып: «Тартады- тартады, тартады- тартады -шалқанды шығарып алады! »

 

Балалар қолдарын екі жаққа жаяды.

 

 

Балалар «Мысықты» және т.б.  қосады.

Рефлексивті-түзетушілік

Үстел үстінің фигуркаларымен ойнау ұсынылады.

 

Балалар фигуралармен ойдан шығарып, ертегі кейіпкерлерінің кейбір әрекетін көрсетеді.

 

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек:

- ертегі мазмұнын;

- көкөністер атауларын.

Нені игереді:

- өзара көмек көрсету түсінігі.

Нені біледі:

- ертегі айтуға көмектесу;

- сөйлемдегі сөзді аяқтау;

- үстел үсті театрының фигураларымен әрекет ету; сыртқы түрі бойынша көкөністерді ажырату;

- әрекет пен нәтижелердің арасында байланыстылығын түсіну (жалғыз шал шалқанды шығара алмады, ал бірге шығарып алды).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлім: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті.

Мақсаты: балаларға тақпақтың мазмұнын түсінуге, оны тыңдау ниеттеріне, сөзін айтуға көмектесу. Балалардың қиялдарын дамыту, қорытындылау қабілеттерін қалыптастыру, әзілді түсінуге үйрету.

Сөздік жұмысы: бәліш, тоқаш, тістеймін, қиратамын.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациалық- қозғаушылық

Қолына тоқаш ұстаған мысық және қуыршақ Сәуленің келуі.

Сәлемдесу ойынын орындайды.

 

Ұйымдастыру-іздестіру

Тақпақтың сюжеті бойынша суреттер көрсетеді. Фланелеграфта тақпақ сюжеті бойынша суреттер мен кейіпкерлердің қимылдарын көрсетумен қатар сөзді анық айта отырып тақпақты оқу.

Тәрбиеші балаларды соңынан қайталауын оята отырып, тақпақты бірнеше рет қайталайды, сөздің орнына баланың атын атайды.

Фланелеграфтағы суреттерді қарайды. Балалар тыңдайды, тақпақтың сюжеті бойынша сөздерді айтады. Күрделі емес қимылдарды орындайды,  

 

Балалар тақпақты тыңдайды, сюжеті бойынша сөздерін айтады.

Күрделі емес әрекеттерді орындайды, қуыршақ Сәулемен, мысықпен ойнайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Тәрбиеші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытады, балалармен бірге тақпақтың күлдіргі сюжетін естеріне түсіреді.

Балаларды дұрыс орындаған қимылдары үшін мақтайды.

 

 

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек:

- қысқа тақпақтарды.

Нені игереді:

- тақпақтың мағынасын, жанрлық еркшеліктері туралы түсінігін.

Нені біледі:

- ойын қимылдарын орындауды, мәтіндегі сөзді айтуды, халық ауыз әдебиетінен эмоционалды әсер алуды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлім: Көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту.

Тақырыбы: Жаттығу. Балаларға Г. Әзімбаеваның «Қара тауық» атты әңгімесін оқу, суреттерді қарау, «Қауырсынды таңда» дидактикалық ойыны.

Мақсаты: балаларға шағын әңгімені тыңдай білуге, суреттерді қарауға, автордың суреттеуін естеріне түсіруге, қызыл, жасыл, сары түстерін ажыратып атауға, күрделі емес сөйлемді қайталауға үйрету.

Сөздік жұмысы: қызыл, көк, жасыл.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Үлкен, әдемі қызыл бантпен оралған қорап шығарады, ол қорапта

Г. Әзімбаеваның «Қара тауық» атты әңгімесі бар журнал.

Жарты шеңбер жасап отырады, кітапты қарайды.

 

 

Ұйымдастыру-іздестіру

 

Мәтін бойынша екі-үш суреттерді көрсете отырып әңгімені оқиды.

Тәрбиеші балапандар туралы қызықты үзіндіні қайталап, балалардың жауаптарын бекітеді.

«Күн мен жаңбыр» ойынын жүргізеді.

Мольбертте салынған үлпілдек құйрықты әтештің суреті салынған.

 

Тәрбиеші балаларды қызыл, жасыл, сары түстермен таныстырады және таңдайды.

Суретке эмоционалды күйге келтіру.

Балалар жаңбырдан тығылып үлгермеген балапандардың суреттеріне зейін сала қарайды.

Балалар ойнайды және қолшатырмен қимылдар жасайды.

Балалар құйрыққа зейін салып қарайды, оған қауырсынын тауып беруге көмектесу керектігін айтады.

Рефлексивті-түзетушілік

Тәрбиеші қорытынды жасайды, балалардың не көргендері туралы естеріне түсіреді.

Балалар тыңдайды, бақылайды, жауаптарын дұрыс табады.

 

 

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек:

- мазмұны бойынша үй құстары туралы қысқа әңгімені, қызыл, сары, жасыл түстерді ажыратуды.

Нені игереді:

- үй құстарының тіршілігі туралы, табиғат, жаңбыр құбылыстары туралы түсінікті.

Нені біледі:

- ойын қимылдарын орындау, сөздерді айту, кейіпкерлерге жаны ашу.

 

 

Балалардың (2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі)

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

 

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлім: Көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту.

Тақырыбы: ойыншық автомобильді қарау, «Қуыршақты сүйретеміз» машинамен ойын, А.Барто «Жүк машинасы» оқу.

Мақсаты: жаңа өлеңмен таныстыру, мазмұнын түсінуге көмектесу, бақылау жасай білуге, машинаны қарауға, бөлшектерін ажыратуға үйрету.

Сөздік жұмысы: доңғалағы, шанағы, рөлі, кабинасы.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Есік қағылады - Үлкен машина көрінеді.

 

Жартылай айнала отыр, машинаны қарайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші асықпай машинаның бөлшектері туралы әңгімелейді, балаларға көрнекі түрде кабинаның, шанақтың, рөлдің, доңғалақтың қай жерде екенін, қалай жүретінін көрсетеді.

А. Бартоның «Жүк машинасын» оқиды және өлеңнің сюжетін көрсетеді.

Тәрбиеші әр балаға машина дайындайды.

Қарайды, тәрбиешінің соңынан сөзді қайталап, бақылайды.

 

 

 

Тыңдайды, кейіпкердің әрекетіне жаны ашиды.

Балалар машинамен әрекет жасағаннан әсер алады.

Рефлексивті-түзетушілік

Тәрбиеші қорытынды жасайды, балалардың не көргендері туралы естеріне салады.

Балалар тыңдайды, бақылайды, дұрыс жауаптарын табады.

 

 

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек:

- мазмұны қысқа өлеңді, машинаның бөліктерін атауды.

Нені игереді:

- көлік туралы түсінікті.

Нені біледі:

- ойын қимылдарын орындауды, сөздерді айтуды, кейіпкерлерге жаны ашуды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлім: Экология негіздері

Тақырыбы: «Су не үшін керек?»

Мақсаты: балаларды судың қасиетімен таныстыру. Түстер туралы түсініктерін бекіту. Ойлау қабілеттерін дамыту. 

Сөздік жұмысы: су, жылы, суық, бет, ауыз, тіс, көк табақ, жасыл табақ.

 

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиешінің

Әрекеті

Балалардың

әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды жуынатын бөлмеге шақырады, судың шүмегін ашады және судың қалай «ән айтатынына» назар аудартады («с-с-с»)

Балалар судың аққан дбысын тыңдайды және «судың әнін айтады» («с-с-с»).

 

Ұйымдастыру-іздестіру

Балалар топқа қайтады.

Судың қажеттілігі туралы балалармен әңгіме жүргізеді.

Жуынып жатқан балалардың суретін көресетеді, мазмұны бойынша әңгімелеседі.

Тақапақ оқиды:

Су – табиғат байлығы,

Өзен-көлге барғайсың.

Кемі екі рет әр күні,

Суға түсіп алғайсың.

Үйде ванна, душ болса,

Салқын сумен құйынған.

Ыстық суға шомылған,

Суық сумен шайынған.

Су туралы «әнін айтуды» ұсынады.

Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.

 

Балалар суреттерді қарап, сұрақтарға жауап береді.

 

 

Балалар тәрбиешімен бірге 3-4 тақпақ оқиды.

 

Тыныс шығарарда «с-с-с» дыбысын айтады.

 

 

Рефлексивті-түзетушілік

Тәжірибе жасау.

Тәрбиеші балалармен бірге жылы және cуық cу құйылған табаққа жақындайды, саусақтарын суға салуды ұсынады.

Балаларға сұрақ қояды: Су қандай? Қай табақта су cуық? Қай табақта су жылы? Қалай біз білдік? Ал қандай сумен біз жуынамыз?Сендер қалай жуынасыңдар, қолдарыңды жуасыңдар?

Балалар судың суық және жылы болатыны туралы қорытынды жасайды,.

 

 

 

Балалар көрсетеді (еліктеу).

 

 

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек:

- судың не үшін керектігін (шомылады, жуынады, кір жуады);

- судың жылы және cуық болатынын.

Нені игереді:

- жылы, cуық – судың қасиеттері туралы түсінігін.

 

Нені біледі:

- қолын жууды;

- «с-с-с» дыбысын дұрыс және созып айтуды;

- тәрбиешімен бірге тақпақты қайталауды.

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлім: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Қатты - жұмсақ»

Мақсаты: қуыршақпен әрекет ету үрдісінде әдептілік сезімдерін дамытуды жалғастыру. Ойыншықтың «қатты-жұмсақ» екенін білдіретін сын есімді тілінде қолдануды және түсінуді үйрету. Киімдердің заттарын және түсін атауларын бекіту. Ойын барысында зейінділіктерін дамыту. Қатарласып жұмыс жасау іскерлігіне тәрбиелеу.

Дамыту ортасы: төрт қуыршақ - екі жұмсақ, екі қатты, әдемі орамал, ойыншықтар.

Сөздік жұмысы: жұмсақ, қатты, қол, аяқ.

 

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ойын тәсілі. Қуыршақтар қонаққа келді.

Тәрбиеші әрбір қуыршақтың атын айта отырып балаларға таныстырады.

Балалар қызығушылықпен қуыршақтарды қарап, амандасады.

 

Ұйымдастыру-іздестіру

Қуыршақтарды, олардың киімдерін қарауды, олардың түсі қандай екенін, не үшін керектігін анықтауды ұсынады.

Жұмсақ (шүберек) ойыншықты көрсете отырып ұйқас өлең оқиды.

Қара, міне бұл - Қарақат.

Дос ботқаны аз жеді.

Қолдары бос, салбырап жатыр, аяқтары да бос.

Қарақат қандай? - жұмсақ!

Қатты пластмассадан жасалған қуыршақты алады және оны балаға береді.

Ұйқас оқиды:

Ал, бұл - қуыршақ Әлиат.

Қуыршақ көп ботқа жеді.

Қолдары қатты, аяқтары қатты.

Қуыршаққа күш берді,

Жөтел далаға кетті,

Диатез орманға көшті!

Қуыршақты тағы да бір рет қарауды ұсынады.

 

«Қарақат пен Әлиатқа құрбы тап» ойыны.

Дос орамалдың астына тығылды. Шарты: бала жұмсақ қуыршаққа жұмсақ құрбы табуы керек. Қатты - сондай қатты.

Балалар қуыршақтардың киімдерін қарайды, түсі қандай екенін, оның маңызын анықтайды.

Ұйқас өлеңді оқу барысында қуыршақтың дене бөліктерін ұстап көруді ұсынады.

Бала зерттеу жұмысын жасап болғаннан соң «Қолы жұмсақ, аяғы жұмсақ!» деп айтады.

Бала ұйқас өлеңде айтылған қуыршақтың дене бөліктерін ұстап көреді.

Балалар қуыршақтың жұмсақ аяқ, қолдарын тағы да ұстап көреді.

Қарақаттың сапасын атайды (Жұмсақ аяқтар, жұмсақ қолдар). Қуыршақ Әлиаттың дене мүшелерінің қатты жерлерін сипайды және қуыршақ Әлиаттың денесі сипағанда қандай екенінін айтады. (Қолдары қатты және аяқтары қатты).

 

Балалар қуыршақтарға сәйкес жұмсақ және қатты ойыншықтарды іздейді.

Ойыншықтардың қасиеттерін атайды: «жұмсақ», «қатты».

Рефлексивті-түзетушілік

Қуыршақттарға арнап ән айту.

Балалар қоштасады.

 

 

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек:

- қуыршақтардың дене бөліктерін білу және атауды;

- «жұмсақ», «қатты» ойыншықтардың қасиеттерін атауды.

Нені игереді:

- материалдың қасиеті туралы түсінігін.

Нені біледі:

- заттар арасындағы қарама-қарсы белгілері бойынша қатынастарын орнатуды;

- қуыршақпен сыпайы қоштасуды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлім: Құрастыру

Тақырыбы: Жіңішке жол, кең жол.

Мақсаты: балаларды кірпіштерді көлденеңінен орналастыруға, олардың мөлшеріне назар аударуға үйрету. Оларды тепе-теңдік және айырмашылығын орнатудың қарапайым тәсілдерін қалыптастыру. Осындай, ондай емес, әртүрлі, жіңішке, кең сөздерін түсінуге үйрету.

Сөздік жұмысы: кірпіштер, үлкен, кіші.

 

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

Әрекеті

Балалардың

әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ғажайып сәт – ойыншығы бар қорап, қораптағы ойыншықтарды қарау, үлкен, кіші кірпіштер.

Қораптың ішіндегісіне қызығушылық білдіреді, оларды қарайды және атайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

Көлемі бойынша кірпіштерді топтастыру қағидасын түсіндіреді.

2-3 баланы өзінің үстеліне шақыра отырып тапсырманы қолданады.

 

 

Үлестірмелі материалды ұсынады.

Тапсырманы орындауда, жеке жұмысқа бақылау жасайды.

Балаларды мақтайды.

 

 

Тәрбиешінің өтінішін орындайды, құрылыс материалымен әрекет жасайды.

 

 

Үлестірмелі материалмен өздігінен жұмыс жасайды.

 

Рефлексивті-түзетушілік

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін барлық ойыншықтарды қорапқа салумен аяқтайды.

Тәрбиешінің ойыншықтарды қорапқа салу өтінішін орындайды.

 

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек:

- осындай, ондай емес, әртүрлі, жіңішке, кең сөздерінің мағынасын.

Нені игереді:

- түрлі пішіндегі, көлемдегі заттар туралы түсінігін;

- әсерлі-жағымды үн қату, олардың айырмашылығын орнатудың қарапайым тәсілдері туралы түсінігін.

Нені біледі:

- кірпіштермен қарапайым әрекеттер орындауды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлім: музыка

Тақырыбы: «Терезе алдында сұр мысық отыр»

Мақсаты: музыка тыңдау мәдениетін қалыптастыру.

Музыка терминдерінің сандықшасы: байсалды, мейірімді, нәзік музыка

Музыкалық репертуар:

«Біз келеміз», муз. М.Рустамовтікі

«Сұр мысық», муз. В Витлиндікі

«Приседай» эстон халық әуені

Құрал-жабдықтар, көрнекі материалдар: «Мысық» жұмсақ ойыншығы.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Залға кіру.

«Тату-тәтті жүріс», муз. М.Рустамовтікі

Музыка жетекшісі балаларға музыка әуенімен жүруді және музыка аяқталған соң тоқтауды ұсынады.

Балалар музыканың көңілді сипатын бере отырып тәрбиешінің соңынан жүреді және музыка аяқталған соң тоқтайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

 

Музыкалық шығарманы қабылдау.

«Сұр мысық», муз.

В. Витлиндікі

Музыка жетекшісі бүгін қонаққа мысықтың баласы келгенін және оның ән тыңдағысы келгенін айтады (әнді педагог орындайды).

Музыкалық-ырғақты қимылдар.

«Приседай» эстон халық әуені

Музыка жетекшісі мысықтың баласына балалардың қалай билей алатынын қарауды ұсынады (музыка жетекшісі ән айтады, ал тәрбиеші би қимылдарын көрсетеді).

Балалар жаңа әнді зейін қойып тыңдайды. Тыңдап болған соң балалар әнде не туралы айтылғаны және қандай музыка ойнағаны туралы айтады.

 

 

 

 

 

Балалар тәрбиешінің соңынан бидің жаңа қимылдарын қайталайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Музыка жетекшісі балалардан бүгін қандай ән тыңдағаны және ол әнде не туралы айтылғанын сұрайды.

Балаларды мақтау.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Мақтауға белсенді әсер алады.

 

 

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек:

- байсалды, мейірімді, нәзік музыка туралы түсінікті.

Нені игереді:

- музыканың алуан түрлі сипаты туралы түсінігін.

Нені біледі:

- музыканы зейін қойып тыңдауды;

- ересектердің нұсқауларын орындауды.

 

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлім: музыка

Тақырыбы: «Күз келді – жапырақтар түсті»

Мақсаты: музыкаға қызығушылықтарын арттыру, оны тыңдау, ән салу, билеу және оның әуенімен ойнау ниеттеріне тәрбиелеу.

Музыка терминдерінің сандықшасы: көңілді, ырғақты музыка, музыка сипаты.

Музыкалық репертуар:

«Марш», муз. Э.Павловтікі

«Таңертең», муз. Г.Гриневичтікі

«Сұр мысық», муз. В.Витлиндікі

«Күзгі ән» муз.Балящевтікі

«Приседай» эст.халық әуені

«Калинка», орыс халық әуені (өңдеген Ломова)

Құрал-жабдықтар, көрнекі материалдар: күзгі жапырақтарына жасалған қаттама, «Мысық» жұмсақ ойыншығы.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Залға кіру.

«Марш», муз. Э.Павловтікі

Музыка жетекшісі музыка әуеніне сай жүруді ұсынады.

Балалар марш әуенінің сипатын бере отырып жүруге талпынады

 

Ұйымдастыру-іздестіру

 

Музыка жетекшісі балаларға таныс әнді естеріне түсіруді және тыңдауды ұсынады.

«Күзгі ән» муз.Балящевтікі

Музыкалық-ырғақты қимылдар.

«Приседай» эст. халық әуені

Музыка жетекшісі би әуенін ойнайды және балаларға бұл қандай музыка екенін естеріне түсірулерін ұсынады.

«Калинка», орыс халық әуені (өңдеген Ломова)

Музыка жетекшісі күзгі жапырақтармен жаңа биге арнап ән тыңдауды ұсынады. Тәрбиеші әннің мәтіні бойынша қимылдар орындайды.

Балалар тыңдайды және таныс әнді таниды, мейірімді, нәзік әуенге эмоционалды әсерленеді, не туралы айтылғанын айтады және сөзін қосып айтады.

 

Балалар әуенді тыңдайды, таныс бидің музыкасын таниды және тәрбиешімен бірге көңілді билейді.

Балалар әнді зейін қойып тыңдайды және тәрбиеші қалай билегенін қарайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Музыка жетекшісі балалардың бүгін қандай ән тыңдағандары және әнде не айтылғаны, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде көңіл күйі бойынша қандай музыка дыбысталғаны туралы сұрайды.

Балаларды мақтау.

Балалар сұрақтарға жауап береді. Мақтауларға белсенді әсерленеді.

 

 

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек:

- музыка, ән тыңдау, би туралы түсінігін.

Нені игереді:

- сипаты мен көңіл күйі алуан түрлі музыка туралы түсінігін;

- музыканы қалай тыңдау туралы түсінігін.

Нені біледі:

- музыканы зейін қойып тыңдауды.

- ұжыммен билеуді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлім: музыка

Тақырыбы: «Күн мен жаңбыр»

Мақсаты: балалардың алғашқы хормен айту дағдыларын қалыптастыру, ән айту және музыка әуенімен қимылдау іскерліктерін үйрету.

Музыка терминдерінің сандықшасы: марш, ән, би, музыкалық бейне.

Музыкалық репертуар:

«Марш» муз. Э.Парловтікі

«Бала, бала, баламыз», муз. Б. Қадырбекованікі

«Күзгі ән» муз. Балящевтікі

«Калинка», орыс халық әуені (өңдеген Ломова)

Құрал-жабдықтар, көрнекі материалдар: әннің мазмұны бойынша суреттер, биге арналған күзгі жапырақтар.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Залға кіру.

«Марш» муз. Э.Парловтікі

Музыка жетекшісі қазір марш ойналатынын және балалар бірінің соңынан бірі шеңбер бойымен маршпен жүру керектігін айтады.

 

Ұйымдастыру-іздестіру

Музыкалық шығарманы қабылдау.

«Бала, бала, баламыз», муз. Б. Қадырбекованікі

Музыка жетекшісі балалардың бүгін жаңа ән тыңдайтынын және әннің мазмұны бойынша суреттерқарауды ұсынады.

Ән айту және ән

«Күзгі ән» муз. Балящевтікі

Музыка жетекшісі балаларға жаңа ән тыңдауды ұсынады. Содан кейін сипатына қарай қандай музыка екенін және не туралы айтылғанын әңгімелеуді, таныс сөздерді бекітуді ұсынады.

Музыкалық-ырғақты қимылдар.

«Калинка», орыс халық әуені (өңдеген Ломова)

Музыка жетекшісі күз келгені және жапырақтар ағашатарды безендіргені туралы айтады. Күзгі жарыпақтармен жаңа би үйренуді ұсынады.

Балалар жаңа әнді зейін қойып тыңдайды, онда не туралы айтылғанын түсінеді, соған сәйкес суреттерді қарайды. Балалар әнді зейін қойып тыңдайды және сузыканың сипатын анықтайды.

Қайталанатын сөздерге қосылады.

 

 

 

 

Балалар ықыласпен келіседі, әдемі музыкаға эмоуионады әсерленеді және тәрбиешінің көрсетуі бойынша қимылдар орындайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Музыка жетекшісі балалардың бүгін қандай ән тыңдағандары және әнде не айтылғаны, сабақта не ұнағаны туралы сұрақтар қояды. Іс-әрекеттерге қысқаша талдау жасау, балаларды мақтау.

Балалар сұрақтарға жауап береді. Мақтауларға белсенді әсерленеді.

 

 

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек:

- марш, ән, би аттарын.

Нені игереді:

- әннің мазмұнының алуан түрлілігі туралы түсінігін;

- қарапайым қимылдар сипатын білдіре отырып музыка әуенімен қимылдау мүмкіндігі туралы түсінігін.

Нені біледі:

- музыкалық бейнені тануды;

- алуан түрлі сипаттағы музыкаға қызығушылық білдіруді;

- педагогтің көмегімен музыканы алмастыру барысында қимылдар сипатын ауыстыруды.

 

 

 

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлім: музыка

Тақырыбы: «Бау-бақшаны жинаймыз, халыққа арнап біз»

Мақсаты: балалардың музыкалық қабілеттерінің пайда болу дағдыларын қалыптастыру, бірлесіп ән айту және ұжыммен би билеу дағдыларына ұластыру.

Музыка терминдерінің сандықшасы: жылдам және баяу музыка, музыка сипатын бейнелеу.

Музыкалық репертуар:

«Жүреміз – жүгіреміз», муз.Е.Тиличееванікі

«Саңырауқұлақ», муз.М.Раухвергердікі

«Жарқыра күн жарқыра» муз.Лукониндікі

«Күзгі ән» муз.Балящевтікі

«Во саду ли, в огороде» орыс халық әуені

Құрал-жабдықтар, көрнекі материалдар: күн бейнеленген сурет, «Саңырауқұлақ» ойыншығы, көкөністер, жемістер муляжі, екі себет.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Залға кіру.

«Жүреміз – жүгіреміз», муз. Е. Тиличееванікі

Музыка жетекшісі қазір жылдам және баяу музыка дыбысталатыны туралы хабарлайды. Балалар өзгерістерді естіп және соған сәйкес қимылдау керек.

Балалар педагогтің нұсқауларын орындайды.

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру-іздестіру

Музыкалық шығарманы қабылдау.

«Саңырауқұлақ», муз. М.Раухвергердікі

Музыка жетекшісі балаларға саңырауқұлақ туралы ән тыңдауды ұсынады.

Ән айту. «Жарқыра күн жарқыра» муз. Лукониндікі

Музыка жетекшісі бейнелеу сипатындағы жаңа ән тыңдауды ұсынады.

«Күзгі ән» муз.Балящевтікі

Музыка жетекшісі балаларға таныс әнді естеріне түсіріп, тыңдауды және сөзін қосып белсенді айтуды ұсынады.

Музыкалық-ырғақты қимылдар.

«В саду ли, в огороде» орыс халық әуені

Музыка жетекшісі балаларға музыка тыңдауды, оның бөліктерін анықтауды және жаңа ойын-биді үйренуді ұсынады.

Балалар әнді тыңдайды, онда не айтылғаны туралы әңгімелейді.

 

Балалар жаңа әнді тыңдайды, суреттер қарайды, педагогпен қосылып ән айтады.

 

Балалар әнді тыңдайды, мәтінге сәйкес қимылдар орындай отырып белсенді ән салады.

 

Балалар тапсырманы қуана отырып орындайды, музыканы зейін қойып тыңдайды, бөліктерді алмастыруды шапалақпен білдіреді және тәрбиешінің көрсетуі бойынша ойынды үйренеді.

Рефлексивті-түзетушілік

Музыка жетекшісі балалардың бүгін қандай ән тыңдағандары және әнде не айтылғаны, сабақта] не ұнағаны туралы сұрақтар қояды. Іс-әрекеттерге қысқаша талдау жасау, балаларды мақтау.

Балалар сұрақтарға жауап береді. Мақтауларға белсенді әсерленеді.

 

 

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек:

- музыкалық мәнерлі құралы - музыканың жылдам және баяу дыбысталуын.

- музыканың бейнелеу құра

- түрлі сипаттағы музыка әуенімен қимылдау мүмкіндігі туралы түсінігін.

Нені біледі:

- дыбысталу музыка сипатында қимыл жасауды;

- бірлесіп музыка әрекеттерін жасауды;

- ойын ситуацияларына бағдарлауды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлім: сурет салу (бояумен)

Тақырыбы: «Жау-жау жаңбыр»

Мақсаты: «бояу» туралы түсінік беру. Балаларды саусақпен бояп сурет салу тәсілімен таныстыру. Балаларға саусақты бояуға малып, қағаз бетіне із қалдыруға үйрету. Бояудың көк түсімен таныстыру. Тырс-тырс сөзін қолдана отырып қағаз бетіне саусақ іздерін салу.

Сөздің жұмыс: бояу, тырс-тырс-тырс.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші «Жау-жау жаңбыр» тақпағын оқиды.

 

Бұлттың түсін атайды, қайталауды ұсынады.

Балалар тырс-тырс деп айта отырып жаңбырдың қалай таматынын айтады.

Бұлттың қандай түс екенін қарайды.

Тәрбиешінің соңынан қайталайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

Бұлттың – көк түсті бояуын көрсетеді.

Бояуға саусақты малу тәсілін көрсетеді.

Балаларға саусақтарын бояуға малып, қағаз бетіне тамшы салуды ұсынады.

Балаларға саусақтарын сүлгімен сүртуді ұсынады.

 

 

Бояуларды қарайды, тәрбиешінің соңынан қайталайды.

Тәрбиешінің соңынан қимылдарды қайталайды.

Қағаз бетіне іздер салуға үйренеді.

Тәрбиешінің көмегімен саусақтарын сүртеді.

Рефлексивті-түзетушілік

Балаларды орындаған жұмыстары үшін мақтайды, тырс-тырс сөздерін айтуға үйретеді.

Тырс-тырс сөзін айтады және алақандарында көрсетеді.

 

 

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек:

- жаңбыр тырс-тырс деп қалай тамшылайтынын.

Нені игереді:

- жаңбыр, бұлт, бояу туралы түсінігін.

Нені біледі:

- тырс-тырс сөзін айтуды, қағаз бетіне саусақпен іздер салу қимылын орындауды.

 

 

 

 

 

 

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлім: сурет салу (фломастермен)

Тақырыбы: «Сәуле сиқырлы таяқ алып келді»

Мақсаты: фломастер туралы түсінік беру. Фломастердің қасиеттерімен таныстыру: қағаз бетіне із қалдырады. Көк түс туры білімдерін бекіту. Фломастерді дұрыс ұстауға, қағаз бетіне із қалдыра отырып оны жылжытуға үйрету.

Сөздің жұмыс: қуыршақ Сәуле, сиқырлы таяқ, сурет салу.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Сәуле қуыршағын алып келеді.

 

Оның сиқырлы таяқша – фломастер алып келгенін көрсетеді.

Қуыршақпен амандасады.

 

Фломастерді қарайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

Түсті атайды: көк фломастер.

 

«Таяқшаның» қалай сурет сала алатынын – қағаз бетіне із қалдыратынын көрсетеді.

Әрбір балаға фломастерді алуды ұсынады. Фломастерді дұрыс ұстауды көрсетеді және көмектеседі.

Балаларға «сурет салып» көруді ұсынады.

 

Тәрбиешінің соңынан – көк таяқша сөзін қайталайды.

 

 

Тәрбиешінің қимылдарын бақылайды.

 

Фломастерді алады.

 

Қағаз бетіне көк түсті із қалдыра отырып «сурет салады».

Рефлексивті-түзетушілік

Балалардың сұрақтарға жауап беру іскерліктерін оятады және сұрайды:

- Қанаққа кім келді? – қуыршақ Сәуле.

- Сәуле не алып келді? сиқырлы таяқша фломастер.

Фломастердің түсі қандай? – көк түсті.

Тәрбиешінің соңынан қайталайды.

 

 

 

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек:

- қуыршақ Сәуленің атын, көк түсті.

Нені игереді:

- фломастер қағаз бетіне із қалдыратынын.

Нені біледі:

- фломастерді қағаз бетінде жылжытуды.

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу (бояумен)

Тақырыбы: «Жарқыра күн көзі»

Мақсаты: Бейнелеу іс-әрекетіне қызығушылығын қалыптастыру. «Бояу, боя» түсініктерін беру. Балаларды қылқаламмен сурет салу тәсілдерімен таныстыру. Балаларға қылқаламды бояуға батырып, қағаз бетінде із қалдыра білуге үйрету. Сары түсті бояумен таныстыру. Бейнеленетін жайлы бейнелі түсініктерін қалыптастыру. Күн туралы төрт жол өлеңді қолдана отырып, жағымды эмоционалды көңіл-күйлерін, сабаққа қарым-қатынасын арттыру.

Сөздік жұмыс: бояулар-краски, бояу-красить, сары-желтый, күн көзі -солнышко.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші күн көзі туралы

Ө. Тұрманжановтың «Күн көзін бұл баспасын» өлеңін оқиды:

Әр күні бейбіт таңы атып,

Әлпештеп жұртты оятып,

Әр күні көкке күн шықсын!

Күрсінбесін аналар!

Күле берсін балалар!

 

Күн көзі бейнеленген суретті көрсетіп, күн көзінің сары екенін атайды.

Балалар тыңдайды, тәрбиешіден соң алақанмен шапалақтап қайталайды.

 

 

 

Суретті қарастырады. Тәрбиешіден соң күн көзі сары деп атайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

Күн көзінің сыйлығы сары бояуды көсетеді, сары түс, бояу  туралы түсінік береді.

Балаларға күн көзін қылқаламмен салуды ұсынады.

Сурет салу тәсілдерін көрсетеді.

Балаларға қимылды бояуға матырып, қағаз бетінде із қалдыруды ұсынады.

 

Қиындыққа ұшыраған балаларға көмектеседі.

 

Балаларға қолдарын сулықпен сүртуді ұсынады.

Бояуларды қарастырады, тәрбиешіден соң қайталайды: сары түс.

Балалар тыңдайды, тәрбиешінің ұсынысымен келіседі.

Тәрбиешінің қимылын бақылайды.

Қағаз бетіне жағуға үйренеді.

Тәрбиешімен бірге тапсырманы орындайды.

 

Тәрбиешінің көмегімен сүртеді.

Рефлексивті – түзетушілік

Балалардың орындаған жұмыстарын мадақтайды, жаңа сөздерді айта білуге ынталандырады: сары бояу, күн көзі, алақанды шапалақтау.

Жаңа сөздерді айтаып, алақандарын шапалақтайды.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Күн көзі сары түсті

Нені игереді: Бояудың міндеттері туралы түсініктері: бояу бояйды.

Нені біледі: Қағаз бетінде із қалдырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: «Сурет салу» (қарындашпен)

Тақырыбы: «Балауса шөптер

Мақсаты: «Қарындаш» ұғымын беру. Қарындаштың қасиеттерімен таныстыру: қағаз бетінде із қалдырады. Қарындашты дұрыс ұстауға, оны қозғауға қағаз бетінде тігінен із қалдыруға үйрету. Балаларға шөпің жасыл болатыны туралы түсінік беру. Бейнеленетін зат туралы бейнелі түсініктерін қалыптастыру. Ойын тәсілдері мен көрнекі материалдарды қолдана отырып, сабаққа жағымды эмоционалды қарым-қатынасын арттыру.

Сөздік жұмыс: қарындаш, сурет салу-рисовать, өгізше-бычок, жасыл шөп-зеленая травка, өседі-растет

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ойыншық өгізшені әкеледі.

Балаларға өгізше келгенін айтып, онымен амандасуды ұсынады. Өгізшенің сурет салатын таяқшалар әкелгенін көрсетеді. Қарындаш және онымен сурет салуға болатыны жайлы түсінік береді.

Балалар тәрбиешінің қимылын бақылайды.

Ойыншықпен амандасады, тәрбиешіден соң «өгізше» деп қайталайды. Қарындаштарды қарастырады, тәрбиешінің қимылын бақылайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

Өгізшенің жасыл шөпті жақсы көретінін әңгімелейді. Өгізшеге қонақасына жасыл шөп беруге ұсынады.

Түсті атайды: жасыл қарындаш. Жасыл қарындашпен жасыл шөптің суретін салады.

«Суретші таяқша» қалай сурет салатынын көрсетеді, қағаз бетінде тігінен із қалдырады: жоғары-төмен, шөп өседі.

Әр балаға қарындаш ұстауды ұсынады. Фломастерді дұрыс ұстауға көмектесіп, көрсетеді.

Балаларға қағазда «сурет салуды» байқап көруге ұсынады. Қиындыққа ұшыраған балаларға көмектеседі.

Балалар тыңдайды, тәрбиешінің ұсынысымен келіседі.

Тәрбиешіден соң «жасыл шөп» деп қайталайды.

 

Тәрбиешінің қимылын бақылап, ауада «жоғары-төмен» қимылы мен «шөп өседі» сөздерін қайталайды. 

Тәрбиешінің көмегімен қарындашты алады.

 

Қағаз бетінде жасыл ізді тігінен қалдыра отырып, «сурет салады».

Рефлексивті – түзетушілік

Балаларды сұраққа жауап беруге ынталандыра отырып, сұрайды.

- қонаққа не келді? - өгізше.

- Өгізшен не әкелді? - суретші таяқшалар мен қарындаштар.

Өгізше балалардың қонақасына алғысын білдіріп, қоштасады.  

Тәрбиешіден соң қайталайды. Сұрақтарға жауап береді.

 

 

Өгізшемен қоштасады.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

- өгізше шөп жейді, жасыл шөп.

Нені игереді:

- қарындаштың қағаз бетінде із қалдыратынын - сурет салатыны туралы түсінігі.

Нені біледі:

- қарындашпен қағаз бетінде тігінен жоғары-төмен қозғауды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: сурет салу (бояумен)

Тақырыбы: «Біз серуендеуге барамыз

Мақсаты: Бейнелеу іс-әрекетіне қызығушылығын қалыптастыру. «Бояу, бояйды» түсініктерін бекіту. Балаларды сурет салу қылқаламымен таныстыру. Балаларға қылқаламды дұрыс ұстауға, бояуға матырып, қағаз бетінде із қалдыруға үйрету. Қылқаламның техникалық жұмысымен таныстыру (матыру тәсілі). Жағымды эмоционалдық көңіл-күйін, ғажайып сәттерді қолдана отырып ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қарым-қатынасын арттыру.

Сөздік жұмыс: бояу, бояйды, қылқалам, құс, іздер.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші ойыншық құсты алып келеді. Құс шықылықтаған дыбыс шығарады.

 

Құс амандасып, қылқалам сыйлайды.

Тәрбиешінің қимылын бақылайды. Дыбысты қайталайды.

Амандасып, құсқа сыйлығы үшін алғысын білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Құстың сыйлығы қылқаламды көрсетіп, ол сурет салатыны туралы түсінік береді, қағаз бетінде із қалдырады.Қара бояйды көрсетіп, түсін нақтылайды. Құспен бірге серуенге баруды ұсынады (сергіту кезеңі «Серуенде»). Қалай серуендегені туралы суретін салуды ұсынады. Қағазға аяқтың іздерін салады. Қылқаламмен жұмыс істеу тәсілдерін көрсетеді: қылқаламды бояуға матырады, артығын алып тастап, қағаз бетіне бастыра отырып, із қалдырады. Балаларға қылқаламды бояуға матырып, қағазға бастыруды ұсынады. Қиындыққа ұшыраған балаларға көмектеседі. Қылқаламды жуып, сулықпен сүртуді ұсынады.

Қылқаламды қарастырады. Тәрбиешінің қимылын ауада қайталайды.

 

Бояуды қарайды, «қара бояу» - қайталайды.

 

Тәрбиешінің көрсетуімен және нұсқауымен қимылдарды орындайды.

 

Тәрбиешінің қимылын бақылайды.

Бастыру әдісімен сурет салуға үйренеді. Тапсырманы тәрбиешімен бірге орындайды.

 

Тәрбиешінің көмегімен әрекетін орындайды.

Рефлексивті – түзетушілік

Құстың атынан балалардың орындаған жұмысын мадақтайды, жаңа сөздерді айтуға ынталандырады. Құс балалармен қоштасады.

Жаңа сөздерді айтады: құс, іздер.

 

 

Құспен қоштасады.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

- құс шықылықтап ән салады. Адамдар із қалдырады.

Нені игереді:

- бояу мен қылқаламның міндеттері туралы түсініктері: қылқалам бояумен сурет салады.

Нені біледі:

- қылқаламды бояуға матыруды, артық бояуды алуды, қағазға бастыруды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: «Сурет салу» (қарындаш)

Тақырыбы: «Түрлі-түсті қақпалар»

Мақсаты: «Қарындаш», қарындаштың қасиеттері (қағаз бетінде із қалдырады) туралы түсініктерін бекіту. Қарындашты дұрыс ұстауға, қағаз бетінде із қалдыра отырып, оны қозғауға үйрету. Балалардың таныс түстері туралы білімдерін бекіту: қызыл, көк, сары, жасыл. Ғажайып сәттерді қолдана отырып, сабаққа жағымды эмоционалдық қарым-қатынасын арттыру.

Сөздік жұмыс: фломастер, сурет салу, әуе шарлары, жіптер.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Түрлі-түсті кесек кірпіштерді алып келген ойыншық жүк машинасын әкеледі.

Балаларға түрлі-түсті «кірпіштерді» көрсетеді.

Балалар тәрбиешінің қимылын бақылайды.

Кесектерді қарастырып, тәрбиешіден соң түстерді қайталайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

Кірпіштерден әдемі түрлі-түсті қақпаларды қалай құрастыратынын көрсетеді.

Балалардың назарын түрлі-түсті қарындаштарға аударады. Қақпаны қарындаштармен салуға ұсынады.

 

Қарындашты көрсетіп, атауы мен міндетін еске түсіреді – қарындашпен сурет салады. Тік және көлденең сызықтарды

қалдыра отырып,

қақпаның суретін қалай салуды көрсетеді.  

Әр балаға қарындаш алуды ұсынады. Қарындашты дұрыс ұстауды көрсетіп, көмектеседі.

Балаларға қағаз бетінде «Сурет салуға» ұсынады. Қиындыққа ұшыраған балаларға көмектеседі.

Балалар тыңдап, тәрбиешінің қимылын бақылайды.

 

Балалар тыңдап, тәрбиешінің ұсынысымен келіседі.

 

Тәрбиешіден соң қайталайды- «қарындашпен сурет салады». Тәрбиешінің қимылын бақылап, ауада «жоғары-төмен, оңға-солға» қимылдарын қайталайды. Тәрбиешінің көмегімен қарындашты алады.

 

Дербес немесе тәрбиешінің көмегімен сурет салады.

Рефлексивті – түзетушілік

Балалардан сұрап, сұрақтарға жауап беруіне ынталандырады.

Бұл не? - қақпа.

Қақпаның түсі қандай? - жасыл, көк, қызыл, сары.

Балалардың орындаған жұмыстарын мадақтайды.

Тәрбиешіден соң сұрақтың жауаптарын қайталайды.

 

Балалар тәрбиешіні тыңдайды.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

- «Кірпіштердің» түсі мен пішінін.

Нені игереді:

- қарындаштың қағаз бетінде із қалдырып, сурет салатыны туралы түсінігін.

Нені біледі:

- тік және көлденең сызықтарды сала отырып, қарындашты қағаз бетіне қозғауды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: «Мүсіндеу»

Тақырыбы: «Ермексаз кесектерінен пирамида».

Мақсаты: «Ермексаз» атауын бекіту. Тақтайшада ермексаз кесектерімен ойнауға, мұнара құрастыруға мүмкіндік беру. Ермексаз кесектерінің атауларын бекіту: көк, сары. «Ермексазды ауызға салуға болмайды!» түсінігін бекіту.

Сөздік жұмыс: пирамида, кесек, ермексаз.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Ермексаз кесектерін әкеледі.

Ермексаз кесектерін қарастырады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Ермексаздың әртүрлі екенін атап, көрсетеді.

 

Ермексаздың түстерін атауды ұсынады: көк, сары.

 

Жеңдерін түруді ұсынады.

 

Ермексаздың екі кесегінен алуды ұсынады.

 

Ермексазбен қалай ойнауға болатынын көрсетеді (тарсылдату, қою, кесекті аудару, кесектерді бір-біріне қойып мұнара жасау).

 

Сұрақ:

- Ермексаз қандай? - қатты, көк, сары. Ермексазды қойып, қолдарын сулықпен сүртуді ұсынады.

Ермексаздарды қарастырады.

 

 

Тәрбиешіден соң ермексаздың түстерін қайталайды.

 

Тәрбиешінің көмегімен жеңдерін түреді.

 

Ермексаздың екі кесегінен алады.

Ермексаздың кесектерімен әрекет етеді, тәрбиешінің көмегімен мұнара жасайды. 

 

 

«Қатты», «көк»,

«сары» сөздерін қайталайды. 

 

Тәрбиешінің көмегімен қолдарын сүртеді.

Рефлексивті – түзетушілік

Жаңа сөздерді қайталауға ынталандырады: кесек, ермексаз, қатты, көк, сары. Балалар мадақтайды.

Тәрбиешіден соң қайталайды.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

- ермексазды ауызға салуға болмайды, «ермексаз» атауы, түстер: сары, көк.

Нені игереді:

- ермексаздармен әрекет ету дағдыларын.

Нені біледі:

- ермексаз кесектерімен әрекет етуді, тәрбиешінің көмегімен мұнара құруды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Кесектер»

Мақсаты: Илемді материалдармен таныстыру: сазбалшық, ермексаз, сазбалшықтан басқа илемді масса артық көру. Балаларда мүсіндеуге қызығушылығын тудыру. Кесекті бөліп алуға және кесектің түрін өзгерте отырып, саусақтарымен қимылдар орындау.

Сөздік жұмыс: ермексаз, кесек.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші әдемі қорапта ермексаз кесектерін әкеледі.

Балалар қызығушылығын білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші кесектерді алып, балалар қарау үшін тақтайшаға қояды. Кесектерді балаларға таратып береді. «Ермексазды ауызға салуға болмайды!» дейді. Тәрбиеші ермексаз кесектерімен түрлі тәсілдермен таныстыра отырып әрекеттер жасайды (саусақтармен басады, дөңгелек қимылмен алақан арасында домалатады, жалпайтады), Балаларға осы қимылдарды қайталауды ұсынады.  

Балалар кесектерді қарастырады.

 

Балалар қарап, тәрбиешіден соң қайталайды.

Рефлексивті – түзетушілік

Тәрбиеші балалардың талабына алғысын білдіреді. Кесектерді қорапқа салуды ұсынады.

Балалар тәрбиешінің қорабына кесектерін апарып салады.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

- сазбалшық пен ермексаз жұмсақ, оларды ауызға салуға болмайды.

Нені игереді:

- ермексаз кесегінің пішінін қол әрекетімен згертуге болатыны туралы түсінігі.

Нені біледі:

- тақтайшада мүсіндеуді, кесектің пішіндерін өзгерту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Қуыршақтарға арналған кәмпит»

Мақсаты: Балаларда ойын кейіпкерлеріне жағымды қарым-қатынасы мен көмектесу ниетін тәрбиелеу. Алақан арасында түзу қимылдармен сазбалшық немесе ермексаздан кесектер домалатуға үйрету.

Сөздік жұмыс: қуыршақ, кәмпит.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші топқа ойыншық қуыршақтарды әкеледі. Қонақасын беруді ұсынады, бірақ қонақасы жоқ. Балаларға қуыршақтарға арнап қонақасыға кәмпит мүсіндеуді ұсынады.

Балалар қызығушылығы мен жағымды іс-әрекет жасау ниетін білдіреді.

 

Ұйымдастыру-іздестіру

Балаларға ойыншық тәрелкелерді таратып береді. Алақан арасында түзу қимылдармен кесектерді дөңгелете отырып, кәмпиттерді мүсіндеу тәсілдерін көрсетеді. Еліктеу қимылдарын орындауды ұсынады. Балаларға кесектерді қолдарына алуды ұсынады. «Ермексазды ауызға салуға болмайтынын» ескертеді. Балаларға кәмпиттерді мүсіндеуді ұсынады. Егер балалардың бірі тапсырмасын орындай алмаса, қуыршақтың атынан кеңестер беріп, көмектеседі. Кәмпитті тәрелкеге салу ұсынылады.

Балалар көреді.

Балалар ермексазсыз алақан арасында түзу қимылдармен домалату тәсілдерін қайталайды. Кесектерді қолдарына алады.

Кәмпиттерді мүсіндейді.

Балалар кәмпиттерді тәрелкеге салады.

Рефлексивті – түзетушілік

Тәрбиеші қуыршақтың атынан балалардың жұмысы мен қонақасыларына алғысын білдіреді. Балаларға қуыршақтармен билеуді ұсынады.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

- қуыршақтарды неге киіндіретінін.

Нені игереді:

- қонақжайлылық пен қамқорлығын білдірудің тәсілері туралы түсініктері.

Нені біледі:

- қамқорлығы мен ниетін білдіру; кәмпитті алақан арасында түзу қимылдармен домалатуды.

 

 

 

 

(2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балалар)

 

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Бейнелеу өнері, жапсыру

Тақырыбы: «Ыдыстағы жеміс компоты»

Мақсаты: дөңгелек пішінді заттармен таныстыру; дәмі мен пішіні бойынша заттарды ажырата білуге үйрету; балаларда сенсорлық сезімін дамыту.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Жағдаят туғызады: Фланелеграфта аю мен қоянның пішіндері бар, олар ренішті. Тәрбиеші балалардың назарын жануарларға аударады.

Балалар жануарларға қызығушылығы мен оларға көмектесу ниетін білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Балаларды аю мен қояннан бұл жерде неге отырғанын сұрауға ынталандырады. Балаларға солармен бірге сұрақтарды қайталап айтуға көмектеседі.

Алма.

Р. Қунақова.

Пісіп тұрған алмамын,

Тамсандырар бал дәмін.

Жерге сілкіп түсірме,

Ісіп кетер маңдайым.

Аю мен қоян қысқа жеміс компотын әзірлегісі келеді. Балалардан қалай көмектесуге болатынын сұрайды.

Ыдысқа қандай жемістерді салатынын көрсетеді: үлкендерін төмен, кішілерін үстіне.

Балалардың назарын аю мен қоянның көңіл-күйінің өзгергеніне аударады.

Аю мен қоянға сұрақтар қояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлеңді тыңдайды.

 

Аю мен қоянға қалай көмектесуге болатынын ұсынады.

Балалар мен тәрбиешінің фланелеграфта дайын пішіндерді орналастыру жұмысы.

Рефлексивті – түзетушілік

Қонаққа кім келгенін, қоян мен аюда қандай мәселе туындағанын, балалардың қандай көмек көрсеткенін сұрайды. Жемістер, олардың түрлері мен дәмдері туралы білімдерін бекітеді. Балаларды мадақтайды.

Геометриялық пішіндерді- дөңгелек, көлеміүлкен, кіші және түсі-қызыл, сары атауларын қайталайды. Аю мен қоянға көмектескендеріне қуанады.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

- алма-геометриялық пішіні дөңгелек, оның үлкен, кіші болатынын;

-алманың түсі әртүрлі болатынын; что яблоко может быть разного цвета;

- пішіні мен көлемінің қарым-қатынасын.

Нені игереді:

- қамқорлық пен жанашырлық сезімін білдіру тәсілдері туралы түсініктері.

Нені біледі:

- ниетін, қамқорлығы мен жанашырлығын білдіру;

- көлемі мен түсі бойынша фланелеграфта дұрыс орналастыруды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Бейнелеу өнері, жапсыру.

Тақырыбы: «Доптар»

Мақсаты: балаларда басқаларға қамқорлық жасай білу, қиын жағдайларда көмекке келу іскерліктерін қалыптастырып, түстер мен көлемдер туралы білімдерін бекіту, дайын пішіндерді фланелеграфта дұрыс орналастыруға үйрету.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Жағдаят құрады:

Фланелеграфтағы мұңайған қоянға балалардың назарын аударады. Қоянның жанында бірнеше доптың суреттері бар.

Балалар қоян мен доптарға қызығушылығын білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Балаларды қояннан неге мұңайғанын сұрауға ынталандырады. Сұрақтарды бірге қайталап айтуға көмектеседі.

Топ, топ, добым домалақ,

Қайда кеттің домалап,

Бір, екі деп, екі ұрдым.

Шатырға сен секірдің.

Үш, төрт, бес деп үлгердім,

Ішіне ендің гүлдердің.

Алты, жеті дегенде,

Жаттың шоршып еденде.

Сегіз, тоғыз, он дедім, Сайға сырғып жөнелдің.

Топ, топ, добым домалақ,

Қайда кеттің домалап?

Қоянға қалай көмектесуге болатынын балалардан сұрайды. Қоянға қандай допты бере алатынымызды көрсетеді.

Қоянның көңіл-күйінің қалай өзгергеніне балалардың назарын аударады.

Балалар қоянға сұрақтар қояды.

 

 

Өлеңді тыңдайды.

 

 

Қоянға қалай көмектесуге болатынын ұсынады.

 

Фланелеграфта дайын пішіндерді орналастыру бойынша тәрбиеші мен балалардың жұмысы.

Рефлексивті – түзетушілік

Қоянға қалай көмектескені туралы сұрайды. Геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекітеді. Балаларды мадақтайды.

Геометриялық пішіндердің атауларын қайталайды –дөңгелек, көлемі-үлкен, кіші және түстері-қызыл, сары, көк. Баянға көмектескеніне қуанады.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

- доптың геометриялық пішіні –дөңгелек, ол үлкен немесе кіші болуы мүмкін;

- түстері әртүрлі болуы мүмкін;

- пішіні мен көлемінің қатынасы.

Нені игереді:

- қамқорлық пен жанашырлық сезімін білдіру тәсілдері туралы түсініктері.

Нені біледі:

- ниетін, қамқорлығы мен жанашырлығын білдіру;

- көлемі мен түсі бойынша фланелеграфта дұрыс орналастыруды.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Экология Тақырыбы: "Су не үшін керек? ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлім: Экология негіздері

Тақырыбы: «Су не үшін керек?»

Мақсаты: балаларды судың қасиетімен таныстыру. Түстер туралы түсініктерін бекіту. Ойлау қабілеттерін дамыту. 

Сөздік жұмысы: су, жылы, суық, бет, ауыз, тіс, көк табақ, жасыл табақ.

 

Іс-әрекет

 кезеңдері

Тәрбиешінің

Әрекеті

Балалардың

әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды жуынатын бөлмеге шақырады, судың шүмегін ашады және судың қалай «ән айтатынына» назар аудартады («с-с-с»)

Балалар судың аққан дбысын тыңдайды және «судың әнін айтады» («с-с-с»).

 

Ұйымдастыру-іздестіру

Балалар топқа қайтады.

Судың қажеттілігі туралы балалармен әңгіме жүргізеді.

Жуынып жатқан балалардың суретін көресетеді, мазмұны бойынша әңгімелеседі.

Тақапақ оқиды:

Су – табиғат байлығы,

Өзен-көлге барғайсың.

Кемі екі рет әр күні,

Суға түсіп алғайсың.

Үйде ванна, душ болса,

Салқын сумен құйынған.

Ыстық суға шомылған,

Суық сумен шайынған.

Су туралы «әнін айтуды» ұсынады.

Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.

 

Балалар суреттерді қарап, сұрақтарға жауап береді.

 

 

Балалар тәрбиешімен бірге 3-4 тақпақ оқиды.

 

Тыныс шығарарда «с-с-с» дыбысын айтады.

 

 

Рефлексивті-түзетушілік

Тәжірибе жасау.

Тәрбиеші балалармен бірге жылы және cуық cу құйылған табаққа жақындайды, саусақтарын суға салуды ұсынады.

Балаларға сұрақ қояды: Су қандай? Қай табақта су cуық? Қай табақта су жылы? Қалай біз білдік? Ал қандай сумен біз жуынамыз?Сендер қалай жуынасыңдар, қолдарыңды жуасыңдар?

Балалар судың суық және жылы болатыны туралы қорытынды жасайды,.

 

 

 

Балалар көрсетеді (еліктеу).

 

 

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек:

- судың не үшін керектігін (шомылады, жуынады, кір жуады);

- судың жылы және cуық болатынын.

Нені игереді:

- жылы, cуық – судың қасиеттері туралы түсінігін.

 

Нені біледі:

- қолын жууды;

- «с-с-с» дыбысын дұрыс және созып айтуды;

- тәрбиешімен бірге тақпақты қайталауды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 026 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.01.2015 2679
    • DOCX 297 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахимжанова Гульнар Егинбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12453
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 123 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 352 человека

Мини-курс

Преодоление расстройств: путь к психическому здоровью"

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе