Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Экологиялық айтулы күндер және олардың танымдық, тәрбиелік мәні
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Экологиялық айтулы күндер және олардың танымдық, тәрбиелік мәні




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Мазмұны



  1. Кіріспе ..........................................................................................2 бет


  1. Негізгі бөлім............................................................................... 2-9 бет


  1. Қорытынды .................................................................................. 10 бет




  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .............................................. 10 бет





























Экологиялық айтулы күндер және олардың танымдық,

тәрбиелік мәні

І. Кіріспе бөлім

Халық ұғымында табиғат деген сөз Жер – Ана, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады. Ыбырай Жақаев мынадай даналық сөздер жазған: «Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа, адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына... Әрбір ағашты, әрбір бұлақты, жалғыз дәнді де ыждаһаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі». Жер бетіндегі әртүрлі экологиялық дағдарыстар мен апаттардың өріс алуы бүкіл адамзат баласына ой салып, халықаралық (әлемдік) деңгейде атап өтілетін айтулы экологиялық күндер белгіленді. Мұндай айтулы экологиялық күндердің өскелең ұрпақтар үшін танымдық және тәрбиелік мәні зор екендігі белгілі.

Экологиялық мәселелер адам баласын ерте кездерден бастап-ақ толғандырып келе жатқандығын арнайы атап өтіліп келе жатқан айтулы экологиялық күндерден айқын байқауға болады. Алғашқы кездерде мұндай күндер жекеленген адамдардың бастамасымен аталып өтілетін болса, кейіннен мұндай мәселелерге қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер көңіл бөле бастады.

ІІ. Негізгі бөлім

Экологиялық айтулы күндер

Қаңтар айы.

11-қаңтар-табиғи қорықтар мен ұлттық табиғи саябақтар күні. Бұл күн алғаш рет 1997 жылдан бастап, «Бүкіләлемдік жабайы табиғатты қорғау орталығы», «Әлемдік жабайы табиғат қоры» ұйымдарының ұсынысымен аталып өтіліп келеді. Бұл күннің 11-қаңтарда аталып өтетіні ресейдегі ең алғашқы «Баргузин» мемлекеттік қорығының ұйымдастырылған күніне байланысты. Қазақстанда 10 мемлекеттік табиғи қорық, 12 мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ және 4 мемлекеттік табиғи резерват, 10 халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқап, т.б. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған.

Ақпан айы.

2-ақпан - дүниежүзілік сулы-бапақты алқаптарды қорғау күні. 1971 жылы 2-ақпанда Иран Ислам Республикасының Рамсар қаласында халықаралық мәні бар сулы-батпақты алқаптар туралы Конвенцияға қол қойылды. Сол күннен бастап бұл құжат «Рамсар Конвенциясы» деп аталады. 1997 жылы 2-ақпан күні - дүниежүзілік сулы-батпақты алқаптарды қорғау күні деп жарияланды. Рамсар Конвенциясына Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде 2007 жылы мамыр айында мүше болып тіркелді. Қазіргі кезде Қазақстандағы 10 сулы-батпақты алқап осы Конвенция тізіміне тіркелді.

Келешекте еліміздегі 19 сулы-батпақты алқапты республикалық маңызы бар тізімге тіркеу көзделуде.

19-ақпан - киттер мен теңіз сүтқоректілерін қорғау күні. Бұл күн 1986 жылдан бастап аталып өтіледі. Өйткені, осы уақытқа дейін, яғни 200 жыл бойы дүниежүзілік мұхиттарда киттер бейберекет ауланып келді. 1986 жылдан бастап кит аулау комиссиясының ұсынысы бойынша кит аулауға тыйым салынды. Қазіргі кезде жыл сайын киттердің мүлдем жоғалып кету қаупі төнген бір түрін осы күні арнайы атап, оны қорғау туралы қажетті шаралар атап өтіледі.

Наурыз айы.

22-наурыз-әлемдік су күні. Бұл күн халықаралық суды пайдаланушылар ассциациясының ұсынысы бойынша 1994 жылдан бастап атап өтіледі. Өйткені, су жер бетіндегі барлық тіршілік үшін ең қажетті байлық әрі тіршілік ортасы болып саналады, әсіресе, тұщы судың маңызы өте зор.

Сәуір айы.

1-сәуір-халықаралық құстар күні. Дүниежүзінде көптеген халықтар құстарды қорғауға ерекше көңіл бөледі. Көп мемлекеттерде жыл сайын өз елінің аумағында көбірек кездесетін және сол елдің күнделікті тіршілігінде ерекше маңызы бар құс түрімен әр жылды атап өту дәстүрі қалыптасып келеді. Мұндай игілікті дәстүр Қазақстанда 2006 жылдан бастау алған. Мысалы, 2006 жылы жыл құсы-тарғақ, 2007 жылы-қыстау қарлығашы, 2008 жылы-сұр тырна, 2009 жылы-бозторғай, 2010 жылы-қараторғай, 2011 жылы- сары шымшық, 2012 жылы-дала қыраны, 2013 жылы-сұр қаз, 2014 жылы- ақбас үйрек, 2015 жылы-орақтұмсық құс таңдап алынды.

22-сәуір-жер күні. Жер күнін атап өту дәстүрі 1840 жылы АҚШ-та басталған. Оның тарихы Дж. Стерлинг Мортон деген шаруаның өз отбасымен Небрасқа штатына көшіп келуіне тікелей байланысты. 1882 жылы 22-сәуір, ресми түрде ағаш күні мейрамы деп жарияланған. Ал, 1970 жылдан бастап ағаш күнін атап өту жалпы табиғат қорғау шараларымен байланысты. Бұл күнді-жер күні деп жалпыхалықтық мереке ретінде атап өтіліп келеді.

22-29-сәуір- саябақтар шеруі. Жабайы табиғат қорғау орталығының ұсынысымен саябақтар шеруі 1996 жылдан бастап, еліміздің мемлекеттік табиғи қорықтары мен мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарында кеңінен атап өтіліп келеді.

24-сәуір-бүкіләлемдік зертханалық жануарларды қорғау күні. Бұл күні түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайланылатын жануарларға деген қамқорлық жасау жағдайларына көбірек көңіл бөлініп, оларды ретсіз пайдаланбау шаралары насихатталады.

26-сәуір-радиациялық апаттарда құрбан болғандарды еске алу күні. Бұл Ресей Федерациясы Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1993 жылғы 22 сәуірдегі қаулысы бойынша белгіленген. Бұл күні Украина аумағындағы Чернобыль АЭС-да болған апатқа сәйкес белгіленді. Бұл апат қазіргі кездегі ең ірі алпауыт апаттардың бірі деп есептелінеді.

Мамыр айы.

3-мамыр-күн күні. 1994 жылдан бастап, күн энергиясы бойынша халықаралық қоғамның Еуропа бөлімшесі қалпына келтіруге болатын энергия көздерін пайдалану мүмкіндіктеріне көңіл аудару мақсатында осы күнді жыл сайын атап өтуді ұсынған болатын.

12-мамыр-экологиялық білім күні. 1992 жылы Бразилияның Рио-де Жанейро қаласында ұйымдастырылған БҰҰ-ның Қоршаған орта және білім беруді дамыту мәселелеріне арналған халықаралық конференциясында адамзаттың тұрақты дамуы үшін экологиялық білім берудің өте қажеттілігі ерекше атап өтілді.

15-мамыр-ауа райының халықаралық күні. Бұл күн метеорологтардың ұсынысы бойынша атап өтіледі. Бұл күні ауа райының адамзат баласының өмір сүруі үшін, тұрмыс жағдайларының жақсара түсуіне қолайлы әсерлері үшін қорғау қажет екендігі атап өтіледі. 2010 жылы мамыр айында жер бетіндегі ауа температурасы 0,5-1 пайызға дейін көтерілгендігі белгілі болып отыр.

20-мамыр-әлемдегі метеорология күні. Бұл күн 1875 жылы Париж қаласында ұйымдастырылған метеорологиялық Конвенцияда қабылданған халықаралық дипломатиялық конференцияда жария етілді. Аталған сала ерте кездердің өзінде-ақ «Өлшем жайындағы ғылым» деген мағынаны білдіреді. Оқулықтарда метеорология ғылымының негізін Д.И.Менделеев салғандығы жайлы да жазылған.

22-мамыр-биологиялық алуантүрліліктің халықаралық күні. Бұл 1992 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғауц және дамыту мәселелеріне арналған халықаралық конференциясының шешімдеріне сәйкес атап өтіледі. Оның мақсаты- бүкіл адамзат баласының назарын Жер бетіндегі барлық тірі организмдерді сақтап қалуды және оларды қорғауды көздейді. Осыған байланысты «Биологиялық алуантүрлілік» туралы Конвенция қабылданды.

Маусым айы.

5-маусым-әлемдік қоршаған ортаны қорғау күні. Бұл күн Швецияның Стокгольм қаласында ұйымдастырылған. 1972 жылы 15-желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының ХХVІІ сессиясында Жапония және Сенегал мемлекеттерінің ұсыныстары бойынша бекітілді. 1973 жылдан бастап БҰҰ-на мүше елдердің барлығы да бұл күнді атап өтіп келеді. Бұл күні қоршаған ортаны қорғау мәселелері жан-жақты талқыланып, әрбір адамның экологиялық білім деңгейінің кеңеюіне ықпал жасалады.

8-маусым-мұхиттардың әлемдік күні. Бұл күн 1992 жылы Бразилияның Рио-де Жанейро қаласында ұйымдастырылған. БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі конференциясында ғаламшар үшін дүниежүзілік мұхиттардың ғаламдық маңызы және оларды қорғау қажеттігі жан-жақты талқыланып, жыл сайын бұл күнді атап өту керек екендігі жарияланды.

17-маусым-шөлейттену мен қуаңшылыққа қарсы күресудің әлемдік күні. Шөлейттену деген ұғым құрлықтағы кейбір аумақтардың биологиялық өнім беру мөлшерінің азаюын білдіреді. Шөлейттену жағдайы көбіне жерді дұрыс пайдаланбаудың нәтижесінде пайда болады. Жер құнарлығының 25-30 пайызға азаюы шөлейттенуге әкеліп соғады. Қазіргі кездегі ресми деректер бойынша Қазақстанның жалпы жер көлемінің 66 пайызы шөлейттенуге ұшыраған.



Тамыз айы.

6-тамыз-ядролық қаруды қолданбауға қарсы әлемдік күні. 1945 жылы 6-тамыз күні Америка Құрама Штаттары Жапония мемлекетінің Хиросима мен Нагасаки қалаларын атом бомбаларының атқылауынан 200 мыңнан астам жапондықтар өмірмен қоштасты. Атом бомбалары тасталған күннен 10 жыл өткен, яғни, 1955 жылы 6-тамызда Хиросима қаласында атом және сутегі қаруларын қолдануды тоқтату туралы бірінші халықаралық конференция ұйымдастырылып, осы күнді жыл сайын ядролық қаруды қолданбауға қарсы әлемдік күн деп жариялады.

28-тамыз-Байкал көлінің күні. Бұл күні Байкалдың «Экологиялық толқыны» деп аталатын қоғамдық ұйымның ұйытқы болуымен 1999 жылдан бастап күнтізбе тіркелді. Өйткені дүниежүзіндегі тұщы су қорының 22 пайызы Байкал көлінде шоғырланған. Бұл көл жергілікті тұрғындардың пікірі бойынша «Қасиетті көл» деп есептелінеді. 1996 жылы желтоқсан айында Байкал көлі ЮНЕСКО-ның әлемдік табиғи мұралар тізіміне тіркелді.

Қыркүйек айы.

11-қыркүйек-жабайы табиғатты қорғаудың әлемдік күні. Швейцарияның шағын қаласында тәуелсіз халықаралық (Жабайы табиғатты қорғау қоры- WWF) 1961 жылы ұйымдастырылды. 1962 жылы бұл қор жабайы жануарларды қорғау туралы әлемдік Хартия қабылдауды ұсынды. Қазіргі кезде бұл қор дүниежүзіндегі ең ірі үкіметсіз халықаралық табиғат қорғау ұйымына айналды. Қор организмдердің жеке түрлері, су, ауа, ландшафты қорғау жөніндегі жобалар қабылданды. Мысалы, "Жолбарыс операциясы", «Теңіздегі тіршілікті сақтау» және т.б.

16-қыркүйек-озон қабатын қорғаудың халықаралық күні. Озон (О)- оттектік қосылыстан тұратын тұрақсыз улы газ. Ғылыми деректер бойынша озон қабаты атмосфераның 20-25 шқ биіктігінде бұдан 570-400 млн жыл бұрын түзілген. 1987 жылы 16-қыркүйекте Канаданың Монреаль қаласында озон қабатының бұзылуынаықпал жасайтын заттар туралы халықаралық хаттама қабылданды және осы 16-қыркүйек күні «Озон қабатын қорғаудың халықаралық күні» деп белгіленді. Бұл күннің негізгі ұраны: «Аспанды сақтай отырып, өзіңді де және озон қабатын сақта»

22-қыркүйек-автокөліксіз әлемдік күні. Бұл күн ең алғаш рет 1998 жылы Францияда атап өтіліп, бірнеше қалаларда автокөліктің жүруіне тыйым салынған. Бұл күнді атап өтудің мақсаты-ауаның тазалығын сақтауды көздейді. Өйткені ірі қалалардың ауаның ластануынан, негізінен, автокөліктерін пайдалану кезінде бөлінетін улы газдар мен улы заттар тікелей әсер ететіні анықталған.

25-қыркүйек-әлемдік теңіздер күні. Бұл күн мемлекетаралық теңіздер ұйымы Ассамблеясының 10-сессия шешіміне сәйкес 1978 жылдан бастап атап өтіліп келеді. 1980 жылға дейін бұл күн 17-наурызда аталып келді. Ал, қазіргі кезде жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталып өтіледі. Бұл күнді атап өтудің басты мақсаты-қоғамдық, мемлекеттік және бейресми ұйымдардың назарын теңіздерді және оның биологиялық байлықтарын қорғауға аударуды көздейді.

27-қыркүйек-дүниежүзілік туризм күні. 1979 жылы Испанияның Торремолино қаласында әлемдік туристік ұйымның Бас ассамблеясының ІІІ сессиясы бекітті. Бұл күн 1980 жылдан атап өтіліп келеді. Қазақстан бұл ұйымға 1993 жылдан тұрақты мүше болып тіркелген күннен бастап атап өтеді. Бұл күннің мақсаты-халықаралық, мемлекет ішіндегі экологиялық туризмді дамытуды көздейді.

Қазан айы.

4-қазан-жануарларды қорғаудың әлемдік күні. Бұл күнді атап өтудің тарихы тым ерте кездердегі қасиетті Франциск күнін атап өтумен тығыз байланысты екендігі белгілі. Ол 1226 жылы 4-қазанда қайтыс болған, оның жануарларға жасаған аса зор қамқорлығының құрметіне Францискінің қайтыс болған күні дүниежүзі елдерінде жануарларды қорғаудың әлемдік күні деп атап өтіледі.

6-қазан-тіршілік ортасын қорғаудың халықаралық күні. Бұл күн 1979 жылы Еуропада жабайы жануарлар мен өсімдіктерді және тіршілік ортасын қорғау жөніндегі Конвенцияда атап өту белгіленген. Адам өзінің іс-әрекеттері арқылы табиғи тіршілік ортасының өзгеруіне зор ықпал жасап келе жатқандығы белгілі.

12-қазан-төтенше апаттардың қауіптілігін азайтудың халықаралық күні. Бұл күн БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының шешімі бойынша қазан айының 2 сәрсенбі күні атап өтіледі. БҰҰ-ның ресми мәліметтері бойынша соңғы жылдары әлемнің түкпір-түкпірлерінде жер сілкіну, жанартаулардың атқылауы, сел жүру, қатты дауылды желдің соғуы, теңіздер мен мұхиттардағы алапат су толқындардың болуы, қар көшу, лай көшкіндерінің басып қалуы және т.б. табиғи апаттар адамзат үшін үлкен қауіп төндіруде.

Қараша айы.

21-қараша-темекі шегуді тоқтатудың әлемдік күні. Бұл күн тікелей Әлемдік Денсаулық сақтау ұйымының шешімімен жарияланды. Осы ұйымның ресми деректері бойынша 25-тен астам ауру түрлері темекі шегудің әсерінен болатыны анықталған. Жыл сайын темекі шегудің салдарынан 4 млн-нан астам адам өмірімен қоштасатыны белгілі және бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып келеді.

29-қараша-әлемдік табиғат қорғау қоғамының ұйымдастырылған күні. 1948 жылы халықаралық табиғат қорғау одағы (МСОП) ұйымдастырылды. Бұл табиғат қорғау саласындағы халықаралық ұйымдардың бірі болып саналады. Бұл ұйымның атауы 1990 жылдан бастап, «Әлемдік табиғат қорғау одағы» деп өзгертілді.

Желтоқсан айы.

1-желтоқсан-ЖИТС-пен күресудің әлемдік күні. ЖИТС-пен күресу күні ең алғаш рет 1988 жылы 1-желтоқсан күні атап өтілді. Дәл осы күні көптеген мемлекеттердің денсаулық министрлері бұл індетті ауру екендігін мойындап, бұл ауру жөнінде ақпарат алмасу қажеттігі ерекше атап көрсетілді. ЖИТС-ке қарсы күрестің рәмізі-қызыл түсті лента. Бұл «қызыл лента» келешекте адамзаттың ЖИТС ауруына шалдықпай өмір сүруінің белгісін білдіреді.

3-желтоқсан- пестицидтерге қарсы күрестің халықаралық күні. 1984 жылы 3-желтоқсан күні Индияның Бхопал қаласында пестицид заводында ірі экологиялық апатты жағдай орын алджы. Осындай жағдайды болдырмаудың алдын алу мақсатында Латын Америкасының белсенді тұрғындары 3-желтоқсан күні пестицидтерді өндіруге қарсы күн деп жариялады. Кейіннен бұл күн халықаралық деңгейде аталып өтілетін болды.

ІІІ. Қорытынды бөлім

Экологиялық тәрбие оқушылардың - табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырып, әр түрлі нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін жетілдіреді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің "Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде" - деп аталатын еңбегінде: "... елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуден, заңды, өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстаным - менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын, деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн"- деп көрсетті. Осындай аса жауапты міндеттердің баянды болуы жас республиканың ертеңгі қажетін өтерлік, елін, туған жерінің табиғатын сүйетін, оны қадірлеп, қорғайтын білімді, саналы азамат өсіру бала дүниеге келген шақтан, мектепке дейінгі кезеңнен басталады. Себебі, егеменді еліміздің ертеңі жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді. Осы орайда мен өз құрбыларыма мынадай ұсыныс айтқым келеді:

қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;

жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;

қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;

экологиялық білімді насихаттау;

өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу;

табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу;

мектепте экологиялық білім және тәрбие құрамын ұйымдастыру;







Пайдаланылған әдебиеттер

«Қазақстанның өсімдіктер әлемі» кітабы. 2003ж Алматы қ.

«Биолог анықтамалығы» республикалық ғылыми-танымдық педагогикалық журналы 2013-2015 ж.

«География және табиғат» ғылыми-педагогикалық журналы 2013-2014 ж

Интернет материалдары

12


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 13 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-070965
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 13 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>