Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Экологиялық бумеранг" ойын сайысы

"Экологиялық бумеранг" ойын сайысы

Скачать материал

«Экологиялық бумеранг» атты сайыс

 

Сайыстың мақсаты: оқушылардың ойын арқылы экологиялық ойлау

қабілетін, таным белсенділігін  қалыптастыру.

Сайыстың мақсаты мен міндеттері:

-         практикалық білімдерін экология төңірегінде  қоршаған ортаны қорғау, биологиялық алуантурлілікті сақтап қалу мақсатында қолдану

-         коммуникативтілікті дамыту, ақпараттық зертеу және шығармашылық құзырет экологиялық жағдаяттар арқылы шешу үшін шарттар қалыптастыру

-         әлеуметтік және еңбек құзыреттілігін топтағы практикалық жұмыс арқылы дамыту үшін шарттар қалыптастыру.

 

Әдіс-тәсілдері: топта өз бетінше жұмыс жасау, конкурстар, экологиялық және проблемалы жағдаяттар, практикалық жұмыс.

 

Сайыс-ойынға 5-6 топ 5 адамнан (25-30 адам) қатысады.

 

Сайыс кезеңдері:

І. Мотивациялық-ұйымдастыру кезеңі:

- қонақтармен және қатысушылармен танысу;

- «Экологиялық бумеранг» сайыс-ойынының шарттарымен танысу;

- қазылар алқасымен таныстыру:

 

Жүргізуші:

Ағаш, шөп, гүл және құс,

  Әрқашан өздерін қорғай алмайды.

Егер олар жойылып кетсе,

Жер бетінде біз жалғыз қаламыз.

-         Осы өлең жолдарында не туралы айтылған? (қатысушылардың жауабы)

-         Иә, Отан – бұл біз туып өскен жер, кең байтақ Қазақстан. Қазақстанның экологиялық проблемасы – ол біздің проблема, солардың бірі - биологиялық алуантүрлілікті сақтап қалу.

-          «Биологиялық алуантүрлілік» дегеніміз не?

-         Неге «биологиялық алуантүрліліктің» азаю қаупі төніп тұр?

-         Біздің сайыс-ойынымыз биологиялық алуантүрлілікті сақтау туралы, сондықтан

тапсырманың бәрі де өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қатысты, яғни экологиялық проблемаға байланысты болмақ.

Биологиялық алуантүрлілік – Жердегі тіршіліктің тұрақтылығының басты шарты. 1993 жылы 29 желтоқсанда «Биологиялық алуантүрлілікті сақтау конвенциясы» БҰҰ-да қабылданды. Содан бері бұл күн -  «Халықаралық биоалуантүрлілікті сақтау күні» деп саналып келеді. Биологиялық алуантүрлілік тепе-теңдігі бұзылған жағдайда Жерге, жалпы адамзатқа үлкен қауіп төнеді.

Бумеранг дегеніміз не? Иә, бумеранг қалай лақтырсаң да, қанша алысқа лақтырсаң да өзіңе қайта ұшып келетін зат. Дәл осылай табиғатқа қандай қарым-қатынас жасасақ өзімізге бұл міндетті түрде қайтып келеді. Олай болса, табиғатты аялайық. Назарларыңызға «Экология» дегеніміз не деген сұраққа жауап берер бейнероликті ұсынамыз.

Ендеше бүгінгі сайыс-ойынды бастауға рұқсат етіңіздер.

 

ІІ. Негізгі бөлім

1-конкурс. «Таныстыру»

     Топты  таныстыру (топтың аты, девиз, эмблема).

     Максималды балл – 3 балл.

1.     ______________________ «____________________» тобы

2.     ______________________ «____________________» тобы

3.     ______________________ «____________________» тобы

4.     ______________________ «____________________» тобы

5.     ______________________ «____________________» тобы

6.     ______________________ «____________________» тобы

 

2-конкурс.  «Экологиялық жаттығу», (брейн-ринг ойынының бағыты бойынша)

     Әр дұрыс жауап – 1 балл.

1.     Әлемдегі ең биік ағаш (Секвойя)

2.     Жер бетіндегі ең көп тараған зат (Су)

3.     Әлемдегі ең жуан ағаш (Баобаб)

4.      Жер бетіндегі алып жануар (Кит,ұзындығы 33м)

5.     Жер бетіндегі ең үлкен құс (Страус, 3 метрге жетеді)

6.     Жердің жасыл қабаты (Шөп)

7.Жердің қорғаныш  қабаты (Озон қабаты)

8.Экологиялық таза отын (сутегі)

9.Климаттың жылыну себебі (Парникті эффект)

10.Көктемнің келгенін қай құстар келгенде айтамыз? (Қарға)

11. Дененің,  ауаның, судың, топырақтың температурасын өлшейтін құрал? (Термометр)

12.Кесілген ағаштың жылын қалай білеміз? (жылдық сақиналарына қарап)

13.Қай жануар бірінші үй жануары болып үйретілді?  (ит)

14. Қай құсты «орман дәрігері» дейді? (тоқылдақ)

 15.Жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты (топырақ)

16.Жоғары сатыдағы өсімдіктердің газ алмасу, буландыру қызметтерін атқаратын өсу мүшесі (жапырақ)

17.Тасқа жабысып өсетін төменгі сатылы өсімдік (қына)

18.Аюдың негізгі азығы (ұсақ аңдар)

19.Қоянмен қоректенетін аң (түлкі)

20.Төрт тізесі бар жалғыз жануар (піл)

21.Бір көзін ашып ұйықтайтын су жануары (дельфин)

22.Жер бетіндегі тірі нәрселердің 70%-ы осы заттан тұрады? (бактерия)

23.Жүре алмайтын құс (колибри)

24.Метан газын бөліп шығаратын үй жануары (сиыр)

25.Өз баласын 22 ай көтеретін жануар (піл)

26. Тас жұтқанды жақсы көретін су жануары (қолтырауын)

27.Әлемдегі ең ұлы мүсінші (табиғат)

28.Қысы-жазы ағаш діңін тоқылдатумен болады (тоқылдақ)

29.Илеуде тіршілік етеді (құмырсқа)

30.Жазда шөппен,қыста бұтақтармен қоректенетін аң (бұлан)

31.Бал жинап ұйқыға кететін жануар (аю)

32.Сағатына 40 км жүгіре алатын жануар (ақ аю)

33.Жемін көбіне түнде аулайтын құс (үкі)

34.Тор құратын жәндік (өрмекші)

35.Ұша алатын жалғыз сүтқоректі (жарғанат)

36.Маймылдардың ішіндегі ең үлкені (горилла)

37.Басын төмен қаратып, ілініп ұйықтайтын сүтқоректі (жарғанат)

38. Көру қабілеті кушті сүтқоректілер (сілеусін)

39.Ұша алмайтын су құсы (пингвин)

40.Былқылдақ денелі моллюсканың бір түрі (ұлу)

41.Ең кішкентай маймыл (ергежейлі мартышка)

42.Қай жануар өзіне шабуыл жасалғанда өзін өліп қалған сияқты етіп көрсетеді? (опоссум)

43.Көртышқан азықсыз қалса қанша уақытта өлуі мүмкін? (12сағатта)

44.Ешқандай дыбыс шығармайтын жануар (керік)

45.Жыландар жемтігін шайнайды ма? (жоқ, шайнамай бірден жұтады)

46.Түсін қоршаған ортаға лайықтап өзгерте алатын бауырымен жорғалаушы (хамелеон)

47.Жер бетіндегі ең үлкен жыланның бірі (анаконда)

48.Су астында желбезегі арқылы тыныс алатын су жануары (балық)

49.Әлем сүтқоректілерінің төрттен бірі (жарғанаттар)

50. Тұяқты жануар түрлері (түйе, бұғы лама)

51.Дене пішіні кесіртке ұқсас бауырымен жорғалаушы (қолтырауын)

52.Азия мен Африкада тіршілік ететін өте улы жылан турі (кобра)

53.Жерде мекен еткен алғашқы омыртқалы жануарлар (қосмекенділер)

54.Бақаның құрбақадан  өзгешелігі (бақалар сияқты қатты серпінмен жүгіре алмайды)

55.Қай құсты адамның досы дейді? (қарлығаш)

56.Халқымызда ерекше құрметке бөленген құс, қолда ұстап, қауырсынын қадірлеп, басқа тағады (үкі)

57.Өте шапшаң жүгіреді, өте сақ,лезде көзден таса болатындықтан, бул қусты қалай атаған? (дуадақ)

58.Отырықшы қус (қырғауыл)

59.Приматтар отрядына жататын ең жоғары сатыдағы сутқоректі (жылан)

60. Аю баласы қалай аталады? (қонжық)

61.Мысық баласы қалай аталады? (марғау)

62.Адам бойындағы ең күшті бұлшық ет (тіл)

63.Мүйізі бар орман жануары(бұғы)

64.Қыста ағаш өсе ме? (жоқ)

65.Крокодилдің майының түсі қандай? (жасыл)

66.Кит қандай жануар? (сүтқоректі)

67.Аңдар жуына ма? (иә)

68.Өрмекшінің неше аяғы бар? (сегіз)

69.Азық үшін адамға бас салатын жалғыз жануар (аю)

70.Кене қорексіз неше жыл тіршілік етеді? (10 жыл)

71.Құмдауыт әрi сортаңдау жерлерде өседi (сексеуіл)

72.Раушангүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған ағаштарының жемісі (алма)

73.Қазақстанның таулы аймақтарында жиі кездеседі және раушангүлділер тұқымдасына жатады (долана)

74.Халық арасында бул өсімдікті «жабайы раушан» деген атауы кеңінен таралған (итмұрын)

75.Азулы қайсар аса сақ жыртқыш аң (қасқыр)

76.Іле Алатауындағы жалғыз қылқан жапырақты ағаш (Тянь-шаньдық шырша)

77.Қазақстанда түрі ең көп тараған ағаш (сәмбі тал, Қазақстанда 22 түрі кездеседі)

78.Қазақ халқы оны "денсаулық ағашы" деп атайды (арша)

79.Қарағай туқымдасына жататын баяу өсетін қылқанжапырақты ағаш (шырша)

80.Бұл алып жануардың жүрегі өте кішкентай (арыстан)

 

 

3-конкурс. «Экологиялық алфавит»

 

5 мин ішінде алфавит бойынша өсімдіктер мен жануарлардың аттарын естеріне түсіру қажет.

Әр дұрыс жауап – 1 балл.

 

Өсімдіктер     (флора)

Жануарлар (фауна)

 

А

АЛМА

АРЫСТАН

Ә

 

ӘТЕШ

Б

БАЛДЫР

 

В

 

 

Г

 

 

Ғ

 

 

Д

 

 

Е

 

 

Ж

ЖАСМИН

ЖАРҒАНАТ

З

ЗӘЙТҮН

ЗЕБРА

И

ИТМҰРЫН

ИТ (ИТЕЛГІ)

К

КАРТОП

КЕНГУРУ

Қ

ҚАЙЫҢ

ҚАСҚЫР

Л

ЛАҚ

ЛИМОН

М

МАҚТА

МАЙМЫЛ

Н

НАУРЫЗГҮЛ

 

Ө

ӨГЕЙШӨП

ӨРМЕКШІ

О

ОШАҒАН

ОПОССУМ

П

ПАПИРУС

ПИНГВИН

Т

ТЕРЕК

ТҮЛКІ

С

СЕКСЕУІЛ

СУСИЫР

Ұ

ҰШҚАТ

ҰЛАР

У

УСАСЫР

УЛЫ ЖЫЛАН

Ү

ҮЛБІРЕК

ҮНДІК

Ш

ШИЕ

ШИМПАНЗЕ

 

4-конкурс. «Экологиялық есеп»

1.      Бір қайың тәулігіне 40 л су ішсе, осындай екі қайың ағашы 80 л суды қанша уақытта ішеді.

2.      Жұлдыз құрт бір тәулікте 30 жапырақ жесе, 3 тәулікте қанша жапырақ жейді?

 

1.      Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?   

2.      Күшіктер мен үйректер балапандарында 7 бас пен 20 аяқ бар. Қанша ит күшіктері мен үйрек балапандары бар?

 

1.      Ағашты он бөлікке бөлу үшін оны неше жерінен кесу керек.

2.      Бұтақта 50 қияр бар. Бір бұтақта 5 қиярдан өсіп тұр. Екі бұтақта қанша қияр өсіп тұр.

 

1.      Аулада 7 шымшық отыр еді, оған тағы да бесеуі қосылды. Бір мысық жайлап келіп 1 шымшықты ұстап алды. Сонда қанша шымшық қалды?

2.      Кірпілер алмаға таласып жатыр. Оларға көмектесуге тиін келді. Тиін әр кірпіге бір алмадан берсе, бір алма артылып қалады. Ал әр кірпіге екі алмадан берсе, екі алма жетпей қалады. Неше кірпі бар? Неше алма бар?

 

1.      4 үйрек 1 үйректің алдында келе жатыр. 1 үйрек 4 үйректің артында келе жатыр. 1 үйрек 4 үйректің ортасында келе жатыр. Барлығы неше үйрек келе жатыр?

2.      3 тиін 3 жаңғақты 3 минутта жесе, 100 тиін 100 жаңғақты неше минутта жейді?

 

 

1.      Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?

2.      Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?

 

5-конкурс. «Экологиялық жағдаяттар»

Әр топ конвертке салынған тапсырманы алып орындайды. Әр дұрыс жауап 2 балл. Ойлануға - 1 мин.

1.Жер бетінде қоянның өмір сүруі қауіпсіз емес. Бір қоянға 10 аңшыдан келеді. Қояндар сонда  қалай өмір сүруге дағдыланған? (көбеюі бір жылда 3-4 рет және 8 баладан)

2.Қасқыр аз елдерде олар қорғауға алынған және сырттан әкелінеді. Неге? (олардың аздығы аштыққа және улы заттардың көбеюіне акеледі, олар табиғатта санитарлық тазалықты қамтамасыз етеді)

3.Сексеуіл құмды тоқтатуға таптырмайтын өсімдік. Не себепті? (ұзын тармақталған тармақтары сусымалы құмды торлап алып қозғалысын тежейді).

4.Қасқырлар неге ұлиды?  (бір-біріне келе жатқан қауіп-қатерден сақтандыру үшін және жалғыздықтан да болуы мүмкін)

5.Аю қажетті май қорын жинай алмаса,ұйқыға жатпайды. Қорек талғамайды. Ол адамның өмірі үшін қауіпті емес. Бірақ неге адамдар аюды аулайды? (майы және шипалық қасиеті бар өті үшін аулайды. Семіз аюдан 120 кг ет, 50 кг-дай витамині бар май алынады)

6.Қолтырауындар неге тас жейді? (судағы тепе-теңдікті сақтауға жақсы, асқазаны тамақтан бөлек таспен де толтырылады)

7.Көртышқандар көреді ме? (аздаған көру қабілеті бар, інінде жарық көрсе, ол бұл үшін қауіпті белгі. Көздері арқылы ауа ағынын сезеді)

8.Адыраспан – ерекше дәрілік қасиеті бар өсімдік. Халық медицинасында адыраспанды буын ауруларын емдеуге пайдаланады. Алайда адыраспан адамдарды уландырады, себебін айта аласыз ба?  (құрамында бірнеше алколоидтары бар, мал жемейді, дәмі ащы)

9.Солтүстік бөлікте жануарларға қандай белгілері өмір сүруге көмектеседі? (жылы қанды жануарларға қалың жүндері мен тері астындағы қалың қабаттары көмектеседі)

10.Көбелектің иіс сезімі бар ма? (гүлдің хош иісін ондаған шақырым алыстықтан сезе алады, қанатының көмегі арқылы, мұрны жоқ).

11.Құстар алыс жаққа ұшып, келер жылы қалай жаңылмай қайтып келеді?  (жердің магниттік өрісі көмектеседі)

12.Құмырсқа илеуі үстінде қараторғайдың секіріп жүргенін байқадым. Құмырсқалардың илеу үстінен қуғанымен жеп жатқан жоқ. Бір кезде қанатын жазып жіберіп 10 минуттай сонда отырды. Кейінірек илеу үстіне тағы  бірнеше құс отырды. Себебі? (құстар денесіндегі паразиттерден құтылады. Құмырсқалар құс денесіндегі паразиттерге арнайы сұйықтықты шашып, денедегі жәндіктерді жейді).

 

6-конкурс. «Қоқысты жел».

Бұл ойында жер бетінде ластайтын заттар туралы айтылады. Ең бірінші сұраққа – 5 балл, екіншіге 4 балл,үшіншіге 3балл, төртіншіге 2 балл, бесіншіге 1 балл қойылады.

Топқа тапсырма.

1-тапсырма.

1.Ол қалада көп, ауылда аз.

2.Әсіресе өндірістік аймақтары бар фабрика, зауыт, көліктер көп қалада бар

3.Одан адамдардың жүйке жүйесі шаршайды, ауырады қатты айқайлайды,бірақ ол одан ары күшейе береді

4.Оның дауысы түрлі құрылғылар мен көліктерден шығады.

5.Ол қоршаған ортаның ластануын тудырады. Егер ол көбейсе адамдарға кері әсерін тигізеді (шу)

2- тапсырма.

1.Оны құмнан жасайды

2.Көбіне ол мөлдір болып келеді.

3.Құлаған жағдайда сынып қалады.

4.Құрылыста, химиялық ыдыс жасауда кеңінен қолданылады

5.Құрамында шыны түзетін компоненттері бар

(әйнек, шыны)

3-тапсырма.

1.Одан көптеген ойыншықтар жасалынады.

2.Оның түстері өте көп және оны сындыру қиын.

3.Одан жасалынған заттардың салмағы аз.

4.Механикалық жағынан өте берік

5.Пластикалық материал

(пластмасса)

4-тапсырма.

1.Оны қытайлықтар ойлап тапқан.

2.Бізде оны ағаштан жасайды.

3.Ол тез жанып кетеді.

4.Одан көптеген қоқыс шығады

5.Оған сурет салады және жазады.

(қағаз)

5-тапсырма.

1.Ол заттар ескіргенде немесе бұзылған жағдайда қалады

2.Оны ауылдан, қаладан жол бойынан кез келген жерден көруге болады

3.Оны өткізіп, ол үшін ақша алуға болады

4.Оны жөндеп, жаңа зат жасауға болады.

5.Оның түстері көп және жөндеуге беріп, ақша алуға болады.

(металлолом)

6-тапсырма

1.Ол әрқашан қара түсті болады.

2.Ол өндірістік зауыт, фабрикасы көп қалаларда өте көп.

3.Ол өте зиянды.

4.Одан адамдар ауырады, ал киімді кір қылады.

5.Отын жанғанда пайда болады.

(күйе)

 

 

7-конкурс. «Қажетсіз заттардың екінші өмірі»

Әр команда (пластикалық бөтелке, бос тетрапакеттер, конфеттің қорапшаларынан) бір бұйым жасайды. Ол үшін (моншақтар, бисер, лента т.б заттар) қолдануға болады.

 

8-конкурс. «Құпиялы қорапша».

Үстел үстінде «құпиялы қорапша» тұр. Қорапша ішіндегі сұрақтарға дұрыс жауап беру қажет.

1.Хош иісті көп жылдық шөптесін өсімдік. Бұл майдың негізгі құрамы – ментол. Парфюмерия, косметика, тамақ өнеркәсібінде, тіс порошогі мен пастасын жасауда пайдаланылады. Жүрек, тамыр жүйесі ауруларына қарсы қолданылатын дәрі. Валидол осыдан алынады. Бұның дәрілік маңызы зор.  (жалбыз)

2.Өсімдіктердің топыраққа бекіп, су, қоректік зат сіңіруге көмектесетін вегетативті органы. Қоректік зат сол арқылы жиналады. Сол арқылы вегетативті көбейеді. Негізгі жанама қосалқы түрлері бар. (тамыр)

3.Құстардағы көркемдіктің төресі, хас сұлулық пен тәкаппарлықтың символы. Көптеген елдер бұл құсты патшалықтың, әулиеліктің белгісі ретінде құрметтейді. Отаны Оңтүстік Азияда барыс пен жылан сияқты қауіп-қатер жақындап келе жатқанда, ескерту беретіні үшін жоғары бағалайды.(тауыс)

4.Нью-Йорк зообағында таяқтан жасалған қоршауда жазу тұр: «Әлемдегі ең қауіпті аң». Қоршаудың ішінде не тұр деп ойлайсыз? (айна).

5.Мұнда ортағасырлық рыцарьлар кеудесіне тағып жүрген бойтұмар бар. Бұл бойтұмардың садақ оғы мен қылыштың жүзінен қорғайтын қасиеті бар деседі. Ертедегі философ ғалымдар болса бұны кесіп Жер формасының ұқсастығын түсіндірсе керек. Ал халық ғасырлар бойы мұның иісі аурудан сақтай ды деген түсінікті берік ұстаған? Мұнда не бар? (пияз).

6.Қорапта өсімдік тұқымы бар. Бұл өсімдіктің Отаны – Мексика. Академик Севергин 1874 жылы былай жазған екен: «Бұл өсімдіктің жараны жазатын тамаша қасиеті бар. Тотықұстың сүйікті асынан май алуға болады. Аздап қуырса, кофе иісі шығады». Бұл қандай өсімдік? (күнбағыс)

 

 

Қазылар алқасы сайыс-ойын қорытындысын шығарып жатқан кезде

тақырыптық бейнероликтерді назарларыңызға ұсынамыз.

 

 

Бағалау. Марапаттау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Экологиялық бумеранг" ойын сайысы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Агроном

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 277 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.11.2016 2887
    • DOCX 110.5 кбайт
    • 39 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сандыбаева Ләззат Туребекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сандыбаева Ләззат Туребекқызы
    Сандыбаева Ләззат Туребекқызы
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29221
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой