Инфоурок Другое Другие методич. материалыЭкономика негіздері пәнінен ашық сабақ үлгісі "Нарық және оның заңдарының қызмет етуі. Сұраныс, ұсыныс"

Экономика негіздері пәнінен ашық сабақ үлгісі "Нарық және оның заңдарының қызмет етуі. Сұраныс, ұсыныс"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Нарық және оның заңдарының қызмет етуі. Сұраныс, ұсыныс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сұраныс пен ұсыныстың нарықтағы орны  және заңдардың өндіру мен атқаруға ықпалы жайлы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: Студенттердің қосымша әдебиеттермен, дерек көздерімен ізденіс жұмыстарын жүргізулеріне және тақырыпты терең игерулеріне ықпал ету.

Тәрбиелік: Студенттерге сұраныс пен ұсыныс бүкіл экономикалық жүйенің ырғақты жұмыс жасауын көрсететін басты «тұтқа» екені туралы түсінік бере отырып, Қазақстанның экономикасын нығайтатын ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеу.

Сабақтың әдістемелік мақсаты: Ойын арқылы дамыта оқыту технологиясы      негізінде студенттердің білім дағдыларын қалыптастырып, іскерлігін дамыту.

Оқыту технологиясы: Ақпараттық коммуникациялық технология негізінде ойын арқылы дамыта оқыту технологиясы бойынша білім мен тәрбие процесін жетілдіру.

Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта, слайдтар, тірек-сызбалар, кесте, тест, дидактикалық тапсырмалар,

Сабақ типі: Дәстүрлі

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Баяндау, ойталқы, сұрақ – жауап, өздік жұмыс, іздендіру.

Көрнекі құралдар: тірек-сызба, кесте.

Пән аралық байланыс: тарих, математика, саясаттану.

 

Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

а) Студенттерді түгендеу, сабаққа назарын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

а) Тест тапсырмалары

ә) «Кім жылдам» сұрақтары

ІІІ. Негізгі  бөлім

 Жаңа тақырыпты түсіндіру.

ІҮ. Бекіту бөлімі

а) Миға шабуыл. «Иә немесе Жоқ» ойыны.

ә) Ой қозғау. Жағдаяттарды талқылау

б) Фемида. Жорамал диктант.

в) «Мені түсін»  ойыны.

г) Сыр сандық. Кестемен жұмыс.

Ү. Қорыту, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.   «Сұраныс пен ұсыныс теориясы – нарықты реттеудің негізі» тақырыбында баспасөз беттерінен материалдар жинақтау»

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

а) Амандасу, студенттерді түгендеу,   сабақтың мақсатын қою, сабаққа назар аударту, топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау                                          

                                            «Қайталау – оқу анасы

                                            Мақалдың ішіндегі данасы.

                                            Білімді берік игерсең

                                            Ешкімнің жоқ таласы»-дегендей сабағымызды үй тапсырмасын сұраудан бастайық. 

а)Тест тапсырмалары

Студенттерге 15 сұрақтан құралған тест тапсырмалары беріледі. Мақсаты: барлық студенттердің үй тапсырмасына дайындығын бір уақытта тексеру.

Сәйкестендіру : сол бағандағы терминдердің анықтамасын оң жақ бағаннан тап!

1

Экономика

а

Өндіріс құрал жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.

2

Экономикалық жүйе

б

Өзінің шаруашылық қызметін белгілі бір шекте ұстау.

3

Ашық жүйе

в

Қоғамдық шаруашылықтың даму заңдары жөніндегі ғылым.

4

Жабық жүйе

г

Бұл (тауар шаруашылығын айтуға болады) өзінің байланысын үнемі басқа өндірістік бірлестіктермен байланыстыра отырып кеңейтетін жүйе.

5

Меншік

д

Өндірісте тарату, алмастыру және материалдық, материалдық емес игіліктер және қызметтерді қалыптастыратын , шаруашылық қатынастары мен өзара байланысатын біріккен жиынтық болып табылады.

 

1.Меншік бұл

А) адамдардың өндірістік және өндірістік емес заттарды иемденуінің тарихи анықталған қоғамдық тәсілі;

В) Өндірістік құрал жабдықтардың қолданылуы;

С) Өндіріс пен қоғам арасындағы қатынас

Д) Өндіріс процесі нәтижесіндегі өнімге иелік ету

Е) Жеке және заңды тұлғалар арасындағы экономикалық қатынас

2. Экономистер үшін «меншік» түсінігі бұл

А) игіліктерді пайдалану, қолдану            В) игіліктерді иемдену                         С) игіліктерге билік ету         Д) табыс алу            Е) өнімін сақтау және ұлғайту

3. Жеке меншік бұл

А) кәсіпкерлікті ынталандыру  В) бәсекенің дамуы С) өз меншігін сақтау мен ұлғайтуға ынталандыру     Д) жеке табыс табу     Е) өндірістің тиімділігінің негізі

4. Конституцияда тікелей меншіктің ............ түрі аталады.

А)4     В)2    С) 7   Д) 3     Е)5

5) Қоғамдық меншіктің негізгі түрлеріне мыналар жатады:

А) мемлекеттік және муниципалдық         В) акционерлік және кооперативтік

С) мемлекеттік және акционерлік            Д) кооперативтік және акционерлік

Е) мемлекеттік және ортақ

6.Меншік құқығы – бұл.....

А)пайдалану құқығына тиісті;

В)иелену, билеу, пайдалану құқықтарының жиынтығы;

С)сатып алу мен пайдаланудың күрделі механизмі;

Д)иелену мен билік ету құқықтары;

Е)билік ету, пайдаланудың күрделі механизмі.

 7. Барлық мүліктерді меншіктену және шаруашылыққа пайдалану бойынша адамдар арасындағы шынайы қатынас бұл ...........меншік.

А) заңдық мағынада;

В)экономикалық мағынада;

С)тұрмыстық мағынада;

Д)әлеуметтік тұрғыда;

Е)саяси тұрғыда.

8.Меншіктің экономикалық қатынастарының бірыңғай жүйесі төмендегі қай элементті қоспайды?

А) өндіріс факторларын меншіктенуді;

В) материалдық және басқа құралдарды шаруашылыққа пайдалануды;

С)өндіріс нәтижелерін меншіктенуді;

Д) меншіктің экономикалық іске асуын;

Е)меншік құқығын бекітетін құқық ережелерін.

9. Қалдық сипаттағы құқық – бұл:

А) бұзылған меншік құқығын қалпына келтіру құқығы;

В)игіліктің пайдалы қасиеттерін өзі үшін қолдану құқығы;

С)игілікті пайдаланудың нәтижелерін иемдену құқығы;

Д)игілікті мұрагерлікке беру құқығы;

Е) дұрыс жауабы жоқ.

10. Пайдалану құқығы – бұл:

А)бұзылған меншік құқығын қалпына келтіру құқығы;

В) игіліктің пайдалы қасиеттерін өзі үшін қолдану құқығы;

С) игілікті пайдаланудың нәтижелерін иемдену құқығы;

Д) игілікті мұрагерлікке беру құқығы;

Е) дұрыс жауабы жоқ.

ә) «Кім жылдам» сұрақтары:

1.     Меншік дегеніміз не?

2.     Сізге меншіктің қандай түрлері белгілі.

3.     Жеке меншік дегенді қалай түсіндіресіз?

4.     Жекешелендіру дегеніміз не?

5.     Меншіктің құрылымы мен формалары дегеніміз не?

6.     ҚР-дағы меншік жүйесінің реформаларына тоқталыңыз

7.     Меншіктік қарым-қатынастарды атаңыз

8.     Жекешелендіру түрлері

 

Жоспары:

1.Сұраныс және ұсыныстың нарықтағы орны.

2. Нарықтық тепе-теңдік. Сұраныс және ұсыныс заңын өндіру мен атқаруға ықпалы.

 

Өндірісті  ұйымдастыру  кезеңінде  туатын негізгі мәселелер:

-         Нені өндіру қажет?

-         Қалай өндіру қажет?

-         Кім үшін өндіру қажет?

Бұл аталған мәселелер тауарларға сұраныс пен ұсыныстың тікелей әсер етуімен шешіледі.Осыған байлансты сұраныс пен ұсынысты талдау міндетті.

Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс  ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті  тауарлардың санасын құрайды.

Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға  төмендегенде  тұтынушы оны көп  мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.

Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс  заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 7.1. графиктегі  көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың  қисығы (Д).

Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

1.     Тұтынушылардың  табысы. Табыс өскен сайын  тұтынушылардың сұранысы да өседі.

2.     Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын  сұраныс та өседі.

3.     Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі  тауарлар)

4.     Бірін бірі  алмастыратын және бірін - бірі  толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі.

-       Егерде тауарлар бірін - бірі  толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі.

-       Егерде  тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың  ұлғаюына әкеледі.

5.     Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және топшылық жағдайдағы өзгерістер  бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.

 

7.1. графигі . Сұраныстың қисығы

7.2. графигі. Сұраныс қисығының жылжуы

    Р 

 

 

 

    Р1                         А

 

   Ро                                       В

                                                      D

 

 

 

 

      

                        Q 1        Qо              Q          

 

 Р

 

                                       

 

                                                       D1

                                               

                                                     D  

 

                                                 Do

 

                                                 

                                                         Q

Бағаның өзгеру әсерінен сұраныс көлемінің өзгеруі сұраныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді.

Бағасыз факторлардың әсері сұраныстың өзгеруіне әкеледі,ол қисық сыздықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға - жоғары (өсуі); солғатөменге (азаюы).

 

Ұсынысбұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс заңыбұл баға  мен сатылатын тауар  санының  арасындағы тікелей  қатынас, яғни тауардың  бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.

Ұсыныстың қисығыбұл  ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде  өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.

Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

1.     Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.

2.     Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.

3.     Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлардың бағасы.

4.     Келешекте инфляциялық және  тапшылық жағдайлардың  өзгерістерін күту.

5.     Бәсекенің деңгейі

6.     Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі – ұсыныстың өсуіне әкеледі.

7.     Ұсынысқа  өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді. Қысқа мерзім кезеңінде  өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды.

Графикке ұсыныс қисығын салғанда тікелей осьте тауардың бағасы (Р), көлденең осьте ұсыныстың көлемі (S). Қисық сызық шығып келе жатқан бағытта болады.

 

7.3. графигі. Ұсыныс қисығы

7.4. графигі.. Ұсыныс қисығының жылжуы

     Р                                            

 

                                              S

 

   Р1                                    A       

 

          B

  Р2 

 

 

 

                                  Q2       Q1       Q

 

Р                                             S1

 

                                                       S0           

                                                       

 

                                                          S2

 

 

 

 

                                                              

                                                      Q

 

Бағаның өзгеруінен ұсыныстың көлемінің өзгеруі  ұсыныс қисығының өз бойымен жылжуынан қөрінеді.

Бағасыз факторлардың әсері ұсыныстың өзгеруіне әкеледі: ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңғатөменге (өсуі),  солғажоғары (азаюы).

 

Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі. Нарықтағы тепе-теңдік жағдайы сұраныс пен ұсыныстың  теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.

Теңдік бағабұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс  қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға. Егерде нарықтық баға – Р1 теңдік бағадан - Ре төмен болса, нарықта тауардың  тапшылық жағдайы орнайды яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан                                      жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни                                      ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7.5. графигі. Нарықтағы тепетеңдік.

 

  Р                                            S

 

 

 

 Р2                      

                            Е

 PЕ

                                                    

 Р1                                              D

 

                                       

                          QЕ                Q

Мұнда:

Есұраныс пен ұсыныс  қисығының қиылысқан тепе-теңдік нүктесі;

Ре- теңдік баға;

Qе- теңдік көлем.

 

 

Бірінші жақтан, сұраныс пен ұсыныс арасындағы өзгерістермен екінші жақтан, теңдік баға мен тауардың теңдік көлемі арасындағы өзгерістер арқылы  төмендегі байланыстарды анықтауға болады:

 

Теңдік бағаның өзгеруі

Тауардың теңдік  көлемінің өзгеруі

Сұраныстың өсуі

Өсуіне

Өсуіне

Сұраныстың азаюы

Төмендеуіне

 Азаюына

Ұсыныстың азаюы

Өсуіне

Азаюына

Ұсыныстың өсуі

Төмендеуіне

Өсуіне

 

Сұраныс пен  ұсыныс көптеген факторлардан тәуелді және осы факторлардың өзгеруіне қарай олар да өзгереді. Икемділіктің мағынасы осындай өзара  өзгерістерден  туындайды.

Икемділік  - бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне  жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.

 

7.6 графигі. Икемді сұраныс. 

7.7. графигі.  Икемсіз сұраныс.

   Р

 

 

 

  Р1

 

  Р2

                                                           D

 

                                                                   

 

                      Q1                    Q2        Q

 

 

   Р

 

   Р1

 

 

                                                        

   Р2

                                               D

 

 

 

                            Q1         Q2       Q

 

ЕPD > 1, баға төмендеген сайын сату көлемі өзгереді, ал жалпы  түсім өседі.

ЕPD < 1, баға өскен сайын, сату  көлемі азаяды және жалпы түсім азаяды.

 

 

 

7.8.Графигі.   Бірлік икемділік.

7.9. Графигі.  Абсолютті икемді сұраныс.

   Р

 

 

   Р1

 

 

                                                        

   Р2

                                                                                         

                                                         D

 

                      Q1               Q2       Q

 

 

Р

 

                                      

 

 

 

P                                                 D

 

 

                                                                   

 

                 Q1                Q2          Q

 

ЕPD = 1, бағаның әрбір 1 % өзгеруіне сұраныс көлемінде 1 %  өзгереді, ал жалпы  түсім өзгермейді.

ЕPD = ∞,  баға өте аз көлемде өзгерсе де, сұраныстың көлемі шексіз көп өзгереді.

 

 

 

 

 

 

7.10 графигі. Абсолютті икемсіз сұраныс.

 

Р

 

                                 D

Р1                             

 

                                                        

Р2

                                                                   

 

                             Q                      Q

 

ЕPD = 0,  бұл баға көлемі өзгергенімен, сұраныстың көлемі өзгермейді.

 

Сұраныстың бағалық икемділігі –  тауар бағасының 1%  өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемнің осы тауар бағасының  өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады.

Q

                                                      ЕPD  =   ─────                           

  ∆  Р%;

Q

                                                      ЕPD  =   ─────                           

  ∆  Р%;

Q

                                                      ЕPD  =   ─────                           

  ∆  Р%;

Q

                                                      ЕPD  =   ─────                           

  ∆  Р%;

Q

                                                      ЕPD  =   ─────                           

  ∆  Р%;

Q

                                                      ЕPD  =   ─────                           

  ∆  Р%;

Q

                                                      ЕPD  =   ─────                           

  ∆  Р%;

Q

                                                      ЕPD  =   ─────                           

  ∆  Р%;

ЕPD  = Q%

          ∆ Р%

Мұнда ЕPDсұраныстың бағалық икемділігінің  коэффиценті;

          Q% - сұраныс көлемінің қатысты өзгеруі;

           Р% - бағаның қатысты өзгеруі;

Сұраныстың табыстық икемділігібұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінен көрсетеді. Бұл коэффициент  тауардың сапалылығын анықтайды.

 

ЕіD  = Q%

          ∆ I %

Мұнда: ЕіD – сұраныстың табыстық икемділігінің коэффициенті,

            Q % - сұраныстың  өзгеруі,

             І % - табыстың  өзгеруі.

-       Егерде ЕіD > О  бұл тауарлар сапасыз болады, себебі тұтынушының табысы өскен сайын  қарастырып отырған тауарға сұраныс азаяды.

-       ЕіD >О - әдеттегі қолдануға жарамды тауарлар.

-       Егерде О< ЕіD < 1 – бірінші қажеттіліктегі  тауарлар

-       ЕіD > 1 – қымбат жиһаздар, сән-салтанат тауарлары.

Көптеген тауарларға ЕіD – оң сан, бірақ та қайсы бір жағдайларда ол теріс санда болуы мүмкін яғни табыс өскен сайын сатып алынған игіліктердің саны  азаятын болса.

Бірін - бірі  алмастыратын және толықтыратын тауарлардың болғандығынан, бір  тауардың  бағасының өзгеруі екінші тауардың сұраныс  көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты  анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткіш қолданылады. Бұл көрсеткіш У тауарының бағасы 1% -ке өзгерген кезде Х тауарынан сұраныс көлемі қанша процентке  өзгеретінін көрсетеді және төмендегі  формула арқылы есептеледі:

ЕхуД =   Qх%

            ∆  Ру%

 

Мұнда: ЕхуД – қиылысқан икемділік коэффициенті;

              ∆ Qх% - Х тауарына  сұранысына қатысты өзгеруі;

              ∆ Ру% - У тауар бағасының өзгеруі.

-       Егерде қиылысқан икемділік  коэффициенті оң сан болса, ЕхуД  > О, онда Х және У тауарлары бірін - бірі алмастыратын тауарлар.

-       Егер  ЕхуД <  О теріс сан болса, онда бірін  - бірі  толықтыратын тауарлар.

-       ЕхуД = О онда Х және У біріне - бірі қатысы жоқ тауарлар болып анықталады.

Ұсыныстың икемділігі – бұл  бағаның 1% -ке өзгеруі ұсыныс  көлемінің қанша %-ке  өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш.

 

ЕРS =    Qх%

            Ру%

Мұнда: Ер S  - ұсыныстың икемділігі,

             Q% - ұсыныстың көлемінің қатысты өзгеруі

             Р% - бағаның қатысты өзгеруі.

 

 

7.11. график. Икемді  ұсыныс.

7.12. график. Икемсіз ұсыныс.

   Р

 

                                                        S

 

   Р1

 

                                                      

   Р2

     

                                                             

 

                  Q2                      Q1         Q

 

 

      Р

      Р1                              S

 

 

 

 

     Р2

 

 

 

                  

                      Q2       Q1                  Q

 

Егер ЕРS >1, ұсыныс  икемді. >>

Егер ЕРS <1, ұсыныс  икемсіз.

 

График 7.13. Бірлік икемді  ұсыныс

 

 

   Р

                                                   S

   Р1                                         

 

 

   Р2

                                                                   

 

 

    

                      Q2          Q1               Q

Егер ЕРS = 1, ұсыныстың икемділігі бірлік деп аталады.

 

7.14. г   рафик. Абсолюттік икемсіз ұсыныс

7.15. график. Абсолюттік икемді ұсыныс

    Р                                    S

 

    Р1   

                         

                                                        

    Р2

                                                                   

 

 

 

                                                       Q

 

  Р

                                     

                                                S

  P

 

 

                                                                   

 

 

               Q1                   Q2         Q

 

ЕРS =0, бұл жағдайда бағаның өзгеруі ұсынысқа әсер етпейді.

ЕРS = ∞, баға көлемі өзгергенімен, ұсыныстың көлемі өзгермейді.

 

 

 

Негізгі түсініктер мен терминдер

 

Икемділік

Қиылысқан икемділік

Сұраныс

Сұраныстың   бағалық икемділігі

Сұраныстың заңы

Сұраныстың қисығы

Сұраныстың табыстық икемділігі

Ұсыныс

Ұсыныстың заңы

Ұсыныстың икемділігі

Ұсыныстың қисығы

 

 

ІҮ. Бекіту бөлімі

а) Миға шабуыл. «Иә немесе Жоқ» ойыны.

«Иә» немесе «Жоқ» ойыны                   «Иә»-   

 

                                                                   «Жоқ» -              

 

1.     Ұсыныс қисығының оңға қарай жылжуы, өндірушілердің осы жеке бағамен тауар санын көбірек ұсынатынын білдіреді.

2.     Өндіріс технологиясының жетілуі тауар ұсынысы қисығының оңға қарай жылжуына әкеледі.

3.     Ұсыныс заңы, өндірістің кеңеюі, басқа шарттар тең болған жағдайда , өндірілетін өнім бағасының көтерілуі кезінде ғана пайдалы болатындығын білдіреді.

4.     Сұраныс -еркін нарық болып табылады және тепе-теңдік бағаны дайындайды.

5.     Нарықта болатын, ақшамен қамтамасыз етілетін қажеттіліктердің көріну нысаны ұсыныс деп аталады.

6.     Ең алдымен адам іс-әрекетінің өнімі тауар болып табылады.

7.     Икемділік – бір айныманың екінші айныманың өзгеруіне пайыздық өзгерістің қатынасы ретінде көрінеді.

8.     Қой еті мен шошқа етіне бағаның төмендеуі – сиыр етін көбейтеді.

9.     Икемділік –өндірілген тауарлардың ассартименті.

10.  Нарықтық сұраныс толып жатқан факторлардың әсері арқылы қалыптасады.

 

ә) Ой қозғау. Жағдаяттарды талқылау

Сендерге қазір бірнеше жағдаяттар беріледі соны топпен бірлесе отырып, шешімін табуларың керек.

 

б) Фемида. Жорамал диктант.

..................бүкіл экономикалық жүйенің ырғақты жұмыс жасауын көрсететін басты «тұтқа» болып табылады. Сұраныс – төлем  қабілеті бар ................ Нарықтық баға мен өндірушілердің ұсынғысы келетін тауарлар санының арасында .............................. деп аталатын белгілі бір арақатынас болады. ......................дегеніміз – бір айныманың екінші айныманың өзгеруіне пайыздық өзгерістің қатынасы ретінде көріну реакциясы. Бәсеке нарықта................. «Е» нүктесінде болады. Икемділік көрсеткішін экономикалық талдауға ..................... енгізген болатын. Ауытқуларды тіркейтін –........................ болып табылады.

 

Икемділік, қажеттілік,  ұсыныс қисығының сызығы, баға тепе-теңдігі,  А.Маршалл,   нарықтық баға,   Сұраныс  пен ұсыныс.

 

в) «Мені түсін»  ойыны.

Терминдік сөздер жазылған карточкалар таратылады.  Әр  студент өз карточкасындағы сөздің мағынасын түсіндіріп беру керек. Қалған оқушылар мағынасына қарап, не туралы айтылғанын табу керек.

Нарық. Сұраныс. Ұсыныс. Сұраныс заңы. Ұсыныс заңы.  Нарық тепе-теңдігі. Сұраныс қисығы.   Ұсыныс қисығы.

 

 

 

г) Сыр сандық. Кестемен жұмыс.

Үш топқада бірдей екі тапсырма беріледі жылдамдық танытып, әрі дұрыс шешімін тапқан топ алға шығады.

 

 

 

1-тапсырма.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2- тапсырма.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Ү. Қорыту, бағалау

Оқытушы сабақты қорытындылап, топ басшылары өз топтарын бағалайды.

ҮІ. Үйге тапсырма.  «Сұраныс пен ұсыныс теориясы – нарықты реттеудің негізі» тақырыбында баспасөз беттерінен материалдар жинақтау»

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Жолдасова Г.А. Экономика негіздері. Астана: Фолиант 2008ж.84-93бб.

2.     Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Жалпы экономикалық  теория. Ақтөбе «А-Полиграфия» 2004 ж. 313-324бб.

3.     Я.Ә. Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П. Табеев. Экономикалық теория. Алматы 1999 ж.65-76бб.

4.     Н.Әпсәләмов, ҚтИсабеков. Ө. Сұлтанов. Экономикалық теория негіздері.

Алматы-1999ж. 81-101бб.

5.     В. Крымова. Экономикалық теория. Кестелі оқу құралы. Алматы-2003 ж.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Экономика негіздері пәнінен ашық сабақ үлгісі "Нарық және оның заңдарының қызмет етуі. Сұраныс, ұсыныс""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Өндірісті ұйымдастыру кезеңінде туатын негізгі мәселелер:

  • Нені өндіру қажет?
  • Қалай өндіру қажет?
  • Кім үшін өндіру қажет?

Бұл аталған мәселелер тауарларға сұраныс пен ұсыныстың тікелей әсер етуімен шешіледі.Осыған байлансты сұраныс пен ұсынысты талдау міндетті.

Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті тауарлардың санасын құрайды.

Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.

Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 7.1. графиктегі көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (Д).

Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

  • Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.
  • Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.
  • Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)
  • Бірін бірі алмастыратын және бірін - бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі.
  • Егерде тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі.
  • Егерде тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі.
  • Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс заңы – бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.

    Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.

    Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

    1. Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.

    2. Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.

    3. Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлардың бағасы.

    4. Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлардың өзгерістерін күту.

    5. Бәсекенің деңгейі

    6. Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі – ұсыныстың өсуіне әкеледі.

  • Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі. Нарықтағы тепе-теңдік жағдайы сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.

    Теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға. Егерде нарықтық баға – Р1 теңдік бағадан - Ре төмен болса, нарықта тауардың тапшылық жағдайы орнайды яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 258 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.12.2017 4516
    • DOCX 93 кбайт
    • 17 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сагимбеков Нуржан Ашимович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сагимбеков Нуржан Ашимович
    Сагимбеков Нуржан Ашимович
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25247
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек