Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / "Экономика және қаржылық" 7сынып

"Экономика және қаржылық" 7сынып

  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ баршаға тиімді


Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті (ҚР ҰБ АӨҚОДК) Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде мақалалар тобын жариялауды жалғастырады.
Бүгінгі таңда әрбір қазақстандық қалай болғанда да, қаржылық институттармен (банктермен, сақтандыру ұйымдарымен және т.б.) кездеседі, бірақ өкінішке қарай, олардың біразы ғана осы институттардың көрсететін қаржылық қызметтері туралы жақсы біледі. Ел азаматтарының басым көпшілігінде қаржылық сауаттылық негіздерінің болмауы тұтынушылық және ипотекалық кредиттерді алу, сондай-ақ барынша ұтымды қаржы өнімдерін таңдау кезінде қиындықтар туындатады.

 


Азаматтардың қаржы мәселелеріндегі сауаттылығы бизнес тұрғысынан қарасақ та, сол сияқты азаматтар тарапынан алсақ та, салықтарды төлеу мәдениетін және әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға ықпал ететіндіктен бүкіл ел үшін елеулі экономикалық әсерге ие. Сонымен қоса, қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру жөніндегі тиімді саясат, жалпы алғанда, кедейшілік деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді. 
Халықтың қаржылық сауаттылығының жеткіліксіз деңгейі әлеуетті тұтынушылардың қолда бар қаржылық қызметтердің түрлерін түсінбеуі және осының салдарынан толық көлемде қабылдамауы тұрғысынан елдің қаржы нарығын толыққанды дамытуға кедергі келтіретін негізгі факторлардың біріне жатады. Сақтандыру және зейнетақы секторлары көрсететін қызметтерге (жазатайым жағдайлардан сақтандыру, аннуитеттік сақтандыру, ерікті зейнетақы аударымдары) халықты қатыстырудың төмен деңгейі осыған дәлел бола алады. 
Бүгінгі күні Қазақстан азаматтарының едәуір бөлігі қаржы құралдары мен қызметтерін өз капиталын көбейтудің тиімді тәсілдерінің бірі ретінде қарастырмайды. Қаржылық қызметтерді тұтыну, негізінен, өздерінің тұтынушылық мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін кредит алуға байланысты мәжбүрлі шара болып табылады. Халықтың едәуір бөлігінің жеке инвестор үшін қор нарығы ұсынатын мүмкіндіктер туралы нақты түсінігі жоқ. 
Сондықтан мемлекет қаржылық мәдениетті насихаттау және қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша кешенді шараларды іске асырып отыр. Ұлттық банк қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында телевидение, радио, Интернет және баспа БАҚ арқылы біздің республикамыздың барлық азаматтарына арналған білім беру жобаларын іске асырып отыр. 
Жергілікті атқару органдары мен Ұлттық банк облыстық филиалдары бірлесе отырып, облыстарда және Алматы мен Астана қалаларында ақпараттық-білім беру семинарларын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Аталған семинарлар барысында оқыту түріндегі бейнематериалдар көрсетіледі, халықтың қор нарығына шығу мүмкіндіктеріне қатысты мәселелер баяндалады. Бұл семинарларға мемлекеттік қызметшілер, өңірлік БАҚ өкілдері және т.б. қатысып жүр. 
www.fingramota.kz арнайы оқыту веб-порталы жұмыс істеуде. Сайтта тұрақты түрде жаңалықтар, эксклюзивті оқыту мақалалары және қызметтер мен өнімдер, қаржы нарықтары бойынша шолулар жарияланып отырады. Интерактивті оқытуды дамыту мақсатында онлайн-консультациялар және интерактивті сұраулар, конференциялар, форумдар, сондай-ақ веб-сайттың барлық кірушілеріне әлеуметтік тор қолжетімді, ол тіркелген тұтынушыларға әртүрлі қаржылық тақырыптарда өзара қарым-қатынас мүмкіндігін береді.
Мектеп табалдырығынан бастап қаржылық сауаттылық негіздерін оқыту халықтың қаржылық сауаттылығының деңгейін арттыру мәселесіндегі маңызды жағдай болып табылады. Мәселен, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі орта мектептің 9-сынып оқушыларына және мұғалімдеріне арналған “Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері” деген әдістемелік құрал әзірлеп шығарды және 2012 жылы жалпы білім беретін мектептің мұғалімдері мен оқушыларына (10-11 сыныптар) арналған әдістемелік құралдардың кезекті санын ұйымдастырды. Осыдан бұрын орта мектептерде 5, 6, 7 және 8-сыныптардың оқушылары мен ұстаздарына арналған “Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері” деген әдістемелік құрал шығарылып, енгізілген болатын. 
Сондай-ақ “Дружные ребята” және “Ұлан” газеттерінде қаржы тақырыбы бойынша балаларға арналған қосымшаларды мемлекеттік тілде және орыс тілінде әзірлеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Аталған қосымшалардың беттерінде нарықтық экономиканың негізгі ұғымдарын оқыту, қаржы құралдары туралы ақпарат беру, сондай-ақ мектеп оқушыларының жеке ақшасын басқаруға қызығушылығын қалыптастыру көзделетін, мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға арналған оқыту материалдары жарияланып жүр. Материалдар балаларға түсінікті болу үшін ойын түрінде берілген, ал жас оқырмандардың ересек қаржы әлеміне саяхатын ұйымдастыратын тұрақты басты кейіпкерлер – бала Тиынбек, қыз Тиынтай және қаржы тақырыбындағы білімі терең Теңгегүл. Сондайақ балалардың қаржылық сауаттылығын арттыруға “Қаржыгер есеп кітапшасы” және “Ойынпаздар отауы” сияқты түрлі түсті иллюстрацияланған қосымшалар да көмектеседі. 
Сонымен бірге, жыл сайын жаңа жобалар әзірленуде, халықаралық тәжірибе зерттелуде, бірлескен жұмысқа мемлекеттік органдар, қаржылық институттар, БАҚ және басқа да ұйымдар тартылуда.
Мемлекет экономикасының және жалпы қоғам дамуындағы халықтың қаржы сауаттылығының жоғары маңыздылығын есепке ала отырып, бұл бағыттағы жұмыс ұзақмерзімді сипатқа ие және тұрақты түрде Ұлттық банкпен өткізіледі.

Қаржы сауаттылық

Бүгінгі күні «қаржылық сауаттылық» түсінігі саяси, географиялық және әлеуметтік–экономикалық шектерден де тыс қолданылады, ал халықты қаржылық ағарту қажеттілігі геометриялық прогрессиямен өсіп келеді.

Халықаралық қаржылық нарықтардағы тұрақсыздық халық үшін қаржылық сауаттылықтың қажеттілігі мен маңыздылығын тағы бір рет дәлелдеді. Қаржылық дағдарыс қарсаңында халықты ипотекалық несиелендіру қарқынды жүріп жатты. Көптеген адамдар аз білгендіктен және қандай да бір қаржылық құралдарды және оларды пайдалануға байланысты тәуекел дәрежесіне дұрыс баға бермеуі себебінен өздеріне шамадан тыс міндеттемелер жүктеді. Осы жағдайлардың салдарынан қаржылық жетіспеушіліктер пайда болды.

Халықтың инвестициялық сауатының деңгейі төмен болуы себебінен жеке қаржылық құралдар мен қаржылық нарықтың сегменттері нашар дамуда. Институтционалды көзқараспен қарағанда қаржылық сауаттылық құрылымдық құрал болып табылады. Ол экономикалық саясатты тұрақтандыра түсуге және оны демеуге мүмкіндік береді, өйткені мемлекет қолданған шараны халық айқын түсінетін болады. Оған қоса, қаржылық сауаттылық қаржылық нарықтың дұрыс дамуының кепілі бола отырып және сол себептен қаржылық тұрақсыздықтың алғышарттарының пайда болуына жол бермей, қаржылық нарықтың тұрақты қызмет етуіне әсер етеді.

Сондықтан халықтың қаржылық сауатының деңгейін жоғарлату мәселесі макроэкономикалық көзқарастан да маңызды болып табылады. Қаржылық білімді ұштай түсу керек екендігін сезінудің өзі жаңа глобальді экономика құрудағы талаптардың бірі болып табылады.

Микроэкономикалық деңгейде қаржылық сауаттылық адамдарға ақшаға деген көзқарасын өзгертуге, оларды басқаруға, болашақ туралы ойлануға, өзінің өмірлік циклінің қажеттіліктерін жоспарлауға көмектеседі.Қаржылай жетістікті қоғамды үш фактор арқылы анықтауға болады.

Бірішні фактор – бұл халықтың қаржылық құралдарды пайдалану бойынша және қаржылық институттардың жұмысы туралы тәжірибесі мен білімінің болуы, сонымен қатар қаржылық үрдістерді және олармен байланысты тәуекелді түсінуі.

Екінші фактор – бұл халықтың түрлі қаржылық институттармен өзара әрекеттесе алуы. Бұл қажетті ақпарат көзін таба алу, өзінің құқықтары мен міндеттерін білу, сонымен қатар өзінің мүддесін қорғай білу деген сөз. Үшінші фактор – бұл азаматтардың экономикалық ойлауының және салмақты қорытынды жасау қабілетінің дамуы, сонымен қатар өзінің жеке қаражаты мен жалпы экономика арасындағы өзара қатынас туралы түсінігінің дамуы. Мұнда қаржылық сауатты адам қате қаржылық әрекеттер жасаудан аулақ екенін, сонымен қатар қаржылық алаяқтықтан да анағұрлым сақтанды болатынын ескерте кеткен жөн.


Экономика деген не?


Экономиканы табиғатпен салыстыруға болады. Экономика да, табиғат та объективті. Экономика заңдары, табиғат заңдары сияқты объективтіксипат алады. Егер табиғатты түсінбесек, табиғат байлығын игере алмаймыз. Экономика да солай. Егер экономиканы жақсы білсек, ол бізге байлық, пайда әкеледі.
Экономика – бұл үй шаруашылығын басқару өнері дегенді білдіретін көне грек сөзі, өте қарапайым түрде айтатын болсақ, экономика дегеніміз - өзіміздің тұрмысымыз.
Базарға шыққанда сіз кімнің тауарын аласыз, кімге сатасыз, қанша аласыз, бәрін есептеу – экономика. Мамандық тандар кезде сіз ойланасыз, қай мамандық қөғамға көбірек керек, қай мамандық халыққа көбірек қажет – сіз она да есептейсіз, күнделікті өмірде қандай мамандарға сұраныс көп, дәрігер ме, экономист пе; заңгер ме, оқытушы ма, инженер ме – мұны білу де – экономика, яғни экономиканы білмесек, тұрмысымыз төмендей береді.
Экономика сіз өмірге келген күннен баста ақ сіздің өміріңізге араласа бастайды. Жігіт үйленеді, қыз тұрмысқа шығады, кішкентай мемлекет пайда болады. Ал кішкентай мемлекетіңіздің шаруашылығын басқару үлкен өнер. Сонымен сіздің күнделікті тұрмысыңыздың бәрі экономикадан тұрады. Шет елдерде жастар үйленген кезде некелік контракт жасайды. Кәдімгі екі мемлекет сияқты. Ол контрактіде көп мәселе қаралады. Болашағымыз бала десек, сол некелік контрактіде баланың болашағына дейін ойластырылған. Біздің елде бұл жоқ. Яғни ұрпаққа нені қалдырымын, ұрпағым нені жалғастырады деп ойлау да-экономика.
Ал ұрпақ үшін күрес, ұрпақ үшін еңбек ету, өмір сүру ол да экономика, себебі сіз баланы жеткізу үшін, аяғынан тұрғызу үшін, көп нәрсені есептейсіз, сіз ауырмауды ойлайсыз, шаршамауда ойлайсыз, бала үшін өзіңіздің күшті болуыңызды ойлайсыз, сонымен өзіңізді ойлау, денсаулығыңызды ойлау – бәрі де экономика.
Тағы да қысқа айтар болсақ, экономика байлыққа, бақытқа, таныштыққа барар жол.






































Тақырыбы: Экономика пәнін оқыту ерекшелігі.

Мақсаты: Экономикалық білім мен тәрбие беру және 

кәсіпкерлік негіздерін үйренумен қатар қаржылық 

сауаттылықты меңгерту.


Қазақстан Республикасындағы экономика жаңа қатынастардың сапалы экономикалық жүйесінде болуын талап етеді және оған сай экономикалық, рыноктік ой қорларының мол болуын қамтиды.

Нарықтық экономика біздің бәрімізге қатал талап қойып отыр. Әр адам өмір сүруі үшін, осы нарықтық қатынастардың қатал заңымен жүріп, одан нақты әрі нәтижелі істі қажет етеді. Ендігі уақыт адамның бос жүрісі мен енжар жалқаулығын көтермейді.

Өскелең ұрпақтың заман талабына сай ой-өрісін кеңейтумен қатар, қазіргі демократиялық қоғам идеясы мен жаңа қағидаларға сүйеніп, ұлттық және әлемдік экономикалық ойларға бағытталуы қажет.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын нақты сипаттайтын болғандықтан және біз өмір сүретін қоғам болғандықтан, біздің ешқайсымыз да экономиканы өмірден бөліп қарап немесе экономикалық білімсіз өмір сүре алмаймыз.

Халықаралық экономикалық қатынастардың қалыптасқан және неғұрлым дамыған формасы – халықаралық сауда болғандықтан, сыртқы сауданың негіздерін игеру қажет. Ол үшін экономикасы дамыған, бәсекеге қабілетті елдердің күн сайынғы әлемдік экономика жаңалықтарынан хабардар болып отырамыз.

Экономиканың басты бейнесі – адам болып табылады. Экономика мен қаржылық сауаттылықты білу арқылы адамның жеке тұлғасы (еңбексүйгіштік, жауапкершілік, орындаушылық, үнемшілдік, белсенділік, іскерлік, тәртіптілік) дамиды. Сондай-ақ, экономикалық білім саласында адам өмірден өз орнын табуға, шешім қабылдауға, әл-ауқатын жақсартуға жағдай жасауға бағытталып отырады.

Кәсіби бағдар мен экономикалық мәдениетті қалыптастыруда адам белгілі бір еңбек, іс-әрекетті санасына ендіруге ұмтылу болып табылады.

Тәрбиелік міндеттері: өз қабілетін бағалау арқылы түрлі кәсіби мамандықтарға қызығушылықтарын қалыптастыру: адам еңбек пен материалдық және рухани құндылықтарды жасайды, сонымен бірге өзі де жетіледі; көздеген мақсатқа жетудегі тұрақтылық, шыдамдылықты дамыту; экономикалық білім негіздеріне жетудегі ұмтылысты дамыту, т.б.


І. Экономика пәнін оқыту ерекшелігі.


Экономика деген сөз алғашқы ұғымында «отбасы шаруашылығын» білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде, қоғамдық өндірістің жүйесі деп білеміз. Өндіріс – қоғамның өмір сүруіне және дамуына қажетті. Өндіргіш күш – өндірістің жетекші саласы. Бұл қоғамның табиғатқа қатынасын көрсетеді. Әрбір адам көп қырлы экономикалық қатынас арқылы басқалармен байланыста болады. Адам өнім шығарады, жалақы алады, меншік иесі болады, сатушы және сатып алушы ретінде қызмет атқарады. Адамның пайда табуға, оны иеленуге құқығы бар. Ол қандай кедей болса да бір нәрсені иеленеді, оны құрметтейді, қорғайды. Адам жеке меншігі – оның үй-мүлкі, киім-кешегі, көлігі, саяжайы, т.б. Адам қай заманда болсын өз өмірінен экономика белгілерін табады, яғни күн сайын ұшырасады. Мысалы, үстіңіздегі киім, таңертеңгі асыңыз, үй жанындағы дүкен, т.б.

Қазіргі нарық заман тұсында мектеп қабырғасында оқып жүрген өскелең ұрпаққа көптеген жаңа пәндер келіп қосылуда. Соның бірі – экономика сабағы балаларға өте қажет-ақ. Шет мемлекеттерде экономика негіздері балабақшадан бастау алса, елімізде бастауыш сыныптардан бастап дамып келеді. Астана, Ақтау қалаларында экономикалық лицейлер ашылып, тереңдетіліп білім беруде. Экономика білім саласы қазіргі таңдағы жаңалықтармен, дүниежүзілік ақпарат көздерімен тығыз байланыста болғандықтан, бұл пәнге балалардың өз қызығушылығы, ынта-жігері көптеп табылуда. Үш тілді еркін меңгерудегі термин сөздерді біліп-тану олардың экономикалық білімін шыңдаумен қоса, ЖОО-да оқуына жол ашады. Бұл пәннің тағы бір ерекшелігі – адамзат дамуы үшін, белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін, өзінің ішкі қабілеттерін дамытуы керек десек, ол жас бүлдіршіндерді экономикалық ойлаумен қатар, қоғамға араласуға, табиғи дарындылықпен қатар, тез шешім қабылдап, ойлау қабілетін дамытуға және бизнес этикасы мен табысты бизнес қадамдарын жасауға үлес қосады.

Еліміздегі экономика пәнінің мақсаты – жастарды болашақта лайықты өмір деңгейіне көтерілу үшін бизнес пен экономикаға үйрету, жеке кәсіпкерлікті бағалауға ынталандыру мен нарықты зерттеу. Балалардың лидерлік қабілетін дамытуға, іскерлікке, жауапкершілікке, өз қаражатын білуіне немесе қаржылық есепті меңгеру ісінде сауаттылығын дамытуға да пайдасы зор. Жалпы алғанда экономика сабағы тарих, құқық негіздері, математика, география, бейнелеу өнері, еңбек пәндерімен тығыз байланысты.

Экономикалық тәрбие – бұл оқушының экономикалық санасын қалыптастыруға бағытталған арнайы ұйымдастырылған педагогикалық әрекет. Бұл салада тәрбиелік жұмыстар бекітіліп, сол арқылы қызықты да мазмұнды іс-шаралар өтуде. Олар: «Дүниенің кілті – экономикада» плакаттар сайысы, «Жарнамалық агенттік», «Жұмыссыздық» рөлдік ойындар, бизнес, банк, базар сияқты іскерлік, танымдық, логикалық ойындар, нарық саласында жазылған эссе, өлеңдер, жыл сайынғы Елбасының халыққа арнаған Жолдауын (экономика бойынша) насихаттау мен таныстыру, кәсіпкер, банк қызметкерлерімен кездесулер, шағын мектеп компания жұмыстары мен бизнес хабарлар және капитал әліппесі.

Қосымша мәліметтер бойынша айтсақ, заңға қайшы келетін экономикалық қылмыс түріндегі «сыбайлас жемқорлық» тақырыбы да жоғарғы сынып оқушылары арасында қарастырылып, елімізде парасатты экономика саясатын жүргізуде өз ойларын ашық түрде айта алады. Осындай мәселені көтеру арқылы елімізде келешек жастарды үлкен өмір жолында әділ де шыншыл, иманды да қарапайым, ар-ұяты таза, дұрыс өмір сүру деңгейіне көтереді. Экономикасы дамыған, бәсекеге қабілетті дамушы елдерде мұндай көлеңкелі мәселені ертеректе қолға алып, қазір де аз пайыздық мөлшерде ғана көрсеткіш береді. 

Қазақстан Республикасында 1995 жылдан «Жастар жетістігі – Junior Achivement» (ЖЖ) қоғамдық қоры – балалар мен жастарға экономикалық білім беру барысында орталықтарда жұмыс атқарады. Астанадан бастау алып, еліміздің көптеген облыстарында Білім және ғылым министрлігі бекіткен педагогикалық нұсқаудағы бағдарламалар нәтижелі көрсеткіштер беруде. Бұл орталықтар ұйымдастыруымен жыл сайын жоғарғы сынып оқушыларына экономикалық олимпиадалар, сайыс жарыстары, кездесулер, көрмелік өнім жәрмеңкелерін, ал пән мұғалімдеріне арнаулы семинар-тренингтер мен ашық сабақтар беріледі. Осы орайда Қызылорда қаласындағы «Жастар жетістігі» қоғамдық қорының басшысы Алишева Светлана Серікбайқызының қолдауымен экономика курсының маңыздылығы жүзеге асуда. 

Алдағы кезең – оның жұмысын жандандыратын, қатарын молайтатын шақ. Бүгінгі білім беру ісінде бағдарлы оқытудың маңыздылығы ерекше десек, осы орайда экономикалық білім мен бизнестің алғашқы баспалдағы кәсіпкерлік негіздерін үйренудегі өзіндік үлесі болары сөзсіз.


Экономика сабағындағы тірек-сызбалар мен кестелер оқушының жауап парағы арқылы есте сақтау қабілеті мен көзбен көру бейнелік жағын қалыптастырады.



Мемлекеттік бюджет дефициті

шығыс бөлігінің кіріс бөлігінен асып кету шамасы




Себептері


Эканомиканың дағдарыс жағдайында кірістің күрт азаюы

Эканомиканың тасадағы секторының бел алуы


Акциздік салықтардың азаюы


Бюджеттік шығынның көбеюі






Сұраныстың өсуі, яғни тұтынушылардың кез-келген мүмкін баға кезінде тауарларды көбірек сатып алу жөніндегі шешімі мынадан туындай алады:


Сұраныстың азаюы, яғни тұтынушылардың кез-келген мүмкін баға кезінде тауарда аз сатып алу жөніндегі шешімі мынадан туындай алады:


1) Нарықта сатып алушылардың көбеюінен


1) нарықта сатып алушылардың санының азаюынан


2) Тұтынушылардың табысының көбеюінен


2) Тұтынушылардың табысының азаюынан (қалыпты тауарлар бойынша)


3) Тұтынушылардың табысының азаюынан (төменгі тауарлар бойынша)


3) Тұтынушылардың табысының көбеюінен (төменгі тауарлар бойынша)


4) Тұтынушылардың талғамындағы және ілтипат берулеріндегі оң өзгерістерден


4) Тұтынушылардың талғамындағы және ілтипат берулеріндегі теріс өзгерістерден


5) Тауар-субститут бағасының қымбаттауынан


5) Тауар-субститут бағасының арзандауынан


6) Тауар-комплемент бағасының арзандауынан


6) Тауар-комплемент бағасының қымбаттауынан


7) Баға және табыс өседі деп күткендіктен


7) Баға және табыс төмендейді деп күткендіктен











Ұсыныстың көбеюі

яғни сатушылардың кез келген ықтимал баға жағдайында тауарды көбірек шығару шешімі мынадан туындауы мүмкін:


Ұсыныстың азаюы

яғни сатушылардың кез келген ықтимал баға жағдайында тауарды азырақ шығару шешімі мынадан туындауы мүмкін:


1) ресурс құнының арзандауынан;


1) басқа тауарлар бағасының өсуінен;


2) технологиялардың жақсаруынан;


2) ресурс құнының артуынан;


3) салықтың азаюынан;


3) тозған, ескірген құрал-жабдықты пайдаланудан;


4) дотация берілуден;


4) салықтың көбеюінен;


5) нарықта сатушылар санының көбеюінен;


5) нарықта сатушылар санының азаюынан;


6) оң жағымды күтулерден (қолайлы болжам)


6) теріс жағымсыз күтулерден (қолайсыз болжам)























Ұлттық валютаның қалыптасуы мен дамуы


I. Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының қалыптасуы мен дамуы.
1.1. Ұлттық валютаның қалыптасуы мен дамуы (тарихи аспектілері).
1.2. Қазақстан Республикасының влюталық жүйесі және валюталық бақылау, валюталық бақылаудың негізгі принциптері.

ІІ. Қазақстан Республикасы валютасының перспективалары.
2.1. Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану.
2.2. Халықаралық деңгей.

ІІІ. Валюта қатынастарын нарықтык, және мемлекеттік реттеу. Валюталық саясаты.

Корытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

1993 жылдың наурызында «Қазақстан Республикасын Ұлттық Банкі» туралы жаңа Заңы қабылданды. Соған сәйкес ҚР-ның Ұлттық Банкінің басқару қүрылымдары терең өзгерістерге үшырады. Сонымен, Қазақстанда Ұлттық Банк заңды түрде танылды, ал шын мәнісінде ол 1992 жылдың бас кезеңінен нақты жүмыс істей бастаған болатын. Ұлттық банк жаңа заңға сәйкес жаңа басқарма сайлады, оның қүрамына Президент әкімшілігінен, Парламент аппаратынан, Үкімет пен Қаржы министрлігінен өкілдер кірді.

Өз ұлттық валютамызды еңгізу қажеттігі 1991 жылдың аяқ шені мен 1992 жылдың бас кезінде айқын болды. Валютамыздың күрделі процесі ақша реформасымен түспа-түс келіп жоне мән-жайы белгілі бір қиындық туғызды. Оның үстіне ақша реформасы өз ақшасы, өз валютасы бар жерде жүргізілетіні белгілі ғой.

Сонымен бірге, алтынның, күмістің және басқа да асыл металдардың жеке меншік банктер мен жеке тұлғаларға жылыстауы туралы қауіптер Мәскеудегі Орталық, Ұлттық, Резервтік және басқа да мемлекеттік банктерді орағыта алтын қүймалық жинақтамалардың даму үрдесін ескере отырып, орын алды. Осы жағдайда республикамызда Жоғарғы Кеңес төралқасы мен сессисының шешімін шапшандатқаннан басқа амал қалмады. 1991 жылдан 1993 жылдың бас кезіне дейін 1 доллардың шамамен 100 рубльге ара қатынасы 1 доллар 980-990 рубль ара-қатынасына дейін көтерілді. Уақыт өтіп жатты және жорамалданған 1 теңге — 1000 рубль арақатынасы туралы айтуға тура келді…

Оз ұлттық валютасын еңгізген және бүрынғы Одақтың ыдырауынан     пайда     болған     тәуелсіз     мемлекеттермен     көп

валюталық ақшалай айналыс кезінде ҚР-ның Ұлттық Банкі өз үлггық валютасымен алтын валюталық қорын рынокқа республиканың валюталық биржасы арқылы шығаруы және басқа елдердің қажетті валютасын: РФ рублін, Украина гривнасын, литтерді, латтарды, манаттарды, сомдарды, маркаларды, юаньдарды, швейцар франкілерін, иендерді және т.б. алуы тиіс болды. Мәселе өте күрделі бастады, сондықтан Достастық елдерінде жаңа рубль еңгізілген кезде ҚР-ның Ұлттық Банкімен оның валюталық биржасы теңгенің айырбас бағамының 1-ші сатысывда теңге тек қана РФ рублімен, АҚШ долларымен және ФРГ маркасымен жұмыс істейтін болды.

Қазақстандық тенге

hello_html_m6b12a1ee.gif

        Біздің қазақстандық теңгеміздің туған күні - 1993 жылдың 15 қарашасы. Президентіміздің Жарлығымен 15 қараша төл валютамыздың туған күні және қаржыгерлер күні болып белгіленді. Ұлттық валютамызды теңге деп атаған - Халықаралық инженерлер академиясының академигі, белгілі қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері - Сауық Тәкежанов.

        Теңгеміз тәуелсіздігіміздің айғағы, берік тірлігіміздің куәсі.  Теңгенің дизайнына шетелдік ірі мамандар жоғары баға берді. Сонымен қазіргі АҚШ долларының төрт қана қорғанышы бар екенін ескерсек, біздің төл валютамыздың 14 қорғанышы болғанын ерекше айтқан ләзім.

        Ұлттық валютамыз еліміздің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. 
Қазіргі кезде теңге тұрақтанып келеді. Оның тұрлаулы валюта болуы үшін біраз істерді жүзеге асыру керек. Атап айтқанда, өз өндірісімізді нығайтуымыз қажет. 

hello_html_m5bdcd647.gif






Қазақстанның кен ресурстары


Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүз. рынокқа минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді. Минералдық шикізат ресурстары еліміздің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Маңыздылығы жағынан олар үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін және экон.-саяси мәні бар стратегиялық кен байлықтары жатады: мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен орындары. Екінші топты қаржы түсімін қамтамасыз ететін әрі Қазақстанның индустриялық бет-бейнесінің негізі болып табылатын маңызды кен байлықтары құрайды: темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және алтын кен орындары. Үшінші топқа ішкі және сыртқы рыноктарда жоғары сұранымға ие қалайы, күміс, фосфор, барит кен орындары кіреді. Кен байлықтардың барланған қоры негізінде ондаған мұнай-газ және кентас өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді, олар 70-тен аса әр түрлі минералдық шикізат түрлерін өндіреді және өңдейді.

Мұнай мен газ. Қазақстанда 200-дей мұнай және газ кен орындары анықталып барланған, оның ішінде 102 мұнай, 29 мұнай-конденсат, 30 мұнай-газ-конденсат, 6 мұнай-газ, 11 газ-конденсат, 19 газ кен орындары бар. Барланған мұнайдың алынатын қоры 2,2 млрд. т, газ – 2,5 трлн./м3, конденсат – 0,7 млрд. м3. Қазақстанда мұнайдың болжамдық қорлары 20 – 25 млрд. т деп бағаланады. Мұнай мен газдың барланған қорының негізгі бөлігі Каспий маңы мұнайлы-газды аймағында шоғырланған. Мұнда 122 кен орыны ашылған, оларда республикадағы көмірсутек қорының 80%-ы (1,3 млрд. т мұнай, 700 млн. т шамасында конденсат, 1,7 млрд. м3 бос және 577 млрд. м3 сұйытылған газ) шоғырланған. Бұл жерде мұнай мен газдың Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ сияқты айрықша ірі кен орындары бар, олардың жиынтық үлесі мұнай мен газ өндірісінің жалпы балансында 30%-дан асады. Оңт. Маңғыстау мен Солт. Үстірт – Бозащы аймағындағы ең ірі кен орындар – Өзен, Жетібай, Қаражанбас, Солт. Бозащы. Мұндағы мұнайдың барланған қоры 700 млн. т, конденсат – 1,4 млн. т және газ – 141,0 млрд. м3 кұрайды. Жалпы респ. баланста бұл аймақтағы көмірсутек өндірісінің үлесі 50% шамасына тең. Мұнайдың өнеркәсіптік мол қоры Оңт. Торғай мұнайлы-газды алабында анықталған (Құмкөл, Майбұлақ, Ащысай, Арысқұм, т.б. кен орындары). Бұл жерде жиынтық болжамдық қоры 400 млн. т шамасындағы 11 кен орыны барланған. Олардың ең ірісі – Құмкөл кен орыны (1990 жылдан мұнай өндіріле бастады). Бұл аймақтың мұнай өндірісіндегі үлесі 10% шамасында.

Көмір. Қазақстанда тас және қоңыр көмірдің мол қорлары бар. Республикада 200-ге жуық көмір кен орыны барланған. Қазақстан көмірінің жалпы геол. қоры 164,4 млрд. т шамасында бағаланады, оның ішінде: тас көмір 17,6 млрд. т, қоңыр көмір 92,8 млрд. т. Барланған қорлар 60 млрд. т шамасында, баланстан тыс қорлар 19,3 млрд. т. Олардың 63%-ы тас көмір (оның кокстелетіні 17%), 37% – қоңыр көмір. Республикадағы ең ірі көмірлі алаптар Орт. Қазақстанда орналасқан (Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен). Ірі кен орындары – Шұбаркөл (қоры 2,2 млрд. т), Борлы (0,5 млрд. т), Самара (1,3 млрд. т), сондай-ақ, Теңіз-Қоржынкөл көмір алабы (шамамен 2,7 млрд. т). Торғай энергет. қоңыр көмір алабының қоры 52 млрд. т, оның барланғаны 7 млрд. т. Оңтүстік Қазақстанда Іле және Төм. Іле қоңыр көмір алаптары орналасқан. Іле алабының геол. қорлары 14,8 млрд. т-ға бағаланады, барланған қоры 0,9 млрд. т. Төм. Іле алабының геол. қоры 9,9 млрд. т, оның 3 млрд. т-сы барланған. Шығ. Қазақстанда Қаражыра (Юбилейное) (қоры 1,5 млрд. т), Кендірлік (1,6 млрд. т, барланғаны 250 млн. т) кен орындары белгілі. Кендірлікте көмірден басқа жанғыш тақтатастар бар. Оның жалпы қоры 4 млрд. т, барланғаны 20,3 млн. т. Қазақстанның батысындағы ең ірісі – Мамыт қоңыр көмір кен орны. Жалпы геол. қоры – 1,5 млрд. т, оның 0,6 млрд. т-сы барланған.

Қазақстан Республикасының бүкіл дерліктей аумағын қара металл кендерінің алып кентастық аймағы ретінде қарастыруға болады. Мұнда оның бүкіл әлемге белгілі барлық генетик. және өндірістік, оның ішінде бірегей түрлері кездеседі. Қазақстанда кара металл кентастарының 1000-нан аса кен орындары мен кен білінімдері анықталған. Темір, хром, марганец пен титан кентастарының кен орындары игерілуде. Балансқа алынғаны 17 кен орны, баланстан тыс 11 кен орны бар. Темір кентасының жиынтық қоры 17 млрд. т. Оның 93% мөлшері бес ірі кен орында: Қашар, Сарыбай, Соколов, Әйет, Лисаковта шоғырланған. Бұл кен орындарының барлығы Солт. Қазақстанда (Торғай ойысының солт.-батыс бөлігінде) орналасқан. Орт. Қазақстанда пайдаланылып келе жатқан Бат. Қаражал, Үшқатын мен Кентөбе кен орындарының барланған қоры 300 млн. т-дан асады. Оңтүстік Қазақстанда Иірсу (қоры 327,7 млн. т) мен Абайыл (28,3 млн. т) кен орындары барланған. Бат. Қазақстанда (Солт.-Шығыс Арал маңы) ең ірісі – баланстан тыс оолитті қошқыл теміртас кентасты Көкбұлақ кен орны (1,9 млрд. т), сонымен қатар титан-магнетитті кентастарының болжамдық қоры 1 млрд. т болатын Великов ірі кен орны бар. Қазақстан хромит кентасының қоры бойынша әлемде екінші орында. Балансқа алынғаны 21 кен орны (шамамен 230 млн. т). Қорлардың барлығы Кемпірсай кенді ауданында (Мұғалжар тауында) шоғырланған. Аса ірі хромит кен орындарының қатарына Алмас-Жемчужина кен орны жатады (қоры 100 млн. т-дан асады).

Бұл алапта кобальт-никель кенінің де бай қоры бар. Қазақстанда марганец кентастарының баланстық қоры 400 млн. т-дан асады. Болжамдық қорлары 850 – 900 млн. т деп бағаланады. Қорлар негізінен (99%) Орт. Қазақстанның Атасу кенді ауданында шоғырланған (Бат. Қаражал, Үшқатын, Үлкен Қтай, Қамыс кен орындары). Қаратау, Байқоңыр, Кіндіктас, Жетісу Алатауындағы көмір-кремнийлі тақтатас қабаттарында орналасқан ванадий кендері мен Бат. және Солт. Қазақстандағы, жердің беткі қабаттарында жатқан титан кендерінің де маңызы аса зор.

Түсті металдар. Қазақстанда түсті металдар шикізатының ірі базасы қалыптасқан. Олардың ішінде жетекші орынды мырыш, қорғасын және мыс кендері алады. Бұл металдардың республикадағы қоры бойынша тиісінше әлемде бірінші, екінші және үшінші орын алады. Олар Қазақстан түсті металлургиясы базалық кәсіпорындарының (Жезқазған, Балқаш, Ертіс мыс, Шымкент, Риддер, Өскемен қорғасын мен мырыш, Павлодар алюминий қорыту з-ттары) шикізат көзі болып табылады. Қазақстан әлемдегі ірі мыс өндіруші елдердің бірі. Республика аумағында мыс кентасының порфирлі, мысты құмтас, колчеданды, скарндық мысты-цеолитті, мысты-никельді, т.б. кен орындарының көптеген түрлері белгілі. Мыс кентасының ірі кен орындарына Жезқазған, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Жаман-Айбат, Бозшакөл, Көксай, Қасқырмыс, Нұрқазған (Самара), т.б. жатады. Жекелеген кен орындарының (Жезқазған мыс кені, Жаманайбат мыс кені) мыс қоры 10 млн. т-дан асады.

Қорғасын мен мырыштың 100-ден аса кен орындары анықталып, 58-і балансқа алынған. Олардың негізгі қоры Шығ. Қазақстанда (Кенді Алтай) және Орт. Қазақстанда шоғырланған, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстанда да (Қаратау) кездеседі. Қазір қорғасын мен мырыштың 30-ға жуық кен орындары игерілуде. Алюминий шикізаты ретінде ең көп таралғаны – боксит. Қазақстанда бокситтің қоры көп. Анықталған 200 кен орны мен кен білінімдерінің (есепке алынғаны) 50-ден астамы платформалық типті. Олардың ішіндегі ірілері: Краснооктябрь, Белинское, Тауынсор, Шығ. Әйет, Көктал, Наурызым, Жоғ. Әйет, Арқалық кен орындары. Бұлардың барлығы Торғай ойысында орналасып, Бат. Торғай, Шығ. Торғай (Амангелді) және Орт. Торғай бокситті аудандарын құрайды.

Қазақстан сирек металдарға бай өлке. Молибден қоры жөнінен республика әлемде төртінші, Азия елдері арасында бірінші орын алады. Молибден кентастарының қоры 34 кен орны бойынша есепке алынған, олардың 26-сы баланстық. Ірілері: Көктіңкөлі, Оңтүстік, Шалқия, Жәнет, Батыстау, Жоғ. Қайрақты, Қараоба, Ақшатау. Молибден кен орындары негізінен штокверктік (порфирлік) типті. Қазақстан КСРО-дағы жоғары сапалы тантал концентраты мен ниобийдің негізгі өндірушісі болды. Тантал бойынша өнеркәсіптік шикізат базасы төрт кен орында шоғырланды: Бәкен, Белогор, Юбилейное және Жоғ. Баймырза. Кен орындарының барлығы Қалба жотасында орналасқан. Солт. Қазақстанда ірі Сырымбет пен Донецк қалайы кен орындарының ашылуы қалайы шикізат базасын айтарлықтай ұлғайтты. Оған дейін ілеспе қалайының 5 кен орны балансқа алынған болатын, негізгілері кешенді сирек металл кентасты Қалайытапқан (жалпы қордың 70%-ға жуығы), Қараоба, Бәкен, Юбилейное және Ахметкин кен орындары. Вольфрам қоры жөнінен Қазақстан әлемде бірінші орын алады. Вольфрам қорының 53%-дан астамы 16 кен орнында шоғырланған, оның 12-сі баланстық. Вольфрам кенінің басым типтері – кварц-желілі-грейзенді және штокверкті, оларға Қараоба, Ақшатау, Жоғ. Қайрақты, Бұғыты, т.б. кен орындары жатады. Вольфрамға бай кентастар скарндық-грейзендік кен орындарында (Солт. Қатпар, Баян) немесе олардың мүжілген қатпарларында (Көктіңкөлі) кездеседі. Вольфрамның 16 кен орны есепке алынған. Оның 85%-на жуығы штокверк кендері (Шығ. Қайрақты, Бұғыты, Көктіңкөлі, Қараоба, т.б.), ондағы вольфрам триоксидінің мөлш. 0,12 – 0,19%. Негізгі қорлар 6 ірі және аса ірі: Жоғ. Қайрақты, Бұғыты, Қараоба (штокверк), Солт. Қатпар, Көктіңкөлі, Баян, Ақсоран кен орындарында шоғырланған. Асыл металдар. Қазақстан алтын кені бар ежелгі өлкелердің бірі саналады. Ол алтынның нақтыланған қоры бойынша әлем елдерінің бірінші ондығына, ал өндірісі бойынша – үшінші ондығына кіреді. Оның баланстық қоры 196 кен орнында (126-сы түпкі жыныстарда, 47 кешенді, 23 кенқайраңдық) есептелген. Алтын өндірілетін ірі кен орындары: Солт. және Орт. Қазақстанда – Жолымбет алтын кені, Бестөбе алтын кені, Ақсу алтын кені, Ақбейіт алтын кені; Бат. Қазақстанда – Юбилейное; Шығ. Қазақстанда – Бақыршық алтын кені, Суздаль, т.б.; Оңтүстік Қазақстанда – Ақбақай алтын кені. Өнеркәсіптік игерілуге Көкшетау ауданындағы аса ірі Васильков кен орны даярланған. Қазақстанда негізгі алтын көздерінің бірі Кенді Алтайдағы колчедан-полиметалл кен орындары: Риддер-Сокол, Тишин, Малеев, Грехов. Алтын, сондай-ақ, мысты-порфирлі Бозшакөл, Самара, Ақтоғай мыс кені, Айдарлы, мыс-колчеданды Аралшың, Лиманды, колчедан-полиметалды Абыз, Майқайың, Миөзек, Құсмұрын, Ақбастау, скарндық мыс кентасты Саяқ тобының кен орындарында бар. Ондаған түпкі және кенқайраңдық алтын кен орындары консервацияланған (Бақыршық, Жітіқара, Жарқұлақ, Ақжал, Балажал, Олимпиялық, Кеңгір, Миялы, Құлынжон, т.б.) немесе жете барланбаған (Васильев, Орлов, Прогресс, Сувенир, Алтынсай, Бақтай, Далабай, Гагарин, Шоқпар, Кепкен, Восток V, Комаров І, Қаншыңғыс, т.б.).

Қазақстанда күміс ертеден өндіріледі. Оны өндіру көлемі бойынша республика Азия елдері ішінде бірінші орын алады. Оны полиметалл кентасын кешенді өңдеу кезінде бөліп алады.

Қазақстан аумағында 100-ден астам уран кен орны барланған. Аумақтық белгісі бойынша және геотектоник. көзқарас тұрғысынан кен орындары уран кені бар он өлке мен аудандарға бөлінеді. Олар: Солт. Қазақстан (50-ге жуық кен орны бар), Шу – Іле – Кіндіктас – Балқаш жағалауы (8) және Шу – Бетпақдала (6) өлкелері, Шу – Сарысу және Сырдария өлкелерін біріктіретін Қаратау мегаөлкесі (20), Жоңғар – Кетпен (6) және Каспий жағалауы (4) өлкелері, Ұлытау (3), Шыңғыс-Тарбағатай (1) және Мұғалжар – Арал жағалауы (2) аудандары.

Бейметалл кен байлықтарының барланған және әлуеттік қоры мол. Республика аумағында бейкентасты шикізаттың 2000-нан аса барланған кен орындары бар, оның 1200-і құрылыс материалдарының кен орындары. Республикада шипалы балшықтың 30-дан астам кен орны тіркелген. Олардың көпшілігі Қазақстанның батысы мен солт-нде орналасқан.

Қазақстанда минералды және термалдық жер асты суларының ірі қорлары бар. Минералды сулардың пайдаланылатын қоры 48 кен орны бойынша тәуілігіне 31,0 мың м3 мөлшерінде есепке алынған. Барланған кен орындарының ең көбі (18) Оңтүстік Қазақстанда, Бат. Қазақстанда – 9, Солт. Қазақстанда – 7, Орт. Қазақстанда – 10 және Шығ. Қазақстанда – 4. Барланған минералдық жер асты суы кен орындары негізінде санаторийлер, курорттар, профилакторийлер, емханалар жұмыс істейді, ал көптеген арасан бұлақтар мен өз бетінше атқылайтын ұңғымалардың суын жергілікті тұрғындар пайдаланады. Қазақстанның таулы-қатпарлы алқаптары мен платформалық аумақтарындағы артезиан алаптарының қойнауларында гидротермалдық судың мол қоры бар. Олар су бойынша 10,275 мың км3, ал жылу бойынша 680 млрд. Гкал шамасында, бұл 97,115 млрд. т шартты отынға тепе-тең.


Қазақстанның   жер    ресурстары  


Жер  шарының   түгелдей  дерлік  аймақтарында   көрініс  тапқан   осы  зардаптар  адамдар  тарапынан  олардың  қоршаған ортаны  сақтауға  тікелей  тәуелді  екндігін   түсінуіне , табиғат   қорғау  проблемасына  жауапкершілік  көзқарастың  қалыптасуына   алып  келді. Көптеген   жүзжылдықтар   бойы  адамзат  өзінің  тіршілігін   өндірістің  қарқынды  дамуымен   байланыстырып, алынған   өнімнің  басым   бөлігін  өндірісті  одан әрі    дамытуға  жұмсады. Бұдан   қорытындылайтынымыз  табиғат  ресурстарын   тиімді  пайдалану  және  оларды  сақтау, қалпына  келтіру  тірі  табиғатты, адамды,  қоршаған  ортаны   қорғау  мәселелерінен  алшақтағандығында.

    Адам – табиғаттың    бір   бөлшегі   әрі   ғажайып  туындысы. Адам  табиғатқа  тәуелді. Сондықтан    өзінің  өмір  сүріп, өсіп-өнетін, іс-қимыл   жасайтын, аяулы   армандарын   жүзеге   асыратын    ортасы,  күнкөріс   көзі    болып    табылатын   табиғатқа   адамның   қалай   болса   солай   емес,аялай   есіркей   қарауы – оның   перзенттік  міндеті.

       Табиғаттың   тілін  тауып, сырын  тану   арқылы   оны  жасартып, жаңғыртуға   ғылыми  практикалық    үлес   қосқан   көрнекті   табиғат    зерттеуші   ғалым    И.В Мичуриннің  өзіі   большевиктік   желікке  бой   алдырып,  ашқан    жаңалықтарынана   жалған   қорытынды    шығарды: «  Біз   табиғаттан   рақымшылық   күтіп   отыра   алмаймыз, оның   бермегенін    күшпен   тартып   аламыз » , - деп, аракідік   айтылып   қап  жүрген   пікірді   одан  сайын   асқындырып   жіберді.

          Ф.Н.Реймерс   бойынша   «жүйелі   түрде   пайдаланатын   немесе   белгілі   бір   шаруашылық   мақсатта  пайдалануға  болатын    жерді  жер   ресурстары   деп   түсінеді. Жер   ресурстарды   төмендегідей  мағынада   түсінуге   болады: а) егістік  жер  ресурстары; б) ауылдық  жарамды  барлық  жерлерді; в) аумақтық  ( территориялық )  ресурстар. Әдетте, бұл   термин  а)  және  б) мағынада  түсінеді» ( Реймерс, 1990,453 бет.)

     Белгілі   бір   жағдайды  сақтап   үздіксіз  пайдаланған   жағдайда   жер   ресурстары   қалпына   келетін   ресурс  деп   есептейді. Егістік  мақсатпен  пайдаланғанда   жер  ресурстары   өңдеу   құралы   болып  табылады. Мұндай  жағдайда   табиғаттан   жер   ресурстары   емес, оның   көмегімен   пайда  болған   өсімдік   өнімдері   алынады.

     Жер   ресурстарын   пайдалануда   барлық    табиғи   компоненттердің   өзара   байланысқан  ықпалы    айқын    байқалады – жанама   болып     ландшафттың   негізгі   компоненттердің   әрекеттестігін    интегралды   сәулелендіретін   топырақ  арқылы   және   тікелей, себебі   жер    бедері   климаттың, сулардың, өсімдіктердің    және   жануарлардың   сипаты   ауыл шаруашылық  әрекеттің   нәтижесіне   тіке   ықпалы  бар. Сондықтан   топырақты   немесе   әдебиетте   жиі   айтылатын  « топырақ–климаттық    ресурстары»  ауыл    шаруашылық  деп    қарастыру   бірнеше   авторлар  

дұрыс  емес  деп   есептейді.

     А.А. Минц  бойынша  ауыл   шарауашылық  ресурстар   деп   табиғи   кешендерді   түсінеміз, ( ландшафт, мекеннің   типтері т.с.с.). Яғни, ауыл шаруашылық    ресурстардың  бас    қасиеттері   табиғи   территориалдық  кешеннің  қалыптасу  заңдылықтарымен  анықталады. Осыған   байланысты   жерді   шаруашылықта   пайдаланудың   географиялық   айыпмашылықтар   пайда  болады.

   Құнарлық  немесе  биологиялық    өнімділік   ауыл шаруашылықта   пайдаланатын   жердің   негізгі  қасиеті  болғандықтан   табиғи  шарттанған    өнімділік     деңгейіндегі   географиялық   айырмашылықтарды   анықтау  негізгі   орын   алады.

    Жердің   бас   қасиеті, оны   пайдаланудағы    әмбебаптылығында. Себебі   адамның   іс–әрекетінің  барлық   түрлері   жер    пайдаланумен    байланысты, жер  еңбектің   предметі   және  еңбектің   жалпы  құралы, яғни   кез–келген  материалдық     өндірістің   қажетті   шарты.

    Пайдаланудың   белгілі   бір    түрлері   арасында, жер  бөлістірудің   әлеуметтік, экономикалық   факторлармен   анықталатын    стихиялық   немесе   жоспарлы  механизм    қалыптасуының   алғышарттары   болып    территорияның  шектелуімен    ауыспашылығы, оны   пайдаланудың    көптеген   түрлерінің   бір–бірін  жоққа   шығаратындық   сипаты   болып    табылады.

    Әдетте   пайдаланатын  ауыл шаруашылық  дақылдардың   түрлері   ондай   көп  емес, себебі  дақылдардың   түрлері    әрбір   ауданда   экономикалық    және  басқа   да  себептер   бойынша   ауыл шаруашылық  бағытымен    таңдалады, бірақ   уақыт    бойы  қатты   өзгеруі   мүмкін. Таралу    аймақ    шегінде    дақылдардың   өнімділігіндегі   үлкен   географиялық    айырмашылықтар, осындай   таңдауға   әсер    ететіні   негізгі   факторлардың  бірі. Дақылдардың   әртүрлі   экологиялық    талаптарының    себебінен   әрбір    дақылдың    өнімділігінің   айырмашылық   сипаты   ерекше   болады.

   Жердің   әрбір    түрінің   өнімділігінің   айырмашылығына, онда   егілетін   жеке   бір   дақыл   егудің    экологиялық    тімділігі,   сонымен   бірге  жалпы   ауыл шаруашылық    өндірістің   тиімділігі   тәуелді.

       Қазақстан     аса  зор    жер   қорына  ие.  Егістікке    жарамды   жердің   жалпы  ауданы   2001 жылдың    1 қаңтарында     30,2  млн. га   болды. Жайылымдық   және   шабындық    жерлер    190  млн. гп. Республикамыздағы  жайылымдық   жерлердің  негізгі  бөлігі   шөл   және   шөлейт   зоналарында   жатыр.

     Ландшафтардың  шөлге  айналуы. Шөлді  экожүйелердің  жоғарғы  температурада  дамуы қазіргі  уақыттың  глобальды  проблемасы. Шөлге  айналу  себептері: табиғи  және  антропогендік . Қазақстанда  шөлдер мен  шөлейттердің биологиялық  өнімділігінің  кему  себептері антропогендік  әрекет: жайылымдар  дигродациясы,топырақтың  тұздануы , техногенез  болып  табылады. Қазақстан  территориясының  60%  жуығы  шөлге  айналу  процестерін  өткеруде.

     Топырақ  жер  ресурстарының  дегредациясы.Топырақ  жер  ресурстарын  қорғау  проблемасы  Жердің  көптеген  региондары  үшін  актуалды  болып  табылады. Қазақстанда  Солтүстік  Қазақстан   далалық  зоналарының  топырақ  эрозиясы  мен  дегулификациясы (өнімділіктің  кемуі) неғұрлым  үлкен  қауіп  төндіруде.





Құрақ көрпе – құнды жәдігер


Одан қалса қазақы тамыр, ұлттық жады жібермейді деуге де болар. Соның арқасында ұлттық қолөнер бұйымдарымыз бүгінде босағадағы орнын босатып, төрге озды. Ықылым заманнан бүгінгі ғасырға ұмытылмай жетіп, жыл өткен сайын жаса­рып, жаңаруға бет алғаны көп. Соның бірі – қыз жасауы. Ұзатылып бара жатқан қыз­ға ата-анасы, ең алдымен, жасауын жаб­дықтап, тұрмысына қажетті бұйым­дар­ды әперіп, ең бастысы – құрақ көрпе, құ­рақ жастық, құрақ көрпеше беретіні белгілі. Бұл да – көнеден келе жатқан ыр­ым. Басы құралсын, басы көбейсін де­ген­нен туған салт. Ұлттық қолөнер түрі­нің тап осы жасау-жабдыққа келгенде ке­йінге кеткенін емес, алдыға озып кеткенін бағамдауға болады. Бүгінде қыз жасауын дайындаумен айналысатын түрлі фирма­лар көп. Базарға барсаңыз да, шертіп жү­ріп таң­дап алуға мүмкіндік мол. Көрпе-жас­тық­ты жиып қоюға арналған сандық­тың неше атасын таба аласыз. Бұрындары сан­дық, кебежелерді өзбекстандық ше­бер­лер жасайтын. Сол себепті де осы жи­һаз түрін жылтыратып, шығыстық мәнер­де безен­ді­ретін. Бүгінде, шүкір, өз шеберле­ріміз қош­қар мүйіз оюын ойып салып, қа­зақы қалыпқа келтірді. Сандықтың оюлан­ға­нын да, қымбат тастармен безендіріл­генін де таңдап жүріп сатып алуға болады. Ал енді осы сандықтың үстіне жиылатын көрпе-жастықтың да неше атасы бар. Әсіресе құрақ көрпешеге деген сұраныс басым. Айтып өткеніміздей, өзгенің түтінін түтетуге ұзатылып бара жатқан қыздың басы құралсын, оңалсын деп құрақ жас­тық­ты, құрақ көрпешелерді ырымдап қо­сатыны белгілі. Бағзы заманда қазақ дала­сында қымбат маталар тапшы болғандық­тан, ісмерлер киімнен қалған маталардың қиықтарын бір кәдеге жарату үшін олар­дан әртүрлі бұйымдар тіккен. Содан құрақ құрау өнері бастау алған. Далада да, қала­да да көптеген қазақ отбасының төрі­нен құрақ көрпелер, құрақ тұскиіздер орын ала бастады. Мақтанарлық-ақ жағ­дай. Қыз ұзату, келін түсіру тойларында екі жақ бір-біріне құрақтан жасалған, әдемі ою-өрнек салынған әсем қоржындармен жөн-жоралғысын жасайтын болды. Ұлт­тық бренд болуға сұранып-ақ тұрған құ­рақ өнері, расында, шетелдіктердің қызы­ғу­шылығын оятып отыр. Әрине, дамыған ел­дің азаматтарын қымбат көлік пен зәу­лім сарайлармен қызықтыра алмасымыз анық. Олардың біздің ұлттық қолөнер бұ­йым­да­рымызға қатты қызығатыны белгі­лі. Тіп­ті сән орталығы саналатын француздар­дың етік не болмаса көйлектеріне зер сала қарасаңыз, қазақы оюларымыздың ұр­ланғанын байқар едіңіз. Елімізде өтіп жат­қан түрлі іс-шаралар барысында ше­тел­дік­тердің ұлттық қолөнер бұйымдары­мызды көптеп сатып алатынынан-ақ оның қан­шалықты құнды екенін бағамдауға бо­лады. Тек қыз жасауында ғана емес, өзге тойларда да құрақтың орны қаншалықты қымбат екені білініп тұрады. Мәселен, сүндет тойда баланы атқа мінгізіп, ағайын аралатқанда да жанына қоржын байла­ғаны мәлім. Әртүрлі қиықтардан жасалып, ою-өрнек салынған сәнді қазақы қоржын­дарды қолөнер бұйымдары дүкенінен са­тып алуға болады. Құрақ жастықты бүгінде қонақ жастық ретінде де, диванға арнал­ған шынтақ жастық ретінде де пайдаланып жүр­гендер көп. Ал көбіміз кезінде құрақ ойыншықтар болғанын біле бермейміз. Оны үй ішіне сән беретін бұйым ретінде ға­на емес, балаға ойыншық ретінде де тік­кен. Әрі кәдесый ретінде тігуге де болады. Шеберлер құрақ ойыншықтардың ішінде кішкене пөстек, доп, ат, күшікті де құрақтан тіккен. Мұндай елде жоқ ерекше бұйым­дар­ды диван үстіне, автокөлік ішіне де көз тарту үшін қоюға болады. Бір қызығы, бү­гінде құрақ құрау әлем бойынша сәнге айналыпты. Бірақ әр елде әрқалай ата­лады. Мәселен, АҚШ-та – квилт, Еуропада – пэчворк, орыстар құрақ жұмысы деп атай­ды. Францияның Эльзац қаласында жыл сайын құрақшылардың әлемдік бай­қауы өтіп тұрады. Оған тілек білдірген­дер­дің бәрі қатыса алмайды. Жұмыстарын қа­­рап, сұрыптап, іріктеп алады. Елімізден әлемдік додаға бірді-екілі ғана адам қа­тысқан. Көбіне құрақ көрпенің де түр-түрі болатынын көпшілік біле бермейді. Күйеу көрпе, шай көрпе, төр көрпе деген түрлері бар. Сондай-ақ жас жұбайларға арналған қос жастық деген бар. Қос жастықты жұ­бай­лар бір-бірімен үйлесіп кетсін, бастары ажырамасын деп біріктіріп жасайды. Жер жастық, шынтақ жастық, шал жастық де­ген­дер де бар. Құрақ көрпе – қазақтың іс­мерлік өнерінің ішінде ерекшеленетін өте құнды жәдігер. Бү­гінде ұлттық өнерді жат­тың жыл­тырағынан жоғары қоятын жан­дар көп. Ұлтжанды азаматтардың арқасын­да осындай құнды дүниелеріміз ұмытыл­май, ғасырдан ғасырға жететініне қуанасың.

Құрақ көрпешеге сұраныс көп

Таразда тұратын құрақшы Зәкира Мыр­захметова – құрақ құраудың нағыз қас шебері. Осыдан он жыл бұрын шағын кәсіпорын ашқан отбасы бүгінде кәсібі­нің нәсібін көріп отыр. «Жасау мүлкі» деп аталатын шағын өндіріс орнына тапсырыс берушілер көп. Тек Тараздың өзінен ғана емес, облыстың түкпір-түкпірінен, сондай-ақ көршілес облыстардан келіп, аттай қа­лап алып кетушілер көп. Тіпті сонау Орын­бордан, Архангельскіден келген қандаста­ры­мыз өндірген өнімдерінің өтімділігін өкіртуде. Ұлттық ою-өрнекпен өрнектеле­тін «Жасау мүлкінің» жасаған дүниелері, шы­нында да, көз тартарлықтай. Жас жұ­бай­ларға арнап тігілген «махаббат көрпе­сіне» сұраныс көп екен. Менмұндалап тұ­ратын кұрақ көрпешелердің өзі – бір төбе. Мойын жастықтың тысына тігілген құрақ­тың өзі аса талғампаздықпен қиюласты­рыл­ған. Шымылдықты да тапсырысқа орай түрліше түрлендіріп тігіп береді. Қыз жасауының негізгі бағасы 30 мың теңгеден басталып, 100 мың теңгеге дейін барады. Тіпті одан да қымбатына тапсырыс бере­тіндер де бар. Сондай-ақ соңғы кезде үйі­нің бір бөлмесін ұлттық нақышта безенді­ретіндер көбейіп келеді. Мұндайда, әри­не, құрақ көрпеше, оюланған көрпешеге тап­сырыстардың көбейетіні рас... Бүгінде ұлттық нақыштағы дүниелерді жасаумен айналысуға ниет еткендер көптеген дүкен, өнер салондарын ашып жатыр. Олардың өтпей қалған кезі жоқ. Демек, сұраныс бар деген сөз. Бәсекелестер көп болған сайын бағаның өсе түсетіні ақиқат. Бизнес ашуды жоспарлап жүргендер болса, мархабат... 

Құрақтың құпиясы

Құрақтан жасалған заттарға зер сала назар аударса, сан қилы сәнді түстердің бір-­бірімен үйлесім тауып, әсемдік әлеміне тартып тұрғанын айқын аңғаруға болады. Құрақ, негізінен, түрлі-түсті маталардан құ­ралатыны белгілі. Этнографтардың ай­туынша, ұшбұрышты құрақтардың мәні ерекше. Қазақи көзқарас бойынша үш­бұ­рыш су, жер, ауа – үш ғаламның бел­гісі бо­лып есептеледі. Егерде осы үшбұ­рыш­тың ішіне қошқар мүйіз оюын салса, ол отты бейнелейді. Жалпы, қазақ­тардың ұғы­мында – ою-өрнек магиялық сипатта, ол барлық кіріс пен шығысты, қиысуды бел­гілейді.



Краткое описание документа:

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті (ҚР ҰБ АӨҚОДК) Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде мақалалар тобын жариялауды жалғастырады.
Бүгінгі таңда әрбір қазақстандық қалай болғанда да, қаржылық институттармен (банктермен, сақтандыру ұйымдарымен және т.б.) кездеседі, бірақ өкінішке қарай, олардың біразы ғана осы институттардың көрсететін қаржылық қызметтері туралы жақсы біледі. Ел азаматтарының басым көпшілігінде қаржылық сауаттылық негіздерінің болмауы тұтынушылық және ипотекалық кредиттерді алу, сондай-ақ барынша ұтымды қаржы өнімдерін таңдау кезінде қиындықтар туындатады.

 


Азаматтардың қаржы мәселелеріндегі сауаттылығы бизнес тұрғысынан қарасақ та, сол сияқты азаматтар тарапынан алсақ та, салықтарды төлеу мәдениетін және әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға ықпал ететіндіктен бүкіл ел үшін елеулі экономикалық әсерге ие. Сонымен қоса, қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру жөніндегі тиімді саясат, жалпы алғанда, кедейшілік деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді. 
Халықтың қаржылық сауаттылығының жеткіліксіз деңгейі әлеуетті тұтынушылардың қолда бар қаржылық қызметтердің түрлерін түсінбеуі және осының салдарынан толық көлемде 

Автор
Дата добавления 15.05.2015
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1594
Номер материала 532399
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх