Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Экстремизм мен терроризмнің елімізге қаупі"

"Экстремизм мен терроризмнің елімізге қаупі"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Экстремизм мен терроризмнің елімізге қаупі.

Класы: 10 б

Мақсаты: оқушыларға діни экстремизм туралы білім беру, теріс діни ағым дегеніміз не екендігін тренингтер арқылы жеткізу, діни сауаттылықты қалыптастыру.
Әдісі: семинар – тренинг
Көрнекілігі: интер белсенді тақта.
Қажетті құралдар: стикер, магнит тақта, магниттер, жіп, әдемі қорапша, сақина
Оқушыларға Экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру.

Экстремизм мен терроризмнің таралу себептері, оған қарсы әрекет түрлері жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра алдын алу шараларын жүргізу. Оқушылардың бұған дейінгі білімдерін кеңейту, тақырыпты өз бетінше меңгеру, сыни ойлай отырып, өз ойын еркін жеткізе білу, талдау дағдыларын қалыптастыру.

Оқыту нәтижесі: Оқушылар тақырыпты өз бетінше меңгере алды, экстремизм мен терроризм туралы мәлімет алып, топта жұмыс жасап қабілеттері қалыптасты, БАҚ құралдары мен ғаламтор материалдарын пайдалана отырып, өмір қауіпсіздігіне жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерін қалыптастыра білді.

Ресурстар: Видеоролик " "Менің елім - Қазақстан " видеоролигі, "Экстремизм опат болудың жолы" т. б жарнама роликтері, слайдтар, стикерлер, постер, интернет материалдары, қағаздар, оқу құралдары.

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/

Сабақтың жүрісі:

Ұйымдастыру кезеңі: (1 минут)

Салемдесу. Келген қонақтармен таныстыру.
Саламатсыздар ма, құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгін біз сіздермен кезекті тәрбие сағатымызды бастаймыз. Сабағымызды бастамас бұрын оқушылар топқа бөлініп алайық.
Адамгершілік Имандылық Сенімділік болып үш топқа бөлініп алдық, сол бойынша отырамыз.

Миға шабуыл (5 минут)

Алдымен "Менің елім - Қазақстан " видеоклипін тамашалайық.
Қызығушылық ты ояту (1 минут)

Мұғалім: Сіздердің көргендеріңіз Тәуелсіз Қазақ елі. Қазіргі гүлденген Қазақстан - тұрақты экономикалық өсімі бар, қоғамдық келісім мен орнықты саяси жағдайы қалыптасқан көп ұлтты және көп конфессиялы ел болып табылады. Еліміз өзінің алдына қойған мақсаты үшін дүние жүзіндегі дамушы мемлекеттер қатарына жету жолына нық қадам басуда. Дүние жүзілік аренада еліміздің айрықша орын алуына көз тігуші мемлекеттер қатары көбеймесе азаймағанын бәріміз білеміз. Міне осындай елімізді әлсірету үшін көптеген себептер баршылық. Солардың бірі көпшіліктің санасына әсер ету. Елімізге 90 жылдардың бас кезінде бізге жат "Терроризм, экстремизм" деген сөздер ене бастады. Бұл сөздердің мағынасы қандай, неге елімізге енді? Біздің еліміз – Қазақстан Республикасы қоғам ретінде өзіне тән саяси - әлеуметтік, экономикалық және рухани жүйелерден тұрады. Еліміздегі діни ахуалдың күрделі сипат алып тұрғаны соңғы уақыттағы зерттеулерден белгілі болып отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары адамдардың ойы мен санасында әлеуметтік – экономикалық мәселелер бірінші орынға шығып, рухани құндылықтардың кешеуілдегені байқалды, Қоғамда пайда болған осы рухани бостықтың орнын басқа елдерден келген әр - түрлі діни идеялар толтыруға тырысып бағуда.

Қазіргі уақытта қоғамның, мемлекеттің ең өзекті мәселесі, ең әлсіз тұсы дін дейтін болсақ, оның себептері, алдын алу шаралары, қолданылып жатқан заңдар жайлы бүгін біздің оқушыларымыз сіздерге ой тастай отырып, өзіндік пікірлерін қорытып, тақырыпты меңгеруге тырысады.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын мына роликті көре отырып таңдайық.
Ой қозғау (15 минут)

-"Діннен адастырар теріс ағым " видеоролигін көре отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтаймыз.

Топтарда отырған оқушылар видеороликтен:
- экстремистік, террорлық әрекеттерді,
- жарылыс, мешіттерді қиратушылар туралы видеоролик көреді.

Діни экстремизм — діни дұшпандылық пен жек көрушілікті қоздыру мақсатымен Мемлекеттің аумақтық бүтіндігін немесе егемендігін бұзуға және мемлекеттік құрылысты өзгерту мен билікті күшпен басып алуға бағытталған діни негізделген немесе діни камуфляждалған қызмет.

Тренинг
Сырты жылтыр, көздің жауын алатын қорап таңдап алынады. Оның ішіне әдемі зат (сырға немесе сақина) салынады. Оқушыларға көрсетіледі.
Менің қолымдағы өте әдемі қорап. Оның ішінде әдемі зат салынған. Кім көргісі келсе, шығып қарауларыңа болады, — деп оқушыларды қызықтырады. Қызығушылығы жоғары оқушылар тақтаға шығып, қорапта не салынғандығын қарайды.
- Ал енді, оқушылар, қандай адамдар сектаның құрамына кіреді?

Қызығушылығы жоғары.
Қандай адамдар сектаға енуі мүмкін?
• Бейтаныс нәрсеге қызығушылығы жоғары;
• Өзінің зақымдалған мендігін қорғауға ашулы дайындық және өзін - өзі төмен бағалау;
• Әлеуметтік әділетсіздікті уайымдай отырып, өзінің өмірлік сәтсіздіктерін жақындарынан және жалпы қоғамнан көру;

Мұғалімнің сөзі:

Бүгінгі таңда түрлі конфессиялар өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі және өзара тиімді қарым - қатынас жасауы үшін елімізде қолайлы жағдайлар жасалған.

Сонымен қатар, Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар басқа елдер үшін үлгі болып табылады.

Алайда, кейбір дінге сенушілер агрессия мен діни радикализмнің қауіпті формаларына бой алдырып, азаматтардың қауіпсіздігі мен мемлекеттің тұрақтылығына қауіп төндіруде.

Соңғы кездері экстремисттер бейбітсүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын және өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауға тәрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға, басқа өркениеттермен қақтығыстыруға талпынуда, осы арқылы тек дінаралық татулықты емес, сонымен қатар мұсылмандар арасында да іріткі салуда.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек деп атай отырып, XXI ғасырдағы Қазақстандағы дінге ерекше көңіл бөлді.

Шындығында, дін зайырлы қоғамымыздың ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан құзырлы мемлекеттік мекемелер еліміздегі діни қатынастарды одан әрі дамытуға әрқашанда мүдделік танытады.

Соңғы кезде әлемнің көптеген елдері үшін терроризммен күрес мәселесі аса өзекті болып отыр. Терроризм – бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат. Терроризм барлық түрлері және көріністерімен, ауқымы және қарқындылығымен, зұлымдығы және қанішерлігімен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды.

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде - кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтты. Бұл жағдаят адам, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсетеді. Сондықтан, мемлекеттің жастарды тәрбиелеуге, тәні сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлуі өте маңызды.

Топтық жұмыс 
Постер «Біз діни терророизмге қарсымыз!» 
«Екі жұлдыз, бір тілек» Әр топ мүшелеріне плакаттар таратып береді. 
Әр топ спикерлері шығып, қорғайды. 
Бір – біріне «екі жұлдыз, бір тілектерін» білдіреді. 

Тренинг
Көрініс.
Ортада екі орындықта 2 оқушы отырады. Бірінші оқушы екінші оқушыны алдап, желілік компанияға құрамына кіргізгісі келеді. Екеуінің әңгімелері бақыланады.
Тартымға қалай қарсы тұру керек?
Өзіңізге бақылау сұрақтарын қойыңыз:
• «Ал мен осы адамға ұқсап, күнімен көшеде жүріп, адамдарды тартуға тырысқанды қалар ма, едім?»
• «Ал осы адамдарға менің жетістіктерімнен қандай пайда?»
• «Олар маған қандай мақсатпен көмектесуде?» тегін ірімшік, тек қақпанда ғана болады.
• Сіздің қауіпсіздігіңіздің ең тиімді құралы – бастапқыдан беріктік және өз позицияңыздың ұстанымдылығынан ауытқымау. Бұл үшін, заңды білу және діни ағымдарды, философияны оқу қажет.
• Бейтаныс, сыпайы – ығыр қылатын қатынасқа түспеу.
• Ығыр қылатын адамнан әдебиет алудың және кездесуге келісудің қажеті жоқ. Сонымен қатар тартушыға мекен — жайың мен телефоныңды қалдыруға болмайды.

Мұғалімнің сөзі:

Қазіргі кезде ҚР көптеген діни экстремистік ұйымдарға тиым салды.
Сонымен қатар оқушылардың есінде сақтап жүру үшін мына ережені ұсынғым кеп отыр.

Мұны білу өте маңызды!

1. Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін ұйымның жиналысына шақыратын дін тақырыбындағы диалогқа араласпа!

2. Қандай да болсын кездескен діни ұйымның сенушілері мен ілімін таратушыларға бірінші кездескенде өзіңіздің діни көзқарасыңызды білдірмеуге тырысыңыз.

3. Егер сіз алдыңызда тұрған уағыздаушыға сол діни ұйым туралы сұрақ қоюға шешім қабылдасаңыз, онда ешқандай кері әсерсіз болғаны жөн.
4. Егер сізге діни бағыттағы парақтар, брошюралар, журналдарды оқуға ұсынса рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.
5. Егер сіз діни жиналыстарға қатысуға шешім қабылдасаңыз, олар туралы көбірек білуге тырысыңыз, туысқандарыңызбен, достарыңызбен, жай адамдармен ақылдасыңыз.

6. Діни ұйымдардың жиналысына қатыссаңыз, есіңізде сақтаңыз: миссионер – уағыздаушылардың басты мақсаты – Сізді өз сенімдеріне кіргізіп алу. Ал, Сіздің мақсатыңыз – деструктивтік діни ұйымдардың ықпалына түсіп қалмау.

7. Діни жиналыстарға жалғыз қатыспаңыз, қасыңызға досыңызды немесе туысыңызды ертіп жүріңіз.

8. Сіз туыстарыңыз бен жақындарыңызды тыңдамай рухани тұрғыда денсаулығыңызды түзеу үшін теріс бағыттағы діни ұйымдардың қатарына қосылу тұрарлық деп ойлайсыз ба?

9. Бұл өмірден бір мақсат пен жетістікке жету үшін, жаныңызға тыныштық табу үшін дәстүрлі емес бағыттағы шіркеулер, миссиялар мен ұйымдарға жоламағаныңыз жөн.

10. Есіңде болсын! Есте сақта!

Құдайға сену, яки сенбеу - өз қолыңда! Өзге діннің жетегінде кетем деп достарың мен жақындарыңнан айрылғың келмесе, Ойлан!

Қорытынды сөз

Бүгінгі «Экстремизм мен терроризмнің елімізге қаупі» атты тәрбие сағатымызды Елбасымыздың сөзімен қорытындылағым кеп отыр.

«Діни экстремизмді алатын болсақ, ол адамдар арасына ірткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, онда ертең бірлігімізге сызат түседі.

Егер елімізде нағыз таза мұсылман, Құранның жолымен жүретін халық көп болса елде береке, бірлік тыныштық болады»
Құрметті қонақтар бүгін мектебімізге келіп өз ойларыңызды ортаға салып ақыл - кеңес бергендеріңіз үшін сіздерге көп-көп рахмет, алланың нұры жаусын келесі кездескенше сау болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Экстремизм мен терроризмнің елімізге қаупі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Экстремизм мен терроризмнің елімізге қаупі.

Класы: 10 б

Мақсаты: оқушыларға діни экстремизм туралы білім беру, теріс діни ағым дегеніміз не екендігін тренингтер арқылы жеткізу, діни сауаттылықты қалыптастыру.
Әдісі: семинар – тренинг
Көрнекілігі: интер белсенді тақта.
Қажетті құралдар: стикер, магнит тақта, магниттер, жіп, әдемі қорапша, сақина
Оқушыларға Экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру.

Экстремизм мен терроризмнің таралу себептері, оған қарсы әрекет түрлері жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра алдын алу шараларын жүргізу. Оқушылардың бұған дейінгі білімдерін кеңейту, тақырыпты өз бетінше меңгеру, сыни ойлай отырып, өз ойын еркін жеткізе білу, талдау дағдыларын қалыптастыру.

Оқыту нәтижесі: Оқушылар тақырыпты өз бетінше меңгере алды, экстремизм мен терроризм туралы мәлімет алып, топта жұмыс жасап қабілеттері қалыптасты, БАҚ құралдары мен ғаламтор материалдарын пайдалана отырып, өмір қауіпсіздігіне жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерін қалыптастыра білді.

Ресурстар: Видеоролик " "Менің елім - Қазақстан " видеоролигі, "Экстремизм опат болудың жолы" т. б жарнама роликтері, слайдтар, стикерлер, постер, интернет материалдары, қағаздар, оқу құралдары.

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/

Сабақтың жүрісі:

Ұйымдастыру кезеңі: (1 минут)

Салемдесу. Келген қонақтармен таныстыру.
Саламатсыздар ма, құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгін біз сіздермен кезекті тәрбие сағатымызды бастаймыз. Сабағымызды бастамас бұрын оқушылар топқа бөлініп алайық. Адамгершілік Имандылық Сенімділік болып үш топқа бөлініп алдық, сол бойынша отырамыз.

Миға шабуыл (5 минут)

Алдымен "Менің елім - Қазақстан " видеоклипін тамашалайық.
Қызығушылық ты ояту (1 минут)

Мұғалім: Сіздердің көргендеріңіз Тәуелсіз Қазақ елі. Қазіргі гүлденген Қазақстан - тұрақты экономикалық өсімі бар, қоғамдық келісім мен орнықты саяси жағдайы қалыптасқан көп ұлтты және көп конфессиялы ел болып табылады. Еліміз өзінің алдына қойған мақсаты үшін дүние жүзіндегі дамушы мемлекеттер қатарына жету жолына нық қадам басуда. Дүние жүзілік аренада еліміздің айрықша орын алуына көз тігуші мемлекеттер қатары көбеймесе азаймағанын бәріміз білеміз. Міне осындай елімізді әлсірету үшін көптеген себептер баршылық. Солардың бірі көпшіліктің санасына әсер ету. Елімізге 90 жылдардың бас кезінде бізге жат "Терроризм, экстремизм" деген сөздер ене бастады. Бұл сөздердің мағынасы қандай, неге елімізге енді? Біздің еліміз – Қазақстан Республикасы қоғам ретінде өзіне тән саяси - әлеуметтік, экономикалық және рухани жүйелерден тұрады. Еліміздегі діни ахуалдың күрделі сипат алып тұрғаны соңғы уақыттағы зерттеулерден белгілі болып отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары адамдардың ойы мен санасында әлеуметтік – экономикалық мәселелер бірінші орынға шығып, рухани құндылықтардың кешеуілдегені байқалды, Қоғамда пайда болған осы рухани бостықтың орнын басқа елдерден келген әр - түрлі діни идеялар толтыруға тырысып бағуда.

Қазіргі уақытта қоғамның, мемлекеттің ең өзекті мәселесі, ең әлсіз тұсы дін дейтін болсақ, оның

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 418 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.12.2017 2757
    • DOCX 21.8 кбайт
    • 31 скачивание
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдрахманова Айгерим Оразгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2851
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 752 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 979 человек

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

Стимулирование интереса к обучению у детей дошкольного возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Читательская грамотность у школьников

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 67 человек
Сейчас в эфире

"С понедельника — начну!.." Практическое руководство к модификации образа жизни

Перейти к трансляции