Инфоурок Другое Конспекты"Экзерсис –биге үйретудің көркем жүйесі" (теория сабағы)

"Экзерсис –биге үйретудің көркем жүйесі" (теория сабағы)

Скачать материал

Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

Балалар мен жасөспірімдер орталығының «Ырғақ» би үйірмесінің мұғалімі:

САЛКЕЕВА АИДА САРСЕНБАЙҚЫЗЫ

 

 

Сабақтың тақырыбы :Экзерсис –биге үйретудің көркем жүйесі.(теория сабағы)

Сабақтың мақсаты:

а)білімділігі :  Экзерсис    ұғымын  түсіндіру,     

б) дамытушылығы: Би және музыкалық қабілеттерін ,есте сақтау мен ықылас- назарын үйлесімді дамыту. 

IMG-20170202-WA0045.jpg в)тәрбиелік:Балаларды музыканы тыңдауға ,музыканы қабылдауға тәрбиелеу .    

Сабақтың түрі :Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ойын әдісі,сұрақ-жауап,қимылдар,бекіту.

 Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезең.

Оқушылардың зейінін қалыпқа келтіру.

Сергіту сәті\3\ минут «Шаттық шеңберін»құрып,қол ұстасайық.

 Бір-бірімізге достық тілектерімізді тілейік.

 ІІ.Оқушы білімін тексеру :

«Бұлттардан күннің көзін ашу» ойыны арқылы өткен сабақтан бір-бірімізге дайындаған сұрақтарымызды қойып, білімдерімізді тексерейік.

ІІІ. Жаңа сабақтың мақсаты :

Экзерсис –биге үйретудің көркем жүйесі ,аталмыш өнердің мәніне жету,оны орындаудың дұрыс жолын үйрету.

ІV. Жаңа сабақты меңгерту

Хореогафия сабағына қолданылатын билеу экзерсисінің жағдайы мен негізгі

ұғымы:

1.Қол позициясы –даярлық ,1,2,3.

2.Аяқ позициясы –даярлық,1,2,3.

3.EFASSE   ұғымы                                                                  

4. ARABESS ұғымы

5.EN DENORS EN DEDANS   ұғымы

 

 Экзерсис –биге үйретудің көркем жүйесі ,аталмыш өнердің мәніне жету.Экзерсис әсем есті қалыптастыруды,бұлшықет күшінің,буындардың ширақтығын дамытады ,табиғи жетіспеушіліктерді және дене дамуының жағымсыз әдеттерін  түзетуге көмектеседі .Экзерсисте бидің басты ерекше белгісі-оның әнмен байланысы .Экзерсисте аяқ қимылына еркіндік беретін аяқтың айналуының дамуының маңызы зор .Экзерсистің французша терминологиясы хореографияда медицинадағы латын тілі сияқты қабылданған ұғымдар:

-PLIE (отыру);

-BATTEMENT TANDU (аяқты еденде созу);

-BATTEMENT GETE (созылған аяқты жіліншік ортасының биіктігіне дейін көтеру)

-BATTEMENT FRAPE(қимылдап тұрған аяқты бүгу және тірек ретінде толарсаққа орналасу, одан кейін шапшаң түзелу);

-BATTEMANT FONDU

-VII. EFASSE(дене бір иықпен алға қарай,ал,3,5позициясында аяқ айқаспайды);

-ARABECG(испанша-араб стилі-геометриялық немесе өсімдік оюы);

-EN DEONORS(бұраулы аяқ);

-EN DEDANS(аяқ қозғалысының қалпы)

 

І позиция –өкше бүгілуі,аяқ ұшы бойымен екі жаққа бағытталады ,екі табан тік сызық тәріздес болады.

ІІ позиция –аяқ бүгілуі,аяқ ұшы екі жаққа бұрылады .Бір аяқтың өкшесі табанының ортасына қойылады. Тамаша балалар,екінші қол позициялары

Қол позициялары : Даярлық позиция .Шынтақ пен білекте дөңгеленген қол төменге түсіріледі .Алақан жоғары қарайды ,саусақтар бір-біріне тимейді.Қол денеге тимей тұрады және алыста тұрмауы қажет.

І позиция .Шынтақ пен білекте дөңгеленген қолдар шамамен диафраграма биіктігінде тұрады(алдындағы дөңгелек затты құшақтап тұрғандай).Алақан денеге қарайды ,шынтақ төмен түспейді .

ІІ позиция .Қолдар екі жаққа жіберіледі (тұйық деңгейінен төменірек )және дененің алдына қарай тұрады.Шынтақ кейін қарайды және төмен түсіп тұрмауы қажет.Алақандар алға қарай созылады.

ІІІ позиция.Қолдар шынттаққа қарай дөңгеленіп ,басты көтермей төмен қарап тұрғанда алақанды көтере алатындай болу керек. 

Қазақ экскерсисі-халық биі қимылдарының тұрмыстағы ерекшеліктері мен ұлттық құндылықтарды сақтау мақсатында құрылған жаттығулар топтамасы .Ол аяқ,қол,дененің халықтық қимылдарының негізінде құрылған .Классикалық экзерсиске қарағанда ,қазақ ұлттық тренаж арқылы қол мен аяқтың қозғалысы өзгереді (табаннан аяқтың керілуінен өкшеге және аяқтың ұшына ,ал қолдарының саусақтары табанының қозғалысын жақсартады).Хореография сабағында қолданылатын қазақ экзерсисінің элементтері: «Өкше қадам»-шапшаң жүріс;Аяқ тастау-аяқтың тез бүгілуі;Ырғақ –тербетілу;Қошқар мүйіз- қошқардың мүйізі тәрізді қозғалыс.

Қолдың негізгі қалыптары :Дөңгелек солярий шеңбері;Оймақ-оймақ тәрізді ;Тәжім-әйелдің иілуі; Сәлем ер кісінің иілуі;Қомдану –қыранның самғауы ;

Қызғалдақ –қызғалдақ гүлі ;Белдеме-қол белде тұрады .

Экзерсис  элементтерін,түрлі би қимылдарын орындаған кезде қимылдауға қызығушылықтарын туғызу ,музыка мен қимылды олар үшін әдеттегідей ,табиғи түрде байланыстыру, музыкалық сүйемелдеу ретінде Бетховен(1770-1827) ,Шопен(1810-1849,Глинка(1804-1857Делиб(1836-1891),

Чайковский(1840-1893;Шостакович(1906-1975),Прокофьев(1892-1953),сияқты әлемдік классик компазиторларының музыкалық шығармаларының үзінділері қолданылады.Хореография саласы бойынша классик композиторларының музыкалық шығармашылығы жаңа мәнерлі құралдарды табуда мықты күш болып табылады .Классикалық музыкадан басқа балаларға арналған танымал музыкалардың үзінділері ,халықтық шығармалардың өңделген үзінділері, Қазақстан композиторлары Брусиловский,Ерзакович,Меңдіғалиев және т.б.шығармаларынан үзінділер қолданылады.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

V.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру:

 «Ұшқыр ойдан –ұтымды» жауап  ойыны арқылы   сұрақ-жауап

1.Экзерсис элементтерін,түрлі би қимылдарын орындағанда музыкалық сүйемелдеу ретінде қандай әлемдік классик компазиторларының музыкалық шығармалары қолданылады?

2.Қандай Қазақстан компазиторларының шығармаларынан үзінді қолданылады ?

3.Хореография сабағында қолданылатын қазақ экзсерсисін элементтерін ата?

4. Хореография сабағында  қолданылатын билеу экзерсисінің жағдайы мен негізгі ұғымы  қандай? (түсіндіру)

 VІ.Жаңа сабақты бекіту:

Классикалық экзерсистің позицияларын музыка сүйемелдеуімен станок бойында  бірге  қайталап орындаймыз .Тамаша балалар, бүгінгі сабақты өте жақсы меңгеріпсіңдер!

 

Бағалау

 

 

Кері байланыс

Балалар ,бүгінгі өткен сабағымызды қорыта отырып,біздің алған әсерлерімізді білдіру үшін стикерлерге  әркім өз ойларын   жазып қалдырамыз.

VІІ.Үйге тапсырма :

  классикалық экзерсис позицияларын қайталау

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Экзерсис –биге үйретудің көркем жүйесі" (теория сабағы)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 985 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2017 1664
    • DOCX 234 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джелдикбаева Гулжан Серикбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 264429
    • Всего материалов: 90

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой