Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Ел болашағы -білімді ұрпақ"(6 сынып

"Ел болашағы -білімді ұрпақ"(6 сынып

Скачать материал





Тәрбие сағаты:



«Ел болашағы - білімді ұрпақ»

























Мұғалімі: Б.Т.Акмурзинова.

Сыныбы: 6 «А»

2016 жыл.



Тәрбие сағатының тақырыбы: Ел болашағы - білімді ұрпақ.


"Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз".
(А. Байтұрсынұлы)


Тәрбие сағатының мақсаты: Биік шыңдарға біліммен.
Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірлеріңді тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға үйрену.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтау
Сабақтың көрнекілігі: слайд - шоу
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі,
ағылшын тілі, математика, тарих,
бейнелеу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
а) 1 - айналым «Бәйге»
ә) 2 - айналым «Дода»
б) 3 - айналым «Жорға»
4. Қорытынды.

1. Кіріспе сөз.
Оқысаң — озарсың, Оқымасаң — тозарсың.
Білімдіні бала болса да, аға деп біл.
Адамның көркі киімі емес, білімі.
Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымдап айтуға еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға, өзгенің пікірін тыңдап, бір - бірін құрметтеуге үйренуіміз керек. Топтағы оқушылар түсінбегенін бір - бірінен сұрап, сөйлемеген оқушыны сабаққа қатыстыру, жұмыс істеу нәтижесінде өзінің және топтағылардың намысын қорғау, бірлесіп еңбек ету, шешім қабылдау сияқты кұндылықтармен бірге, күнделікті сабақтан хабардар болып отыруға тиіссіздер.
Сендер саналы, білімді азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші парыздарыңыз не деп ойлайсыңдар?
1. Білім алу.
2. Отанды сүю.
3. Ана тілін сүю, құрметтеу,
4. Ұлт жанды азамат болу.
5. Атамекенді, туған жерді сүю.
6. Денсаулығы мықты азамат болу.
— Өздерің айтқандай, туған жерін, ата мекенің, тілін, дінін сүйіп, жақсы білім алып, халқына адал қызмет еткен кімдерді білесіңдер?
Отан намысын қорғаған Әлия, Мәншүк сынды әпкелерімізді, ел Тәуелсіздігі үшін жас жандарын пида еткен Қайрат. Ләззат. Сәбира, Ербол тағы басқа аға - апаларымызды білеміз.
2. «Дарабоз» зияткерлік ойыны
І – «Бәйге»Әр бала бір сұраққа тез жауап
береді. (он бес сұрақ беріледі, әр жауап - бір ұпай.)
І- топ.

1. Білім күні қай күн?
2. Бес қаруды ата.
3. Еліміз Тәуелсіздік алған күні?
4. Жеті қазынаны ата
5. Бейнеу ауданының әкімі кім?
6. Үш қуатты ата.
7. ҚР - ның рәміздерін ата.
8. Төрт кітапты атап бер.
9. Желтоқсан құрбандары кімдер?
10. ҚР - ның ата заңы қашан қабылданды?
11. Бес жаратылысты ата
12. Астананың туған күні?
13. Үш көзді ата
14. Күн көзі жылына неше рет шығады?
Жауаптары:
(1 - қыркүйек)
(Садақ, Мылтық, Найза, Қылыш, Айбалта)

(1991ж. 16 желтоқсан)
(Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)
Басшы Әзірханов.
(Ақыл қуат, Жүрек куат, Тіл куат)

(Әнұран, Елтаңба, Ту)
(Тәурат - Мұсаның кітабы, Зәбур - Дәуіттің кітабы, Інжіл - Исаның кітабы, Құран - Мұхамедтің кітабы)

(Қайрат. Ләззат. Сәбира, Ербол)
(1995ж. З0 тамыз)
(Күн, ай, жұлдыз., күндіз, түн)
(6 – шілде)
(Су анасы - бұлақ. Жол анасы - тұяқ.
Сөз анасы - құлақ)
(365 - 366)

ІІ- топ.

1.Денені өлшейтін құрал (градусник)
2. Адамдардың қатынас құралы (тіл)
3. Қан соратын жәндік (маса)
4. Өсімдіктің мүшелері (жапырақ, сабақ, тамыр, гүлі, тұқымы)
5. Ұзындық өлшем бірлігі (км,м, дм, см, мм)
6. Біздің туда не бейнеленген – Ұлттық ою қошқар мүйіз, қыран бүркіт , күн 
7. Қазақтың ең бірінші ұшқыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 
8. Абылайханның шын аты (Әбілмансұр)
9. Қазақтың атақты суретшісі (Ә.Қастеев)

ІІІ- топ

1. Мемлекеттік рәміздерді ата - Әнұран, Елтаңба, Ту 
2. 
Әнұран қандай жағдайда орындалады – салтанатты жиындарда 
3. Есту мүшесі не - құлақ
4. Үш биді ата - Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би 
5. Күйді орындайтын адам кім - күйші 
6. Периметрді қалай табамыз - барлық қабырғаларын қосамыз 
7. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін кім жазған - Ыбырай Алтынсарин 
8. Балды жақсы көретін аң – аю 
9. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе – надандық, еріншектік, залымдық.
10. Жас күнінде суретші болуды армандап, кейін белгілі балалар жазушысы болған кім? – Б. Соқпақбаев 


ІІ – «Дода»Жұмбақтың шешімін тауып, үш тілге аударып айтыңдар. Әр жауапқа 5 - ұпайдан 15 ұпай беріледі.
1. Қабат - қабат қаптама, Ақылың болса аттама. (кітап - книга - bооk )
2. Жеті Қазынаның бірі, Адамды қорғап жүретін досы(ит - собакa - dog).
3. Жүз теңгең болғанша, Жүз..... болсын. (дос - друг - friend)
4. Тұмсығымен қозғалар,
Соңынан аппақ із калар.(бор - мел - chalk
5. Тіс жоқ өзінде, Сөзі бар ізінде.(қаламсап - ручка - реп)
6. Сағат сайын қағылады, тек мектептен табылады. ( қоңырау - звонок - bеІІ)


III - «Жорға»Ұяшықтардың ішінде Қазақ тілі мен әдебиеті,


Математика, Тарих пәндерінен сұрақтар берілген. Әр пәндерді кезегімен таңдай отырып ұяшықтағы сұрақтарға жауап береміз.

Қазақ тілі мен әдебиеті
1. Жылдың төрт мезгіліне де өлең шығарған ақын (Абай Құнанбаев)
2. Қазақ тілдің тіл байлығын, сөз мағынасын зерттейтін сала (Лексика)
3. Синоним мен антонимнің айырмашылығы қандай?
4. Әуес көріп жүгірген жас балалар
Беті - қолы домбығып үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы,
Бет қарауға шыдамай теріс айналды. (Абай Құнанбаев «Қыс»)


Математика
1. Екі жарым таяқтың неше ұшы бар? (6 ұшы бар)
2. Әсем поездің басынан есептегенде 7 – вагонға отырды. Әлкен поездің соңынан есептегенде 7 – вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған? (Поезда 13 вагон болған)

3. Вазалардың біріншісінде 6 өрік, екіншісінде 21 өрік, үшіншісінде 9 өрік бар. Өрікті вазадан вазаға 2 рет қана ауыстырып, қалайша теңестіруге болады?(12 өріктен бөлінеді)
4. Отбасында төрт бала бар. Олар 3 жаста, 5 жаста, 9 жаста және 15 жаста.
Арай мен Еңліктің жастарының ең кіші ортақ еселігі Сағидың жасына тең. Меруерттің жасы Еңіліктің жасына еселік сан. Кім неше жаста?
(Арай 3, Еңілік 9, Сағи 15, Меруерт 5 жаста)


Тарих
1. Әлия Молдағұлова соғыста кім болып шайқасты? (мерген)
2. Қазақтың даңқты ұшқыш қызы кім?(Хиуаз Доспанова)
3. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды? (97)
4. Соғыс жылдарында қанша Қазақстандық майданға аттанды? (1млн. 200мың)

Қорытынды. Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларынашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылыөткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді"Ақыл
жастан, асыл тастан" деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткендіктенайтқан
 болар. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық.Қоғам талабына сай өз тілінсүйетін, көп тілде еркін сөйлей білетін білімді, өнерлі, ақыл -парасаты
мол азамат болып өсейік.
















Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ел болашағы -білімді ұрпақ"(6 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 781 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.03.2016 1639
    • DOCX 48 кбайт
    • 19 скачиваний
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Акмурзинова Бакыт Тугельбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34233
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой