Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыЕл еңсесін көтерген - Елбасы

Ел еңсесін көтерген - Елбасы

Скачать материал

Мынжасарова Гулсин Алмахановна

Жамбыл облысы Шу ауданы Қонаев ауылы

Төле би атындағы орта мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі

 

 

Ел еңсесін көтерген - Елбасы

 

                                                Президент дегеніміз – өз елінің тәрбиелі тұтқасы.

                                                                                                (Ж. Аймауытов)

 

         Осыдан жиырма үш төрт жыл бұрын егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің, яғни қазақ халқының аңсаған арманы еді.

 Жер бетінде елінің тәуелсіздігін, халқының бостандығын ойламайтын жұрт жоқ шығар. Бұл тәуелсіздік – біз үшін басқа қонған бақ, астыға тиген тақ. Бақты бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болуы керек. Бұл – ежелден келе жатқан өмір заңы. Осыған байланысты ата тарихты ақтарсақ, ежелден ел басқарған ер жүрек батыр бабаларымызды, ұлы хандарды кездестіруге болады. Күллі қазақ халқын өз туының астына жинап, үш жүздің басын қосқан Абылай ханды, елінің азаттығы үшін аянбай қан мен тер төккен Кенесары атамызды айтсақ та жеткілікті болар.

    Қазақстан - өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар құдіретті ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен. Тарихқа үңіле отырып: «Кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз?» - деп ойлансақ бұл - туған елінің, халқының өткені мен келешегіне көз жіберген әрбір азаматтың жүрек түкпіріндегі сөзі. Қазақ елі тәуелсіз болса деген арман ұшқын шашса, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Қазақ елінің жиырма төрт жыл жыл тұтқасын ұстап, туын көтерген тұрлаулы да тұғырлы тұлғасы – тұңғыш     Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. Ұлы даланың тағдыр-тарихын барлық дем тынысымен түсініп, елінің ендігі тарихын сол ұлылар рухында одан әрі жаңғырта, жасарта алып кететін ер, көзсіз батыр, тап-таза ар - намыстан жаралған қайтпас-қайсар қайраткер, елін басқарып, қос батырдың ісін істей алатындай ерекше тұлғаны тап басып таңдап, тағдырын қолына бергенінде жаза басып жаңылған жоқ еді.

Тұңғыш президент-қай мемлекет үшін де даусыз тарихи тұлға. Қазақстан Республикасының дамуы,ұлттық қауіпсіздігі және де мемлекеттік басқару жүйесі бар ұлттық мемлекетіміздің қалыптасуы мен еліміздің күллі әлемге танылып үлгеруі Назарбаев есімімен тығыз байланысты.

   Тарихтың тағдыр-талайы шешуші сәтінде мемлекет басына келіп, шексіз ұлтжандылықпен рух биіктігін көрсетіп, елін өрлеу мен гүлдену жолына түсіріп, іркілмей бастап келе жатқан ізгі жан туралы жылы лебіздерді көптеп келтіруге болады. Соның бірі Ресейдің байтақ бір өлкесін билеп, халқының құрметіне бөленіп отырған қандасымыз Аман Төлеевтің айтқаны да айрықша көңіл бөлерлік. Ол: «Нұрсұлтан Назарбаев өте көреген, әріден ойлайтын саясаткер. Ол жігерлі әрі айбарлы адам. Мен оның көрегендігін ұнатамын. Ол шебер шахматшы секілді, бәрін де алдын ала есептеп, нағыз жүрістерді таңдай алады», - деп әділ бағасын берген.

 Президент боламын деген кісі ақылы мен қайратын, жігерін, ірі саясаткер талантымен, ел басқару ісіндегі мол тәжірибесімен ұштастыра отырып, елдің бірлігі, халықтың тыныштығы, мемлекеттің тәуелсіздігі мен қадір-қасиетінің артуы үшін еңбек етуі шарт. Нұрсұлтан Назарбаев бұл шарттардан мүдірмей өтті, ол елдің, мемлекеттің ақыл-ойын байытуға, абыройын асыруға, ар - ожданын ардақтауға қызмет етті және қызмет етіп келеді.

        Мәселен, Қазақстан Республикасы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сара басшылығымен демократиялық құндылықтарды құрметтеу, ашық қоғам құру, адам құқын қорғау мен сөз бостандығын өркениет өрісіне сай қамтамасыз ету салаларында ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға жетті. Еліміздің экономикасын көтеріп, халқымыздың әл-ауқатын арттыру, саяси реформалар жүргізіп, басқарудың тиімді тетіктерін қалыптастыру бағыттарында да қомақты шаруалар атқарылды.

   Республикамыз қазірге дейін бірқатар халықаралық ауқымды шараларға бастамашы болып үлгерді. Әлемдік, өңірлік деңгейдегі құрылымдарды өмірге әкелудің көш басында жүрді. Ел ішіндегі этносаралық татулық пен дінаралық келісім үдерістері өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеге көтерілді. Дүниежүзілік, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы күш - жігеріміз де халықаралық қоғамдастық тарапынан оң бағаланып келеді. Жер шарының көптеген мемлекеттерімен тек достық, ынтымақтастық тұрғысында қарым-қатынас орнаттық.

 Кеңес өкіметінің құлаған сарайын күреп тастап, ата-бабамыздың ақбоз үйін тіге қою Оңай болған жоқ. Елбасы егемендігіміздің алғашқы күнінен бастап, жатса-тұрса ойлайтыны да, айтатыны да көп ұлтты еліміздің тыныштығы мен бірлігін сақтап қалу болды.

   Халықты аштыққа, жалаңаштыққа ұрындырмай, қиын өткелден алып шығуының бірден-бір жолы - шет елдердің қаржысын Қазақстанның экономикасын өркендетуге жұмсау, өзіміздің теңгемізді тұрақтандыру, дамыған елдермен байланыс жасап, жер бетінде Қазақстан атты мемлекеттің барын таныту болды. Өтпелі кезең қиыншылықты болғанмен, мемлекеттің алдындағы өзекті мәселелерде Елбасы бірден-бір баянды бағыт ұстанды. Мемлекеттің қоғамдық-саяси ахуалының тұрақтылығын қалыптастыруды бұрын-соңды болмаған жетістікке жетті. Жаңа басқару жүйесі, оның басқарушы, бақылаушы және атқарушы органдары мен институттары құрылды. Қазақ елінің территориялық тұтастығының, біртұтас мемлекеттігінің заңды негізі қаланды.

    Ел егемендігін алысымен, БҰҰ-ға мүше етіп енгізді. Қазақстан осы күннен бастап және жер жүзіндегі жүзден астам ел таныған Егемен ел болды.

 Президентіміздің ел тәуелсіздігінен кейін ең бір батыл, шешімі - астананы Ақмолаға көшіруі. Қайда жүрсе де, кіндік кесіп, кір жуған туған жерін ойлаған азамат оның ертеңгі өмірін де қамдап ойлайды. Астананы Алатаудың бауырынан Арқаға ауыстыру оңайға түскен жоқ. Арқа төсіне қоныс аударған Елордаға бақ пен дәулет тілегенЕлбасы: «Бұл болашағымызға керек, қызығын келер ұрпақтар көреді»,- деген болатын.

Иә, ел басқарудағы Абылай мен елбасы арасындағы кемеңгерлік, қайраткерлік бір-бірімен сабақтасып жатыр. Тұс-тұстан ашкөзденіп анталап тұрған алпауыт көршілерді Абылай хан сұңғыла саясаткерлігімен қазақтың табалдырығынан аттатпағаны бүгінгі Елбасымыздың дипломатиялық қайраткерлігіне ұштасып астасып жатқан жоқ па? Тарихи тәлімнен сабақ ала білген Елбасының даналығында да өткенмен сабақтастық тұнып тұр. Сондағы жылдан соң қолымыз жеткен азаттықты, тәуелсіздікті аласала, Сарыарқа төрінен ұлттығымызға ұлы шаңырақ көтеру – тұңғыш Президентіміздің кемеңгерлігі, көрегендігі.

   Міне, осының барлығы айтуға ғана оңай, атқарылуы нар түйенің жүгіндей ауыр жұмыстар екенін айтпаса да түсінікті. Дегенмен, осы бастамалар мен істердің бәрінде де  Қазақстан Республикасы абырой биігінен көріне білді. Үлгі етіп ұсынған жаңашыл идеяларымыз бен іс - қимылдарымыздың халықаралық қоғамдастық тарапынан танылып, оң

 бағаланғанының жарқын бір көрінісі – туған Отанымыз табалдырықтан енді ғана аттаған 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше 56 елдің қолдауымен аталған беделі биік халықаралық құрылымға бірауыздан төраға болып сайланды. Отанымыздың ЕҚЫҰ-ға бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының Орта Азия мемлекеттерінің және біртұтас мұсылман әлеміндегі елдердің арасынан топ жарып, алғаш

 төрағалық етуі де мақтануға тұрарлық жайт.

    Нұрсұлтан Назарбаев-халқының жағдайын тереңінен түсінетін,замана ағымын жіті ойлайтын,әлемнің озық тәжірибесін ұтымды пайдаланып,оны ата-бабамыздан қалған асыл өнегемен әдемі ұштастырып келе жатқан озық Елбасы.Сонымен қатар,әлем мойындаған,жаһанға атағы таралған,қазақ елін әлемге әйгілі етіп жүрген бүгінгі заманның көшбасшысы,туған халқының Бәйтерегі,Көсемі,Кемеңгері.Елінің аманатын арқалаған тірегі,алтын діңгегі.

Тәуелсіздіктің бастауында болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел ертеңін де айқындады. Елбасы. Ел тәуелсіздігі. Ел ертеңі. Үш сөз. Бір біріне етене жақын, бір-бірін толықтыратын, өзара сабақтас сөздер. Тәуелсіздік десек, ең алдымен оның бастауында болған, оны нық сеніммен алға апарған, тәуелсіз ел мемлекеттілігінің негізін қалаған Елбасы ойға келеді. Елбасы десек, қиын-қыстау кезеңде елді басқарып, оны бар қиыншылықтан алып шығып, бүгінгі өркенді дамуға жеткізген Елбасы мен Ел ертеңі тағы да алдымыздан шығады. Ел ертеңі де өз халқы Елбасы деп атаған Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басшылығын одан әрі қолға ұстауымен байланыстырылады.

   Өзіміздің ел тәуелсіздігінің тарихы және Елбасының ел егемендігіндегі рөлі жөніндегі ойымызды қорыта айтқанда, аз ғана уақытта Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен елімізде экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және саяси түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылғандығын бөле-жара атап көрсету қажет. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Елбасы белгілеген және батыл жүргізген бағыт өзін-өзі ақтады және алдағы уақытта да өміршең болатындығын дәлелдеп отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізген бұл саясаты мен бағыты қазіргі уақытта «Қазақстанның даму жолы» ретінде дүниежүзі қауымдастығынан мойындалды. Қазақстанның Тәуелсіздігі мен Елбасы еңбегінің бір-бірімен тығыз ұштасып жатқандығын, олардың бір-бірімен ажырағысыз егіз ұғым екендігін ақиқат есебінде тарих алдымызға тартып отыр. 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ел еңсесін көтерген - Елбасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 874 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.09.2015 1296
    • DOCX 47.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мынжасарова Гулсин Алмахановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8976
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и философия науки: теория и методика преподавания при подготовке кадров высшей квалификации

Преподаватель философии науки

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Курс повышения квалификации

Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 416 человек

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление и менеджмент в спортивной сфере

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек