Инфоурок Музыка Другие методич. материалы"Ел үмітін ер сақтар" ұлы жеңіс күніне арналған

"Ел үмітін ер сақтар" ұлы жеңіс күніне арналған

Скачать материал

Сариева Гулжайнар

Батыс Қазақстан облысы

Жәнібек ауданы

Қамысты ауылы

Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ

Музыка пәні мұғалімі


Ұлы жеңістің 70 жылдық мерей тойына арналған 
«Ел үмітін – ер ақтар,
Ер есімін – ел сақтар!» атты іс – шара.
Мақсаты: 
1.
Оқушыларға отты жылдары Отан үшін от кешкен, жандарын пида еткен ерлерімізді құрметтеуге, олардың рухына тағзым етуге тәрбиелеу.
2.Еңбекшіқазақ ауданынан шыққан Ұлы Отан Соғысына қатысқан 8 батырдың өмірбаянымен, ерлік істерімен таныстыру.
3.Оқушылардың патриоттық сезімін оятуға және елін, жерін қорғауға оны сүюге тәрбиелеу. 
Көрнекілігі:
1.1941 жылғы 22 маусым күнгі соғыстың басталуын хабардар ету.
2. Көрініс.
3.Қанатты сөздер. 
4.Интерактивті тақтада Ұлы Отан Соғысының батырлары туралы слайд

Енді қайтып соғыс өрті болмасын
Қыршындардын өмір гүлі солмасын
Аналардың ақ жүрегін әрқашан
Бүкіл әлем қамқор болып қорғасын
Ежелден-ақ қаhарман қазақ халқы,
Елді қорғау айбынды ата-салты.
Жеңістің жетпіс жылдық мерейіне,
Ерлерді еске алайық артсын даңқы!

Қаhарлы қырық бірдің жазы келді,
Жаhанда жойқын соғыс тарихқа енді.
Фашистік індет жайлап жердің жүзін,
Отанға басқыншылық қауіп төнді.
Шығыстан таң шапағы жаңа біліне бастаған кез.Еңбек адамдары қанмен қаперсіз ұйқыда. Кенет батыс жақтан қызылды – жасылды оттар шекараға тақап, ұшақтар гүрілдеп ұшып келеді. Бұл 1941жылдың 22 маусымы еді. 
Көрініс:
22 маусым күні сағат: 8.00 – де ауыл тұрғындарының ауыл радиосынан Левитанның соғыс туралы хабарын есту сәті.

  

Осы сәтте залдың сол жағынан қыз 2 бақырымен су көтеріп келе жатады, ал жігіт залдың оң жағынан шығып қызбен амандасып, бақырын қолына алып екеуі әңгімелесе келе жатады. Есік алдында 2 апа әңгімелесіп отырады, ал балалар асық ойнап жатады. 
Кенет радиодан: «тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва!1941 жылы 22 маусым сағат: таңғы 4.00 – де фашистік Германия тұтқиылдан елімізге басып кірді».
2 бала: асық ойнап жатқан балалар, ести сала үйіне кіріп, әкесіне соғыс басталғанын айтады. 
1 бала: Әке, әке, әке...
2 бала: соғыс басталды, соғыс...
Әкесі: Не дейді, қайдан естідіңдер?
1 апа: «Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық-ай енді қайттық? Күніміз не болар екен?»
2 апа: «Қойыңдар жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?»
Әкесі:
Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер
Ер басына күн туса, 
Етігімен су кешер – деген бар емес пе, жыламаңыздар, жастарыңызды тиыңыздар!
Мен барып біліп келейін.

Музыка қаттырақ қойылып, әйел қауымы ортаға жиналып, сөйлесуде. 
Ал залдың оң жағынан жігіттер тобы шығады. Музыка бәсеңдетіледі.
1 апа: Ал енді қарақтарым, Отанымызды, жерімізді, ұрпақтарымызды қорғау сендердің қолдарыңда. Жаудың бетін қайтарып, жеңіспен оралыңдар!
1 жігіт. Әйел, бала – шағаларымыз, ауылымыз сіздерге аманат. Көріскенше сау – саламат болыңыздар.
Осы кезде жігіттер сапқа тұра қалады.
Ұран: Отанды біз қорғаймыз,
Жаудың алдын ораймыз!
Бәрі: Отан үшін алға! Ура, ура, ура. 
Әйелдер, қыздар көз жастарын сығып, қолдарын бұлғай қала береді.
Соғыс осылай басталды. Фашистер соғыс ашуға сақадай сай дайындалған.Олар соғысқа 190дивизия, 500 ұшақ,3700 танк, 50 мыңдай қару –жарақ, пулемет, минамет және 5,5 миллиондай әскермен тұтқиылдан басып кірді.
Ұлы Отан Соғысына Қазақстаннан 1 миллион 200 мың адам қатысты.Олардың 400 мыңы әйелдер еді. Соғыс кезінде Отан үшін, ел үшін талай боздақтар жанын пида етті. Олардың көпшілігі 17-18 жастағы өрімдей жастар еді.Басым көпшілігі ұлы жеңісті көре алмай кейінгі ұрпақтын бақыты үшін жат жерде көз жұмды. Соғыс жылдарында елде қалған қариялар мен аналар, бота тірсек балалар, күн демей,түн демей ашқұрсақ күйлерінде арпалысып еңбек етті.
Соғыс кезінде Қазақстаннан барған 500 жауынгерлер мен офицерлер, оның ішінде 100 ден астам қазақ ұлтының азаматтары Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атаққа ие болды. 
Бекзат: Ал, аттан, дос –бауырлар Отан үшін 
Тасқындап күннен күнге қайрат күшің
Соққы бер, соққы үстіне, жайрасын жау
Жеңгенін көрсін әлем әділ істің.

Ал қане, аттан қазақ, аттан қазақ!
Тұнжырып төнді басқа қатерлі шақ 
Дауылы зор майданның тұрып тағы 
Жатқан кез жер солқылдап, көк дуылдап.

Төрт бұрышын сонау шалғай Европаның
Өрт қаулап, тұншықтырып басқан жалын
Өмірдің арсыз өскен албастысы
Салып тұр бейбіт елге бар лақын.

Айнұр : Қарасаң Европаға көз жіберсе
Ыңырсып қара көзін бір төңкеріп
Күнәдан жаны таза жас адамдар
Майданның даласында жатыр өліп.

Түксиіп қаптаған жау қара бұлттай 
Тіресіп тұра алмады қара бұлттай 
Қорғауды әділ байтақ мекеніңді
Жат жерде маңайына жан жуытпай.
Ән: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген». (Орындайтын Оспанова Мадина)

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті көрермен қауым, ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! 9 сәуір  – 9 мамыр аралығында Отан қорғаушылар күні мемлекеттік мерекесі және Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге арналған «Патриот» айлығы барысында оздырылғалы отырған «Ел үмітін – ер ақтар,
Ер есімін – ел сақтар!
» атты патриоттық ән байқауын ашуға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші:

       Сіздерді келе жатқан 9 мамыр Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймыз. Жанұяларыңызға қуаныш, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз.
Келесі
құттықтау сөзді мектеп директоры және аудандық маслихат депутаты Тоқтаным Төлешқызына береміз.
1-жүргізуші:

Енді әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Есенова Еркінг
үл Хайдарқызы – биология пәні мұғалімі

2. Исалиев Айбек – ауылымыздың жас әншісі.

3. Салтанат Мұхтарқызы – ауылдық мәдениет үйінің директоры
Бай
қауға әннің орындалу шеберлігі ескеріледі. Жоғарғы ұпайы -10
Т
өменгі ұпай – 5
Бас ж
үлде, І, ІІ, ІІІ орын белгіленеді.
2-жүргізуші:

Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,
Ән шырқап, би-билеуден қашпайық біз.
Ал енді сіздер р
ұқсат етсеңіздер,
Сонымен кешімізді бастаймыз біз.

Та
ңданайық өнерге тамсанайық,
Биші
қыздар ортада қарсы алайық.
Шабыттансын, к
өңілі көтерілсін
Өнерліні мадақтап жар салайық.

Би: «Синий платочек». Гүлзар бишілер тобының орындауында. Қол соғып, қошеметтеп, қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:
«Жылнамаларда халық тарихының тек драмалық сәттері, соғыстар ғана қамтылады. Бейбітшілік тарих жадында ұзақ сақталмайды», - деп Олжас Сүлейменов айтып өткендей, қазақ мемлекетінің тарихын таразылап отырсақ, әр парағы қанмен жазылған.Алайда Қаз дауысты Қазыбек бидің тілімен сөйлесек:
«Төрімізден құт береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Туырлыққа – ту іліп,
Қыннан қылыш суырып,
Көк найзаның ұшымен күдері үкі таққан елміз»,
- деген.

2-жүргізуші:
Ауданымыздан сонау 1941 жылы сұрапыл соғыс алаңына 6 000 – ға жуық майдангер аттанды. Оның ішінен ерен ерлік үлгісін көрсетіп, Кеңес Одағының батыры атанған Рақымжан Тоқатаев, Қашаған Жаманғараев, Төлен Кенжебаев, Жүнісбай Қайыпов, Әлікбай Қосаев, П.В.Вихрев және Ыбырайым Қалдыбаевтың ерліктері жайлы айтпақпыз.
Динара: Қар жамылған кең дала қанға бөгіп,
Гүрілдейді сұр аспан өлім төгіп.
Жаса қазақ мұрттай ұшты уралап,
Жанын қиып кете алмай жас өмірден
Асқақтаған арманға өрмелеумен
Жас қазақ жатты көзі от жайнап
Сол бетінде жан берді, ол тұрмады,
Ары үшін елінің боп құрбаны 
Жас қазақ атылады оқтай көре сап
Ел қорғаған заманда жас арыстан
Төлегендей артыңа қалдыр дастан 
Жас қазақ жатты жауын жаныштап.
Ән:

Азамат: Менің атам - Шатеков Есентай

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Қамысты ауылында 1914 жылы 1 наурызда дүниеге келген.

  1942 жылы мамырда майданға шақырылып, 340 – атқыштар батальонына, одан кейін Сталинград майданы 16-артиллериялық полкіне жіберіледі. Осы соғыста жараланып, Сочи қаласындағы госпитальға түседі. Емделгеннен кейін 38-батыс атқыштар дивизиясында болып, соғыстан кейін елге аман оралды.

Наградалары:

1.     «Орден Отечественной войны ІІ степени»

2.     «За освоение целенних земель»

3.     «20,30,40 лет победы в ВОВ»

4.     «70 лет Вооруженных сил»

Нұртілек:  «Біз отанның солдатымыз! – деп шырқап,
Тұрдық біздер көк дауылдай күй бұрқап.
Көкке ұшты да ұлы мұхит тасқыны,
Жаһан тұрды тыны қарап таңырқап».
Біз Отанның солдатымыз, тыңда жер!
Жерді зират етем десе жау егер
Адамзаттың аманатын ар тұтқан
Біз,біз – адал дүниеге мұрагер.
Ән:
Жайхангир:
Менің атам - Шетимов Шәке

1917 жылы 20 сәуірде Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Қамысты ауылында дүниеге келген. 1941 жылы 20-шы тамызда соғысқа аттанды. Соғыс жылдарында 1941-1942 жылы Украина жерінде болған. 1942 жылы кескілескен шайқастан кейін ауыр жарақат алып он бір ай госпиталда емделген, денсаулығына орай ауылға қайтып келеді. Соғыстан соң Қамысты ауылында есепші болып жұмыс істеді.

     1975 жылы 68 жасында қайтыс болған.

Наградалары:

1.     «За победу над Германией»

2.     «20 лет победы в ВОВ»

3.     «30 лет Советской армии и флота»

4.     «50 лет Вооруженных сил СССР»

Азамат: Батыс бардық, Балқан бардық бөктерлеп,
Қарпат астық, Альпі аттадық көкке өрлеп.
Европаның аспанында тұрдық біз,
Кеудемізді қасиетті кек кернеп.

Жалба – жұлба жауыздықтың түлегі,
Жер жасырған, аласұрған түн еді.
Сонда біздің дауысымыз уралап,
Көктем келіп күркіреген күн еді.
Ән:

Айнұр: Менің атам - Өтепқалиев Мұқамаш

1920 жылы 15 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Тау ауылдық советінде дүниеге келген.  

Румия: Қан құйлы зұлымдықпен сеуіп уын
Отанның тартып алмақ орман, суын.
Кәрі жын айдаһардай аузын ашып
Ниеті азаттықтың жығу туын.

Қайнамас бұған қалай ыза мен кек
Дарытпай жаудың оғын жүрекке дөп.
Қалың қол селдей қаптан ұмтыламыз
Дұшпанға өзі тиген кешірім жоқ.

Ән:
Еламан: Менің атам - Еслямов Біләл

1926 жылы 20 қазанда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Қамысты ауылында дүниеге келген. 1943 жылы 17 қараша күні әскер қатарына шақырылады. Әскери міндетін Чкалов қаласында атқарып, 1945 жылы 15 наурызда соғысқа аттанады. Польша жерін азат етуге қатысқан 365-атқыштар полкінде болады. 1945 жылы Берлин қаласындағы ұрыста болып қатты жарақат алады. Кейін Подстамда емделіп, 9 мамырда елге жеңіспен оралған. 1987 жылға дейін зейнетке шыққанша шопан болып қажырлы жұмыс істеген ардагер.

Наградалары:

1.     «20,30,40 лет победы в ВОВ»

2.     «50 лет Вооруженных сил СССР»

3.     «Фронтовик»

4.     «Орден отечественной войны ІІ степени»

5.     «60 лет вооруженных сил СССР»

Хор: «Қазақстан бақытты»
Ән:
Назерке:
Жаутаңдап қарап дала тұр
Көз жасын сүртіп бала тұр
Хабарсыз ұлын сұрауға 
Жолыңды тосып ана жүр
Қанша үйде сөніп қалды оттар
Көрдің бе ұлын ананың 
Соғыстан қайтқан солдаттар?

Ән:
Арман:
Бұлт басып күңіренді 
Күзге қарсы ақ аспан
Дабыл қағып ерлер жөнелді 
Қару жарақ белге асқан.
Жиырма сегіз, жиырма сегіз – бір ғалам 
Анау жаудың танктері зулаған 
Ресей кең, Ресей кең, артымызда – Москва
Шегінуге хақымыз жоқ бір қадам!
Аттық қане, аттық қане,
Ал гранат, ал қанша
Ақтық қаның ақтық жаның 
Айқасамыз қалғанша.

Ән.
Румия
: Мұқатов Нұри

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Қамысты ауылында 1925 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. 1943 жылы 8 қаңтарда әскер қатарына шақырылады. Ұлы Отан соғысы жылдары бірінші Прибалтика, үшінші Беларус фронттарында болған. 1947 жылы ауылға аман оралған ер жауынгерлердің бірі.

Наградалары:

1.     «За победу над Германии»

2.     За освоение целинных земель»

3.     «20,30, лет победы в ВОВ»

4.     «За взятие Кенигсберга»

 

Ажар: Өлтірмек болды дұшпан баламызды 
Өртемек болды дұшпан қаламызды 
Қас дұшпан қалдық қорғап сонда біздер
Осынау қасиетті даламызды
Аямай төгіп маңдай терімізді 
Бөледік гүлге бүгін жерімізді
Шаттықпен әнге қосып жыр қыламыз
Әлемге даңқы шыққан елімізді.

1-жүргізуші:

Міне, осындай аталарымыз нағыз батырлардың батыры. Елдік жолында ерлік көрсетіп, еліне,ұлтына тыныс болған бұл біздің батырларымыз. Болашағымыз еркіндік самалымен тыныстап,бостандық таңында ғұмыр кешуіміз солардың арқасы. Аталарымыздың есімдері ұрпақ жадында мәңгі сақталатыны ақиқат. «Сыйлаған біздерге нұр таңын,
Ерлікпен бас иер ұрпағың», - дей келе 1минуттық еске алу.
Ән:
Гүлжайна:
Көз алдымда Ұлы Отан соғысы 
Жүрегімде шеккен зардап сол жылғы 
Көрмесем де көргендеймін зұлматты
Көз алдымда Отты жылдар ұрысы.

Елі үшін талай боздақ танытты ер
Батыр қыздар – Әлия мен Мәншүктер
Қорғау үшін Отан менен анасын 
Жанын берді Нүркен менен Мәлікте.
Ән:
Жанерке:
Қорғау үшін Отанымды, елімді 
Қорғау үшін Отан Ана жерімді 
Жауынгерлер күндіз –түні жан салып 
Жауды жеңіп жеңіске де берілді. 
Жеңіс, жеңіс,неткен қымбат сөз еді 
Жүрек тулап тебіреніс сезеді
Жетпіс жылдық асқарынан жарқырап
Жеңіс үні жердің жүзін кезеді.

Ән:

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс, болмасын,

Жармасын ешкім бомбасын.

Оқ болып ұшып қорғасын,

Тіршілік гүлі солмасын.

 

Болмысан соғыс, болмасын

Әлемді бақыт торласын.

Ақ қанат кептер жаһанға,

Тыныштық жолын жолдасын.

 

Жер таппай жайлар жамбасын,

Жағаламасын жар басын.

Елінен босып босқындар,

Арқаламасын дорбасын.

 

Болмасын соғыс, болмасын,

Басыңа түссе ол да сын.

Кең пейіл дархан халқымды,

Құдайдың өзі қолдасын.

 

Болмасын, соғыс болмасын,

Сұм соғыс қолын созбасын.

Тыныштық туын көтеріп,

Отынды сүйем өз басым.

 

Болмасын соғыс, болмасын,

Көк байрақ туым тозбасын.

Қолдасын алла әрдайым,

Алаштың ақ ордасын.

 

2-жүргізуші:

Отан  үшін мерт болғанды танып, біл,

Оларды әсте ұмытпайды халық бұл!

Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді

Батырладың жүрегі от боп жанып тұр!

Олар сенің таңғы шапақ, нұрың ғой!

 

Олар сенің мәңгі асқақ жарың ғой!

Мәңгі алауға жиі барып әрдайым

Бас киімді қолыңа алып гүлің ғой!

Қара бұлтқа оран басын күн көкте!

Барлық халық бейбіт өмір сүрмек де!

Отанының бақыты үшін мерт болған

Батырларды есінде ұста, құрметте!

 

Осымен байқауымыз тәмамдалды. Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.

Жеңімпаздарымыздың бағасын шығарып марапаттау дайын болғанша кезекті әнге берсек.

Ән:
Мұғалім:
Елжіремей еске алу мүмкін бе
Жетпей кеткен қанша боздақ бұл күнге 
Қалжыраған қарт майдангер ортада
Құшағыңды аш кеудеңе бас іркілме 

Отан үшін отқа оралған боздақтар 
Өткен өмір шежіресін қозқап қал 
Ұрпақтарың ұлағатын ұғынса
Жеңіс күнін мәңгілікке ардақтар.

Жеңіс осы желпіндіріп адамды
Желпіп өткен қалаңменен далаңды 
Жеңіс осы жетпістегі атаң боп 
Тыныштықты тербеп тұрған балаңды.
Хор: Жеңіс әні

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ел үмітін ер сақтар" ұлы жеңіс күніне арналған"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Дефектоскопист

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 896 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.04.2016 3066
    • DOCX 145.9 кбайт
    • 22 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сариева Гулжайнар Нурлыбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34293
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 45 регионов

Курс повышения квалификации

Методика преподавания по классу фортепиано: начальный уровень подготовки (практический курс)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 17 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в детской музыкальной школе

Преподаватель детской музыкальной школы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 14 регионов

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе