Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Ел үшін туған Елбасы

Ел үшін туған Елбасы


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


Тақырыбы: «Ел үшін туған Елбасы»

Мақсаты: 1) Оқушыларды Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге

туған жерлеріне Елбасы Н. Назарбаевтың істеген ерен еңбегіне

деген сүіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.

2) Сөздік қорларын байыту.

Көрнектілігі: Карта (физ), суреттер, топтамалар.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Мақсат қою.

ІІІ. Қазақстан Республикасының Әнұранын айту.

IV. Сұрақтарға жауап алу.


І. Қазақстан Республикасы бойынша:

1. Біздің еліміздің астанасы қай қала?

2. Біздің ана тіліміз қай тіл?

3. Біздің Елбасымыз кім?

4. Біздің Отанымыз қалай аталады?

5. Отан дегенімізді қалай түсінесің?

6. Мемлекет дегеніміз не?

7. Мемлекет болу үшін не керек? (рәмәздер, шекара, Ата заң) карта бойынша көрсету.

ІІ. Еліміз 1191 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз республика болып жарияланды. Осы күнге жету үшін талай қиыншылықты бастан кешірді.

1992 жылы Қазақстан Республикасы жоғарғы кеңесінің сессиясында Республикасы Мемлекттік рәміздерін атап шығыңдар.

  • Мемлекттік тудың авторы кім?

  • Елтаңбаның авторлары кім?

  • Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін халқымыздың көп ғасырлық арманы болып келген – азаматтықты, егемендікті, зайырлықты бейнелйтін жаңа әнұран қабылдау қасиеттегі туды, 1192 жылы Республика әнұранының мәтіні мен әніне байқау жарияланды. Байқауға қатысқан 450 жобаның ішінен атақты ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Модағалиев және ақын Жадыра Дәрібаевалар бірігіп жазған мәтін жеңіске жетті.


Елтаңба

Қатар шапқан қос тұлпар

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған жас сұңқар

Шарықтаған таза күй

Бұл таңбасы елімнің,

Едігімнің белгісі

Мұнда да бар ерлігім,

Мұнда да бар жер күші.



Әнұран

Әнұраным-жан ұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Туған жерім-сағынарым

Жүрсем егер дүние кезіп

Туымыздың, көне күннің

Даламыздың байтақ үні

Ол әнғой жүрегімнің,

Мың қайталапайтам мұны

Бақыт, бірлік-кү талабы,

Тоқтамайды дабыр әні

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам әнұраным


Біздің ту

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашан да, биікке іліп қояды

Көк аспанда қызыл күн,

Көк аспанда жас қыран

Естілгендей біздің үн,

Сол ғарыштың астынан.


Уақыт талабына сай елімізде 2006 жылы 7 қаңтарында жаңа мемлекеттік әнұранның негізі болған ән өткен ғасырдың елуінші жылдарынан бері халықтың жүрегінен ойып орын алған патриоттық ән- «Менің Қазақстаным» боатын әннің әуенін Шәмші Қалдаяқов сөзін Жұмекен Нәжімеденов жазған ұранға айналған атақты әннің сөзін бүгінгі уақыт өлшеміне үндестіріп түзетулер енгізген еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен.

ІІІ. 1992 жылы 26 қыркүйекте Дүние жүзі Қазақтарының бірінші Құрылтайы өткізіліп әлем мемлекеттерінен келген қандастарымызөз бауырларымен тұңғыш рет құшақ жайып көрісті. Осы құрылтайды Нұрсұлтан Әбішұлы «Ау, ағайындар, тәуелсіз мемлекет болдық, атамекендеріне оралыңдар, шамамыз келгенше қарсы аламыз. Мына асқар Алатау анау кең жазира дала, өзен-көлдер, теңіздер сіздердікі» деген жүрек жарды сөзін айтқанда қуаныштан шеттен келген қандастарымыздың көзінен




жас тамғаны баршаға белгілі. Содан бері міне сан мыңдаған отандастарымыз өз ата мекеніне ағылып келіп жатыр.

2011 жылы дүниежүзі қазақтарының төртінші құрылтайы Астанада өтті. Бұл игі істің тікелей бастаушысы да тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан жер көлемі жағынан 9 орында 200-ден аса мемлекет бар. Бұрын Рессейдің отарында болды. 1731 жылдан бері.

Тәуелсіздігімізді қалай алдық

1991 жылы 16 желтоқсан Неге әлем таныды?

1931-1932 жылы 6 млн. қазақтың 2 млн. 200-і қырылып қалды. Сол аштықтың зардабынан халық тарыша шашылып, Қытайға, Монғолияға т.б. елдерге өтіп кетті.

1998 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының астанасы – Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды. Астанадағы әсем ғимараттар, теңдесі жоқ құрылыс қарқыны жер жүзін таңқалдырып отыр. Осыған орай қала құрылысына өзі тікелей басшылық жасаған Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бүкіл халық Астана қаласының бас архитекторы деп мақтанышпен айтып жүр.


Астана

Талай ақын жыр еткен,

Есілдің оң жағасы

Елге әйгілі Қараөткел,

Ескі Ақмола қаласы

Ер еңбегі ақтала

Даңқы өрлеген дәлетті

Қайта туған Астана.


VI. Туған даламыздың төсін салқындатқан сұмдық соққылар туп-тура қырық жыл бойы жалғасып жатты. Сол қырық жылдың ішінде -1949-1989 жылдар аралығында қуаты әр түрлі 470-ке жуық (оның 90-ы әуеде, 26-сы жер үстінде,354-і жер астында) ядролық жарылыстар жасаған.

Жыл өткен сайын Семей полигонының арсеналы артқан үстіне арта түсті. Мұның табиғатқа, адамдар денсаулығына зардабын айтып жатудың өзі артық.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ даласындағы атом қаруына байланысты түйінді ойын былай жеткізген: «Біздің өміріміздегі ең басты орын жердің еншісі. Жер-бізді асырайтын, бағып қағатын дала. Осынау табиғи рухани бірлікті, адам мен жердің бірлігін бұзатын нәрсенің бәрі біздің түсінігімізде, біздің өмір салтымызды қайткенде де бұзады, сондықтан бұл жер бетіне боуға да тиісті емес».

Елбасымыз: «Ғалымдарды, жазушыларды, қызметшілерді, жұмысшыларды, әр түрлі жастағы көптеген басқа адамдарды біріктірген қозғалыс Семей ядролық полигонын жабу және әлемнің басқа сынақ полигондарының қызметін тоқтата тұру жолындағы күреске орасан зор үлес қосты», деп лайықты баға берген болатын.



1991 жылғы 29 тамызда Нұрсұлтан Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды. Ажал аранына өз қолымен құм құйды.





Елбасының айтқан ұлағатты сөздері

«Елдің де, жердің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»

  1. Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр.

  2. Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.

  3. Өз мемлекетіміз үшін мақтаныш сезіміне бөленіп, біртұтас отбасы сезімін сезінуге, қазір бүкіл дүниежүзі білетін республика –Туын, Елтаңбасы, Әнұранын ардақтап, құрметтеуге тиіспіз.

  4. Ел болу үшін ұлттық рух, ұлтық қасиет және ұлтқа деген сенім болу керек.

  5. Елдік те, ерлік сияқты сын сағатта танылады, Ел бірлігі-ең асыл қасиет.

  6. Тағдыр қазаққа қырын қарамаған! Жер де берген, кен де берген, ел де берген, ер де берген.

  7. Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады.

  8. Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей болу керек.

  9. Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, Қазақстан ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!

  10. Елімізге бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін ой-өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет.

  11. Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.


Нұрсұлтан Назарбаев қай жылы, қай жерде туып өскен?

-140 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданында Шамалган ауылында дүниеге келген.


Қорытынды сөз.

Біз бүгін сынып сағатында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы, яғни өз елі үшін жасаған еңбектерін біліп, таныстық.



Автор
Дата добавления 14.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров107
Номер материала ДВ-453012
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх