Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Ел болашағы білімді ұрпақта
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Ел болашағы білімді ұрпақта

библиотека
материалов

Г.А.Кемербаева

27 жалпы орта білім беретін мектеп

Семей қаласы

Шығыс Қазақстан облысы


Ел болашағы білімді ұрпақта

Мақсаты:

а)білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру.

ә)Дамытушылық:Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету.

б)тәрбиелік:Оқушыларды өз Отанын,халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа,патриоттық сезімге тәрбилеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі:Н.Ә.Назарбаевтың түрлі жанрларда түскен суреттері,өнегелі істері жайлы слайдтар, жазған кітаптары


Барысы:


I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сапқа тұрғызу

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды.


II.Кіріспе:

Мұғалім:Оқушылар елбасы еңбектерінің қандай тақырыптарын оқысаңдар да,ел экономикасын,ел тарихын,ұлт рухын,халықтың салт-санасын дүр сілкіндіріп оятатын ойлар,мол өмірлік тәжірибе,ғибратты тағылым жатқанын көре аламыз.Сондықтан да еліміздің болашақта үміт күтетін ұрпағы сендер,елбасының «Менде қазақтың елдігін,Қазақстан Республикасының мемлекеттігін нығайтудан басқа мақсат та,арман да жоқ»,-деген сертпен тең тегеурінді ойларын,елім деп еңіреген ерінің жасампаздыққа толы жан сырын,қанатты қағидаларын және өмір жолдарын біліп жүрулерің қажет деп ойлаймын. Қазақстан халқы 1 желтоқсан күні еліміз үшін елеулі оқиға - алғаш рет Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Алайда кейбіреулерді бұл мерекенің шығу тарихы ойландырары анық. Айталық, былтыр ел Парламенті 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Мұның себебі неде? Себебі тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз.

Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Сайлауға қатысқандардың 98,78%-ы жақтап дауыс берді. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Қазақстанның шынайы егемендігін қамтамасыз еткен маңызды мемлекеттік актілерге қол қойылды. Мәселен, 1991 жылдың 29 тамызында Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығы шықты. Сондай-ақ 1991 жылдың 25 қазанында Президенттің Жарлықтарымен Қауіпсіздік кеңесі және мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Оған дейін Президент «Одаққа бағынған мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды ҚКСР иелігіне ауыстыру туралы» және «ҚКСР-ның алмас және алтын қорын құру туралы» Жарлық шығарды. Қысқасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің іргетасы осылай қаланды.

10 желтоқсан күні Алматыдағы Республика сарайында Президентті ұлықтау рәсімі өтті. Нұрсұлтан На¬зарбаев республиканың көпэтносты халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын қатаң сақтауға, азаматтардың еркіндігі мен құқықтарын кепілдендіруге, Қазақстан Республикасының Пре¬зидентіне жүктелген міндеттерді адал орындауға ант берді. Одан кейінгі мемлекет құрылысының табысты жылдары Мемлекет басшысының 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан халқына берген антын тұтастай және толық орындағанын көрсетті.

Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі сол күні-ақ Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Рес¬пуб¬ликасы деп өзгертті. Еліміз бүгінде бүкіл әлемге танымал жаңа атқа ие болды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конс¬титуциялық заңы 1991 жылғы 16 желтоқсан күні қабылданды. Осы заң негізінде еліміз өзінің Тәуелсіздігін жария етті.

Осы заңның 1-тарауында: «Қа¬зақстан Республикасы - тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет. Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық құқық принциптерi бойынша құрады. Өзiнiң мемлекеттiк тәуелсiздiгiн басқа мемлекеттердің тануы үшiн Қазақстан Республикасы ашық. Қазақстан Республикасының бүкiл тер¬риториясында Қазақстан Респуб¬ликасының Конституциясы мен заңдары, сондай-ақ ол таныған халықаралық құқық нормалары қолданылады. Қазақстан Респуб-ликасының территориясы қазіргі шекараларында бiртұтас, бөлiнбейтiн және қол сұғуға болмайтын террито¬рия болып табылады», - делінген.

Рас, содан берігі 21 жылда елдің іргесі сөгілген жоқ. Ұлтаралық та¬тулыққа селкеу түспеді. Яғни Конс¬титуциялық заңның дер кезінде қа¬былдануы Қытай, Ресей, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстанмен шекараны реттеуге ықпал етті. заң Еуразиялық кеңістікте тұрақтылық пен серіктестік, сенім саясаты не¬гіздерін қалыптастырды.

Шындығы сол, «Қазақстан Рес¬пуб¬ликасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдау жаңа тәуелсіз мемлеке¬ті¬міздің шынайы егемендігінің бастауы болды. Тыңнан түрен салған Қазақстан халқы, оның Көшбасшысы тәуелсіз мемлекеттің басым бағыттарын нығайтты. Ең алдымен шынайы егемендікті жария етіп, сыртқы әлемге танылуға қол жеткізілді.


І кезең Таныстыру

Бұл кезең бойынша үш топқа бөлініп отырады. Өздерінің эмблемасымен ұрандарын айтады

ІІ кезең Біздің Елбасы Оқушылар алдын ала берілген тапсырма бойынша слайдтарын көрсетеді.

1-топқа Президенттің өмірбаяны, отбасы, қызмет жолы

2-топқа Елбасының басқада лауазымдары, Президенттік биліктің рәміздері, Марапаттары

3-топқа Назарбаевтың бастауымен ашылған оқу орындары, Елбасының бос уақыты

Өмір баяны:

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген.

Қазақстанның мемлекет қайраткері,ғалым,Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.Өзінің өмірін жұмысшы болудан бастап,Қазақстан Республикасының елбасына дейін көтерілген.

Н.Ә.Назарбаев осындай тамаша жетістіктер деңгейіне бірден қолы жеткен жоқ.Кішкентай кезінен бастап,түрлі қиындықтарды бастан кешірген.Соның бірі бала кезінде бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы бораны мен күздің қара суығына қарамастан,таңның атуын күтпестен мектепке қатынаған сәтін айтсақ та болады.Алдына қойған мақсаты айқын адамдар не нәрсе болса да жеңіп,сол мақсатына жететінін біз осы атамыздың жасап жатқан айшықты да айқын жұмыстарынан аңғара аламыз.

Отбасылық жағдайы:

Жұбайы-Сара Алпысқызы-Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.

Президенттің үш қызы бар:

Дариға-саясат ғылымдарының докторы,ЖАҚ «Хабар» Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы,Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Динара-Н.Ә.Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады.

Әлия-бизнеспен айналысады, «Элитстрой»құрылыс компаниясын басқарады.

Н.Ә.Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.

Қызмет жолы:

1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін,1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғарғы техникалық оқу орынын,1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғарғы партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап,домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

1960-1969 жж.-Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969-1973 жж.-Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973-1977 жж.-Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

1977-1979 жж.-Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы,2-ші хатшысы.

1979-1984 жж.-Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

1984-1989 жж.-Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.

1989-1991 жж.-Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы.

1990 ж.ақпан –сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.

1990 ж.сәуірінен –Қазақ КСР президенті.

1991 ж.желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті.Сайлау нәтежесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.

1995 ж.сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтежесінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылыға дейін ұзартылды.

1999 ж.қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтежесінде Н.Ә.Назарбаев 79,78%

Дауыс алып,Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

2005 ж.желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5% дауысын алып,Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Елбасының басқа да лауазымдары:

Экономика ғылымдарының докторы-1993 ж

ҚР ҰҒА –ның(1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигі

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы

Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы

Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы

Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы

Дүние жүзі қазақтары ассоциасының төрағасы

Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы

ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы

Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды.

Президенттік биліктің рәміздері мен белгілері:

Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің жоғарғы лауазымды тұлғасы ретінде дербес рәміздер мен айырым белгілерін иеленеді.

Соның бірі-Қазақстан Республикасы Президентінің төсбелгісі.ол шапақтары сегіз қырлы нысанды құрайтын көп сәулелі жұлдыздан тұрады.

Президент билігінің тағы бір рәзімі-оның дербес жалауы,Президент байрағы.Ол Мемлекет басшысының резиденциясына,сондай-ақ Қазақстан Президентінің көліктеріне орнатылады.

Марапаттары:

Назарбаев –Қазақстанның ең жоғарғы ерекшелік белгісі-ерекше үлгідегі «Алтын Қыран»орденімен,сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің,халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғарғы наградаларымен марапатталған.

«Құрмет белгісі»-оның 1972 жылы 32 жасында алған тұңғыш марапаты.Бұл марапат өнеркәсіпте,ауыл шаруашылығында,құрылыста және басқа салаларда қол жеткізген жоғарғы өндірістік көрсеткіштері үшін берілген.

Қазақстан халықтары мен әлемнің басқа елдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін Н.Ә.Назарбаев Ресей Федерациясының ең жоғарғы наградасы-Қасиетті апостол Андрей Первозванный орденімен,Австрияның «Үлкен Құрмет Жұлдызымен»,Ұлыбританияның Бірінші дәрежелі Қасиетті Михаил мен Қасиетті Георгийдің Ордендерінің Үлкен Кресімен,Польшаның Ақ Бүркіт орденімен,Сауд Арабиясы Корольдігің «Ұлы Бадра алқасымен»және т.б.марапатталған.

Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындары:

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

Қазақстан менеджмент институты

Экономика және болжау институты

Қожа Ахмет Йассауи атындағы Қазақ-түрік университеті

Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті

Ұлттық Мемлекеттік заң университеті

Назарбаев Университеті

Назарбаев Зияткерлік Мектебі

Бірқатар лицейлер мен колледжер

Президенттік «Болашақ»бағдарламасы іске асуда,ол бойынша жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.

Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын»сыйлығы тағайындалған.


Астана:

Сарыарқаның сайын даласында Отанымыздың жаңа елордасы,өркендеу үстіндегі Қазақстанның орталығы-Астана бой түзеді.

Жаңа елорда салу бастамасын алғаш Қазақстан Президенті көтерді.Ол кезде,тоқсаныншы жылдар ортасында бұл идея жүзеге асатынына сенгендер көп болған жоқ.Жаңа қала салу мен оған көшу көптеген онжылдықтарға созылады деп санағандар да болды.Бірақ олардың бәрі қателескен еді.

Астана ең қысқа мерзім ішінде салынып,бүкіл еліміздің қарышты дамуының нышанына айналды.

Елбасының бос уақыты:

Мемлекеттік жоғарғы лауазымдағы қызмет бос уақыт қалдыра бермейді.

Алайда жұмыс арасындағы сирек үзілістерді Нұрсұлтан Назарбаев өзі үшін әрі демалыс,әрі көңіл сергіту саналатын сүйікті істеріне арнауға тырысады.

Ол-табиғат аясында болу,спортпен шұғылдану,музыка тыңдау және кітап оқу.

Жаны сүйетін ісінің бірі-оңаша кітап оқу.Сүйікті кітаптары қатарында Абай,Мұхтар Әуезов сияқты белгілі қазақ жазушылары мен ақындарының,орыс және әлем әдебиетінің көптеген классиктерінің туындылары бар.

Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы.

Музыка:

Президент өмірінде музыка маңызды орын алады.Мемлекет басшысының отбасында ата-анасы әрдайым ән-күй тыңдауды ұнататын және өздері де ән сала білетін.Әсіресе анасы Әлжан Назарбаева әнді жақсы айтатын.Оның сол қабілет-дарыны ұлына берілгені сөзсіз.Жас Нұрсұлтан бала кезінен «есте жоқ ескі кездердегі»де,өз заманындағы да түрлі әндер мен әуендерді тыңдап,құлағыына және зердесіне сіңіріп өсті.

Нұрсұлтан Назарбаев бос уақытында өзі де домбыраны шебер тартып,ән салады.Президенттің үш ән шығарғаныы,сонымен қатар Қазақстан республикасының Әнұраны мәтінінің телеавторы екені де баршаға белгілі.

Спорт:

Мемлекет басшысы жеке үлгісімен саламатты өмір салтын және спортпен шұғылдануды белсене насихаттайды.

Ол үшін сүйікті спорт түрінің бірі-теннис.Айта кетерлігі,теннисті көптеген саясаткерлер мен түрлі елдерінің көшбасшылары ойнайды.

Президенттің тағы бір әуес ісі-гольф.Мемлекет басшысы өзге де белгілі әлемдік саясаткерлер және бизнесмендердің қатарында түрлі халыөаралық турнирлерге де жиі қатысады.Өзінің айтуынша,Мемлекет басшысы алғаш тау шаңғысын аяғына 55 жасында байлапты.Содан бері Нұрсұлтан Назарбаевты Шымбұлақ шатқалында және басқа да таулы курорттарда жиі

көруге болады.


Дәйек сөз:

Ендігі жерде бәріміз бір атаның-қазақ халқының ұлымыз.Ендігі жерде бәріміздің туған жеріміз біреу-ол жалпақ қазақ даласы.

Өз халқын сүйетін адам,өз жұртына жақсылық тілеген кісі өзге халықтарды ашындырмайды,өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды.

Жұлдыздың жаманы Айды күндейді.

Отбасында екеу келіспесе-шаңырақ шайқалады,екі басшы келіспесе-компания күйрейді,ал ел ішінде,ұлт пен ұлыс арасында жанжал шыықса-мемлекет құлайды.

Еңсесі биік елдікке есі кеткен ғана топырақ шашады.

Адамзаттың арманы-рухани бостандық пен сөз еркіндігі.

ІІІ кезең Ел болашағы білімді ұрпақта

Бұл кезеңде оқушылар интерактивті тақтадағы слайд бойынша сайысады

1 кезеңі Жылдарда сөйлейді Бұнда Қазақстанның тәуелсіз алған жылдар дан бастап сандық сұрақтар беріледі

2 кезеңі Полиглот бұнда оқушыларға анықтама беріледі жауап ретінде қазақша орысша және ағылшынша айтулары керек.

3 кезең Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістіктері Оқушыларға әр түрлі тақырыптар беріледі сол байынша жауап береді

Қорытындылау Мұғалім сөзі

Тәуелсіз Қазақстанның қа¬лыптасуы Президенттің қызметімен тікелей байланысты. Яғни Ұлт Көшбасшысының ғылыми, саяси ізденістерімен байланысты десек - қателеспейміз. Бұл - ақиқат. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Мысалы, 1993 жылы «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы» деген еңбек жазды. Сонда «Қазақстан құқықтық демократиялық мемлекетке айналуы үшін қандай қадамдарға бару керек, экономиканы дамыту үшін қандай міндеттерді атқару керек, нарықтық қатынастарды қалай қалыптастыру қажет, Қазақстанның мемлекеттік мүддесі дегеніміз не?» деген сауалдарға жауап береді. Сондай-ақ осы аталған міндеттемелерді қалай атқарылуы керектігі көрсетілген. Міне, сол тәуелсіздіктің алғашқы жылдары-ақ, яғни 1993 жылы Президент Қа¬зақ¬стан дамуының басты бағдарын анықтап берді. Одан кейін 1997 жылы «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы жасалды. Онда еліміздің тұтастығы, қауіпсіздігі, халықтың әл-ауқаты, бәрі-бәрі қамтылған.

Бағдарламада «біз алдағы отыз жылдың ішінде орта дамыған мем¬лекеттердің қатарына кіреміз» деген мақсат қойылған болатын. Қазір біз отыз жылдың ішінде емес, бар-жоғы он бес жылдың ішінде әлемдегі да¬мыған, өркениетті мемлекеттердің қатарына ендік. Бұл табыс па - табыс! Пре¬зиденттің еңбегі ме - еңбегі! Мұны қарапайым еңбек адамынан бастап, лауазым иелеріне дейін бір- ауыздан мойындайды.

Рас, алғашында 2030 бағдарламасы утопия секілді көрінген. Бірақ уақыт өте келе бағдарламада қамтылған салалардың бәрі жемісін берді, нә¬тижесін көрсетті. «Қазақстан ин¬дустриялық-иновациялық елге айналу керек» деген болатын Елбасы. Қа¬зақстан тек шикізат отаны болып қалмауы тиіс, өндіріп, өңдеп шығаратын іргелі елге айналуы қажеттігі де айтылған. Соның бәрі бүгін орындалып жатыр. Бұдан тыс, сыртқы саясатқа келетін болсақ, Елбасының бұл салада да үлесі сүбелі. Еңбегі ерен. ТМД-ның негізн салуға, осы аяда өмір сүріп жатқан тәуелсіз мемлекеттердің бостандығы баянды болуына, елдер арасында достық пейілдегі жақсы қарым-қатынас орнауына ерекше тер төкті. Саяси, экономикалық, мәдени интеграция құруға арналған көптеген бастама-жобалардың авторы болды. Мәселен, Еуразиялық экономикалық қо¬ғамдастық, Бірыңғай экономикалық кеңістік, Кеден одағы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы, т.б. атауға ие болады.

Бұдан тыс, қазіргі кезде түркітілдес мемлекеттер одағын құру жөніндегі бастамасы да үлкен қолдау табуда. Сөз жоқ, үлкен саясаткер, әлемдік деңгейдегі бірегей тұлға. Еуропаның қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымына, Ислам ынтымақтастығы ұйымына Қазақстанның төрағалық етуінің бәрі Нұрсұлтан Назарбаевтың беделінің арқасы. Әлем Қазақстанды Елбасының арқасында таныды, мойындады. Елбасы «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген. Айтқаны келді. Қазақстан тәуелсіз ел атанды. Нұр¬сұлтан Назарбаев тәуелсіз еліміздің керемет сәулетшісі

Жеңімпаздарды анықтау






Краткое описание документа:

Мақсаты:

а)білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру.   

ә)Дамытушылық:Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету.

 б)тәрбиелік:Оқушыларды өз Отанын,халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа,патриоттық сезімге тәрбилеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі:Н.Ә.Назарбаевтың түрлі жанрларда түскен суреттері,өнегелі істері жайлы  слайдтар, жазған кітаптары

 

     Барысы:

 

 I.Ұйымдастыру кезеңі

    Оқушыларды сапқа тұрғызу

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды.

 

 

Автор
Дата добавления 24.01.2015
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров375
Номер материала 334311
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх