Инфоурок Начальные классы Конспекты"Елбасы- ел мақтанышы" Тарбие сағаты 2-сынып

"Елбасы- ел мақтанышы" Тарбие сағаты 2-сынып

Скачать материал

  Тақырыбы: Елбасы – ел мақтанышы

Мақсаты: 
Білімділік: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, суреттер,

Барысы: Үнтаспадан «Елім менің» (әні естіліп тұрады)
Балалар.
Қазақстан Республикасының Ата Заңының 3 бөлім 40 - бабында Президент туралы былай делінген.
                                         III БӨЛIМ 
                                       ПРЕЗИДЕНТ 
                                          40-бап

1. Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға. 
2. Республиканың Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi. 
3. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi

«Миға шабуыл» оқушыларға сұрақтар қойылады.
- Біздің президентіміз кім?
- Н. Ә. Назарбаев
Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

Елбасы десек тәуелсіздік, тәуелсіздік десек Елбасы ойға оралып,нұрлы бейбіт,бақытты күндеріміз алтын сәулесін шашады.Олай болса «1-желтоқсан-тұңғыш Президент күні»баршаңызға құтты болсын.

1-Жүргізуші:

Қазақтың жетті әлемге алғаш үні.
Дүниенің төрт бұрышы түгел көрді,
Төрінде көш бастаған Елбасыны.
Ежелде елтұтқалар ел орнатқан.
Ұласқан ұрпағына олар мақтан.
Елбасы- қасиетті аталы сөз,
Мазмұны, мағынасы терең жатқан.

2-Жүргізуші:

 «Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын.Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа,мені ұлым деп,перзентім деп төбесіне көтерген халыққа,арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты-толық-қанды,тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйрытқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ,осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді,білім-білігімді аямай жұмсаймын,қандай да тәуекелге барамын....»
Нұрсұлтан  Назарбаев.

 

1-Жүргізуші:

Уа. Жұртым, шартарапқа шарықтадың.
Бұл әлем қашан тұтас біліп еді,
Қазақтай жер бетінде халық барын.
Әр сөздің астарына осы арада,
Ағайын ой жіберіп жете қара.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында,
Тұлғасы Елбасының жеке дара!
Көк байрағы,Елтаңбасы,бірлігі,
Шалқи берсін Әнұраны қазақтың!
Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.

  

 2-Жүргізуші:

  - Неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі 1 желтоқсанда аталып отыр?
Өйткені 1991 жылы 1-желтоқсанда жалпыхалықтық саулау өтті. Нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 98,7 басым дауыспен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып сайланды.
1 - оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты
Жұбайы - Сара Алпысқызы.  Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады. Елбасымыздың үш қызы бар:
Дариға-саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ «Хабар»ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы,Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Динара – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады.
Әлия – «Элитстрой» құрылысын басқарады
(Мұғалімнің толықтыруы және суреттер көрсету)
2 - оқушы: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.(слайд)
3 - оқушы: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
4 - оқушы: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
5 - оқушы: 1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

1-Жүргізуші:

Елбасы – туған халқын, туған жерін, даласын жанындай сүйетін адам.. Мемлекеттік жоғары лауазымдағы қызмет бос уақыт қалдыра бермейді. Алайда жұмыс арасындағы сирек үзілістерді Нұрсұлтан Назарбаев өзі үшін әрі демалыс, әрі көңіл сергіту саналатын сүйікті істеріне арнауға тырысады. Ол – табиғат аясында болу, спортпен шұғылдану, музыка тыңдау және кітап оқу.  Мұны сөзі мен де, ісімен де, шығармашылығымен де дәлелдеп келеді Елбасының «Жан шуағы» атты жыр жинағындағы халқына арнаған өлеңінде:

Тәуелсізбін! Бар ма мұң?
Тәләйлі болсын талғамың!
Өркені өссін қазақтың,
Осы – менің арманым!

Күн тұрғанда тұратын,
Жұрты сайран құратын
Қала болсын Астана,
Осы – менің мұратым!

О, Ақорда, Ақ шатыр,
Ұлысыма бақ шатыр.
Баянды болсын Азаттық!

Осы – менің мақсатым!

Халқым – менің тірегім,
Құрбан жаным, жүрегім!
Атымыз озсын бәйгеде,
Осы – менің тілегім.

 

2-Жүргізуші:

 Сондай - ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Ол кісінің «Елім менің» және «Үшқоңыр» әндері бар. Бұл әндердің сөзі Н. Әбішұлыныкі екенін біз мақтанышпен айтамыз.

«Үшқоңыр» әнін тыңдау.

 

1-Жүргізуші:

 Өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен айтуға болады. «Ел – Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан. Бұл - бүгінгінің шындығы. Нұрсұлтан Назарбаев десе - Қазақстан; ал Қазақстан десе - Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан толық аңғаруға болады.
2-Жүргізуші:

Сонымен қатар, «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға - елдің тұғыры, Тұлға - елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Н. Ә. Назарбаев – осындай тұлға.»

 

Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам.
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға - біздің ұлы адам.

Міне осындай егеменді еліміз,
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз еріміз.

Халқым айтқан ел көтерер жер даңқын,
Елім айтқан жер көтерер елдаңқын,
Президентім аман болғай ел басы,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым.

Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құт болсын «нұрлы жолы» Нұр ағаның.

Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады,
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам..


Елбасымыз саған мәңгі разымыз, 
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, 
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Ән: «Казақстаным менің» Табылды Гүлімай

1-Жүргізуші:

: Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім, 
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар, 
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар, 
Атадан қалған сара жолым бар.

Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән: «Көк тудың желбірегені!»

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Елбасы- ел мақтанышы" Тарбие сағаты 2-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Проректор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 334 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.01.2016 2957
    • DOCX 23.8 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шайкиева Мейрамкул Алинуровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шайкиева Мейрамкул Алинуровна
    Шайкиева Мейрамкул Алинуровна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14373
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2648 человек из 84 регионов

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 69 человек из 31 региона

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 15 регионов

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические аспекты развития и состояния личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе