Елбасы -ел тірегі 6 сынып тәрбие сағаты

Предпросмотр материала:

Выберите файл для просмотра:

Всего файлов: 2

doc ppt

Мерзімі: 23.11.15

Сыныбы: 6

Тақырыбы: Елбасы – ел тірегі!
Мақсаты:а) Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
интербелсенді тақта,Елбасы суреттері, шарлар  т.б.
Түрі: тәрбие сағаты
Дәйексөз.Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Мұғалім сөзі:«Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын.Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа,мені ұлым деп,перзентім деп төбесіне көтерген халыққа,арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты-толық-қанды,тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйрытқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ,осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді,білім-білігімді аямай жұмсаймын,қандай да тәуекелге барамын....»
Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы десек -тәуелсіздік, тәуелсіздік десек -Елбасы ойға оралып,нұрлы бейбіт,бақытты күндеріміз алтын сәулесін шашады.Олай болса «1желтоқсан-тұңғыш Президент күні»баршаңызға құтты болсын!
https://lh3.googleusercontent.com/erbDukjgk82ldS5r2FmGd46WwRv4Gtx8XZb5SieM85bPugQAxEhYJoiO574X84rR2qbQ8bTJxvU1ScFsq1FUHx3kjVgEsj28UW-24YiEHDmByEeEulO6DS2SfTsU0UwMnEsuiSvkhJUНұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
Қазақстан Республикасының Елбасына дейін көтерілген. Н. Ә. Назарбаев осындай тамаша жетістіктер деңгейіне бірден қолы жеткен жоқ. Кішкентай кезінен бастап, түрлі қиындықтарды бастан кешірген. Соның бірі бала кезінде бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы бораны мен күздің қара суығына қарамастан, таңның атуын күтпестен мектепке қатынаған сәтін айтсақ та болады. Алдына қойған мақсаты айқын адамдар не нәрсе болса да жеңіп, сол мақсатына жететінін біз осы атамыздың жасап жатқан айшықты да айқын жұмыстарынан аңғара аламыз.


 

https://lh5.googleusercontent.com/OZeczhaveBhFQm3UjGGk9mpoql3P_zwOThCP2O8VnX-u42LjyjF1Rlji9noSXQW_hf_cZK2oXCEC5bZGWCQuy6qioQNMmsQvXtHEwb8Xnk-_xBHvL5T0M3sSxJMBgImZsRHJMPFmBXo

 

Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы,Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.
Мазм
ұны
  [жасыру] 
•    1
Өмірбаяны
o    1.1 Отбасы ж
әне балалық шағы
o    1.2
Қызмет жолы
o    1.3 Егемендік. Президент
•    1.4 Отбасылы
қ жағдайы
o    1.5
Ғылыми еңбектері
o    1.6.Кітаптары
o     1.7.Н
ұрсұлтан Назарбаев атындағы оқу орыны
•    1.8 Реформалары
 
Өмірбаяны
Отбасы ж
әне балалық шағы
    Н
ұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін.  Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.

Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.
Жас
өспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті.  Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.

Мұғалім:НҰРСҰЛТАН АТАЛАРЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫН БЫЛАЙ ЕСКЕ АЛАДЫ:
– …Соғыстан кейінгі кезең, қырқыншы жылдардың аяғы мен елуінші жылдардың бас кезі. Анам колхоздан күтіп баптауға бір гектар қызылша алады. Көктемнен бастап алғашқы қар түскенге дейін бір толастамайтын азапты еңбек. Әкеме таудың қиын бетіне бірнеше гектар бидай егіп, астығын колхозға өткізу тапсырылғаны есімде қалыпты. Бидай піскенде әкем екеуіміз оны қолмен орамыз. Түнделетіп айдың жарығымен ордық. Масақ біркелкі, бірыңғай жату үшін шалғыға тырма қосақталынатын. Мұндай ауыр жұмыста екі-үш сағат осылай жұмыс істегеннен кейін тұла бойың сіресіп, белің жан шыдатпастай сыздайтын еді. Біз орып, шешем баулап, қызылдау үшін колхоз орталығындағы қырманға барамыз..

«Елбасымыздың білім алған орындары»
Кемал: ЕЛБАСЫ ОҚЫҒАН МЕКТЕПТЕ Адамның болашағына бала шағының үлкен әсер ететіні жасырын дүние емес. Шалқар даланың сай-саласын қадір тұтып, қастерлеп өтетінің бала күннен бойыңа дарып, сүрдің иісіндей сүйегіңе сіңіп қалған қасиетінде шығар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туған жері туралы: «Көптеген елдерді араладым. Табиғаты ғажайып талай өлкенің сұлулығына көз құмарымды суардым. Бірақ бәрі де өзім туып-өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен…» деген еді.
Мектептегі «Шапағат» өлкетану мұражайының меңгерушісі Рымкеш Байқонысованы арнайы шақыртқанын айтып, мұражайға барар жолды нұсқап жіберді. Бұрынғы осы мектептің орнындағы ескі мектеп. Баяғыда бір бай көпестің үйі болған екен. Кәмпеске кезінде мемлекет қарауына өтіп, мектепке айналған. Осы мектепте Елбасы тоғыз жыл, бір тоқсан оқыған. 1974 жылы осы мектептің орнына үш қабатты мектепті салған. Такура Алғадайқызы. Нұрсұлтан Әбішұлының алғашқы ұстазы.

“Әлем елдері басшылары мен саясаткерлерінің Нұрсұлтан Назарбаев туралы пікірлері”
    Ресей Федерациясының президенті В.Путин: «Сіздің Қазақстан халқына Жолдауыңыз-елдің он жылдан астам уақыт аралығына жасалған терең әрі жан-жақты талдау.

   АҚШ президенті Барак Обама: «Сіздің еліңіз,егеменді,тұрақты және өркендеген мемлекет ретінде өзіңіз дамуында маңызды табыстарға қол жеткізді.Сіздің ұлтаралық және діни төзімділікті алға жылжыту жөніндегі күш-жігеріңізді жоғары бағалаймын»

    Қытай Халық республикасының төрағасы Цзинтао «Тәуелсіз жылдары сіздің басшылығыңызбен еңбексүйгіш те ақылман Қазақстан халқы өзінің қажырлы да жасампаз еңбегімен дамудың дұрыс жолын таба білді.Бүгінде Қазақстанда эканомика тұрақты даму үстінде.

    БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун: «Қазақстан Президентінің көреген саясаты болмағанда бұл өңірдегі халық әлі күнге дейін сынақтардан зардап шегіп отыруы мүмкін .Қазақстан Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет.

Қызмет жолы
1960 жылы Днепродзержинск техникалы
қ училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
Е
ңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
•    1960—69 жж. —
Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
•    1969—73 жж. —
Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
•    1973—77 жж. —
Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
•    1
977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
•    1979—84 жж. —
Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
•    1984—89 жж. —
Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
•    1989—91 жж. —
Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
•    1990
ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
•    1990 ж. с
әуірінен — Қазақ КСР президенті.
•    1991 ж. желто
қсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.
•    1995 ж. с
әуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
•    1999 ж.
қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
•    2005 ж. желто
қсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[1]
Оппозиция
Назарбаевті келіспеушілікті басты деп айыптады. Ол жеңген президенттік сайлауды Қазақ оппозициясы және батыс бақылаушылары қатты сынға алып, сайлау демократиялық стандартарға сәйкес келмеді деді.[2]
Егемендік. Президент
Отбасылы
қ жағдайы
Ж
ұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.
Президентті
ң үш қызы бар:
•    Дари
ға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
•    Динара — Н.
Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.[3]
    Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.
Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.
Ғылыми еңбектері
Кітаптары
Н.Назарбаев бір
қатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:
•    «Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),
•    «Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),
•    «Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),
•    «Без правых и левых» (М., 1991)
, «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),
•    «Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),
•    «Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),
•    «Нары
қ және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),
•    «
Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),
•    «Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),
•    «Тарих тол
қынында» (А., 1997),
•    «О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997),
•    «Стратегия трансформации общества
и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),
•    «Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),
•    «Сындарлы он жыл» (А., 2002),
•    «Еуразия ж
үрегінде» (А., 2005).
Нұрсұлтан Назарбаев атындағы оқу орындары
Н
ұрсұлтан Назарбаев есімін әртүрлі нысандарға беру туралы ұсыныстар қазақ қоғамын жиі шулатып жатады. Алайда Елбасы барлық ұсыныстарға келісімін берген жоқ. Өз есімін білім және ғылыммен байланыстыруды дұрыс санаған Н.Назарбаев өз атындағы университеті пен зияткерлік мектептердің ашылуына келісімін берді. Аталған білім беру орталықтарын өз бақылауында ұстауға тырысады. Назарбаев атындағы білім беру мекемелері Назарбаев қоры мен Назарбаев Орталығының үйлестіруімен жүзеге асырылады.

Реформалары
   Жа
ңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының (16.12.1991) – дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл-жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды. Экономикалық саясатты және демократиялық өзгерістерді ойдағыдай жүзеге асыруға мемлекеттік құрылымның президенттік республика ретіндегі халық таңдаған үлгісі көп септігін тигізді. Түбегейлі экономикалық ырықтандыру мен саяси реформалар белгіленген өзгертулерді пәрменді жүргізуге асыруға көмектесті.[5]
•    1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады.
•    Соны
ң нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды, өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты.
•    Назарбаевты
ң «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген.
•    Назарбаевты
ң экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлыинвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Республикада ауылды дамытуға, кедейлікпен күресуге, тұрғын үй құрылысын дамытуға және т.с.с. бағытталған ірі-ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру басталды. Назарбаев индустриалды-инновациялық даму стратегиясын әзірледі, инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды. Дүниежүзілік сарапшыларарасында «қазақстандық үлгі» термині пайда болды. Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық жаңғырық тапты әрі мойындалды. Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызмет, т.б. Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында құруды ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей бастады. Назарбаев мәдениеттердің, діндердің, өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын жолға қоюға көп көңіл бөледі. 2003, 2006 жылдары Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съездері табысты өтті.
2011 ж желтоқсан айында Маңғыстау оқиғасы орын алды. ВВС-дің айтуы бойынша бұл Назарбаевтің билікте болған уақытындағы оппозицияның ең үлкен қозғалысы. 2011 жылдың 16 желтоқсан күні Жаңаөзен мұнай қаласында мемлекеттің Тәуелсіздік Күніне орайы демонстрацияғы шыққандар мен полиция қызметкерлерінің арасында қақтығыс туды. Қарулы күштер қару қолдану салдарынан 15 адам оққа ұшты, 100 астам адам жараланды.[6]

 

     «Бәрін білгім келеді» тақырыбында Елбасы төңірегінде сайыс  ұйымдастырылады.

1.Н.Назарбаевтың  туған  жылы,күні  қашан?

(1940 жылы, 6 шілде)

2.Туған  жері?

(Іле  Алатауының баурайындағы  Үшқоңыр  жері)

3.Елбасының  анасының  аты кім?

(Әлжан)

4.Елбасының  әкесінің  аты кім?

(Әбіш)

5.Елбасының  атын кім  қойған?

(Әжесі  Мырзабала)

6.Қай  жерде  оқыды?

(Украинадағы Днепродзержинск  қаласындағы  Днепр  металлургия  комбинаты  жанындағы  кәсіптік-техникалық  училище)

10.Училищені  бітіргенде  қандай  куәлікке  ие  болды?

(Домна  пешінің  сегізінші разрядты  екінші  горновойы  куәлігіне  ие  болды)

   2.Отбасы  туралы

1.Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  жұбайы?

(Сара  Алпысқызы  Назарбаева)

2.Елбасының  балалары?

(Дариға, Динара,Әлия)

3.Елбасының  қанша  немересі, шөбересі  бар?

(7 немересі, 2 шөбересі  бар)

4.Халықаралық  «Бөбек» балалар қайырымдылық  қорының  негізін салушы  және  президенті  кім?

(Сара  Алпысқызы  Назарбаева)

5.Қазақстан  Республикасы Тұңғыш Президенті Қоғамдық  қорының  директоры?

(Назарбаева  Дариға  Нұрсұлтанқызы)

 Жеңімпаз топты марапаттау.

Оқушылардың Елбасына арнаған жыр шумақтары:

1-оқушы Ақжайна:

«Елбасына»
Ауыр к
үнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім,
ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Н
ұрағаңның бастауы
Туды
ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанны
ң өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп
ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Елбасымыз са
ған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«
Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздерді
ң піріміз де, әніміз.

2-оқушы Шаттық:Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты д
үние әлемін!
Б
ұл даланы анам жаспен суарған,
Б
ұл далада атам қолға ту алған,
Б
ұл далада жылап келіп, уанған
Б
ұл даланы көріп алғаш қуанған
Б
ұл далада өскен жанда жоқ арман!

Тұратұғын болашақтың үні кеп
Тартылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндейік, бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні деп

3 – оқушы: Амандық

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен — кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

4 – оқушы: Жарас
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Биіктей бер, Нұр аға,
Қыран қанат  талмасын.
Қадірлемей тұра ма,
Халық сіздей тұлғасын.

5 – оқушы: Құрманай
Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам.
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға — біздің ұлы адам.

6– оқушы: Ертуған
Міне осындай егеменді еліміз,
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

7-оқушы Мейрамбек:

Мен — қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен — қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.                                                                                              

 Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қаранардай көтерер.

8-оқушы Саят:

Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құт болсын «нұрлы жолы» Нұр ағаның.

 

9-оқушы Гүлдана:

Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады,
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.

10-оқушы Талғат:
Отан дейміз кең байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

 

Хор

Әнге толсын барлық қала,ауыл бар
Қағылсын бар барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар.

Қорытынды:
1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?
2. Басшы адам қандай болу керек?


Нұраға! Далаңыз егісті, Ордаңыз кеңесті болсын. Отырған орныңыз келісті болсын. Жұмысыңыз жемісті болсын. Халықтың бағы баянды болсын.

 

 «Ел – Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан. Бұл — бүгінгінің шындығы».

 

 «Нұрсұлтан Назарбаев десе — Қазақстан; ал Қазақстан десе — Назарбаев ойға оралады»

 

 «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз»

Мұғалім:

Осымен «Елбасы – ел тірегі!» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

 Ән: «Астана» орындайтын  - Қойшанов Ертуған

 

Елбасы -ел тірегі 6 сынып тәрбие сағаты

5

(1 оценка)

    RAR

Файл будет скачан в формате:

    RAR

Автор материала

Нұрғазиева Ақнұр Саматқызы

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

  • На сайте: 10 лет и 6 месяцев
  • Всего просмотров: 13738
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 2
  • 13738
    просмотров
  • 2
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Нұрғазиева Ақнұр Саматқызы.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~3200

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: