Инфоурок Физика Другие методич. материалыЭлектр тогының жылулық әрекеті.Джоуль-Ленц заңы.

Электр тогының жылулық әрекеті.Джоуль-Ленц заңы.

Скачать материал

  Электр тогының жылулық әрекеті.Джоуль-Ленц заңы

 

Сабақтың тақырыбы: Электр тогының жылулық әрекеті.Джоуль-Ленц заңы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға электр тогының жылулық әрекеті туралы түсінік

                                      қалыптастыру,Джоуль-Ленц заңының формуласымен,

                                     тұжырымдамасымен таныстыру. Кедергілері  және  болатын

                                      өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаған кезде бөлініп

                                      шығатын жылу мөлшерлерін салыстыру.

Негізгі идеялары :  Сабақ барысында өткізгіш арқылы ток жүрген кезде одан жылу

                                   бөлінетінін,ол жылу мөлшері Джоуль-Ленц заңы арқылы

                                   өрнектелетінін оқушылардың түсінуін қамтамасыз ету,жаңа

                                   тақырыпты  меңгеруде оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауын

                                   дамыту.

Оқыту нәтижелері: Оқушыларда электр тогының жылулық әрекеті  туралы түсінік

                                    қалыптасады, олардың физикалық мазмұнын аша алады,

                                    өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаған кезде бөлініп

                                    шығатын жылу мөлшерлерін салыстырып,қорытынды жасай алады,

                                    формулаларды  меңгереді және сол формулаларды қолданып есептер

                                    шығара алады. Әңгімелеп, суреттеп айту, салыстыру,есте сақтау

                                    қабілеттерін,іскерлік  қабілеттерін дамытады,сыни тұрғыда ойлауға

                                    қалыптасады. Ұжымшылдыққа  үйренеді.

Көрнекілігі:             Сызбалар, бағалау парағы,маркерлер,стикерлер

Дерек көздер:         «Физика» журналы, интернет, оқулық

                                                 

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқытудың нәтижесі

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Балалармен амандасу.

Топқа бөлу.

Мұғалім тақтаға табыс критерийлері жазылған плакатты іліп қояды.

            Табыс критерийлері

1.Электр тогының жылулық әрекеті. Джоуль-Ленц заңы.

2.Кедергілері  және  болатын өткізгіштерді тізбектей жалғаған кезде бөлініп шығатын жылу мөлшері

3.Кедергілері  және  болатын өткізгіштерді параллель  жалғаған кезде бөлініп шығатын жылу мөлшері

4.Формулаларды қолданып есептер шығару

 

Әр оқушы 1-ден 18-ге дейінгі сандарды алады.1-ден 6-ға дейінгі сандарды алған оқушылар 1-топ, ал 7-ден 12-ге дейінгі сандарды алған оқушылар 2-топ,13-тен 18-ге дейінгі сандарды алған оқушылар 3-топ болып бөлінеді.Әр топ өз орнына жайғасады.

 

Оқушылардың топтасып жұмыс жасауға және жағымды, жағымсыз қылықтарды ажырата білуге үйренеді

5 минут

Үй тапсырмасын сұрау

Мұғалім үй тапсырмасын сәйкестендіру тесті  арқылы сұрайды.

        

 

 

 

 

Сәйкестендіру тесті

                                                         1. 

 

   Эл.тогының жұмысы               2.U I 

                                                               

                                                         3. U I t

 

                                                        4.  I

 

   Эл.тогының қуаты                   5. U q

 

                                                        6.

 

   Пайдалы қуат                           7.Rt

       

                                                        8.  

               

   Толық қуат                               9.

 

                                                       10.  R

 

   Ток көзінің ПӘК-і                   11. t

 

                                                       12. 

 

                                                       13.  

 

Мұғалім әрбір топқа сәйкестендіру тестінің дұрыс жауаптарын береді.

 

 

 

    Оқушылар парақшалардағы физикалық шама мен формуланы бір-бірімен бағыттаушы сызық арқылы сәйкестендіреді.

    Жұмысты орындап болған соң топтар парақшаларын  бір-біріне береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар берілген дұрыс жауапқа қарап бірін-бірі тексереді, қателерін түзетеді.Әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл қойып, барлық топтастырған балын оқушының парағына жазып, оларды  қайта өз иелеріне табыстайды.

 

Өтілген тақырыптардан алған білімдерін есіне түсіреді, пысықтайды,қатесін түзетеді.

 

15 мин

Жаңа сабақ.

«Джигсо» әдісі

Мұғалім  «Электр тогының жылулық әрекеті.Джоуль-Ленц заңы» деген тақырыпты үш бөлікке бөліп, мәтін жазылған парақшаларды тарқатып береді.Әрбір топқа тақырыпшаларды төмендегідей бөліп береді.

1 топ.Электр тогының жылулық әрекеті.Джоуль-Ленц заңы.

2 топ.Кедергілері  және  болатын өткізгіштерді тізбектей жалғаған кезде бөлініп шығатын жылу мөлшері

3 топ. Кедергілері  және  болатын өткізгіштерді параллель  жалғаған кезде бөлініп шығатын жылу мөлшері

 

Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындап,мәтін бойынша постер жасайды.Оны әр топтың  спикері қорғайды

 

.

 

Оқушылардың  оқулықпен қалай жұмыс істеу керектігін және мәтіннің мазмұнынан негізгісін айқындауға, суреттер, кестелердің мәтінмен байланысын анықтай алады.

Мазмұнды жоғары табыспен меңгереді, оқығанды есте сақтайды

 

 

 

5 мин

Жаңа сабақты пысықтау.

«Бумеранг» тәсілі

Мұғалім әр топқа бүгінгі жаңа тақырып бойынша үш сұрақтан жазу керек екенін тапсырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім әр топтың сұрақтарын оқып, сол сұрақтарға өздері жауап беруін сұрайды

 

 

1-топ төмендегі дей сұрақтарды дайындады:

1) Кедергілері  және  болатын өткізгіштерді тізбектей жалғаған кезде, оларда  бөлініп шығатын жылу мөлшері неге тең?

2)Тізбектей жалғаған кезде әрбір өткізгіште бөлініп шығатын жылу мөлшері қандай шамаларға тура пропорционал?

3)Тізбектей жалғаған кезде ең көп жылу мөлшері қайсы өткізгіште бөлінеді?

 

2- топтың дайындаған сұрақтары:

1) Кедергілері  және  болатын тізбектің екі бөлігін параллель жалғаса, онда  жылу мөлшерлерінің қатынасы неге тең?

2)Тізбектің параллель жалғанған бөліктерінде токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері қандай шамаларға кері пропорционал болады?

 

3-топтың дайындаған сұрақтары:

1)Электр тогының жылулық әрекетін тәжірибе жүзінде кімдер зерттеген?

2)Джоуль-Ленц заңы қалай өрнектеледі?

3)Джоуль-Ленц заңы қалай тұжырымдалады?

Әр топтың оқушылары өздері дайындаған сұраққа өздері жауап береді.

 

Оқушылар түсінеді және жаңа тақырып бойынша білгендерін ортаға салады.

2 мин

Сергіту сәті

Оқушылардың миын тынықтырып, демалдыру мақсатында психологиялық музыка қойылады.

 

Оқушылар бір сәт өздерін еркін сезініп, музыка тыңдап, ойларын сергітеді.

 

Сергіту сәтінің нәтижесінде оқушылар миларын тынықтырып демалады.

7 мин

Есептер шығару

«Кім жылдам!»

Мұғалім әр топқа үш есептен береді.

 

1- топ.1)Кедергісі 80 Ом қыздырғыш элементтегі ток күші 0,6 А.Осы элементтегі  1 минутта бөлінетін жылу мөлшерін есепте.

2)Егер 0,5 болса , онда параллель жалғанған  және  кедергілеріндегі уақыт бірлігіндег бөлінетін жылу мөлшерлерінің () қатынасын есепте.

3)Егер 15 Ом,3 Ом кедергілер тізбектей жалғанған  болса, онда жылу мөлшерінің  () қатынасы неге тең?

 

2- топ.1) Кедергісі 20 Ом, ток күші 5 А қыл сымда 10 секундта бөлінетін жылу мөлшерін тап.

2)Егер 12 Ом,4 Ом кедергілер параллель жалғанған  болса, онда жылу мөлшерінің  () қатынасы неге тең?

3) Егер 2 болса , онда тізбектей  жалғанған  және  кедергілеріндегі уақыт бірлігіндегі бөлінетін жылу мөлшерлерінің () қатынасын есепте.

3-топ.1)Кедергісі 100 Ом  реостат тізбегінен  2 А  ток өткенде 2 мин уақыт ішінде қанша жылу бөлінеді?

2) Егер 10 Ом,2 Ом кедергілер параллель жалғанған  болса, онда жылу мөлшерінің  () қатынасы неге тең?

3)Егер 2 болса , онда тізбектей  жалғанған  және  кедергілеріндегі уақыт бірлігіндег бөлінетін жылу мөлшерлерінің () қатынасын есепте.

 

 

 

Әр топ өздеріне берілген есепті топ ішінде талқылап,жаңа тақырыптағы формулаларды  қолданып шығарады. Топ мүшелері түсінбеген жерлерін бір-біріне түсіндіреді.

 

 

Оқушылар жаңа тақырыптағы формулаларды жақсы меңгереді және оларды қолданып есеп шығара алады.

 

3 мин

Сабақты қорытындылау

 

Мұғалім тақтаға табыс критерийлері жазылған парақшалар тарқатып береді.

 

 

 

Оқушылар парақшадағы жазылған табыс критерийлеріне қарап өзін-өзі бағалайды.Өте жақсы түсінген болса- 3 балл, орташа түсінген болса-2 балл, нашар түсінген болса-1 балл қояды.

 

 

Оқушылар өзін-өзі бағалауды, тақырыпты қаншалықты меңгергендігін біледі

3 мин

Бағалау

 

Мұғалім оқушылардың білімін ашық журнал арқылы бағалайды.

 

 

Әрбір оқушы өзінің жинаған балдарын есептеп,бағалау парағына жазады. Барлық жинаған балдарын топтастырып бағаға айналдырады, өздерін- өздері бағалайды және әр топ бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.

 

 

 

Оқушылар өздерін өздері бағалай біледі. Оқушылардың мотивациясы  артады.

 

 

                                                                                                            Атиркул  Сатыбалдиева,

                                                                                                                «Жібек жолы» ЖОМ

                                                                                                                физика пәні мұғалімі.

                                                                                                                Мақтарал ауданы.

Оңтүстік Қазақстан облысы

                                                                           

    

   

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Электр тогының жылулық әрекеті.Джоуль-Ленц заңы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.05.2017 2086
    • DOCX 27.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сатыбалдиева Атиркул Куришбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17413
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс повышения квалификации

Теоретическая механика: векторная графика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 457 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов физики в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 660 человек

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проведение и применение трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 108 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека