Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Конспекты / Электролиттік диссоциация қайталау 9 сынып

Электролиттік диссоциация қайталау 9 сынып


  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

Қостанай облысы, Амангелді ауданы

Амангелді жалпы білім беретін орта мектебінің

химия пәні мұғалімі Исалина Индира Майданғалиқызының

химия пәнінен сабақ жоспары

Cынып: 8

Пәні: химия

Сабақтың тақырыбы: Электролиттік диссоциация (қайталау сабағы)

Сабақтың мақсаты:

Электролиттік диссоциациялану және электролиттердің қасиеттерін қайталау, қорытындылау және жүйелеу; ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа және топпен жұмыс істеуге, бір-бірінің пікірін тыңдауға, өз ойларын ашық айтуға, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың ойлау, көру, есте сақтау қабілеттері дамытылады.


Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізеді, бір-бірін мұқият тыңдап, толықтырып, өзара сыйластық, ынтымақтастық ахуалды қалыптастырады, критерий арқылы бағалай алады, қатемен жұмыс жасайды, ортақ қорытынды шығарады.

Сабақтың түрі: қайталау, бекіту.

Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы, АКТ пайдалану, сыни тұрғысынан ойлау, диалогтік әдіс, тәжірибелік жұмыс, бірін - бірі бағалау, топты бағалау, жеке оқушыны бағалау. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, дарынды, талантты балаларды анықтау, көшбасшылық қырынан тану.

Қажетті құралдар: периодтық жүйе, ерігіштік кесте, Бекетовтың қатары, үлестірме қағаздар, қажетті реактивтер мен құралдар.

Сабақтың өту барысы:

І. Қызығушылықты ояту кезеңі. 1. Білу (1 ұпай) 8 мин

1. Балалар, сәлеметсіңдер ме? Көңіл-күйлерің қалай? Сабақ бастамас бұрын белсенділіктеріңді арттыру мақсатында сергіту сәтін жасаймыз.

2. Формулалар бойынша үш топқа бөлінеді: HCl, H2S, H2SO4, H2CO3, H3PO4, H2SіO3, HBr - қышқылдар; NaOH, KOH, LiOH, Ba(OH)2, Cu(OH)2, Ca(OH)2, Fe(OH)3, Fe(OH)2 - негіздер; AgNO3, NaCl, CaCO3, Na2SO4, CuS, ZnCl2, BaSO4 - тұздар. «Қолымдағы формула сыр шертеді» - қолындағы формула бір сөзбен сыр шертеді.

Біздің, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Электролиттік диссоциация», бұл сабақ қайталау түрінде өтеді, яғни тарау бойынша алған білімдерінді қайталап, бір жүйеге келтіреміз. Сіздерді көптеген қызықты тапсырмалар, сұрақтар, тәжірибелер, жаңалықтар күтіп тұр. Сабағымыздың ұраны: «Іздесен-табасың, талаптансаң-жетесің, зейін салсаң-ұғасың». Ал, енді, іске сәт, балалар!  

ІІ. Мағынаны таңу кезеңі. 2. Түсіну (2 ұпай) 6 мин

Диалог құру (зерттеушілік сұрақтар). Әр топқа бес сұрақтан ауызша сұрақтарға жауап береді.

I топ:

  1. Электролиттік диссоцациялану дегеніміз не?

  2. ЭДТ бойынша қышқылдар дегеніміз не?

  3. Орташа электролиттердің диссоциациялану дәрежесі қаншаға тең?

  4. Заттар суда ерігенде қандай иондарға ыдырайды?

  5. Мына негіздердің қайсысы күшті? LiOH, NaOH, KOH

II топ:

  1. Электролиттер, бейэлектролиттер дегеніміз не? Мысал келтір.

  2. Электролиттік дисоциацияны ғылымға енгізген ғалым?

  3. ЭДТ бойынша негіздер дегеніміз не?

  4. Қандай жағдайда ион алмасу реакциясы аяғына дейін жүреді?

  5. Мына электролиттердің қайсысы әлсіз? ZnCl2, H2CO3, HF.

III топ:

  1. Күшті электролиттерді ата: HNO3, H2SO4, HCl, NaOH, KOH, Ba(OH)2

  2. Неге қант немесе глюкоза ерітінділері иондарға ыдырамайды? Ал натрий хлориді ерітіндіде иондарға ыдырайды?

  3. ЭДТ бойынша тұздарға анықтама бер.

  4. Тұздар, негіздер, қышқылдар ерігенде не балқығанда неге ыдырайды?

  5. Қандай электрод – анод деп атайды?

3. Қолдану (3 ұпай) 7-8 мин. Тәжірибе жасайды.

Берілген ерітінділер арасындағы жүретін реакцияларды көзбен көріп, толық, қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.

  1. BaCl2 мен Na2SO4;

  2. FeSO4 мен NaOH;

  3. K2CO3 мен HCl.

Қолмен ұстап, көзбен көреді, тәжірибені іске асырады, химиялық реакция теңдеуін жазады. Нәтижесін көреді. Қауіпсіздік техника ерелерін ескеру. Мұғалімнің бақылауымен жүргізу.

4. Талдау (4 ұпай) 8-10 мин. Топпен жұмыс, пікір алмасу, АКТ пайдалану

Қышқылдар, негіздер, тұздардың жіктелуі, қасиеттеріне әр топ кластер құру. Уақытты ескеру.

Постерді бағалау критерийлері ұсынылады:
1. Әрбір топқа берілген күрделі заттардың қасиеттерінің дұрыс жазылуы.
2. Молекулалық теңдеулерінің дұрыс жазылып, теңестірілуі.
3. Толық-иондық, қысқартылған-иондық теңдеулерінің дұрыс жазылып, катион мен анионның дұрыс көрсетілуі.
4. Химиялық қосылыстардың дұрыс оқылуы.
Сергіту сәті: Дене мүшелерімен (бас, иық, тізе) 1-ден 5-ке дейін санды жазу. (3 мин)
5. Жинақтау 7 мин (5 ұпай)

Ерігіштік кестені пайдалану. Әр топқа жеке кеспе қағаздар таратылады.

Төменде берілген реакция теңдеулерін теңестіріп, толық және қысқартылған иондық түрде жазыңдар.

I-топ:

  1. Ca(HCO3)2 + HCl ↔ CaCl2 + H2CO3(CO2; H2O)

  2. NaOH + HCl ↔NaCl + H2O

  3. FeSO4 + 2NaOH ↔Fe(OH)2 + Na2SO4

II-топ:

  1. H2SO4 + BaCl2↔ BaSO4 + 2HCl

  2. KOH + H2SO4 ↔K2SO4 + H2O

  3. Na2CO3 + HCl ↔ 2NaCl + H2CO3(CO2; H2O)

III-топ:

  1. Cu(OH)2 + H2SO4 ↔ CuSO4 + 2H2O

  2. 2KOH + Zn(NO3)2 ↔ Zn(OH)2 + 2KNO3

  3. Ca(HCO3)2 + HCl ↔ CaCl2 + H2CO3(CO2; H2O)

6. Бағалау (6 ұпай) 3 мин (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)

Сен қалай ойлайсың?

- Қышқыл жаңбырдың қоршаған ортаға әсері қандай?

- Біздің өмірімізге қажетті қышқылдар, негіздер, тұздар туралы не айтасыңдар?

Ғылыми негізде өз ойларын айтады (нақты дәйекпен)

ІІІ. Қорытындылау. Өздерін-өздері бағалау, топты бағалау.

Ойна, ойлан, оқы? «Элементтерді реттік нөмірлерінің өсу ретімен орналастырып, таңба жанындағы сөз буындарын тіркестіріп жазғанда жақсы мақал оқи аласыздар.

Al S Ca Ti Fe Ni Zn Ge Se Y

13 16 20 22 26 28 30 32 34 39

Al-бі Ca-и Ti-не Zn-дық Fe-мен Ni-құ Y-дай S-лім Se-ған Ge-қа

«Білім – инемен құдық қазғандай»

IV. Рефлексия. 1-топ 2-топқа, 2-топ 3-топқа, 3-топ 1-топқа тілек. Стикерге жазып, оқып, жапсырады.

V. Үйге тапсырма: «Қышқыл, негіз, тұздардың тіршілікке әсері, маңызы» эссе жазу.


Краткое описание документа:

Электролиттік диссоциация.

Электролиттік диссоциация тарауы бойынша оқушылардың алған білімдерін қорытындылау және жүйелеу мақсатында Блум Бенджаминнің Блум таксономиясы мен сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әдістерін қолдана отырып 9-шы сыныпта өткізген сабағымның жоспарын ұсынамын.

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясымен өткізілген сабақтың қысқаша құрылымы.

Сабақтың тақырыбы: Электролиттік диссоциация

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту кезеңі. 1. Білу

Оқушылардың таным белсенділігін арттыру және ынтымақтастық ахуалды қалыптастыру мақсатында сынып оқушыларын формулалар бойынша үш топқа бөлу арқылы сергіту сәті жасалады.

ІІ. Мағынаны тану кезеңі. 2. Түсіну.

Оқушылар өзара пікірлесе, диалог жасай отырып әр топ теориялық сұрақтарға (зерттеушілік сұрақтар) жауап береді.

3. Қолдану. Бұл кезеңде оқушылар топпен отырып тәжірибе жасайды. Қолмен ұстап, көзбен көреді, тәжірибені іске асырады, химиялық реакция теңдеуін жазады. Нәтижесін көрсетеді.

4. Талдау. Оқушылар өздерінің топтарында қышқылдар, негіздер, тұздардың жіктелуі, қасиеттеріне кластер құру бойынша ізденіс жұмыстары жүргізіледі. Өткен материал бойынша бір-бірімен пікір алмасады. Қиындық тудырған ойды бөлісіп, түсіндіруге тырысады.

5. Жинақтау. Есептер шығарады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмалар беріледі.

6. Бағалау. Оқушылардың арасынан дарынды, талантты оқушыларды анықтау мақсатында жоғары деңгейде сұрақтар қойыларды. Сен қалай ойлайсың? Қышқыл жаңбырдың қоршаған ортаға әсері қандай? Біздің өмірімізге қажетті қышқылдар, негіздер, тұздар туралы не айтасыңдар? Не істер едің? Ғылыми негізде оқушылар өз ойларын айтады. (Нақты дәйекпен)

III. Қорытындылау. Формативті және суммативті бағалау әдісі қолданылады. Өздерін-өздері бағалау, топты бағалау.

IV. Рефлексия. 1-топ 2-топқа, 2-топ 3-топқа, 3-топ 1-топқа тілек. Стикерге жазып, оқып, жапсырады.

V. Үйге тапсырма: «Қышқыл, негіз, тұздардың тіршілікке әсері, маңызы» эссе жазу.


Автор
Дата добавления 01.10.2016
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров91
Номер материала ДБ-229039
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх