Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Научные работы / Электромагниттік толқындардың ағзаға әсері

Электромагниттік толқындардың ағзаға әсері


  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы:  Электромагниттік толқындардың ағзаға әсері

 

Мақсаты:      Осы тақырып арқылы электромагниттік толқындардың адам

ағзасына қаншалықты зияны бар екенін анықтау.

Міндеттері:

 

  1. Электр құрылғыларындағы электромагниттік толқындардың

қуатының зиянын ашып айту.

  1. Оқушыларды электромагниттік толқындардан өз ағзаларын дұрыс

қорғай  білуге тәрбиелеу.

  1. Оқушылардың электромагниттік толқын туралы білген білімдерін

одан әрі  дамыту.

Жоспар

 

I Кіріспе

1.1. Күн радиациясы. Электрлік техникалық құралдардағы электромагниттік толқындардың желісі

II Негізгі бөлім 

2.1. Ұялы телефонның  әсері және оның әсерінен туындайтын аурулар

2.2. Микротолқынды пештің әсері

2.3. Компьютер және адам денсаулығы

2.4.Рентген сәулелері

III Қорытынды

 

3.1 Электромагниттік толқынның ағзаға тигізер әсері









ХХІ ғасыр – жаңа технологияның, ғылым-білімнің ғасыры. Мұны мойындамасқа шара жоқ. Әрбір әрекет, әрбір жұмыс бір ғана батырманы басу арқылы іске асатын заманға да жақындап келе жатырмыз.

XXI ғасыр-ғылым мен техниканың дамыған кезеңі.Өкінішке орай кез келген өркениеттің екі жағы болатыны бар.Біріншіден, біздің қоғамымыздың алға жылжыуы болса,екінші жағынан, рухани құндылықтарға кері әсерін тигізеді.Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі баланың өзі жазу-сызуды білмесе де,компьютердің,ұялы телефонның не екенін жақсы біледі.Демек бала заманына қарай өседі.Технология тілін жатық біле бермейтін әке-шешелері«Қазіргі балалар іштен біле туады» деп те айтып жатыр.Енді осы тақырыпты ашып айтып өтейін.

Біз күнделікті өмірде қолданатын электр құралдардың өз денсаулығымызға қаншалықты зиян келтіретінін кейде білмей де қаламыз.  Мен осы өзімнің таңдаған тақырыбым арқылы жұртқа ұялы телефонның, микротолқынды пештің, компьютердің электромагниттік толқындарының адам ағзасына қаншалықты зияны бар екенін ашып айтқым келеді.

Электромагниттік толқындар — байланыс тізбегін құрайтын екі сымның арасындағы электрлік және магниттік өрістер бір-бірімен белгілі бір электромагниттік энергия мөлшерінде байланыста болатын толқын. Күн радиациясы , күннің сәуле шығаруы – Күннің электрмагниттік және корпускулалық сәуле шығаруы.





https://i.ytimg.com/vi/vsgSF03PkEQ/maxresdefault.jpg





Электромагниттік толқындар кез келген үйде, мекемеде жалпы адам өмір сүретін барлық ортада бар.Электромагниттік толқындарды тұрғын үйдің теледидарында, өтегінде, мұздатқыштарында, микротолқынды пеште, шаңсорғыштарда, компьютерде, ұялы телефондарда болады. Электромагниттік толқындардың 1000 мГц таралу керек болса, электро техникалық құрылғыларда кейде одан көп асып кетеді. Мысалы: өтекті қосқан кезде 25см қашықтықта одан 0,2мкТл электромагниттік толқындар бөлінеді. «Tefal» шәйнегінде 20см-0,6мкТл. Кір жуғыш машина 50Гц, ал теледидардың пульті 1 метрде 1мкТл болады. Микротолқынды пеште 30см қашықтықта 50Гц магниттік өрісі 10,3-8мкТл болады. Ал ер адамдар электр қыздырғыш қолданған кезде өздерін әдемілей отырып, беттерінен ток жүргізеді себебі: Электр қырынғыш  100мкТл (микро Тесла) есептеледі екен. Компьютерде 60Гц болады.Бірінші күн радиациясы жайлы айтып өтейін.

1.1.Электрмагниттік радиация (күннің сәулелік энергиясы) электрмагниттік толқындар түрінде, 300000 км/с жылдамдықпен тарап, жер атмосферасына енеді. Жер бетіне дейін тура (жерге бұлтсыз ашық жағдайда атмосферадан көктей өтіп жететін Күн сәулелері) және шашыранды (атмосферадағы шаң-тозаңнан, бұлттан шашыраған Күн сәулесі) радиация түрінде жетеді.Радиацияның ағзаға беретін энергия мөлшері сәулелену дозасы деп аталады.«Күн өтіпті »деген халық диагностикасы мен «сәулелік ауру» деген қазіргі медицина диагностикасы арасында тура байланыс бар.Жаздың ыстық күндерінде білмеген адамға ерсі көрінгенмен,өзбек пен тәжіктің ала шапан киюінде,қырғыз бен түрікменнің ақ киіз қалпағы мен елтірі бөрігін,дала қазағының түйежүн шекпенін тастамауында,халықтың радиациядан қорғануының ғасырлық тәжірібесі жатыр.Күні шуақты елдердегі әйелдердің бетін,денесін бүркеп жүруінің де бір сыры осында жатыр.

Табиғи және жасанды радиоактивті изотоптарда ядролардың өздігінен ыдырау процесі үздіксіз жүріп жатады. Демек, олар сыртқы ортаға туынды белшектерді, гамма кванттарын үнемі атқылаумен болады. Радиоактивті сәулелер кейде радиация немесе иондағыш сәулелер деп аталады. Олардың кинетикалық және электромагниттік энергиялары үлкен шама құрайды. Сондықтан ондай бөлшектер жолындағы денелердің атомдары мен молекулаларының химиялық-физикалық касиеттерін өзгертіп иондайды, олардың араларындағы қалыпты байланыстарды үзеді. Сөйтіп, биологиялық денелер де, басқа табиғи денелер де өзгеріске ұшырайды. Әсіресе тірі табиғат: адам мен жан-жануарлар, өсімдіктер мен басқа да тіршілік иелері зор зардап шегеді.

Атом бомбалары мен уран кеніштерін айтпағанның өзінде, атомдық реакторлар мен атомдық электр станциялары да радиацияның көзі болып табылады. Сондай-ақ Күн радиациясының, ғарыштан келетін басқа да бөлшектердің зиянды әсерін де білуіміз қажет. Ол үшін изотоптардың сәуле атқылау белсенділігін, сондай-ақ радиацияға душар болған денелердің алған сәулелерінің мөлшер-дозасын нақты білу қажет. Қандай доза шегінде жұмыс істеуге болады, қандай доза денсаулыққа зиян немесе адам өміріне қауіпті деген сұрақтарға да жауап беруіміз керек.

Иондағыш сәулелерден қорғана білу үшін олардың өтімділік қасиеттерін білген жөн. Радиоактивті изотоптармен жұмыс істегенде, олардың өтімділігіне орай тиісті қауіпсіздік ережесін бұлжытпай орындау керек.

Альфа-бөлшек парақ қағазға тұтылып, одан өте алмайды. Алайда адам терісінде қалып қойса немесе ішкі органдарына тыныс жолымен, яғни жеген тағамы арқылы етіп кетсе, өте қауіпті.

Бета-бөлшектердің өтімділік қабілеті үлкен. Олар адам ағзасына 1—2 см тереңдеп ене алады. Алайда бірнеше миллиметр алюминий қаңылтыры оны толық жұтып алады.

Гамма-сәуленің өтімділік қабілеті аса күшті. Сондықтан одан қорғану үшін корғасынның немесе бетон плиталардың калың қабаты пайдаланылады.

2.1. Ұялы телефонның  әсері және оның әсерінен туындайтын аурулар

Біздің асыққан заманда ұялы телефон – уақытымызды үнемдейтін таптырмас көмекші. Алайда, оның зияны жоқ емес.

Бір-бірімізбен хабар алмасып, қоңырау шалып, хабарлама жазамыз. Ұялы телефондарға суретке түсіп, интернет пен әлуметтік желілерде "отырамыз". Ойындар ойнап, фильм қарап, кітап оқимыз, оятар қойып, сүйікті әуендерімізді тыңдаймыз. Осыншама функционалды дүние қалайша зиян бола алады? Асықпаңыз...

Біз сізге ұялы телефоныңызды қауіпті деп санауға 3 себеп айта аламыз.

  1. "Канцерогенді болуы мүмкін" – Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы ұялы телефоннан шығатын, көзге көрінбейтін электромагнитті толқындарды осылайша сипаттады. Ғалымдар қауіпті аурулар мен телефонның толқындары арасында тікелей байланыс тапқан жоқ, дегенмен зерттеулер жалғасуда, ал "мүмкін" сөзі қорқуға себеп береді.

  2. Ғалымдардың жүргізген зерттеулері бойынша, адам ұялы телефонды қолданғанда оның миы басқаша жұмыс істей бастайды. Бір сағаттық әңгіме нәтижесінде, телефон қойылған жақтағы мидың бөлігінде көбірек глюкоза алмасуы болады. Бұл зерттеулер де әлі жалғасуда, мамандар бұл факті адамның денсаулығына қалай әсер ететінін айта алмай отыр. Алайда телефон миымызға әсер етіп, жұмысын өзгертіні рас.

  3. Соңғы жылдары бас аймағында ісіктерге шалдыққандардың саны өскені белгілі. Дәрігерлердің көпшілігі бұны ұялы телефонмен байланыстырады.

Ұялы телефонды көбірек қолданған сайын, ісік сияқты  қауіпті ауруларға тап болу мүмкіндігі өседі. Ғалымдардың телефонды мүлде қауіпті деп, оған тыйым салғанын күтпей-ақ, қазірден бастап қорғаныңыз. 

Заманауи адамға телефоның өте қауіпті десе де, онсыз өмір сүруге келіспес еді. Ұялы телефонды тастауға асықпай, кейбір шараларды қолға алсаңыз, оның жаман әсерінен кішкене болса да, сақтана аласыз.

Көп ғалымдар  ұялы телефонның электромагниттік толқындарының  шынында да адам ағзасына қаншалықты зияны бар екенін зерттеп қараған. Көп елдерде осыған байланысты арнайы программалар құрылып, үш жылдың көлемінде зерттеулер жүргізілген. Оған 12 елден келген 15 мың дәрігер мамандар қатысқан. Дәрігерлер зерттеу нәтижесінде құлақтың маңайында орналасқан (ми, сілекей безі, құлақ түйсіктері, көз)-дерге ұялы телефоннан

шығатын  электромагниттік энергияға көп көңіл бөлген. Осы сұрақ бойынша мен біздің Шиелі ауданындағы емханаға барып, лор дәрігерімен сауалнама өткіздім. дәрігер шынында да электромагниттік толқындардың адам ағзасына соның ішінде құлақтың маңайында орналасқан мүшелерге көп әсерін тигізетіні туралы айтты.

Шынында да ұялы телефонды тым жақын қолданғанда одан электромагниттік энергия шығады, тура сондай энергия микротолқынды пеште тауық етін пісіргенде шығады. Бұл энергия адамның миына және басқада мүшелеріне әсер етеді. Ұялы телефонды балаларға ұстап, онымен ойнауға болмайды. Шведтық ғалымдар «2мин. артық сөйлескен кезде адамның басында шу пайда  болады» -деген тұжырымдама жасады.  Ал Россияның ғалымдарының зерттеу барысында NMT-450, AMPS-800 ұялы телефондарымен сөйлескен кезде адамның миының биоэлектрлік жылдамдығына әсер ететіні байқалған. Адамның миы электромагниттік толқындардың сәулелерін әртүрлі қабылдайды. Электромагниттік сәулелер адам ағзасына өте қатты зиян тіпті кейде өлімге де әкеп соқтыруы мүмкін.

       Ұялы телефонмен мешітте, жол жүріп кележатқанда, шаңғы сырғанап кележатқанда, 16 жасқа толмаған балаларға, әйел адамның жүктілік кезінді және де психикалық ауруға шалдыққандарға, эпилепсия ауруымен ауратындарға сөйлесуге болмайды. Дені сау адамдарға 20минуттан  артық сөйлесуге болмайды. Себебі: бас ауруына және ойлау қабілетінің бұзылуына әсер етуі мүмкін.

Базалық станцияларда электромагниттік толқындардың қуаты 5Вт тан 20Вт дейін барады, ал үлкен қалаларда тіптен көп болуы мүмкін. Осыдан барлық жерде сәуле шашуы болуы мүмкін деген ой туындайды. Ұялы телефонның зияны жоқ деп шешкен канадалықтар осындай базалық станциялардағы антеналардан бөлінген электромагниттік толқындардың сәулелері адамға өте қатты зиян екенін анықтаған. Осының әсерінен рак ауруы пайда болады.

Ал ұялы телефонды алатын болсақ оның маркасына қарай олардың электромагниттік толқындарының қуаты  да әртүрлі болады. Көп елдерде электромагниттік толқындардың қуаты 1,6 Вт/кг. болатындай көлем алынған. Ұялы телефонның электромагниттік толқынының қуаты аз болғаны жақсы. Қазіргі кезде SAR ұялы телефонының қуаты 2ВТ/кг- нан аспайды. Осыдан 7-8 жылдан бұрын шығарылған AMPS-800, DAMPS-800, NMT-450 ұялы телефондардың қуаты бұл көрсеткіштен анағұрлым көп болған, ал қазір олардың қуаттары 1,5Вт/кг, және 0,5Вт/кг аспайды. Ең аз қуат көрсеткіші CDMA құралында, оның қуаты 0,1Вт/кг.- нан аспайды. Барлық ұялы телефондарда аз қуатты қондырғылар орнатылған. Автокөліктердің ішіндегі ұялы телефонның қондырғы қуаты 3 ватт, ал қарапайым ұялы телефондарда барлығы 0,75 — 1ваттқа тең. Қондырғылар ұялы телефонның антенасының жанында орналасқан. Радиоқондырғылар антеналардың функциясы ғарышқа радиотолқындарды жіберіп тұру үшін арналған.

Электромагниттік радиация магниттік энергиядан және электромагниттік толқындар арқылы пайда болады. Барлық электромагниттік энергия электромагниттік спектрге түседі, олар өте төменгі радиацияның жиілігінен ренгендік және гамма-сәулелеріне дейін өзгереді. Көп адамдар ұялы телефонмен сөйлескенде оны тым қатты бастарына тақалтады, осыдан адамның миына көп радиация әсер етеді.



Егер сіз ұялы телефон өміріме қауіпті деп қорқатын болсаңыз, сізге келесі ережелерді сақтаған жөн:

  • ұялы телефонмен наушник арқылы сөйлескен жөн, себебі сіз ұялы телефонды қолыңызбен ұстамай, басыңызға тақалтпайсыз сөйтіп өзіңізді телефонның электромагниттік толқынның сәулесінен қорғайсыз.

  • - антенасы құлақтың маңайынан алшақ орналасқан ұялы телефонды қолдануға тырысыңыз

  • Зәулім үйлерде, мекемелерде ұялы телефонды қолданбауға тырысыңыз

  • ұялы телефонды көбінесе таза ауада қолданылған жөн

  • - сәбилерге телефонды ойнауға бермеуге тырысыңыз

  • Телефонды қалтада, белдікте, ұстамаңыз. Телефонды қолда ұстап, жастықтын астына салып ұйықтамаңыз.

  • Мүмкіндік болса, қоңырау шалғанның орнына хабарлама жаза салыңыз.

  • Желі "ұстамайтын" жерлерден қайта-қайта телефон шалуға тырыспаңыз. Бұндай кездері телефон одан бетер көбірек толқындар шығарады.

  • Балалар электромагнитті толқындардың әсерінен көбірек зиян алады. Сондықтан кішкентайларға телефонды бергеннің алдында, оны "автономиялық" режимге қойыңыз.



2.2. Микротолқынды пештің әсері.

Ресейлік Федерация ғылым академиясының институты микротолқынды пешке зерттеу жасаған екен. Микротолқынды пештің ішінде тағамға зерттеу жасаған, онда «С» витамині сақталып 75-98% пайыз құраған, ал күнделікті өмірде витамин 30-60% пайызды құрайды екен.

Өздеріңіз ойланыңыздаршы егер күнделікті өмірде істейтін тағамды су қайнағаннан да тез пісірсе, онда ол тағам қандай болып піскені?

Егер біз тағамды  жәй жылытатын болсақ, онда  ол тағамның  дәмі азайып, микрофлорасы да азаяды.

Біз тағамды сусыз немесе аз көлемді суда пісірсек, онда тағамның ауыр металлдары мен нитраттары, нитриттері қайда кетеді?

Американдықтардың зерттеулері бойынша микротолқынды пештің арқасында «асқазан ракын» болдыртпауға болады. Себебі онда май мүлдем қолданылмайды. Ондай тағамды асқазанға пайдалы деп есептейді екен.

Ал испандық зерттеушілер керісінше микротолқынды пеште пісірілген брокколи қырыққабатының 98% пайызының витамині және микроэлементі жойылғанын байқаған.

Ең алғашқы микротолқынды пештің ішінде пісірілген тағамға швейцарлық биолог Хортеля және профессор Бернарда Блонка 1989 ж зерттеу жасаған екен, осы зерттеу барысында бір адамға пеште істелінген тағам жегізген, ал кейін микротолқынды пеште істелінген тағамды жегізген, сонда микротолқынды пеште істелінген тағамды жеген соң адамның қанының құрамында лейкоцит тым көп болып көбейіп, рак ауруына шалдыға бастағанын байқаған. Осы ауруды микротолқынды пеште істелген тағам тудырған, бірақ бұған ешкім мән бермеген екен.

Микротолқынды пеште істелген тамақтың электромагниттік толқындары микротолқынды пеште істелген етке судың молекуласының құрамымен енеді. Осыдан молекулалар қызып, бір-бірімен қақтығысады. Осыдан температура жоғарлайды, микротолқынды энергия 2,5см ден 5см ге дейін өтеді, сондықтан қалың етті ортасынан бөліп салған жөн.

      Ұялы телефонның электромагниттік толқындарының адам ағзасына зияны қандай болса, микротолқынды пештің электромагниттік толқынының зияны да тура сондай болады.

Францияның, Россияның, Украинаның және Швецияның ғалымдарының зерттеуі бойынша электромагнитті  ақпаратты (торс) толқын ақпаратты кеңістік болып табылады. Осы ақпаратты кеңістіктің адам денсаулығына тигізетін зияны өте көп екен. Адамның бас ауруы, ұйқының бұзылуы, мазасыздануы осының әсерінен болады.

Биологиялық зерттеу бойынша, адамның ағзасына микротолқынды пештен бөлінетін жоғарғы жиілікті диапазонның сантиметрлік сәуле шашуы әсер етеді. Электромагниттік сәуле шашуды көріп, естуге болмайды. Бұндай сәуле шашу тез байқалмайды. Сәуле шашу микротолқынды пеште істелген тағамға да әсер етеді. Осының салдарынан электромагниттік сәуле шашудан тағамның құрамындағы молекула ионизацияланып, атом электронын жоғалтады немесе керісінше қосып алады. Бұндай жағдай тағамның құрылымын өзгертеді.  Сәуле шашу тағамдағы молекуланың бұзылуын тудырады.

Микротолқынды пеште өмірде қолданылмайтын жаңа атау еңгізілген- «радиолитикалық».

Радиолитикалық қосылым молекулалық радиация туғызады.

Микротолқынды пеште істелген ет құрамында Nitrosodienthanolamines  концерогені болады. Сүттегі кейбір аминақышқылдар концерогенге айналған. Микротолқынды пеште қатып тұрған жеміс-жидекті жібіткен кезде, олардың глюкозидтары және галактозидының құрамында концерегенді элементі бар ұсақ бөлшекке айналады екен.

Тағамның құрамы 60% пайыздан 90% пайызға дейін азаяды.

В, С және Е витаминдерінің биологиялық қасиеті жоғалады.

Роберт Беккер Өзінің «Электричество тела» атты еңбегінде Ресейлік ғалымдардың зерттеуіне сүйене отырып, микротолқынды пештің әсерінен туындайтын ауруларды қарастырған:

  • Қысқа мерзімді зерттеу барысында микротолқынды пеште істелген тағамды ішкен адамдардың кәдімгі пеште істелген тағамды ішкен адамдардың арасында айырмашылық байқалғагн. Микротолқынды пештің тағамын ішкен адамның қанының құрамында өзгеріс байқалған, адамның қаны азайып, холестерині өскені байқалған екен.

  • Шетелдік емхананың бірінде бір әйелдің тізесіне аса ауыр емес операция жасалған екен. Оған қан құю үшін медбибі қанды білмей микротолқынды пеште қыздырып, қанды әйелге құйған кезде әйел шетнеп кеткен екен.

  • Вендік университетінің ғалымдарының зерттеуі бойынша микротолқынды пеште жылытылған тағамның аминоқышқыл атомның реті өзгергенін байқаған екен.

Микротолқынды пешпен қолданғанда келесі ережелерді сақтаған жөн:

  • микротолқынды пеште майға шыжғырып тағам әзірлеуге болмайды, себебі майдың температурасы жоғарлайды.

  • Жұмыртқаны қабығымен микротолқынды пешке салып қайнатуға болмайды, оның атылып кетуі мүмкін.

  • Бауыр, сәбіз, горох, кукурузды да пісіруге болмайды, олардың да атылып кетуі мүмкін.

  • Микротолқынды пештің үстіне металлдан жасалған ауыр заттар қоюға болмайды.

Осы ережелерді сақтаған кезде өз өміріңізді микротолқынды пештің зияндарынан азда болсын қорғайтыныңызды ұмытпағаныңыз жөн.



   2.3. Компьютер және адам денсаулығы:

Компьютердің электромагниттік толқындардың адам ағзасына тигізер әсері өте көп. Электромагниттік толқын адамның:

  • жүйкесінің тозуы, себебі компьютерде көп құжат басқан кезде көбісі құжатты сақтауға ұмытып кетеді, кейде жарық өшіп қалады сонда адам стесс алады. «Барлық ауру жүйкенің әсерінен болады» деп айтылған сөз бекер емес.

  • Иммунитет төмендеуі, адам көп отырған кезде қан айналымы бәсеңдейді.

  • Жүктілік кезде, Компьютермен жұмыс істеген кезде оның жанында электромагниттік толқын көп болады. Компьютердің платасы және мониторы қызған кезде ауаға зиян заттар бөлінеді. Осының әсерінен ауа құрғап, адамның тыныс алуы бәсеңдейді. Жүктілік кезде әйел адамның ағзасы көп қимылдағанды қажет етеді. Көп отырған кезде қан айналымы баяулайды, зат алмасу процессі де баяулайды. Жүктілік кезде осының салдарынан гипаксия болуы мүмкін және балаға қажетті заттың дұрыс бөлінбеуіне әкеп соқтырады. Баланың дұрыс дамуына да әсерін тигізеді.

  • Біздің қазақ тасқа басылған сөзге қатты сенеді.Тасқа қашалып жазылған дүниенің ешқашан құны жойылмайды.Ол біздің тарихымыздан белгілі.Егер оның құны мәңгілік болмаса,сонау Тоныкөк,Күлтегін ескерткіштеріндегі жазулар неге соншама ғасыр сақталып қалды?Газет пен журнал да сондай.

Интернет басылымдар не жазса да,қандай өткір мәселе қозғалса да көпшілік оған жүз пайыз сеніммен қарай алмайды.Газет басылымдары мен интернетті салыстырып көрейік.Сіз бір жылға 5000-6000 теңгеге газетке жазылсаңыз,ол жыл бойы поштаңызға келіп тұрады.Интернетті пайдаланғаныңыз үшін айына бес-алты мың теңге кетеді.

Компьютердің ұя бұзарлық қасиеті бар.Ол дегеніміз қазіргі күні небір сұмдық нәрселер осы техниканың әсерінен шынғуда.Соның бір мысалы,есірткі аудио(адамды есінен айыратын әуен) қазіргі күні проблемаға айналды.Бастапқы кезеңінде,яғни 3 күнде алдап-арбап тегін тыңдатып,адамды есінен адастырады.Кейіннен оның адамға тәуелділігі артқан кезде,оны ақшаға тыңдатады екен.Бұның өзі жастардың санасын улайды.

Компьютердің алдында көп отырған кезде басқа да көп аурулар тындауы мүмкін: көз ауруы, қол білезіктерінің ісінуі, омыртқаның қисаюы, салмақтың қосылуы. Осындай ауруларға шалдыққыңыз келмесе компьютердің алдында көп отырмауға тырысыңыз, ал егер жұмысыңыз бойынша талап етілсе арнайы ережелерді сақтап, жаттығу жасап отыру қажет. Компьютер жанына кактус өсімдігін қою қажет.Өз денсаулығыңызға көп көңіл бөлгеніңіз жөн.

Компьютерге осыдан 10 жыл бұрын тек қалталылардың ған қолы жетсе,бүгінгі күні оны әрбір үйден көруімізге болады.Сондықтан болар компьютерлік ойындар балалардың құмартып ойнайтын ойындарының біріне айналды.Қазіргі балалардың досы-компьютер,осы бір жансыз темірдің алдында кешке дейін отырса да жалықпайды.Бұндай балаларды компьютерден басқа еш нәрсе қызықтырмайды.Тіпті кейбіреуі компьютерге тәуелді болады.

Мектеп оқушылары көбіне компьютерде интернетке кіріп,Вконтактіде,агентте отырады. Баланың ой-өрісіне әсер ететін көптеген ойындар ойнайды.

Енді мамандар зерттеулеріне сүйене отырып бұл озық технологияларды ұзақ пайдаланудың бала психологиясына кері әсер етеді.

Біріншіден, шамадан тыс ақпараттар тасқыны баланы енжарлыққа душар етеді.Интернетті өзінің бірінші серігі,ал компьютерді «досы » етіп таңдаған жан айналасындағы адамдармен еркін араласу қабілетін лезде әлсіретіп алады екен.Бұл туралы мамандар өзгенің адами мұң-мұқтажын түсінбейтін,айналасындағылардың жан қиналысын сезіне бермейтін,яғни жүрегі селт етпейтін халге жетеді дейді.Адамдармен,тіпті өзінің жақын-жуықтарымен,әке-шеше,бауырларымен араласудан қашқақтайтын ондай бала абайламаса шынайы мынау өмірді виртуалды,жансыз«өмірге» айырбастап жіберетіндей дәрежеге жетеді екен.«Компьютерге байлану» ауруы негізінен кімдерде пайда болады ? деген сауалға мамандардың жауабы:«Негізінен, шынайы өмірде өз-өздеріне сенімсіз,сондай-ақ тұрмыста кездесетін қхиын түйіндерді шеше алмайтын адамдар және әке-шеше қарауынан тыс қалған жас балалар аталған ауруға бейім » .Олар компьютерден тыс жерде тірлік ету уақытын босқа жоғалтқанмен бірдей деп есептейді екен.

Күн сайын теледидар қарап отырып не бір түрлі келеңсіз жағдайларға кезігесің. Отбасымен ажырасу, жаман әрекеттерге бару. Қорлық-зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз? Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар. Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы интернетке де шығуға болады дейсіңдер.Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады.Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді.Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ. Небір түрлі қырғын атыс-шабыс ойынын, өзгелермен танысу, ұятты көріністер қарайды. Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз-қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық-зорлық көбейеді.Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма? Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, интернетті білмеген заман көшінен қалды деп, таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық  екеніне көзіміз жетті.Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп,жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп,ал зиянынан сақтанайық демекпін.

Жанашыр мамандар «ғасыр дерті» деп бағалап отырған бұл сырқатпен күрес жалпы халықтық іске айналуы тиіс. Себебі ТМД елдері ішінде компьютер мен интернетті пайдалану ісінде Қазақстан алдыңғы қатарға баяғыда-ақ шығып қойған. Ендеше егер аталған компьюбтеромания ауруы кейбір отбасы мүшелерінде пайда болғаны анықталса,оған қарсы тиімді шаралар осы бастан жүргізілуі тиіс.Ал егер ондай сырқаттың ауылы әлі алыстау сияқты көрінсе,онда аталған дерттің алдын алу, тұтынушыларға заманауи технологияларды пайдалануды қалай тиімді жүргізуге болатыны жайлы сауат ашу курстарын жүргізген ләзім.

2.4.Рентген сәулелерінің тірі организмдерге тигізетін залалы мол.Рентгендік сәулелердің өтінде ұзақ болу өте зиян.Теледидар мен компьютер мониторының экрандарына электрондар ағыны соғылғанда да рентгендік сәулелер пайда болады.Мұндай құралдардың қасында өте жақын әрі ұзақ отыру –денсаулыққа нұқсан келтіретінін естен шығармауымыз керек.

Рентгендік тексеруден жылына бір рет өтіп тұрады.Рентгендік тексеруге жүкті әйелдерге түсуге болмайды.















Электромагниттік өрістің адам ағзасына әсері олардан қорғану жолдары. Электромагнитік өрістің әсері – электр заряды не магниттік моменті бар бөлшектер арасындағы  электромагнитік өріс арқылы   берілетін белгілі . Адам  өмірге келгеннен бастап, электромагнит сәулесінің әсерінде болады. Адамға әсер ететін жердің магниттік өрісі – табиғи электромагниттік өріс,  планетарлық сарқылмайтын ресурс. Магниттік өрістің күші әржерде әртүрлі. Радиожиіліктік  өрістер адам организіміне қолайсыз әсерін тигізеді. Адамға, жануарларға, өсімдіктерге, микроорганизмдерге жер қыртысынан бөлінетін гамма сәулелер және ғарыш сәулелері сырттан,организмде болатын радиоактивті элементтер сәуелері іштен әсер етеді. Егер бұл сәулелер тірі организмге  артық мөлшерде өтсе, клеткалардың, органдардың тіршілігіне қауіпті ауру жабысады.Радиожиілікті қондырғылар шығаратын электромагниттік сәулелерді мөлшерден көп қабылдаған жағдайда ол адамда мамандық ауруға әкеліп соғады. Нәтижесінде нерф жүйесі журек қан тамырлары эндокриналды жүйе және де басқа да ағзаларға әсер етуі мумкін. Электромагниттік өріс әсерінде ұзақ уакыт болған жағдайда адамдар тез шаршайды. Ұйқышылдық пайда болады,ұйқысы бұзылады,жиі- жиі басы  ауырады,нерв жүйесі бұзылады т.с.с. системетикалық сәулелену болған жағдайда психикалық ауру  қан қысымы өзгеру жүрек соғысының баяулауы  шашының түсуі байқалады.Қорғану әдістері: сәуле шығару көзіндегі сәулеленуді азайту. Өте жоғары  жиілікті және ультра жиілікті қондырғыларды дұрыс орнату.  Экрандалған бөлмелердегі қондырғыны алыстан бақылау. Жұмыс істеу орнын және сәуленің шығу көзін экрандау немесе мыстан жасалтын жогары өткізгіштік қасиеті бар тор металдар шағылдырғыш жерлету экран ретінде пайдалану шаралар «электормагниттік сәулеленуді дозиметр көмегімен кемінде айына бір рет тексеру,жылына медициналық тексеруден бір рет өткізу. Қосымша демалыс қысқартылған жұмыс күнін жасау жасы он сегізге толмаған және орталық нерв жүйесі жүрегі, көзі ауыратын тұлғаларды жұмысқа қабылдамау». Жеке қорғанысты қолдану.

Электромагниттік толқындардың әсерінен әртүрлі аурулар туындайды екен:

  • онкологиялық аурулар

  • Альцгеймер ауруы

  • Паркинсон ауруы

Электромагниттік толқынның радиациясының екі түрі бар.

Олар:   Гамма-сәулелері және рентгендік сәулелер. Осы екі сәуле де адам денсаулығына зияны көп. Федералдық комиссия «Жоғарғы радио жиілігінің сәулелері адамның терісіне әсер етеді» — деп қарастырған екен. Радио жиіліктері адамның терісін микротолқынды пеште тамақ қыздырғандай етіп қыздыруы мүмкін, терінің зақымдануы жоғарғы жиілікті радиацияның әсерінен туындайды, себебі: адамның терісі көп мөлшердегі жылулықты тез тарата алмайды. Әсіресе көп зиян адамның көзіне тиеді, көзде қан айналымы баяу болады.

Қазіргі кезде ұялы телефондардың қаншама түрлісі бар, ғалымдар электромагниттік толқындардың адам ағзасына қандай зияны бар екенінің нақты шешімін тауып адамдарды алдын — ала қауіпсіздендіру жолын іздеуде.



3.1. Қорытынды:

 

Электромагниттік толқынның адам ағзасына қаншалықты зияны бар екенін мен осы тақырыбым арқылы зерттеп, таныдым.

Ұялы телефонның электромагниттік толқыны ұялы телефонның антенасының жанында орналасқан қондырғы арқылы зиянды екенін білдім. Өзімде бір тәжірибе жасап көрдім:

ұялы телефонды бір апта жастығымның астына қойып ұйықтадым, сонда мен ұйықтап тұрғанда шаршағанымды сезіндім, басым ауырып, жүйкем тозғандай болып сезінді. Ал қазір мен ұялы телефонмен көп қолданбауға тырысамын. Дәл осы сияқты микротолқынды пештіде қаншалықты адам ағзасына зияны бар екенін білдім. Микротолқынды пешке де өзім бір тәжірибе жасап көрдім:

Суып қалған тағамды алып жартысын пешке, ал жартысын микротолқынды пешке жылыттым. Сонда байқағаным пеште жылытылған тағамның дәмі сақталыпты, ал микротолқынды пеште жылытылған тағамның дәмі аса қалмаған екен. Себебі микротолқынды пеште жылытылған тағамның витаминдары 60% пайыздан 90% пайызға дейін азаяды екен. Тек тағамның дәмінің өзгеріп, құрамындағы витаминінің азғайғанын ғана емес, микротолқынды пеш қосылған кезде туындайтын электромагниттік толқынның әсері бар екеніне де көз жеткіздім.

дәл осы секілді мен компьютердің адамға қаншалдықты зияны бар екенін білдім. Комьпютер  адамға 60Гц электромагниттік толқын әсер тигізеді екенін де білдім, барлық электр құрылғыларының ішінде ең көп әсерін тигізетін ол компьютер. Мен өз денсаулығым және де барлық жұрттың денсаулығы жақсы болғанын қалаймын.

Осы тақырыбым арқылы келешек ұрпаққа электромагниттік толқынның зиянын айта отырып, өз ағзаларын электромагниттік толқынынан дұрыс қорғай білуді айтып жеткізгім келеді. Мен айтып өткен мәселелерден кейін келешек ұрпақтар, менің достарым өз денсаулықтарын осы электрлік құрылғылардың электромагниттік толқындарынан өз ағзаларын дұрыс қорғай білуді үйренеді деген үміттемін.



































IV. Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Физика және астрономия оқулығы 9 сынып. Р.Башарұлы

2.Физика в школе журналы 2012ж ,№ 1

3. Интернет материалдары

4. Любимов В.В. Искусственные и естественные электромагнитные поля в окружающей человека среде и приборы для их обнаружения и фиксации // Препринт. 1999. - №11 (1127). –

5.. Холодов Ю.А. Реакция нервной системы человека на электромагнитные поля. –М.: Наука, 1992.




Автор
Дата добавления 14.03.2016
Раздел Физика
Подраздел Научные работы
Просмотров1676
Номер материала ДВ-525715
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх