Электрондық кестелер (8 сынып)

Предпросмотр материала:

Сабақ: 26                              Сыныбы:8д                                 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестелер. Кестелік процессордың терезе интерфейсі. Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Microsoft Excel-кестелік процессорын іске қосу, терезе элементтері, мүмкіндіктері, құжатты сақтау және ашу жолдарын, деректер енгізу, редакциялау және пішімдеу жолдарын үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,

                   пәнге деген қызығушлығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыра отырып, жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды  пайдалану барысында ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, презентация, компьютер

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі;
  2. Үй тапсырмасын сұрау;
  3. Үй тапсырмасын бекіту;
  4. Жаңа сабақ;
  5. Жаңа сабақты бекіту;
  6. Бағалау;
  7. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi:

а)Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;

ә)Назарларын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын сұрау. Мәтінмен жұмыс

3. Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:

·         Компьютерлік графика дегеніміз не?

·         Растрлық графика дегеніміз не?

·         Растрлық графиканы өңдеу бойынша программаларын ата?

·         Векторлық графика дегеніміз не?

·         Фракталдық графика дегеніміз не?

                    

Артықшылығы

Графика

Кемшілігі

Өңдеу редакторлары

 

Растрлық

 

 

 

Векторлық

 

 

 

4. Жаңа сабақ

       Microsoft  фирмасының   Excel  программасы – кестелік  процессорлар  немесе  электрондық  кестелер  тобына  жататын  ең  кең  тараған  программалық  кестелердің  бірі. Бірақ   Excel  жай  программа  ғана  емес, оны  көптеген  математикалық   амалдарды, күрделі  есптеулерді  көрнекті  жеңілдету     үшін     пайдалануға     болады.   Ол     кестедегі  мәліметтердің  негізінде, түрлі-түрлі  диаграммалар  тұрғызып, мәліметтер  базасын  даярлап, олармен  жұмыс  істеуді, сандық  эксперимент  жүргізуді  және  т.б.  қамтамасыз  ете  алады.

      Excel  мүмкіндіктерінің  көпжақтылығы  оны  тек  экономика  саласында  ғана  емес, сондай-ақ  оқып  үйренуде, ғылыми  зерттеу  істерінде, әкімшілік  және  жай  шаруашылық  жұмыстарында  да  кеңінен  пайдалануға  мұрсат  береді.

Excel  программасын  іске  қосу

1) Тапсырмалар  тақтасындағы   Іске  қосу  (Пуск) батырмасында  тышқанды  шертеміз  де, Программалар  қатарын  таңдаймыз.

2) Microsoft Office-тің  ішінен  Microsoft  Office Excel  қатарында  тышқанды  шертеміз.

Іске  қосу  → Программалар → Microsoft  Offiсe → Microsoft  Office   Excel (1-сурет)

 

1-сурет

     Excel  программасы  іске  қосылғаннан  кейін  экранның  көрінісі  суреттегідей  болады.

                                                                                                                                                        

 Пішімдеу үстелі

 

Күй жолағы

 

Парақтар лақаптары

 

Айналдыру сызығы

 

Жолдар тақырыбы

 

Ұяшықтар

 

Бағандар тақырыбы

 

  Мәзір жолағы

 

Өрнек жолағы

 

  Стандартты үстелі

 

Тақырып  жолы

 

      Кесте ұғымы күнделікті өмірде кездеседі, міне, олардың бірнеше мысалы: көбейту кестесі, сынып журналы, үлгерім күнделігі. Оны толтыру барысында сендер қажет бағанды табасыңдар, содан кейін тиісті жолға тапсырма жазасыңдар, осылайша, дайын кестені толтырғандарыңды байқамай да қаласыңдар. Бірақ бұл кестелерде ешқандай есептеу орындалмайды. Кестелік есептеу үшін олар бойынша есептеу жүргізілетін қарапайым формула мен есептеуге қатысты бастапқы деректері болуы тән.

     Кесте – ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі. Кесте жолдар мен бағандардың кез келген санынан құрылуы мүмкін.

     Жол – көршілес ұяшықтардың көлденең бірлестігі.

     Баған- көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі.

     Бағандар мен жолдар қиылысып  ұяшықтар түзеді.

     Ұяшық – дерек сақталатын орын.

     Ұяшықтарда алғашқы немесе 1-ші, сондай-ақ алғашқы деректермен орындалатын операциялардың нәтижесі болып табылатын туынды ақпараттар болуы тиіс.

     Ехсеl  электрондық кестесінде бағаналар саны - 256, ал қатарлар саны – 65 536-ға тең. Әрбір бағана мен қатардың қиылысқан жерінде ұяшық немесе тор деп аталатын тік төртбұрыш орналасқан. Оған мәліметтерді (мәтін, сан, немесе формулалар) енгізуге болады. Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны – 16 777 216-ға тең. Әрбір ұяшыққа 32 мың символ енгізу мүмкіндігі бар.

 

 

 


    

Бағаналары

 

Жолдары

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 


    

 

      Excelде мәлімет енгізудің 4 түрі бар:

1. Сан                       

2. Текст        

3. Дата (мерзім)                  

4. Формула

1) Excelде сан (цифр) жазғанда арасында бос орын болмау керек. Енгізілген сан автоматты түрде ұяшықтың оң жағына тұрады.

2) Текст- Excel санға не формулаға ұқсамаған кез келген символды, әріпті текст ретінде санайды да,  автоматты түрде ұяшықтың сол жағына орналастырады. Текст клеткаға сыймаса, жанындағы бос клеткаларды жауып жазыла береді.

3) Дата – Excel дата енгізгенді тез түсінеді. Мысалы, мен А2 клеткасына 1 мамыр 1995 деп жазсақ, ол автоматты түрде 1.май.95 деп өзгертіледі де оң жаққа қойылады. Ал формула жолында А2 клеткасында 1.05.1995 көрсетіледі.

   4) Формула – Excelде мәліметті автоматты түрде есептеуге арналған  формула = белгісінен басталады да клетка адресі мен математикалық операция жазылады. Арифметикалық операция белгілері:

+ (қосу), - (алу), / (бөлу), * (көбейту) т.б. Формулада ұяшық адресін тышқан курсорымен түртіп көрсетіп, не болмаса адресін клавиатура арқылы енгізуге болады. Клеткадағы формулада не т.б мәліметте қате кетсе түзету үшін көрсеткішпен ерекшелеп, F2 клавишасын басамыз не формула жолына түртіп курсорды қойып түзейміз. Қате жөнделген соң Enter басып шығамыз.

Ой қозғау.

Уи́льям Ге́нри Гейтс III (ағылш. William Henry Gates III; қазанның 28, 1955}}, Сиэтл[4]), немесе Билл Гейтс (ағылш. Bill Gates) — АҚШ кәсіпкері әрі қоғам қайраткері, бағдарламалық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы болып табылатын  Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушысы (Пол Алленмен бірге) және бұрыңғы президенті, негізгі акционері. 2008 жыл маусым айына дейін оның басқарушысы болған, ал одан бері директорлар кеңесінің атқарушы емес төрағасы лауазымында. Билл Гейтс — Форбс журналы бойынша әлемдегі екінші бай адам.

Егер мен Вилл Гейтс болсам...

Компьютермен жұмыс

Шығармашылығына негізделген тапсырмалар.

1- тапсырма. Автоқосынды көмегімен бос ұяшықтарға тігінен, көлденеңнен қосындыларын есептеу керек. Көшіру командасын пайдалану.

28

26

41

 

36

35

13

 

45

56

75

 

12

89

64

 

 

 

 

 

 

2- тапсырма

Сандардың арифметикалық ортасын табу.

3

9

5

7

2

8

1

6

4

 

 

       3-тапсырма Формула көмегімен сандарды дәрежеле

 

х

2

6

8

10

12

14

 

 

 

х³

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       4-тапсырма V=S/t формуласы бойынша жылдамдықты есепте.

S

120

590

78

1268

3659

 

 

 

 

t

2

6

0,7

28

65

 

 

 

 

V

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Сабақты бекіту

 

 

 

 

 

Топтастыру

 

 

 


                                                                                      

 

 

 

 


6.Бағалау;

Бағалау парағы арқылы

Үй тапсырмасы

(1-3балл)

Ой толғау

(1-3балл)

1-тапсырма

(1балл)

2-тапсырма (1 балл) 

3-тапсырма (2 балл)

4-тапсырма (3 балл)

 Барлығы

Баға

 

 

 

7.Үйге тапсырма:  §26,27 оқу

 

 

 

Краткое описание материала

Электрондық кестелер (8 сынып)

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Карибекова Жанар Толеубеккызы

учитель

  • На сайте: 11 лет и 1 месяц
  • Всего просмотров: 15658
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 3
  • 15658
    просмотров
  • 3
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Карибекова Жанар Толеубеккызы.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~250

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: