Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / «Электрондық қор: оқулық, құрал тағы басқа жасақтау технологиясы» атты облыстық семинар тақырыбы:«Электрондық оқулықты электронды оқыту кешеніне айналдыру талаптары»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Информатика

«Электрондық қор: оқулық, құрал тағы басқа жасақтау технологиясы» атты облыстық семинар тақырыбы:«Электрондық оқулықты электронды оқыту кешеніне айналдыру талаптары»

библиотека
материалов

Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі





hello_html_m7bbac331.png



«Электрондық қор: оқулық, құрал тағы басқа жасақтау технологиясы» атты облыстық семинар



«Электрондық оқулықты электронды оқыту кешеніне айналдыру талаптары»





Орындаған: арнайы ақпараттық

пәндер оқытушысы А.М. Жусупкалиева

















ОРАЛ – 2012


«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»


Н. Ә. Назарбаев



Жаңа технологиялар негізінде білім сапасын арттыру жұмыстарының мысалы ретінде білім беру тәсілдерін (электронды оқулық, бейнесабақ, тестілеуші бағдарламалар, электронды зертханалық жұмыстар және т.б.), білім саласын басқаруды автоматтандыруды атауға болады. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану білім берудің төмендегідей жаңа түрлерін кеңінен пайдалануға мүмкіншіліктер тудырады:

  • интерактивтік (өте белсенді) сұхбат (диалог) – ол қолданушының компьютермен қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырады. Бұл арада сұхбат текстік бұйрықтар мен жауаптар арқылы қарқынды түрде жүзеге асып отырады (мысалы, сұрақтарды «керекті» сөздерді қолдану еркін түрде бере беруге болады);

  • нақты объектілерді басқару;

  • экранда көрініс тапқан түрлі объектілердің, құбылыстардың, процестердің үлгілерін басқару;

  • оқу процесінің нәтижелеріне автоматтық бақылау (өзіндік бақылау) жасау және бақылаудың нәтижелері бойынша тестілеу, түзетулер енгізу.

Жоғарыда атап өтілген білім беру қызметінің түрлері, біріншіден, оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге бағытталған әдістемелерді жасауға мүмкіндік береді; екіншіден, оқушыларға эстетикалық тәрбие беруді жоғары дәрежеге көтеруге; үшіншіден, қазіргі адамдар үшін өте қажетті тиімді шешімдер қабылдай білу сияқты коммуникативтік қабілеттерді қалыптастырып, дамытуға мүмкіндік береді.

Бағдарламалық құралдар мазмұнының ғылымилығы – сол бағдарлама құралдарының тікелей көмегі арқылы нақты ғылыми мәліметтер алуды көздейтіндігімен сипатталады. Мұндай жағдайда үлгілер жасау мүмкіндігі, зерттелетін объектілерді, құбылыстарды, процестерді. иммитациялау – зерттелетін процестердің заңдылықтарын өз беттерімен аша білуді көрсететін ғылыми жұмыстардың өтуін қамтамасыз етуге дәнекер бола алады.

Бейімдеушілік болса мүмкіндігінше оқушылардың әрқайсысымен жеке жұмыс істей білуді, ұсынылған оқу материалын қабылдаудағы оқушылардың субьектілік қабілеттерін үнемі ескеріп отыруды қажет етеді.

Білім беру жүйесін ақпараттандыруда электрондық оқулықтарды пайдалану тиімді. Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты – «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Білім берудің кез келген саласында «электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Осы уақытқа дейін білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықта пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды, сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез немесе жай түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электрондық оқулықтың ең қажет элементі – аудиохабарлар. Мысалы, құстардың дауыстарына қарап қандай құс екенін ажырата білу, жүрек қағысын байқау.

Электрондық оқулықты электронды оқыту кешеніне айналдыру электрондық оқулық пен ақпараттық коммуникациялық мүмкіндіктердің барлығын дерлік қамти алады. Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әртүрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Ақпараттандыру ісі Қазақстанның білім беру жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде. Ақпараттық технологияның қарқынды дамуына сәйкес электрондық оқыту деп аталатын оқытудың жаңа технологиясы қалыптасып нығая түсуде. Сондықтан педагогика ғылымының алдында электрондық оқытудың жүйе құраушы факторлары мен негізгі педагогикалық ұстанымдарын анықтау және айқындауға байланысты бірқатар міндеттер қойылды. Сонымен қатар электрондық оқыту құрылымы мен мазмұнына, оқыту әдістеріне, оқытудың формасына және құрамына қойылатын кешен талаптарды анықтау қажеттігінен электрондық оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру мақсаты туындап отыр.

Әдістемелік жүйенің бөліктерін электрондық оқытуға сәйкес толығырақ қарастырсақ. Оқыту мақсаттары мен міндеттерінің білім беру, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру, тәжірибе алмасу, алынған білім, біліктілік пен дағдыны тексеруді жалпылай жатқызамыз.

Оқыту мазмұнының құрамына әрдайым теория, білімді тәжірибелік бекіту және білімді тексеру кіреді.

Электрондық оқытудың әдістемелік оқыту моделінде оқыту құралдарының орын алуы өзгерді. Олар оқыту құрылымы мен мазмұнын, әдістерін және оқытудың формаларын анықтайды. Электрондық оқытудың әдістеріне топтық әдіс және жеке-дара оқыту әдісі жатады. Бұлар – кеңінен тараған оқыту формалары.


1.1.Электрондық оқулықтарды колдануға қойылатын талаптар

Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар: дидактикалық, методикалық, бағдарламалы – техникалық, психологиялық және т.б.( 1.1-сурет)


hello_html_228067f1.gif

1.1-сурет. Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар

Электрондық оқулыққа қойылатын дидактикалық талаптар

Электрондық оқулыққа қатысты дидактикалық талаптар дидактикалық оқыту принциптеріне қойылатын талаптармен сәйкес келеді. Электрондық оқулыққа қойылатын дидактикалық талаптарды 2 топқа бөліп қарастырамыз: 1) Жалпы дидактикалық құрал ретінде талап қою;

2)Жаңа ақпараттық технологиялар құрылғыларына қатысты жаңа дидактикалық талаптар қою.

Электрондық оқулықты қолдануда қойылатын бірнеше жалпы дидактикалық талаптар бар. (1.2-сурет): hello_html_772d485.gif


1.2-сурет. Электрондық оқулыққа қойылатын жалпы дидактикалық талаптар

Электрондық оқулықты қолдануда қойылатын жалпы дидактикалық талаптар бір – бірімен өте тығыз байланысты болып келеді, енді олардың әрқайсысын жеке – жеке қарастырайық.

1. Электрондық оқулықты қолдануға қатысты оқудың ғылыми деңгейіе талап дегеніміз :Біріншіден соңғы ғылыми жетістіктерге сәйкес оқу материалы мазмұнының жеткілікті дәрежеде терең , әрі толық болуын қамтамасыз ету. Оқудың ғылыми деңгейі принципін жүзеге асыру үшін қажет:

  • Сәйкесінше оқу пәнінің логикасы басшылығымен оқу пәнінің қажетті мазмұнын реттеу принциптерін табу.Әрбір оқылатын жаңа пән немесе құбылыстың диалектикалық сәйкестік негізінде қамтамасыз ету , яғни оның дамуына қатысты басқа әр пән немесе құбылыстар арасындағы байланыс.

Білімді дұрыс меңгеру үшін оқылатын ғылым саласына сәйкес термин , анықтамалар, ғылыми түсініктер қалыптастыру және сол терминдерге дәл анықтама беру шарттарын қамтамасыз ету;

  • Түсіндірілетін құбылыстың мағынасын толық ашу;

  • Ғылыми ізденіс тәсілдері жөнінде мағлұмат беру;

2. Электрондық оқулық көмегімен жүзеге асырылатын оқудың қолжетімділік талабы дегеніміз, яғни теориялық күрделілік дәрежесін анықтау және оқушының индивидуалдылық , жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу материалдарының тереңдігін анықтау қажеттілігін білдіреді. Оқушының қабылдауы мүмкін емес шектен тыс күрделі материалдар жіберілмеуі тиіс.

Қолжетімділік принципі мен ғылымилық принциптерін бірге қарастыруымыз қажет.Осы екі принципті өзара байланыстыра қарастырған жағдайда ғана алға қойылған талаптарды жоғарғы деңгейде орындай аламыз. Сонымен қатар ақпарат көрсетудің түрлі формаларын қолдана отырып жеткізсе, жай ойлайтын немесе есте сақтау қабілеті нашар оқушыларға қатысты төмен темппен және қайталауды жүзеге асыратын болса, кей күрделі материалдарды жақсы меңгеруге әсер етеді.

3. Оқудың проблемалылығын қамтамасыз ету талабы- бұл сол пән саласында оқу материалын толық танып-білуіне негізделген. Егер оқушы өзі шешуге міндетті проблемалық жағдайға кезіксе, оның ойлау белсенділігі артады. Қарапайым оқулықтарға қарағанда электрондық оқулық көмегімен дидактикалық талаптарды орындау дәрежесі неғұрлым жоғары.

4.Оқулықтың сырт бейнесін, көріністілігін қамтамасыз ету талабы дегеніміз бұл оқу материалын қабылдауға әсер ететін көріністік моделін дұрыс ұйымдастыру, материалды жоғарғы деңгейде меңгеруіне әсер ететін талаптардың бірі. Негізінен бұл принцип нақтылықтан абстракталық тануға дейінгі жол ретінде түсіндіріледі. Сезімдік тану сыртқы әлемдегі құбылыстар жөніндегі барлық білімдер көзі болып табылады. Дегенмен осы сезімдік танудың өзі абстракталы ойлауға бағытталған. Сол себепті сырт көрініс принципі бұл жағдайда нақты және абстракталық ойлаудың бірлігі ретінде қарастырылады. Бұл принцип нақты мен абстракталық арасындағы кеңістікті толықтырады, дәл шынайы объектілер шартты белгіленулер көмегімен, әртүрлі графиктер, графиктік схемалар, карта, диаграммалар көмегімен түсіндіріледі.

Электрондық оқулықты қолдануда оқулықтың сырт көрінісі немен ерекшеленеді?

Біріншіден, электрондық оқу материалын полисенсорлық қабылдауды қамтамасыз ете алады, тіпті тек екі өлшемді графиканы қолданып ақпаратты жеткізу деңгейі қарапайым оқулықтан жоғары деңгейде. Ал мультимедиалық ақпараттарды қолдану тек көру мүшесі емес, сонымен қатар есту мүшесіне әсер ететін дыбыстық бағдарламаларды қолдану электрондық оқулық мүмкіндігін арттыра түседі.

Вертуалды жүзеге асыруды қамтитын жоғарғы деңгейлі бағдарламалар көптеген сезім мүшелеріне әсер етеді. Неғұрлым көп мүше ақпаратты қабылдауға қатысатын болса, соғұрлым тану процесі сәтті болады.

Екіншіден, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар визуалды ақпараттың сапасын жақсартады, яғни ашық, көз тартымды, қызықты, динамикалық түрге ие болады. Бұл мақсатта үш өлшемді компьютерлік графика, видео, анимация түріндегі мультимедиялық технологияны қолдану үлкен мүмкіндіктер береді.

Үшіншіден, қазіргі заманғы ақпараттық технологияны қолдануға байланысты визуалды ақпаратты формалау тәсілдері түбірлі түрде өзгерді, яғни « көрініс абстракциясын » құру мүмкіндігі бар.

5. Электрондық оқулық қолдануда оқу процесі кезіндегі оқушылардың танымдылығы және белсенділігін қамтамасыз ету талабы жаңа неғұрлым жоғарғы сапалық деңгейде жүзеге асырады. Егер білім саласында танымдылық пен белсенділік болмаса, қажетті оқу материалын меңгере алмайды. Электрондық оқулық көмегімен білім саласында оқылатын материалды толық меңгеру , белсенділікті арттыру, яғни алға қойған мақсатқа жету үшін оқу процесінде оқушы жағдайды өзі басқару мүмкіндігін туғызатын әртүрлі сұрақтар қою, яғни оқудың сол не басқа траекторияларын таңдау мүмкіндігіне ие болу. Тану мен белсенділік принципі жүйелілік пен тізбектілік принципімен өзара тығыз байланысты.

6. Электрондық оқулықты қолданудың оқудың жүйелілік пен тізбектілігіне қойылатын талап дегеніміз оқылатын пән облысындағы нақты білім жүйесінің меңгеру тізбектілігін қамтамасыз ету.Бұл принцип оқу жүйесінің материалдары белгілі бір ретпен, яғни әр оқу материалы элементі кейінгісімен логикалық байланыста болып, жаңа материалдарды меңгеруіне дайындайтын ретте орналасуын талап етеді.

Электрондық оқулықты өңдеу кезінде сол не басқа ғылымның логикалық құрылымы механикалық түрде оқу пәнінің логикалық құрылымына қатысы жоқ екенін ұмытпаған жөн. Оқу пәні логикасында басты ғылыми идеясы, яғни тек оның оқу бағдарламасына енетін мазмұны ғана түсіндіріледі. Оқу пәнінің логикасы- ғылым негізінің жалпы бағытын анықтайтын маңызды категория болып табылады. Дегенмен оқудың нақты жолы білімді меңгеру мен тану қабілетінің дамуына қатысты эффективті қорытындылар көрсететін оқу процесі логикасымен анықталады, ол оқу қадамының тізбектілігін көрсетеді. Оқу процесінің логикасы оқу пәнінің логикасымен тығыз байланысты. Оқу процесінің логикасы неғұрлым дамыған, ол оқу пәні логикасының, бағдарламасы мен мазмұнының қарапайым проекциясы болып табылмайды.

Электрондық оқулықты өңдеу кезінде оқудың тізбектілік және жүйелілік талаптары арасында оптимальды қарым- қатынас орнату қажет.

7. Электрондық оқулықтарды қолдануда білімді меңгеру сапасы принципі жаңа мәнге ие. Оқу материалын сапалы меңгеруде сол материалдың неғұрлым терең түсіндірілуіне қатысты, яғни өткен материалды жақсы есте сақтау үшін оны қайталауды ұйымдастыру. Көбінесе қайталау өзін-өзі тексеру және білімін бағалау тәсілдері көмегімен жүзеге асырылуы тиіс. Электрондық оқулық көмегімен қайталаудың әртүрлі нұсқаларын ұсынуға болады: тестілеу, индивидуалды тапсырмаларды орындау.

8. Электрондық оқулықты қолдану арқылы оқудың ағартушылық, даму және тәрбиелік функциялар бірлігіне қойылатын талап неғұрлым жоғарғы деңгейде потенциалды жүзеге асырылады. Ақпараттық технологиялар адамдардың индивидуалдылық деңгейінің дамуы мен жүзеге асырылуына жақсы әсер етеді.


Электрондық оқулықтарға қойылатын методикалық талаптар.

Электрондық оқулықтарға қойылатын методикалық талаптар дегеніміз бұл сол не басқа нақты маман саласына сәйкес білім берудің өзіндік әдістері мен ерекшеліктерін білдіреді.

Жалпы техникалық мамандарға арналған электрондық оқулықтарға қойылатын методикалық талаптар:

  1. Жалпы техникалық мамандарға арналған электрондық оқулық сол пәнге қатысты ғылыми түсініктер жүйесін жоғарғы деңгейлі реттелген, сонымен қатар құрылымның әр деңгейі маманның нақты ішкі түсініктеріне қатысты абстракция деңгейіне сәйкес келетін иерархиялық құрылым түрінде қамтамасыз етуге тиіс.

  2. Электрондық оқулық қолданушыға маман деңгейін сатылық түрде көтеру мақсатында әртүрлі бақылау әрекеттерін ұйымдастыруды жүзеге асыру тиіс, яғни білімді жеткілікті дәрежеде меңгеруге кепілдік беретін оқудық практикалық тапсырмалар жүйесін қамтамасыз ету.

Электрондық оқулықтарға қойылатын бағдарламалы-техникалық талаптар:

  1. Қолданушының қате әрекеті жағдайында жүйенің жұмыс қабілеттілігінің сақталуы;

  2. Қолданушылық интерфейсінің әмбебаптылығы және ыңғайлылығы;

  3. Жүйе жұмысының кедергісіз болуы;

  4. Жүйенің үзіліссіздігі.

Электрондық оқулықтарға қойылатын психологиялық талаптар

Электрондық оқулықтарға қойылатын психологиялық талаптарды екі топқа бөліп қарастырамыз:

    1. Электрондық оқулық материалын ұсыну тек вербальды- логикалық қана емес, сонымен қатар сенсорлы- перцептивтік және когнитивтік үрдістің ұсынылу деңгейімен сәйкес болуы тиіс. яғни психологиялық үрдістің келесідей таным ерекшеліктерін ескеру қажет, қабылдау (көзбен, есту мүшелері арқылы), назар аудару (ынтасымен тыңдау, көп көңіл бөлмеу), ойлау ( теориялық, теориялық- көріністі, практикалық көріністі, практикалық іс- әрекеттілік), ескеру, сақтау (тез, уақытша, оперативтік, ұзақ уақытқа) және т.б.

    2. Электрондық оқулық ыңғайлы, өндірістік және қолданушы денсаулығы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті ( эргономикалық талап).

Бұл талаптарды әр түрлі тәсілдер мен әдістер арқылы жүзеге асыруға болады. Ал қазіргі жағдайда негізінен интуивтілік деңгейде жүзеге асырылуы тиіс.Психологиялық талаптарды орындау үшін психологтар, педогогтар және программисттер бірігіп жұмыс жасау қажет.
































Пайдаланылған әдебиеттер:



1. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Н.Ә.Назарбаев 01.03.2006ж

2. Электронды оқулықтарды пайдалану . А.Абубаева , Информатика негіздері, №4 - 2006ж

3. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі. Г.Бейсенова, Қазақстан мектебі №6 - 2006ж

4. Дәстүрлі және электрондық оқытуды кіріктіру. Қазақстан мектебі, №7,8 – 2006ж

5. Жаңа формациядағы ұстаз, оның кәсіби мәдениеті. Н.Мұратәлиева, Мектеп директоры №3 – 2006ж. және т.б.


Краткое описание документа:

Электрондық оқулықты электронды оқыту кешеніне айналдыру электрондық оқулық пен ақпараттық коммуникациялық мүмкіндіктердің барлығын дерлік қамти алады. Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әртүрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар: дидактикалық, методикалық, бағдарламалы – техникалық, психологиялық және т.б        1. Электрондық оқулықты қолдануға қатысты оқудың ғылыми деңгейіе талап дегеніміз :Біріншіден соңғы ғылыми жетістіктерге сәйкес оқу материалы мазмұнының жеткілікті дәрежеде терең , әрі толық болуын қамтамасыз ету. Оқудың ғылыми деңгейі принципін жүзеге асыру үшін қажет:

·                   Сәйкесінше оқу пәнінің логикасы басшылығымен оқу пәнінің қажетті мазмұнын реттеу принциптерін табу.Әрбір оқылатын жаңа пән немесе құбылыстың диалектикалық сәйкестік негізінде қамтамасыз ету , яғни оның дамуына қатысты басқа  әр пән немесе құбылыстар арасындағы байланыс.

Білімді дұрыс меңгеру үшін   оқылатын ғылым саласына сәйкес термин , анықтамалар, ғылыми түсініктер қалыптастыру  және сол терминдерге дәл анықтама беру шарттарын қамтамасыз ету;

·                   Түсіндірілетін құбылыстың мағынасын толық ашу;

·                   Ғылыми ізденіс тәсілдері жөнінде мағлұмат беру;

   2. Электрондық оқулық көмегімен жүзеге асырылатын оқудың  қолжетімділік талабы дегеніміз, яғни теориялық күрделілік дәрежесін анықтау және оқушының индивидуалдылық , жас ерекшеліктеріне сәйкес  оқу материалдарының тереңдігін  анықтау қажеттілігін білдіреді. Оқушының қабылдауы мүмкін емес шектен тыс күрделі  материалдар жіберілмеуі тиіс.

Қолжетімділік принципі мен  ғылымилық принциптерін бірге қарастыруымыз қажет.Осы екі принципті өзара байланыстыра қарастырған жағдайда ғана алға қойылған талаптарды жоғарғы деңгейде орындай аламыз. Сонымен қатар ақпарат көрсетудің түрлі формаларын қолдана отырып жеткізсе, жай ойлайтын немесе есте сақтау қабілеті нашар оқушыларға қатысты төмен темппен және қайталауды жүзеге асыратын болса, кей күрделі материалдарды  жақсы меңгеруге  әсер етеді.

3. Оқудың проблемалылығын қамтамасыз ету  талабы- бұл сол пән саласында  оқу материалын толық танып-білуіне негізделген. Егер оқушы өзі шешуге міндетті проблемалық жағдайға кезіксе, оның ойлау белсенділігі артады. Қарапайым оқулықтарға қарағанда электрондық оқулық көмегімен дидактикалық талаптарды орындау   дәрежесі неғұрлым жоғары.

4.Оқулықтың сырт бейнесін, көріністілігін қамтамасыз ету талабы дегеніміз бұл оқу материалын қабылдауға әсер ететін көріністік моделін дұрыс ұйымдастыру, материалды жоғарғы деңгейде меңгеруіне әсер ететін талаптардың бірі. Негізінен бұл принцип нақтылықтан  абстракталық тануға дейінгі жол ретінде түсіндіріледі. Сезімдік тану сыртқы әлемдегі құбылыстар жөніндегі барлық білімдер көзі болып табылады. Дегенмен осы сезімдік танудың өзі абстракталы ойлауға бағытталған. Сол себепті сырт көрініс принципі бұл жағдайда  нақты және абстракталық ойлаудың бірлігі ретінде қарастырылады. Бұл принцип нақты мен абстракталық арасындағы кеңістікті толықтырады, дәл шынайы объектілер шартты белгіленулер көмегімен, әртүрлі графиктер, графиктік схемалар, карта, диаграммалар көмегімен түсіндіріледі.

Автор
Дата добавления 01.02.2015
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров650
Номер материала 356785
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх