Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Электронды оқыту-мектептің инновациялық даму негізі
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям рекомендуем принять участие в Международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

СЕГОДНЯ (15 ДЕКАБРЯ) ПОСЛЕДНИЙ ДЕНЬ ПРИЁМА ЗАЯВОК!

Конкурс "Я люблю природу"

Электронды оқыту-мектептің инновациялық даму негізі



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Электронды оқыту-мектептің инновациялық даму негізі

Бірманова Қ.И.

Рудный қаласы әкімдігінің «№7 орта мектебі»КММ директоры.

E-maiI:rudny_sh7kaz@mail.ru


«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың

қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры

ұстаздардың қолында» Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамассыз етуге мүмкінік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

Білім беру үдерісінде компьютерлік технологияларды қолданудың маңызы зор, өйткені күнделікті өмірде және педагогикалық үдерісте компьютерді қолданбау мүмкін емес. Қоғамда ақпараттық ағымдардың өте тез жылдамдықта тарайтындықтан, ауқымды ақпараттық орта қалыптасады. Баланың ақпараттық қоғамға енуіне жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға баулу қажеттілігін атап өткен жөн. Электрондық оқыту интернет желісі арқылы қашықтықтан оқыту мен интерактивтік оқытуға жол ашады.Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталды.

Компьютерлендіру заманы өтті, технология бір орында тұрып қалмайды, одан әрі дамиды. Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі жаңа технологиялар екені мәлім осы орайда Рудный қаласындағы білім ошағы,№7орта мектебіоблыс көлеміндегі «е-learning» электрондық оқыту жүйесімен жұмыс жасайтын 47 пилоттық мектептердің қатарында. Рудный қаласы бойынша жұмыс істеп жатқан жалғыз білім ордасы. Жалпы елімізде білім саласына қатысты жүргізіліп отырған басты саясатта өзін-өзі дамытуға және өзін барынша көрсетуге қабілетті жоғары сауатты шығармашыл тұлғаны қалыптастыру және дамыту болып табылады.

Қашықтықтан оқыту жұмысына педагогтарды қатыстыру тетіктігін, «Е-learning» технологиясын қолданып өздігінен электрондық оқулықтар жасау.

Педагогтардың біліктілігін кезеңмен ұйымдастыру арқылы электрондық оқулықтарды қолдануды үйрету.

Мектебімізде заманауи үлгідегі компьютерлік сынып, мобильдік сынып жабдықталған. Барлық кабинеттерде моно блоктар, сандық мультимедиялық подиум, интерактивті тақта, сонымен қатар барлық сыныптар 100 пайыз ғаламторға қосылған. Ең бастысы электронды каталогпен де кітапхана да жұмыс істей алатындығымыз. Қойылған мақсаттың жетістігі оқыту сапасын, білім беруді басқару тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуді арттырады. Электрондық оқытуды «e-learning» білім беру ұйымдарына енгізу бұл – оқыту сапасын арттырудың бір түрі. Компьютерлік индустрия күнделікті білім сапасында жаңа технологияларды қолданудың мүмкіндіктерін барынша айқындай түсуді және білім континентінің сапасын арттыруға да ерекше назар аударып отыр.

Электрондық оқытуды енгізудің тиімді жақтары келесі факторлар мен критерийлерді жүзеге асыруға байланысты:

  • аудио мен бейнеқұжаттарды сабақтастыра отырып, қолданудың мүмкіндіктері;

  • мұғалім мен оқушының кез келген жерде немесе кез келген уақытта оқи алу мүмкіндіктері;

  • білім қорларын құру және оны таратудың жеңілдету мүмкіндіктері;

  • әр оқушыға айқын талаптар мен қолжетімділік жасау мүмкіндіктері;

  • білім қорларына бірдей қолжетімді етуді қамтамасыз ету;

  • оқытудың нәтижесіне бағытталған жаңа білім стандарттарын жасау мен тарату мүмкіндігі.

Мысал келтірер болсам:ЮНЕСКО ұлттық жүйелерді жаңарту мен дамытуда негізгі рөлді электрондық оқытуға береді. Білім беру дағдарысының салдарын төмендету үшін, білім алушыларды білім берудің жаңа мәнеріне бағдарлау үшін және бүкіл ғұмыр бойы одан әрі оқыту үшін олардың біліктері мен машықтарын дамытатын e-learning технологиясы ең тиімді ретінде анықталды. Әлемде көтеріліп жатқан мәселенің бірі де оқулықтан дәптерге көшіру ескірген, осындай технологияның қарқынды дамып жатқанында.

Оқытудың жаңа парадигмасына өту механизмі, оқытудың тиімдігін түбегейлі арттыру мен жаппай сапалы білім беруді қамтамасыз ететін, педагогикалық және ақпараттық қатынастық технологиялардың кірігуі негізіндегі электрондық оқыту екендігіне көз жеткізіп отырмыз.

Мектеп аумағында сервер орналастырылғандықтан мына жүйелер жұмыс істейді:

  • Мектептің порталы;

  • Мектепті басқару жүйесі (SMS);

  • Сынып бөлмелерін басқару жүйесі (CRMS).

  • Оқу процесін басқару жүйесі (LMS);

  • Тестілеу жүйесі (TSM);

Ақпараттық-анықтамалық жүйе (IMS).

Электрондық оқытудың арқасында, бірінші кезекте, әрине, оқып үйренетін пән бойынша білімдер мен біліктіліктерді, тағы да ақпаратты іздестіру, сұрыптау, талдау сияқты амалдарды, алынған ақпаратты пайдалану мен ұсынуды меңгеру біз үшін қазір ең тиімді болып отыр.Сонымен қатар бейнедәріс, кеңес беру, онлайн семинар сабақтары, практикалық сабақ, зертханалық жұмыс, бақылау жұмысы, виртуалды зерханалық жұмыстар, өзіндік жұмыстарды да орындай алатындығымыз. Оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты оқу іс-әрекетінің басқа түрлерін тағайындау да мүмкіндігі бар. Атап өткендей, электрондық оқыту жағдайында оқушы сандық білімдік ресурстар мен қолданбалы бағдарламалық өнімдердің көмегімен қажетті білімдерді, біліктер мен машықтарды ала отырып, оқыту мазмұнының үлкен бөлігін өз беттерімен игереді. Мектеп оқушыларының өзін-өзі бағалауын қалыптастыру және ата-аналар тарапынан бақылау мүмкіндіктерін кеңейту қамтамасыз етілді. Қазіргі таңдағы заман талабына сай SMS көпшіліктің қол жетімділігінде SMS мұғалімдер мен ата-аналарға оқушылардың үлгерімі мен қатысушық динамикасын, сондай-ақ мектеп оқушыларының, педагогтарының және басшыларының рейтингін жүргізуді қадағалауға мүмкіндік береді.

«Е-learning» жүйесінің ақпаратпен алмасу модулі мына қызметтерді атқару арқылы іске асады:

  • асихрондық байланыс – форумдар, хабарландыру тақтасы, электрондық пошта.

синхрондық байланыс – дыбыстық және компьютерлік чат, бейнеконференциялар, бағдарламалық өнімдерді бірге пайдалану, Бұл өмір талабы. ХХI ғасырда мұғалімге қойылатын талаптардың зор екенін көреміз.

Білім беру ұйымдарында мониторингілік зерттеудің әдістемесі бағдарламада мониторинг нәтижесін оның бағалау құрылымына сәйкес жүргізіледі. Халықаралық тәжірибеде бағалау түрлері:

  • Релеванттық-бағдарламаның мақсаты шешілетін мәселелерге,қоршаған жағдайларға сәйкес болуы; релеванттвқ критерий бойыншабағалау-бағдарламаны дайындау мен құрастыру сапасын бағалау;

  • Тиімділік- бағдарламаның құралын балама амалдармен қаншалықты жақсы сапалы жолдары бар екендігін салыстыру арқылы көрсету; тиімділік- бұл нәтиженің байланысын көрсетеді;

  • Нәтижелік- бағдарламаның мақсатының орындалуын және нәтижесін көрсетеді;

  • Импакт- жобаның қоршаған ортаға ықпалын,оның кеңірек әлеуметтік –экономикалық саясаттағы мақсатын көрсетеді;

  • Тұрақтылық-ықтималдық жобаның іске асыруындағы пайданы қолдайтын қаржыландырудан кейінгібағдарлама арқылыжұмыс істеуді жалғастыру.

Мониторинг бойынша есептеу нәтижесінің қорытындылары шешуші бағдарламаның іске асыруының нақты күйін тұрақтылықпен шешуге және бағдарламаның іске асырылуы бойынша сарапшылардың ұсынысы бола алады.

Электрондық оқытудың негізгі компоненттерінің бірі қашықтықтан оқыту болып табылады. Қашықтықтан оқытудың тиімділігі педагогтардың өндірістен қол үзбей, кез келген уақытта және кез келген орында біліктілігін арттыру мүмкіндігімен сипатталады.

Заман талабына сай ой өрісі дамыған, жаңалыққа жаны құштар, бәсекеге қабілетті , дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолында ортақ міндетті өз дәрежесінде жүргізу қажет деп ойлаймын

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі .Г.Бейсенова, Қазақстан мектебі №6-2006ж

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамассыз етуге мүмкінік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

 

Білім беру үдерісінде компьютерлік технологияларды қолданудың маңызы зор, өйткені күнделікті өмірде және педагогикалық үдерісте компьютерді қолданбау мүмкін емес. Қоғамда ақпараттық ағымдардың өте тез  жылдамдықта  тарайтындықтан, ауқымды ақпараттық орта қалыптасады. Баланың ақпараттық қоғамға енуіне жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға баулу қажеттілігін атап өткен жөн. Электрондық оқыту интернет желісі арқылы қашықтықтан оқыту мен интерактивтік оқытуға  жол ашады.Адам  қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби  іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің  нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталды.

Общая информация

Номер материала: 349426

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>