Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Видеоуроки / Электронный учебник для дистанционного обучения

Электронный учебник для дистанционного обучения

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақ тілі пәні бойынша электронды әдістемелік кешен

Заң (СПО) мамандықтары үшін




Типтік бағдарлама.


Приактикалық қазақ тілі пәнінің типтік бағдарламасы.



Түсініктеме.


Қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеріліп, оның әлеуметтік ғылыми-техникалық жалпы мәдениет саласындағы қызыметі өсіп, қолданылу ауқымы кеңейіп келеді. Осыған орай орыс бөлімдерінде қазақ тілін үйретудің арнайы бағдарламасы жасалып отыр.

Бағдпарлама 200 сағатқа арналған. Ол мына мәселелерге негізделген:

  1. Практикалық қазақ тілі пәні оқу бағдарламасындағы басқа пәндермен қатар жүргізіледі. Қазақ тілі сабағы тек қана машықтандыру сабақтарына ғана емес сонымен қатар студенттердің ой-өрістерін кеңейтіп, республикамыздың ұлттық мәдениетімен тарихын, әдет –ғұрпы мен және күнделікті елімізде болып жатқан жаңалықтарды таныстыра отырып тәрбиелеуді де қамтиды.

  2. Жоғарыда айтылғандарды іске асыру үшін, оқыту мен тіл дамыту процесінде фанетикалық, лексикалық, орфаграфиялық, синтаксистік, пунктуациялықө және стилистикалық тілдік материалдар қамтылуы керек. Сонда ғана студенттер сөйлеуге оқуға, жазуға мәтінмен жұмыс істеуге дағдыланады. Әсіресе сөйлеу машығына көбірек көңіл бөлген жөн.

  3. Осы мақсаттарды іске асыру үшін төрт эленменті басшылыққа алынады. Олар: сөйлеу, түсініп тыңдау, оқу және жазу.

Аталған жұмыстар қазақ тілі сабағы үстінде кешенді түрде бір-бірімен сабақтастырыла, байланыстырыла отырып жүзеге асырылады.

Қазақ тілі оқыту бағдарламада екі кезеңнен тұрады.

  1. кезең 1-2семестрде оқытылады 100 сағат.

Бұл кезеңде тіл дамыту жұмысы мен жазу дағдыларына үйретумен бірлікте жүргізіледі. Осы кезде студеннтердің дұрыс сөйлеу, дұрыс оқу, қатесіз жазу, түсініп тыңдау негізі қалыптасады. Сондықтан студенттер сабақта алдымен сөздермен таныстырылып, сол сөздердің құрамындағы дыбыстарды бұзбай айтуға жаттықтырылады. Олар сөз құрамындағы қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға , сауатты жазуға үйреьіледі. Осы дағды бірте-бірте кеңейтіліп, қысқа мәтіндерді оқуға, диалог құруға, сұраққа жауап беруге, түсініп тыңдауға машықтандырылады.

ІІ. – кезең 3-4 семестрді қамтиды. 100 сағат.

Бұнда студенттердің ойын, тілін дамытуға, ауызша, жазбаша тілін жаттықтыруға , сөздік қорын байытуға және стилистикалық тұрғыдан дұрыс сөйлеуді меңгеруіне ерекше көңілш бөлінеді. Қазіргі қазақ тілін үйренуде студенттерді баспа сөз материалдарына көңіл аудара отырып, олардың қоғамдық- саяси көз қарастарын тәрбиелеу - өте маңызды іс. Ол студенттердің ауыз екі сөйлеу дағдысын қалыптастырып, оқйған газеттегі жаңалықтар туралы өз пікірін айтуға , қортынды жасауға көмектеседі.

Оқыту кезеңдерінде сабақ жүйесі жаңа әдістемелік технлогияға негізделеді. Оларға дәстүрден тыс түрлі сабақтар жатады. Мысалы: Сабақта компютерді, маңнитафонды пайдалану, конференция – сабақтар, саяхат – сабақтар, бейнежазба көрсету сабақтары т.б. Осы айтылғандарды ескенре келіп және республика көлемінде жоғарғы оқу орындарындағы орыс бөліміне арналған «Қазақ тілі» бағдарламасы жоқ болғандықтан, айтылмыш бағдарлама баспадан шықса оқыту процесінде оқытушыларға көмегі тиер еді.








Бағдарлама


1 ОҚЫТУДЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОҒАН ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


БІРІНШІ КУРС (100 сағат)

Тіл дамытуға арналған тақырыптар

  1. Отбвсы. Отбасының құрамы. Туыстық қатыстығы. Өмірбаян

  2. Тұрғылықты жері ( Үйі.Пәтері. Жатақханасы)

  3. Оқу (Оқу орны.Мамандық.Жұмыс күні.Кітапхана.Асхана.Сабақ.Емтихан)

  4. Жыл мехзгілдері (Қыс.Көктем.Жаз.Күз. Ай. Апта. Жыл. Сағат. Ауа райы. Киінуі)

  5. Табиғат құбылыстары (Жауын. Қар.Бұршақ. Боран. Тасқын. Күн тұтылу. Жер сілкіну)

  6. Қабылдау (Бастықта. Дәрігерде)

  7. Белгілі бір жерде( Көшеде. Көлікте. Дүкенде. Базарда. Қонақта)

  8. Мейрамдар (Наурыз. Жаңажыл. Халықаралық әйелдер күні. Республика күні)



  1. Тіл дамыту жұмыстарының мазмұнымен оған қойылатын талаптар


СӨЙЛЕУ


а) Екеуара сөйлеу/ диалог/



Сөйлеудің алғашқы баспалдағы сұрауларға жауап беру болса, ол алғашқы сабақтардан – ақ басталады. Оқытушы шағын сұрақтар қоя отырып, студенттерге жауап бергізе сөйлетеді. Оны одан әрі дамыту үшін сұраулар бергізіп, студенттерді түгелдей сөйлетуге болады. Осылай сөйлетудің бірнеше жолдары бар. Олар:

  1. Дағдылы екеу ара сөйлесу / «Сәлемдесу», «Танысу», «Кездесу»

  2. Хабар алмаса отырып, екеуара сөйлесу.

  3. Сұраққа жауап берое отырып сөйлесу.

  4. Пікір алыса отырып сөйлесу.

Екеуара сөйлесуде 1-курстың аяғында студенттерге қойылатын талаптар:

  • сұраққа логикалық жақтан дұрыс, әрі дәл жауап бере білу;

  • хабарды жинақты жеткілікті айта білу;

  • құптай немесе қарсыласа білу;

  • өз пікірін айта білу;

  • сәлемдесе, қоштаса ,келісе кешірім сұрай білу;

Студенттердің білім мен дағдысы ағымдағы бақылау кезінде мына өлшемдер бойынша бағаланады:

  1. Сөйлеудің дұрыстығы;

  2. Сөйлеудің мазмұндылығы;

  3. Сөздік қор;

ә) Жеке өзі сөйлеу /манолог/


Мақсаты: Дайындаған мәтін, баяндама туралы оқыған, көрген, тыңдаған нәрсесі туралы баяндап беру. Ол үшін студент мына талаптарды орындауы керек:

  • жатқа өлең оқи білу;

  • оқыған мәтіннің мазмұнын дұрыс айта білу;

  • кішігірім әңгімелерді аудара отырып, мазмұнын айта білу;

  • белгілі бір тақырыпқа арналған сурет бойынша әңгіме құрастыра білу;

  • өтілген тақырыптар бойынша шолу жасай білу;

  • белгілі бір сөз тіркесімен немесе фразелогиялық тіркеспен әңгіме құрастыра білу;

Студенттердің білімін бағалауда ескерілетін жағдайлар:

  1. Әңгіменің толықтығы , мазмұныдылығы;

  2. Логикалық жағынан дұрыс байланысқан сөйлем құру дағдысы;

  3. Дұрыс қабілеті;

  4. Сөздік қоры;


ТҮСІНІП ТЫҢДАУ


Мақсаты: Құрамдында 3-4-тей жаңа сөзі бар, бағдарламада көрсетілген фонетикалық, грамматикалық және лексикалық материалдардың негізінде таспаға түскен жазылған мәтіндерді тыңдау . Осы арқылы студент тыңдай отырып түсінеді, түсіне отырып сөйлеуге дағдыланады.

Тыңдап түсінуге арналған мәтін шамамен 120-130 сөз болуы керек.

Ал ұзақтығы 3-4 минуттан аспағаны жөн.

Қойылатын талаптар мен бағалау:

  • тыңдалған мәтін бойынша сұраққа жауап бере білу;

  • таныс емес сөздермен сөз тіркестерін таба білу;

  • тыңдалған әңгімені аудара білу;

  • тыңдалған әңгіменің мазмұнын жеткізе білу;


БАҚЫЛАУ


  • тыңдалған әңгіме бойынша ауызша айтып беру;

  • жазбаша мазмұндама жазу.


ОҚУ


а) Дауыстап оқу


1. Арнайы дайындалған немесе таныс емес тілдік материал негізінде құрылған мәтінда кездесетін қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта білу;

2. Сөйлемнің интонациясын дұрыс сақтап оқи алу;

3. Белгілі бір ақынның өлеңін не белгілі бір шығармадан алынған үзіндіні мәнерлеп, нақышына келтіріп оқи білу;

ә) Іштей оқу

Жетістік деңгейі:

  1. Өзі іштей оқып шығып, оқыған мәтіннің мазмұнын айтып бере алатындай болу;

  2. Әлгі мәтіндегі ойдың негізгі түйінін таауып, оған сұрақ қойа алатындай дәрежеде болу;

  3. Оқудың шапшаңдығы минутына 100-130 сөз болуы керек:



ЖАЗУ


Мақсаты: Студенттерді қазақ сөздерінің графикасын дұрыс сақтай отырып жазуға үйрету. Яғни лексика – грамматикалық минимум, орфорафиялық диктант, еркін диктант, түрлі кішігірім әңгімелер , шығармалар, мазмұндамалар жазуға үйрету.


Қойылатын талаптар мен бағалау:

  • сөйлемдегі сөздердің байланысы және мағналылығы;

  • сөз байлығы;

  • тақырыпты аша білуі;

  • сөздің сөйлемнің дұрыс жазылуы( орфографиясы мен тыныс белгісі).


Бақылау және оның түрлері

І семестрде: Орфографиялық диктант және аударма. Көлемі 130-150 сөзден аспасын.

ІІ семестрде: Еркін диктант немесе мазмұндама жазу және лексика-грамматика бақылау жұмысы.

Қысқасы, студенттерге жыл аяғында бағдарламада белгіленге материал бойынша әр түрлді жазба жұмыстарын (диктант, мазмұндама, шғарма т.б.) жаза білетін оқйғалар жайында өз ойларын қағаз бетіне түсіре алатын дәрежеге жетуге тиісті.



ЕКІНШІ КУРС

1 Тіл дамытуға арналған тақылыптар (100 сағат)

  1. Демалыс/Бос уақыт. Демалыс күні. Каникул. Спорт. Туризм/

  2. Қазақстан тәуелсіз мемлекет/ Мемлекеттік құрлымы. Рәміздері. Табиғаты. Экалогиясы/.

  3. Қала/ Қазақстанның астанасы. Ірі қалалары. Көрнекті жерлері. Қалалық көлік. Пошта. Телефон. Телеграмма/.

  4. Қазақ халқының мәдениеті мен тарихы/ Батырлар,, хандар билер, мемлекет қайраткерлері, ақын жазушылар, ғалымдар/.

  5. Қазақ халқының өнері/ Театр, кино, бейнелеу өнері және оның өкілдері/.

  6. Бұқаралық ақпарат құралдары/ Баспасөз, теледидар, радиол/.

  7. Адам /Адамның сыртқы бейнесі. Мінезі/.

  8. Қазақ халқының әдет – ғұрыптары мен дәстүрлер/.



  1. Тіл дамыту жұмысының мазмұны және оған қойылатын талаптар.


СӨЙЛЕУ

а) Екеуара сөйлесу/ диалог/

2-курыста қазақ тілі сабағында студенттердің ауызша дұрыс сөйлей білуін және сұхбаттасу кезіндегі икемділігі мен дағдыларын қалыптастыра дамытуға аса көңіл бөлінеді. Сондықтан екеу ара сөйлесудің бірнеше түрлері қолданылады:

  1. Екеуара талдай сөйлесу.

  2. Екеуара түсіндіре сөйлесу.

  3. Екеуара пікір алыса сөйлесу.

  4. Еркін тақырыпта сөйлесу.


Осы жұмыс түрлерін қолдана келе жыл аяғында студенттердің қазақша сөйлесу деңгейі төмендегідей дәрежеде болуы қажет:

  • бір жағдайды сұрап анықтай ала білу;

  • өз пікірін, ойын қорғай білу;

  • біреудің ойын толықтыра білу;

  • сөйлесіп отырған адамның ойын түзеп, қарсы сұрақ қоя білу;

  • көңіл-күйін, сезімін білдіре алу;

  • әңгімені басқа арнаға ауыстыра алу.

Осыларды ескере отырып студенттердің білім дәрежесі, сөйлеу қабілеті төмендегіше бағаланады:

  1. Талқыланған мәселенің нақтылығы, мазмұндылығы;

  2. Сөйлесу мәнерінің дұрыстығы, логикалық сөз жүйесінің байланыстылығы;

  3. Лексика – грамматикалық сауаттылығы


ә) Жеке өзі сөйлеу /мополог/


Мақсаты:Өтілген лексика-грамматикалық материалдарды пайдалана отырып дайындалған немесе жартылай дайындалған белгілі бір тақырыпты баяндауға жаттықтыру. Ол үшін мына талаптар орындалуға тиісті:

  • белгілі бір шығарманың мазмұнын айта білу;

  • түрлі тақырыптарда баяндама жасау;

  • оқыған, тыңдаған мәтін бойынша әңгімелей білу;

  • көрген көркем фильм туралы баяндай білу;

  • тірек сөздер немесе сөз тіркестерін пайдалана отырып, сюжетті әңгіме құрастыра білу;

  • басталған әңгімені жалғастырып кете алатын болу;

Студенттердің осы айтылғандарды меңгеру дәрежесі былайша бағаланады;

  • тақырыптың толықтылығы мен мазмұндылығы;

  • сөйлемдердің логикалық дұрыс байланысы;

  • грамматикалық, лексикалық, фонетикалық сауатты сөйлеуі;

  • лексикалық сөз қорының байлығы;



ТҮСІНІП ТЫҢДАУ


Мақсаты: Шамамен 5-6-дай жаңа сөзі бар қысқартылған кішігірім мәтінді түсініп тыңдауға үйрету.

Тыңдайтын мәтіннің көлемі 230-250 сөзден, ал ұзақтығы5-7 минуттан аспағаны жөн.

Қойылатын талаптар мен бағалау:

  • тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну;

  • оны жүйелі түрде айта білу;

  • тыңдалған мәтін бойынша қойылған сұрақтарға дәл жауап бере білу;

  • мәтінді қажет болса аудара алу;



БАҚЫЛАУ:


  • тыңдалған мәтіннің мазмұнын баяндап беру;

  • тест орындау;



ОҚУ


а) Дауыстап оқу


Студенттердің дауыстап оқу деңгейіне қойылатын талаптар және оны бағалау:

  1. Өтілген лексика-грамматикалық материал бойынша кез-келген шығармадан үзіндіні мәнерлеп оқи алу;

  2. Оқу жылдамдығы мен дыбыстардың анықтылығы;

  3. Құрамында 3-4-тей таныс емес сөздері бар өлең жолдарын немесе прозалық шығармадан алынған үзіндіні жатқа айталатындай болу.


ә) Іштей оқу


Жетістік дәрежесінің деңгейімен бағалануы:

  1. Оқылған әңгіменің үзіндісін айту;

  2. Оқыған әңгіме бойынша жоспар құрып, сұрақтар қоя білу;

  3. Әңгімедегі бас кейіпкерлдерді атап, оларға мінездеме бере білу;

  4. Оқудың шапшаңдығы минутына 200-250 сөз болуы керек.



ЖАЗУ

Мақсаты: Орфографиялық, пунктуациялық және грамматикалық сауаттылықты жетілдіру.

Міндеттермен бағалау:

  • лексика-грамматикалық материалдарды қолдана отырып диктант түрлерін жаза білу;

  • өз бетімен мазмұндама шығарма жаза білу;

  • қазақ тілінде іс қағаздарын жаза білуге үйрену;

  • оқылған, тыңдаллған мәтіндердегі сөздерді , сөз тіркестерін жазған кезде басқа баламаларымен ауыстыра білу;

Бақылау және оның түрлері


ІІІ семестрде: Лексика –грамматикалық тест, шғармашылық диктант жазу;

ІҮ семестрде: лексика-грамматикалық тест жазғызуды жалғастыру; мазмұндама, шығарма жазғызу.

Қысқасы, студенттердің жыл аяғында орфографиялық және пунктуациялық жағынан сауатты диктанттар, хаттар, хабарламалар, баяндамалар жаза алулары және тыңдалған не оқылған мәтін бойынша өз ойын дұрыс жеткізетін шығармалар, мазмұндамалар жаза алулары керек.


ІІ. ТІЛДІК МАТЕРИАЛДАР

Бірінші курс


ФОНЕТИКА (І-ІІІ тақырып)


Әліпби (алфавит)

Дауысты дыбыстардың түрлері;

Жуан дауысты дыбыстар.............................................................................................І, ІІ

Жіңішке дауысты дыбыстар........................................................................................І, ІІ

Дауыссыз дыбыстардың түрлдері:

Қатаң,ұяң,үнді...............................................................................................................І, ІІ

Үндестік заңы:

Буын үндестігі................................................................................................................І;ІІ

Дыбыс үндестігі.............................................................................................................І,ІІ

Екпін туралы түсінік.................................................................................................................І, ІІІ



ЛЕКСИКА (І-ІҮ тақырып)


Жыл бойына меңгерілетін сөз көлемі – 600-700

Мақсаты: Студен ттердің ауызекі сөйлеу, байланыстырып сөйлеу, бір –бірімен сөйлесу, оқу және жазу жұмыстарына икемділіктерімен дағдыларын қалыптастыру.

Омоним, синоним, отоним сөздерімен жаттықтыру жұмыстарын жүргізу.



МАРФОЛОГИЯ (І-ІҮ тақырып)


Сөз құрамы: Түбір және қосымша..........................................................................................І, ІІІ

Қосымшаның түрлері:

Жұрнақ және жалғаулар.............................................................................................І, ІІ ,ІІІ

Зат есім. Оның түрлері............................................................................................................ІІ,ІІІ

Көптік жалғаулары..................................................................................................................ІІ, ІІІ

Септік жалғаулары.........................................................................................................ІІ, ІІІ, ІҮ, Ү, ҮІ

Тәуелдік жалғаулары.........................................................................................................ІІ, ІІІ

Сан есім. Оның түрлері/ Дара, күрделі, есептік, реттік, жинақтау...............................ІІІ, ІҮ

Сын есім. Оның түрлері. Сынесімнің шырайлары.........................................................ІІІ, ІҮ, Ү

Етістік (Тұйық етістік. Болымды, болымсыз етістік. Негізгі, көмекші етістік) ........ І, ІІ, ІІІ, ІҮ

Етістіктің шақтары:

Осы шақ...........................................................................................................І,ІІ,ІІІ,ІҮ,Ү

Келер шақ........................................................................................................ІІІ,ІҮ,Ү,ҮІ

Өткен шақ.......................................................................................................ІІІ,ІҮ,Ү,ҮІ

Есімдік.Оның түрлері...............................................................................................ІІІ,ІҮ,Ү,ҮІ



СИНТАКСИС (ІІІ-ІҮ тақырып)


Сөйлемнің түрлері:

Хабарлы сөйлем...........................................................................................ІІІ,ІҮ,Ү,ҮІ

Сұраулы сөйлем............................................................................................ ІІІ,ІҮ,Ү,ҮІ

Лепті сөйлем................................................................................................... ІІІ,ІҮ,Ү,ҮІ

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері:

Бастауыш......................................................................................................... ІІІ ,ҮІ

Баяндауыш....................................................................................................... ІІІ,ІҮ

Бастауыш пен баяндауыштың байланысы .............................................................. ІІІ, ҮІ

Іс қағаздары:

Хат................................................................................................................. Ү,ҮІ

Өмірбаян.......................................................................................................... ҮІ

Хабарландыру............................................................................................... ҮІ

Қайталау........................................................................................................................І,ҮІ


ЕКІНШІ КУРС


ФОНЕТИКА (І-ҮІ тақырып)


Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау.........................................................................І

Қазақ орфографиясы мен орфоэпиясы туралы.............................................................І




ЛЕКСИКА (І-ІҮ тақырып)


Жыл бойына меңгерілетін сөз көлемі-700-800.

Мақсаты: Сөйлем құрамындағы сөздерді мағыналарына қарай ажырата білу. Сөз тіркестерімен фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді ауызекі сөйлеу тіліндегі қолдануға дағдыландыру.



МОРФОЛОГИЯ (І-ҮІ тақырып)


Етістік. Түбір етістік........................................................................................І

Туынды етістік. Оның жасалу жолдары............................................І, ІІ

Есімше..............................................................................................................ІІ,ІІІ

Көсемше..........................................................................................................ІІІ,ІҮ

Етістіктің райлары..........................................................................................ІІІ,ІҮ

Етіс категориясы...............................................................................................ІІІ,ІҮ

Үстеу. Оның түрлері..........................................................................................ІІІ,ІҮ

Шылау сөздер..................................................................................................ІІІ,ҮІ

Одағай. Еліктеуіш сөздер...............................................................................Ү,ҮІ


СИНТАКСИС (І-ҮІ тақырып)

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі...............................................................І,ІІ,ІІІ

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері:

Анықтауыш...........................................................................................ІІІ, ІҮ,Ү

Толықтауыш.........................................................................................ІІІ,ІҮ,Ү

Пысықтауыш..........................................................................................ІІІ,ІҮ,Ү

Жай сөйлем. Оның түрлері:.............................................................................Ү,ҮІ

Құрмалас сөйлем. Оның түрлері:

Салалас құрмалас сөйлем.......................................................................Ү,ҮІ

Сабақтас құрмалас сөйлем...................................................................Ү,ҮІ

Тыныс белгілері................................................................................................І, ҮІ

Іс қағаздары:

Арыз........................................................................................................ҮІ

Өтініш.....................................................................................................ҮІ

Қайталау.............................................................................................................ҮІ

Барлығы 200 сағат





Пайдаланылатын оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер


  1. Ахметов А., Джунусбекова К. Казахский язык для русскоязычных и иностранных студентов.А.1995.

  2. Аяпова Т.А. Қазақтілі А. 1997.

  3. Бектров Ш.К., Бектурова А.Ш., «Казахский язык для начинающих» А. 1990/1994.

  4. Джунусбекова К. Оразбаева Ф., Сайранбаев Т. Қазақ тілін тез үйрену сабағы/ Ускаренный курс казахского языка/ А.,1995

  5. Джунусова К. Казахский язык. А. 1995.

  6. Қожахметова К. 40 уроков казахского языка. 1989.

  7. Молдабеков К. Говорим по казахски . А., 1992

  8. Оралбаева Х, Есенов Қ, Хаирулина. Изучаем казахский язык. 1990.

  9. Сариева К. Мы говорим по казахски. А., 1992.

  10. Сариева К. Қазақ тілі. 1997.

  11. Сариева К. Қазақ тілі және елтану. А., 1997.

  12. Джунусбекова А. 365 уроков казахского языка. А., 1994.

  13. Мұхамедиева Н.Қ. Ибраева Р.Б. Хамимульдинова Л.Ж. Қазақ тілі. А.,2001.

  14. Құрманбайұлы Ш. Мамайева М. Сыбанбаева А. Қазақ тілі. А., 2001

  15. Сүлейменова Э.Д. Қадешева К.Қ. Қазақ тілі. А., 1996

  16. Нұрғалиева Ә. Яйлажы Ю. Қазақ тілі. А., 2000



МАЗМҰНЫ

Түсініктеме.................................................................................................................................................

І. Оқытудың мазмұны мен оған қойылатын талаптар...................................................................

Бірінші курс

  1. Тіл дамытуға арналған тақырыптар............................................................................................

  2. Тіл дамыту жұмысының мазмұны және оған қойылатын талаптар.........................................

Сөйлеу........................................................................................................................................................

Түсініп тыңдау...........................................................................................................................................

Оқу..............................................................................................................................................................

Жазу............................................................................................................................................................

Бақылау және оның түрлері.....................................................................................................................


Екінші курс

  1. Тіл дамытуға арналған тақырыптар...........................................................................................

  2. Тіл дамыту жұмысының мазмұны және оған қойылатын талаптар........................................

Сөйлеу........................................................................................................................................................

Түсініп тыңдау...........................................................................................................................................

Оқу.............................................................................................................................................................

Жазу...........................................................................................................................................................

Бақылау және оның түрлері.....................................................................................................................


ІІ. Тілдік материалдар


Бірінші курс

Фонетика.....................................................................................................................................................

Лексика.......................................................................................................................................................

Морфология...............................................................................................................................................

Синтаксис...................................................................................................................................................


Екінші курс

Фонетика.....................................................................................................................................................

Лексика.......................................................................................................................................................

Морфология...............................................................................................................................................

Синтаксис...................................................................................................................................................

Пайдаланған оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер..........................................................................








050301 – Заң. СТАНДАРТ.


К (О) Т 1102. Қазақ тілі. (6(270).


Жалпы қолданыстағы сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық минимумын кеңету, грамматикалық формулалар мен құрылымындағы олардың сөз қолданысындағы деңгейлері дәрежесіне меңгерту. Мамандығы бойынша лексикалық және терминологиялық минимумдарды меңгерту әңгімелеу, мазмұндау, хабарлау сынды түрлі тілдік қызметтер жүйесін құру. Грамматикалық формулалар мен құрылымдарды функциональды көріністе дұрыс қолдана білу. әртүрлі сөйлеу қызметі түрлерінде (сөйлеу, тыңдау, оқу жазу) әлеуметтік-тұрмыстық және кәсіби саладағы өзекті бейімделген және өңделген қиын емес прагматикалық мәтіндерді диалог және монологты ауызша және жазбаша түрде тақырып бойынша өңдеу. Кәсіби- оқу тілін дамыту;

А) оқудың, тыңдаудың дағдылары мен қалпын қалыптастыру, әдеби мамандығы бойынша конспектілей білу;

Б) оқулықтар мен дәрістерге жақын, сәйкестілігін ғылыми оқу мәтіннің түрлерін кәсіби оқу тақырыптары бойынша диалогтар мен монологтар құра білу;

В) айтылымның негізгі құрылымдық-мағыналық түрлерін: монолог – мазмұндау, монолог – сипаттау, монолог – талқылау, диалог-әңгіме, диалог – сұхбат түрлерін жеделтіп, (интенсивті) оқыту, кәсіби қазақ тілі. Ғылыми – кәсіби тілдің белсенді, жалпылама кең көлемді болуын, яғни жан-жақтылығын дағдыландыруға қалыптастыра білу.














1 Пәннің күнтізбелік- тақырыптық жоспары мен сағат желісі

Тақырып атауы

Практика

лық

СӨЖ

Ағымдық бақылау түрі

І модуль

1

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ұлт тілі, әдеби тіл. Қазақ әліпбиі. Қазақ тілінің дыбыстық құрамы. Үндестік заңы.

3


Блиц-тест,бақылау сұрақтары


Қазақстан рәміздері


2


2

Отбасы. Омоним. Синоним. Терминология.Тәуелдік жалғау. Ілік септігі.

3


Блиц-тест,бақылау сұрақтары


Салық


2


3

Уақыт және мезгіл. Етістік. Өзгелік етіс. Еліктеуіштер. Дыбыстық електеуіш. Көсемше.

2


Блиц-тест,бақылау сұрақтары


Парламент


2


4

Мінез және портрет. Атаулы сөйлем. Жалаң және жайылма, толымды, толымсыз , жақты, жақсыз сөйлемдер.

2


Блиц-тест,бақылау сұрақтары

5

Сапар шегу және туризм. Сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлем.

2


Блиц-тест,бақылау сұрақтары

6

Менің елім-Тәуелсіз Қазақстан. Есімше. Ел рәміздері. Шартты рай.

2


Блиц-тест,бақылау сұрақтары

7

Елордасы –Астана қаласы. Сын есімнің мағыналық түрлері. Сабақты, салт етістік.

2


тест


Аралық бақылау




ІІ модуль


8

Қазақ халқының тарихы, ұлттық тілі, салт дәстүрлері. Өткен шақ, жедел өткен шақ. Шырай категориясы

3


Блиц-тест,бақылау сұрақтары

9

Әл-Фараби, А. Йасауи. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Бастауыш. Баяндауыш. Бірыңғай мүшелер

3


Блиц-тест, бақылау сұрақтары


Қазақстан конституциясы


2


10

Қазақ халқының атақты билері. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. Анықтауыш. Бірыңғай мүшелер. Пысықтауыш.

2



11

А.Құнанбаев. Толықтауыш. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі.

Қ.Жұбанов. Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем.

Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдер.

2


Блиц-тест, бақылау сұрақтары


Еңбек тәртібі. Еңбек шарты.


2


12

Қ.Сәтбаев. Ш. Уәлиханов. Сабақтас құрмалас сөйлемдер

2


Блиц-тест, бақылау сұрақтары

13

Қажетті құжаттардағы даталар мен сандардың ресімделуі Жеке іс парағы. Өмірбаян. Түйіндеме. Сауалнама.

2




Аралық бақылау



Блиц-тест, бақылау сұрақтары


Барлығы:

30

10










Негізгі әдебиеттер тізімі:


1.Ағманова Ф.Е. Екшембаева Л.В. «Тілді білсеңіз – елді білесіңіз», Алматы 1998.

2.Оралбаева Н. «Практикалық қазақ тілі». Алматы, 1993.

3.Мұса А.О., төлепов Г.М., Құдайбергенов Е. «Қазақ тілінің практикалық курсы» Алматы, 1998

4.«Қазақстан Республикасын-дағы тіл туралы Заңы», Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 ж. арналған мемлекеттік бағдарламасы

5.Оралбаева Н. Әбдігалиева Г. «Практикалық қазақ тілі»

6.Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары»

7.Ахметов Ә.,Жүнісбекова К.«Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар»

8.Кеңесбаев І., Ысқақов А.Қазақ тілі грамматикасы

9.Аманжолов С,Әбілқаев А«Қазақ тілі »(синтаксис)

10.Мүсінов А,Мұхамбетқал-иева «Қазақ тілі» (жоғары оқу орындарының экономика факультеттеріне арналған).

11.Жүнісбекова К., Оразбаева Ф. «Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар»

12.Күзекова. З.Қарақұсова. Г.«Қазақ тілі»(Экономика факультеттеріне арналған),


Қосымша әдебиеттер:

1.Аманжолов. С.,Әбілқаев А. «Қазақ тілі» (синтаксис),

2.Экономикалық терминдер жинағы түсіндірме сөздіктер.

3.Сатыбалдиев Ә. Рухани қазына., А.,1987

4.Хайруллин .Аударма сипа-ты. Көркем аударманың кейбір мәселелері Жармамбетов К. А., 1987

5.Аударманың лексика стилистикалық мәселелері. А., 1987

6.Абай өлеңдері.А.,1976.194-196 беттер

7. Тіл саясатын жүргізуді реттейтін нормативтік құқықтық актілер жинағы. Ақтөбе, 2009ж.







Емтихан бағдарламасы

Емтихан сұрақтары



1

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ұлт тілі, әдеби тіл.

2

Қазақ әліпбиі.

3

Қазақ тілінің дыбыстық құрамы.

4

Үндестік заңы.

5

Буын үндестігі

6

Дыбыс үндестігі (Ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал)

7

Ерін үндестігі

8

Отбасы. Терминология

9

Омоним. Синоним. Антоним

10

Тәуелдік жалғау. Ілік септігі.

11

Уақыт және мезгіл.

12

Етістік.

13

Өзгелік етіс.

14

Еліктеуіштер. Дыбыстық електеуіш.

15

Мінез және портрет

16

Атаулы сөйлем.

17

Жалаң және жайылма сөйлем

18

Толымды, толымсыз сөйлемдер

19

Жақты, жақсыз сөйлемдер

20

Сөйлем түрлері. Сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлем.

21

Сапар шегу және туризм.

22

Менің елім-Тәуелсіз Қазақстан.

23

Ел рәміздері. Есімше.

24

Шартты рай

25

Елордасы –Астана қаласы.

26

Сын есімнің мағыналық түрлері

27

Сабақты, салт етістік.

28

Қазақ халқының тарихы, ұлттық тілі, салт дәстүрлері

29

Өткен шақ, жедел өткен шақ.

30

Шырай категориясы.

31

Үстеу. Етіс.

32

Шылау.

33

Құрмалас сөйлем түрлері.

34

Жай сөйлем.

35

Құрмалас сөйлем түрлері.

36

Әл-Фараби

37

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Бастауыш. Баяндауыш. Бірыңғай мүшелер

38

Қаржы айналымы және операциялар

39

Қазақ халқының атақты билері.

40

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. Анықтауыш. Бірыңғай мүшелер.

41

Пысықтауыш.

42

Толықтауыш.

43

Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі.

44

А.Құнанбаев

45

Қазақстанның резервтік қоры

46

Қ.Жұбанов.

47

Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем.

48

Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдер.

49

Қ.Сәтбаев.

50

Ш. Уәлиханов

51

Сабақтас құрмалас сөйлемдер

52

Жеке іс парағы.

53

Өмірбаян.

54

Түйіндеме.

55

Сауалнама.

56

Ұсыныс .

57

Мінездеме.

58 Өтініш. Арыз.


Бағалау критерийлері


Өте жақсы

Оқу бағдарламасына сай теориялық мәліметтерді білетін, тілдік бірліктерге практикалық талдау жасау дағдысы қалыптасқан, лексикалық материалдар мен СӨЖ тапсырмаларын талапқа сай игерген студентке қойылады

Жақсы

Теориялық мәліметтерді негізінен игерген, тілдік бірліктерге практикалық талдау жасауда бір-екі қате жіберген, лексикалық материалдың ауқымды бөлігін игерген, СӨЖ тапсырмаларын уақытында орындаған студенке қойылады.

Қанағаттанарлық

Оқу материалдарын біршама игерген, тілдік бірліктерге практикалық талдау жасауда 4-5 қате жіберген, СӨЖ тапсырмаларын орташа деңгейде орындаған студенке қойылады.

Қанағаттанарлықсыз

Оқу материалдарын нашар игерген, тілдік бірліктерге талдау жасауы талапқа сай емес, СӨЖ тапсырмаларын уақытында тапсырмаған студенттерге қойылады















СӨЖ тақырыбы


Орындалатын тапсырмалар

Әдебиеттер

Салық


Салық туралы түсінік,Сөздікпен жұмыс жасау. Салықтың түрлерін атау.

Б.Сабырбаев. Экономикалық терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. А., 1993.

Парламент


Парламент, Сенат, Палата т.б. терминдердің мағынасын ашу. Парламент туралы мағлұмат берііз.

Қаржы несие терминдерінің қысқаша түсіндірм еөздігі. А., Экономика, 1999.

Қазақстан конституциясы


Бап, констиуция туралы түсінік. Мысал келтіріңіз.

Қазақстан Республикасының констиуциясы.Астана, 2008

Қазақстан рәміздері


Қазақстан рәміздеріне тоқталыңыз. Гимн, әнұран, елтаңба, астана.

ҚР-ң энциклопедиясы.2007ж.

Еңбек тәртібі (еңбек шарты)


ҚР-ң Еңбек туралы Заңы мен, жеке еңбек шарты жөнінде толықтай мәлімет беру және шарттарымен таныстыру.

З.Күзекова, Г.Қарақұсова. Қазақ тілі. А.2001.

СӨЖ тапсырмалары(озиндик жумыс) ()






ОСӨЖ тапсырмалары


ОСӨЖ тақырыбы

Орындалатын тапсырмалар

Әдебиеттер

Тіл заңы


Тіл заңы туралы түсінік. Ата заң, конституция т.б. терминдеріне тоқталыңыз. Тіл туралы заң қашан қабылданды?

1.«Қазақстан Республикасын-дағы тіл туралы Заңы», Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 ж. арналған мемлекеттік бағдарламасы

2.Ағманова Ф.Е. Екшембаева Л.В. «Тілді білсеңіз – елді білесіңіз», Алматы 1998.

Б.Шалабаев. Салагаев. Іс қағаздары. А.1995.

Құжаттардың ресімделуі


Құжат дегеніміз не? Құжаттардың түрлеріне тоқталыңыз. Оларды қашан, қай кезде толтыру жолына түсінік беріңіз.


Қаулы


Қаулы жайында мәлімет беру. Толтыру үлгісіне тоқталыңыз. Ресми түрде құжат үлгісін толтыруға машықтандыру.

1.Мүсінов А,Мұхамбетқал-иева «Қазақ тілі» (жоғары оқу орындарының экономика факультеттеріне арналған).

2.Жүнісбекова К., Оразбаева Ф. «Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар»

3.Күзекова. З.Қарақұсова. Г.«Қазақ тілі»(Экономика факультеттеріне арналған),


БАҚ құралдарының тілі

Баспасөз тілдерінің ерекшеліктерін аңғарту. Стиліне бақылау жасату.

Баспасөз.Газеттер беттері.

Тіл саясатын жүргізуді зерттейтін нормативтік құқықтық актілер

Тіл саясаты дегеніміз не? Тіл туралы қандай заңдар, баптар бар? Олар қашан қолданыла бастады? Жүзеге асып жатыр ма?Құқықтық актілер, нормлаар туралы мағлұмат беріңіз.

Тіл саясатын жүргізуді реттейтін нормативтік құқықтық актілер жинағы. Ақтөбе, 2009ж.















1-такырып

1-3 сабақ: (практикалык тапсырма)

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ұлт тілі, әдеби тіл. Қазақ әліпбиі. Қазақ тілінің дыбыстық құрамы. Үндестік заңы

1-тапсырма.

Тіл туралы заңды еске түсіріңіз. Сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз.

1-тарау. 3-бап.

Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңдар ҚР-ғы тіл туралы заңдар ҚР-ң Конституциясына негізделеді, осы заңнан тілдерді қолдануға және дамытуға қатысты ҚР-ң өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Тіл турал ызаңдар ҚР-ң азаматтарына, ҚР-да тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамадарға қолданылады.


4-бап. ҚР-ң мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекетті кбасқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР-ң әрбір азаматының парызы.


2-тапсырма.

Тіл туралы баптарды орыс тіліне аударыңыз. Есте сақтаңыз. Түсіндіріп, ашып, мысал келтіріңіз.Дауысты, даауыссыз дыбыстардың жасалуына тоқталыңыз.

5-бап. Орыс тілін қолдану. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару огандарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

13-бап. Сот ісін жүргізу тілі. ҚР-да сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда, сот ісін жүргізуде орыстілі немесе басқа тілдер мен мемлекеттік тілмен ең қолданылады.


3-Тапсырма. Сөздік диктант. (Үндестік заңы).


Әкімшілдік, әдептілік, жәбірленушілік, замандастық, бөлінушлік, ағартушылық, әуестенушілік, әшкерелену, бәсекелестіру, бөлінушілік, заңдастырылған, еліктеушілік, кемшілік, жетекшілік, жүйесіздену, қабілеттілік.

4-тапсырма. «Тіл мейрамына орай» сұхбат- әңгіме,( интервью) құрастырыңыз.


5-тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып, диалог құрыңыз.

Қанатты сөздер, ұлт тілі, әдеби тіл, тіл мерейі, араб алфавиті, республика, ұлт, болашақ, заман, мәдениет, мұра


6-тапсырма.

Мәтінді оқып, мазмұнын ө сөздеріңмен әңгімелеңіздер


Тіл құдіреті.

Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы. Ана тілін қадірлеу - әр азаматтың перзенттік парызы. Ұлттық тімен ұлттық сана қалыптасады. Ана тілін армансыз бойға сіңіріңіздер, өйткені бабаларымыздың ғұмыр тәжірибесі, дүниетанымы, мінез-құлқы, өзіндік болмыс-бітімі осы тілде қаттаулы жатыр. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елег деген көзқарас Анга тіліміз – бізді ғасырдан ғасырға, заманнан заманға аман жеткізген бірден бір барымыз да, нарымыз да Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. (Н.Назарбаев «Туған елім – тірегім»).

7-тапсырма. Сөздік минимумды пайдаланып, сөйлем құрастырыңыз. Ғасыр, дәуір, заман, мұра, мәдениет, мемлекеттік тіл, егеменді ел.

8-тапсырма. Сөйлесім үлгілерін пайдалана отырып диалог құрыңыз:

  • Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен қанша тіл бар?

  • Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен 5651 тіл бар.

  • Сөйлеушілерінің саны жағынан алғанда қазақ тілі осы тілдердің ішінде нешінші орынға ие болып отыр?

  • Сөйлеушілерінің саны жағынан алғанда қазақ тілі осы тілдердің ішінде 70-ші орынға ие болып отыр.

9-тапсырма. Берілген сөйлемнен қазақ тіліне тән дыбыстарды табыңыз.

«Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді, әрі ата-баба алдындағы ұлы парызымыз да». /ҚР Президенті Н.Назарбаев./

10-тапсырма. Жуан дауыстыларды табыңыз.

«Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру- Қазақстан республикасының әрбір азаматының парызы». /ҚР Тіл туралы заңның 4-бабы/

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл- қазақ тілі. /ҚР Конституциясының 7-бабы/

11-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің сәйкес нұсқасын тауып, сөйлемді аяқтаңыз.

1. Ана тілі- тілден

2. Аталы сөз- дәмсіз

3. Айтылған сөз – дана тіл

4. Ақылсыздың сөзі – баталы сөз

5. Ақымақ сөйлегенде – көңіл айнасы

6. Басқа пәле – тіл

7. Білім кілті – атылған оқ

8. Тіл – жарым ырыс

9. Жақсы сөз – шебердің бізі

10. Шешеннің тілі - ақылды тоқтайды


Блиц-тест

1. Тілдің негізгі қызметі:

а) Бірлік; ә) Іс-әрекет; б) Қарым-қатынас; в) Бөлшектеу; г) Ешбіреуіне де жатпайды.

2. Тілдегі әріптердің барлық жиынтығы, олардың тізілу реті қалай деп аталады?

а) Орфография; ә) Фонетика; б) Дыбыс; в) Алфавит; г) Синтаксис.

3. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?

а. 1989 ә. 1986 б. 1988 в. 1990 г. 1991

4. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

а. 28 ә. 33 б. 30 в. 42 г. 35

5. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

а. Орыс; ә. Ағылшын; б. Қытай; в. Латын; г. Түркі;

6. Қазақ тіліне ғана тән дауысты дыбыстарды көрсетіңіз

а. ә, ө, ұ, ү, і ә. а, ә, б, е, н б. р, л, м, н в. и, қ, ғ, г г. э, ю, ш, я

7. Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу?

а. 5; ә. 7 б. 9 в.12 г. 8

8. Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

а. 5 ә. 8 б. 3 в. 7 г. 4

9. Тек жіңішке дауыстылармен тіркесетін дауыссыздар

а. р, м ә. қ, ғ б. а, е в. з, ж г. к, г

10. Қатаң дауыссызға аяқталған сөзге қосымша қалай жалғанады?

а) қатаңнан басталып ә) үндіден басталып б) ұяңнан басталып в) бірде үнді, бірде ұяңнан басталып г) в -мен г-ден басталып



Бақылау сұрақтары:

Тіл туралы заң қай жылы қабылданды?

Қазақстан өз егемендігін қай жылы алды?

Қазақстан қандай мемлекет?

Сіз қай елдің азаматысыз?

Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы дегенді қалай түсінесіз?

Мемлекеттік тіл мен орыс тілін қолданудағы ерекшеліктер қандай?

Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар?

Әріптердің тізілу тәртібі қалай деп аталады?

Мемлектеттік тілдің еліміздің қоғамдық өміріне қызмет ету аясын кеңейту дегенді қалай түсінесіз?

Дүние жүзіндегі тілдер арасында қазақ тілі сөйлеушілерінің саны жағынан нешінші орын алады?

Глоссарий

1. Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала.

2. Үндестік заңы – түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап, өзара үйлесіп айтылуы.

3. Әдеби тіл – орныққан тұрақты, нормалары бар, жалпығ абірдей түсінікті, ортақ қоғамдық қызметі бар әр алуан жалпы халықтық тілдің екешеленген, сұрыпталған, сымбатталған жүйелі түрі.


2-такырып

4-6 сабақ: Отбасы. Омоним. Синоним. Терминология.Тәуелдік жалғау. Ілік септігі


1-тапсырма. «Менің отбасым» тақырыбында әңгіме жазыңыз. Әңіменің мазмұнында синоним, омоним, антоним сөздері кездесуі шарт.


2-тапсырма. Жанұя, отбасы, отан, мемлекет сөздерін септеңіз.


3-тапсырма. Семья, неке құру мәтіндеріне сәйкес қандай заңдар бар


4-тапсырма. Жанұя, нәресте, жар, сәби, үйлену, жұрт, ұрпақ, шежіре, немере сөздерін тәуелдеңіз.

5-тапсырма. Мәтінді аударыңыз. Сұрақтар қойыңыз. Мәтіннен туыстық атауларды атаңыз.


Менің отбасым.


Мен инженремін. Мен академик Қ.И.Сәтбаев ат. Техникалық университетті бітіргенмін. Қазір теміржол корпорациясында департамент директоры қызметін атқарамын. Менің отбасым үлкен, әйелім, екі ұлым, екі қызым бар. Әкем мен анам бар, олар бізбен бірге тұрады, бұрын үлкен қызмет атқарған, қазір зейнеткерлер. Жолдасым университетте сабақ береді. Үлкен ұлым Азат –заңгер. Ол – мемлекеттік қызметкер. Азат үйленген, әйелі және қызы бар, бізден бөлек тұрады, өз үйі бар. Келінім, жақсы, немерм өсіп жатыр.

Бізбен бірге әкем, анам, бір ұл, бір қызым тұрады. Біздің бес бөлмелі үйіміз бар.


6-тапсырма. Оқу сөздігімен жұмыс.

Ата-ана -

Шөбере –

Немере –

Құда –

Құдағай –

Жезде -

Бауыр –

Іні –

Қарындас –

Бала –

Қыз –

Жиен –

Нағашы –

Келін –

Қайын ата-

Қайын ене –

7- тапсырма.

Парламент, сенат, заң, мәжіліс, министр терминдеіне түсінік жасаңыз.


8-тапсырма. Куә, халық соты, заң, шағым, бап, құқық, жауапкер, айыпкер, жаза, қылмыс, ақатушы, тергеуші, кепілге алу, сот үкімі, ауыр қылмыс, іс құжат, заңгер, мойнына алу, сот билігі, талап, жақтаушы сияқты ситуциялық оқиға-сотына мысал келтіріңіз.


9-тапсырма. «Орысша-қазақша әскерлік атаулары» жөнінде жазылған пікірлер. С.Мұқанов. «Еңбекші қазақ»// 18.01.1928ж. пікірлесіңіз. Ой түю.

Алаш – ура!

Заң – заң ғой. Бірақ заңның да заңы бар. Сингорманизм деуге тіл сынса, терминдеріміз бара-бара жүпекті сындыруға айналды. Сеніп тізгін берген білім комиссиясы ауыздықты тісімен жалғыз-ақ омырап, шадыр аттай басымен сүзді. Заңның жөні осы деп «ура» - ны «алаш» деп аударды. «Алаш» - қазақтың бір атасы дейді ғой. Ол қазақтың ұраны – ақ болсыншы. Әйткенмен соңғы кезде «алаш» қазақтың байының ұраны болған жоқ па еді?

10-тапсырма. Тірек сөздерден лекусикалық қор жинау, мағыналарын ашу және мағыналас сөздердің сыңарын табу.

Ұлттық дәстүр

саяхатқа шығу

Ұлттық тағам

қонақ күту

егін егі

киноға бару

отбасымен демалу

туысқанмен әңгімелесу

отбасылық мерекелерді өткізу

тілдерді меңгеру

жаңалықтармен бөлісу.

11-тапсырма. Отбасы - ... алтын ұям (менің, оның, барлығының)

... – арқылы ұрпағыма жақсы тәрбие беремін(отбасы дәстүрлері, жаңа жыл, шілдехана, санаторий)

Отбасының дәстүрлері бар... тірегі мықты болады. (қызметте, шаңырақтың, теңізде, көршімен)

Отбасы - ...»кішкене моделі» деуге болады.(мемлекеттің, бөлімнің, кітаптың, ұрпақтың

12-тапсырма. Жұмыс мазмұны мен орындалу тәртібі:

.Мына сөздерге қарама-қарсы мәндес сөздерді табыңдар.

Әке- ұл- жас- махаббат-

Ана- әйел- әдемі- шал-

13-тапсырма. Өздеріңді тексеріңдер. Мына сөздерді білесіңдер ме?

Сүйіспеншілік

Отбасы

Болашақ жар

Нәресте

Неке құру

Бос уақыт

Қаржы

Блиц-тест

1. Сіз қай елдің азаматысыз?

а) Қытай ә) Ресей б) Қазақстан в) Өзбекстан г) Германия

2. «Отау өмірі-қоғам өмірінің айнасы» дегенді қалай түсінесіз?

а) әрбі отау қоғам өміріне ықпал жасайды ә) ана тілі мектептен басталады б) ана тілін достарынан үйренеді

в) ұжымнан басталады г) ешбіреуіне де жатпайды

3. Туыстық қатынасты білдіретін нақыл сөзді табыңыз

а) асыққан жетпес, бұйырған кетпес ә) керек тастың ауырлығы жоқ б) жатқа сырыңды айтпа

в) сөз – істің көлеңкесі г) ағайын жат болады алыс болса, жат та жақын болады таныс болса.

4. Қазақ тілінде екпін көбіне қай буынға түседі?

а) алғашқы ә) ортаңғы б) алдыңғы в) соңғы г) ешбіреуіне жатпайды

5. Қыстырма сөз дегеніміз не?

а) көңіл-күйін білдіретін сөздер ә) көп мағыналы сөздер б) айтылған ойға сөйлеушінің көзқарасын білдіретін оқшау сөз в) сөйлеуші біреудің назарын өзіне аудару үшін г) ешбіреуіне де жатпайды

6. Қыстырма сөздер мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?

а) 4 ә) 5 б) 6 в) 3 г) 2

7. Қыстырма сөздерге байланысты қойылатын тыныс белгі

а) тырнақша ә) нүктелі үтір б) нүкте в) қос нүкте г) үтір

8. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?

а) 4 ә) 3 б) 5 в) 2 г) 6

9. Антоним дегеніміз не?

а) сөздердің дұрыс жазылуы ә) мағыналары қарама-қарсы сөздер б) сөз мағыналарының үйлесуі в) дауыстылардың не біріңғай жуан, не біріңғай жіңішке болуы г) кейінгі, алдыңғы дыбыстардың бір-біріне үндесуі

10. Синоним сөздер дегеніміз не?

а) адамның көңіл-күйін білдіретін сөздер ә) мәндес сөздер б) айтылған сөз кімдікі екенін көрсететін сөздер

в) мағыналары өзара мәндес сөздер г) ешбіреуіне де жатпайды


Бақылау сұрақтары:

Отан отбасынан басталады” дегенді қалай түсінесіз?

Отбасы, туыстық қатынас туралы қандай қанатты сөздерді білесіз?

« Отау өмірі-қоғам өмірінің айнасы” дегенді қалай түсінесіз?

Қосымша түрлерін атаңыз.

Мағыналары мәндес сөздер тобы қалай аталады?


Глоссарий

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы мәнде тұрған сөздер антонимдер деп аталады.

Мағыналары өзара мәндес сөздер синонимдер деп аталады.

Терминология - лат.шекара; ғылымның арнайы саласындағы ұғымды білдіретін сөз не сөз тіркесі.


3-такырып

7-8 сабақ: Уақыт және мезгіл. Етістік. Өзгелік етіс. Еліктеуіштер. Дыбыстық електеуіш. Көсемше.


1-тапсырма. Жыл мезгілдерін атаңыз. Сіздің туған күніңіз – жылдың қай мезгілінде?

2-тапсырма. Күн тәртібіндегі уақытыңызды қалай өткізесіз? Әңгімелеп, диалог- сөйленіс түрлерін ұйымдастырыңыз.


3-тапсырма.

Дыбыстық, бейнелеуіштік еліктеу сөздерге мысал келтіріңіз. Төменде:

Тышқан, аю, жолбарыс, маймыл, піл, бақа

Аспанның күркіреуі, жаңбырдың себелеуі, ыдыстың жерге құлауы, сөмке (целофанның)\


4-тапсырма. Бақылау диктанты.


Баян – жердің шұрайы. Тау, тас, орман, жеміс, көл, бұлақ, егін, шабын, - бәрі Баянда, Баян тауының күнгей қойнауында, оқар-шоқар тастың ішінде, солында – тау, оңында – Сабындыкөл. Қазақ-орыс қаласы тұрады. Екі жүзге тарта үйі бар. Қазақ-орыстың станциясы шығыс жағында. Кіре беріс қара жолдың аузында, дөң басында кішкене ағаш мешіт, қаланың көл жақ шетіндде тапалтақ ақ шіркеу көрінеді. Шіркеудің қасында қазақ-орыстың үшкілі болады.

5-тапсрыма. Төмендегі сөздерден өздік етіс жасаңдар.

Ки, көр,қыс, жаз, кер, жу, тара, қос, бер, сөз, сыла.


6-тапсырма. Мына сөздерден ортақ етіс жасаңдар.

Біл, сұра, арала, ойла, сана, байла, сөйле, бел, ал, айт


7-тапсырма. Уақыт және мезгіл тақырыбына диалог немесе монолог құрастырыңыз. әңгімеңізде етістердің түрлері, еліктеуішиердің түрлері кездесуі шарт.

Көктем мінезі

Жаңа ғана аспан шайдай ашық еді. Қайдан келгені белгісіз, аспанды бұлт торлап, жел соқты. Бір кезде шатыр-шұтыр найзағай ойнап, артынша нөсер төпеп берді. Шай қайнатым уақыт өтті ме, өтпеді ме, әлгі түнерген бұлттар жөңкіп ала жөнелді. Біраздан кейін тез күн ашылып сала берді.

8-тапсырма. Сөздерді есте сақтаңдар.

Сөздер

синонимдер

Антонимдер

Орыс тілінде

Шайдай ашық

қайдан келгені белгісіз

Нөсер төпеу

Шай қайнатым уақыт

Бұлт торлау

Бұлтсыз

Күтпеген жағдай

Жауын құю

Лезде

Бұлт қаптау



9-тапсырма. Мәтінді толықтырыңыз. Қай жыл мезгілі екендігін анықтаңыз.

1.Күн ашық болғанымен қызуы солғын.Құс қайтуы аяқталды. Аңдар ұйқыға жатты. Қазақстанның солтүстігінде қыстың ызғары----------. Шөпті қар----------.

2. Дала қаңырап бос қалғандай қиыршық қар жауады, боран соғады. Маялар ақ тонға-------- , қар астында қалды. Шыршалар ақ мамыққа -----------.

3. Таңертеңгі шұғыла шығыс көкжиекте нұрға бөленді. Ең қысқа түн осы айда. Нөсер де құйып өте шығады. Бау-бақшада шие мен құлпынай жемісі.

4. Ағаш біткен бүрлеп, жасыл желекке, жер беті көкорай шалғынға ------------. Қазақстанның оңтүстік өңірінде алма, өрік ---------. Қарлығаштар зуылдай -------.

10-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңдар.

Сөздер

Синонимдер

антонимдер

Орыс тілінде

Көкорай шалғын

Тау бөктері

Сортаң

Ала тау

Алқап

Жасыл желек

Шөл


11-тапсырма. Әр жыл мезгіліне қарай кестені қажетті сөздермен толықтырыңдар.


Қыс

Көктем

жаз

Күз

Аспан

Жер күн

Ауа райы





12-тапсырма. Сөз тіркестерінің мағынасын анықтаңдар.


Мағынасы

Аудармасы

Соны қар

Қиыршықтар

Ұлпа қар

Мамық қар

Көздің жауын алу



13-тапсырма. Қарама-қарсы мазмұнды сөйлемдер құрыңдар.

Жаңбыр сіркіреп жауып тұр. Аспан шайдай ашылды. Айналаң құлпырып тұрса, қалай қуанбайсың. Күз-жыл мезгілдерінің ең әдемісі. Қыс ешқашан бітпесе екен деймін.

Блиц-тест

1.Бірыңғай үнді дауыссыз дыбыс қатысқан сөзді табыңыз

а) Қанағат ә) жүздеген б) дауылпаз в) рақымды г) емен

2.Синонимдік қатарды көрсетіңіз:

а) Егде, жасамыс, қария ә) мүгедек, жас, кәрі б) Барлық, түгел, ерін

в) Сұлу, әдемі, ең г) Көркем, керемет, мүлдем

3.Антонимдік жұпты көрсетіңіз:

а) Еңбеккүн- айлық ә) биік- аласа б) бай- көп в) Үскірік-ызғырық г) Өрім-өрім

4.Сөздердегі жалпы есімді табыңыз:

а) «Ақтас» ә) Балқаш б) «Береке» совхозы в) оқулық г) Қапшағай

5.Көмекші есімді көрсетіңіз

а) ертең ә) бөлім б) жауын в) үшін г) қасы

6.У әріпінің жуан түрін анықтаңыз

а) әктеу ә) бөлдіру б) жазу в) тігу г)керу

7.Қатаң «п», «ф» дауыссыздардың ұяң қатарын көрсетіңіз.

а) б,в ә) к,х б) х,ң в) х,с г) й,х

8.Тура мағынада жұмсалып тұрған сөзді көрсетіңіз

а) жапырақ нан ә) көңілі ашық б) адамның мойны в) терең ой г) жер бесік

9. «Ә» қандай дыбыс

а) жіңішке, ашық ә) еріндік, жуан б) ашық еріндік в) жуан, езулік г) қысаң, езулік


Бақылау сұрақтары :

Қазақстанның табиғат жағдайы туралы не білесіз?

«Жазиралы алқап» сөзінің мағынасын қалай түсінесіз?

Қазақстанның географиялық орналасуы қалай?

Етістік дегеніміз не?

Көсемше дегеніміз не?

Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

Синоним сөздер дегеніміз не?


Глоссарий

Қазақ тіліндегі етіс категориясы іс-әрекетке субьекті мен обьектінің қатынасынан пайда болатын семантикалық категория.

Өзгелік етіс – қимылдың сөйлеуші мен тыңдаушыдан басқа бөгде біреу арқылы жасалатынынн білдіретін етіс.

Өздік етіс - өзіне тән істі негізгі субьетінің өзі алғашқы мәнінде, яғни бастапқы салт, сабақты етістік мағынасында айтылады.

Ортақ – бірнеше субьектіге тән ортақ қимыл.

Ырықсыз етіс – сабақты етістіктің салт етістікке айналуынан ісің субъктіден ажырап, өзінің тура объектісіне тән болатын түрі


4-такырып

9-10 сабақ: Мінез және портрет. Атаулы сөйлем. Жалаң және жайылма, толымды, толымсыз , жақты, жақсыз сөйлемдер.

1-тапсырма. Мінез бен портреттің айырмашылығы неде? Портретті кімдер жасайды? Мінездемені не үшін және қайда ұсынады? /пікірлеріңіз/ . Группаластарыңа мінездеме жасаңыздар.

2-тапсырма. Сот орындарында азаматтарға портреттер қалай жасалады? (Азаматты танып білу мақсатында). Мысалдар келтіріңіз.


3-тапсырма. Толымды, толысыз сөйлем түрлеріне әңгіме-сұхбат құрастырыңыз.


4-тапсырма. Атаулы сөйлемді ажыратыңыз.

Түн. Вокзал. Вокзал іші жым-жырт. Түн. Аспан – бұлт. Дала, Бұлтты аспан. Асқар қолшатырын ашқалы жатыр. Марта поезғалы мінгелі жатыр. Бағдаршам жанып тұр.


5-тапсырма. Нақыл сөздерден жақты жақсыз, толымды, толымсыз, жалаң, жайылма түрлерін анықтап, талдаңыз. Мағынасын түсінідіріп, жаттап алыңыз.


Заң таңертең де, кеште де сол баяғы бір заң. Дж.Герберт

Сот – сөйлеуші заң, ал - заң мылқау сот. Цицерон.

Жұрттың бәріне бірдей жағатын жаң жоқ. Үлкен Катон.

Заңды сақтамайтын адамнан өткен зиянды хайуан жоқ. Д.Савонарала.

6-тапсырма. Сөйлемдерді оқыңдар.Қарамен берілген сөздердің мағынасын табыңдар.

1.Әдептілік пен әдепсіздік адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді.

------------------ өзін ұстай білу

----------------- өзін көрсету

2. Жақсы қасиеттерді адам бойына жастайынан мінез-құлық ережесі етіп қалыптастыру керек.

----------------- жүріс-тұрыс

------------------- этикет

3.Қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке ,ізеттілікке, имандылыққа тәрбиелеген.

------------------ өркөкірек

------------------ қарапайым

4.Ер балаларға ауыл үлкендеріне қос қолдап сәлем беруді, ал қыздарға үлкендердің алдынан кесіп өтпеуді уағыздаған.

----------------- үгіттеу

----------------- талпыну

5.Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа.

---------------- мақсат

--------------- байлық

6.Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.

--------------- байсалды

--------------- батыл

7.Сабыр-күн түсірмейтін сая.

Асығыс-аунап кететін мая.

--------------- қорғаныш

--------------- көлеңкелі ағаш


7-тапсырма. 1. Төмендегі үзінділерді оқып, адам портреттері бойынша кестені толтырыңдар.

1. Тоқтап, суын жерге қойып, артына қайырылып қарап еді, бидай өңді, кең маңдайлы, бойы ортадан жоғары, отты көзді, өңі жылы қазақ жігітін көрді.

2. Төрдегі үстел басында аласа бойлы жылтыр қара өңді, ашаң келген, шашын қырау шалған қарт отыр.

3. Бойы ортадан жоғары, талдырмаш, ақ құба, бидай өңді, қағылез жігіт отыр.

4. Иығында мылтығы бар, қалың киімді, қаба сақалды, орта бойлы, сары шал қора шетін дамылсыз айналып жүр.


Бой

дене

Бет(жүз, өң)

жасы

сақал

Шаш

маңдай

Көз

1









2









3









4










. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз Жақсымен жолдас болсаң жетерсің ...

а) халыққа ә) елдікке б) әдепке в) байлыққа г) мұратқа

2. Мақалды толықтыр. Отан – оттан да -

а) суық ә) жақсы б) жаман в) жылы г) ыстық

3. «Қалың» сөзіне мағынасы қарсы сөзді табыңыз

а) жұқа ә) толық б) үлкен в) жеңіл г) ауыр

4. Мына сөз тіркесінің дұрыс аудармасын табыңыз. Сөз асылы

а) дорогое слово ә) пустые слова б) бессмысленные слова в) драгоценное слово г) жемчужина слов

5. «Білімді» сөзіне қай қосымшаны жалғаймыз

а) лік ә) дық б) тық в) тік г) дік

6. Жай сөйлем құрамына қарай нешеге бөлінеді?

а) 2 ә) 3 б) 5 в) 4 г) 6

7. Жалаң сөйлемді белгілеңіз

а) Еңбек ет те, міндет ет ә) мектеп маңы б) қар жауды в) дала г) айтуға болмас

8. Мінез деген сөздің аудармасын тап

а) портрет ә) характер б) этикет в) цель г) культура

9. Тұрлаулы мүшелер ғана қатысқан сөйлем қалай аталады?

а) лепті ә) жалаң б) жайылма в) хабарлы г) атаулы

10. Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз

а) балаға ә) баламен б) баланың в) балалық г) баланы

Бақылау сұрақтары:

Жай сөйлемнің қандай түрлерін білесіз?

Әдептілікке қатысты қандай мақал-мәтелді білесіз?

«Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі» мазмұнын қалай түсінесіз?

«Ішкі мәдениет» тіркесін орыс тіліне аударыңыз?

Жақсы қасиеттерге нелер жатады?

Омоним дегеніміз не?

Жалаң сөйлем қалай жасалады?

Айтылуға тиісті барлық мүшелері қатысқан жай сөйлем.

Толымды сөйлем дегеніміз не?

Атаулы сөйлемге мысал келтіріп, түсіндіріңіз

Глоссарий

Тек зат, құбылыс, мезгіл, мекен атауын білдіретін, бір ғана сөйлем мүшесі бар сөйлемді атаулы сөйлем дейді.

Барлық мүшелері бар сөйлемді толымды сөйлем дейді.

Тұрлаулы не тұрлаусыз мүшелерінің бірі қатыспаған сөйлемді толымсыз сөйлем дейді




5-такырып

11-12 сабақ: Сапар шегу және туризм. Сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлем


1-тапсырма. Іс-сапармен жол жүруіңізге орай ситуациялық әңгіме құрстырыңыз. Мәтінде лепті, сұраулы, бұйрықты, хабарлы сөйлемдер кездесуі шарт.


2- тапсырма. Сот билігіндегілер қандай дауыс тембірімен сөйлейді. Дауыс ырғағы, тон, интонациясына сәйкес жоғары тонмен мысалдар келтіріңдер

3-тапсырма.

Туристік сапара барғанды ұнатасыз ба?.Қандай туристік сапарлар бар.

4- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. Оқыңыз.

1. Мында қай туристік компания?

Бұл – ҚазТур туристік компаниясы.

2. Бұл компанияның телефоны бар ма?

Бұл компанияның телефоны бар: 78-01-78.

3. Бұл компанияның электронды поштасы бар ма?

Бұл компанияның электронды поштасы бар: e-mail: info@zivera.ru

3. Туристік компания қайда демалуды ұсынады?

Туристік компания ............... демалуды ұсынады.

4. Туристік компанияның мекен-жайы қайда?

Туристік компанияның мекен-жайы ....................


Блиц-тест

3. 1. Сөйлем дегеніміз не?

А а) Бірнеше сөзден құралып, аяқталған ойды білдіреді.

Ә ә) Бірнеше сөзден құралып, еш мағынасы жоқ болады.

Б б) Сөздерге жалғау жалғағанды сөйлем дейді.

В н) Дұрыс жауаб жоқ.

4. 2.Сөйлем нешеге бөлінеді?

А а) 2.

Ә ә) 4.

б)3.

В) 5.

Г) 6.

5 3 . Х абарлы сөйлемнің белгісі:

А) « ! ».

Ә) « . ».

Б) « , ».

В) « ? ».

Г « ; ».

6 4 . Хабарлы сөйлемді тап:

А )Алақай, қар жауды!

Ә)Сен үйге қашан келдің?

Б)Маған қарызға ақша бересін бе?

В)Мен сені сағындым;

5 . Лепті сөйлемнің белгісін тап:

А)« ; ».

Ә)«...».

Б Б )« ! ».

В)« ? ».

Г «.»




Бақылау сұрақтары:



  1. Жай сөйлем дегеніміз не?

  2. Жай сөйлемнің қандай түрлерін білесіз?

  3. Қандай сөйлемді жақсыз сөйлем дейміз?

  4. Сөйлемнің жалаң және жайылма болып бөлінуі қай мүшеге байланысты?

  5. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

  6. Сұраулы сөйлем қандай жолдармен жасалады?


Глоссарий

  1. Сөйлем - тиянақты ойды білдіретін бір сөзді я бірнеше сөз тіркесі.

  2. Жақты сөйлем – құрамында бастауыш қатысқан жай сөйлемнің түрі.

  3. Жақсыз сөйлем – баяндауыштың бір өзі сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлемнің түрі.

  4. Сұраулы сөйлем – беру я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлем.



6-такырып

13-14 сабақ: Менің елім-Тәуелсіз Қазақстан. Есімше. Ел рәміздері. Шартты рай.

1-тапсырма. - Әнұран сізге ұнай ма?

- Әнұрандағы «Намысын бермеген, қазағым мықты ғой» деген жолдың мәнін, мазмұнын қалай түсінесіз?

- Әнұранның музыкасы сізге ұнай ма?

2-тапсырма. Дастан, ұрпақ, ежелден, даңқ, намыс, мәңгілік сөздерінің мағынасын «түсіндірме сөздіктен» қарап біліңіз.

3-тапсырма. Өлеңді аударыңыз.

О мой народ! О моя страна!

Я твой цветок, взращенный тобой.

Я песня, звенящая на твоих устах.

Родина моя – мой Казахстан.


У меня простор неоглядный

И дорога, открытая в будущее.

У меня независимый,

Сплоченный, единный народ.

Как извечного друга

Встречает новое время

Наша счастливая страна, наш народ


4-тапсырма.Сөйлемдерді толықтырыңыз:

1) 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының ...

2) Бұл заңды орындау барысында барлық оқу орындарында...

3) Қазақ тілін білі арқылы халықтың зор...

4) Сондықтан ол қазір тек қазақ халқына ғана емес, ...


5-тапсырма. Мына синоним сөздердің мағынасын түсініп, сөйлем құраңдар.

Отан-атамекен- туған жер- кіндік кескен жер;

Көне- ежелгі- ескі- бұрынғы;

Күнгей-оңтүстік;

Айырылу- тәуелді болу- бас ию;

Мемлекет –ел;

Тәуелсіз- егеменді,

6-тапсырма. Сөйлемдерді қажет сөздермен толықтырыңыз.

1. Отан адамның….. . Қазақ елінде тұратындардың … -Қазақстан. Қазақ халқы …. үшін күресті. 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан …. …. Болып жарияланды.Дүние жүзіне Қазақстан … … деп танылды.

7-тапсырма. Сөздік минимумды пайдалана отырып сөйлем құрастырыңыз.

Рәміз, белгі, елтаңба, ту, ұлттық ою-өрнек, нышан, қыран бүркіт.

8-тапсырма. Мәтіннен есімшелерді тауып жазыңдар.

Қазақ елі- менің Отаным

Отан дегеніміз-адамның туып-өскен жері, атамекені. Қазақ елінде тұратындардың отаны-Қазақстан Республикасы. Қазақ жері кең байтақ. Ол бес Франция, 12 Бельгияға пара-пар. Менделеев ашқан химиялық элементтер кестесінде көрсетілгендердің бәрі- қазақ даласынан табылады. Қазақ тарихында көптеген батырлар, хандар атын қалдырды. Абылай хан, Сырым, Кенесары, Наурызбай, Қабанбай, Бөгенбай, Исатай, Амангелді, т.б.1991 ж 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. 1992 жылы ҚР Жоғары Кеңесінің сессиясы Республиканың Елтаңбасын, Әнұранын, Мемлекеттік Туын бекітті.


Блиц-тест

  1. Қазақстан өз егемендігін қай жылы алды?

а. 1990 ә. 1993 б. 1995 в. 1992 г. 1991

  1. 1992 жыл 4 маусым қандай жаңалықпен белгілі?

а. Республика күні ә. Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды б. Мемлекеттік рәміздері қабылданды в. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланды г. Қазақстан Республикасының президенті қабылданды

  1. Тәуелсіз елдің төл белгісін ажыратыңыз

а. География ә. Табиғаты б. Әнұраны, туы, елтаңбасы в. Халқы г. Бірлік

  1. Әнұранның әнін жазған кім?

а. Е. Қасанғалиев ә. Ш.Қалдаяқов б. М.Ілиясов в. Н.Тілендиев г. Ж. Нәжімеденов

  1. Жалаудағы қыран бүркіт нені білдіреді?

а. Байлық пен берекені ә. Бес құрлықты б. Еркіндікті в. Үлкен үй дегенді білдіреді г. Ешбіреуіне де жатпайды

6.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

а. 4 ә. 5 б. 9 в. 7 г. 8

  1. Жалқы есімді белгіліңіз

а. Өзен, көл ә. Қарғалы өзені б. Журнал в. Университет г. Мекеме

  1. Есімшенің жұрнақтарын көрсетіңіз?

а. –а,-е,-й ә. –са,-се б. –ған,-ген, қан,-кен в. –ғалы,-гелі г. –ып,-іп,-п

  1. Шартты райдың жұрнақтарын көрсетіңіз?

а. –а,-е,-й ә. –са,-се б. –ған,-ген, қан,-кен в. –ғалы,-гелі г. –ып,-іп,-п

  1. Есімдерге де , етістікке де ортақ категория қалай аталады?

а. Сабақты етістік ә. рай б. шырай в. есімше г. көсемше

Бақылау сұрақтары:

Мемлекеттік рәміздер қай жылы қабылданды?

Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды?

Ата Заң қай жылы қабылданды?

Мемлекеттік тудың авторы кім?

Елтаңбаның авторы кім?

Елтаңбада нелер бейнеленген?

Есімше нені білдіреді?

Қандай категория есімше деп аталады?

Шартты рай нені білдіреді?

Шартты рай қалай жасалады?

Глоссарий

Рай категориясы – қимыл-әрекеттің шындық өмірге қатысын білдіруі.

Шартты рай – істің, қимылдың орындалу мүмкіншілігі екінші бір істің орындалуына тығыз байланыстылығын, шарттылығын көрсетіп етістіктің түрі.

Есімше - әрі етістік, әрі есімдер қызметін атқаратын етістіктің түрі.


7-такырып

15-16 сабақ: Елордасы –Астана қаласы. Сын есімнің мағыналық түрлері. Сабақты, салт етістік.

1-тапсырма.

Ескі астана қалаларын атаңыз.

Астана тақырыбына байланысыт сұхбат құрастырыңыз.


2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Аударыңыз. Сұрақ қойыңыз. Сын есімді табыңыз.


Еліміздің ата заңы


Конституция 98 баптан тұрады. Конституцияда ҚР-сы демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп аталған. ҚР-сы президенттік өзін-өзі басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республикадағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Сондай-ақ мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.


3-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

«Астана – Бәйтерек» монументі.


Бәйтеректің биіктігі 97 метр. 1997 жылы Алматыдағы Астана Ақмолаға ауыстырылды. Көшіп келген жылдың соңғы 2 цифрына сәйкес келеді. Бізді бәйтерегімізге ұқсас объекті жоқ. Мысалы, осындай шарды биікке орнатудың сәулеттік тәжірибесі кездесетін кейбір қаллар бар. Мәселен, Имираттарда осындай шар 56 метр биіктікке көтеріліп қойылған, Италияда 20 метр биіктікте тұр.

. 4-тапсырма. Синоноим сөздердің мағынасын түсініп, сөйлем құрастырыңыздар.

  1. ежелгі- көне – ескі – бұрынғы;

  2. алғашқы-бірінші-тұңғыш

  3. құру-қалау-орнату-салу

  4. қала-шаһар-кент

  5. өлке-аймақ-өңір

  6. ескерткіш-көне мұра- мирас-жәдігер

  7. тұсында-мезгілінде-дәуірінде-уақытында-кезіне

  8. санау-есептеу

5-тапсырма. Қарамен берілген сөздерді мағыналас сөздермен алмастырыңдар.

1.Қазақ жерінде ең алғашқы мемлекеттің астанасы-Суяб қаласы.

  1. Сайрам және Отырар (Фараб) – көне түріктердің бас қаласы.

  2. Тәуекел, Жолбарыс хандардың тұсында Ташкент қазақ елінің бас қаласы саналған.

  3. ХVI-XYIII ғасырларда Түркістан қазақ халқының астанасы болып есептелді.

  4. Орынбор өлкесі ол кезде қазақ елінің бір бөлігі болған.

  5. Қызылорда қаласы бұрын Ақмешіт бекеті аталған.

  6. Алматы қаласында сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері бар.

6-тапсырма. Мәтінмен танысыңдар.

Астана

1997 жылы саяси, экономикалық, халықаралық жағдайларға байланысты республиканың бас қаласы –Ақмолаға көшірілді. Әсем Есілдің жағасын бойлай Президент сарайы, Парламент ғимараты, Еуразия университетінің жаңа корпусы т.б. ғимараттар бой көтерді. Парламент үйінің алдында қазақтың үш биі: Төле би, Әйтеке би, Қазыбек бидің ескерткіштері халқын болашаққа басталғандай бейнеленген. Аспанға атылған ақ барыс мүсіні-жас Қазақстанның ХХІ ғасырдағы жарқын да бақытты болашағының символындай елестейді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Астана қаласының негізі қай жылы қаланған?

  2. Ел астанасы атанған қандай қалаларды білесіз?

  3. Қай жылдан бастап Ақмола қаласы тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің астанасына айналды?

  4. Ақмола атауы Астана болып қашан өзгертілді?

  5. Орталықтың Алматыдан Астанаға көшуіне не себеп болды?

  6. Сан есім нені білдіреді?

  7. Сан есімнің қандай мағыналық түрлерін білесіз?

  8. Қандай етістік сабақты етістік деп аталады?

  9. Қандай етістік салт етістік деп аталады?

  10. Табыс жалғаулы сөзді керек етіп тұратын етістік қалай аталады?

Бақылау сұрақтары:

  1. Астана қаласының негізі қай жылы қаланған?

  2. Ел астанасы атанған қандай қалаларды білесіз?

  3. Қай жылдан бастап Ақмола қаласы тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің астанасына айналды?

  4. Ақмола атауы Астана болып қашан өзгертілді?

  5. Орталықтың Алматыдан Астанаға көшуіне не себеп болды?

  6. Сан есім нені білдіреді?

  7. Сан есімнің қандай мағыналық түрлерін білесіз?

  8. Қандай етістік сабақты етістік деп аталады?

  9. Қандай етістік салт етістік деп аталады?

  10. Табыс жалғаулы сөзді керек етіп тұратын етістік қалай аталады?

Глоссарий

  1. Сабақты етістік – табыс жалғаулы сөзді керек етіп тұратын етістік.

  2. Салт етістік – табыс жалғаулы сөзді керек етпей тұратын етістік.

  3. Дара етістік – бір сөзден тұратын мағыналы етістік.

  4. Күрделі етістік – екі мағыналы етістіктен жасалып, күрделі қимылды білдіреді.


8-такырып

17-19 сабақ:Қазақ халқының тарихы, ұлттық тілі, салт дәстүрлері. Өткен шақ, жедел өткен шақ. Шырай категориясы



1-тапсырма. Төмендегі тірек-сызбалары арқылы сөйленіс түрлерін жүргізіңіз. Мысалдарыңызды әртүрлі шақта жұмсаңыз.

hello_html_m7967d44f.gifhello_html_m1cd5aebd.gif

Қhello_html_6469a5ec.gifhello_html_4a91025b.gifазақстан тілі (ұлттық)

hello_html_5d210a37.gifhello_html_m47586073.gif Тарихы

діні

Салт-дәстүрі

атамекені


2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс жасаңыз, толықтырыңыз.

Ата-баба... . (предки, наследник, родители)

Әдет-ғұрып... (Обычай, правила, закон)

Ырым ... (традиция, советы, знания)

Қыз қуу... (догнать девушку, кокпар, шахмат)

Ұлттық тіл ... ( всемирный язык, международный язык)


3- тапсырма. Көп нүктенің орнына шақ жасаушы жұрнақтарды қойыңыз.


1. Ол ертең сағат жетіде тұр...

2. Сендерге біз екі күннен кейін кел...

3. Абай әңгіме айтуға бір түрлі шебер боп бар...

4. Бүгінгі сөзңізге таң қалып отыр...

ә) пайдалы

4-тапсырма. Мысалдарды қай шақта тұрғанын ажыратып, түрлеріне қарай анықтаңыздар.

Мысалдар

Осы шақ.


Келер шақ.


Өткен шақ


Домбыра алдырып, Әбдірахман ән салды.




Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ




Тайқазандарда бырқ-бырқ құрт қайнап, орта қазандарда буы бұрқырап ірімшік пісіп жатыр.




Ұзатылған қыздың айттырылуы жеріне де, үйленетін жігіттің қайнына да хабаршы енді жөнеледі.





5-тапсырма. Ескі салт пен қазіргі қолданысты жүрген салттың аражігін анықтаңыз. Шақтарды пайдалана отырып, әңгімелесіңіз.

Тест.

Көсемше, есімше жұрнақтарын қабылдайтын шақтарды атаңыз.

Нақ осы шақ

Ауыспалы осы шақ

Бұрынғы өткен шақ

Жедел өткен шақ

Болжалды өткен шақ

Етістіктің шақтарын атаңыз.

өткен шақ

келер шақ

ашық рай

нақ осы шақ

қалау рай

Мақсатты келер шақты анықтаңыз.

Келмекпін

Отырмақпын

Отырды

Ойнамақшымын

ойнады



Бақылау сұрақтары:

  1. «Жақсы дәстүр жан семіртеді» дегенді қалай түсінесіз?

  2. Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіз?

  3. Қазақ деген сөз қайдан шыққан?

  4. Тоқымқағар қай уақытта тойланады?

  5. Етістікте неше шақ бар?

  6. Өткен шақтың неше түрі бар?

  7. Жедел өткен шақ нені білдіреді?

  8. Жедел өткен шақ қалай жасалады?

  9. Рай категориясы дегеніміз не?

  10. Рай неше түрге бөлінеді?

Глоссарий

1. Шырай – бір түрлі сынның әр қилы дәрежеде болатынын білдіретін сын есім түрлері.

2. Шақ – қимылдың жасалып жатқанын, келешекте жасалатынын, жасалып қойғанын білдіретін категория.

3. Қалау рай – қимылдың жасалуын сөйлеушінің қалайтынын, тілейтінін білдіруі.

4. Өткен шақ – қимыл-әрекеттің сөйлеушінің хабарлаған кезінен бұрын болатынын білдіруі.

5. Жедел өткен шақ – жақын арада, жуықта болған қимылды білдіруі.

6. Кейінгі ықпал – сөзбен сөздің аралығында кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсер етуі.



9-такырып

20-23 сабақ: Әл-Фараби, А. Йасауи. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Бастауыш. Баяндауыш. Бірыңғай мүшелер


1-тапсырма. Төмендегі сызба-нұсқа арқылы Йассаудің жан-жақтылығын ауызша баяндаңыз.


hello_html_4551d507.gif


2-тапсырма. Йассауи кесенесі бойына әңгіме құрастырыңыз.



hello_html_m1be2d69.gif

hello_html_100cc9c9.gif




Мәтін. Тайқазан.


Түркістан қалсында А.Йассауи сағансы бар. Бұл ғажайып сағананың ішінде алып қазан тұр. Қазанды 1399 жылы Ақсақ Темірдің әмірімен Түркістан Қаласынан 25 шақырым қашықтықтағы Атабай деген жерде жасаған. Оны термезедік шебер Ә.Шарафудин жет іметал қоспасынан құйып жасаған. Оның құрамында темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын бар.


Бақылау сұрақтары

1.«Әл-Фараби қай ғасырда өмір сүрген?

2.Қандай ғылыммен айналысқан?

3.Оны екінші Аристотель деп неге атайды және бұған көзқарасыңыз?

4.Грек оқымыстыларының еібектерін неліктен бірнеше мәрте оқыған?

5.«Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары» трактатының негізгі идеясы?


Глоссарий

Анықтауыш – сөйлемде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, басқа да түрлі белгілері жағынан сипаттап тұратын тұрлаусыз мүшені аныұтауыш дейміз.

Пысықтауыш – етістіктен болған сөйлем мүшесіне қатысты болып, іс-қимылдың жүзеге асуының алуан түрлі жай-жапсарын (мезгілін, мекенін, амалын, себебін, мақсатын, сан-мөлшерін) білдіретін тұрлаусыз мүшені пысықтауыш дейміз.

Бірыңғай мүше – бірдей сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болып,, бірдей қызмет атқарады



3-тапсырма

Әл-Фараби

( 870-950 жж. )

Әл-Фарабидің музыкамен қатар айналысып, аса зор нәтижеге жеткен ғылымдары – астрономия мен геометрия. Ол оптикалық аспаптар жасаған, оның ішінде ойыс парабола айна, уақыт өлшегіш күн сағаты бар. Әл-Фараби зерттеулерінің екінші ерекшелігі дыбыс заңы мен жарық сәуле заңын бірлікте қарастырған. Осы ойыс парабола (арабша «мухарак», европалықтар «фокус» деп аударған) Еуропаға Әл-Фарабидің шәкірті Ибн-Хайтам арқылы, И.Кеплерге жеткен екен. Әл-Фарабидің күн сағатын жасау әдісі осы күнге дейін қолданылады. Ғылымда көлеңке өлшеу әдісі, күн сағаты арқылы жердің меридианын табу Әл-Фараби әдісі деп саналады, сондай-ақ сфералық тригонометрияға негіз салған. Әл-Фараби еңбектерінің көрсеткішінде 160 еңбегі тізімделген.

Әл-Фараби ежелгі грек оқымыстылары Платон, Аристотель, Евклид, Птоломей еңбектерін түгелдей меңгеріп, араб тіліне аударып, дамытқан адам. Грек ойшылдарының еңбегін кейінгі шығыс ғалымдары Әл-Фарабидің түсініктеме-аудармалары арқылы оқыған. Грек ойшылдарын түсіну үшін Әл-Фарабидің өзінің қаншалықты тер төккені туралы дерек Гегель шығармаларында бар. Онда Әл-Фараби Аристотельдің «Жан жайында» кітабын 100 рет, «Табиғи үйлесімін» 40 рет, «Шешендік» кітабын 200 рет оқыпты. Сөйтіп осы ғылымдарды өзі үйреніп қана қоймай, әрі қарай да дамытты. Сондықтан бірінші ұстаз Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» деген атақ алды.

Әл-Фараби әлемге дүние, жаратылыс жайындағы өзіндік ұлы көзқарасын әкелген ойшыл, философ болып танылды. Әсіресе «Жоғары табиғат тану негізі» еңбегі (А.Машанов «Космология» деп атайды) бүкіл шығыс философиясының тереңдігін, көне тылсымын қорытқан еңбек еді. Фарабидің осы еңбегін түсіну арқылы шығыс әдебиетіндегі көптеген аңыз, мифологияны танып-таразылауға болады.

Әл-Фараби ойшылдың адамгершілік ойлары «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары» трактатынан көрінеді. Ғалымның осы еңбегі Томас Мордың «Утопиясына» негіз болған. Бұл шығармадағы қала мемлекет ретінде алынған. Әңгіме ізгілікті мемлекеттегі қарым-қатынастың жай-жапсары, ақылық (этика), қоғамдық-әлеуметтік мәселелер төңірегінде болады. Ең жетілген, адам армандаған қала қандай болмақ? Ондай бақыты елдің әкімі кісілікті, әділеті, инабатты, батылдықты, жомарттықты, өнерді сүйеді. Әкімі қайырымды, халқы бақытты. Әл-Фараби бұл шығармасын мамырыжай, құт-берекелі елді аңсаумен жазған. Әл-Фараби әділеті өмір сүру үшін осындай идеал мемлекет болу керек деп армандаған. Оның идеясы Фирдоусиден Томас Мор, Сұлтанмахмұтқа дейін жалғасты. Сұлтанмахмұттың «Адасқан өмір» поэмасында Әл-Фараби арманы қайта көрініс табады.

(Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы, 89-бет)


4-тапсырма

Ахмет Йасауи


(XII ғасыр)

Әлемдік мәдениеттегі елеулі құбылыс – ислам мәдениетінің қазақ жеріндегі ірі ошағы – Сыр бойы, Отырар, Сайрам, Түркістан, (Йасы) қалалары болды. Ол өңірден Әл-Фараби, Ахмет Йассауи, Ахмет Жүйнеки, Сүлеймен Бақырғани сынды ғұлама ғалымдар мен ақындар, Ақсақ Темір, Көрегендей атағы әлемге жайылған әскер басылар шықты.

Ахмет Йассауи бүкіл түрік жұртының рухани атасы болған. Ол Оңтүстік Қазақстандағы Сайрам қаласында туған. Ата-анасынан жеті жасында айырылып, апасының қолында Йасы қаласында тәрбиеленеді. Әкесі Шейх ИбраҺим Сайрамда Өте беделді кісі болған. Ақынның алғашқы ұстазы Арыстан баба діндар, тақуа адам болыпты. Екінші ұстазы – Қожа Иусуф Хамадани, Бұқарада тәлім алған. Ол кісі де сыпайы, дәндар, таза адам болған. Осы екі ұстаздан сабақ алған Йасауи бүкіл өмірін тазалық, адамдық, дін жолына арнаған, шәкірт тәрбиелеген. Алпыс үш жасқа келген соң, Мұхаммед пайғамбардың жасынан асқанды күпірлік санап, жер астынан бір бөлмелік жай салып, дүниеден безіп, сонда тұрған. Оны қазақша қылует деп атайды. Қылуетте он жылдай өмір сүріп, «Диуани хикмет» атты кітапты жазған. Барлық ғұмырын, күшін ислам дінін нығайтуға жұмсаған. Басқа ақын-ғалымдар секілді араб-парсы тілінде жазбай, кітабын түрік тілінде жазып, бұл тілдің қадір-қасиетін жоғары бағалаған. Соңғы жылы Йасауидің өміріне қатысты XIII ғасыр шамасында жазылған «Насаб нама» атты шежіре табылды. Авторы – Йасауидің ағасы Садыр Шейхтің немересі Орын Қойлақы.


Блиц-тест

  1. Йасауидің бірінші ұстазы

а) Арыстан баба діндар; ә) Аристотель;б) Ахмет Жүйнеки; Евклид в) Птоломей; г) Сүлеймен Бақырғани.


  1. Бірыңғай мүшелер арасына қандай тыныс белгілері қойылады? а)үтір; ә) сызықша;б) қос нүкте; в) нүкте; г) дефис.

  2. Пысықтауыштың сұрақтары?

а)қайда?; ә) кім?; б) нені; в) немен?; г) қандай.

  1. «Жан жайында» кітабының авторы

а) Платон; ә) Әл-Фараби; б) Йасауи; в) Руссо; г) Аристотель.


  1. «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары» трактатының авторы?

а) Әл-Фараби; ә) Йассауи; б) Сүлеймен Бақырғани; в) Евклид; г) Қожа Иусуф Хамадани.



10-такырып

24-25 сабақ: Қазақ халқы ның атақты билері. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. Анықтауыш. Бірыңғай мүшелер. Пысықтауыш.


1-тапсырма. Оқу сөздігімен жұмыс.

Шешендік –

өткір тіл –

пысық адамдар –

әділетсіз би-

бата, тілек –

ер құны –

тапқырлық сөздер –

тапқыр –

әшкерелеу –

мазақ ету –

өнегелі өсиет –


2-тапсырма. Шешендік сөздер.

Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы – шешендік сөздер, ол айтыс секілді, қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін, көркемдік қасиеттерін көрсететін жанр. Дәстүрлі шешендік сөздер дегеніміз – белгілі бір мәселеге байланысты тапқыр ой, көркем тілмен айтылған және халық қабылдап, жиі қолданып, сөйлемдік құрамы қалыптасқан жүйелі, үлгілі сөздер. – белгілі дәрежеде еңбекші адамның өздерін қанаушыларға, езушілерге қарсы жұмсайтын қаруы, құралы болған.

3-тапсырма.

Жеті жарғыны жатқа айтыңыз.


4-тапсырма.синтаксистік талдау жасаңыз.

Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.

Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын. (7 жарғыдан...)


5-тапсырма.

Төле би ( 1663 - 1756)

Төле би Әлібекұлы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өңірі, Жайсаң жайлауында туған. Ол қазақ халқының қоғам қайраткері, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» әдет заңын шығарушылардың бірі. Төле би орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға биі Әйтеке Бәйбекұлымен бірге Әз Тәукенің басты кеңесшісі болды. Қырғыз, өзбек, қарақалпақ және қазақ халықтарының жауынгерлік одағын құрды. «Ақтабан шұбырындыға» ұшыраған қазақ жерін Жоңғар басқыншылықтарынан азат етуге басшылық етеді. Ол Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Жәнібек батырмен бірыңғай халық майданын құруға ықпал етті.

Төле бидің атымен байланысты тарихи оқиғалар баршылық. Оның нақыл, мәтел сөздері, билік кесімдері халық арасына кең тараған. Төле би өзі билік еткен Шымкент, Түркістан, Ташкент қалаларында көпшілік пайдаланатын ғимараттар салу ісіне белсене араласқан.

(Қазақ совет энциклопедиясы, II том)


6-тапсырма

Қазыбек би (1667 – 1764)

Қазыбек би – қазақтың атақты биі. Руы – Арғын ішіндегі Қаракесек. Тәуке хан қазақтың үш жүзін билеу үшін Ұлы жүзге Төле биді, Орта жүзге Қазыбек биді, Кіші жүзге Әйтеке биді тағайындаған. Қазыбек би Тәукенің «Жеті жарғысын» жасауға қатысқандардың бірі. Қазыбектің есімі Абылай ханмен, Бұқар жыраумен қатар аталады. Ол қазақ пен қалмақ арасындағы шапқыншылық кезінде екі елдің арасына бітімші болған батыл елші, парасатты мәмілегер болған қайраткер. Қазыбек 14 жасында қазақ елшілерінің құрамында қалмақ ханына барып, батылдығымен әрі сөзге шешендігімен ерекше көзге түскен. Қазыбектің табандылығы мен тапқырлығының арқасында ғана осы сапарда қазақ елшілері теңдікке жетіп, қалмақ шапқыншылары тұтқындаған адамдарды босатып, айдап әкеткен малдарды қазақтарға қайтарып берді. Сол сапарда Қазыбек «Қаз дауысты Қазыбек» деген құрметті атаққа ие болады. Абылай ханды жоңғарлардың қолынан босатқан.


(Қазақ тілі сабақтары, 27-бет

Алматы, 1997)

7-тапсырма

Әйтеке би (1672 – 1737)

Қазақ сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған ел. Оның тарихы да, тағдыры да сол сөзде жатыр. Сондықтан да қазақ үшін сөзден өткен күш, құдірет жоқ. Қазақ сөздерінің інжу-маржандары шешендік сөздерде мол. Шешендік сөз суырыпсалма ақындықпен туыстас.

Қазақтың атақты билерінің бірі Әйтекеден қалған сөз ел жадында ғасырлар бойы үзілген емес. Әйтеке би – Тәуке ханның тұсында өмір сүріп, қазақ жұртының бір орталыққа бағынған іргелі ел болуына ісімен де, сөзімен де зор үлес қосқан қайраткер. Ол сиқырлы да сылқым сөздің шебері, майталман шешен, әділ би атанған. Әйтеке би (Қаражігіт) Тәукенің кеңесшісі, көмекшісі болған. Әйтеке би – шешендігімен бірге, ел басқарған, заң жобасын жасасқан, қазақ мемлекетін құрысып, нығайтуға үлес қосқан қоғам қайраткері.

(Қазақ тілі сабақтары, 74-бет

Блиц-тест

  1. Төле би Әлібекұлы қай жерде дүниеге келген?

а) Жамбыл облысы ә)Ақтөбе облысы; б) Маңғыстау облысы; в) Алматы облысы;

г) Түркістан қаласы .

2. Тәукенің кеңесшісі, көмекшісі болған?

а) Майқы би; ә)Кенесары; б) Әйтеке би; в) Қазыбек би; г) Абылай хан.

3. Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» әдет заңын шығарушы

а) Әйтеке би; ә)Төле би; б) Бөлтірік шешен; в)Майқы би; г) Орманбет би.

4. Әйтеке би қай ханның тұсында өмір сүрген?

а) Тәуке хан; ә) Абылай хан; б) Жәнібек; в) Бату хан; г) Берке.

5 Абылай ханды жоңғарлардың қолынан босатқан кім?

а) Қазыбек; ә) Төле би; б) Мөңке би; в)Әйтеке би; г) Жиренше.




Бақылау сұрақтары

1. Әйтеке би қай ханның тұсында өмір сүрген?

2. Оның мемлекет үшін қосқан үлесі қандай?

3. Билердің қайсысы «Жеті жарғыны» жасауға көмектескен?

4. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері?

5. Ғимараттар салу ісіне белсене араласқан кім?

Глоссарий

Бастауыш - сөйлемде атау септік тұлғасында тұрып, баяндауыш арқылы берілген іс-қимылдың не белгі- сапаның иесі болады.

Баяндауыш – бастауыштың қимылын, іс-әрекетін, жай-күйін, белгісін білдіріп, сөйлемді тиянақты етіп тұрады.





11-такырып

26-27 сабақ: А.Құнанбаев. Толықтауыш. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі. А.Құнанбаев. Толықтауыш. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі. Қ.Жұбанов. Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем


1-тапсырма. Крыловтың түпнұсқасымен салыстырыңыз.

Қарға мен түлкі. (И.А:Крыловтан)

Боқтықта талатңдап,

Жан-жаққа жалтаңдап,

Бір қарғ ажүр еді.

Бір жатқан ірімшік

Көзіне түседі,

Көңілі өседі.

Ірімшікті көрінген

Тістеп ап ұшады.

Бір ағашқа қонды да, Асықпай жемек болды да

Мазатсып қарады

Оңына, соңына.


2-тапсырма. Синтаксистік талдау жасаңыз.

Абай

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай 1845 жылы Семей облысынң Абай ауданында туған. Абай – ақын, ағартушы, философ, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Абайдың әкесі Құнанбай аға сұлтан болған, өз елінің беделді адамы. Шешесі Ұлжан қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған,

3-тапсырма.

Баламалы тест ( әр сұраққа екі жауап болады: дұрыс/ дұрыс емес)

  1. Абай ғұлама ақын.

  2. Ділда Абайдың екінші әйелі.

  3. Абай Гете, Гейненің өлеңдерін аударған.

  4. Абай қырық жасынан бастап ғылыммен айналысқан.

  5. Қытай, француз тілдерін еркін меңгерген.

  6. Еуропа көсемсөз иелерінің қоғамдық пікірлерін талдады.

  7. Шығыс халықтары даналарының ілімімен толық танысады.

Мәтінге синтаксистік талдау жасаңыз. Толықтауыштың жасалу жолын анықтаңыз.

Қырық жасынан бастап Абай ғылымға бет қойды. Өзінің бойындағы талантын ұлтының рухани ізгілігіне арнайды. Араб, парсы, иран, үнді, түркия, ауған, ресейлік, шығыс халықтары даналарының ілімімен толық танысады. Шығыс тарихына, дүние тарихына, діни ағымдардың философияларына, жаратылыстану, мемлекеттер тарихы мәселелеріне зерттеуші ретінде қарады.



Бақылау сұрақтары

1. Абай кімнің шығармаларын аударды?

2. В.О.Ключеский Абай Құнанбайұлы туралы қандай пікір айтты?

3. Абай кімнің шығармаларын қазақ тіліне аударған?

4. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі.

Глоссарий

Толықтауыш –баяндауыш не басқа бір мүше арқылы берілетін қимылдың не сапаның таралу обьектісін білдіріп, сөйлемнің мағынасын толықтай түседі.

Блиц-тест

  1. Абай Құнанбаев кім?

а)шығыс жазушысы; ә)қазақтың атақты ғалымы; б) қазақ халқының баласы; в) қазақтың белгілі әншісі; г) қазақтың ұлы ақыны.

2. Абайдың қарасөздерінде көтерілген мәселелер.

а)өлең жазу, ән айту; ә) өнер, білімге шақыру; б) ел билеу, ел басқару; в) білімділік, ғылым; г) ойшылдық, адамгершілік, мораль мәселесі.

3. Абай кімнің шығармаларын қазақ тіліне аударған?

а)Гегель, Байрон; ә)Шлейхер; б) ;в);г).

4.Абай қай жерде дүниеге келген?

а) Қызылордада 1839; ә) Семей қаласында 1835; б) Бұрынғы Семей облысында 1845; в) Аягөз ауылында 1891; г) Орынбор қаласында 1897.

5. Абай өлеңдерінде қамтылатын тақырыптар?

а) ел билеушілердің әрекеттері; ә) мал шаруашылығы; б) махаббат, табиғат, әйел теңдігі; в) бай мен кедей мәселесі; г) ақындар туралы.


Бақылау сұрақтары


1. М.Әуезов ғалымды неге теңейді?

2. Ғалымды қазақ мәдениетін дамытушы ретінде бағалаған кім?

3.Ғалым қоғам қайраткері ретінде қандай қызмет атқарды?

4.Салалас құрмаластың мағыналық түрлері?

5. Салалас құрмаластың жасалу жолдары?


Глоссарий

Салалас құрмалас сөйлем – құрамындағы сыңарларының баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, интонация және жалғаулық шылаулар арқылы байланысатын құрмалас сөйлем.

Ыңғайлас салалас-құрамындағы предикатив сыңарлары орындалу мерзімі жағынан ыңғайлас келеді.

Түсіндірмелі салалас-бірініш предикатив сыңарының мәні екіншісінде ашылады.

Қарсылықты салалас-сыңарларының мәні қарсы келеді.

Себеп-салдар - өзара себеп-салдарлық мәнде болады.

Талғаулы салалас – предикатив сыңарларында біртектес оқиға, іс-әрекеттер таңдалып айтылады. Сыңарларын байланыстыратын жалғаулықтары: не, немесе, я, яки, әлде.

Кезектес салалас – бірінің орнын екіншісі ауыстырып, оқиға кезек іске асады.

Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдер


4-тапсырма

Қ.Жұбановтың дыбыс заңы, құрмалас сөйлем сөйлем туралы айтқан пікірлерін салыстыру.


5-тапсырма. Мәтінді талдату.

1892 жылы аспирантураны аяқтады. Алматыға оралды. Қазақтың мемлекеттік педагогика институтына әуелгі лингвистика кафедра меңгерушісі , сол жылы қазаннан бастап қазақ тілі мен әдебиетінің біріккен кафедрасының меңгерушісі, профессоры болып тағайындалады, декан міндетін атқарады. Ол ағылшын,француз. Неміс,парсы, араб, түрік, моңғол, коми, чуваш, грузин татар, башқұр,татар тілдерін білген.

Сөздік минимум

Научное познание ғылыми таным

Полный расцвет - толысқан шағында

Незаурядный талант - сирек кездесетін талант

Стал жертвой беззакония и произвола - заңсыздық пен бассыздықтың құрбаны болды

Широкоизвестный ученый - кең танылған ғалым

Аллюр - аттың желісі

Иноходец - жорға

Ветроногий скакун - желаяқ тұлпар

Значительный след - айтарлықтай із қалдырған


6-тапсырма.

Мәтіннен салалас құрмалас сөйлемдерді теріп жазып,синтаксистік талдау жасап, жасалу жолын айтыңыз. Жалғаулықты салалас құрмаластарды бөлек жазыңыз.


7-тапсырма.

Жай сөйлемдерді салалас құрмаласқа айналдырыңыз.

1.Ғылым академиясының Тіл және ойлау институтының аспиранты болады...

2.Қ.Жұбанов ғалым, қоғам қайраткері ретінде өзін әлемге танытты...

3.1938 жылдың ақпанында «халық жауы» деп атылды...

4.1932 жылы аспирантураны аяқтады...

5. ... Жыл жарымдай шығыстану ғылымдарының негіздерімен танысады.

6. ... бүкілодақтық Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің президиум мүшесі қызметтерін атқарды.


12-такырып

28-29 сабақ: Сәтбаев. Ш. Уәлиханов. Сабақтас құрмалас сөйлемдер.


1-тапсырма. Текстен алынған сөйлемдерді ажырату, талдау.

1)Шоқанды он екі жасында әкесі орыс оқуына апаруға ниеттенген кезде, ол әр нәрсеге де байыппен қарайтын зерек бала болатын. Ол қызметтерді атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен географиясын зерттеуге белсене араласты Шоқанның Омбыда еш тума-туысы жоқ болса да, оны үйіне ертіп әкетушілер әрдайым табылып тұрады. Шоқан кадет корпусын бітірген соң, әскери қызметке қалдырылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Шоқан меңгерген тілдер?

2.Шоқан қандай ірі жаңалықтар ашты?

3. Алғашқы ғылыми еңбектері?

4. Шоқан достары?

5. «Алты шаһар» жайында зерттеу еңбегі не туралы?

6. Шоқанның есімі қандай институтқа берілген?

1. Уәлихановты неге «Шоқан» деп атаған?

2. Шоқан Қашқар елінде нені зерттеген?

3. Неліктен мұғалімдер Шоқанды жастайынан ғалым, зеттеуші деді.

4. Шоқан – орыстың озат ғылымы мен білімін таратуды көздеген.Осы идеясы қандай ғұламалармен бірге ойы ұштасып келеді?

5. Уәлихановтың экономикалық көзқарасы туралы не білесіз?

6. Шоқан салған суреттері қайда жарияланды?

Капитан мүшелерінің жарысы. 1) Шоқан туралы ғалымдардың пікірі.2) Шоқанның суретшілік қабілеті неден басталды

2-тапсырма. Текстен салыстырып, сөйлемдерді толықтырыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

  1. Бір жылдан кейін генерал губернатор...

  2. Шоқан еңбектерінің жинағы 1904...

  3. Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, ...

  4. 1854-1857 жылдан бастап, Шоқан түрлі экпедицияларға...

Баламалық тест

1. Шоқан аударған «Манастың» тарауы – «Көкенайдың асы» - деп атаған.

2. Шоқан 40 асында дүниеден озды.

3.Шоқан туралы жазылған естеліктер. «Аққа жұлдыз», «Шоқан асулары».

4. Шоқан өз хсаяхатында музыканы зерттеді.

5. Шоқан шығыс әдебиетін зерттеді.

6. Ш.Уәлиханов – ЮНЕСКО биігінде болуға лайық асқан ғалым, қазақ халық мақтанышы.

7. Шоқанның ұрпақтары болды ма?

8. А.П.Толсой, В.В.Григорьев. И.И.Захаров, М.А.Казем-бек, А.Н.Бекетов т.б. сияқты қызметкерлермен кездесті.

9. Талдықорған облысында шоқан атында «Алтынемел» мемориалды кешені бар.

10. са,-се,- жұрнақтары шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

11. кейін, соң бері, бұрын деген шылаулар мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

12. қашанға шейін? Қашаннан бері? деген сұрақтар қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

13. мақ,- мек, бақ,-бек, - деген жұрнақтар мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

14. қалай? қайтіп? Деген сұрақтар шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

15. Сабақтас құрмалас сөйлем бағыныңқылы және басыңқы болып келеді.


Бақылау сұрақтары

1. Г.Н.Потанин Шоқан туралы қандай пікір айтты?

2.Жоңғарияға сапарынан кейін жазған құнды еңбегі қалай аталады?

3.Қаныш Сәтбаев ғылымның қай саласын терең дамытты?

4.Шоқан қазақшаға аударған «Манастың» тарауы қалай аталады?

5.Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері?


Глоссарий

Сабақтас құрмалас сөйлем - құрамындағы предикатив сыңарларының алғашқысының баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысады.


Бақылау сұрақтары:

1. Қ.Сәтбаев туралы ойларыңыз.

2. Сәтбаевтың жасаған еңбектеріне шолу.

3. Сәтбаевтің көпсалалы еңбектеріне шолу жасаңыз.

Сөздікпен жұмыс жасаңыз:

Саяси, ғылыми жетістік, құрам, ашу, пайдалы қазбалар, қоғам қайраткері, негізін қалаушы.



13-такырып

30-31 сабақ:Қажетті құжаттардағы даталар мен сандардың ресімделуі Жеке іс парағы. Өмірбаян. Түйіндеме. Сауалнама

Ұсыныс . Мінездеме.

1-тапсырма.

Сіз – бөлім бастығысыз. Сіздің бөлімде қызмет атқаратын бір әріптесіңізге мінездеме жазыңыз. Ол туралы барлық мәліметтерді қамтуды ұмытпаңыз. Азаматтық хал-жағдайы, білімі, мамандығы, отбасы жағдайы, жеке басының қасиеттерін қоса ашып көрсетіңіз.

2-тапсырма. Төмендегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

Высококвалифицированный специалист, опытный начальник, пользующийся уважением среди своих коллег, национальность русский , знать в совершенстве, авторитетный, характерный, подписать характеристику, среднее специальное образование, коммуникабельный, в данное время, должность.

3-тапсырма. Төмендегі етістіктерге өткен шақ қосымшаларын жалғааап, сөйлем құрыңыз.

Меңгер, оқы, бітір, өт, аяқта, үйлен, жұмыс істе, қызмет атқар, беріл, қол қой.

4-тапсырма .

Төмендегі ұсынысты толтырыңыз.

Қажетті құжаттардағы даталар мен сандардың ресімделуі

5-тапсырма. Реттік сан есімдер арқылы жасалатын күрделі тіркестердің дәстүрлі емле бойынша қалыптасқан бірнеше ерекшеліктерін есте сақтаңыз.

а) реттік санды білдіретін араб цифрына –ншы, /- нші,-ыншы,-інші/ қосымшалардыдефис арқылы жалғанып, анықталушы сөзбен тіркеседі.Мыс: 1-бап /бірінші бап/

ә) Араб цифры мен анықталушы сөздің арасына қойылатын дефис реттік сан есімді білдіреді.Мыс: 40-үй. /қырқыншы үй/

б) Ай, жыл аттарынан кейін дефис қойылмайды. 1998 жыл /бір мың тоғыз жүз тоқсан сегізінші жыл/ в) рим цифрымен берілген сан есімдер дефиссіз жазылады. ІІ тарау /екінші тарау/

6-тапсырма. Құжат даталарының жазылуына назар аудара отырып, сөйлем жазыңыз.

7-тапсырма. Құжат сөзімен тіркесіп келетін сөздерге назар аударып, сөйлем құрыңыз.

Дипломатиялық құжат, қажетті құжат, ескі құжат, жаңа құжат, жалған құжат, төлқұжат, құжатты айырбастау, құжатпен келу, құжатты толтыру, құжатты жоғалту.

8-тапсырма. Төмендегі сөздерден сапар сөзіне анықтауыш болатын сөздерді тауып, сөйлем құраңыз.

Ресми, бүгінгі, іс, алғашқы, кеше, жақсы, қиын, сәт, көк, ертең, кешке.

9-тапсырма. Төмендегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

Правительства-

Рукаводства-

Деятельность-

Правила-

10-тапсырма. Өзіңіздің болашақ мамандығыңыздың негізгі міндеті - … . Оның себебі… . … міндеттімін. Тек … өз міндетімді орындадым деп есептеймін. Ол үшін … тиіспін.

11-тапсырма. Сіздің еліңіздің басшысы басқа елдің басшысымен кездесті. Осы туралы ресми хабар жазыңыз.

кездесті. Екі ел басшысы … . Кездесуге … қатысты. Президенттер … туралы келісімге қол қойды. … ризашылығын білдірді. … қонақасы берілді.


Өтініш. Арыз.

12-тапсырма. Сөздікті жаттап алыңыз.

Басқа жұмысқа ауысуыма байланысты- в связи с переходом на другую работу;

Отбасы жағдайыма байланысты- по семейным обстоятельствам;

Денсаулығыма байланысты – в связи с состоянием здоровья;

Кезекті демалыс – очередной отпуск;

Кезектен тыс

сұрау, кезектен тыс демалыс сұрау, материалдық көмек (пәтер бөлу), балабақшадан орын бөлу, жалақыны көтеру туралы өтініш айту.

13-тапсырма. Сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Кезекті демалысқа шығу, өтініш жазу, кезектен тыс демалыс, рұқсат ету, еңбекақысыз демалыс, осы жылдан бастап, екінші тоқсаннан бастап, айдың ортасында, асқарма бастығының атына, бас маман, жетекші маман.

14-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерінен сөйлем құрыңыз.

Кесте бойынша, қол қою, рұқсат беру, құжат дайындау, тапсырманы орындау, өтініш беру, департамент директорының атына, атқарған лауазымына сәйкес, қызмет орны, министрлік ғимараты.

15-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Ему не надо писать письмо, мне необходимо прочитать книгу, вам не надо говорить, ей нужно принять этого человека, надо регистрировать документы, подписать заявление, по графику, ему разрешено использовать отдыых, им необходимо уйти в очередной отпуск, нам надо идти на заседание.

16-тапсырма. Сөз тіркестерін толықтырыңыз.

Жұмыс істе… , қызмет атқар… , жұмыс аяқтал… , кезекті демалыс шық… , құжаттарды тапсыр… , хабарландыруды оқы… , бөлім бастығы рұқсаь ет… , алқа жиын бастал… .

17-тапсырма. Сөздердің сәйкес аудармасын табыңыз.

Арыз – подать жалобу

Арыз иесі – выразить жалобу

Арыз жазу- в соответствии с жалобой

Арыз айту- податель жалобы

Арыз беру- жалоба

Арыз бойынша – содержание жалобы

Арыздың мазмұны- писать жалобу

18-тапсырма. Төмендегі өтініш білдіру үшін қолданылатын сөз тіркестерімен жұмыс жасаңыз.

- Аса қажет болғандықтан … … өтініп сұраймын.

-Осы мәселенің дұрыс шешілуіне…

  • Сіздің мекеме өкілімен жасалған келісімді ескере отырып, бар мүмкіндікті қарастыруыңызды сұраймыз.

  • Келіп түскен … … анықтауыңыызды сұраймыз.

  • көлемінде қаржылай көмек беруіңізді сұраймыз.

19-тапсырма. Берілген сөздерді қатыстырып өтініш, арыз құрастырыңыз.

сұраймын, өтінемін, талап етемін, жәрдемақы, қызметке алу, қызметтен босату, қаржылай көмек.

20-тапсырма. Сөз тіркесінің сәйкес сыңарын табыңыз.

Қаржылай мазмұны

өзекті тарату

арыздың мәселелер

домалақ заң

әділетті беру

өтініш арыз

ақпарат көмек



демалыс – внеочередной отпуск;

Еңбекақысыз демалыс – отпуск без содержания;

Материалдық көмек беруіңізді- оказать материальную помощь;

өтінішті қанағаттандыру- удовлетворить заявление

өтініштің мазмұны – содержание заявления

21-тапсырма. Төмендегідей жағдайларға байланысты өтініш жазыңыз.

-жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауысуыма байланысты, кезекті демалыс





22-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Он не подходит на должность юриста, у него нет специального высшего образования. К сожалению, мы не сможем вас принять на работу. Нам нужен опытный юрист. Он должен хорошо знать текущее законодательство Республики Казахстан и нормативные акты. Алия в совершенстве владеет английским языком, знает делопроизводство. Вы умеете вести переговоры и заключать контракты?



Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу (мемелкеттік және ресми тілдерде іс қағаздарын жүргізудің үлгілері). 2-ші басылымы, қайта қаралған. Құр. Скала В.И., Скала Н.В. – Алматы, 2004.

2.Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. - Алматы, 2000.

3.Стенюков М.В. Делопроизводство. Конспекты лекции. - М, 2002.

4.Ақанова Д.Х., Алдашева А.,т.б. Ресми іскери қазақ тілі. 1,2,3 деңгей. Оқу кешені. Алматы, 2003.

5.Хасанов Б.Х. Ана тілі –ата мұра. Алматы, 1992.



































































\



























Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Краткое описание документа:

Бағдарлама

1 ОҚЫТУДЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОҒАН ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

БІРІНШІ КУРС (100 сағат)

Тіл дамытуға арналған тақырыптар

1.Отбвсы. Отбасының құрамы. Туыстық қатыстығы. Өмірбаян

2.Тұрғылықты жері ( Үйі.Пәтері. Жатақханасы)

3.Оқу (Оқу орны.Мамандық.Жұмыс күні.Кітапхана.Асхана.Сабақ.Емтихан)

4.Жыл мехзгілдері (Қыс.Көктем.Жаз.Күз. Ай. Апта. Жыл. Сағат. Ауа райы. Киінуі)

5.Табиғат құбылыстары (Жауын. Қар.Бұршақ. Боран. Тасқын. Күн тұтылу. Жер сілкіну)

6.Қабылдау (Бастықта. Дәрігерде)

7.Белгілі бір жерде( Көшеде. Көлікте. Дүкенде. Базарда. Қонақта)

8.Мейрамдар (Наурыз. Жаңажыл. Халықаралық әйелдер күні. Республика күні)

Автор
Дата добавления 15.05.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Видеоуроки
Просмотров552
Номер материала 284743
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх