Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Электроскоп. Электр өткізгіштер және өткізбейтіндер. Электр өрісі

Электроскоп. Электр өткізгіштер және өткізбейтіндер. Электр өрісі


  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Электроскоп. Электр өткізгіштер және өткізбейтіндер. Электр өрісі

Білімділік: Электроскоппен электрометрдің құрылысымен, жұмыс принциптерімен. Электр өткізетін және өткізбейтін материалдармен, электр өрісі ұғымымен таныстыру оның техникалыө және практикалық маңызын ашу.

Дамытушылық: Алған білімді күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, пайдалана білуге, күнделікті кездесетін физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды түсіне білуге үйрету, білімдерін дамыту, оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, өз білімін тексеруге баулу.

Тәрбиелік: Оқушының ғылымғы қызығушылығын арттыру, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысына ойлау әдісі

Сабақтың көрнекілігі: эбонит, шыны, пластмасса сызғыш, газет, тақта, резеңке, кодоскоп.

Сабақта қолданылатын стратегиялар:

  1. «Сын тұрғысына ойлау бағдарламасы бойынша»

А) Ой қозғау; Ә) Топтастыру

Б) Қарама- қарсы элементтер;

В) Суретке қарап болжау стратегиясы

Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту;

«Ой қозғау» стратегиясы

  1. Дененің электрленгіштігін (тақтаға жазып) оқушыларды сұрау.


Не арқылы?

Қалай білуге болады?

1

Қағаз қимылдарының

Таратылуы

2

Гильзаға әсерінен

Жақындату

3

Разрядталғанда

Зарядтардың сытырлауы

4

Екі дене де зарядталса

Олардың өзара әсерлесуі



  1. Салмақты, ұзындықты, жылуды өлшеу үшін таразы, метр, термометр сияқты аспаптарды пайдаланады.

Семантикалық карта толтыру

Салмақ

Ұзындық

Жылу

Электр заряды

Таразы

Метр


Сызғыш



Лента

Термометр

Электроскоп



Электрометр


ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

А) Денелердің аз немесе көп электрленетіні

Ә) Электр зарядының көп немесе аз болатыны;

Б) Электроскоп, электрометр

Екі жаңа терминді тақтаға жазып, осы аспаптардың құрылысымен оқушыларды таныстыру, олардың жұмыс істеу принциптерін де демонстрациялап көрсету.

В) Электрофор, электроскоп, электрометр арқылы металл пластинаның, металл сымының электр зарядтарын өткізетіндігі, ал резеңке, шыны, эбониттан жасалған заттардың электр зарядтарын өткізбейтіндігін тәжірибе арқылы көрсету;

Г) «Суретке қарап болжау» стратегиясымен түсіндіру

ІІІ. Мағынаны таныту;

Сынып ІІІ топқа бөлінеді. Әр топқа тапсырма беріледі.

І топ. Адам үйдің полимерлі еденінде жүргенде, синтетикалық кілемді басып өткенде, үстінен нейлон шешкенде электрдің зарядталу құбылысы байқалады. Себебі не? Синтетикалық материалдар электр зарядын өткізбейді, жақсы сақтайды.

ІІ топ. Авиация саласында ұшақ қонғанда бірден металл бірден металл трап қоймайды. Неліктен? Ұшақ ауамен ұшқанда ол ауамен үйкеліске ұшырайды, одан ұшақ электрленеді. Трос арқылы жермен қосып зарядтайды.

ІІІ топ. Дененің электрленуі мен электр өрісі қалай пайда болады? Электр өрісі қандай денелерде болады?

  1. «Ғылыми талдау» стратегиясы.

Электр өрісі қайда пайдаланылады?

  1. Медицина, синтетикалық киімдерді киіп жүргенде, үйкелістен электр өрісінің пайда болуының, адамның радикулит пен палиотрит сияқты ауруларының жазылуына пайдаса бар. Қазақтардың жүн орамалды беліне байлауының да мәні осында.

  2. Бензинді шлангамен цистернаға немесе автомашина багіне құйғанда, пластмасса конистрамен тасығанда , электр құбылысын мұқият ескерген жөн.

  1. «Қарама – қарсы элементтер стратегиясы»

Әр топ оқушылары бір- біріне сұрақ қояды.

Электр өткізгіштер

Өткізбейтіндер

Металл


Топырақ, тұздар мен қышқылдардың судағы ерітіндісі

Диэлектриктер


Эбонит,шыны, янтарь, резеңке, жібек, капрон, ауа

IV. Ой – толғаныс. Денелердің электрленуі мен электр өрісі, шкив пен ременнің үйкелісуінен, сұйықтардың ыдысқа шланг пен шүмектен сыздақтап құйылуынан, дененің деформациалануынан (сығылу,созылу) заттың бөлшектенуінен және бір – бірінен ажыратуынан , ұсақ бөлшектердің (құмшекер, ұн, дәрі ұнтағы, химиялық ұнтақтар) төгілуінен пайда болатынын ескеру керек.

Эксперимент жасау. Электрометрдің шар контурын газетпен үйкесе электр заряды пайда болама?


V. Қорытынды: Денеледің электрленуі оның нәтижесінде болатын электр өрісінің әсерлері көптеген өнеркәсіп салалары мен технологиялық процестерде, өмірде және тұрмыста синтетикалық материалдарды қолданған жағдайда адамдардың кейбір ауруларын емдеу мақсатында қолданылады.

VІ. Үйге тапсырма: п.27. Электр өрісінің әсерлерін қолдану туралы реферат жазып келу.

VІІ. Оқушылардың білімін топ басшылары бағалайды.




































«Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі








Сабақтың тақырыбы:

Электроскоп. Электр өткізгіштер және өткізбейтіндер. Электр өрісі






8 сынып



Физика пәнінің мұғалімі: Бажигалиева Ж.С.












Риддер қаласы





Автор
Дата добавления 17.02.2016
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров99
Номер материала ДВ-463774
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх