Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
№10 С.Мұқанов атындағы орта мектеп
Сабақтың тақырыбы:
Еліктеу сөз туралы түсінік
(6б-сынып)
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Куанышбекова
Атырау қаласы
2 слайд
Сабақтың мақсаты:
1. Еліктеу сөздердің мағыналық ерекшелігін таныту, лексикалық сөздік қорларын дамыту, білім, білік дағдыны қалыптастыру.
2. Оқушылардың еліктеу сөзді жете түсінуіне, сөздердің мағынасын аша білуге үйрету, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілдерін қалыптастыру.
3. Оқушыларды дұрыс сөйлеуге, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, туған халқын сүйе білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, жаттығу, талдау, түсіндіру, мәтін құрау, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтада орнатылған слайдтар, сызбалар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет
3 слайд
Пысықтау сұрақтары
Үстеу дегеніміз не?
Үстеудің құрамына және тұлғасына
қарай түрлері
Үстеудің мағыналық түрлері
4 слайд
Наурыздың он үші
Еліктеу сөз туралы түсінік
Сабақтың тақырыбы:
5 слайд
Еліктеу сөздер – айналадағы әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына,
қимыл-әрекеттеріне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер.
Мысалы: Мырс етіп күлді.
Бүлк-бүлк желіс.
Ол кілт бұрылды.
Былш ете қалды.
Тырс-тырс соқты.
6 слайд
Еліктеу сөздер
(мағынасына қарай)
Еліктеуіш – табиғаттағы заттардың қозғалуы, бір-бірімен соқтығысуы, соғылуы сияқты алуан түрлі қимыл, әрекеттердің нәтижесіндегі дыбыстарға еліктеуден пайда болған сөздер.
Тарс-тарс, салдыр-гүлдір,
дыр-дыр, шолп, т.б.
Бейнелеуіш еліктеуіш –
табиғаттағы заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы сипаттайтын, бейнелейтін сөздер.
Жалт, жарқ, лып, көлбең, ербең-ербең, т.б.
7 слайд
І. Тапсырма “Кім жылдам?”
Сеңдей тұтасқан сіреу қарды мықты аттар күтірлетіп бұзып келеді.
Кейде сәл нәрсеге елең етіп, құлақтарын тіге қарады.
Сол тұяқтары сіреу қарды күрт-күрт басқан сайын, жалдары дір-дір етеді.
- Бермесеңіз, қойыңыз!–дедім де, жалт бұрылып, есікті бар күшіммен тарс жауып, жөнеле бердім.
Аспанда жұлдыздар самсап, жымың-жымың етіп, ертеңгі күннің ашық болатынынан хабардар етіп тұрғандай.
Кенеттен шыққан дауысқа Ботагөз “ә” деуге үлгермей, жүрісін кілт тоқтатып, жалт қарады.
8 слайд
ІІ. Тапсырма Оқулықпен жұмыс
9 слайд
Ой қозғау
Қаз ...................,
қарға .....................,
сауысқан .....................,
бақа ......................,
жылан ..................,
ит ......................,
тауық ..................
Жымыңдау,
сылқ-сылқ,
сақ-сақ,
қарқ-қарқ,
ыржың-ыржың,
шиқ-шиқ күлу.
10 слайд
І. Тапсырма “Ойлан, тап!”
Ақша маңдайлы, кең сұлу жүзді Үмітей ашық үнмен саңқ-саңқ етіп, үй ішіне естірте күлді.
Кісендер даусы гүрс-гүрс етеді.
“Қара Көже” дейтіндерге “әу” деп жалт қарайтын болдым.
Есіме мұғалім айтқанда ғана түсіп, бүйірімнің түп жағы қып ете қалды.
- Азиат! - деп шарт еткізіп, Еламанды жағынан тартып жіберді.
Федоровтың көз оты жарқ етіп, дүние тұанданып, теңселіп бара жатқандай болды.
Жүрегім лүп-лүп етіп, алқымыма тығылады.
11 слайд
ІІІ. Тапсырма Сергіту сәті
Жұмбақтарды шешіп, еліктеу сөздерді табу, мағынасына ажырату,
1. Жай ғана сарт етіп жабылады,
Іздегенің ішінен табылады.
2. Қорбаң-қорбаң еткен
Өмірі орманда өткен.
3. Сырт-сырт еткен дыбысы
Ояту оның жұмысы
4. Тоқ-тоқ етіп тамағын
Ағаштан іздеп табады.
5. Көлбең-көлбең етеді,
Желмен ұшып кетеді,
Жер түбіне жетеді.
12 слайд
IV.Тапсырма Семантикалық карта
13 слайд
Қорытындылау сұрақтары
Еліктеу сөз дегеніміз не?
Мағынасына қарай еліктеу сөз нешеге бөлінеді?
Бейнелеуіш сөз дегеніміз не?
Еліктеуіш дегеніміз не?
14 слайд
Үйге тапсырма
Еліктеу сөздер туралы түсінік
Еліктеу сөздерді қатыстыра отырып,
“Менің жазиралы Қазақ елім” тақырыбында эссе жазу
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
6 655 586 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Куанышбекова Айкенже Бактыгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс повышения квалификации
72/108 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.