Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / "Елім бір, жүрегім бір, тілегім бір"тәрбие сағаты

"Елім бір, жүрегім бір, тілегім бір"тәрбие сағаты


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Елім бір, жүрегім бір, тілегім бір!»

Мақсаты: Қазақстанда тату - тәтті өмір сүретін халықтардың әдет - ғұрпын, дәстүр - тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғыну, Қазақстанда мекен еткен халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау.Еліміздегі халықтар достығын, бірлігін нығайту.


Көрнекілігі: Қанатты сөздер, көгершіннің суреттері, түрлі-түсті шарлар, үн таспалар, гүлдер т.б

Мерекелік концерттің барысы.

1 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар және оқушылар!

2 жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, бәрімізге белгілі бір, кең байтақ еліміз Қазақстан алуан ұлтты бауырына басқан, бейбітшілік пен татулықты әлемге үлгі еткен, достық пен ынтымақ елі Қазақстанда 136 ұлт өкілі бар. Олар бір ананың баласындай бір шаңырақ астында еңбек етіп, тату тәтті өмір сүріп жатыр.

1 жүргізуші: Иә, Қазақстанда тұратын барлық ұлт, еліміздің ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Бұл қазақ халқымыздың кеңдігін, бірлігін, ұйымшылдығын, ынтымақтығын білдіреді. Сол үшінде біз шаттанамыз, туған отанымызды мақтан етеміз. Бала болсақ та, біздің жүрегіміз бейбітшілікті қалайды. Сондықтанда да достар бәріміз бейбітшілік туын жоғары көтеріп, болашаққа нық қадам басайық, қазақ екенімізді мақтан тұтайық.



 2жүргізуші:  Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі. Жаугершілік заманда басы ауған жаққа көшіп жүріп те берекесі мен қазанын ортайтпаған қасиетті қанағатшыл ағаш бесік пен жер бесік арасындағы біреуге ұзақ, біреуге шолақ өмір жолдарында біреуді өзекке теппей, өзгенің қызылына қызықпай, ұтымды іспен, орамды оймен, терең кемеңгерлікпен, ешқашанда тарылмаған кеңдігімен еліміздің тамырын жаза, бұтағын жайқалтып, құшағын кеңейтіп келеді. Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық.



1 жүргізуші: 1 Мамыр бірлік күні деп, ынтымақ күні деп мерекелейміз. Біздің мемлекетіміздің әрбір бұрыш-бұрышында бұл мереке күнделікті тойланып жатады. Себебі, елімізде ең бастысы - ұлтқа бөліп емес, адам деп сыйлау, барлық ұлттың құқықтарының бірдей болуы және қандай бастама, ізгі іс болсын басталуына қолдау жасалып жатқандығы, ұлтына қарап емес, іскерлігіне қарай бағаланып жатыр. Туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде әрқайсымыз өз үлесімізді ел бірлігінің сақталуына, бейбіт те мазмұнды өмір кешуімізге атсалысайық.



2 жүргізуші: Қазақ осы - айтатұғын елге сыр,
Қазақ осы - ағыл – тегіл, көл – көсір.
Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы қарасын ба? Ақсын ба?
Қоңырсын ба? Жатырқауды білмейтін.


1 жүргізуші:
Деп - Қадыр Мырза Әлі ағамыз айтқандай, ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің басқа шаңырақтың астында, татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқанын сіздер мен біздерге мәлім.

2 жүргізуші: Олай болса? Ертең біздің Қазақстанымызда ұлан асыр той. Ол бірінші мамыр Қазақстан халқының ынтымақтастық, достық, бірлік күні.


1 жүргізуші:
Баршамызға тілейтініміз
Қазақстан төрінде күн нұрын төксін
Жеріне жұпар иісті гүлдер сепсін!
Алтын дәнді даламыз бай болсын
Ақ күмістей қаламыз көп болсын!


2 жүргізуші:

Діні  басқа, тілі басқа, тілегі  бір, бір шаңырақ астында жиналған ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы – ырысы, байлығы – берекесі болып, татулығы жарасқан біздің елде өмір сүріп жатқаны жүректерге сенім, көңілдерге қуаныш ұялатады.



1 жүргізуші:          

Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде, ел бірлігін сақтауға атсалысайық!



2 жүргізуші
Бұзылмасын сәніміз.
Барлық ұлттар бірлесіп,
Қазақстан жерінде
Жасасын той мереке,- дей отырып, мектебіміздің оқушылары дайындаған «Елім бір, жүрегім бір, тірлігім бір!» атты мерекелік концертімізді ашық деп жариялаймыз.

1жүргізуші:  Кең байтақ елімізді елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордасының басшысы Суранчиева Айнаш апаймен бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі Маликова Айсұлу апайдың көпшілікке деген жүрек жарды ақ тілектеріңізді білдіру үшін ортаға шақырамыз. 


2жүргізуші:  Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген, 
Жүрегемде таныстым мың тіліммен. 
Жылағанда жүрегем күн тұтылып, 
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген. 


1жүргізуші:  Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін, 
Қайта тудым өмірге қайта келдім. 
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске, 
Айта бергім келеді, айта бергім, - дей келе алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне берейік. 

2жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблиясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Осы Ассамблеяның құрылғанына 20 жыл толып отыр. 


1жүргізуші:  Ортақ менен жер шары, 

Төбемізде бір аспан. 
Барлық ұлттың баласы, 
Достығымыз,жарасқан.  Ортақ бізге бір отан, 
Ортақ жердің байлығы. 
Еңбек ортақ, жыр ортақ, 
Ортақ бізге барлығы. 
Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, ортаға қазақ, орыс, өзбек, ағылшын ұлттарының өкілдерін шақырамыз.



2жүргізуші:
Пай - пай, киелі неткен жер!
Батырлар дүбірлеп өткен жер!
Тұлпарлар дүрілдеп төккен тер,
Ғашықтар бір - бірін өпкен жер,
Сарылып сал - сері кеткен жер,
Бас иіп иіскеп топырағың,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
Мына өлке, мына аймақ,
Бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға.
Тағзым жасаймын қырларға
Шүкірлік етемін қашан да
Осы бір Отанда тұрғанда – деп ақын ағаларымыз жырлағандай Арман Дүйсеновтың сөзіне жазылған Ринат Зайтовтың әні «Туған жер» орындайтын 7-сынып оқушысы Маликова Меруерт


1жүргізуші:
Елді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен – бірі туысқан.
Қол ұстасқан ел жатыр
Қырғыз, қазақ, Өзбектер
Армян, Түрік, Грузин.
Орыс пенен Украин
Терезесі тең жатыр,
Алатау Кавказ ұласып
Баурайы бұйрат кең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап
Құлаққа даусы кеп жатыр – деп өлең жолдарында айтылғандай кезекті 2ә-сынып оқушыларының өлең- шумақтарына береміз.

2жүргізуші: Қазақ жері достықтың гүлстаны
Дархан өлкем - мерейлі ырыс - бағы
Күрестерде, еңбекте, мерекеде
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады - деп кезекті өзбек ұлты өкілдерінің биіне береміз. Орындайтын 2ә-сынып оқушылары. Қошеметпен қарсы алыңыздар.

1жүргізуші: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері, 
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі. 
Толқынында тарихтың қуғын көрген, 
Барша ұлтқа құт мекен болған еді. 
Зобаланда көп шеккен қасіретті, 
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті. 
Риза көңілменен елге деген, 
Арнайды оқушылар ақ тілекті, - дей отырып 7-сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.

2жүргізуші:

Ән салса, айтса таң қаларсың,

Ән сөзін 99 қайталарсың.

Осындай ән туғызған қазағымды,

Қалайша тар пейілді деп айта аларсың, - дей отыра Бектұрғанова Ғалияның орындауындағы Бота Дүйсенованың әні «Наурыз думан » қошеметтеп қарсы алыңыздар.



1жүргізуші:
Қазақ елі қашаннан да жыр елі
Тарихында тұлғалар көп киелі.
Қазақстан аясында бұрыннан
Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді.
Бір-бірімен тату-тәтті тұрады.
Бәрінің де Қазақстан тұрағы - деп кезекті «Бірлік» көрінісіне береміз .


2жүргізуші:

Шіркін-ай, әнші, жыршы, күйшілер-ай,

Сұлу әуен көңілге құйсын орай.

Аққу құстай құйқылжытып көзді арбаған,

Мың бұралған қазақтың бишілері-ай, - демекші ортада заман ырғағына сай би орындайтын 7-сынып қыздары.



1жүргізуші:

Ең бірінші бақытым – халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса мен бармын қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым тілім менің.

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кезде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші Отан деген

Құдай деген кім жесе Отан дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба,

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен, - деп 2ә-сынып оқушыларының орындауында хор «Ақ көгершін»



2жүргізуші:

Әуезі би, жаны раушан, күй жүрегі,

Шел басқан сезімдерді идіреді.

Би билесе бір топ қыздар тамсандырып,

Жер тербеліп аспанымда күн күледі.- деп кішкене бүлдіршіндердің орындауындағы «Грузин» ұлтының биін тамашалаңыздар .


1жүргізуші:

Жарасқан байрақтың мәні бар,

Көк аспан, күн, қыран –сәні бар.

Көк байрақ –ашық көк кеңісім,

Алтын күн - белгісі жеңістің.

Алтын күн көтерген ел құсы-

Халқымның ынтымақ белгісі!


2жүргізуші:

Қазақстан – көк байрақты нұр едің,

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.

Өзің менің қуанышым, бақытым.

Өзің менің мақтанышым, тірегім.

Ортада 2ә-сынып оқушысы Сапарбай Дамирдің орында халық әні «Халәуләйлім»


1жүргізуші:

Таңы атты шындықты қолдайтұғын,
Басымызға бақ - дәулет орнайтұғын.
Қазақ деген елім бар құшақ жайған,
Өзгені өз ұлындай қорғайтұғын –деп келесі кезекті 2ә-сынып оқушыларының өлең – шумақтарына береміз.


2жүргізуші:
Тілі бөлек болғанменен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

1жүргізуші:

Достық пейіл – татулықтың тірегі,

Біздің халық бейбіт өмір сүреді.

Бар әлемді бір өзіне қаратқан,

Елордамыз – Еуразия жүрегі.

Қорғасын ой саналарда балқысын,

Қуатымен жүректерді шарпысын.

Еуразияны біртұтас деп білем мен,

Алып жатқан жер шарының жартысын дей отырып бүгігі мерекемізді ұлттардың достығын паш ететін «Достық» биіне береміз.


2жүргізуші:

Кіндік емес,

Бұл ынтымақ – ғұмырлық

Көтереміз ауыры мен жүгін нық

Ұлы достық қасиетін ұғындық

Отан үшін жұдырықтай жұмылдық!


1жүргізуші:

Береке ғой,

Өмірімді сән етер

Одан асып қай қасиет мәні өтер?

Шаңырағын шайқалтпайтын тұрмыстың

Уа, ұлы күн, сен өзің ғой дәнекер. – деп бүгінгі кешімізді 2ә-сынып оқушысы Бектұрғанова Ғалияның орындауында «Дос болайық бәріміз» әнімен қорытындылаймыз.


2жүргізуші:

Кім білмес қазағымның қою шайын,
Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын.
Ақ тілекпен әрбір келген қонағына,
Құрметпен шығаратын төрі дайын.
Келіңіз ұсынамын төрден орын,
«Досым» деген адамға міне қолым.
Әр қазақтың жүрегінде осы тілек,
Адамзат, оң сапарда болсын жолың.


1жүргізуші:

Атыңнан айналайын қазақ деген,

Қазағым қайсарлығы ғажап дерем.

Сақтапсың елдігіңнің сағың сынбай.

Көрсең де қиындықты азап деген.

Бір ата, бір ананың түлегіміз,

«Бірлік барда – тірлік бар» деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз - дей отырып келесі 1 мамырда жақсылықпен қауышқанша қош сау болыңыздар.






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 14.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров121
Номер материала ДВ-337118
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх