Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Директору, завучу / Конспекты / Елім деп соккан журегім
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

Елім деп соккан журегім

библиотека
материалов

Елім деп соққан жүрегі

Кештің мақсаты: қазақтың біртуар ақыны Жұмекен Нәжімеденовтың өмірі мен таныстыру, ақын жырларының құдіретін түсінуге, сезінуге дағдыландыру. Жұмекен Нәжімеденовтың өлеңдерін дәріптей отырып, оқушыларда отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд,ақын туралы қанатты сөздер,кітап көрмесі

Кештің жүру барысы: 1. Кіріспе сөз

2. Ғұмыр-дария (өмірінен үзінді)

3.Сырым бар тереңінде көрінбеген, жырым бар шебер қолмен өрілмеген. (Елім деп соққан жүрегі, жыр кеші)

4. Дарқан даланың тарланы (библиографиялық шолу)

5. Гимн

Кіріспе сөз



Мендегі өмір сен деп өмір сүреді,

Менің елім, менің елім – жыр елі.

Жұмекен Нәжімеденов



Қазақтың әдебиеті өзінің арғы-бергі ұлы кезеңдерінде ұлт мерейін үстем етер, халқымыздың ойлау, пайымдау қабілетінің орасан кеңдігі мен ересен тереңдігін танытар жалпы адамзаттық биікке көтерілген көркем туындылар мен кемел тұлғаларға бай.

Аты шартарапқа таралған, ақындық әлемі нұрлы, лирикалық өлеңдердің өршіл жүйрігі Жұмекен Нәжімеденов қайраткерлігімен де, адамгершілігімен де аңызға айналған абыз аталардың бірі.

Осыған орай мемлекеттік сыйлықтың иегері, сан қырлы талант иесі, көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Елім деп соққан жүрегі» жыр кешіне қош келдіңіздер


Кітапханашы: Армысыздар қадірлі қонақтар, оқушылар!


Қазақ әдебиетінің классигі, ХХ ғасырдың ұлы ақыны, жастар сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны авторларының бірі, Қазақстанның халық жазушысы, ақын Жұмекен Нәжімеденовтың 80 жылдық мерейтойына орай «Елім деп соққан жүрегі» -атты әдеби-портрет кешімізге қош келіпсіздер! Әдеби шығармалардың қай саласының болсын болмысын, рух жарасылымдығын таразылайтын - алдымен сол шығарманың иесі қаламгер. Әдебиет әлемінде көркем өрнектерімен, ғұмырлы жырларымен, азаматтық бітімімен соңында із қалдыратын да шынайы ақындар мен жазушылар.

60-шы жылдары әдебиетімізге келген ақын –жазушыларымыздың көпшілігі-1932 жылғы ашаршылыққа, 1937 жылғы жаппай қырғынға, Ұлы Отан соғысына әкесін беріп, өздері сол жылдары дүниеге келіп, әкесіз өскен жетімектер екені белгілі. Балалық шағын соғыс қорлап, ерте есейген лирикалық кейіпкерлердің өмір жолы кешегі сан мыңдаған қазақстандық қандастарымызбен тағдырлас. Ақын өлеңдері сол бір ауыр күндерден сыр шертеді. «Шегініс» өлеңіндегі «Төрт жаста біз жетім болдық аяулы, Сегіз жаста колхозшы боп, Күннен бұрын ояндық» деген екі тармақтың ішіне сол жылдардың бүкіл тыныс-тіршілігі сыйып тұр.


Ғұлама ақын Жұмекен Нәжімеденовтің жырларын оқи отырып, оның отызға толар-толмаста, қырыққа жетер-жетпесте қыруар дүниені тындырып кеткендігін көреміз. Өз уақытында халықтың көкейтесті мұңдарымен өмір сүріп, өлеңге соны қапысыз түсіріп, көп жәйттерді кезінде жырлап өткен.

Жұмекен Нәжімеденов артына көп мұра – жыр мұрасын қалдыра отырып, азғантай өмірінде әлеуметтік көзқарасын да, қоғамдық пікірін де қалыптастырып үлгерді.

Ақын мұрасы философиялық терең түйіндерімен, табиғи құбылыстарды шебер бойлауымен, таңқалдырарлық интуициясымен бағалы. Ақиық ақынның әр парағынан азаматтық үні айқын аңғарылады. Өмірдің әрбір штрих-сызығына үңілген Жұмекеннің жағрапиялық кеңістігі де –шексіз әлем.

Жұмекен Нәжімеденов әр көрністі ой, сезім елегінен өткізе, іштей тебірене жырлайды. Бір тамшы суда да мәніс, көрік бар, өмірге керек нәр бар («Ең әуелі жырлау үшін теңізді, білсем деймін, қасиетін тамшының») - деп ақын табиғатқа жабырқай да, таңырқай да қарайды. Кейде көп ойдың түбіне жете алмай малтыққан адамның сезімі де бой көрсетіп қалады.

Ақын поэзиясында үлкен орын алатын бір топ өлеңдері негізі табиғат жайында болып келеді. Ол қазақ поэзиясының арғы-бергі тарихында бар табиғат суреттеріне өзінше үн қосып, жаңа өрнек сала білді.

«Қазақ» өлеңі

1 оқушы: Дымқыл жапырақ майыстырып талды иіп,

Жасыл бұта бір-бірінен сәл биік,

Бөбектері секілді осы көктемнің,

Көктем, көктем...тал басына қалды ұйып.

Көктем әкеп гүл букетін салды үйіп,

Қаңсып қалған тамырларға қан құйып.

Байғұс ара шырын іздеп шарқ ұрды,

Тіршіліктің таңдайы үшін бал жиып.


2 оқушы: Мен кетер ем өлеңнен,

үмітіммен, мынау шөкім-денеммен,

бүкіл осы тірлігіммен кетер ем.

Кетер едім, айыптар ем ішімнен

адамдарды – мені ақын деп түсінген.

өз - өзімді келеке етер едім мен.

Тілегім де болмас еді басқа онша-

Тек бір адам мені шындап жоқтаса...

Мұғалім сөзі: Қазақ әдебиетінде өзіндік қомақты орны бар, поэзияға жаңаша өрнектермен айшықтар енгізген,өз өлеңдңрінің мағынасымен, шығармашылық жұмысының жоғарылығы мен қазақ әдебиетін бір сатыға көтерген ақын Жұмекен Нәжімеденовтың тұлғасы қазақ оқырмандары үшін әрдайым асқақ көрінеді. Қазақ поэзиясының көгінде құйрықты жұлдыздай ағып өткен халқымыздың көрнекті ақыны Жұмекен Нәжімеденов тірі болса биыл 80 жасқа толар еді. Өкінішке орай, ақын көркем дүниелерін жазып бітіре алмаған күйінде 48 жасында көз жұмды, бірақ артында қалдырып кеткен мол әдеби мұрасы ақын есімімен халқының жадында мәңгі қалдырыды.

Жұмекен поэзиясы біздің ұлттық мақтанышымыз, ешкімге ұқсамайтын ақынның әрбір шумағы- тың қазыналар. Бүгінгі поэзияны жақсы түсінетін, сүйіп оқитын жас оқырмандарымызды осы алтын қазыналармен танысуға шақырамыз. Жұмекен Нәжімеденовтың 80 жылдығына арналған «Елім деп соққан жүрегі» атты жыр кешін бастаймыз.

Жұмекен Нәжімеденовтың өмірі мен шығармашылық жолына байланысты «Дарқан даланың тарланы» атты библиографиялық шолу (шолу жасаушы кітапханашы) Нәжімеденов Жұмекен Сабырұлы 28 қараша 1935 жылы қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданының Қошалақ құмының Ашық ауылында туған. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының ұлт аспаптары факультетінде (1956-1959) оқыған.

М. Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары курсты (1971-1973) бітірген. Еңбек жолын 1955 жылы Қарағанды шахтасында қарапайым жұмыс істеуден бастаған.

1956-1965 жылдары «Жазушы» баспасында кіші редактор, 1965-1966 жылдары республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болған. 1966-1971 жж. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметін атқарған. 1974-1978 жылдары Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде редактор, 1978-1983 жж. «Мектеп» баспасында редакция меңгерушісі болды.

Алғашқы өлеңі «Лениншіл жас» газетінде 1955 жылы жарияланған.

Тұңғыш кітабы «Балауса» деген атпен 1961 жылы жарық көрді. Осыдан кейін-ақ қаламы жүйрік, ойы ұтқыр ақиық ақын жыр нөсерін төкті. Оның өлеңдері қазақтың қара өлеңіне сонғы серпін, тың тыныс әкелді. Ешкімге ұқсамайтын жаңа түр қосты. Ақын 1963 жылы Мәскеуде өткен Жас жазушылардың ІУ конференциясына делегат болып қатысты.

Ақынның қаламынан туған «Сыбызғы сыры» (1962),«Өз көзіммен» (1964), «Жоқ, ұмытуға болмайды» (1965), «Жарық пен жылу» (1966),


«Күй кітабы» (1967), «Мезгіл әуендері» (1968), «Ұлым саған айтам» (1970), «Қызғалдақ жайлы баллада» (1971), «Мен туған күн» (1972), «Ақ шағыл» (1973), «Кішкентай» (1975), «Даңқ пен дақпырт» (1977), «Жеті бояу» (1979), «Шуақ» (1980), «Ашық аспан» (1981), «Темірқазық» (1982), «Қыран қия» (1984),«Менің топырағым» (1985),«Жаңғырық» (2003), « Я есть » (2003), « Менің Қазақстаным » (2005), екі томдық өлеңдер жинағы (2005), « Аспан шақырады » (2005) сынды жыр-дастан кітаптары жарық көрді.

1967 жылы «Жоқ, ұмытуға болмайды!» атты дастандар жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды.

Ұлы Сағдидің «Бустан» дастанын, түрік ақындарының өлеңдерін, А.Блоктың «Зауал» дастанын, М.Лермонтов пен В.Маяковскийдің өлеңдерін, А.Вознесенскийдің өлеңдерін және Хафиз, Незваль, Хикмет шығармалар жинағын қазақ тіліне аударған.

Жүргізуші: Жұмекеңнің ешбір өлеңін самарқау да салғырт оқи алмайсың. Ол өмірден көргенінін бәрін ой елегінен өткізіп, кеудесінен шығар бар асыл армандарын жарқыратып көрсете алады. Қай өлеңін алсақ та адам образы көз алдына келеді. Оның поэзиясының тақырыбы мен ауқымы да кең. Жұмекен Нәжімеденовты басқа ақындардан оқшауландыратын қасиеті – оның ойлау ерекшелігі. Ол табиғатты құбылыстардан, адамның мінезінен, тіпті түрлі түстен де ешкім ойламаған керемет түйін жасайды. Бұны Жұмекеннің мына өлең жолдарынан айқын көруге болады.

«Жаса Қазқстан» әні

3-оқушы: Алдыра бермейді ғой биік маған

Сондықтан да кезім аз ұйықтаған,

Әр жинағым арқылы оқушы емес

Дос пен қасты өз басым ұйып табам.

Алдыра бермейді екен биік маған,

Қас мерейі – түндерім ұйықтаған,

Күшті жауым кезде бір ұйықтаған

Әлсіз достық болғаны күйік маған.

4-оқушы: Жақсы жазып ұнаймын біреуіне

Жаман жазып ұнаймын біреуіне

Осы екеудің біріне жол табамын

Адасқанда оқушы жүрегінен

Көзге оғаш, әйтеуір жүрем бітпей,

Ақ матаны қайыған күрең жіптей

Оқушы жоқ өзімде, дос пен қас бар,

Сол екеуін келемін ренжітпей.

5-оқушы: Қара көмір жанатыны - әдемі,

Қара судың ағатыны- әдемі

Қара көздің жақсы-ау күлімдегені,

Одан гөрі дала түні әдемі.

Құт кіреді қара жерге қақ тұрған

Қара қазан қамы бала бақтырған

Қара қазақ, қауіпті дерт ауруын

Қара қойдың өкпесімен қақтырған.

6-оқушы: Қара көздің жасын түнге кептірген

Талай қара кезеңдерден өттім мен.

Бірақ бабам: «Қара мал» ғып ырысын

Қасиетін қара шаңырақ деп білген,

Қара сөздер, қара нұрды құй жылдам- шомылайын.

Бір түйінді түйдім дәл.

Қара әдемі, әдемі ғой түнгі аспан

Қара түс тек аулақ болсын пағылдан.

7-оқушы: «Отан»

Бел балаң ем өсейін бір шынығып,

Заводтардан болат илеп, шыны үгіп.

Семіруге келгенім жоқ өмірге

Аулап жүріп, ауа жұтып тынығып.

Жаңа ғана тәй-тәй басқан жасыңмен,

Сәби сынды талабым зор масқара.

Жаспын, бірақ жаман емес жақсы оны.

Еркелеп кеп мойныңа асылдым.

Жомарт халық ұлы едім мен жарқын жан,

Әр сөзімнің қанаты отыңа шарпылған.

Әр тамшының түбіне ерек бал тұнған

Салмақ алсам қорғасыннан сендегі,

Жалтыл алсам деп ем кендегі алтыннан.


Ақын, жазушы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимннің авторы.

Жұмекен Нәжімеденов Қазақстанның қазіргі гимн мәтінінің авторы. «Менің Қазақстаным» әні оның шығармашылық жолының басында, ақынның 21 жасында жазылған. Ол кісінің жұбайы Нәсіп апайдың айтуынша Жұмекен әнді осыдан 50 жыл бұрын, 1956 жылы Алматыда, белгілі қобызшы Гүлсара Бірманованың үйінде жазған. Ән Жамал Омарованың орындауында көпшілікке кеңінен танымал болған.
2006 жылдың 11 қаңтарында «Менің Қазақстаным» әні елдің мемлекеттік гимны сипатында алғаш рет астаналық "Ақорда" резиденциясының шаңырағы астында, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті лауазымына салтанатты түрде кірісу сәтінде орындалды.

Мұғалім: Құрметті оқырмандар, 1986 жылы желтоқсанның қара бұлты торлаған күндерінде Алматы көшелерінде шеру тартқан қазақ жастары бір асқақ әнді асқақта шырқап еді. Шырқап бара жатып жылап еді.Әрин ,ол ән «Менің Қазақстаным» әні. Бұл ән рухында азаттықтың ақтаңы атой салған сонау 60- жылдары дүниеге келген еді. «Қазақпын деме – КСРО азаматымын де , елмін деме – ел ішіндегі республикамын де» деп реті келсе жерімізді бөлшектеуге, рухымызды ірітуге әрекет жасалып жатқанын байқаған Жұмекен ақын өзі сөзін жазып, әнін Шәмші ағамызға шығартқан. Бұл мейлінше жуасып бара жатқан қазақ рухын дүр сілкіндірер мақсатында туған зерделі дүние. Кешегі тәуелсіздік сілкінісі кезінде де «Менің Қазақстаным» бір ауыздан шырқалды. Бүгінгі жаңа өмірдегі жаңаша өзгерістерге орай елбасымыз өзінің сөзін қосып бұл әнді еліміздің гимініне айналдырды.

Гимн: «Менің Қазақстаным»

Шәмшінің сөзі: «Жұмекеннің мәңгі өшпес мұрасы, шығармалары бүгінгі таңда жастарымызды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеуге қызмет етуде. Сондай-ақ , Жұмекен шығармаларының келешек ұрпақтың игілігіне айналарына еш күмән жоқ. Өйткені, ақын шығармаларының тамырлары тереңде, бұтақтары биікте. Жұмекен поэзиясы – біздің ұлттық мақтанышымыз, асыл байлығымыз. Поэзияны жақсы түсінетін талантты жастарды осы алтын байлықтарды ашуға шақырамыз».

Мұндай жолдар Жұмекенге лайық,

Беу ақындар, бұл сөзіме қылма айып.

Өлең-шыңға Жұмекең болып шығайық

Жұмекен сынды қиындығына шыдайық,- деп ақын Таңатар Дареловтың өлең жолдарымен кешті аяқтаймыз.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 01.02.2016
Раздел Директору, завучу
Подраздел Конспекты
Просмотров243
Номер материала ДВ-400031
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх