Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Елім менің" сайыс сабақ
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

"Елім менің" сайыс сабақ

библиотека
материалов

Сайыстың тақырыбы: «Елім менің»

Сайыстың мақсаты:

Білімділігі: Білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру.

Дамытушылығы: Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Туған жерін, Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу. 

Көрнекіліктері: слайд, кеспе әріптер

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика,дүниетану,әдебиет

Сайыстың жүру барысы: 

-         Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! 4 сынып оқушылары арасындағы «Елім менің» сайысына қош келдіңіздер. Сайысымызды «Аяла» би тобының орындауындағы «Белес» биі арқылы ашқалы тұрмын. Ендеше ортамызда «Аяла» би тобы.

Психологиялық дайындық

  • Көңіл күйлеріңіз қалай?

  • Керемет! (қолдарын көтереді)

  • Сайысқа дайындықтарың қалай?

  • Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)

  • Ынталарыңыз қалай

  • Ғажап! (қолдарын көтереді)

  • Ендеше сайысымызды бастайық!

  • О,о,о (бас бармағын көтереді)

Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Сайыс 6 айналымнан тұрады 

1-айналым «Өнер алды –қызыл тіл» деп аталады

2-айналым «Бейне сұрақ»

3-айналым  «Сөнбес сәуле»

4-айналым «Салт-дәстүр»

5-айналым Тұрақты тіркестер

6-айналым Бес белестің тобықтай түйіні

-         Бүгінгі сайысқа 2 топ қатысады 

-         1-топ  «Талап»  Ұраны «Талаптан да білім мен өнер үйрен ».

-         2 топ  «Бірлік»  Ұраны  «Ынтымақ түбі бірлік» 

Ана тілің - арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте! (Қ.Мырзалиев)

1 айналым «Өнер алды-қызыл тіл» деп аталады. 

1.Сіздерге сөздер беріледі сол сөздерді орфографиялық яғни дұрыс жазылу заңдылығы бойынша айтып өтесіздер. Әр дұрыс жауапқа 1ұпайдан беріледі. Ойыншылар дайынбыз ба? 

1 топ «Талап» тобы

Кітапхана

Адамгершілік

Бүлдірген

2 топ «Бірлік» тобы

Дәмхана

Қанағат

Ұқыптылық

2- айналым «Бейне сұрақ» Экраннан бейне сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1ұпайдан.

3-айналым «Сөнбес сәуле» деп аталады . Бұл кезеңде математика, әдебиет, қазақ тілі, дүниетану пәндері бойынша сұрақтар қойылады . Сол сұрақтың әр дұрыс жауабына 1 ұпайдан беріледі.

1-топ «Талап» тобы

1 Ұлы ақын,кемеңгер,ойшыл – (А.Құнанбаев)

2. Махамбеттің досы – (Исатай)

3.Қазақтың палуаны – (Қажымұқан )

4.Күлпаш пен Мақтымның  баласының аты кім? (Қали) 

5. Тұрлаулы мүшелер нешеге бөлінеді? (2-ге)

6. 3*9 көбейтіндісі (27)

7. Елтаңбаның авторы кім?     (Ш.Уалиханов, Ж. Мәлібеков )

8. Есту мүшесі   (құлақ)

9.ҚР тәуелсіздігімізді қай жылы алды?  (1991 жылы 16 желтоқсан)

10.Қазақтан шыққан ғарышкер  (Т.Мұсабаев)

2-топ «Бірлік» тобы

1.Тұңғыш балаларға арнап мектеп ашқан ,аудармашы -   Ы.Алтынсарин

2. Абайдың әжесінің аты   - Зере

3. Тұңғыш қазақ ғарышкері -    Т.Әубәкіров 

4.ҚР әнұранның сөзін жазған -   Ж Нажімединов, Н. Назарбаев  

5.Исатай мен Махамбет заманындағы хан   (Жәңгір хан)

6. 4*9 көбейтіндісі  (36)

7.Көру мүшесі   (көз)

8. Біздің облысымыз қалай аталады?    (Маңғыстау)

9. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?   (2)

10.1-желтоқсан қандай күн ?     (Президент)

Сайыскерлер мен сендерге сергіту сәті ретінде ойын ұйымдастырдым. Ойын шарты экранда көрсетілген тақырыптардың бірін таңдап,сол тақырыпта жасырылған әнді тыңдап бұл ән қай ән және оны кім орындайды және де оны тапқан топ 1 шумағын орындап береді. Ойыншылар дайынбыз ба?

4-айналым «Салт-дәстүр» Бұл айналымда 2 топтың біріне қамшы біріне домбыра беріледі. Осы берілген заттар туралы білгенімізді айтамыз. Ол туралы не білеміз,ол не үшін қолданылады? Оның қандай пайдасы бар?

5-айналым Тұрақты тіркестер беріледі. Тұрақты тіркестердің мағынасын ашамыз. Бұл кезеңдеде әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріліп отырады.

1 топ «Талап» тобы

Көздің жауын алу-  (қызықтыру)

Көзді ашып жұмғанша  (тез,жылдам)

Таяқ тастам жер (бір аттам жер)

2 топ «Бірлік» тобы

Көрпеңе қарай көсіл (шамасына қарау)

Құлақ қарғандай болды (тып-тыныш болды )

Сабасына түсті (басылды)

6 –айналым Соңғы айналым

-         Алдыңғы бес белестің тобықтай түйіні. Бұл айналымның ережесі қарапайым. Әр ойыншыға 2 әріп тиесілі. Сауалдарға сол әріптердің көмегімен жауап беру керек. Әр жауаптың сөзі 4 әріптен тұрады. Ойлануға уақыт беріледі. Ойынды ұпайы аз ойыншылар бастайды. 

1 топ А-Ы, Т-Қ, А-Л, Б-П 

......балпақ басың неге жалпақ  (бақа) 

Досқа күлкі дұшпанға ......  (таба) 

Үлкендер жастарға әумин деп береді.....  (бата) 

2 топ  А-Ұ, Р-Т, А-Қ, М-Н 

Сиса, барқыт, бөз, жібек бұлар не? (мата) 

Адал сөзінің антонимі         (арам) 

Атадан балаға қалған не?  (мұра) 

Ойыншылар сайысымыздың тақырыбы «Елім менің» болғандықтан бүгінгі сайысымызды патриоттық әнмен аяқтағанымыз жөн. Ендеше барлығымыз бірге «Көк тудың желбірегені» әнін орындайық. Осымен біздің бүгінгі сайысымыз аяқталды ендігі сөз кезегін әділ-қазылар алқасына берсек.








































6 орта мектеп













Сайыс сабақ

Тақырыбы:«Елім менің»

Орындаған: Реимбаева С



















2014/2015 оқу жылы


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-270155

Похожие материалы