Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Еліміздің мал шаруашылығы" әдебиеттік оқу
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Еліміздің мал шаруашылығы" әдебиеттік оқу

библиотека
материалов


Сабақтың тақырыбы: Еліміздің мал шаруашылығы

Сабақтың мақсаты:

1. Мал шаруашылығы мен оның негізгі салаларымен таныстыру, түсінік беру.

2. Қазақстанның мал шаруашылығы, оның дамуы, қол жеткізген жетістіктері туралы, жеріміздегі шаруашылық салалары туралы білімдерін дамыту.

3. Ата кәсіпті сүюге, еңбекшілдікке, төзімділікке, еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: күн шуағы, қағаз тілшелері, сөзжұмбақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

2. Психологиялық дайындық

Қайырлы күн, күнім, далам,орманым

Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім

Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер

Қайырлы күн, барша тіршілік иесі.

3. Үй тапсырмасын сұрау

І «Күн шуағы» ойыны, қағаз тілшелерімен жұмыс жүргізу

1-тілше: Кіріспе

2-тілше: Қой түрлері

3-тілше: Қазақтың ақбас сиыры

4-тілше: Жылқы өсіру

5-тілше: Түйе өсіру (Бас бармақпен қошеметтеу)


ІІ «Сөзжұмбақ» шешу.Өтілген сабақтың тақырыбы шығады.

1. Кішкене ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар (қозы)

2. Ер қанаты не? (ат)

3. Қайда бар, тонда жоқ. (й)

4.Төрт түліктің төресі. (түйе)

5. Сиыр сүтінен алынатын сусын. (айран)

6. Ешкінің төлі (лақ)

7. Сүттің түсі қандай? (ақ)

8. Мал төлдегендегі алғашқы сүті (уыз)


«Қайталау» еліміздің мал шаруашылығы туралы білімімізді кеңейтіп, қосымша түрлі деректермен жұмыс жүргіземіз.

Кіріспе. Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Кезінде ата-бабаларымыз төрт түлікке жайлы қоныс іздеп кең даламызда көшіп-қонып жүрген. Малдың сүті, жүні, терісі, мүйізі, сүйегі тіпті тезегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған. Мал қазаққа жесе-асы, кисе-киімі, мінсе көлігі, жапанда-серігі болған. Ата-бабаларымыз «мал-жан аман ба?» деп амандық саулық сұрасқан. Қазақтар малдың тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып, бағып-күтудің де жай-жапсарын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген.

ІІІ Топ басшыларымен жұмыс

а) төрт түлік суретін таңдап алып, 4 топқа бөліну.

ә) әр топ өз атын қорғап, ұранын айтады.

1-топ: «Қамбар ата» тобы

Жылқы - қаза халқының пір тұтатын жануары. Жылқының пірі – «Қамбар ата».

Сондықтан біз осы атауды таңдадық.Жылқы жыл санауында жетінші жыл.


Ұраны: Асау желмен жарысқан

Арғымақпыз алысқан

Сайыстардан қалмаймыз

Сәйгүліктей самғаймыз (1,2,3 қошеметтеу)

2-топ: «Ойсыл қара» тобы

Түйе – Қазақ халқы түйені төрт түліктің – төресі деп есептеген. Түйе шөлге төзімді

мал.Түйенің пірі – Ойсыл қара. Сондықтан, біз тобымызды «Ойсыл қара» деп

атадық.

Ұраны: Бойымызға сенеміз

Біз бәрін де жеңеміз

Жылға кірмей қалсақ та

Қалыспай – ақ келеміз (1,2,3 қошеметеу)

3-топ: «Шопан ата» тобы

Қой - төрт түліктің ішіндегі момақан мал. Қой жыл санауында сегізінші жыл.

Қойдың пірі – Шопан ата. Қой да киелі түліктің бірі. Сол себептен біз

тобымызды қойдың пірі қолдасын деп «Шопан ата» деп атадық.

Ұраны: Алға қойлар, алға бас,

Біз топпыз ғой жаңылмас

Барымызды салайық

Бас жүлдені алайық (1,2,3 қошеметеу)

4-топ: «Зеңгі баба» тобы

Сиыр – пірі «Зеңгі баба». Мүшелдік жыл санауда сиыр-екінші жыл. Сиыр-бір үйдің

асыраушысы деп тегін айтылмаған. Себебі сиыр сүтінен қаншама тағам

түрі жасалады. Сиыр жылы бәрімізге молшылық әкелсін деп тілейік.

Ұраны: Малды бақсаң, сиыр бақ

Сүт кетпейді шарадан

Біз қалмаймыз сайыстан

Соғыңыздар алақан. (1,2,3 қошеметеу)


ІV.Мал шаруашылығының пайдасы:

1.Байлық 2. Күн көріс 3. Тамақ 4. Көлік 5. Киім 6. Ақша

V. «Ізденген жетер мұратқа»

а) «Мен-саған, сен-маған» ойыны

ә) Жарнамалау (мал өнімдерін)

1-топ: «Жылқы» өнімін жарнамалайды.

Қазы, қарта, жал жая

Сүр ет, шұжық балдай ә?!

Қақтыратын таңдайды

Бал қымызы қандайды!

2-топ: «Түйе» өнімін жарнамалайды.

Маң-маң басқан, маң басқан

Шудаларын шаң басқан

Шөл даланың кемесі

Төрт түліктің төресі

Дертке дауа болатын

Шұбаты бар киелі.

3-топ: «Қой» өнімін жарнамалайды.

Мал өсірсең – қой өсір

Өнімі оның көл көсір

Кисең киім, ішсең ас

Іздесең мұндай табылмас

4-топ: «Ірі қара (сиыр)» өнімін жарнамалайды.

Ыстық – ыстық сүт ішсең

Дәмі кетпес таңдайдан

Бой жадырап кенеттен

Буы шығар маңдайдан

Малды бақсаң, сиыр бақ

Сүт кетпейді шарадан

(1,2,3 қошеметеу)

Сергіту сәті «Қошақаным» әні

VI «Ақпараттық сәт»

Талас ауданының атақ-даңқы кезінде мал шаруашылығымен шыққан. Ал бүгінгі күннің өзіндемал шаруашылығы жақсы дамып келеді. Аудан әкімінің 2015 жылғы есебіне шолу жасасақ.

Әкім: Б.Қ.Рысмендиев

Ірі қара мал – 15,8 мың бас

Қой мен ешкі – 237,1 мың бас

Бас жылқы – 4,4 мың бас

Түйе – 1712 бас

Олардан: 3,5 мың тонна – ет

3,5 мың тонна – сүт

174 тонна – жүн өндірілген

VIІ «Таластан шыққан небір тау тұлға»

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас

Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас

Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас

Ерлерді ұмытса да ел,жер ұмытпас

Мағжан Жұмабаев

Таластан шыққан Социалистік Еңбек Ерлері мен Кеңес Одағы батырларын ешқашанда ұмытылмайды. Ол батыр аға – аталарға арнап «Батырлар аллеясы» салынды. Сол кісілердің еңбегін жалғастырушы түрлі шаруа қожалықтары жұмыс істеуі.

Шаруа қожалықтары:

1. «Байымбет баба» 3. «Ақжарқын»

2. «Бөрібай» 4. «Бөрі»т.б

«Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламасы бойынша жұмыс атқаруда

2015 жылы 746 шаруа қожалығы болды. Өкіметтен несие алып, шаруашылығын асылдандырып, дамытып, өнімін сыртқа, шетелге сатып, өзіне де, өзгеге де, халыққа пайдасын келтіріп отыр.


VIІІ «Телекөпір» іскерлік ойын.

Қалалықтар Ауылдықтар

  • ауылдарыңызда еңбектің қандай - Қалада тұру сіздерге ұнай ма?

түрлерімен айналысасыздар? Қалай тұрасыздар?

  • ауыл тұрғындарының тұрмысы - ауылға қандай көмек бере аласыздар?

қандай?

  • шаруашылық өнімдерін қайда - ауыл тұрғындарының өндірген өнімдері

жібересіздер? сіздерге қажет пе?

  • қала тұрғындары сіздердің

өнімдеріңізді пайдаланбай өмір

сүре ала ма?


ІХ «Айналмалы бекеттер» әдісі

1-топ: жұмбақ жасырады

2-топ: шешеді

3-топ: мақал-мәтел айтады

4-топ: тыйым сөздер айтады

Жұмбақтар Шешуі

1. Кезекті бір жануар

Үстінде екі тауы бар түйе

2. Екі айнасы бар

Төрт жылтырмағы бар

Бір шыбыртқысы бар сиыр

3. Туа сап жүріп кеткен

Енесін қуып кеткен құлын


Мақал-мәтел

1. Түйе көп болса, жүк сыймас

2. Сиырдың сүті-тілінде

3. Ат-адамның қанаты

4. Жалғыз шапқан ат-жүйрік

5. Малды бақсаң, сиыр бақ,

Сүт кетпенді шарадан

6. Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл-көсір

7. Қойдың сүті қорғасын,

Қойды ұрған оңбасын


Тыйым сөздер

1. Қой қырқатын қырықтықты иесіне бос қайтармайды, жүнге орап береді.

2.Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.

3. Малға дауыс көтеріп ұрсуға, балағаттауға, тіл тигізуге болмайды. Иесі өкпелейді.

4. Сиырды теппейді, сүтті төкпейді.


Қорытынды: Міне, балалар, біз бүгін төрт түлік мал туралы көптеген мағұлматтар алып, білімдерімізді тереңдеттік, төрт түлік малдың пайдасы көп екенін білдік. Бірақ оның пайдасын көру үшін, көп еңбектену керек, малды дұрыс күтпесе бізге ол сүт те, ет те, жақсы тері де, жүн де бермейді.

Ертеде ата-бабамыз «малды бақсаң, мал сені баады» деген екен. Сол үшін төрт түлікті құрметтеп, жақсы қарап, бағып, өсіруіміз керек.

Автор
Дата добавления 24.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров75
Номер материала ДБ-097376
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх