Инфоурок Всеобщая история Видеоуроки«Елімнің бақытын тербеткен, Тәуелсіздік» 9 класс

«Елімнің бақытын тербеткен, Тәуелсіздік» 9 класс

Скачать материал

Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен, Тәуелсіздік»

Барысы:

«Тойбастар» күйі. (хабарланбайды)

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 22 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз.

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Ән.  Ағатайым

Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Адилхан Темірхан Адилханұлына  беріледі.

 

1-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

 

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

 

№ 6 Шұбарқұдық негізгі  мектебінің көркем өнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.

 ӘН: хор. Ұландар . Орындайтын 1кл оқушылары.

Оқушылар сәлемдемесі (9 оқушы)

1 оқушы:  МИРАС

Егеменді елім менің еңселі,

Құрмет  тұтам бұл өмірде тек сені.

Жиырма екі жасқа толып қалған бүгінде

Алла сенен алыстатсын тіл – көзді.

 

Құтты болсын ,жиырма екі  жылдық тойымыз,

Асқақтасын арман, тілек ойымыз.

Әрқашан да бірге өзіңмен алысқа,

Жүре берсек бола берсін жолымыз.

2 оқушы  МЕЙІРГҮЛ

Мақтанамыз Елбасымен ардақты,

Тани білген ақылымен жан – жақты.

Аман болсын ел ағасы елімнің,

Күндіз- түні ойлай білген халықты.

 

Тату болсын , сөгілмесін іргеміз.

Мәңгі бақи біз өзіңмен біргеміз.

Шұбарланбай ендігәрі біздерде

Жасай берсін, дами берсін тіліміз.

 

Тәуелсіз ел биік болсын тұғырың ,

Деп тілейді мынау сенің ұл- қызың.

Жаса мәңгі , жайнай берсін жарқырап,

Жана берсін, көк аспанда жұлдызың!

3 оқушы  АЙГҮЛ

Еуропа төріне шарықтаған,

 Жемісті жеңісің анық маған.

 Дербес елсің ешкімге жалтақтамай,

 Ештеңем жетпеді деп тарықпаған.

 

 Көк тіреген алып көк мұнарың бар,

 Қазақстан қастерлі тұрағым бар.

 Көш бастаған парасатты Елбасы,

 Ғасырда бір туылған ұланым бар..

4 оқушы  АРУЖАН

 Азияның кіндігі – Астанаң бар,

 Жазылмаған талайғы дастаның бар.

 Алматың бар мәдениеттің өлкесі,

 Атырауың мұнайдың дәу көкесі.

 

 Өзге елмен теңсің сен қалауың бар,

 Қоя алатын өзіндік талабың бар.

 Азаттықтың белгісін білдіретін,

 Желбіреген тұғырда жалауың бар.

5 оқушы  НҰРЖІГІТ

 Тәуелсіздік арайлап атқан таңға,

 Тірек болар Әнұран мен Елтаңба.

 Рәміздер – Тәуелсіздік мәртебесі,

 Орныққан азаттықтың ұлы іргесі.

 

 

Тәуелсіз ел азаттығың құтты болсын!

 Ынтымақ пен, бірлігің мықты болсын.

 Өрлесін ұлылық пен қазақтығың,

 Басыңнан арылмасын шуақты күн.

 

 Тәуелсіздік – менің соққан жүрегім ғой,

 Тәуелсіздік – ата-баба тілегі ғой.

 Бар Әлемді өзіне таңқалдырған,

 Тәуелсіздік – еліміздің тірегі ғой!

6 оқушы  ЖАНДОС

Ғасырларға жеткен бүгін жыр үні

 Тәуелсіздік ұлылықтың ұлығы

 Шаңырағы биік болып қазақтың

 Қисаймасын берік болсын уығы .

 

Жеткен арман - жаса Тәуелсіздігім

 Өз қолыма берген ерлік, тізгінін.

 Ие болған әлем ілтипатына,

 Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.

7 оқушы АЙГЕРІМ

Тәуелсіздік – бақыты ғой елімнің,

 Тәуелсіздік – шаттығы ғой жерімнің,

 Қолға қонған бақ құсындай аялаған

 Бағы ғой теңдесі жоқ бұл елімнің.

 

Тәуелсіздік бас арманы болған екен,

 Атамыз бен бабамыздың сол етеден

 Арманына жету үшін күрескені

 Тарихта шежіре боп қалған екен.

8 оқушы  ЖАННҰР

Қазағымның рухы сол заманда сынға түскен,

 Жаулары сырттай оны сынап жүрген.

 Толқымалы сол кезеңде бабамыз

 «Қазақ» атын мәңгі сақтап қалған екен.

 

Соқтықпалы сол заманда сағы сынбай,

 Тілі менен салт-дәстүрі жоғалмай,

 Ата-бабам «қазақ» атын сақтан қалды,

 Тәуелсіздік арманына жете алмай.

 

9 оқушы  АЗАМАТ

Тәуелсіздік тұғырына жету үшін,

 Жәлтоқсанның жастары салды бар күшін,

 Қанын төгіп, жанын қыйды аямай,

 Жанын қиды елі менен жері үшін.

 

Байлығы мол байтақ жерім кең,

 Дүниедегі елу елмен керегең тең,

 Осы күнге жеткен ұрпақ еңселі

Барлығы қосылып

 Құтты болсын тәуелсіздік мерекең!

 

2-жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

 

Ән: Хор .Егемен Қазақстан . орындайтын 2 кл оқушылары.

 

1-жүргізуші:

Болсын осы ар алдында сөз ақтық,

Қан мен намыс болса бойда қазақтық.

Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,

Алыппыз біз мәңгі теңдік,азаттық.

Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өркендер ақталады.

Ер намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік сақталады.

Ән: Қайсар қазақ. Орындайтын9 кл оқушысы: Асылханова Аружан

2- жүргізуші:

Желтоқсан жұлдыздары Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаhарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззаттарға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.

Серпіп бұлтты басқан елдің бар мысын,

Туды күнім әділетті арлы шың.

Алыс жолдан зарықтырып, шаршатып

Келдің бе сен, Азаттығым, армысың!

 

Бақытым-Республикам Қазақстан,

Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.

Саған жетпес құшағы әлемнің де,

Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

 

ӘН: Туған жер. 6 кл оқушылары. Мұқанов Мерлан мен Марат Әлібек

1-жүргізуші:

Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

 

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,

Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,

Өкініш пе, білмеймін қуаныш па

Өз-өзінен жүрегім ән салады.

Ән: Қара бауыр қасқалдақ. Орындайтын, Әскербаева Айгерім мен Орынбаева Алима

 

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

 

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

 

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,

Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың

Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира

Құрбаны болған жаланың

Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,

Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,

Бұғаудағы боздақтары кете барды

Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

Ән: Хор Желтоқсан желі

2-жүргізуші:

 Барлық ұлттың басын қосты бұл достық

Ұлы достық

Нұрлы достық

Күн достық

Достық деген қасиетті ұранға

Кең даланың жүрегі де үн қосты

Биші қыздар биімен де үн қосты

 Қарсы алыңыздар ортада бишілер «Нұршашу» тобы:

1-жүргізуші:

 Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім,

Болашағым, өнер-білім, өркенім.

Ән: Қазақ елі. Орындайтын Болатов Диас, Оразбаев Оралбек

 

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарланба жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата баба рухына.

 

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

 

ӘН: Қазақстан бақыты. Орындайтын 4 кл оқушылары.

 (Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)

2-жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі

 

Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

2 жүргізуші бірге айтады:

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

 

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің  22 жылдығына арналған «ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН, ТӘУЕЛСІЗДІК»  атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

                 Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Елімнің бақытын тербеткен, Тәуелсіздік» 9 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 863 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.01.2016 1134
    • DOCX 22.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алчурина Назгуль Дуйсембаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алчурина Назгуль Дуйсембаевна
    Алчурина Назгуль Дуйсембаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27347
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 166 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 771 человек

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 464 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС СОО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общая химия

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе