Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбына арналған концерттік бағдарлама

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбына арналған концерттік бағдарлама

Скачать материал

Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

Тасөткел негізгі мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

тақырыбына арналған концерттік бағдарлама

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі А.К. Агайдарова

Мерзімі: 21 желтоқсан 2016 ж.

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
1 - жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2 - жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Армысыздар, еліміздің асылдары,

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен жыр, өлең мен күй,

Сіздер   үшін өнердің шашулары.


Тасөткел негізігі мектебінің көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар!

 

Бастауыш сынып оқушылардың сәлемдемесі


Тәуелсіздік – менің байтақ Отаным
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным
Тәуелсіздік – сәбилердің шаттығы
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім

Тәуелсіздік таңы атты,
Азаттықтың күні атты.
Тәуелсіздік алған ел,
Егемен қазақ халқы.

 

Қуан далам! Қуанатын күн бүгін .

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін ,

Тіл туралы Заңым енді күшіне,

Паш еткендей кескен жаңа кіндігін .

Қуан балам ,қуанатын күн бүгін.


Бақыт келер әрқашанда күреспен,

Бақыт үшін қарт бабалар күрескен.

Бақыт үшін арпалысты әкелер,

Тек бақытқа қол созумен ұл өскен-дегендей,

 

 Елімнің атын айтсам-Қазақстан!

 Жерімнің атын айтсам-Қазақстан!

 Қойнауы қазынаға толған мекен,

 Байлығым айтсам –Қазақстан!

 

 Қазақстан- бабамнан қалған мұра,

 Сенбейсің бе? Даламнан бар да сұра!

 Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған

 Батырларым демесем болар күнә!

 

  Қазақстан –ұлт атын ұлықты еткен,

  Ұлылардың арманын ұлықты еткен

  Өзге де ұлт –ұлысқа қоныс болып,

  Оларға да жақсылық үйіп төккен.

  Қазақстан – Республикам! Мақтанышым!

  Мен сені жырлаймын мақтан үшін.


1 - жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Ән «Туған жер» орындайтын Камила мен Нәзерке
2 - жүргізуші:
Өнерді жанымменен түйсінемін,

Қашанда өнерлі жас сүйсінерім.

«Қазақ биін» билесін мың бұралып,

Биіменен шашу шашып, бишілерім-деп,

Ортаға апалы-сіңілі Динара мен Даринаны шақырамыз

 

1- жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Жанелдің  орындауында «Қазақ ел осындай» әні

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
Ұлдар тобының «Аңшылар «биін қарсы алыңыздар

2-жүргізуші

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 125 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Жанелдің орындауында «Тәуелсіз елім» әні

 

Тәуелсіздік бостандығың еліңде

Желбіреді көк тұлпарың көгіңде

Жарқын болсын тәуелсіз ел әлемге

Теңесті халқың терезесі тең елге.

«Шаттық биін» орындайтын Хұрмет Айсұлу мен Төлеген Динара

«Туған жер». Орындайтын Жунусова Аружан


1-жүргізуші.

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын: 4 - сынып оқушысы Сатай Мансұр

2-жүргізуші

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

«Қасиетті домбыра» әні. Орындайтын Хурмет Камила мен Сатай Нәзерке

1 - жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық
Нұрлы достық
Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты

Үнді би, орындайтын Аяна мен Жанель

2 - жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда дарындылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

1-жүргізуші:

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Ән: «Қазақстан бақытты» Орындайтын: Әділ мен Мақсат
2 - жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Хурмет Айсұлудың орындауында «Тәуелсіз Қазақстан»

(Ортаға алты бала шаңырақ шығарады. Концертке қатысқан барша бала шаңырақ астынан өтіп, артына тұрады, қолдарында шарлар мен жалаушалар)

1-жүргізуші
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

2-жүргізуші
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейміз!
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбына арналған концерттік бағдарлама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Менеджер по управлению сервисами ИТ

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 776 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.04.2017 303
    • DOCX 19.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Агайдарова Аиша Кажигокпаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11522
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой