Инфоурок Другое Другие методич. материалы"елімнің байлығы жемқорлық" сынып сағаты

"елімнің байлығы жемқорлық" сынып сағаты

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Елімнің байлығы қоғамның игілігі үшін пайдалы. 

Мақсаты: Қазақстан Республикасының байлығы туралы түсінік беру, елімізде өндірілетін қазба байлықтардың қай жерден шығатыны туралы білім беру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру. Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық»
Бөлімі: «Қоршаған орта, Экология».
Әдіс –тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ –жауап және ойын
Көрнекі –құралдар: Қазақстанның картасы, рәміздері,қалалардың суреттері,
Көмір, күріш, бидай, тары, ұн, қант –жер байлықтарын өзін көрсету, мұнай мұнарасы суреті.
Сөздік жұмыс: Кең байтақ, құнарлы, мұнара, көмір, қалалар аттарына тоқталу.
Ұ.о. іс-әрекетін «жақсы» деген ширату ойынымен бастайық.
- Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелеу)
Жақсы (алақандарын соғады)
- Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелеу)
Жақсы (алақандарын соғады)
- Достарыңмен жүрген жақсы ма? (бір адым адымдайды)
- Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)
Жақсы
- Қазақстандық болған жақсы ма? ( бас бармақтарын көрсетеді)
Жақсы
Қазақстандық болған жақсы деп айттыңдар. Ал, Қазақстандық деп кімді айтуға болады? Бұл біз, мына отырған сендерсіңдер. Себебі біз
- Қазақстанда тұрамыз. Біздің Отанымыз Қазақстан. Қазақстан Тәуелсіз, егеменді ел.
- Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер? (елтаңба, әнұран, туымыз)
- Кең байтақ Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)
- Балалар, сендер қай қалада тұрасыңдар? (Қарағанды қаласында)
- Сендердің ата –әжелерің қай қалада тұрады?
«Қала аттары» деген ойын ойнаймыз. Мен допты бір балаға лақтырамын, ол бала Қазақстанның бір қаласын айтады.
Бүгін біз балалар Қазақстанның жерінен өндірілетін байлық түрлерімен танысамыз. Осы байлық қазыналарымыздың қай қаладан шығатынын білу үшін, мына «Қазақстан картасына» назар аударайық.
Картамен жұмыс: Мынау балалар, қазақстанның картасы деп аталады. Мұнда көптеген қалалар көрсетілген. Қазақстан жері әсем, әдемі, жер көлемі үлкен, халықтары өте тату тұрады. Орман, көлдері, таулары, пайдалы қазбалары бар. Енді, әр қалаға тоқталып қандай жер байлықтары бар екенін көрейік. – Біздің тұрып жатқан қала қалай аталады? (картадан көрсетіп тұру)
- Қарағандыда не өндіреді? (көмір) (буклеттен Қарағандыны көрсету)
- Көмірді не үшін қолданады? (үйді жылыту үшін)
- Оның қандай қасиеті бар? Жанама, жанбай ма?(жанады)
- Көмірдің түсі қандай? (қара, жылтыр)
Қызылорда қаласы туралы айтылады. Күріш сулы жерде өседі. (Буклеттен суреті көрсетіледі) Нағыз күріш көрсетіледі. Күріштің пішіні қандай? (сопақша) Күріштен тамақ жасайды.
Қостанайда бидай өсіріледі. Бидайдан не жасайды?Бидай пішіні қандай? (дөңгелек) Буклеттен көрсету.
Атырауда мұнай өндіреді. Мұнай түрі қара болады. Одан парафин, свеча-шамшырақ, жарық сөнгенде пайдаланамыз, торт безендіру үшін қолданатын свечаларда қолданады.Осылардың бәрін мұнайдан алынады. Буклеттен мұнай өндіретін мұнара суреті көрсетіледі.
Шымкентте мақта өндіреді, картадан көрсетіледі. Нағыз мақтаны көрсетіп, түрі сұралады. Мақтадан не жасайды? (көрпе, жастық т.б)
- Осы Қазақстанның картасына қарап отырып, үлкен мемлекет екенін білдік. Көрдіңдер ме, балалар әр қаланың өз жерінен шығатын байлығы бар екен.
«Табиғатпен сырласу» атты сергіту сәтін жасаймыз. Орнымыздан тұрып, көз алдымызға туған жерімізді, оның әсем табиғатын елестетеміз. Алдымызда мөп –мөлдір ағып жатқан сулар, гүлер жайнап өсіп тұр. Табиғатты тамашалап келе жатсақ, алдымыздан «Бұлақ» кездесті. Сол бұлақтан су ішеміз.Ол үшін алға иілу, аламыз, ішеміз, рахат-ай!
«Алма ағашы» кездесті. Сол ағаштан алманы алып жейміз. Оң аяқ алға, сол аяқ өкшесі көтеріледі, алу, қырт етіп тістеу, тәттісін –ай!
«Раушан» гүліне кездестік. Алға иілу, аламыз, иіскейміз, қажет емес ауаны сыртқа шығарамыз.

 - Балалар көрдіңдер ме? Осыдан мынадай қорытындыға келдік.

 Бұлақ –денсаулық, Алма –рухани байлық, Гүл –бақыт құсын сыйлайды –деп ойынымызды аяқтаймыз.
Балаларға сұрақ –жауап: Кім қане, қай қалаға, ата –әжесіне немесе туған –туыстарыңа бардыңдар? Онда не көрдіңдер, қайда бардыңдар, табиғаты қандай екен? Бір бала шығып, өзінің қай қалаға барғанын картадан көрсетеді, сол қала туралы әңгімелеп береді. Сол қалаға белгі қояды –жұлдызша немесе жалау. 2 -3 баладан сұралады.
- Балалар, менің сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Соның жауабын тапсаңдар, Қарағандының байлығын табасыңдар.
Баласымын даланың
Туғаннан датсыз қарамын
Қыс келсе үйді жылытып
Пештен –пешке жанамын. Ол не? (көмір)
- Жұмбақтың шешуін тапқан бала, көмір суретін алып картаға қаланың тұсына қояды. Алтын, сары тоны бар
Қауызында дәні бар (бидай) - Қостанайдың тұсына қояды.
Күнді сүйемін
Күллі жұртқа ырыспын
Алсын деп мол өнім
Ала жаздай су іштім (күріш) –Қызылорда тұсына қояды.
- Жұмбақты жақсы шештіңдер. Біз сабақтың басынан бастап Қазақстанның қалалары , қазба байлықтары, картасы туралы айтып жатырмыз. Енді қазір біз, ұжымдық жұмыс қазақстанның картасын түрлі –түсті қағаздан құрастырамыз. Балалар үш топқа, үш үстелге бөлінеді. Үстел үстінде түрлі –түсті қағаздан қалалар суреті қиылған. Балалар қазақстанның картасына қарап отырып, ватман қағазға жапсырады. Тәрбиеші түсіндіріп тұрады: Ортасына Қарағанды қаласын жапсырамыз, Қарағандының үстіне Астана қаласы, картаның оң жақ, жоғарғы жағына Павлодар қаласын, Павлодардың астына Алматы қаласы, сол жақ төменгі жағына атырау қаласын жапсырамыз деп математикамен байланыстыру. Болған топтың балалары картаны көтеріп көрсетеді. Қандай қалаларды құрастырғанын айтады.

Қорытынды: Балалар, сендер көп нәрсе үйрендіңдер.Қазақстанның жер байлығымен таныс болдыңдар. Мұның бәрін біз қайдан аламыз? (жерден аламыз) Сондықтан жерді қорғап, аялай білуіміз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Талапкер орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»  коммуналдық мемлекетік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Елімнің байлығы қоғамның игілігі үшін пайдалы

т\сағ (сыбайлас жемқорлыққа)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Г.Н.Саргаскаева

2015-2016 оқу жылы

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""елімнің байлығы жемқорлық" сынып сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 909 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2016 1525
    • DOCX 25.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Саргаскаева Гульмайраш Нургазиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10996
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой