Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Елімнің еркіндігі- тәуелсіздік" атты ашық тәрбие сағаты

"Елімнің еркіндігі- тәуелсіздік" атты ашық тәрбие сағаты

Скачать материал

«Елімнің еркіндігі-тәуелсіздік»

(Қазақстан Республикасынын тәуелсіздігіне-23 жыл толуына арналған кеш)

Мақсаты :Қазақстанның тәуелсіздік алуы,бүгінгі еліміздің табыстары мен жетістіктерін дәріптеу.Оқушыларды туған елін ,жерін сүюге баулу,патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Тақырыбы жазылған банер-«Елімнің еркіндігі –тәуелсіздік»,еліміздің рәміздері,қанатты сөздер. «Тұғырың тұлғалана берсін,туған ел !»Слайдтар көрсету.

Жүргізуші: «Елімнің еркіндігі-тәуелсіздік» атты сазды кешімізге қош келдіңіздер!

Әнұран: « Менің Қазақстаным» орындалады.

Жүргізуші:Егеменді еліміздің ең ұлық,ең қастерлі мерекесі-Тәуелсіздік күні- құтты болсын !Тәуелсіз еліміздің мәртебесі биіктей берсін !

Он алтыншы желтоқсан- Тәуелсіздік алған күн .Ерекше боп мәңгілік Ел жадында қалған күн

Жүргізуші:Тәуелсіздік.Тәуелсіз Қазақ Елі деген қасиетті ұғымдар ғасырлары бойы халқымыздың асқақ арманы болды.Енді біз тәуелсізбіз.

Маған жер жоқ,Отаннан ары қарай,

Ары қарай мекен жоқ жаныма жай.

Осы жерден шығады күнім менің,

Осы жерден атады таңым арай.

Ән-: Елім менің---------------------------------------------------

Жүргізуші:1986 жылғы желтоқсанның 17-18 жұлдызында бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды.

ОҚУШЫ:Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы,көп жыл басты қызметтерде істеген,абыройлы-беделді Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев жауапты міндетінен босатуды жоғарыдан өтініпті.

ОҚУШЫ:Республикада тұратын алты миллионнан астам қазақ халқының азаматтарынан лайықты ешкімді таппай ,сенімсіздік білдірілді.Біздің республикамыздың көшін бастайтын адам,өзге жақтан іздестірілді.

ОҚУШЫ:1986 жылғы 16 желтоқсанда Пленумда Д.А. Қонаевтың зейнеткерлікке шығуына байланысты,орнына шеттен әкелінгенГ.В.Колбин сайланды.Ешкімнің ой-пікірін ,талап-тілек ,лебізін тыңдамай-ақ,жоғарыдан шешіліп, «бірауыздан» қабылданды.Шұғыл өткен Пленум уақыты 18-ақ минут болды.

ОҚУШЫ:Орталық Комитет Пленумынын шешіміне қанағат тұтпаған адамдарды 16 желтоқсанның кешінде әбігер-ой мазалады.Ертеңгі оқиға белгілі болды.Студент жастар арасы тез қозғалды.Жатаханалардағы студент жастар толқып шықты.Сана мен жүрекке түскен от ұшқыны лаулап қоя берді.

ОҚУШЫ.:17 желтоқсан күні таңертең 300-дей адам жиналған алаңға кешке 20 мыңға толды.Олардың ойы Үкімет басшыларына халықтың праволары мен проблемалары туралы сөз жүргізу еді.Алайда,оларды бір қолында «шоқпары» ,бір қолында «қалқаны» бар,бес қаруы сақадай сай сарбаздар қарсы алды.Үйретілген иттер жіберілді.

ОҚУШЫ:Көтеріліске «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деген баға беріліп,желтоқсан қаһармандарын аңду,іздеу,қудалау,қуғын-сүргінге ұшыра-ды.8500-ге жуық адам ұсталып,жазаланды .Желтоқсан оқиғасына қатысқандар жазықсыз жазаланды. Қ.Рысқұлбеков, С.Мұхаметжанова,

Е.Сыпатаев,М.Әбдіқұлов,Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар еді.

ӘН: ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ----------------------------------------------------------------

ЖҮРГІЗУШІ: ҚАНАТЫ ҚЫРҚЫЛҒАН ҚАЙРАТ ( көрініс)

ХАТШЫ:Сот келе жатыр.

СОТ:Қазақ ССР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот коллегиясының 1987 жылғы 16 маусымда Қайрат Рысқұлбековті қылмысты деп үкім шығарамын.Қ.Рысқұлбековке қойылған айып : --- 1986 жылдың 18 –ші желтоқсанында 11 сағаттан бастап Бейбітшілік-Сәтбаев көшелерінің қиылысында бейбастық жасады.

-Савицкийді өлтірді.

-Ведельді ауыр жаралады.

-«Қазақстан» қонақ үйі алдында милиция қызметкері А.Алмабековке қол жұмсады.

АЙЫПТАУШЫ: Сотталушы Қайрат Рысқұлбеков тағылған айыптарды мойындайсыз ба ?

-ҚАЙРАТ:Маған тағылған кінәдан үзілді-кесілді бас тартамын.Жалған айыпты мойындамаймын.-ЖАЛА ! ЖАЛА! СОТ: 1987 жылдың 16 маусымы Қазақ ССР Жоғарғы соты - Қайрат Рысқұлбековке Қазақ ССР-і Қылмыстық істер кодексі- 173 бабының бірінші тармағы бойынша ату жазасы берілді.

Сотталушы : Қайрат Рысқұлбеков ақтық сөзіңіз.

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірді жасы бар.

Қасқалдақтай қаным бар.

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең,алыңдар!

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар,

«Еркек тоқты –құрбандық»

Атам десең атыңдар !

ЖҮРГІЗУШІ:Қайрат түрмеде отырып «Түрме жыры», «Өкініш»,» Ақтық сөз», «Менің тағдырым»атты өлеңдерін жазды .Есіл ердің көзі тірісіндегі жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді.(Қайраттың хаты оқылады)

ОҚУШЫ:Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,

Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың.

Желтоқсан-Қайрат,Ләззат,Сабира

Құрбаны болған жаланың.

Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,

Кеткен де жоқ құлақтан зар басылып.

Бұғаудағы боздақтары кете барды,

Бірі атылып,ал бірі дарға асылып.

ӘН: КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ ---------------------------------------------- ОҚУШЫ:Ғаламат ерліктен-ғажайып таң атты.Ол ерлік қыршындай жастарымыздың жалынды тәуекелі.Ол ерлік-солардың алаулы жігері мен жұлынған бодандық бұғауы.Сол ерлер-Қайрат,Ербол,Ләззат, және мыңдаған-мыңдаған бозбала,бойжеткендер !Олардың рухы әрқашан асқақ.Жадымыздан мәңгі өшпейді.Олардың ардақты есеімдері- Тәуелсіздіктің тапжылмас тұғыры.

ОҚУШЫ::Қазақ елі тәуелсіздігін алғаннан кейін Желтоқсан оқиғасының барлық шындығы ашылып,ол жөнінде жинақтар ,кітаптар жарық көріп,кинофильмдер түсірілді.Қайрат Рысқұлбековке туған жерінде ескерт- кіш орнатылып,1996 жылы –« Халық қаһарманы» атағы берілді.Тәуелсіздік үшін құрбан болған батыр ұланын мақтан тұтқан халқы , оның ерлігін мәңгілік қастерлеп өтуді парыз санап,мектептерге,көшелерге атын берді. ОҚУШЫ: Қазақ елім ! Туды жастық дәуірің,

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын,қымбаттым!

Туған күнің құтты болсын,алыбым!

ЖҮРГІЗУШІ:23 жыл ішінде тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып,нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз.Қазақстанды ең мықты мемлекеттер қатарына жеткізген тұңғыш Президетіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегі.

ОҚУШЫ: Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік-ел бақыты ертеңі !

О,халайық ! Құтты болсын қуаныш !

ОҚУШЫ :Кең байтақ,көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман,жасыл жайлау,көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан-елім менің.

ЖҮРГІЗУШІ: « Орнында бар оңалар» демекші ел орнында,жер орнында,жерге жетер байлық жоқ.Жер болса,ел болады.Ел болса,ер болады.Қазақстан ел болып,120-дан аса ұлт өкілдері түратын осынау мекенімізде егіні теңіздей толқыған,төрт түлігі өрбіген,өндірісі өркендеген мекенде өмір сүретін әрбір адам Отанын жанындай сүйіп,көк байрағын көкке көтеруді мақтан етеді.

ӘН- ЖАСА,ҚАЗАҚСТАН--------------------------------------------------------

ОҚУШЫ :Қасиетті Қазақстан-мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім ,жерім,Отаным-бақ дәулетім,

Болашағым өнер-білім,өркенім.

ЖҮРГІЗУШІ:Тәуелсіздік-ел мұраты.Еліміз 23 жылда еліміз өсіп-өркендеп.ел танымастай жетістіктер мен табыстарға жетті.Бүкіл әлем Қазақстан елін мойындады.

-1991 жылы-Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты Президент

етіп сайлады.

-1992 жылы-Қазақстан Республикасының Елтаңбасы,Әнұраны,Тулары туралы Заң қабылданды.

-1993 жылы-30 тамызда-Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.Төл теңгеміз тұңғыш рет айналымға түсті.

-1994 жылы-Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Талғат Мұсабаев көк туды желбіретті.

-1995 жылы- «Ұлы Абайдың» 150 жылдығы тойланды.

-1996 жылы-Алматыда «Тәуелсіздік монументі» орнатылды.

-1997 жылы-«Қазақстан-2030» стратегиясы қабылданды.

-1998 жылы-Ақмола атауы «Астана» болып өзгертілді.

-1999 жылы-«Қорқыт атаның» 1500 жылдығы тойланды

-2000 жылы-Мәдениетті қолдау жылы болды.

-2001 жылы-«Күлтегін»ескерткішін И.Тасмағанбетов Астанаға әкелді.

-2002 жылы-«Астана-Бәйтерек»монументі орнатылды.

-2003-2005 жылдар-Ауыл жылы болды.

-2006 жылы-Алматыда»Тәуелсіздік таңы» ескерткіші орнатылды.

-2007 жылы-Төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.

-2008 жылыҚазақстанны бас ордасы-Астананың 10 жылдығы тойланды.

-2009 жылы-Астана қаласында «Қазақ елі»монументі бой көтерді.

-2011 жылы-Ақ Азиядада Қазақстан құрамасы-70 медаль-32алтын,21 күміс,17 қола медальдарды жеңіп алды.

-2013 жылы-Астанада дүниежүзілік«ЕХРО-2017»көрмесін өткізу жайлы шешім қабылданды.

-2014 жылы-Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев«Нұрлы жол-болашаққа барар жол»атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдады.

ЖҮРГІЗУШІ:Бүгінде желтоқсан оқиғасына -28 жыл толуда.Ел іргесі тыныш,халқымыз,бай-қуатты болсын!

Қазақпын,еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар,

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын,қойнауы –құт,жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрін де айтам.

ӘН:--------------------------------------------------------------------------




Қайраттың бауыры Талғатқа жазған хаты.

----------------------------------------------------------------------------------------------

СӘЛЕМ БЕРДІК,БАУЫРЫМ ТАЛҒАТ !

Иә,денсаулық,көңіл-күйің жақсы ма ? Әскери өмір,қызмет қалай ?Не жаңалық бар ?

  • Ата-мекен,ауыл жақтан хат-хабар алып тұрасың ба ?

-Өзіме тоқталсам,денсаулық сол қалпы.Көңіл күй көтеріңкі.

Жала жабушы куәгерлердің айтуы бойынша мен жасамаған қылмысты мойныма ілді.Амал нешік.Тағдыр кездесуге жазсын !

(Қайратқа тағылған айыптарды айтқан) қысқартылып алынды.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Елімнің еркіндігі- тәуелсіздік" атты ашық тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 325 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.02.2016 9545
    • DOCX 24.4 кбайт
    • 105 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сатыбалдиева Ажар Кушимхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 70541
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 211 человек из 52 регионов

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 796 человек из 74 регионов

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 33 регионов

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы управления проектами: от концепции к реализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная самоорганизация и планирование

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 25 регионов