350863
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокКлассному руководителюДругие методич. материалы"Елін сүйген елбасы!" (Тәрбие сағаты)

"Елін сүйген елбасы!" (Тәрбие сағаты)

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Қарақия ауданы Қарақұдық орта мектебі







Тәрбие сағаты


Тақырыбы:

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»


Сыныбы: 7 «А» сыныбы

Мұғалім: Жакупова Г.З
























2014-2015 оқу жылы


«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»


Мақсаты: Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері туралы мәлімет беру, Елбасының ұстанымын, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдық, азаматтық, патриоттыққа тәрбиелеу. 

Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, кітап көрмесі, нақыл сөздері, «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді, «Елбасы жолы» фильм эпопеясынан үзінді.

Барысы: 

Қазақстан Республикасы әнұранын айту 

“... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...” 

Нұрсұлтан Назарбаев 

1-жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар оқушылар.


2-жүргізуші: Бүгінгі тәрбие сағатымыз Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» деп аталады. 
1-жүргізуші: Тұңғыш президентіміздің өмір жолы қиын да қайталанбас көп қырлы. Енді назарымызды президентіміздің туып өскен жері «Үш қоңыр» жайлауында түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильміне аударайық (үзінді ). 

1-жүргізуші: Корініс.Анасы мен бала Нұрсұлтан.


2-жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6-шілде де Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқыды. Ата-анасын құрмет тұтты. Ұщқыш болуды армандады. 
(Слайдтан туып өскен жерінің табиғат көрінісін көрсету) 


2-жүргізуші: Ерте есейген Сұлтан мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді. 
Жұбайы Сара Алпысқызы Халықаралық «Бөбек» қорын басқарады. Елбасымыздың үш қызы бар: Дариға, Динара, Әлия. 
(Слайдтан отбасымен түскен фотоларын көрсету). 


1-жүргізуші: Үлкен өмірге қадам басқан Нұрсұлтан Әбішұлы Қарағанды металлургия зауытында шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі қызметін атқарды. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітіреді. 


2-жүргізуші: Елбасымыздың қызмет еткен кезеңдері: 
(Слайдтан қызмет еткен кезеңдерін көрсету) 
Ерсұлтан: 1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 
1973-1977жж – Қармет комбинатының партком хатшысы. 
1977-1979 жж – Қарағанды облыстық партия комитетінің 2-ші хатшысы. 
Айбек: 1979—1984 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы. 
1984-1989 жж – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы. 
Айжан: 1989-1991 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.
1990 жылы ақпан-сәуір аралығында КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды. 
Сымбат: 1991 жылы 1-желтоқсанда жалпыхалықтық саулау өтті. Нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев 98,7%, 1999 жылы 10-қаңтарда 79,78 % , 2005 жылы 4-желтоқсанда 91,5%, 2011 жылы сәуір айының 3-нде де басым дауыспен Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. 
(слайдан дауыс беру кезеңі мен ант қабылдау сәті көрсетіледі). 

2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20-жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығындағы президент қол жеткізген жетістіктерге тоқталсақ: 
Асылбек:

- Қазақстан Орталық Азиядағы ядролық қарусыз мемлекет; 
- Уран өндірісін пайдалану ісін жеделдетті; 
- Қазақстан халықаралық мәселелерді шешуге тікелей қатысатын, сөзі өтімді, беделді мемлекеттке айналды; 
- ТМД көлемінде Халықтар Ассамблеясын құрған мемлекет; 
- Бүкіл әлемдік дағдарыстан қысқа мерзімде шыққан мемлекет- Қазақстан; 


1-жүргізуші: Ән «Қазақтай ел қайда?!»

1-жүргізуші: Біздің Елбасымыз – білімділігімен, парасатты саясатымен, тәжірибесімен бүкіл адамзатты болашаққа бейбіт жолмен жетуге шақырған үлкен тұлға. 
Енді назарларыңызды әлем елдерінің бірқатар басшыларының президентіміз туралы айтқан жылы лебіздеріне аударайық. 
(слайдтан әр мемлекет басшысымен түскен суреті көрсетіледі). 
Мәншүк:

Кофи Аннан – БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы: «Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда – бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу байқалады. 
Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес, қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады». 
Қорған:

Ким Дэ Чжун – Корея Республикасының Президенті: «Оның демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр. 
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді». 
Қожакелді:Эмомали Рахмонов – Тәжікстан Президенті: «Ашық-жарқындығы, шыншылдығы, тартымдылығы, адамға деген сүйіспеншілігі – мұның бәрі де Нұрсұлтан Әбішұлының табиғатына тән қасиеттер. 
Қазақ жұртының, елінің, көп ұлтты халқының алдындағы, тарихтың алдындағы жоғары жауапкершілік сезімі оның бойынан әмәнда ажыраған емес. 
Ол ұлы ұйымдастырушы ретінде Қазақстанды Кеңестен кейінгі кеңістіктің дамыған мемлекеттерінің біріне айналдырды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы табыстары тағлым аларлық. 
Нағыз басшы осындай нәтижелерге жете алады, бұл жағынан алғанда Нұрсұлтан Әбішұлы – өз халқының даусыз басшысы». 

Дана:
Джордж Буш – Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті: «Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев. 
Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды таратпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. Құрама Штаттар, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін, соның ішінде «Қазбаттың» Ирактағы үздік қызметі үшін ризашылығын білдірді». 


2-жүргізуші: Елбасы – туған халқын, туған жерін, даласын жанындай сүйетін адам. Мұны сөзі мен де, ісімен де, шығармашылығымен де дәлелдеп келеді. 
Камила:

Әндерімен таныстыру. 
Кітап көрмесіне тоқталу. (Елбасының және Елбасы туралы жазылған кітаптарды көрсету) 

2-жүргізуші: Ән «Елім менің»
1-жүргізуші: Ендігі кезек Елбасымыздың қанатты сөздеріне тоқталайық. 
Наурыз: Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. 
Нұрсұлтан: «Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды». 
Умида : Елдің бетінде, желдің өтінде жүрген адамға сынақ көп. 
Ерасыл: Менің атам да, анам да – қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқашан намыстанған кезім жоқ. Намыстанбаймын да. Қайта маған тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған Туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын. Ұлттың ұлы болмай тұрып адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес. 
Таңшолпан: Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұланғайыр жер берген, астын-үсін толтырып кен берген, мейірбан ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген. 
Альбина: Сөз бостандығы шексіз емес. 
Ол – табындыратын ғана емес, 
Талқандайтын да қуатты күш. 

Үзінді . Елбасы жолы 2 фильмінен.


1-жүргізуші: енді Елбасымыздың дәрежесін атайық. 
(Елбасы портреті айналасына қағазға жазылған дәрежелері қойылады ) 

Сымбат: Қазақстанның тұңғыш президенті 
Умида: Қарулы күштердің Жоғарғы Басқолбасшысы 
Ерасыл: Қазақстан халықтары Ассамблеясының төрағасы 
Мейрамбек: Қазақтардың Дүниежүзі Қауымдастығының төрағасы 
Мәншүк: «Ғасыр адамы» 
Умида: Экономика ғылымының докторы, академик 
Камила: Әнұранның авторы, жазушы 
Айжан: Бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жаршысы 
Айбек: Алымды да, алғыр басшы 
Альбина: Көреген саясаткер 

1 жургізуші: Елбасының «Жан шуағы» атты жыр жинағындағы халқына арнаған өлеңін Мейрамбек оқып береді: 
Мейрамбек:

Тәуелсізбін! Бар ма мұң? 
Тәләйлі болсын талғамың! 
Өркені өссін қазақтың, 
Осы – менің арманым! 
Күн тұрғанда тұратын, 
Жұрты сайран құратын 
Қала болсын Астана, 
Осы – менің мұратым! 
О, Ақорда, Ақ шатыр, 
Ұлысыма бақ шатыр. 
Баянды болсын Азаттық, 
Осы – менің мақсатым! 
Халқым – менің тірегім, 
Құрбан жаным, жүрегім! 
Атымыз озсын бәйгеде, 
Осы – менің тілегім. 

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Сабағымызды «Елбасына арнау » атты өлеңмен аяктаймыз


Қосымшалар. Сабақта пайдаланылған слайдтар.


hello_html_5bfdfbe6.gif



hello_html_662ad9cc.gif


hello_html_m103c808b.gif


hello_html_4a41a2d5.gif


hello_html_5669f8be.gif


hello_html_m1c0c1f52.gif


hello_html_m51e6020d.gif

hello_html_1fdffc07.gif


hello_html_m42c9b563.gif


hello_html_m1d5bed3c.gif

Общая информация

Номер материала: ДВ-184181

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая компетентность педагога»
Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Оказание первой помощи детям и взрослым»
Курс повышения квалификации «Управление конфликтами в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты инклюзивного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс повышения квалификации «Скрайбинг и веб-квест как инновационные образовательные технологии в условиях реализации ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Теория и практика инклюзивного обучения в образовательной организации в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Методика обучения игре детей с особенностями развития в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Целеполагание как основа современного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Экзаменационный стресс как частая проблема педагогов и учащихся и пути ее решения»
Курс повышения квалификации «Профориентация школьников: психология и выбор профессии»
Курс профессиональной переподготовки «Методическое сопровождение педагогического процесса в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Инструменты и методы воспитания российской гражданской идентичности согласно ФГОС»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.