Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы"

"Елін сүйген, елі сүйген Елбасы"


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:




Сабақтың тақырыбы: "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы"
Сабақтың мақсаты:

Білімділік:1 - желтоқсан - Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу.

Дамытушылық: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаев ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету.

Тәрбиелік: Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, шар, буклет, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды екі қатарға тұрғызу
2. Екі жүргізуші ортаға шығады

II. Жаңа сабақ
Жарқынай: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар
Олжас: Қайырлы күн құрметті қонақтар!

1 - Желтоқсан Тұңғыш Президентіне арналған «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Қ. Р. Мемлекеттік Әнұраны орындалады
Жарқынай:
Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген
Лебізіңнен ол арманы өрілген
Сенің арқаң - Қазақстан көркейіп
Достық әні шарықтады төрімнен
Олжас:
Серпігенде бодандықтың тұманын,
Жетті әлемге ұраным мен жыр - әнім
Өзің болдың көшбасшысы елімнің
Өзің болдың биік ұшқан қыраным
Сахнаға 6 оқушы шығып өлең шумақтарын оқиды
1 - оқушы Алия:
Атыңнан айналайын, Егемен ел!
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер
Мерейің құтты болсын Нұр ата,
Ғасырдың тойы болшы келе берер
2 - оқушы: Тұралбек:
Болашағы Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы
Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан
Халқымыздың таңдап алған таңдауы
3 - оқушы: Альбина:
Асқақ болып еліміздің жалауы
Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы
Еңбек, достық, бейбітшілік береке
Қазақстан Республикасының қалауы
4 - оқушы: Бейімбет:
Еліміздің тыныштығын ойлайтын
Халқым менің елбасыны қолдайтын
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған
Жасай берсін Назарбаев Нұрсұлтан
5 – оқушы: Азиза:
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік
Олжас: Қазір слайдқа назар аударайық
6 - оқушы: Жанымгүл:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.

Жарқынай: Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен ел президентін сайлады. Сөйтіп оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. «Рухы күшті ел – алынбайтын қамал» дейді халық нақылы.– деп бүгінгі президентімізге арналған іс - шараны аяқтаймыз.

Қорытынды: Н. Назарбаев – өзінің ерен еңбегімен, халқымен алға қойылған мақсат пен міндетті іске асыратын және елде және әлемде көлемді нәтижелерді көре алатын планетарлық деңгейдегі сирек және бақытты саясатшы.

Жылдар өтер, жүздеген, мыңдаған жылдар өтер, бірақ Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаев Қазақстан және жаһандық әлемнің тарихында, біздің еліміздің ұлы есімдері қатарынан өзінің лайықты және ерекше даңқты орнын алады деп бүгінгі ашық тәрбие сабағымызды жабық деп жариялаймыз.



Автор
Дата добавления 25.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров89
Номер материала ДВ-375118
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх