Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Елін сүйген, Елі сүйген - Елбасы (ашық тәрбие сағаты 1-сынып)

Елін сүйген, Елі сүйген - Елбасы (ашық тәрбие сағаты 1-сынып)


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы:Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы.

Мақсаты:
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

Көрнекілігі: үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев - тұңғыш президент» Біздің Елбасымыз - Н. Ә. Назарбаев
Өтетін орны:Президент кабинеті

Түрі: Тәрбие сағаты

Барысы: Үнтаспадан «Елім менің» (әні естіліп тұрады)
-Балалар, 1 желтоқсан қандай мерекелі күн?

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан Парламентінің Сенаты «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесін бекіткен заңын қабылдағаны баршаға мәлім. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – барша қазақстандықтарға құтты мереке болғай. Халық үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстан келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенеміз.

- Біздің президентіміз кім?
- Н. Ә. Назарбаев
- Қазақстан Республикасында Президент сайлауы қай жылдан басталды?
- 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлауда 98,7% дауыспен Н. Ә. Назарбаев сайланды.

Мұғалім:

-Құрметті оқушылар!1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы.


Көрініс: Нұрсұлтанның балалық шағы

Рөлдерде: Автор,Әжесі – Мырзабала , Әкесі – Әбіш, Бала – Сұлтан

Автор: Зайтзаменова Гүлім

Әжесі: Сексенбаева Ардақ

Әкесі: Балғабай Салауат

Бала Сұлтан: Әмет Ғалбиат


Автор:Бала Сұлтан ат жарысына қатысып, бәйгеде аты бірінші келеді. Әкесі Әбіштің қуанышында шек жоқ. Ауыл тұрғындары Сұлтанды құтықтап жатыр. Бала Сұлтанға бәйгеден аты озып шыққаны үшін сыйлыққа кілем береді.Олар үйлеріне қайтады.

Әкесі Әбіш: -Апа! Сүйінші, Сұлтан бәйгеден бірінші келді!

Апасы:-Жарайсың, балам! Өркенің өссін!Айттым ғой, менің балам озып шығады-деп.

Апасы Сұлтанды құшақтап, бетінен сүйеді.

Бала Сұлтан: -Апа,қарашы маған не бергенін? Мен бұл кілемді біздің үйде тұрып жатқан

Кавказдан келген ағайындарыма беремін-деп кілемді береді.


Мұғалім:

-Балалар, бұл көріністен Бала Сұлтаның қандай қасиеттерін көрдіңдер?
- Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолдары туралы не білеміз? (ойымызды ортаға салып көрелік)

1 - оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
(Мұғалімнің толықтыруы және суреттер көрсету)
2 - оқушы: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
3 - оқушы: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
4 - оқушы: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
5 - оқушы: 1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

Мұғалім: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев туралы біз тағы не білеміз және не айта алар едік?
Сол мақсатта «Менің Президентім» деген тақырыпта жазған бірнеше оқушының шығармаларын тыңдасақ.

Мұғалім: Шығармада аталғандардан басқа Елбасын қандай адам ретінде танисыңдар?
6 - оқушы: Елбасы үлкен саясаткер болуымен қатар жан - жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді. Сондай - ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Ол кісінің «Елім менің» және «Үшқоңыр» әндері бар. Бұл әндердің сөзі Н. Әбішұлыныкі екенін біз мақтанышпен айтамыз.

«Үшқоңыр» әнін тыңдау.

7 - оқушы: Өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен айтуға болады. «Ел – Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан. Бұл - бүгінгінің шындығы. Нұрсұлтан Назарбаев десе - Қазақстан; ал Қазақстан десе - Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан толық аңғаруға болады.
Сонымен қатар, «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға - елдің тұғыры, Тұлға - елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Н. Ә. Назарбаев – осындай тұлға.»

Мұғалім: Н. Ә. Назарбаевтың жазған «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында «Қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге құштарлық, азаттыққа құштарлық қайтадан жығылған еңсені көтеріп, тәуекелге бел буғызды.»
Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын.
Қанша қиындық көрсе де, абзалдылығы мен сабырлылығын, басқа халықтарға деген сыйлаушылығын сақтай білген халықты, қазіргідей қиыр - шиыр тарихи сын кезеңде өзім ажырамас бөлшегіне айналып отырған асыл жұртымды, ХХІ ғасыр табалдырығынан аттап, өз талабын тағы бір сынап көргелі отырған тәуекелшіл ұлтымды қалай мақтаныш етпеспін. Қалайша бас имеспін.»

1 - оқушы: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!
2 - оқушы
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
3 - оқушы
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
4-оқушы:

Елбасының «Жан шуағы» атты жыр жинағындағы халқына арнаған өлеңінде: 
Тәуелсізбін! Бар ма мұң? 
Тәләйлі болсын талғамың! 
Өркені өссін қазақтың, 
Осы – менің арманым! 
5-оқушы:

Күн тұрғанда тұратын, 
Жұрты сайран құратын 
Қала болсын Астана, 
Осы – менің мұратым! 
6-оқушы:

О, Ақорда, Ақ шатыр, 
Ұлысыма бақ шатыр. 
Баянды болсын Азаттық, 
Осы – менің мақсатым! 
7-оқушы:

Халқым – менің тірегім, 
Құрбан жаным, жүрегім! 
Атымыз озсын бәйгеде, 
Осы – менің тілегім. 

Қорытынды.

Н.Ә. Назарбаев – өзінің ерен еңбегімен, халқымен алға қойылған мақсат пен міндетті іске асыратын және елде және әлемде көлемді нәтижелерді көре алатын планетарлық деңгейдегі сирек және бақытты саясатшы.
Жылдар өтер, жүздеген, мыңдаған жылдар өтер, бірақ Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаев Қазақстан және жаһандық әлемнің тарихында, біздің еліміздің ұлы есімдері қатарынан өзінің лайықты және ерекше даңқты орнын алады деп бүгінгі тәрбие сабағымызды жабық деп жариялаймыз.

Хормен:

Халық үшін Елбасы,
Әскер үшін қолбасы.
Тар жол тайғақ кешуде
Нұр ағаны
Туған жұрты қолдасын.

«Елім менің» әні орындалады.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Краткое описание документа:

1.Сыныптан тыс жұмыс оқушының сабақта алған білімдері мен дағдылары негізінде ұйымдастырылады.


Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты:
- оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту.
- өзіндік қабілеттерін дамыту
- қоғамдық қарым - қатынасты қалыптастыру.

Міндеті:
- алған білімдерін әрі қарай жетілдіру
- өз білімін тереңдету қабілетін шыңдау
- оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру
- оқушылардың өзара қарым - қатынасын қалыптастыру
- еңбектенуге, ізденуге ықпал ету.

Автор
Дата добавления 15.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров5064
Номер материала 283159
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх