Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

Мақсаты: ҚР Тәуелсіздікке қол жеткізгеніне 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған мерекелік салтанатты жиынның мақсаты «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» тақырыбында мектепте өткізілген іс-шаралардың қортындысы іспетті. Тәуелсіздің ұғымын одан әрі, тереңінен ұғындыру, жұртшылық арасында насихаттау.

Салтанатты жиын 3 бөлімнен тұрады

1.      Ресми бөлім (құттықтаулар, мерекелік марапаттаулар, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан оқушыларға мектеп атынан алғыс хаттар тапсыру)

2.       Сахналанған қойылым.

3.      Мерекелік концерттік бағдарлама.

Жүргізушілер: 1-жүргізуші

                           2-жүргізуші

Сахна шарлармен, жалаушалар, тақырыптармен безендірілген. Салтанатты музыка ойнап тұрады.

Музыкамен

 

 

           1-ж.- Тыңда жолдас, тыңда дала, тыңда ел!

          Сөйлеп тұрған күншығыстан жомарт өңір Қазақстан!

           2-ж:-Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке-менің елім-күн    

            келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!

           1-ж: -Қымбатты қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Еліміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл   

           толуына  орайластырылған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты      

           салтанатты мерекелік жиынымызға қош келдіңіздер!

           2-ж:-Тауымыз бар, таңырқатқан шыңымен,

            Ұл қызым бар, даламыз бар ұлы кең.

            Алдарыңда басымды иіп, өр халқым,

            Құттықтаймыз Тәуелсіздік күнімен!-(екеуі қосылып оқиды)

                  (музыка ойналу керек)

 

1-ж:- Азаттықтың арайлы таңынан бері тәу етер киемізге айналған Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты кешімізді ашық деп жариялаймыз!

2-ж:-  Осы «ақ түйенің қарыны жарылған», бар игілігіміздің бастауы болған Тәуелсіздік күні !

 

1-ж:- Тәуелсіздік күні-біздің ең ұлық мерекеміз.  Себебі, еліміздің айы оңынан туып, Тәңірі тілектерді берді. Төрт құбыламыз теңеліп, төбедегі келді. Алаштың айбыны асып, күн сөнгенше азат болды. Қырандай қомданып, тұғырына қайта қонды.

2-ж:-     Атыңнан айналайын егемен ел,

            Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

            Мерейің құтты болсын тәуелсіздік,

            Ғасырдың тойы болшы келе берер!

1-ж:-      Қазақстан! Туды алтын дәуірің,

            Алғандайсың жұлдыздарың жарығын.

            Көк байрағың желбіресін жарығың,

            Құтты болсын тәуелсіздік тұғырың! Бүгінгі жиынымызға ҚР мемлекеттік туын әкелу АӘД жетекшісіне тапсырылады..

-Гимн орындалады.

 

2-ж:  Тамыры жаһандағы бар қазақтың                1-ж: Тәуелсіздік тұғыры ғой бұл елді,

Соғады Отаным деп бір жүректен                     20 жасың құтты болсын нұр елің

Бостандық, тәуелсіздік деген ұғым                                20 жылда шықты талай белеске

Не деген қасиетті, құдіретті ең!                                     Қазақстан жасай берші гүл елім-

-деп, жақсы игі тілектер қабыл болсын деп- мерекелік құттықтау сөз кезегін береміз.

 

2-ж:- Тарих сахнасында қазақ тәуелсіз болып еніп, әлемдік аренаға ақ ордамызды тіккен күн. Тәуелсіздік біреу. Тәуелсіздік туы көтерілгенде дүниеге келген перзент бүгін 20 жаста. Тәуелсіздік-сенің абыройың, намысың, иығыңдағы қалқаның, маңдайыңдағы жұлдызың, төбеңді айдарың, қабағыңа біткен айбарың: Ендеше, Тәуелсіздіктің ғұмыры мәңгі болсын!

 

1-ж:     -Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О, тәңірім бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне Тәуелсіздік ағайын

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!-деп келесі құттықтау сөзді мектеп директорына беріледі.

 

2-ж:- Тәуелсіздік-менің байтақ Отаным,

         Бір өзіңсің Мұқтар, Абай, Шоқаным.

         Тәуелсіхздік сәбилердің шаттығы,

         Тәуелсіздік ақ батасы атаның.

 

1-ж. Тәуелсіздік, тәуелсіздік жыр әнім,

         Көк байрағым елтаңба, әнұраным.

        Атыңнан айналайын тәуелсіздік,

        Қолда елімді қасиетті құраным!-

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған аудандық, мектепішілік шаралаға қатысып, жетістітктерге жетіп, мектептің абыройын аспандатып жүрген  мектеп мұғалімдері мен оқушыларын құттықтауға рұқсат етіңіздер: (музыка ойналады)  Жететктерге жеткен оқушылаға марапаттаулар тапсырылады.

 

Музыкамен 5-сынып оқушылары ортаға шығады.

1-ж:-Мен қазақпын, ұланымен ұлы елдің,                      

        Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.

        Ұланымен туын көкке көтерер

        Болашаққа алға бастап жетелер,

        Туған елін, туған жерін сүйетін,

        Біз қазақтың ұланымыз, еріміз

ІІ бөлім сахналық қойылым

1-ж:-Қазақ елі-сонау Алтайдан Пирениге дейін билік еткен ер Еділ батырдың елі. Қазақ елі-асқақ батырлығымен, асыл парасаттылығымен, Мысыр еліне билік жүргізген Бейбарыстай Бабырдың елі.

Қазақ елі-қонақжай, төрдің жері

Қазақ елі-қас, сақтай ердің елі.

Елі кедей болмаған, жері байтақ

Еділ ердей, Бабырдың шерлер елі.

Азат бүгін байлыққа тұнған жерім,

Азат жүгін, ел жауын құған ері,

Әділет пен бірлікке жанын қиып,

Әділ өткен билердің туған жері.

2-ж: -Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер қан төкпеді, кімдер құрбан болмады?

-ия, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қанын төкті, жанын берді. 200 жыл патшалы Ресейдің отры болды. 70 жыл әміршіл-әкімшіл үкіметін үстемдік етті. Тәуелсіздік үшін халқымыз 325 рет көрерліске шықты.

1-ж:-Қазақ жері көп шеккен қасіретті

        Қазақ ері өнерелі өсиетті.

        Мысырды билеген Бейбарыстың

        Елі текті, жері қасиетті. Жиынымыздың екінші бөлімінде «Отырардағы опат»  атты сахналық қойылымға кезек береміз.

 

ІІІ бөлім Концерттік бағдарлама

1-ж:-Тәуелсіз ел болды міне, азат күн

         Қуанышты тойларыңмен маздаттың.

         Дарқандығың, қазағымның паш етер,

        Ұлы тойға шашуларың шашылсын!

2-ж-Құтты болсын тойларыңыз айтулы!

        Ұмытпайық тойға тілек айтуды.

        Әндерімен, күйлерімен, жырымен,

       Тойларыңа мен шашайын шашуды,- деп кешіміздің үшінші бөлімін Қарабаев Шыңғыс, Жандәулетова Айнагүл, Боранқұлова Сұлугүлдің орындауында  «Жаса Қазақстан» әнімен ашамыз. Әні: Ержан Серікбаевтік   Сөзі: Анар Жапарқұлованікі

 

1-ж:.-О, туған жер, кең пейіл құшағы кең,

         Саған көңіл бұлқынар күш ағынымен.

         Сағынышты қанат қып саған қарай

         Балапандай талпынып ұшамын мен.

2-ж:- Бірлігі мен ынтымағы халықтың

          Көгімізде жарқырайды жарық күн

          Ырыс, дәулет, бақыты үшін халықтың

          Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн.

Сөзі: Ілияс Есенберлиндікі , Әні: Латиф Хамидидікі «Харарау». Орындайтын хор дирижері Айгүл Есеналиева

 

2-ж:- Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,

         Дәлелдеуде қазақстан елдігін.

         Арман еткен қыршын кеткен ағалар,

         Елің алды егеменді теңдігін,-тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, мақтанышына айналған 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» қазақ халқын дүниежүзіне танытты.

1-ж: -Сол қазақ хылқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның құрбандары, яғни асыл сынды азаматтарымыздың өздері өлсе де, өшпестей із қалдырған ерен ерліктерін ешқашан ұмытпай еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. Солардың бірі біртуар азамат, «Халық қаһарманы» Қайтар Рұсқұлбековтың соңғы, түрмедегі «Ақтық сөзі» өлеңін оқитын 6-сынып оқушысы Досов Наурызбектің орындауында тыңдайсыздар. (қобыздың үнімен сүймелдеуімен)

 

1-ж:-Тойланып мың мереке ұлыс күні,

         Құйылған шаңырақтан ырыс нұры.

         Халқымның бақыты ұшін аз байлық па

        Тәуелсіз еліміздің тыныштығы.

2-ж:-Туған жер-алтын бесік асыл анам,

         Ауаңмен ақ сүтіңмен асыраған.

          Мен дағы ұлың едім өзің тектес,

         Алысқа несібесі шашыраған,-келесі сіздерге арналған тартуымыз Есбайдың күйі «Жас түлек орындайтын домбыра ансамблі .

 

1-ж:- Елбасының сындарлы саясаты арқасында Қазақ елі ұлттық  рухы берік, саяси жүйесі тұрақты, экономикалық әлеуеті  мықты, бәсекеге қабілетті, халықаралық беделі қуатты мемлекет құра білді. Татулық пен тұрақтылық орныққан Отанымызды ынтымақ ұясына- жерұйық мекеніне айналды. Әлемдегі үш елдің бірі болып, жер бетіне тарыдай шашырап кеткен қандастарымызды атамкенге жинадық.

2-ж:  - Есілдің ен бойына ел қондырып, сайын дала төсі Сарыарқа төріне сәулетті Астана салынды.

1-ж:  - Ендеше еліміздегі осындай жетістіктердің құрметіне  мектебіміздің 2-сынып оқушысы Мұқамбетсадық Аяулымның орындауында «Астана» әнін қабыл алыңыздар.

 

1-ж:-Далада думан, қалада думан жыр бүгін,

         Ғасырлар бойы аңсай күткен бұл күнім.

         Жасай бер, жаса қалықтай ұшқан қыраным ,

         Тәуелсіз  Қазақстаным!

2-ж:-Тәуелсізбін, Тәуелсізбін мен бүгін,

         Келді міне азаттығым, теңдігім

         Бостандықта ойымменен санамда

         Шешіл енді шемел болған шерлі үнім,-демекші Тәуелсіздікке тарту ретінде Қазақ ақыны Сағи Жиенбаевтың «Елім менің» өлеңін оқитындар  Жақанова Нұрбану мен Боранқұлова Сұлугүлдің орындауында  қабыл алыңыздар.

Сұлу:-Алтайдан Атырауға дейін созылыр жатқан ұлан-ғайыр алқап-көшпенді қазақ жұртының бағзыдан бергі ірге тепкен атақонысы.

Нұрбану: -Ұлан-ғайыр атырап, Ертіс пен Еділгеш дейін, Арқа мен алатаудың Арасы-қазақтың алтын бесік атажұрты.

Сұлу:-Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең даланы біздің ата-бабаимыз ғасырлар бойы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келді.

Нұрбану: -Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын қазақ халқы өзінің жер бетінен жойылмай, іргелі ел, жоралы жұрт, қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны-оның еркіндік сүйгіштік жігерінің, асқақ рухының арқасы.

Сұлу:-«Елім бар жұрт едім ғой, елім қайда, төрім бар жұрт едім ғой, төрім қайда» дейтін қаһарлы ұранмен желтоқсанның үскірігіне қарамай, ұл-қыздарымыз жойқын батылдығымен дүниежүзін дүр сілкіндірді.

Нұрбану: - Халықаралық қоғамдастық Қазақстанды адамзат тарихында бірінші болып ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан ел, жүниежүзілік қауіпсіздік пен бейбітшілікке үлес қосқан мемлекет деп құрметтейді.

Екеуі: - Елім деп еміренген ұлан, ерінің қадірін білгенде ғана біздің тәуелсіздігіміз баянды болмақ. Тілің аман, ділім аман, бауырың бүтін, рухың бұла, мекенің берекелі болғай! Қазақ елі жасай бер!

 

2-ж:-Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған

         Байтақ елін батырлықпен қорғаған.

         Ұлы істерді ұластырар ұрпағың

         Қазақ елі құтты болғай нұр заман.  Кеңес Дүйсеекевтің «Сәлем саған туған ел»  әнін 7-сынып оқушылары  Байтөреева Перизат пен Нұрдәулетова Ақниеттің орындауында қабыл алыңыздар.

 

1-ж:-Отанымыз егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. Жүз отыздан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі шұбырған, өндірісі өркендеген мекенде әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтан тұтады. «Корей биі» билейтіндер Есеналиева Айнұр, Жетесова Гүлбану, Жақанова Нұрбану.

 

  1-ж:-Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

           Алу мақсат-ел деп алғыс, сауапты.

           Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,

          Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты!

2-ж: -Байрағың биікте желбірей жайнасын,

          Бұлбұлың орманда сескенбей сайрасын.

          Уа, халқым, қуаныш құтты боп жасай бер,

           Басыңнан мәңгілік бақытың таймасын,-деген ізгі тілекпен «Қазақтай ел қайда» әнін мектеп мұғалімдері  Құламанов Ерлан, Сұлтанғали Асылан, Кинбаев Нұрболдың орындауында қабыл алыңыздар.

 

1-ж: -Қазақта: «Бетеге кетсе-бел  қалар, бектер кетсе-ел қалар, береке кетсе-нең қалар» деген қасиеттіде,  қанатты сөз бар. Біздің баға жетпес байлығымыз-бабалардан өсиет болып қалған, халықымызға  қасиет боп қонған береке- бірлігіміз. Ендеше, тәуелсіз елімізді мәңгі ету жолындағы абыройлы белесте баршаңызға толағай табыстар тілейміз!

2-ж: - Әрдайым еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз  тұғырлы, мемлекетіміз ғұмырлы  болсын! Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Келіп тамашалағандырыңызға көп рахмет!

Соңында «Атамекен» әні орындалады.

 

 

 

Автор
Дата добавления 30.06.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1163
Номер материала 579172
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх