Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / «Елін сүйген ер» сценарий
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

«Елін сүйген ер» сценарий

библиотека
материалов

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының Тұңғыш Елбасы күніне арналған «Елін сүйген ер» тақырыбындағы шара сценарийі

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, студенттер!

2-жүргізуші:Елімізде биыл бірінші рет Тұңғыш Елбасы күні аталып отыр. Тарих беттерін ақтарсақ, ата-бабамыздан қалған дәстүрі бойынша хан сайлағанда, ақ киізге отырғызып ұлықтаған.

1-жүргізуші: Бүгінгі бақытымыздың алтын тамыры Азаттықта жатыр. Аңсап күткен азаттық әке болып тебіреніп, ана болып еміреніп күткен күн. Бесік жырымен бойға тарап, ананың ақ сүтімен қаңға сіңген ұлы сөз.Осы ұлы сөзге ХХ ғасырдың соңғы онжыл­дығында елтаңба қадап, жалау желбіреттік. 1991 жылы 1 желтоқсан күні бүкілхалықтық президент сайлауы нәтижесінде алаш жұртының абзал перзенті, халқы таң­да­ған қаһарман, елі таңдаған ер тұлға Нұр­сұлтан Назарбаевтың қолында же­ңіс туы желбіреді!.Тұңғыш Елбасы күніне арналған «Елін сүйген ер» тақырыбындағы ашық мызды бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші: Көрініс: «Елбасының дүниеге келуі» Кино «Балалық шағымның аспаны»

Шынымен-ақ шырылдаған нәресте үнін ести алмай өтеміз бе деп жүргенде анасы Райымбек бабаның басына барып зиярат етіп қайтқан күні түс көреді. Түсінде теңізге суға түскен екен. Су әуелі белінен, көкірегінен, содан соң мойынынанн асады. Су түбінен мылтық тауып алады. Иығына мылтықты асынып алып, аршындай басып, теңізді кешіп өтеді.

Осы түсін ағайындарына жорытқанда «Алла жар болсын, түсің жақсы екен, Жаратқан ие сендерге ұл береді екен»,- дейді. Шынында көп ұзамай 1940 жылы 6 шілдесінде халқының бағына туған, бүгінде әлем таныған Қазақстан мемлекетінің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дүниеге келді.

Сұлтан:Жеңеше, мен бір керемет түс көрдім.

Анасы:Ол қандай түс, балам?

Сұлтан: Мына Алакелдінің жотасына бір қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққаным сол, ауыл жаққа қарасам, менің мектебім де, кластағы балалар да осы Шамалған ауылының төмен жағынан көрінеді. Соны өзім арқалап шығарған тұз толы қаптын үстінде отырып көрдім.

Анасы: Балам, сен өте үлкен адам болады екенсің, дәрежең жоғары болады екен, тұз деген - несібе. Алла тілеуіңді берсің, балам. Мансабың жоғары, өрең терең, несібең аса мол, еңсең биік болады екен.

Анасы баласына ақ батасын береді.

Нәсіпбек Айтұлы «Елбасы»

Елбасы көк туды желбіреткен күні желтоқсан жазға, жанымыз сазға айналды. Әз Алматының қысқы аспанын көмкерген көгілдір тұманның өзі кейін көгілдір ту болып, көкке самғады. Жоғарғы Кеңестің оттай дуылдаған отырысында Егемендік туралы мәселе тәуелсіздікке ұмтылған еліміз­дің, ел баптаған ерлеріміздің арқасында ұлы жеңіспен аяқталды! Бұдан жиырма бір жыл бұрын, үш ғасырлық үмітшіл толғақтан кейін заман қазақ жұртына Азаттық атты асыл тарту жасады.

Жас ақындардың Елбасы туралы отты жырларын қабыл алыңыздар.

Гилманова Гүлжайна 2аКШК студенті

Сан жылдарды сарапқа салып,

Сан өткелдерді қарасам барлап

Нұр аға сенің еңбегің жанып,

Іздерің жатыр еңбекпен самсап.


Жастықтың жалын жүрегіңменен,

Ақ ниет шын тілегіңменен

Еліңді алға сүйреп келесің,

Ақ адал асыл еңбегіңменен.


Нар тұлғаңыздан мәрттікті көрем,

Қырандай көкке құлаш сермеген,

Мың алғыс сізге асыл азамат,

Ел жұртты дәйім шаттыққа бөлеген.

Есенбаев Асылбек 1аКШК студенті

Қазақ деген халық бар, кең пейілді жүрегі

Сыйлап білер бәрінде, сыйлы елім үнемі

Ер елімде ақылды Елбасы бар, Нұр-аға!

Сол үшінде бұл жерде тыныш өмір сүреді.


Абайы бар бұл елдің, дана халық ақыны

Махамбеттей бұл жерде өткен қанша батыры

Сол тұлғалар ізінен,келе жатыр бір тұлға

Ол-Елбасы, Нұр-аға, бүкіл қазақ жақыны.


Алға бастап халықты сол тоқсан бірдің кезінде,

Арман шіркін, алда ғой орындалар кез мүлде,

Тәуелсіздік жалауын желбіретіп,Сіз алғаш,

Халық екен арманшыл болды қалай сезімде.


Мүмкін мұны білмеген жанарынан шуақты,

Елестетіп күндерді жарқыраумен таң атты.

Сезімдері Алатаудай, бұл халықтың арманы,

Орындалып тағы да болашаққа қаратты.


Өткізілді ОБСЕ неткен күшті үмітпен

Мұндай жақсы хабарды бұл халықта кім күткен?!

О, Нұр –аға, өзіңмен алға дәйім өрлейміз,

Еурапомен, АҚШ-пен бірге қатар жүріп тең.


Астана мен Алматы-Азиада алаңы

Бұл алаңға халқыңыз зор үмітпен қарады.

Жетістіктің бәрі де Елбасының арқасы

Көкке өрлеп туымыз, көк аспанға барады.


Бұл қазақтың ұланы ел ішінде дарасы,

Бұл қазақтың жерінде өніп-өскен баласы.

Жарқын нұрлы үмітпен болашаққа қараймын,

Бұл Елбасы ақылды, бұл халықтың данасы.


Ромашев Шыңғыс 2аКШК студенті.

Ұлықты ұлылардың санатынан,

Намысы найзағайдан жаратылған.

Халқының өрен ері Елбасымыз

Тарихтың толқынында дара тұрған.


Халқының биік ұстар мұнарасы,

Халқының қамын ойлар шын ағасы.

Қазағы үшін тер төккен,еңбек еткен

Елбасымыз елінің Нұрағасы.


Алаштың ардақты ұлы арланысың,

Түбі бір түркі елінің тарланысың.

Еуропаның өзінде мойындатып,

Азияға дара жол салған ісің.


Танытқан бар әлемге қазақ атын,

Тарихқа ойып тұрып жазар атын.

Елі үшін еңбек еткен Елбасымыз,

Алаштың артық туған азаматы.


Елбасы ел үміті, халық сенер,

Саясатта дара жол салып келер.

Алаштың өр айбынын асқақтатып

Қазақты бар әлемге танытқан ер.


Талғатова Айгүл 2а КШК студенті.

Егемен елімді қолдаған елбасшы,

Бастаған ісіңді ұрпақтар жалғасын.

Бабамыз аңсаған тәуелсіз таңымды,

Халқына сыйлаудан ержүрек танбасын.


Мақтанам өзіңмен Елбасым қашанда,

Даңқыңды жалғаймыз ғасырдан-ғасырға.

Бәйгеге бастадың еліңді бүгінде,

Сұңқардай баулыған ұшатын аспанға.


Тәуелсіз ел атырған талай таңын,

Жасай берсін елбасымыз Нұрсұлтаным,

Қазағының сұлтаны, Нұрағасы,

Қорғанышы бола біл барша жанның.


Қырағы қырандайын елбасшысы,

Нұраға ел тірегі, ел намысы.

Көгінде сәуле шашар жарық жұлдыз,

Заңғарға жаны құмар тау барысы.


Алаштың айбындсы, белгілісі,

Қазақтай ұлтымыздың нақ серісі.

Тәуелсіздік арайлы таңын көрген,

Нұрағаның маңызды бұл жеңіcі

Сейдолла Болат (1аКШК студенті)

Тәуелсіздік таңы қайта атқанда,

Елім етек жеңін жиып жатқанда.

Өзің алдың еліміздің тізгінін,

Талай асу асып қалдық біз бүгін.


Ресей, Қытай бүкіл әлем бас ұрған,

Алпауыттар орын тепті қасыңнан.

Осы сәтте дұрыс шешім қабылдап,

Өз басыңмен бас тартқансын атомнан.

Үлгі болдың соғыс құмар жандарға,

Соғыс бізді жеткізер ме еді арманға?!

Бейбітшілік белгісіндей құдды бір,

Бұлбұл үні шырқалып тұр орманда.


Жаңа елорда орнаттыңыз елге сіз,

Шықты біздің өзіміздің теңгеміз.

Еңсердік біз сол сындарлы тоқсанды,

Содан кейін жаңа ғасыр басталды.


Сіз жүргізген саясатпен ұтқырлы,

Қазақ елі аяғынан нық тұрды.

ОБСЕ-ге төраға боп әлемге,

Беделді елдің бірі екенін ұқтырды.


Жандырды қазақ, бұл ғасыр сенің бағыңды,

Біздің елген шетелден қонақ ағылды.

Еткен еңбек, төккен тердің жемісіндей,

Азияда алауы келіп жағылды.


Өткіздік осы ұлан ғайыр жарысты,

Бүкіл әлем тарихпен біздің танысты.

Бұл халықтың бірге жеткен жеңісі,

Көсемімен көре білген алысты.


Қастерлаейді, құрметтейді сізді елде,

Айтасыз сіз сенем деп жастар сіздерге.

Сіз білдірген ақтау үшін сенімді,

Рухани өсу керек біздерге.


Мысалы тілді ұмытардаймыз бірте біз,

Тіл туралы қатаң бұйрық берсеңіз.

Қазақстанның бәрі қазақша сөйлесе,

Нұр үстіне нұр болады сенсеңіз.


Тіл тағдырын еске салам қинала,

Артық айтса кешіріңіз бұл бала,

Бәрі қазақша сөйлейді деп сенемін,

Сіз көрсеткен сол 2020-да!


Арнауында аяқтап қалды жас балаң,

Қазақты өзің қайта шыңға бастаған,

Жиырма жылдың жетістігіндей болып,

Жарқырап тұр елордамыз Астанам!


Сіз тұрғанда бізді күтет арай күн,

Болашаққа сенімменен қараймын.

Басқа емес қазақ болып саналған,

Бұл Болаттты бақытты деп санаймын!





Байкенова Диана (1аКШИ студенті)

Адамзаттың баурайында тербеткен,

Қазақ жері киелі едің сен неткең.

Елім, жерім, көшбасшымды ойлап бір,

Тоқтай алмай жырда жаздым кенеттен.


Отанымды ойлай қалсам айдынды,

тез ұмытамын жүректегі қайғымды.

Елбасымның еңбегімен бүгінде,

Қазақстан саясаты айбынды.


Кеңейтумен әр саланы, нарықты

Бар қазаққа сыйладй ғой жарық күн.

Еңбек етіп, жүректерге жол тауып,

Көңілінен шыққан еді халықтың.


Алға қойып мақсат, мүдде мұратын,

Жол таптыңыз биіктерге шығатын.

Жеткіліксіз болар сірә ,жаханда

Сіз жайында жыр жазса да мың ақын.


Қолым қалам ұстауға бір бейім деп,

Бар ойымды айтар болсам түйіндеп.

Еш ойланбай айта салар едім ғой,

Елбасысыз өмір сүру қиын деп.


Сіз керексіз Қазақстан халқына,

Беріксіз ғой оның дәстүр салтына.

Қаншама жыл адал еңбек еттіңіз,

Кір келтірмей қазақ елі атына.


Қуан қазақ, адал таза арыңа,

Қуан қазақ жау жуымас жаныңа.

Қуан қазақ, өзгедерге ұқсамас

Нұр ағадай көшбасшының барына.


О, адамзат болсыншы бір ұлағат,

Аодан безіп қалмайықшы күнәға.

Сан биіктің бағындырған белесін,

Басымды идім алдыңызда Нұр аға!


2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көкейінде тұрған алғашқы сөз: «Отандастарымнан бөлек уайымым да жоқ, олардан бөлек қайғым да жоқ. Нені болса да елмен бірге көремін, елмен бірге төземін, елмен бірге жеңемін», деген сөз екеніне ешкім де шүбә келтірген жоқ. Бұл әрі қарапайым, әрі жан тебірентерлік сөзді Елбасы әрдайым айтып келеді. Өйт­кені, бұл сөз оның адамдық, азаматтық, қай­раткерлік кредосы. Елбасылық, Көшбасшылық тұ­жырымы. Перзенттік парызы, Азаматтық қарызы..

Ән. «Елім менің» (1аҚМҚ студенті Дүйсенов Аралбек)

1-жүргізуші: Елбасы қай салада да сұңғыла, салиқалы, терең, талғам­паз, білікті, пайымды, шешімді әрі кесімді,ұтқыр шешім қабылдайды. Бұл – кемел көшбасшыларға ғана тән қасиет. Бұл тұрғыдан келгенде, көшбасшыға тән сан алуан қасиеттерді бір бойына жинақтаған Елбасының бой­ын­дағы ең басты қасиеті – халқын сүюі, елін қастерлеуі, Ота­нын құрметтеуі, ең ізгі де жақсы қа­сиеттерді бой­ы­на толық сіңіруі. Бұл - әлем­дегі алуан-алуан мемлекеттердің көшбасшы­ла­ры­­ның көңілінен шыққан көшелі баға, ортақ пікір.

Елбасы туралы басқа ел басшыларынң сөздері.

Ерсайынов Ж: Абдулла Гүл, Түрік Республикасының президенті:

«Әр келгенімде гүлдене түскеніне куә болып жүрген Астана қаласы - Қазақстанның динамизмі мен Президент Назарбаев мырзаның көрегенділігін бейнелейтін ең үлкен туынды. Астананың құрылыс жұмыстарына түрік фирмалары мен жұмысшыларының да үлес қосуын түрік-қазақ ынтымақтастығының ең әсем нышандарының бірі деп білеміз.»

Сүлейменов Д: Ислам Каримов, Өзбекстан Республикасының Президенті:

«Өзбекстанда Сізді Қазақстан тарихының бетбұрыс сәтінде саяси, эканомикалық және әлеуметтік реформалардың барысында басшылық еткен аса көрнекті мемлекет қайраткері деп біледі. Өзбекстанда сізді біздің халқымыздың нағыз досы деп біледі, әрі өзіміздің өзбек-қазақ қатынастарының серпінді дамуына қосқан үлесіңіз баға жеткісіз деп біледі.

Біздің мемлекетіміз бен халықтарымыз арасындағы қарым-қатынастар әрдайым тарихымыздың, мәдениетіміздің, тілімі бен дініміздің жақындығына негізделіп келеді.Біз ғасырлар бойы қатар өмір сүрдік,өмір сүріп келеміз және мәңгілік өмір сүре беретінімізге кәміл сенемін.»

Дүйсенов А: Ли Мен Бак, Корея Республикасының Президенті: «Корея Қазақстанмен кең ауқымды ынтымақтастықты кеңейтуге әзір.Қазақстан Орталық Азиядағы белді мемлекет болып табылады, ал Нұрсұлтан Назарбаевты мен әлемдік деңгейдегі көшбасшы деп білемін.Оның басшылығымен Қазақстан дамудың қайран қаларлық биігіне көтерілді.»

Орынғалиев Ү: Ху Цзинтао, ҚХР Төрағасы: «Тәуелсіздік жылдары сіздің басшылығыңызбен еңбексүйгіш те ақылман Қазақстан халқы өзінің қажырлы да жасампаз еңбегімен дамудың дұрыс жолын таба білді.Бүгінде Қазақстанда эканомика тұрақты даму үстінде, халықтың әл-ауқаты артып, қоғамның әлеуметтік саяси тұрақтылығы сақталып отыр.»

Абатов Ж: Хосни Мубарак,Египет президенті: «Қазақстан халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіңізде сізге табыстар тілеймін, сондай-ақ екіжақты қатынастардың одан әрі дамуына сенім білдіремін.»

2-жүргізуші: Егемен күндердің еменжар­қын таңы атқанда Президенттің перзенттік кө­ңіл­ден төгіліп түскен «Елім менің» шалқымасын шаттық ораториясы деп қабылдап, тыңдаған кезде жүректің нәзік қылын шертіп, жаныңды самал боп аймалайтын «Үшқоңырды» туған жерге деген махаббаттың серенадасы деп сезінеміз.

Ән: «Үш қоңырым» (Сүлейменова Н,Жәрдем Н) бейне клип қосылады.

1-жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлының жасаған жасампаз істерінің ішінде мәдениет пен ғылым, әдебиет пен өнер саласының өкілдерін марапаттауы, «Мәдени мұра» бағдарламасы, Елбасы­ның ұлттың мәдени деңгейін көтеру жолындағы елімізде соңғы жиырма жыл ішінде бірнеше оңдаған театр мен кино-концерт залдары, мәдениет ошақтары, кітапханалар мен оқу залдары, ғылыми-зерттеу институттары ғимараттары, жастар мен балалардың дарыны мен талантын ұштайтын орталықтар салынды. Бұ­лар­дың бәрінде қайнаған қызу еңбек, құлшыныс пен құштарлық, жігер мен серпін, қуат пен шуақ жатыр.

«Болашақ» бағдарламасы, Елбасы университеті, зияткерлік мектептер туралы.

Жаношева Г: Назарбаев зияткерлік мектептері.

2011 жылдың 19 қаңтарында басқарудың ерекше формасын белгілейтін , академиялық еркіндік және дербестік беретін «Назарбаев Университеті», «Назарбаев зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қоры» ҚР Заңы қабылданды. «Зияткерлік мектептердің базасында Кембридж университетімен бірлесіп білім берудің түбегейлі жаңа стандартты әзірлеуде, бұл стандарттар келешекте еліміздің барлық мектептеріне тарайды.2011-2012 оқу жылы бағдарламасы бойынша Астана, Көкшетау, Семей, Талдықорған және Өскемен , Орал қалаларында 6 «Назарбаев Зияткерлік мектебі» жұмыс істеп, оларда 4 мыңнан астам оқушы білім алуда. Зияткерлік мектептепте білім берідің екі модемі жүзеге асырылады.Бірінші модель-жаратылыстану математикалық бағыттағы білім бағдармасын жүзеге асырады.Бұл бағдармалар бойынша оқушылар физика, математика, химия және биология пәндерін тереңдетіп, үштілді ортада оқиды.

Екінші модель- негізгі және жоғарғы мектепте балаларды Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша оқыту. Бұл 35 жылдан астам тарихы бар, жоғары сапалы білім беретін бағдарлама ретінде әлемге танылған.Халықаралық бакалавриаттың дипломын 102 елдің 1300 астам университеттері мақұлдайды. Назарбаев зияткерлік мектептерінің стратегилық бағыттары: бәсекеге қабілетті, өмір бойы оқуға дайын, отансүйгіш, үштілді және ақпараттық технологияларды игерген оқушыларды дайындау.

Сапарова А «Назарбаев университеті»

2009 жылы ҚР Президенті халықаралық деңгейде университет құру жобасына басшылық етті. 2010 жылы Назарбаев университеті құрылды.Бұл университет - иновациялық ғылыми зерттеуге бағытталған, қазіргі заманға сай, күшті инфроқұрылымы зор университет. Бұл оқу орнына интелектісі мол, ізденуге құштар студенттерді қабылдайды.

2-жүргізуші:Ұлттың рухани әлемін танытып, талдауда Елбасы қаламынан туған «Ой бөлістім халқым­мен», «Қалың елім, қазағым», «Нұрсұлтан деп ат қойдым», «Еуразия жүрегінде» деген жинақтары ой көзімен қараған оқырманға «мен ақындық сезімнен тудым» деп сыр жайып жатқандай. Осы кітаптардағы қанатты сөздер мен көркем түйін­дер, кенен қайырымдар мен кемел пайымдар, ой мен образ, сыр мен сымбат жаныңды баурап, көңіл биігін көкжиекке ұмтылдырады. Елбасының қанатты сөздері:

Қайыржанова Н: «Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол-бірлік.Еліңді, жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, Тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшін де ол сондай қажет.»

Оразбекова Н: «Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан Қазастан елінің, халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі өнегеге айналды.»

Қосшығалиева А:«Ұшар басында алып самұрығы қанат қаққан «Қазақ елі манументі» -бабаларымыздың «Мәңгілік ел орнату» идеясына қойылған ескерткіш белгі. Халқымыздың өткені мен болашағын жалғап тұрған, оның мәңгілік мұраты мен асыл арманы бейнеленген бұл алаң-еліміздің басты алаңы!»

Сапарова А: «Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шындап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Тарих көші ұзақ. Асықсақ та аптықпайық. Қазақстанның көпұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін.

Оразова Ә: «Тәуелсіздіктің қайта оралғаны -біздің ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтуі, Жаратқан иемнің жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы. Мұндай жер болмаса, мұндай ел де болмас еді.»

Сәкенова А: «Бүгінде Қазақстан –әлемдік қоғамдастықтағы жауапты да құрметті әріптес, Орталық Азияның шешуші ел.і»

Құралаева А: «Біз жігерлі халықпыз. XXI ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанатын ғасыр болатынына » Барлығы:СЕНЕМІЗ!

1-жүргізуші: « Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деп Елбасының өзі қадап көрсеткеніндей ұлы Абай мен Жамбылдың 150 жылдығында, Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толғанда жасаған баяндамала­ры әлемдік әдеби процесті жетік біліп, жете тани алатын, әдебиет пен өмірдің арасындағы қалам­герлік шарттылық пен азаматтық қабылдауды толық еңсерген, қажет болатын болса, көркем әдебиетке де қол арта алатын адамның деңгейін көрсетті. Осынау жылдарда оның қаламы­нан туған тарихи- танымдық, тағылымды публи­цистикалық, қоғамдық-саяси аспектісі әлемдік өркениеттік талаптарға толық жауап беретін он­даған кітаптары қалам ұстаған әрбір қаламгерге жөн сілтеп, жоба көрсететін жинақтар.

Елбасының кітаптары туралы мәліметтер

(Сабырғазиева С, Құралаева А,Сейдолла Б, Есбергенова А, Сүлейменова Н )

Баяндама.Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына арналған Елбасы баяндамасы.

Бектілеу А:

«Ж.Жабаевтың шығармаларының биік поэтикалық шеберлігі, кең құлаштылығы, шежірелігі, оған ХХғасырдың Гомері деген атақты иелендірді.Туған халқының жан дүниесіне терең бойлай отырып, ол рухани әлемдік мәдениеттің қазынасының бөлшегі болып табылатын, халықтың ән-жырынан саф алтындай құнарлы нәр тата білді.Сондықтан да халықтың еңбегі мен ерлігін жырға қосқан Жамбыл шығармалары бүкіл адамзаттың ортақ иілігіне айналды .Еліміз, мемлекетіміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, оны нығайтып жатқан бүгінгі шақта Жамбыл есімі Қазақстандық патриотизм мен жұртшылықтың рухани жақындасуының, көп ұлтты Қазақстан халықтарының достығының символына айналды.Ұлы ақынның бір жарым ғасырлық мерейтойы тұсында біз оның теңдесіз талантының алдындағы перзентік борышымызды өтеп қана қоймаймыз, Жамбыл әлеміне терең бойлай отырып, өзіміздің тарихымызды,тегімізді танимыз бақыт пен жарқын келешекке шеккен сапарымыздан тар жол тайғақ кешудің өзін айқынырақ көреміз.Сессияға қатысқандар мен қонақтарға бар жүрегіммен тың ғылыми жаңалықтар мен шығармашылық жетістіктер тілеймін. Бұл форумның біздің ұлы Отанның шығармашылығын зерттеуге үлес қосқанына кәміл сенемін!»

2-жүргізуші: Кешегі желтоқсан көтерілісі кезінде алаңға шыққан алау жастар сазгер Шәмші Қалдаяқов пен ақын Жұмекен Нәжімеденовтің «Менің Қазақстаным» әнін халықтық хорға айналдырған болатын. Сол кездің өзінде-ақ қазақ халқы бұл өлмес туындыны елұраны деп қабылдаған болатын. Ха­лық­тың көкейіндегі осы ортақ ойды Елбасымыз дәл тауып, тамаша шешім қабылдады. Мемлекеттік әнұран – мәңгілік туынды.

Әнұран орындалады.

1-жүргізуші: «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан» деген жүрекжарды жақсы сөздің авторы, жаңа тұрпатты мемлекет орнатып, жер жүзіне оны толық мойындатып, әлемдік деңгейдегі көшбасшылық биіктікке көтерілген Тұлға – Сіз бен біздің Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Әлемде Қазақ елі біреу, оның Көшбасшысы біреу. Бірге: Бар болсын елін сүйген өр тұлғамыз!





















Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж












«Елін сүйген ер» тақырыбындағы

Елбасы күніне арналған шара









«Зерде» клубының жеткшісі Қ.Ү.Жақыпова

Краткое описание документа:

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, студенттер!

2-жүргізуші:Елімізде биыл бірінші рет Тұңғыш Елбасы күні аталып отыр. Тарих беттерін ақтарсақ, ата-бабамыздан қалған  дәстүрі   бойынша  хан сайлағанда,    ақ киізге отырғызып ұлықтаған.

1-жүргізуші: Бүгінгі бақытымыздың алтын тамыры Азаттықта жатыр. Аңсап күткен азаттық әке болып тебіреніп, ана болып еміреніп күткен күн. Бесік жырымен бойға тарап, ананың ақ сүтімен қаңға сіңген ұлы сөз.Осы ұлы сөзге ХХ ғасырдың соңғы онжыл­дығында елтаңба қадап, жалау желбіреттік. 1991 жылы 1 желтоқсан күні бүкілхалықтық президент  сайлауы нәтижесінде  алаш жұртының абзал перзенті, халқы таң­да­ған қаһарман, елі таңдаған ер тұлға Нұр­сұлтан Назарбаевтың қолында же­ңіс туы желбіреді!.Тұңғыш  Елбасы күніне арналған «Елін сүйген ер» тақырыбындағы  ашық мызды бастауға рұқсат етіңіздер!

 

2-жүргізуші: Көрініс: «Елбасының дүниеге келуі» Кино «Балалық шағымның аспаны»

Автор
Дата добавления 09.02.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1296
Номер материала 374905
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх