Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Елтаңба мен ту туралы жыр.

Елтаңба мен ту туралы жыр.

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_6c87c0b7.gifhello_html_m6ce49cf8.gifhello_html_1e30c6ac.gifhello_html_m18310112.gif4- сынып

Ана тілі


Сабақтың тақырыбы

Елтаңба мен ту туралы жыр.

Сілтеме

Оқулық, cабақ жоспары

Мақсаты:

1.Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікті сезінуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Өнерге деген қабілеттерін дамытып, елге, жерге патриоттық сезімдерін ояту.

Ел рәміздерін, тарихын білуге, қастерлеуге үйрету.

Оқыту нәтижесі

  • Ел рәміздері туралы мәлімет алады;

  • Өз ойын жеткізе білуге ,сөйлемді дұрыс құруға үйренеді;

  • Шығармашылық қабілетін арттырады;

  • Топпен жұмыс , бірлескен оқу арқылы талдау жасайды;

  • Бірін – бірі, өзін –өзі бағалайды;

Типі

Жаңа білімді меңгерту сабағы

Әдіс-тәсілдері

Топтық, ұжымдық,жұптық жұмыс , СТО Технологиясы ,«Түртіп алу» стратегиясы , ассоцияция әдісі,ой шақыру, көрнекілік

Көрнекілігі

Слайд, бейнефильмдерден үзінді, рәміздер жайлы үлестірмелер,смайликтер,критерий арқылы бағалау;

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, дүниетану

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

I.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

а) Психологиялық дайындық

Күн көзіндей күлімдеп,

Көңілді болып жүрейік.

Казіргі болар сабаққа

Жүректен ақ жол тілейік!

- Бүгінгі ана тілі сабағына ұсынатын ережелерің қандай? (жұп бойынша ақылдасып өз ережелерін ұсынады)

Ә)Сыныпты топқа бөлу сурет құрастыру арқылы жүзеге асады.


Оқушының іс- әрекеті

Ұжымдық жұмыс







1-4 топқа бөлініп отырады.


1-3 мин

Қызығушылықты ояту кезеңі

Туған жер

1.Ой шақыру:

Алтын сөз




- Туған жер дегеніміз не?

- Отанымыз, Қазақ жері, елі

2.Мақсат қою кезеңі:Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

- Ендеше балалар бүгін біз Кеңес Оразбекұлының «Елтаңба мен Ту туралы жыр» мәтінімен танысамыз.

Топтық жұмыс




5 мин



Мағынаны тану кезеңі


1.Жазушы туралы қосымша түсінік беру.

2. Оқулықпен жұмыс.

1) Мәтінді мәнерлеп оқу.

2) Іштей оқу. «Түртіп алу» стратегиясы

Сөздік жұмыс.Өлеңді оқи отырып, сөздер,сөз тіркесі мағынасын ашу.

Ғұндар-

Сақтар-

3.Топтық жұмыс.(әр топқа үлестірме беру)

1-топ: Елтаңба

2-топ: Ту

3-топ: Әнұран

4-топ: Пырақ пен Қыран сөздеріне диалог құрау.

1-топ:

Біздің топ Мемлекеттік Елтаңба туралы айтады.

«Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды» дейді қазақ халқы. Кейбір мемлекеттер өзінің елтаңбасын өсімдіктер немесе жануарлар суретімен бейнелейді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғары жағында бесбұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.

2-топ.

Біз Ту туралы айтамыз. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ұзындығы 2 метр, ені 1 метр көгілдір түсті мата. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран құс, сол жақ сабының тұсынан ұлттық өнер нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Алтын күн молшылықтың, байлықтың белгісі болса, қыран құс халықтың арман – мақсатының биік екенін көрсетеді. Ою ұлттық нақыштарымызды білдіреді.


3-топ:

Біздің топ Мемлекеттік Әнұран туралы айтып береміз.

 Қазақстан Республикасының Әнұраны 2006 жылы 7 қаңтарда бекітілді. Әнұранның сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.

Жас ақын Ж.Нәжімеденов пен жас сазгер Ш.Қалдаяқов «Менің Қазақстаным» әнін 1950 жылдары жазды. Бұл ән бірден халықтың сүйікті әніне айналды. Қазақстанның түкпір-түкпірінде «Менің Қазақстаным» зор мақтанышпен, ерекше көңілмен шырқалды. 2006 жылы 7 қаңтарда жарты ғасыр өткен соң, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынуымен бұл ән Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранына айналды.

4-топ:

Пырақ пен Қыран сөздеріне диалог құрау.


4. Бейнефильмнен үзінділер көрсету:

Қазақстан рәміздері жайлы бейнекөрініс.

5.Сергіту сәті: музыка әуенімен қимылдық жаттығу жасау.


Оқушылар оқыған шығармаларын айтады.

5 мин

















Жұпта, топта талқылау сөз мағынасын ашу.




Тізбек бойынша оқиды.

5мин




Слайдтан көрсету

1-2 мин









Әр топ тапсырманы оқып, ауызша басқа топқа түсінгендерін айтады.




Топтық жұмыс.

5 мин



Бірін-бірі бағалайды.














Бейнефильмнен үзінді көру.3-5мин





Ой толғаныс кезеңі

6.Дәптермен жұмыс: жазу.

1-топ: Отаным мақтанышым ( эссе жазу)

........................................................

2-топ: Отан сөзіне 5 жолды өлең құрастыру.

.....................................................

3-топ: Отан жайлы мақалдар жазу.

......................................

4-топ: Отан сөзіне ассоцияция құрастыру.

........................................


Ойын «сен маған, мен саған»

Топтар бір-біріне сұрақтар қояды.

  1. Ел рәміздерін ата.

  2. Елтаңбада нелер бейнеленген.

  3. Туымыздың авторларын ата.

Рефлексия


Шығармашылық жұмыс



5 мин.





Топтық жұмыс



Үйге тапсырма

1. «Елтаңба мен Ту туралы жыр» мәтінін мәнерлеп оқу.

2.Мақалдарды жалғастырып жазу..

3

Өздігінен

орындау,іздену.

1 мин.



Бағалау





Критерий арқылы бағалау.

Бағалау критерийлері

0-3 ұпай

1

Мәтінді мәнерлеп оқимын


2

Мәтіндегі негізгі ойды түсіндім


3

Рәміздер жайлы кеңінен түсіндім


4

Туған жер, Отан жайлы мақалдар білемін.


5

Өз ойымды тиянақтап, жеткізе білдім



Жалпы ұпай


Отан деген ұлы ұғым. Сол Отанда мекендеп жатқан барша халықтың бойында Отансүйгіштік қасиетпен елге, жерге, мемлекеттік рәміздеріне деген мақтаныш әрдайым ерекше болмақ. Мемлекеттік рәміздер әр уақытта татулық, бірлік, достықтың белгісі болып қала береді. Рәміздерді құрмет тұту – әрбір оқушының абыройлы міндеті, оны қастерлеудің маңызы зор болмақ. Мемлекеттік рәміздер – біздің еліміз бен егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі екенін әрқашан есте ұстайық.

Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,

Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.

Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,

Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!








Өзін-өзі бағалау.

5 мин




















Біздің топ Мемлекеттік Елтаңба туралы айтады.

«Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды» дейді қазақ халқы. Кейбір мемлекеттер өзінің елтаңбасын өсімдіктер немесе жануарлар суретімен бейнелейді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғары жағында бесбұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.




Біз Ту туралы айтамыз. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ұзындығы 2 метр, ені 1 метр көгілдір түсті мата. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран құс, сол жақ сабының тұсынан ұлттық өнер нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Алтын күн молшылықтың, байлықтың белгісі болса, қыран құс халықтың арман – мақсатының биік екенін көрсетеді. Ою ұлттық нақыштарымызды білдіреді.







Біздің топ Мемлекеттік Әнұран туралы айтып береміз.

 Қазақстан Республикасының Әнұраны 2006 жылы 7 қаңтарда бекітілді. Әнұранның сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.

Жас ақын Ж.Нәжімеденов пен жас сазгер Ш.Қалдаяқов «Менің Қазақстаным» әнін 1950 жылдары жазды. Бұл ән бірден халықтың сүйікті әніне айналды. Қазақстанның түкпір-түкпірінде «Менің Қазақстаным» зор мақтанышпен, ерекше көңілмен шырқалды. 2006 жылы 7 қаңтарда жарты ғасыр өткен соң, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынуымен бұл ән Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранына айналды.








Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 11.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров266
Номер материала ДВ-327132
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх