Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / География / Другие методич. материалы / "Елтану" (11-сыныпқа арналған қолданбалы курс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • География

"Елтану" (11-сыныпқа арналған қолданбалы курс)

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Елтану1.docx

библиотека
материалов

hello_html_m701bdfba.gifhello_html_54ded2e9.gif

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Бірлестік орта мектебі



















ЕЛТАНУ

























Көкшетау

УДК 373.167.1

ББК 26.8 я 2 я 72

Е 32




Рецензия жазған:

Ақмола облысы БҚБА және ҚДИ-ның

жаратылыстану-математика циклі пәндерін

оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі,

география пән оқытушысы Мәдениет Хабатұлы.




Який Хайрат

Е 32 Елтану./ Жалпы білім беретін мектептің 11 сыныбына арналған қолданбалы курс. - Көкшетау, 2012. - 70 бет.



ISBN 978-601-231-561-6




Елтану бұл – Еуразия материгіндігі мемлекеттердің тарихы, табиғаты, халқы, экономикасы т.б туралы қызықты мәліметтермен таныстыратын курс болып табылады. Курс 2 бөлімнен тұрады. І бөлім – Азия елдері, ІІ бөлім – Еуропа елдері. Осы елдер туралы мәліметтермен таныса отырып оқушылар түрлі сарамандық жұмыстар мен тест тапсырмаларын да орындайды.





УДК 373.167.1

ББК 26.8 я 2 я 72



ISBN 978-601-231-561-6



іру және көбейтіп басуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ, мйкес қ(7162)31-33-49.

© Який Хайрат, 2012







Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Бірлестік орта мектебі.

География пәні мұғалімі: Який Хайрат



Түсінік хат


«Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» орта білім берудің мақсаты – алған білімінің, кәсіби дағдыларының негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын, өзінің білімін дамытуға, сол алған білімі арқылы өз мүмкіндіктерін іске асыруға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру екендігі көрсетілген. Ұлттық деңгейде қойылған мақсатты жүзеге асыруда географиялық білімнің алатын рөлі зор.

Қазіргі кезде елдер арасында әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастар қарқынды дамуда. Сондықтан да мектеп оқушыларының дүние жүзі елдерінің табиғаты мен шаруашылығы жөнінде білім негіздерін қалыптастыратын пән ретінде географияның маңызы артады.

География ғылымының қазіргі кезде баяндауышы – энциклопедиялық ілімнен конструктивті ғылымға айналғаны бәрімізге мәлім. Географияның заманға сай міндеті «адам-табиғат-шаруашылық-қоршаған орта» жүйесінде пайда болған қарама-қайшылықтарды шешу. Демек, географиялық білім әр түрлі әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерді шешу үшін үлкен әсерін тигізеді.

Қазір дүние жүзі елдері өзара байланысты және тәуелді бола түсуде. Бұл жағдайда географияның алдында барған сайын жаңа әрі аса жауапты міндеттер тұр: соның бірі – мемлекеттердің интеграциялық процеске ұмтылуы.

Сондықтан да қазіргі кезде әрбір оқушы өз елінің тарихы, табиғаты, экономикасы мен экологиясын біліп қана қоймай, дүние жүзі елдерінің тарихы мен табиғаты, экономикасы мен экологиясы, халықаралық байланыстары туралы да білулері керек, өйткені олар келешекте әлемнің көптеген елдерінде қызмет ететін болады. Міне осы тұрғыдан да Елтану курсының маңызы зор.

Білімді, жан-жақты тәрбиелі, қабілетті жастар ұлтымыздың баға жетпес қазынасы, сондықтан жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде Елтанудың тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі зор.

Елтану бұл – Еуразия материгіндігі мемлекеттердің тарихы, табиғаты, халқы, экономикасы т.б туралы қызықты мәліметтермен таныстыратын курс болып табылады.

Курс халықаралық қатынас, әлемдік экономика, елтану, аймақтану, мәдениеттану, саясаттану, өнер, тарих, туризм сияқты мамандықтарды қалаған оқушыларға бағыт-бағдар, көмек береді.







Мақсаттары:

  • География пәніне байланысты мамандық таңдаған оқушыларға бағыт-бағдар беру;

  • Қоғам өмірі мен мемлекеттер жөнінде танымдық деңгейдегі мағлұматтармен таныстыру;

  • Жеке елдердің қазіргі геосаяси жағдайын талдау арқылы саяси географиялық білімнің негізін қалау;

  • Жеке аймақтар мен елдердегі табиғат ресурстарының таралуы мен пайдалану мүмкіншіліктерін қарастыру арқылы географиялық-экологиялық мәдениетті меңгеруге үйрету:

  • Мемлекеттердің географиялық бет-бейнесін танып-білу негізінде өз елін сүюге, басқа елдер мен олардың мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу;

Міндеттері:

  • Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа жетелеу;

  • Оқушылардың танымдық және интеллектуалдық дағдыларын қалыптастыру;

  • Алған білімдерін дүние жүзінде болып жатқан өзгерістермен байланыстыра отырып, кейбір проблемалық мәселелер жөнінде өз ойларын, пікірлерін айта білуге үйрету;

  • Өздік жұмыс жасауына ықпал жасау;

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын географияның бүгінгі таңдағы ғаламдық проблемалары мен әр түрлі әлеуметтік-саяси жағдайдағы халықтардың тұрмыс-тіршілігі туралы мәліметтер арқылы арттыру;

  • Географиялық карта, атластармен жұмыс жасай білуге, географиялық әдебиеттерден қажетті мәліметтерді жинай білуге дағдыландыру.

  • Дүние танымдық қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, олардың құзырлылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

Осы курсты меңгере отырып оқушы географиялық білімдерін жетілдіріп қана қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерітер мен оқиғаларға баға бере алатын саяси сауатты, салауатты өмір салтын серік еткен, мәдениетті тұлға болып қалыптасады және де дүниені танып білуге деген құштарлығы, ынта-ықыласы артады.

Әдістемелік нұсқаулар.

Осы курсты меңгеруде оқушылар көп нәрсені үйренеді: өздігінен ізденуге, кесте толтыру, ғылыми рефераттар жазу, түрлі хабарламалар дайындап мәліметтерді жинастыру, ақпаратпен, картамен жұмыс және де түрлі презентациялар (слайд) жасайды. Оқу барысында дәріс арқылы алған білімдері сарамандық жұмыстар мен сынақ жұмыстар (тест) арқылы толықтырылады.

Дәптерге дәрістер, тезистер құрады, кесте, сызбанұсқа, ақпарат көздерінен жиналған түрлі мәліметтер, диаграммалар, сонымен қатар рефераттар дайындап, слайд жасалып, әрбір жұмысты қорытындылап, бағалау.

Қолданатын құрал-жабдықтар:

Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар, дидактикалық материалдар, электрондық оқулықтар, компьютер (слайдтар), кестелер мен үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс:

тарих, дінтану, құқық негіздері, өнер, экономика, экология, сызу, биология.

Оқытудың іс-әрекет түрлері:

  • Бағдарлама география, тарих, экономика, саясаттану мамандығы туралы түсінік қалыптастырады.

  • Оқушылар Еуразия елдері туралы деректерді, мәліметтерді талдап, зерделейді.

  • Материалды проблемалық оқыту тәсілі арқылы географиялық-танымдық білімді дамыту, яғни:

    • елдің географиялық жағдайына баға беру;

    • талдау-салыстыру;

    • сипаттау;

    • пікір-талас;

    • картамен жұмыс

    • толықтыру әдістерін меңгереді.

  • Ақпарат көздерінен негізгі ұғымдарды, мәліметтерді қысқарта жазып, қорытып, талдау арқылы нақты тұжырым жасайды, тезистер құрастырады.

  • Даталар, цифрлар, фактілер, статистикалық мәліметтерді енгізе отырып, қысқаша жазады (конспектілеу), кесте, диаграммалар құрайды.

  • Қосымша әдебиеттер мен мерзімді баспасөздегі және де әр түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер мен хабарларды салыстырып, өз пікірін білдіреді, дәлелдейді.

  • Сабақты түрліше деңгейде ұйымдастыра отырып, оқушылардың алған білімдеріне тексеру жүргізіледі.

Оқушылардың білімі мен іскерліктеріне қойылатын талаптар:

Оқушылар міндетті түрде білуі қажет:

  • бейіндік курс бойынша , базалық курста берілмеген білім көздерімен жұмыс істей білу;

  • елдердің мемлекеттік құрылысы мен басқару формаларын;

  • табиғаты мен геосаяси жағдайын;

  • жеке елдер мен аймақтар халқының құрамы, мәдениеті мен тұрмыс-салтын;

  • аймақтардың шаруашылық дамуы мен елдердің шаруашылық құрылымын;

Оқушылар мынадай талаптарды орындауға үйренеді:

  • елдің экономикалық-географиялық жағдайына баға беру;

  • карта, құжаттар, әдебиеттер және ақпаратпен жеке жұмыс істеуді білу;

  • қазіргі саяси жағдайға баға беру;

  • елдердің табиғат жағдайлары мен ресурстарын халықтың шаруашылық әрекетімен өзара байланыстырып талдай білу;

  • әр түрлі дерек көздерін пайдаланып, кез келген елге елтану бағытында сипаттама құрастыру;

  • белгілі тақырыптар бойынша тезистер құрып, баяндама, рефераттар жазып, хабарлама дайындай білу;

  • ғылыми жобалар жазу;



«Елтану» (Еуразия елдері бойынша)

Бағдарламаның тақырыптық жоспары.


Сабақ тақырыбы

Сағат саны


Өткізу түрі

Білімділік нәтижесі

Б

Д

С

І бөлім.Азия елдері.

1.Оңтүстік Батыс Азия

20

9

17

8

2

1



1

Ауғанстан Ислам Республикасы


1


Лекция

Конспект

2

Бахрейн Әмірлігіі


1


Әңгімелеу

өз.жұмыс

3

Біріккен Араб Әмірлігі


1


Әңгімелесу-сұхбаттасу

Хабарлама дайындау

4

Иран Ислам Республикасы


1


Лекция-баяндау

Реферат

5

Ирак


1


Диспут

Конспект

6

Ливан Республикасы


1


Баяндау

Кесте құру

7

Сирия Араб Республикасы


1


Лекция

Конспект

8

Сауд Арабиясы Корольдігі


1


Әңгімелесу-сұхбаттасу

Хабарлама дайындау

9

Сарамандық жұмыс №1



1

Практикалық

Картамен жұмыс

2. Орталық және Оңтүстік Шығыс Азия елдері.

7

7

-



10

Монғолия


1


Семинар сабақ

Шығарма жұмыстар

11

Бруней сұлтандығы



1


Лекция-баяндау

Сызба-кесте

12

Вьетнам


1


Әңгімелесу-сұхбаттасу

Хабарлама дайындау

13

Малайзия


1


Ізденіс-зерттеу

Реферат

14

Филиппин


1


Лекция

Конспект

15

Тайвань


1


Лекция-диспут

Хабарлама дайындау

16

Камбоджа Корольдігі


1


Лекция-баяндау

Конспект

3. Оңтүстік Азия елдері

4

3

1



17

Бангладеш


1


Баяндау

Кесте құру

18

Бутан Корольдігі


1


Лекция

Конспект

19

Пакистан Ислам Республикасы


1


Әңгімелесу-сұхбаттасу

Реферат

20

Сарамандық жұмыс №2



1

Практикалық

Картамен жұмыс

ІІ бөлім. Еуропа елдері

1. Орталық және Оңтүстік Еуропа елдері

14

4

12

4

2



21

Австрия Республикасы


1


Семинар сабақ

Хабарлама дайындау

22

Андорра Князьдігі және Ватикан қала-мемлекеті


1


Лекция-баяндау

Сызба-кесте

23

Бельгия Корольдігі


1


Баяндау

Реферат

24

Швейцария Конфедерациясы


1


Әңгімелесу-сұхбаттасу

Конспект

2. СолтүстікЕуропа елдері

5

4

1



25

Исландия Республикасы


1


Ізденіс-зерттеу

Шығарма жұмыстар

26

Норвегия Корольдігі


1


Лекция-диспут

Хабарлама дайындау

27

Финляндия


1


Лекция

өз.жұмыс

28

Швеция Корольдігі


1


Лекция

Реферат


29

Сарамандық жұмыс №3



1

Практикалық

Картамен жұмыс

3. Шығыс Еуропа елдері

5

4

1



30

Албания


1


Лекция-баяндау

Сызба-кесте

31

Болгария Республикасы


1


Әңгімелесу-сұхбаттасу

Хабарлама дайындау

32

Босния және Герцеговина


1


Лекция

конспект

33

Венгрия Республикасы


1


Лекция

Реферат


34

Қорытынды сабақ



1

Сынақ

Тест









1 сабақ.

АУҒАНСТАН

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Ауғанстанның табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар


Жаңа сабақ: Ауғанстан

АУҒАНСТАН, Ауғанстан ислам мемлекеті Оңт. Батыс Азиядағы мемлекет. Аум. 652,2 мың км2.

Астанасы - Кабул (1,5 млн., 1992).

Халқы 20,3 млн. адам (1993).

Ауғанстан жері 29 уәлаятқа және 2 округке бөлінеді.

Мемл. тілі - пушту және дари тілдері. Ислам дінін ұстанады (негізінен, сүнниттер).

Табиғаты. Жерінің 3/4 бөлігінен астамы таулы. Елдің солт.-шығысынан оңт.-батысына қарай өте ірі Гиндукуш тау жоталары созылып жатыр (ең биік жері 6729 м). Оны Ауғанстанның солт. мен батысында Паропамиз және Сафеднах жоталары алмастырады. Ауғанстанның оңт-де Газни-Кандагар таулы үстірті, ал оңт.-батысында Бактрия, Регистан, Дашти-Марго шөлдері жатыр. Климаты субтропиктік, құрғақ. Шілде айының орташа темп-расы 240С-ден 320С-қа, ал қаңтар айының орташа тeмп-pacы 00- тан 80С-қа дейін жетеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 350 мм-ден аспайды. Ірі өзендері: Әмудария, Герируд, Гильменд, Кабул, Мургаб. Кен байлықтары мұнай, табиғи газ, тас көмір, графит және асыл тастар.

Тарихы. Қазіргі Ауғанстан жерінің солт. бөлігін адамдар ежелгі тас дәуірінен, оңт. бөлігін қола дәуірінен мекендей бастаған. Б.з.б. l-мыңжылдықтың І-жартысында бұл жерде құрылған мемл-тердің бірі Бактрия болды. А. туралы алғашқы деректер б.з.б, 6 ғ-дан сақталған. Бұл кезеңде ол Ахемен әулеті билеген Парсы империясының құрамында болды. Б.з. І - 4 ғ-ларында А. жерінде Кушан патшалығы дәуірледі. 6 ғ-дың 60-жылдарында А. жерінің бір бөлігі Түрік қағандығына, екінші бөлігі Сасан әулетіне бағынды. 7 - 8 ғ-ларда А. жерінің басым бөлігі арабтарға қарап, ислам діні кеңінен тарады. 1220 ж. елді Шыңғыс хан әскерлері жаулап алды. 16 ғ-да А. жерінде Ұлы Моғолдар мен Сефеви әулеті билік жүргізді. Орта Азиядан ығысқан Бабыр 1504 ж. Кабулды, кейін Ауған жерін тұтас жаулап алып, Ұлы Моғол әулетіне бағындырды. Жеке иеліктерге бөлiнген А. жерінде 1747 ж. Ахмад шаh Дуррани басқарған алғашқы Ауған мемлекеті орнады. Бірақ оның мұрагерлері тұсында мемл. ыдырап, 1818 ж. Ахмад шаh әулеті де биліктен кeттi. Елді қайта біріктірген Дос Мұхаммед хан 1835 ж. әмір атанды. Бұл уақытта А. жерін отарлауды көздеген ағылшындар елге басып кіріп (1838), Кабулды алғанымен, оларға қарсы күрес күшейіп, басқыншылар жеңіліп тынды (1842). Алайда ағылшын отаршылдары А-ды басып алу ниетінен танбады. 1878 ж. Ұлыбританияның 37 мың адамдық әскері А-ға тағы да басып кірді. Халық отаршылдардың бетін қайтарғанымен, елдің тәуелсіздігі шектеліп, сыртқы қарым-қатынасы Aнглияның бақылауында болды. 1919 ж. өкімет басына келген Аманулла хан А-ның тәуелсіздігін жариялады. Англия мұны мойындаудан бас тартып, соғыс ашқанымен, 1919 жылғы Равалпинди шарты бойынша Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды.

1973 жылға дейін А-да монархиялық билік орнады. 1973 ж. әскери төңкеріс болып, респ. жарияланды. 1978 ж. тағы да қанды төңкерістен кейін өкімет басына Революциялық кеңес келді. Оны қолдау үшін 1979 ж. желтоқсанда А-ға Кеңес Одағының әскерлері кіріп, онда 1989 жылдың 15 ақпанынана дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Кеңес әскерлері шығарылғаннан кейін де Ауғанстанда азамат соғысы жалғаса берді. Ұзаққа созылған соғыс елді әлсіретіп, халықты күйзеліске ұшыратты. 1993 ж. Ресейдің Наджиболла өкіметін қолдауын тоқтатып, моджахедтермен келіссөз жасауға көшуі А-дағы әскери -саяси жағдайды одан әрі өршітіп жіберді. Азияның көрікті қалаларының бірі Кабул қатты қирады, оны барлық елдердің елшіліктері тастап шықты. Ауғанстан тұрғындарының 1/4 бөлігі көрші мемл-терге (негізінен, Пәкстан мен Иранға) қоныс аударды. 1997 - 98 ж. ҚР-ның үкіметі Ауғанстандағы қазақтарды көшіріп әкелді. Билікке ұмтылған әр түрлі саяси күштердің, ұлттық тәуелсіздікті көксеген этник. топтардың, "Талибан" қозғалысының, Р. Дустум жасақтарының арасындағы қарулы қақтығыстары елде ұлттық келісімнің орнауына, ұлттық бірлік негізінде қайта жаңғыруға кедергі жасап отыр.

Экономикасы. А. - аграрлы ел. Экономикасының негізі суармалы егіншілік пен мал ш. Өңделетін жерінің 70%-ке жуығы суармалы. Жалалабад каналы мен Сарда су қоймасы бар. Ұлттық табыстың 80%-ке жуығы а.ш-ның үлесінде, адамдардың 90%-тен астамы осы салада жұмыс істейді. Қой ш. жақсы дамыған. Сонымен қатар миллиондаған ешкі мен ірі қара, түйе мен жылқы өсіріледі. Бау-бақша өнімдері, бидай, жүгері, күріш, мақта, қант қызылшасы сияқты дақылдар өндіріледі. А. өнеркәсібін су электр стансалары мен әскери-мех. зауыт сияқты бірді-екілі кәсіпорындар құрайды. Солт. шекарасында газ құбыры тартылған. Тас көмір мен цемент өндіріледі. Өңдеуші кәсіпорындар мақта мен жүннен мата тоқиды, жасанды жібек шығарып, аяқ киімдер тігеді. Экспортқа, негізінен, қаракөл елтірісі мен жүн шығарылады. 1979 ж. басталған соғыс ел экон-сына көп зиян келтірді. Дүн. жүз. саудада импорт мөлшері өсіп, экспорт мүлде азайып кетті. 1995 ж. импорт 616 млн. АҚШ доллары мөлшерінде болса, экспорт 188 млн. долларға түсті, яғни үш еседен астам кеміді. Сондай-ақ дүн. жүз. ішкі жиынтық өнімдегі А. үлесі де 1985 жылғы 0,07%-тен 1995 ж. 0,05%-ке дейін шегерілді.




2 сабақ.

БАХРЕЙН ӘМІРЛІГІ.

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Бахрейн әмірлігінің табиғат жағдайлары, ресурстары, шаруашылығы, тарихы мен сыртқы экономикалыққ байланыстары туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: БАХРЕЙН ӘМІРЛІГІ

БАХРЕЙН ӘМІРЛІГІ Оңт.-батыс Азияда, Парсы шығанағындағы Бахрейн аралдарын алып жатқан мемлекет.

Жері - 695 км2

Халқы - 64З мың адам (1998).

Астанасы - Манама (160 мындай).

Ірі қалалары: Мұхаррәк, Рифаа, Иса.

Мемл. тілі - араб тілі.

Халқы ислам дінін ұстанады.

Бахрейн әмірлігі - конституциялық монархия. Мемлекет басшысы әрі қарулы күштердің бас қолбасшысы - Әмір. Заң шығару билігі 197З ж. қабылданған конституциясы бойынша Әмір мен Ақылшылар Кеңесінің қолында. Кеңес мүшелерін (30 мүше) Әмір тағайындайды. Атқару билігі Мин. Кеңесіне жүктелген. Саяси партиялар мен кәсіподақтар қызметіне тыйым салынған.

Мемлекет аум. 33 аралдан тұрады. Ірілері: Бахрейн, Мұхаррәк, Умм-Наасан, Ситра, Хауар. Жері жазық, шөлді болып келеді.

Климаты тропиктік және субтропиктік. Орташа температурасы қыста 180С, көктемде 250С, жазда 400С, күзде 280С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 90 мм.

Бахрейн аралдары туралы алғашқы мәліметтер б.з.б. З мыңжылдықтағы деректерде айтылады. Б. з. басында Бахрейн жеке әмірлік болған. 4-6 ғ-ларда Сасанилер мемлекетінің, кейін Араб халифатының құрамына кірді. 13 ғ-да Бахрейн әмірлігі тәуелсіздік алғанымен, артынша Ормуз әмірлігіне қосып алынды. 16 ғ-дың басында Бахрейнді португалдықтар жаулап алса, 17 ғ-да Иранның қол астына кірді. 18 ғ-дың 80-жылдарында әл-Халиф әулетінен шыққан араб шейhтары Бахрейн әмірлігінің тәуелсіздігін жариялады, бірақ 19 ғ-да Ұлыбритания шейhтармен бірқатар келісімдер жасап (1820,1847, 1861), 1871 ж. елде өз протекторатын орнатты. ) 1880 ж. және 1892 ж. келісімдер негізінде Бахрейн әмірлігі ағылшындардың отарына айналды. l-дүниежүз. соғыс (1914-18) кезінде Бахрейнде ағылшын әскери базалары орналасты. 1932 ж. мұнай көздері ашылған соң, елге АҚШ капиталы ене бастады. 2-дүниежүз. соғыс жылдарында (l9З9-45) Британ үкіметі мұнда ірі әскери күштерін ұстап, Манама қ. Парсы шығанағындағы Британия әкімшілігінің резиденциясына айналды. Араб халықтарының ұлт-азаттық қозғалысы нәтижесінде 1971 ж. 14 тамызда Б. ә. тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.

Б. ә. экономикасының негізі - мұнай мен табиғи газ. Жыл сайынғы жиынтық ішкі өнімнің 70%-ін мұнай қамтамасыз етеді. Барланған мұнай қоры - 27 млн. т., газдың коры - 240 млрд. м3. Мұнай өндеу, алюминий өндіру, кеме жасау зауыттары бар. Бахрейн әмірлігінде 11 электр ст. жұмыс істейді. Жыл сайынғы жиынтық ішкі өнім - 5 млрд. доллар шамасында. А. ш. оның 1%-ін ғана құрайды. Көкөніс, құрма, цитрусты жеміс-жидектер, жүзім өсіріледі. Тамақ өнімдерінің көбісін сырттан сатып алады.

Бахрейн әмірлігі Таяу және Орта Шығыстағы ірі қаржы орталығы. Басты порттары: Манама, Сальман және Ситра. Негізгі сауда серіктестері: Сауд Арабиясы, АҚШ, Ұлыбритания, ГФР, Австралия, Жапония. Cыртқы саясаты Таяу Шығыстағы жанжалдарды реттеуге, Парсы шығанағында бейбітшілік орнатуға бағытталған. Б. ә. 1992 ж. 28 мамырда Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қазақстанмен экономикалық байланыстары дамып келеді.


3 сабақ

БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІ.

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Біріккен Араб Әмірлігінің табиғат жағдайлары, мемлекеттік құрылысы, халқы, шаруашылығы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар


Жаңа сабақ: БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІ

БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІ (БАӘ), әл - Ә м и р ә т әл-Араби әл-Муттахида - Азиядағы Парсы шығанағының оңтүстік жағалауын алып жатқан, Арабия түбегінің шығыс жағындағы мемлекет.

Құрамына Әбу Даби, Дубай, Шараджа, Фуджайра, Умм әл-Кайвайн, Әджман, Рас әл-Хайма әмірліктері кіреді.

Жері - 83,6 мың км2

Астанасы - Әбу-Даби

Халқы - 2,5 млн. (1997).

Арабтардан басқа үндіс, парсы, т.б. ұлттар тұрады.

Мемл. тілі араб тілі.

Діні - ислам.

БАӘ - федеративтік мемлекет. Оған енетін әрбір әмірлікте монархиялық билік қалыптасқан. Әмірліктерді басқаратын билеушілердің барлығы Жоғ. Кеңес құрамына кіреді. Олар өз араларынан 5 жыл мерзімге президент сайлайды. Федеративтік ұлттық кеңес (40 мүше) - парламент тәрізді кеңесші орган. Атқару билігін Министрлер Кеңесі жүргізеді.

БАӘ-нің жері Парсы шығанағының оңт. жағалауымен 600 шақырымға созылып жатыр. Жағалауы ойпат, көптеген ұсақ аралдарды қамтиды. Жері шөлді, ойпатты жазық болып келеді. Климаты құрғақ тропиктік. Қаңтар айында ауа райының орташа темп-расы 200С шамасында, шілдеде 30 - 350С-қа (кейде 500С-қа) дейін барады. Жауын-шашын жылына: жазықтықта 100 - 150 мм, таулы аймағында 300 - 400 мм. Tұpaқты өзендері жоқ. Оазистерде жүзім, құрма ағашы, манго, банан, лимон, темекі өсіріледі.

Қазіргі БАӘ жерін адам баласы ерте заманнан қоныстанып келеді. Б. з. б. 6 ғ-да бұл жер Ахемен әулетінің қол астына қараса, кейіннен Сасани әулетінің қарамағында болған, ал 7 ғ-дан бастап Араб халифатына біріктірілген. Ислам негізгі де басты дін болып қалыптасты.

Бұл өңірге үстемдік жүргізу үшін Иран, Түркия, Оман билеушілері және уаххабшылдар үнемі күрес жүргізіп келді. 18 ғ-да ағылшындық Ост-Үнді компаниясы Парсы шығанағында жүк тасымалдауды өз қолдарына алып, халықты басты өмір суру көзінен айырғандықтан, жеке-жеке әмірліктерге бөлінген жергілікті араб жұртшылығы мен ағылшындар арасында жиі-жиі қақтығыстар болып тұрды. 19 ғ-дың басында Ост-Үнді компаниясы теңіз қарақшыларымен күресеміз деген сылтаумен мұнда әскери экспедиция жібереді. Олар 1820 ж. жеті араб әмірлігінің әмірлері мен шейхтарын Бас келісімшартқа қол қоюға мәжбүрлеп, ақыры осында өз бақылауын орнатады. 20 ғ-дың 20-жылдарынан бастап ағылшындарға қарсы ұлт-азаттық қозғалыс өріс алды. 1968 ж. Ұлыбритания лейбористік үкіметінің шешімімен ағылшын әскерлері БАӘ жерінен шығарылған соң, 1971 ж. әмірліктер федерацияға бірігеді. 1971 ж. 2 желтоқсанда тәуелсіз БАӘ құрылды. 1971 жылдан президент болып сайланған шейх Заид бен Сұлтан әл-Нахайни (Әбу Даби билеушісі) әр 5 жыл сайын қайта сайланып келеді. 1990 жылдан премьер-министр қызметін Дубай билеушісі шейх Мактум бен Рашид әл-Мактум атқаруда. БАӘ Араб мемлекеттерінің лигасына, БҰҰ-на мүше. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін 1991 ж. танып, 1992 жылдан экон., мәдени, достық қарым-қатынас орнатты.

БАӘ ұлттық табысы жағынан жан басына шакқанда дұние жүзіндегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі. 1994 ж. жалпы ішкі өнімі - 38,4 млрд. доллар жан басына шаққанда 16000 долл. құрады. Экономикасының негізі - мұнай мен газ қорлары. Мұнайдың барланған қорлары - 7 млрд. д т-дан астам. Табиғи газ қоры көлемі - 9,8 трлн. мЗ. Мұнайды экспортқа шығару елде көлемді қаржы қорларын жинақтауға мүмкіндік берді. Соңғы жылдары мұнай өңдеу, мұнай- химия, металлургия алюминий балқыту, цемент өндірістері дамып келеді. Қолөнер, балық аулау және маржан теру өндірістері де ұлғаюда. А. ш. нашар дамыған. Жерінің 0,3%-і ғана өңделеді, оның 17,2%-і суармалы жерлер. Оазистерде құрма, жүзім, көкөніс, мақта, т.б. өсірілгенімен, тамақ өнімдері шет елдерден әкелінеді. Жалпы ішкі өнімінің 2%-і а. ш-нан, 57%-і өнеркәсіптен, 40%-і қызмет көрсету салаларынан жиналады. Негізгі сауда серіктестері: Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Сингапур, Корей Республикасы, Т.б.


4 сабақ

ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ.

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Иран Ислам Республикасыныңмемлекттік құрылысы, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы, тарихы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: Иран Ислам Республикасы

ИРАН (1935 жылға дейін П е р с и я) - Азияның оңт.- бат. бөлігіндегі мемлекет. Солтүстігінде Армения, Азербайжан және Түрікменстанмен, солт.- батысында Түркия, батысында Ирaкпен, шығысында Ауғанстан және Пакистанмен шектеседі. Солтүстігінде - Каспий теңізі, оңтүстігінде - Парсы және Оман шығанақтары.

Жер аумағы - 1,6 млн. км2.

Халық 68 млн. (2005ж).

Астанасы- Тегеран қ-сы.

Әкімш. жағынан остандарға (провинцияға) және бас губернаторлықтарға бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. ИРАН - конституциялы монархия. Қазіргі конституциясы 1905-11 ж. Иран революциясы кезінде қабылданған. Мемл. басшысы - шаh. Ол парламент қабылдаған заңдарды бекітеді, премьер министрді тағайындайды, үкімет құрамын бекітеді, қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы да сол. Заң шығарушы жоғары өкімет органы - екі палаталы парламент. Төменгі палатаның (меджлис) депутаттарын (268 адам) халық 4 жылға сайлайды. Жоғарғы палатада (сенат) 60 сенатор бар. Оның 30-ын шah тағайындайды. Қалғандарын халық сайлайды.Сенаторлардың өкілдік мерзімі 4 жыл. 20 жасқа толғандарға сайлау провасы беріледі (әйелдер 1963 жылдан бастап - сайлауға қатынасатын болды). Атқарушы өкімет билігін министрлер кабинеті жүзеге асырады. Сот жүйесіне:

Жоғарғы кассациялық сот, апелляциялық, губ. және бітім соттары кіреді. Коммерсиялық, әкімшілік, әскери трибунал т. б. арнаулы соттар да бар.

Табиғаты. Жерінің көбі тау; ол Армян таулы қыратының оңт.-шығ. жағы мен Иран таулы қыратының бат. бөлігінде орналасқан. И-ның шет жақтарын Солт. Иран (Эльбурс, Түрікмен- Хорасан таулары), Оңт. Иран (3агрос, Мекран таулары) және Шығ. Иран (Серхед, Пеленган, Боран, Келат жоталары) таулары, орталық бөлігін Кухруд жотасы, Деште-Кевир, Деште-Лут шөлдері алып жатыр. Солт/батысында Оңт. Каспий және Кура-Аракс ойпаттары, солт/шығысында Горган жазығы, оңт. шетінде-Гермезир шөлді жазығы. Геол. құрылымы жағынан алғанда, И-ның жері альпілік геосинклиналь аймағы құрамына кіреді. Ежелгі метаморфтық жыныстар төменгі қабаттағы байкал фундаментін құрайды, ал оның үстіңгі жағын шөгінді палеозой-триас, теңіздік мезозой-кайнозой жыныстары жапқан. Пайдалы қазындылары - мұнай (табиғи қоры 7,5 млрд. т), газ (6 триллион мЗ) , тас көмір (1 млрд. т), темір рудасы (560 млн. т), хромит (60 млн. т) т. б.

Климаты субтропиктік, континенттік, жазы ыстық, қысы солтүстігінде салқын, оңтүстігінде жылы. Парсы және Оман шығанақтары жағалауының климаты тропиктік. Қаңтардың орташа темп-расы 2,00 С-тан (Тегеранда) 19,40 С-қа (Оман шығанағы жағалауында) дейін, шілдеде 29,4-32,50 С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 500 мм, Эльбурс тауы беткейінде 2000 мм, Систан ойысында 50-60 мм. И. территориясында жер беті суы аз, ірі өзендері - Карун, Сефидруд, Гильменд. қиыр солт. бөлігінде Атрек, Аракс өзендері бар. Карун өзенінде кеме жүзеді. Таулы аудандарында көптеген көлдер бар; олардың ішіндегі ірілері - Резайе, Дерьячейе-Немеи, Хамун. Жері сары, қоңыр және қызғылт топырақты келеді; ойыстары мен өзен аңғарлары сортаң топырақты. Тау беткейлері (әсіресе Эльбурс, 3агрос таулары) орманды, өзендер бойы шалғын, ішкі аудандары - шөлейт, шөл. И. жерінде сүтқоректілердің 100-ге тарта, құстың 400-ге жуық және бауырымен жорғалаушылардың 80-ге жуық түрі бар. Солтүстігіндегі таулы бөлігінде қоңыр аю, жабайы шошқа, бұғы, елік т. б. кездеседі. Шектес теңіздер балыққа бай. И. территориясы 7 табиғи аймаққа бөлінеді, олар - Солт. Иран, Оңт.-бат. Иран таулары, Шығ. Иранның шөлді таулары, Иран таулы қыратының ішкі бөлігі, Оңт. Иран таулары, Оңт. Иранның теңіз жағалауындағы ойпаттары, Солт. Иранның ойпатты жазықтары.

Халқы. И-да 30-дан астам халық тұрады. Халқының 75%-і иран тілі тобына жатады, олар парсылар -51%, азербайжандар – 24% гилактар мен мазендарандар – 8% , курдтар – 7%, арабтар – 3% лурлар – 2%, балохтар – 2%, түрікмендер – 2% Ресми тілі - парсы тілі. Мемлекеттік діні – ислам дінінің шииттік бағыты – 95%, сунниттер – 4%, қалғандары – зорастрий, иудей, христиандар.

Ірі қалалары - Тегеран , Исфаhан, Мешхед, Тебриз, Шираз, Абадан.


5 сабақ

ИРАК

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Ирак Республикасының мемлекеттік құрылысы, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар


Жаңа сабақ: Ирак Республикасы

ИРАК, Ирак Республикасы (Әл-Жумхурия әл-Иракия) - Бат. Азиядағы мемлекет. Солтүстігінде Түркиямен, батысында Сирия және Иорданиямен, шығысында Иранмен, оңтүстігінде Сауд Арабиясымен т. б. елдермен шектеседі. Оңт.-шығысында Парсы шығанағы.

Жері - 434,9 мың км2.

Халқы - 28,1 млн. адам (2005-ж).

Астанасы - Бағдад қ-сы.

Мемлекеттік тілі – араб, курд тілдері.

Әкімш. жағынан 16 мұхафазға (губернияға) бөлінеді. Құрамына Ирак пен Сауд Арабиясы арасындағы бейтарап аймақтың 1/2 бөлігі кіреді.

Мемлекеттік құрылысы. Ирак – парламенттік республика. Уақытша конституциясы 1970 ж. 16 шілдеде күшіне енді. Онда ирак халқы негізгі екі ұлттан-арабтар мен курдтардан құралатыны, сондай-ақ курдтарға ирактың мызғымас бірлігі шеңберінде барлық право толық берілетіні жарияланған. Мемл. үкіметтің ең Жоғарғы органы – Революциялық Басқару Кеңесі (РБС). Ол армияны, ішкі қауіпсіздік күштерін бақылайды, соғыс жариялауға және бітім жасауға праволы, министрлерді тағайындайды, заң шығарады т. с. с. РБС мүшелері (12 адам) Баас партиясы басшылығына да мүше болып есептеледі. Мемл. басшысы-президент, оны РБС сайлайды. Президент кең праволы өкілдіктермен пайдаланады. Үкіметі (атқарушы және әкімш. органы) - Мин. Кеңесі Сот жүйесі кәдімгі, діни және арнаулы соттардан (әскери трибуналдар ) құралады. Мухафаздарды губернаторлар басқарады. Көппартиялы жүйе жұмыс істейді. Ирак БҰҰ-ы, ОПЕК, Араб елдері лигасы сияқты көптеген халықаралық ұйымдарға мүше.

Табиғаты. Жерінің көбін Жоғ. және Төм. Месопотамия жазықтары алып жатыр. Солт. және солт.-шығ. жағын Армян және Иран таулы қыраттары, оңтүстігін, Оңт.-батысын Арабия-Сирия таулы үстіртінің шеті алып жатыр. Ең биік жері - Боздaг тауы (3612 м). Пайдалы қазындылары: мұнай және газ, фосфорит (Рутба), күкірт (Месопотамия).

Kлиматы - жерортатеңіздік (солт. бөлiгінде) және тропиктік (оңтүстігі). Қаңтардың орташа темп-расы - 7-110 С, шілдеде 340 С; тамыз айында ауаның темп-расы 500 С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 1000 мм-ден (оңт.-шығысында) 500 мм-ге (тауда) дейін. Басты өзендері - Тигр және Евфрат (екеуі қocылып Шатт-әл-Араб өзенін құрайды) шағын өзендері - Дилла, Әл-Узап Үлкен Заб және Кіші Заб (Тигрдің салалары). Төм. Месопотамияда көлдер көп, олардың ірілері: Әл-Хаммар, Әл-Хаббания, Әл-Мильх. Жерінің көбі шөгінді және шалғын топырақты, батыс жағы сары топырақты. Территориясының негізгі бөлігі дала, оңт.-батыс шөл және шөлейт; тау беткейлері мен өзен аңғарлары бұталы, сирек орманды келеді. Шатт-әл-Араб, Дияла өзендерінің төменгі жағында пальма өceді. Жазық жерлерінде газель, жабайы есек, тарғыл қорқау қасқыр, қабылан т.б. аңдар, өзендерде көкқұтан, қоқиқаз, бірқазан т. б. құстар кездеседі.

Халқы. Ирактың негізгі тұрғындары Ирактық арабтар - 76% мен курдтер - 19% түрікмендер - 2% Арабтар елдің оңтүстік және орт. аудандарында, курдтер – солт/шығысында тұрады. Көшпелі арабтар мен курдтер руға, тайпаға бөлінеді. Арабтардың ірі тайпалары анайза, дафир, шаммар. Басқа ұлттардан парсылар, түріктер, армяндар, еврейлер т. б. тұрады.

Ресми діні: ислам - 96% (халқының 65%-ы мұсылман-сунниттер, 30%-ы шииттер), христиандар - 4%-ға жуық, йезид, мандейлер, йудеилер - 1%.

Экономикасы. Ирак – аграрлы-индустриялы мемлекет. Экономиканың негізін мұнай өнімдері (Дүние жүзінде 2-орын) құрайды. Мұнай өндіру, газ, күкірт, фосфат, мрамор өндіру жақсы дамыған. Елде мұнай өңдейтін, цемент, текстиль, тері-аяқ киім, азық-түлік (қант, темекі) кәсіпорындары жұмыс істейді. Өнеркәсіпте шағын кәсіпорындар басым. Ауыл шаруашылығында көкөніс, бау-бақша өсіру мен экстенсивті мал шаруашылығы және балық аулау салалары дамыған. Иракта туризмді дамытуға мүмкіндік мол, алайда елдегі саяси тұрақсыздық бұған жол бермеуде. Экспорты: мұнай, тері және жүн өнімдері т.б.

Импорты: азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық техника, құрал-жабдықтар.

Негізгі сауда серіктестері: Иордания, Италия, Германия.


6 сабақ.

ЛИВАН

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Ливанның табиғат жағдайлары, халқы, экономикасы, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі , діни ахуалдары жайлы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: Ливан

Астанасы: Бейрут

Халқы - 3 600 000 адам

Жер аумағы - 10,4 мың км2.

Ресми тілі: араб

Ақша бірлігі: ливан фунты (=100 пиастра)

Мемлекеттік құрылымы: республика

Импорт негізі: машина және құрал-жабдық, тамақ, химикаттар, ағаш өнімдері, тоқыма өнімдері, металл.

Экспорт негізі: жеміс-жидек, шыт мата, фармацевтикалық препараттар, темекі, жиhаз, целлюлоза-қағаз өнімдері, электронды құрал, зергерлік бұйымдар.

Ливан - Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы Сирия және Израильмен шектесіп жатқан шағын мемлекет. Халқының негізгі бөлігі әр түрлі дінге жататын арабтар. 1975 жылғы мұсылмандар мен христиандар арасындағы қақтығыс нәтижесінде азаматтық соғыс болып, гүлденген ел толық құру шегіне жетті. Тек 1989 жылы ғана достастық орнап, елдегі жағдайдың реттелу үміті пайда болды.

Діни топтар. Ливан халқы өте күрделі діни құрылымымен ерекшеленді: мұнда 15-тен көп діни қауымдар бар. Христиандар ішінде маронитгер (католицизмнің басқа бір бағытын ұстанушылар), православия және грек католиктері кең тараған. Мұсылмандар - суннит, шиит және друз деп бөлінеді.

Друздар - жеке дін болып бөлінген ислам сектасының бірі. Ливанда 200 мыңға жуық друздар, елдің оңтүстігіндегі тауларда мекен етеді.

Өз еріктерімен дінді ауыстыра, қабылдай алмайды, друз болып туу ғана керек. Неке тек қауым ішінде ғана қиылады. Дәстүрлерді сақтау друздар үшін дін тазалығын, өз мәдениеттері мен тұрмыс ерекшеліктерін сақтауға көмектеседі.

Самырсын (кедр) - ұлттық байрақты безендіріп тұрған мемлекет символы. Інжіл кезеңінде Ливан таулары беткейлерін самырсын ормандары басып жатқан. Қазір самырсын тек бірнеше қорғалатын тоғайларда өседі. Олардың кейбірі 1500 жыл жасаған.

Тау-кен және энергетика саласы. Ливанда аздаған темір кені, тұз, мыс, фосфорит және әктас қоры бар. Импортталатын мұнай өнімдері көбінесе, электр қуатын өндіруге жұмсалады. Соның 63% ЖЭС, 37% ГЭС-да өндіріледі.

Ауыл шаруашылығы. Ливан территориясының 29% егіншілікке, 1 % жайылым ретінде қолданылады. Ауыл шаруашылық негізі - цитрустар, алма және зәйтүн; темекі мен көкөністің де тауарлық маңызы зор. Бидай, арпа және картоп өсіріледі.

Ливан асханасы. Ливан ұлттық тағамы болып киббе саналады. Қой еті, бидай және пияздан домалақ немесе шелпек жасап, майға қуырады. Тағы бір танымал тағам - бетіне бал құйылған, ішінде жаңғақ пен құрма бар тәтгі бәліштер.

Бейруттың қайта өрлеуі. Азаматгық соғысқа дейін Бейрут аймақтағы маңызды порт және іскерлік орталығы болды. Сонымен қатар, мәдени орталық болды. Бір кездері оны "Таяу Шығыстық Париж" деп те атады. Өкімет қаланы қайта тұрғызу үшін көп қаражат бөліп, бағдарлама дайындады. Бірақ қала қазір де қираған қалпында тұр.

Тир және Сидон. Ливанда азаматтық соғысқа дейін жақсы дамыған туристік бизнесті қайта дамытуға жағдайлар жасалуда. Туристерге керемет жағдайлар мен ежелгі Финикия қалалары Тир мен Сидонның қазбалары ұсынылады. Бұл қалалар осыдан 3 мың жыл бұрын салынып, Рим кезеңінен әйнектен жасалған бұйымдарымен әйгілі.


7 сабақ

СИРИЯ

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Сирияның географиялық орны, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы, шаруашылығы, өнеркәсіп салалары, экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар


Жаңа сабақ: Сирия

Астанасы: Дамаск

Ауданы: 185 180 шқ2

Халқы: 18,6 млн адам (2004 ж)

Халқының тығыздығы: 100,4 адам/ км2

Ресми тілі: араб

Импорт негізі: машина және құрал-жабдық, темір және болат, тамақ, химикаттар, ағаш, ауыл шаруашылық өнімдері, фосфат, тоқыма өнімдері

Ақша бірлігі: сирия фунты (=100 пиастра)

Мемлекеттік құрылымы: республика

Сирия Таяу Шығыста орналасқан Араб мемлекеті. Оңтүстік-батысында Ливанмен, Израилмен, оңтүстігінде Иорданиямен, шығысында Иракпен, солтүстігінде Түркиямен шектеседі. Батыс жағалауын Жерорта теңізі сулары шайып жатыр.Жер бедері негізінен аздаған тау массивтерімен алмасып отыратын шөлейтті үстірттер. Батысы мен оңтүстігінде Антиливан және биіктігі 2814 м болатын Эш-шейх массиві орналасқан. Ірі өзені – Евфрат. Шөл мен шөлейтті жерлер басым, тек жағалық бөліктер мен тау етектерінде қайың, қарағай, кипарис, лавр ағаштары өсетін ормандар таралған. Климаты - жағалық бөліктерінде субтропиктік жерортатеңіздік, ал орталық ішкі аудандарда құрғақ континенттік климат.Қаңтардың орташа температурасы +40 С-тан +120 С-қа дейін (шығысында), жағалық бөліктерінде жазда +26+330 С-қа дейін. Жылдық жауын-шашын мөлшері шығысында 100-300 мм, таулы аудандар мен Жерорта теңізі жағалауында 1000 мм-ге дейін жетеді.

Әкімшілік жағынан 13 мухафазға (губернаторлық) және солармен тең дәрежедегі Дамаск муниципалитетіне бөлінген.

Ұлттық және діни құрамы: Сириялық Арабтар – 86%, курдтер - 6%, палестиналықтар - 3%, армяндар - 2%.

Ресми тілі – араб тілі.

Діни құрамы: ислам - 90%, христиандық - 10%

Ислам ағымдары. Сириялықтардың көбі, ислам ішіндегі - сунниттерге жатады. Бірақ басқа ағымдарды да ұстанушылар бар: шииттер, исмаилиттер және алавиттер. Мұсылман-алавиттер дінінде христиандық элементтер бар: мысалы, олар Рождество мен Пасханы тойлайды. Бұрындары алавиттерді қуғындайтын, бірақ қазір олардың арасында бай әрі атақты адамдар да көп. Сирия Президенті Хафез Асад мұсылман-алавит.

Сирия - антика кезінде бой көтерген ел, ал астанасы Дамаск оазис-қала, Барад өзені аңғарында орналасқан әлемнің ең ежелгі қалаларының бірі. Ол басты сауда жолдарының қиылысқан жерінде орналасқан. Сирия римдіктер, гректер, арабтар және түріктердің билігінде болды. І дүниежүзілік соғыстан кейін ел Франция бақылауында болды. 1946 жылы Сирия тәуелсіздік алды, бірақ Израйльмен конфликтіге келді. Негізгі халқы - исламды ұстанған арабтар. Территорияның жартысынан көп жері шөл, бірақ өзен аңғарларындағы жерлер өңдеуге жарамды.

Ауыл шаруашылығы. Сирияның аграрлық секторында еңбекке жарамды халықтың 50% шоғырланған. Территорияның 30% жыртылған жерлер, 45% жайылым алып жатыр. Құнарлы жағалық топыраққа күріш, жеміс-жидек, қант қызылшасы, зәйтүн және темекі өсіреді. Бидай мен арпаны таулы қыраттың жартылай шөл аймағын өңдеп отырғызады. Егінді жердің біршама бөлігіне мақта өсіріледі. Мал басы12 млн. қой, 1 млн. ешкі, 700 000 ірі қара.

Өнеркәсібі. Сирия өнеркәсібіне - тау-кен, тоқыма, тамақ, темекі және цемент салалары жатады. Жүн, синтетикалық және жібек мата тоқитын өндіріс орындары елдің ең үлкен қалаларының барлығында дерлік орналасқан. Дамаскіде цемент, әйнек, фармацевтік препараттар, құрылыс материалдарын өндіретін зауыттар бар. Хама - металлургия орталығы.

Пайдалы қазбалары. Сирия - ірі фосфорит өндіруші әрі экспорттаушы ел. Темір, хром, марганец кені барланған, ас тұзы өндірілуде. Көбінесе, мұнай-газ өндіру саласы дамыған. Мұнай мен газдың ірі кен орындары елдің солтүстік шығысында орналасқан.

Ірі қалалары. Дамаск (l 500 000), екінші ірі қала - Алеппо (l 500000), үшінші ірі қала - Хомс (580 000).

Евфрат су бөгені. Евфрат өзені Түркиядан Иракқа ағатын жолында Сирияның солтүстік-шығыс бөлігін басып өтеді. Бұл жерде Евфрат ГЭС салынған, ол елдің барлық электр қуатының 3/4 бөлігін өндіреді. Мұнда Президент Асадтың есіміне қойылған Эль-Асад су қоймасы бар. Оның суы ирригация үшін қолданылады.


8 сабақ

САУД АРАБИЯСЫ КОРОЛЬДІГІ

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Сауд Арабиясы Корольдігінің географиялық орны, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, саяси жағдайы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар


Жаңа сабақ: Сауд Арабиясы Корольдігі

Ресми атауы - Сауд Арабиясы Корольдігі.

Тәуелсіздік күні – 23 қыркүйек 1932 ж.

Жер аумағы – 2,15 млн. км2 (дүние жүзінде 14 орын).

Халқы – 24 млн адам.

Астанасы – Эр-Рияд.

Мемлекеттік тілі – араб тілі.

Ұлттық валютасы – сауд риалы.

Басқару формасы – абсолюттік монархия.

Географиялық орны. Сауд Арабиясы Корольдігі Арабия түбегінде орналасқан. Шектесетін мемлекеттер – Ирак, Иордания, Оман, БАӘ, Йемен. Солтүстік-шығысын Парсы шығанағы, батысы мен оңтүстік-батысын Қызыл теңіз сулары шайып жатыр.

Сауд Арабиясының 50%-ға жуығын шөлдер алып жатыр. Қалғандары шөлейттер, шұраттар (оазис) және Қызыл теңіз жағалауында аздаған ауыл шаруашылығына жарамды жерлер таралған.

Климаты- ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы +150С, шілдеде +300С-тан жоғары.Жылдық жауын-шашын мөлшері – 100 мм төмен, кейбір таулы аудандарда 400 мм-ге дейін. Ұлттық паркі – Асир.

Әкімшілік жағынан 13 минтакатқа (провинция) бөлінген.

Ұлттық және діни құрамы: жергілікті арабтар (Сауд арабиялық) – 87,5%, басқа ел арабтары - 9 %. Мемлекеттік тілі – араб. Мемлекеттік діні – ислам.

Саяси жағдайы. Сауд Арабиясы абсолюттік теократиялық монархия. Оны корольдіктің негізін қалаған Абдель Азиз ибн Абдель Рахман аль-Фейсал Аль Сауд корольдің балалары мен немерелері ұрпақтан-ұрпаққа мұрагер ретінде басқарады. Қасиетті құран мемлекеттің конституциясы болып есептеледі және ислам шариғаттары елдің заңы ретінде қабылданған. Мемлекет басшысы да, діни басшы да король болып табылады, сонымен қатар король премьер министр, қарулы күштер қолбасшысы мен жоғарғы сот қызметтерін де атқарады. Оның құзыреті тек шариғат нормалары мен Сауд салт-дәстүрлерімен ғана шектеледі.Саяси партиялар мен ұйымдарға тыйым салынған. Сауд Арабиясы БҰҰ-ның, Араб мемлекеттер лигасының, ОПЕК т.б халықаралық ұйымдардың мүшесі.

Экономика. Экономикасының негізі – мұнай мен газ өнеркәсібі. Арабия дүние жүзіндегі мұнайға ең бай мемлекет. Елде ірі мұнай өңдейтін, мұнай-химия кәсіпорындары, сонымен қатар химикаттар, пластмассалар, газ өнеркәсіптері, болат және басқа да металдар өңдейтін кәсіпорындар жұмыс істейді. Тамақ және жеңіл өнеркәсіптер, құрылыс материалдарын өндіретін өнеркәсіп салалары да жақсы дамыған.Алтын, күміс және мыс өндіреді.Ауыл шаруашылығы және балық аулау, сонымен қатар туризм саласы да дамыған.

Экспорты: мұнай және мұнай өнімдері, бидай, сүт өнімдері, жұмыртқа, балық, құс, көкөністер мен гүлдер т.б

Импорты: өндірістік құрал-жабдықтар, машиналар, қару-жарақтар, ЭЕМ, құрылыс материалдары, маталар мен киімдер т.б




9 сабақ.

САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫС №1

(Оңтүстік-Батыс Азия елдері бойынша)

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Оңтүстік-Батыс Азия елдерінің экономикалық-географиялық жағдайына баға бере білуге, картографиялық мәліметтермен жұмыс жасай білу және оларды жинақтай, қорытындылай білу дағдыларын қалыптастыру

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: практикалық

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Сарамандық жұмыс барысы:

Сұрақтар мен тапсырмалар.

  1. Оңтүстік-Батыс Азия елдерінің ЭГЖ-на баға беру.

  2. Кескін картаға Оңтүстік-Батыс Азия елдерінің шекараларын белгілеп, астаналарын, ірі қалаларын, өзендері мен көлдерін түсіру.

  3. Астаналарының географиялық координаталарын анықтау.

  4. «Оңтүстік-Батыс Азия аймақтарының табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілуі» атты жиынтық кесте құрастыру: кестенің

1-бөлігінде елдің аты, 2-бөлігінде ресурс түрлері.

  1. Анықтамалық деректер негізінде Оңтүстік-Батыс Азия елдері арасынан:

А) Аумағы үлкен 3 елді;

Ә) Халқының саны жөнінен ірі 3 елді;

Б) Халық тығыздығы жоғары 3 елді;

В) ЖІӨ-нің көлемі жоғары 3 елді анықтау.

6. «Оңтүстік-Батыс Азия елдерінде туризмді дамыту»,

«Оңтүстік-Батыс Азия елдерінің экологиялық

проблемалары» деген тақырыптарда қысқаша

хабарламалар әзірлеу.


10 сабақ

МОНҒОЛИЯ

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Моңғолияның табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: Моңғолия

Моңғолия - Азияның орта тұсында орналасқан мемлекет.

Жер аумағы 1565 мың шқ2.

Халқы 2,6 млн. (1998 ).

Астанасы - Улан-Батор қаласы.

Мемлекет басшысы – президент.

Жоғары заң шығарушы органы - бір палаталы парламент - Ұлы Мемлекеттік Хурал.

Жоғары атқарушы билікті премьер-министр басқаратын үкімет жүргізеді

Ресми тілі - моңғол тілі.

Ақша бірлігі - төгрик.

Этникалық құрамына халха моңғолдар (90%), қазақтар (4%), қытайлар (2%), тывалықгар кіреді. Халқының негізгі бөлігі будда дінін, 4%-ы ислам дінін ұстанады.

Әкімшілік жағынан 21 аймаққа бөлінеді. Елдің батысында халқы негізінен қазақrардан тұратын Баян Өлгий аймағы орналасқан.

Моңғолия 1961 жылдан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше.

Табиғаты. Моңғолияның батысы мен оңтүстік-батысында Моңғол Aлтайы (ең биік нүктесі – 4374м) Гоби Алтайы мен Хангай таулары, eлдiң Орталық бөлігiндe Хэнтэй таулы қыраты оpналасқан. Оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Гоби шөлі созылып жатыр. Негізгі өзендері Cелeнгa. Керулен, Қобда. Ең үлкен көлдері - Убсу-нур, Хубсyгyл.

Моңғолияның климаты - шұғыл континенттік. Қысы ұзақ әрі суық,

ауасы құрғақ, қары аз немесе қарсыз болады. Қаңтардағы орташа температура

- 150С-тан -300С-қа (тау қазаншұңқырларында -500С) дейін жетеді. Шілдeдeгi орташа температура Хангайда 150С, Гоби шөлінде 250С. Көктемдегі ауа райы тұрақсыз болып, температура ондаған градусқа төмендеп, құрғайды, күшті құмды дауылдар тұрады. Жылдық жауын-шашын мөлшері таулы жерлерде 350-400 мм, жазықтарда 100 мм шамасында. Солтүстіктен оңтүстікке қарай табиғи белдеулер мен аймақтардың алмасуымен өсімдіктер дүниесі өзгеріп отырады. Таулы-тайгалық белдеуде қылқан жапырақты қалың ормандар өседі. Таулы жазықтaр мен ормандарда көптеген дәнді өсімдіктер, жусан, қияқ, т.б. өседі. Шөлейт далалық белдеуде құрғақшылыққа төзімді шөптер, жабайы жуа мен тікенді қарағандар басым. Таулардағы жануарлар дүниесін тауешкі, арқар, барыс, т.б. құраса, ормандарды терісі бағалы аңдар (тиін, сілеусін, манул мысығы, т.б.), қоңыр аю мен құстардың сан алуан түрлері мекендейді. Таулы-далалық аудандарда киік, құлан, қасқыр, түлкі, қояндар мен кеміргіштер кездеседі. Шөлдерде дүние жүзінің басқа бөліктерінде кездеспейтін жабайы түйе, Пржевальский жылқысы, Гоби аюы тіршілік етеді. Ел аумағында мұнай, көмір, темір кентасы, вольфрам, молибден, қалайы, никель, фосфорит, алтын кендері бар. Жерінің 79%-ын шалғындар мен жайылымдар алып жатыр.

Тарихы. Моңғолия жерін адамдар тас дәуірінен мекендей бастады.

Б.з. 6-12 ғасырларында қазіргі Моңғолия аумағы Түрік, ұйғыр, қырғыз қағандықтары мен Ляо қидан мемлекеттерінін құрамында болды. 13 ғасырда Шыңғыс хан түркі-моңғол тайпаларын біріктірді, көптеген көршілес елдер мен халықтарды бағындырып, Шыңғыс хан империясын құрды. 13 ғасырдың

2-жартысында Шыңғыс хан империясы 4-ке бөлініп, моңғол үстіртін мекендеген түркі тайпалары Алтай тауының батысына қарай қоныс аударды. Ал қазіргі Моңғолия Құбылай хан негізін қалаған Юань империясына қарады. 1358 ж. Юань империясы жойылып, моңғолдар ел астанасы Пекин мен оның төңірегінен қуылды. 14-15 ғасырларда моңғолдар қытайда билікке келген жаңа әулет Мин империясымен қиян-кескі соғыстар жүргізді. 16-ғасырда моңғолдар бытыраңқылықты бастан кешіріп, олар үшке: Оңтүстік Моңғолия (Чахар хандығы), Солтүстік Моңғолия (Халха) мен Батыс Моңғолияға (Жоңғар хандығы) бөлініп кетті. 1634 ж. Моңғолия тайпалары Маньчжур ханы Абахайдың әскерімен шайқаста жеңіліп, 1636 ж. Оңтүстік Моңғолия Маньчжур империясының құрамына өте бастады. 1691 жылға дейін оңтүстік пен солтүстіктегі моңғол тайпаларының бәрі Маньчжур билеушілерінің үстемдігін мойындауға мәжбүр болды (қ. Цинь империясы). 1756-58 ж. Жоңғар хандығы жойылды. 1911 ж. қытайдағы революция нәтижесінде Сыртқы Моңғолия (Халха) Цинь империясынан бөлініп шықты, ал Ішкі Моңғолия Қытайдың протекторатына айналды. 1917 ж. Ресейдегі төңкерістен кейін Қытай Моңғолия аумағын түгелдей басып алуға әрекеттенді. Бірақ 1921 ж. елге кеңес әскерлері енгізіліп, 1924 ж. Моңғол Xaлықтық Республикасы жарияланды. 1939 ж. Халхин-Гол өзені ауданына қызыл армия жапон әскерлерінің Моңғолияға жасаған шабуылына тойтарыс берді. 1946 ж. Қытай Моңғолияның тәуелсіздігін ресми түрде таныды. 1991 ж. Моңғолия Коммунистік партиясы маркстік-ленидік қағидалардан бас тартып, елде саяси және экономикалық реформaлар жүргізе бастады. Моңғол Халық Республикасын (МХР) Моңғолия Республикасы деп атау туралы шешім қабылданды. 1992 ж. қаңтардың 21-нен бастап Қазақстан мен Моңғолия арасында дипломатиялық қатынас орнады. 1992 жылдан Моңғолия қазақтары Қазақстанға көшіп келе бастады. Моңғолия мен Қазақстан арасындағы жол байланысы Ресей аумағы арқылы өтеді.

Экономикасы. Моңғолия экономикасының басты саласы - ауыл шаруашылық. Моңғолия дүние жүзінде мал санын жан басына шаққандағы көрсеткіш жөнінен ең алдыңғы орындардың бірін иемденеді. Өнеркәсіпте кен өндірісі жетекші сала болып есептеледі, орман шаруашылығы мен балық аулау кәсіпшілігі экономикада маңызды рөл атқарады. Кен өнеркәсібінің өнімдері, тері мен теріден жасалған бұйымдар шетке шығарады. Импортының негізін өнеркәсіптік құрал-жабдықтар, минералды отындар мен жағар майлар құрайды. Жалпы Ұлттық өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 4070 АҚШ долларына тең (1997). Негізгі сауда серіктестері - Ресей, Қытай, Жапония, Қазақстан.


11 сабақ

БРУНЕЙ

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Брунейдің табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар


Жаңа сабақ: БРУНЕЙ

БРУНЕЙ (Вгиnеі), Бруней Даруссалам Оңт.-Шығыс Азиядағы Калимантан аралының солт.батыс бөлігіндегі мемлекет.

Жері - 5,8 мың км2.

Халқы - 314 мың (1997).

Астанасы - Бандар-Сери-Бегаван қ.

Мемл. тілдері - малай және ағылшын тілдері.

Халқының көпшілігі - мұсылмандар.

Бруней - конституциялық монархия (сұлтандық), Британ Достастығына мүше.

Бруней жерінің басым бөлігі жазық. Климаты экваторлық. Жылдық орташа темп-расы 260С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 2000 - 4000 мм. Жерінің 75%-ін тропиктік ормандар алып жатыр. Күріш, кокос, банан өсіруге қолайлы. Басты өзені - Белайт. Брунейдің ежелгі тарихы аз зерттелген. 15 ғ-да жергілікті тайпа көсемі Алак-бер- Тата өзіне Мұхаммед есімін алып Брунейдің алғашқы сұлтаны болды. 1580 ж. елге испан отаршылдары басып кірді. Оларға қарсы соғыста Бруней әлсіреп, тек Калимантан аралының солт. бөлігіне ғана ие болып қалады. 1847 ж. Ұлыбритания Брунейді отарлауға кірісіп, 1888 ж. өз протекторатына айналдырды. 1906 ж. мұнай қоры ашылған соң, елді басқаруға ағылшын резиденті тағайындалды. Бруней 1941 - 45 ж. Жапония қол астына қарады. Соғыстан кейін орын алған ұлт-азаттық қозғалыстың нәтижесінде 1959 ж. Бруней ішкі билікті өзі жүргізуге мүмкіндік алды. Бірақ 1962 ж. болған қарулы көтерілісті ағылшын әскерлері жаныштаған соң, елде төтенше жағдай енгізіліп, заң шығару кеңесі таратылды. 1979 ж. қаңтарда Ұлыбритания мен Брунейдің тәуелсіздік жөніндегі жасаған шарты 1984 ж. 1 қаңтарда күшіне енді. 1992 ж. "Малай ислам сұлтандығы" тұжырымдамасы мемлекеттің даму негізін анықтады. Елде шариғат заңдары, сұлтандық басқару жүйесі толық орнады. Бруней БҰҰ-на, Оңт.-Шығыс Азия мемлекеттері ассоциациясына (АСЕАН), т.б. ұйымдарға мүше.

Бруней бұрынғы ағылшын отары болғанымен, экономикасы жоғары қарқынмен дамуда. Бруней сұлтаны дүниедегі ең бай адам саналады. Елдің басты байлығы - мұнай (жылына 10 млн. т өндіріледі) және табиғи газ (12 млрд. мЗ). Олар ел экспортының 99%-н құрайды. Жалпы ішкі өнім 4556 млн. доллар. Жан басына шаққанда табыс 14240 АҚШ доллары. Бұл дүние жүзіндегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Ағаш өндіру мен өңдеу кәсіпорындары бар. А.ш. өнімдерін өсіруге мемлекет жерінің 5,5%-i ғана қолайлы. Күріш өсіріледі. Тамақ өнімдерінің 80%-і шет елден тасылады. Алтын-валюта қоры 35 млрд. АҚШ долларына бағаланады. Сыртқы сауда серіктестері: Жапония, Сингапур, АҚШ, Тайланд, Малайзия.


12 сабақ.

ВЬЕТНАМ

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Вьетнам Демократиялық Республикасының табиғат жағдайлары, ресурстары, шаруашылығы, тарихы мен экономикасының негізгі салалары туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар


Жаңа сабақ: Вьетнам Демократиялық Республикасы

Вьетнам Демократиялық Республикасы -Оңт.-Шығыс Азияда орналасқан мемлекет.

Жерінің аум. 330 мың км2.

Халқы 83,1 млн. адам (2005).

Астанасы - Ханой қ.

Халқының 85-90%-і - вьеттер (жергілікті тұрғындар). Қалғандары қытай(3%), кхмер, таи, т.б. халықтар.

Ресми тілі - вьетнам тілі.

Тұрғындары негізінен буддизмді, сонымен қатар христиан, ислам діндерін ұстанады.

Мемлекет басшысы - президент.

Заң шығарушы органы - Ұлттық жиналыс.

Жерінің 4/5 бөлігі таулы қыраттар. Климаты тропиктік, муссондық. Қаңтар айының орташа темп-расы 150С, шілдедегі орташа темп-ра 260с. Жауыншашынның орташа мөлш. 1500 - 3000 мм. Тропикалық ормандарда піл, жолбарыс, антилопа, буйвол т.б. жануарлар кездеседі.

В. жерін адам баласы көне тас дәуірінен бастап қоныстана бастаған. Ең ежелгі мемл. құрылым Ванланг деп аталады. Кейіннен оның орнында пайда болған Аулак пен Намвьет мемлекеттерін б. з. б. 2 ғ-да Қытай жаулап алды да, 10 ғ-ға дейін бодандықта ұстады. 11 ғ-дың ортасында бір орталыққа бағынған мемлекет құрылып, ол Дайковьет (Ежелгі Ұлы Вьет) деп аталды, 1069 жылдан Дайвьет (Ұлы Вьет) деген атауымен белгілі болды. 12 - 13 ғ-ларда ел билеушілері көрші мемлекеттермен, соның ішінде Kaмбоджамен үздіксіз соғыс жүргізді. В. халқы 1257 -1288 ж үш дүркін Шыңғыс хан имlпериясы әскерлеріне тойтарыс берді. 1407 -1427 жылдар аралығында қытай армиясына да қарсы күрес жүргізіп, өз тәуелсіздігін сақтап қалды. 17 ғ-дың бас кезінен бастап ел өзара қырқысқан екі мемлекетке бөлініп кетті. 1804 жылдан бастап Зя Лонг Оңт. Вьетнамда күшті армияға арқа сүйеген монархия орнатты. Оған қарсы Франция 1858 - 62 ж. соғыс ашып, оңт-тегі 3 провинцияны өздеріне қаратты. 1884 жылдан бастап В. толықтай Францияның отарына айналды. Франция В-ға Лаос пен Камбоджаны қосып, ол жерлерді Француз Үндіқытайы деп атады. Мыңдаған тұрғындар Францияға қара жұмысқа алынды. 20 ғ-дың бас кезінде елде ұлт-азаттық қозғалыс өрістеді. 1920 жылдан бастап Франциядағы вьетнамдықтар арасында әр түрлі саяси партияларға бірігу орын алды. 1930 жылдың бас кезінде Қытайда Үнді қытай компартиясы (ҮҚКП) құрылды. 2-дүниежүз. соғыстан кейін орын алған ұлт-азаттық қозғалысына осы партия басшылық жүргізді. Ол 1954 ж. француз армиясының жеңілуімен аяқталды. Женева келісіміне сәйкес, Вьетнам 17-ендіктің бойымен екі мемлекетке бөлініп, солт-нде 1959 ж. 31 желтоқсанда Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды, ал. оңт-нде 1955 ж. 26 қазанда Вьетнам Республикасы жарияланған болатын. Елдің екіге бөлінуі, бірінің КСРО мен Қытай, екіншісінің АҚШ және оның серіктестерінің ықпалында болуы соғысқа алып келді (қ. Вьетнам соғысы). 1975 жылдың басында Вьетнам Республикасындағы Сайгон режимі құлап, 1976 ж. екі Вьетнамның бірігуі аяқталды. 20 ғ-дың 90-жылдарынан бастап Вьетнамда саяси және экон. реформалар жүзеге аса бастады.

Экономикасының негізгі салалары: мұнай, көмір, электр энергиясын өндіру және ауыл шаруашылығы (күріш, тропиктік жеміс-жидектер өсіру). Ұлттық табыс жан басына шаққанда 200 АҚШ доллары көлемінде. Алайда соңғы жылдары шетелдік инвесторлар көптеп тартылып, ел экономикасы жедел дамып келеді (жылдық өсім 9%). Елге ең көп инвестиция бөлушілер әрі негізгі сауда серіктестері: Сингапур, Тайвань, Жапония, Оңт. Корея.

Вьетнам - БҰҰ-ның мүшесі, оның 160 елмен дипломатиялық қарым-қатынасы бар. 1995 ж. АҚШ-пен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты.


13 сабақ

МАЛАЙЗИЯ

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Малайзияның мемлекеттік құрылысы, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: МАЛАЙЗИЯ

МАЛАЙЗИЯ (Malaysia), Малайзия Ф е д е р а ц и я с ы (Federation оІ Маlaysia) - Оңт.-Шығ. Азиядағы мемлекет. Ол Оңт. Қытай теңізімен бөлінген екі бөліктен құралады. Б а т. М а лайз и я (Малайя) - Малакка түбегінің оңтүстігінде;

Ш ы ғ. М а лай з и я (Саравак және Сабах) - Калимантан (Борнео) аралының солтүстігі мен солт. батысында. Ынтымақ (Британ) құрамына кіреді.

Жері 332,8 мың км . (Бат. М.-131,8 мың км2, Саравак - 124,9 мың км2, Сабах - 76,1 мың км2).

Халқы - 24,9 млн-ға жуық (2005).

Астанасы - Куала-Лумпур қ-сы.

Әкімш. жағынан 13 штатқа (9-ын сұлтан, 4-ін король 4 жылға тағайындайтын губернаторлар басқарады) бөлінген.

Мемлекеттік құрылысы. Малайзия -конституциялы монархия. Қазіргі конституциясы 1957 ж. қабылданған. Оған түзету 1963 ж. акт бойынша енгізілген. Мемлекет басшысы - Билеушілер Советі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы билеуші (оны сайлауға тек сұлтанат билеушілері ғана қатынаса алады). Жоғарғы билеуші федерация жоғары лауазым иелерін тағайындайды, парламентті шақырады және таратып жібере алады, заң жобаларын бекітеді, қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы да сол. Ол бұл праволарын үкіметтің ұсынысы бойынша ғана жүзеге асырып отырады. Заң шығарушы жоғары өкімет органы екі палаталы парламент-сенат пен өкілдер палатасынан құралады. Сенаттың 58 мүшесі бар. Оның 26-сы штаттардың заң шығарушы жиналыстарында сайланады, 32 мүшені премьер-министрдің ұсынысы бойынша Жоғарғы билеуші тағайындайды. Сенаторлар өкілдігінің мерзімі 6 жыл. Өкілдер палатасының 144 депутаты 5 жылдық мерзімге сайланады. 21 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау правосы беріледі. Жоғары атқарушы органы премьер-министр басқаратын үкімет - министрлер кабинеті. Әрбір штатта өзінің конституциясы, өкімет және басқару органдары бар. Әрбір монархиялық штатты мұрагерлікпен тағайындалған немесе сайланып қойылатын билеуші (сұлтан, раджа), ал монархиялық емес штаттарды Жоғарғы билеуші 4 жылға тағайындайтын губернаторлар басқарады.

Сот жүйесі федералдық сот және екі жоғары сот, округтық соттар мен магистрат соттарынан құралады. Әрбір штатта мұсылмандық және әдет право соттары бар.

Табиғаты. Малайзия экваторлық белдеуде орналасқан. Жағалауы аз тілімделген, көбінесе аласа, батпақты келеді.Калимантан аралын солт/шығысынан маржан рифтері қоршайды. Малайзия жерінің көпшілік бөлігін Малакка түбегінің төбешіктері, аласа және орташа таулары (1000-2000 м, ең биігі - Тахан тауы, 2190 м) алып жатыр. Оңт.бат. және солт.-шығ. жағалаулар, Малакканың оңтүстігі мен Калимантанның жағалаулары да - аллювиалдық ойпат. Малайзияның ең биік жері - Кинабану тауы (4101 м). Малакка мен Саравактың оңтүстігінде экваторлық, солтүстікке қарай субэкваторлық, муссондық климат. Ауаның айлық орташа температурасы жыл бойына азғана өзгереді (жазықтықтарда 250 С-тан 280 С-қа дейін). Жағалаулық өңірлеріне жылына 2000-2500 мм, тауда 4000 мм-ге дейін, Кинабану массивінің беткейлерінде 5000 мм-ден астам жауын-шашын түседі. Өзен торы жиі. Ұзын өзендері Калимантан аралында (Раджанг, Барам, Кинабатанган). Малакка түбегінің өзендері қысқа келеді (ең ұзын Паханг өзені 320 км). Ірі өзендердің саға тұсы кеме қатынасына жарамды. Жері көбінесе күлгін латерит топырақты, ойпаттар аллювиал топырақты. Малайзия жерінің ¾-не жуығын мәңгі жасыл ылғалды тропиктік, көп ярусты биік діңді ағаш (пальма, панданус, бамбук, мәңгі жасыл емен, лавр, рододендрон) өскен орман алып жатыр. Жануарлары Үнді-Малайя зоогеогр. облысына жатады. Түр-түрі өте көп: піл, мүйіз тұмсық, гималай аюы, жолбарыс, жабайы өгіз, маймылдар (орангутан, гиббон) крокодил, айдаҺар жылан кездеседі. Орман сүт қоректілерінен тупай, тиін, сусар, жартылай маймыл мекендейді.

Халқының этникалық құрамы күрделі. 54%-тен астамы малайя полинезиялық семья тілдерінде сөйлейтін халықтар, 37%-тейі қытайлар, 8,6%-і үндістер. Малайялықтар бүкіл ел бойынша, әсіресе солт/бат. және шығ. бөліктерінде тығыз қоныстанған. Қытайлар мен үндістердің көбісі бат. жағалауда, сонымен бірге ірі қалаларда тұрады. Мемл. тілі - малайя тілі, Meмлекеттік діні-исламның сунниттік бағыты, сонымен қатар индуизм, сикхизм, буддизм, христиандық және даосизм де таралған. Ресми календары григорьев календары. Табиғи өсім (жылына 3%-тей) және Үндістан, Индонезиядан т. б. елдерден иммиграция есебінен Малайзияның халқы тез өсуде. 1995 жылғы санақ бойынша, еңбекке жарамды халықтың 57,6%-ы ауыл шаруашылығында, 6,3%-ы өңдеу өнеркәсібінде істейді. Халықтың орташа тығыздығы 1км2-ге 75,5 адамнан асады. Ірі қалалары: Куала – Лумпур, Пинанг, Ипох, Джорджтаун, Петалинг-Джая, Малакка.


14 сабақ

ФИЛИППИН

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Филиппиннің табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі, көлік қатынастары мен саяси жағдайы, экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: Филиппин

Астанасы: Манила

Ауданы: 300000 км2.

Халқының саны: 81,6 млн адам (2004 ж)

Халқының тығыздығы: 271адам/км2.

Ресми тілі: тагал және ағылшын

Мемлекеттік құрылымы: республика.

Ақша бірлігі: филиппиндік песо (= 100 сентаво)

Діні: христиан - 92%, ислам - 5%, қалғаны - 3%

Сауаттылық деңгейі: 95% Орташа өмір суру жасы: 65

1 дәрігерге: 8330 адам

Импорттың негізі: станок, тоқыма, автокөлік, темір, болат, мұнай өнімдері, химикаттар.

Экспорттың негізі: ауыл шаруашылық өнімдері, ағаш, машина және құрал жабдықтар, химикаттар, киім, қант, кокос майы .

Филиппин мемлекеті Оңтүстік-шығыс Азияның аралдық бөлігiн қоршап жатқан "отты шеңбер" белдемінде және күшті тропикалық циклондар жолында орналасқан. Сондықтан мұнда жер сілкінулер мен жанартаулардың атқылауы жиі болып тұрады. Филиппин архипелагында 7107 арал бар (оның 90% адам қоныстанбаған). Халық, негізінен, Лусон (104 688 км2) және Минданао (94 630 км2.) аралында қоныстанған. Лусон аралында елдің астанасы - Манила орналасқан. Филиппинді 300 жылдан артық испандықтар билеген, тіпті елді де испан королі ІІ Филиптің құрметіне атаған. Ал 1898 жылы мұндағы билікті АҚШ қолына алды. Тек 1946 жылы ғана тәуелсіздік алды.

Табиғаты. Мемлекет Азияның оңтүстік-шығыс бөлігінде, Тынық мұхитының батысындағы аралдарда орналасқан. Мұнда биіктігі 1500-2000 м (ең биік нүктесі Минданао аралындағы Апо жанартауы - 2954 м) болатын таулы рельеф басым. Біршама жерін ойпаттар, қыраттар және үстірттер алып жатыр. Ойпаттар территорияның 1/4 бөлігін ғана алып жатыр (ең үлкені Лусон аралында - Орталық және Кагаян, Минданао аралында - Котабато және Агусан).

Шығыс жағалауында 1330 шақырымға Филиппин шұңғымасы (тереңдігі 10265 м) созылып жатыр.

Климаты. Мұнда тропиктік және субэкваторлық муссондық климат басым. Батыс жағалауына жаздық муссон көп әсер етеді. Шығысына - қысқы муссон және Тынық мұхиттық пассаттың әсері көп. Сондықтан да батысында жаздық жауын-шашын көп те, шығысында оның максимумы қыс айларына келеді. Жыл сайын тамыз-қазан айларында 20-ға жуық тайфундар тіркеледі, оның кейбіреулері бірталай шығын әкеледі.Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 1000-5000 мм. Оңтүстік жағалауында жыл бойында температура - 280С, ал солтүстігінде

24-280 С болып тұрады.

Пинатубо жанартауы. 1991 жылдың маусым айында Лусон аралында, Маниланың солтүстігіндегі Пинатубо жанартауы оянады: 10 күн бойы ол қызған күл мен тау жыныстарын атқылады. Бұл елдің тарихындағы ең ірі жанартаудың атқылауы болды. Жанартау шығарындылары жергілікті жерді қалыңдығы 7 метрге жететін қабатпен жауып тастады. Ал қатты нөсер бұл массаны өзендер мен аңғарларды толтырып тастаған қою батпаққа айналдырды. Осы күндері жергілікті аэта тайпасы баспанасыз, жайылымсыз қалды.

Манила. Филиппин астанасының көп бөлігі теңіз деңгейінен төмен жатқаңдықтан онда жаз айларында (жаңбырлы кезеңде) су тасқыны жиі болып тұрады. 1571 жылы Маниланы испандықтар жаулап алады. Олар қаланы қамалмен қоршап, оны өздерінің Азиядағы империясының форпостына айналдырады. Жүздеген жылдар бойы Манила Арабия, Үндістан, Жапония және т.б. елдердің көпестерін қабылдайтын басты сауда порты болды. Бүгін бұл 7 млн-ға жуық халқы бар дамыған қала.

Энергетикасы. Электр энергиясының 53 % - ЖЭС-да, 28 % СЭС-да өндіріледі. Жер қойнауының жылуын пайдаланатын геотермалды стансалар электр энергиясының 19 % береді. 2003 жылдың көктемінде жергілікті халықтың қарсылығына қарамастан Азиядағы ең ірі электр энергиясы көзі - Сан-Роке көп мақсатты су бөгені эксплуатацияға берілді.

Ауыл шаруашылығы. Еңбекке жарамды Филиппин халқының 47 % ауыл шаруашылығында жұмыс жасайды. Барлық территорияның 19 % жер өңдеуге, ал

4 % мал шаруашылығына пайдаланылады. Ең басты дақыл - күріш. Оның өнімінің жоғарылауы жоғары өнімді сұрыптардың дамуымен және (террасалық беткейлерді пайдаланып, ирригациялық құрылымдардың салынуы) егіс көлемінің ұлғаюына байланысты. Сонымен қатар, жүгері, батат (тәтті картоп), жер жаңғақ (арахис), кофе, какао және жемістер өсіріледі. Қант қамысы, кокос пальмасы, темекі, тропикалық және цитрусты жемістер өсіріліп, экспортқа шығарылады. Лусон, Самар және Лейте аралдарында кокос пальмасы, қант қамысы және абака (текстиьный банан) өсіріледі. Дүниежүзілік нарыққа шығатын кокос майының шамамен 85 % Филиппиннің үлесіне тиеді (Филиппин экспортының 10 %). Мал шаруашылығында 16 млн. сиыр, 2,8 млн. карабао өгізі (негізгі жүмыс күші); шошқа, ешкі және құстар бар. Барлық аралдарда балық аулау дамыған; теңіз өнімдері экспорттың 5 % құрады.

Орман шаруашылығы. Филиппин территориясының 46 % ормаңдар алып жатыр. Мәңгі жасыл ылғалды экваторлық ормандар басым. Қатты ағаштар жиҺаз жасауға және құрылыста қолданылады. Орман шаруашылығы өнімдері экспорттың көп бөлігін құрайтын басты саланың бірі. Қазіргі кезде рұқсатсыз орман кесу - күрделі экологиялық мәселе болып отыр.

Пайдалы қазбалар және өнеркәсіп. Филиппин жер қойнауы никель, мырыш, хромит, сынап, алтын, күміс, мыс, кобальт және көмір сияқты пайдалы қазбаларға бай. Лусон аралында минералды ресурстардың негізгі қорлары және ірі өндірістік кәсіпорындар орналасқан. Өндеуші өнеркәсіп өнімдері экспортының күрт өсуі (химиялық, радиоэлектрондық) Филиппиндік кірістің басты көзі болуына себеп болды. Мұнда машина жасау, металл өңдеу, мұнай өңдеу, мұнай-химиялық, тамақ, тоқыма және тігін саласы дамыған.

Транспорты. Темір жолдың жалпы ұзындығы - 1282 шақырым. Автомагистральдары (161 000 шақырымнан көп) Азия бойынша ең дамыған автожолдар жүйесін құрайды. Жүктің көбі теңіз транспортымен 500-ден артық айлақтардан тасымалданады. Ірі айлақтардың оншақтысы мұхит кемелерін қабылдайды. Аралдар арасындағы қатынас 87 мемлекеттік әуежайлар (оның ішіндегі екеуі халықаралық - Манилада және Мактан аралында) арқылы жасалынады.

Саясаты. 1965 жылы Филиппиннің президенті болып Фердинанд Маркос сайланады. Ол қатыгездігімен, билікті ешкімге бермеу үшін жасаған жаман қылықтарымен және заңсыз тәсілдерімен жинаған байлығының арқасында ерекшеленеді. Маркос билігіне қарсылық 1985 жылы шегіне жетті: мыңдаған адамдар көшеге шеруге шықты, оларға католик шіркеуі қолдау көрсетті. Осы оқиғадан кейін Маркос елден безіп кетті. Оның орнына президент болып Корасон Акино, 1983 жылы өлтірілген оппозиция лидері Бениньо Акиноның жұбайы сайланды. Қазір елде басқарудың демократиялық формасы қалпына келтірілген.

Ежелгi террасалар. Лусонның солтүстігіндегі филиппиндік тау халқы ифугао мың жылдай террасалық жер өңдеумен айналасып келеді. Ифугао тау беткейлерін өңдеп, күріш өсіретін террасалық алаңдар дайындайды. Ежелгі террасалар туристердің қызығушылығын тудыруда. Бірақ қазіргі ғылыми жетістіктер күріш өсіруді де айналып кетпеді. Халықаралық зерттеу институттарының ғалымдары күрішті көп өнім беретін жаңа сұрыптарын жасап, күріш егетін және жинайтын машиналарды жетілдіруде.

Дін. Филиппинге католицизмді ең алғаш (өзінің 1521 жылы дүниежүзін айналған сапарында) Сабо аралына Магеллан алып келді. Көптеген филиппиндіктер испандықтардың басқыншылығы кезінде католицизмді қабылдады. Қазір католицизм Минданао аралынан басқасында кең тараған. Филиппин - Азиядағы жалғыз христиандық мемлекет. Мұнда католик шіркеуінің билігі жоғары.

Аңшы-терімшілер. Алыс-алыс аралдарда аңшы терімшілердің тайпасы мекен етеді. Олар бір жерден екінші жерге көшіп жүріп, балық аулау, аңшылық, жабайы жеміс-жидектерді жинаумен айналысады. Бұл дүние жүзі бойынша алғашқы қауымдық қоғамда өмір сүретін тайпалардың ең соңғылары. Бірақ олардың тіршілік етуіне қауіп төніп отыр: олар өмір сүріп жатқан ормандар аямай кесілуде.

Кокос. Кокос пальмасы жылы әрі ылғалды Филиппин климатында жақсы өседі. Ол 70 жылға дейін жеміс береді. Жаңғақтары 15-20 данадан шоғырланып өседі. Жинаушылар оларды ұзын бамбук құрығымен соғып жерге түсіреді. Филиппин - кокос және копраның, одан жасалған әр түрлі бұйымдарды дүниежүзілік нарыққа шығаратын Индонезиядан кейінгі екінші орындағы ел.

Қалдықсыз өндіріс. Кокос пальмасының әрбір бөлігі қалдықсыз іске асады. Тамырынан бояу жане дәрілік препараттар алынады. Діңін ағаш ретінде құрылысқа пайдаланады. Жапырақтары мен үйдің төбесін жабады, жер төсеніштері мен сөмкелср тоқиды. Жаңғақтарын жейді, аспаздықта және парфюмерияда қолданады.


15 сабақ

ТАЙЛАНД

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Таиланд корольдігінің географиялық орны, табиғат жағдайлары, ұлттық және діни құрамы, шаруашылығы, саяси жағдайы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: Таиланд корольдігі

Ресми атауы - Таиланд корольдігі.

Астанасы – Бангкок.

Жер аумағы – 513,1 мың км2.

Халқы – 63,7 млн адам (2005 ж).

Халықтың орналасу тығыздығы – 1км2-ге – 124,1 адамнан.

Мамлекеттік тілі – тай тілі.

Ұлттық валютасы – Бат.

Басқару формасы – конституциялық монархия.

Географиялық жағдайы. Таиланд – Үндіқытай түбегінің оңтүстік-батысында және Малак түбегінің солтүстік бөлігінде орналасқан оңтүстік-шығыс Азиялық мемлекет.Шығысында Камбоджа және Лаоспен, батысында Мьянмамен, оңтүстігінде Малайзиямен шектеседі. 1949-жылға дейін Сиам деп аталып келді.Елдің солтүстігі таулы болып келеді, ең биік нүктесі – Дой Интханон (2756 м).Солтүстік шығысында Корат үстірті, шығысында Меконг өзені орналасқан. Елдің орталық бөлігін Чао Прайя өзені кесіп өтеді. Оңтүстігінде елді Малак түбегімен жалғастыратын Кра мойнағы орналасқан. Солтүстігінде тропиктік климат болса, оңтүстігіне және оңтүстік-шығыс аудандарына тропиктік-муссондық климат тән.

Бангкокте сәуір айында +290С, ал желтоқсанда +250С-қа жетеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері – 1000-2000 мм (таулы аудандарда 5000 мм-ге дейін), негізінен тропикалық нөсер жаңбыр түрінде жауады.

Әкімшілік бөлінісі. Ел 72 провинцияға (тьянгват) бөлінеді. Провинциялар өз кезегінде округтерге бөлінеді.

Ұлттық және діни құрамы. Негізгі халқын тай халықтары (15-тен жоғары этникалық топтар) құрайды, сонымен қатар малайлықтар, қытайлықтар, кхмерлер, тибет-бирма тобы халықтары, мао тайпалары, яо және т.б ұлттар мен тайпалар да бар.Мемлекеттік тілі – тай (сиам) тілі. Сонымен қатар қалалық жерлерде ағылшын, қытай, жапон тілдері кеңінен тараған. Ел тұрғындарының 94,6%-ы будда дінін ұстанады, 4,6% - ы мұсылмандар.

Саяси жағдайы. Таиланд Корольдігі (Пратет-Тай) – конституциялық монархия, мемлекет басшысы – король, сонымен қатар ол бас қолбасшы болып табылады.Жоғарғы заң шығарушы орган – қоспалаталы Ұлттық ассамблея (Сенат және өкілдер палатасы). Атқарушы билік премьер-министр басқаратын Министрлер кабинеті. Жоғары заң органы – жоғарғы сот. Конституциялық жағдайды реттеу ісі арнайы Конституциялық трибуналға тапсырылған.

Экономикасы. Тайланд – экономикасы икемді, экспортқа бағытталған серпінді даму үстіндегі ел. Халықтың жан басына шаққанда жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 2770 долларды құрайды. Соңғы жылдарда экспортқа шығару бағытындағы тамақ, токыма. зергерлік заттар, аяқ киім, электроника, электротехникасы және химия өндірісі сияқты салалардың анағұрлым жоғары өсу қарқыны сақталуда. Таиланд вольфрам өндіру жөнінен дүние жүзінде жетекші орындардың бірін алады. Өнеркәсіптің қарқынды өсуіне қарамастан, еңбек етуге қабілетті халықтың 60%-ға жуығы ауыл шаруашылығымен айналысады, ол ЖІӨ-нің 12 %-ын береді. Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға одан әрі көңіл болу жөнінде және оны бағасы көтерілген басым өнімдерге — мал шаруашылығына, құс шаруашылығына, гүл өсіру шаруашылығына және теңіз өнімдерін, жеміс-жидектер мен көкөністерді қайта өңдеуге бағыттауға күш-жігер жұмсалуда. Туризм елдің ең үлкен кіріс көздерінін бірі болып табылады.

Таиланд каржы, сауда өнеркәсіп және көрші елдермен көлік және қатынас байланыстарының инфрақұрылымы дамыған аймақтың басты экономикалық орталығы болып табылады.

Таиланд Азия-Тынық мұхит аймағындағы (АТА) экономикалық интеграция процестерінде белсенді рөл атқаруға ұмтылуда, АҚШ, Жапония, ТМД елдері, ҚХР және Шығыс Еуропа елдерімен байланыстарын кеңейтуде.

Негізінен ауыл шаруашылығы басым дамыған. Соның ішінде күріш өсіру, қант құрағы, жүгері, маниок, каучук өнімдері. Қазіргі өнеркәсіп салалары – текстиль, қымбат тастарды өңдеу және электроника.

Соңғы кезде туризм ісі жақсы қарқынмен дамып келеді.

Экспорты: қалайы, каучук, радиоэлектроника, текстиль және дайын киімдер.

Импорты: тұрмыстық құралдар, мұнай өнімдері, азық-түлік өнімдері. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ,Жапония, Сингапур, Қытай.


16 сабақ

КАМБОДЖА

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Камбоджаның географиялық орны, табиғат жағдайлары, халқы, шаруашылығы, экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: Камбоджа

Камбоджа - Оңт.-Шығ. Азиядағы мемлекет. Үндіқытай түбегінің оңт. бөлігіне орналасқан. Шығысы және оңт-шығысы Вьетнаммен, солтүстігі Лаоспен, солт.-батысы және бат. бөктері Таиландпен шектеседі. Оңт.батысы - Сиам шығанағы. Жері 181 мың км2.

Халқы 13,8 млн. (2005).

Астанасы - Пномпень қ-сы

Әкімш. жағынан 19 провинцияға (кхэтке) орталыққа бағынатын 2 қаладан тұрады.

Мемлекеттік тілі – кхмер тілі.

Ұлттық валютасы - риель

Табиғаты. Камбоджа Меконг өзенінің төменгі ағысы бойына орналасқан. Жері негізінен ойпатты жазық (Камбоджа жазығы).Батыс жағын Кравань таулары алып жатыр, оның ең биік жері Ораль тауы (1813 М). Солт. жағы- Дангрек тау массиві, шығысы - Аннам тауының сілемдері.

Пайдалы қазындылары - фосфорит, магнезит, түсті металл және темір рудалары. Климаты субэкваторлық, муссондық. Жазда орташа температурасы 29-30о С, қыста 25-26о С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 700-1500 мм, таулы бөлігінде 2000 мм. Өзендері көп, олардың ішіндегі ең ірісі - Меконг. Ең ірі көлі - Тонлесап. Жері латериттік жәнe құнарлы, аллювиалдық топырақты. Орталығы Саванна, шығ. жағы тропиктік. Территориясының 3/4 бөлігі орман және сирек ағашты аймақ, таулы өңірі мәңгі жасыл орман сал, тик т. б. бағалы ағаштар).

Жануарлар дүниесі өте бай: жолбарыс, қара аю, піл кездеседі; өзендерінде крокодил және балықтар өте көп.

Халқы. Камбоджа тұpғындapының 90%-ы кхмерлер. Жергілікті халықтарға таулық кхмерлер, чамдар (олар кейде ислам кхмерлері п аталады), лаолар жатады; бұлардан басқа елде Вьетнамдар(5%), қытайлар(1%), индонезиялықтар т. б. тұрады.

Мемл.тілі кхмер тілі. Ресми діні - буддизм (чамдар мен малайлықтар - мұсылмандар, вьетнамдар - католиктер). Халықтың көпшілігі Камбоджаның орталығындағы жазық өңірде қоныстанған.

Экономикасы. Камбоджа – аграрлы ел. Ауыл шаруашылығында егіншіліктің үлесі басым. Басты дақылы – күріш, сонымен қатар жүгері, қант қамысы, қара бұрыш, темекі, мақта егіледі. Камбоджа өнеркәсібінде шағын кәсіпорындар басым. Өнеркәсібінің басты салалары – тамақ( астық тарту, күріш тазалау, қант, темекі, балық өңдеу), трактор және автомобиль құрастыру, ағаш өңдеу, мата тоқу өндірістері. Соңғы кездері халықаралық туризм жақсы дамуда.

Экспорты: табиғи каучук, ағаш, соя, күріш, жүгері, күнжіт, қара бұрыш, балық өнімдері т.б

Импорты: мұнай өнімдері, машина, өндірістік құрал-жабдықтар, темекі, алтын цемент т.б

Негізгі сауда серіктестері: Сингапур, Таиланд, Малайзия, Вьетнам, Жапония, Австралия, Индонезия, Франция, ГФР, АҚШ


17 сабақ

БАНГЛАДЕШ

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Банглдеш Халық республикасының табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар


Жаңа сабақ: Б а н г лад е ш Х а л ы қ Р е с п у б л и к а с ы

БАНГЛАДЕШ, Б а н г лад е ш Х а л ы қ Р е с п у б л и к а с ы - Азияның оңтүстігіндегі мемлекет. Батысында, солт-нде, шығысында Үндістанмен, оңтүстік шығысында Мьянма Одағымен шектеседі.

Жері 142,6 мың км2.

Халқы 139,2 млн. (2003-ж).

Халықтың орналасу тығыздығы – 1км2-ге – 976 адамнан келеді.

Астанасы - Дакка қ. (3,3 млн.).

Мемл. тілі - бенгал тілі,

Ресми діні - ислам (85%).

Бангладеш дүние жүзіндегі халқы өте тығыз орналасқан аймақтардың бірі. Халқының басым көпшілігі - бенгалдар (барлық халықтың 95%-і). Қалған 5%-ке жуығы чакма, могх, гаро, целу, санталдар және т.б. үлесіне тиеді.

Елді президент басқарады.

Заң шығарушы органы бір палаталы Ұлттық жиналыс.

Табиғаты. Бангладеш Ганг, Брахмапутра, Мегхна өзендерінің бастауында орналасқан. Климаты субэкваторлық, муссонды. Жазы жауын-шашынды, қысы құрғақ. Муссондық маусым басталар алдында, сәуір мен мамырда, орташа темп-ра 30оС- тан асады, ал ең суық ай қаңтарда 12 - 250С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. батысында 1500 мм, шығысында 3500 мм.

Тарихы. Қазіргі Бангладеш жерінде алғашқы мемл. құрылымдар б.з.б. 1-мың жылдық ортасында қалыптасып, түрлі империялар құрамына кірді. Бенгалия атауы 10-12 ғ-лар шамасындағы деректерге түсті. 13 ғ-дың басына дейін Бангладеш жерінде Пал, Сен әулеттері билеген мемлекеттер өмір сүрді. Сен мемлекеті ыдырап, бірнеше ұсақ княздіктерге бөлінгеннен кейін, Дели сұлтандығы оны өзіне қосып алып, ислам дінін кең түрде таратты. 14 ғ-дың ортасында Бангладештегі Дели сұлтандығының әкімдері тәуелсіздікке ие болды да, Бихара мен Ориссада (астанасы Муршидабад) дербес мемлекеттері орнады. Еуропа мемлекеттері Үндістанды отарлауға кіріскенде Бангладеш ыдырау жағдайында болды. Елдегі алауыздықты пайдаланған ағылшындар Бангладешті 1757 ж. 23 маусымда болған Плесса маңындағы шайқастан кейін өз отарына айналдырды. 19 ғ-да отаршылдық езгіге қарсы ұлт-азаттық қозғалыс кең өріс алды. Ұлыбританияның 1947 ж. Үндістанды 2-ге бөлуі нәтижесінде Бенгалияның үндістер мекендеген батыс бөлігі Үндістанда қалды да, мұсылмандар тұратын шығыс бөлігі Пәкстан (халқының 98% бенгалдар) құрамына кірді. Шығыс Пәкстандағы ұлттық шиеленістер Пәкстанда бірнеше рет (1952, 1954, 1958) саяси дағдарыстар туғызып, 1969 ж. Айюб Хан режимінің құлауына себепші болды. Оның орнына үкімет басына келген Яхья Хан елде тұңғыш рет парламент сайлауын (1970) өткізуге мәжбүр болды. Сол кезде Шығ. Пәкстанға автономия беру мәселесін көтерген Халықтық Лига партиясы жеңіп шықты. Пәкстанның ұлттық жиналысындағы 313 орынның 167 -сіне, ал провинциялық ассамблеядағы 310 орынның 288-іне ие болды. Пәкстан үкіметінің бұл партияға билікті бермеуіне байланысты туған талас-тартыстар елдегі жағдайды ушықтырып жіберді де, ұзаққа созылған күрес нәтижесінде 1971 жылдың 16 желтоқсанында Бангладеш Халық Республикасы құрылды. 1971 ж. 26 наурыз Тәуелсіздік күні деп жарияланды. 1972 ж. қаңтарда Халықтық Лига партиясының басшысы Муджибур Рахман түрмеден босап, жаңадан құрылған үкіметті басқарды. Елдің қарулы күштеріндегі наразылық, жұмыссыздық, бағаның өсуі елдегі саясиэкон. тұрақсыздықты күшейтті. 1975 ж. қаңтарда президенттік басқару мен бір партиялық жүйенің енгізілуі шиеленісті бәсеңсіте алмады. 1975 ж. 15 тамызда бір топ офицерлер төңкеріс жасап, өкімет басына К.-М. Ахмад бастаған жаңа әкімш. келді. Бұл үкіметті қараша айында генерал Зиаур Рахман таратып жіберіп, 1977 ж. сәуірде өзін президент жариялады. Ол өзінің 19 тармақтан тұратын бағдарламасын ұсынып, бірнеше әлеум.-экон. шараларды жүзеге асырды. Тәуелсіздік алғаннан бері Бангладеште бірнеше мемл. төңкерістер болып, 13 президент ауысты. 1996 ж. қараша айында өткен сайлауда Шахабуддин Ахмед президент болып сайланды.

Экономикасы. Бангладеш - аграрлы ел, шаруашылық жүйесінде ұсақ тауарлы өндіріс басым. Ұлттық табыстың 37%-і а.ш-нан, тек 34%-і өнеркәсіптен түседі. Бангладеш - әлемдегі ең кедей елдердің бірі. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық орташа мөлш. 235 долл. Табиғи жағдайының аса қолайлылығы мұнда егіннен жылына 2 - 3 рет өнім жинауға мүмкіндік береді. Негізінен, күріш пен шай, қант қамысы, темекі өсіріледі. Басты жеміс дақылдары - банан, манго, кокос пальмасы, ананас, цитрус. Бұған қоса металлургия, мұнай өңдеу, цемент және тыңайтқыш шығару, кеме жөндеу өндірістері жақсы жолға қойылған. Транспорттың басты түрі - өзен жолы. Пайдаланымдағы су жолының ұз. 4,5 мың км. Темір жолдарының ұз. 2,4 мың км. Бангладеш БҰҰ-ның, Ислам Конференциясы ұйымының, Оңт. Азия Аймақтық Ынтымақтастық Ассоциациясының мүшесі болып табылады. Негізінен, АҚШ, Жапония, Еуропа Одағы, Қытай елдерімен сауда-экон. байланыстар жасайды. Қазақстанмен 1992 жылдың наурыз айынан бастап дипломатиялық қатынас орнатқан.

Бенгал халқының әдебиетіндегі ең көне туындылар 10-12 ғ-лар аралығыңда жазылған тұрмыс-салттық мазмұндағы гимндер жинағы "Чорджанод" және Моноши (жылан құдайы), Чонди (аңдар құдайы), т.б. туралы дастандар мен аңыз әңгімелер (монголкаббо). 16 ғ-дан бастап лирика жанры өркендеп, 17 ғ-да бенгал мұсылмандары арасынан шыққан сарай ақындары Доуолт Кази мен Сайед Адаоль үнді поэзиясының дамуына үлкен үлес қосты. Осы кезде санскриттік поэтика өркендеп, эротикалық сезімге ден қойылды. 19 ғ-дан бастап филос. поэзия дамыды. Бенгал әдебиетінің көрнекті өкілі Рабиндранат Тагордың (1861-1941) шығармалары үнді халықтары әдебиетінің дамуына үлкен әсер етті. 20 ғ-да Абдул Фазл, Маник Богдапаздхай, Назруил Ислам, Джошим Уддин, т.б. ақын-жазушылар бенгал әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосты. Даккадағы Бангладеш ұлттық мұражайында өнер мен сәулет экспонаттарының көптеген тамаша туындылары сақтаулы. Қалада 700-ден астам мешіт бар. 17 ғ-да салынған Ла-Бад форты сәулет өнеріндегі сирек кездесетін туынды. Екінші бір ірі қала Паралыгагидегі 16 ғ-да салынған мешіт пен 1660 ж. салынған Идракпур форты елдің сәулет өнеріндегі өзіне тән ерекшеліктерді айқындап тұрады.




18 сабақ

БУТАН КОРОЛЬДІГІ

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Бутан Корольдігінің мемлекеттік құрылымы, табиғат жағдайлары, ресурстары, ұлттық және діни құрамы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар


Жаңа сабақ: Бутан корольдігі

БУТАН, Бутан корольдігі - Азияның оңтүстігінде, Шығ. Гималайда орналасқан мемлекет. Друкюл немесе "айдаһар елі" деп те аталынады.

Жер аумағы - 47 мың км2.

Астанасы - Тхимпху (50 мың).

Халқы – 2,1 млн. (2005). Тибеттен шыққан моңғол расасына жатады.

Мемл. тілі - дзонг-кэ (бхотия) тілі.

Халқының көпшілігі будда дініндегі ламашылдық сенімді ұстанады.

Мемлекеттік құрылымы – конституциялық монархия.

Мемлекет басшысы – король.

Заң қабылдаушы органы - Ұлттық Ассамблея (ЦонГДу).

Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында.

Тәуелсіздік күні – 8 тамыз 1949 ж. (Үндістаннан)

Ұлттық валютасы – нгултрум.

Бутан - Шығ. Гималайдың биік тау аңғарларында, Брахмапутра өзені бойында орналасқан. Солтүстігінде және солтүстік-батысында Қытаймен, оңтүстігі, шығысы және оңтүстік батысында Үндістанмен шектеседі. Мұхитқа шыға алмайды. Таулы аймақ басым ел. Бұл ел территориясындағы Гималай жоталарының орташа биіктігі 4-6 мың метр. Климаты муссонды, төменгі белдеулерде тропиктік. Жерінің 64%-ін мәңгі жасыл орман алып жатыр. Қаңтардың орташа температурасы -40С, шілдеде +170С. Жылдық жауын-шашын мөлшері - 1000-5000мм дейін.

Әкімшілік жағынан Бутан әрбіреуі 20 ауданнан (дзонг-кэг) тұратын 4 округке (дзонгдай) бөлінеді.

Ұлттық және діни құрамы: Негізгі халқы – бхоттар және шығу тегі тибеттіктерден болып есептелетін оған туысқан топтар - 70%, непалдықтар - 20%, қалғандары үнділіктер және т.б. Мемлекеттік тілі – бхот тілі (дзонг-кэ, тибет тіліне жақын). Мемлекеттік діні - будда дініндегі ламашылдық бағыт - 75%, сонымен қатар индуизм (25%-ға жуық) мен христиандық та таралған.

Мемлекеттік құрылымы: Бутан Корольдігі немесе Друк-Юл – конституциялық монархия. Мемлекет басшысы – король. Діни басшы - жоғарғы лама Бутанда корольден кейінгі екінші адам болып есептеледі. Атқарушы билік Корольдің Консультативтік Кеңесі мен Министрлер Кеңесінің қолында. Заң шығарушы органы – бір платалы Ұлттық Ассамблея (ЦонГДу). Саяси партиялар жұмысына тыйым салынған. Бутан 1971 жылдан БҰҰ-ға мүше.

Экономикасы: Бутан – аграрлы ел. Негізгі сала – жер өңдеу. Мал шаруашылығында негізінен таулы жайылым басым. Қолөнер немесе қол еңбегі шаруашылығы жақсы дамыған. Пайдалы қазбалары - темір кені, көмір, мыс, қалайы т.б. Халықаралық туризм және пошта маркаларын сату ісі жақсы дамыған. Үкімет экологияға көп көңіл бөледі (Бутан территориясының тең жартысына жуығы Ұлттық парктер), сондықтан да өнеркәсіпті дамыту ісіне мемлекет тарапынан аса көңіл бөлінбейді. Экспорты: жеміс-жидек, электр энергиясы (СЭС-терде өндірілген), ағаш, жеміс-жидек консервілері, көмір, лак, піл сүйектері т.б. Импорты: мұнай және мұнай өнімдері, автомашиналар, күріш т.б.

Тарихы: Бутанның ежелгі және орта ғасырлардағы тарихы толық зерттелмеген. 6 - 7 ғ-ларда Бутан территориясы қазіргі Үндістанның Ассам штатын қамтыған Брахмапутра өңіріндегі Камарупа мемлекетінің құрамында болған деген жанама деректер кездеседі. Камарупа құлағаннан кейін Бутанға бірнеше рет тибеттіктер басып кіріп, олардың едәуір бөлігі осында тұрақтап қалған. Тибеттіктер Бутанда өз мәдениеті мен ламашылдықты ұстанды. Біртұтас діни ұйымға біріктірілген Бутан 17 ғ-дың ортасында тәуелсіз теократиялық мемлекет болып қалыптасты. 19 ғдан 1947 жылға дейін Британия протектораты болды. 1907 ж. ағылшындардың көмегімен мұрагерлік монархия - Вангчуктер әулетінің билігі орнады. Ағылшын отарлық үкіметі Бутанның сыртқы саясатын қадағалағанымен, ішкі өміріне араласқан жоқ. 1949 ж. Бутан тәуелсіздік алды, бірақ шет мемлекеттермен байланысы Үндістанның бақылауымен жүргізіледі. 1954 ж. заң қабылдаушы органы - Цонгду құрылды. 1971 ж. БҰҰ мүшелігіне қабылданды. Оңт. Азияның барлық елдерімен, Үндістанмен, Жапониямен, Германиямен, т.б. елдермен дипломатиялық қарым-қатынастары бар.


19 сабақ.

ПӘКІСТАН

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Пәкістан Ислам Республикасының табиғат жағдайлары, ресурстары, ұлттық және діни құрамы, шаруашылығы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: Пәкістан Ислам Республикасы

Ресми атауы – Пәкістан Ислам Республикасы.

Астанасы: Исламабад.

Жер көлемі: 83,9 мың км2.

Халқы: 154,8 млн. адам.(2005)

Ресми тілі: урду, ағылшын.

Діні: 97 % ислам, қалғаны 3 %

Мемлекеттік құрылымы: Федеративтік республика

Ақша бірлігі: пәкістандық рупи

Сауаттылық деңгейі: 38 %

Орташа өмір суру жасы: 58 жас

1 дәрігерге: 2940 адам

ХХ ғасырдың ортасына дейін бұл ел географиялық картада мүлдем болмады. Тіпті оның атауы - Пәкістан жаңа мемлекет провинцияларының басқы әріптерінен және шығыстың "ел" деген мағынасы бар "стан" сөзінен құрылған.

Әкімшілік жағынан 4 провинцияға, 1 федеральды-басқару аймағы, 1 федеральдық астаналық өңірге бөлінеді.

Ұлттық және діни құрамы: Пенджабдықтар - 55 %, сингхтер - 20%, пуштундар - 10%, белуджилер - 5% және т.б ұлттар тұрады.

Мемлекеттік тілі – урду және ағылшын тілдері. Халқының 97%-ы – мұсылмандар (сунниттер - 77%, шииттер - 20%), қалғандары христиан, индуизм дініндегілер т.б.

Ислам арманы. Пәкістан мемлекеті - бұл ислам арманының жүзеге асуы. Ол 1947 жылы Ұлыбритания колониясы - Британдық Үндістан территориясының мұсылмандар көп мекендейтін бөлігінде құрылды. Алғашында оның құрамына бұрынғы колонияның солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс аудандары, Шығыс және Батыс Пәкістан кірді. Бұл кездейсоқтық емес: дәл осы солтүстік-батыстан Үндістанға мұсылман жаугерлері келген еді. Бірақ Үндістандағы негізгі дін индуизм болғандықтан екі дін жақтары бір-бірімен жауласып жатты. Сондықтан Үндістанның мұсылмандары өздерінің саяси және діни құрылымды қоғамдары болуын армандады.

Әу бастан Пәкістан діни мемлекет болды немесе заң және дін мемлекет өмірінде жан-жақты басым және басқарушы болды. Бұл жағынан Пәкістан "ислам белдеуіндегі" басқа мемлекеттерге ұқсас болды. Мысалы: Иран және Сауд Арабиясы.

Пәкістанның батысы және оңтүстікбатысында Белужистан шөлді таулы қыраты, солтүстігінде Гималайдың биік таулы сілемдері орналасқан. Тек елдің шығысында ғана жасыл жолақ - Инд ұлы өзенінің аңғары бар. Бірақ оның сол жақ жағалаүымен ыстық Тар шөлі өтеді. Бұл жер бай өмір сүруге онша қолайлы емес, сондықтан да болар кейбір тайпалар (мысалы, оңтүстіктегі белужи тайпасы) көшпенді өмір сүреді. Халықтың басым бөлігі (пенджабтықтар, пуштундар, сингхтер, белужилер, т.б.) Инд аңғарында шоғырланған. Пәкістан Үндістаннан бөлінгеннен кейін мұсылмандардың көп бөлігі Үндістанда, ал индуистердің көбі Пәкістанда қалып қойды.

Содан кейін (1965 - 1971 жж.) көрші елдер арасында бірнеше рет соғыс болды. Соның салдарынан көп көшіп-қонулар болды. ХХ ғасырдың соңында олардың арасында діни конфликтілер әлі де болып тұрды, әсіресе үнді штаттары Джамму мен Кашмир (Пәкістан оларды Үндістанның бөлігі деп санамады) және Пенджабта. Осындай ұзақ жауласу Оңтүстік Азияда қарулану жарысына әкелді. Үндістан сияқты 1998 жылы Пәкістан да ядролық қаруға иеленді.

Үндістанмен шиеленісуіне ішкі қақтығыстар да қосылды. Жиырма жыл бойы Пәкістан Үндістанның үлкен территориясымен бөлінген - батыс (Пенджаб, Белужистан, Синд және т.б. кіретін және шығыс (Шығыс Бенгалия) екі бөліктен тұрды. Мұндай aра қашықтығы үлкен болуының елдің бірлігіне тигізетін пайдасы аз болып, 1971 жылы қысқа әрі қан төгісті азаматтық соғыстан кей Шығыс Бенгалия тәуелсіз Бангладеш мемлекетіне айналды. Ислам арманынан саяси шекараның қалыптасуына дейінгі жолдың тікенегі мол болды.

Пәкістанның қазіргі дамуын екі түсінікпен – «солтүстікке жылжу» және «діни державаға» айналу деп түсіндіруге болады. Ішкі территорияларды жақсы игеру үшін ел солтүстікке талпынды. Бірақ оның ірі қалалары оңтүстікте Үнді мұхитының жағалауында (Карачи) және шығыста, Инд аңғарында (Лахор) орналасқан. Жаңа астанасы - Исламабад (Ислам қаласы) елдің солтүстігінде ХХ ғасырдың 60-70 жылдары батыс стандартымен арнаулы салынған еді. Қазір ол көрші ірі, таза "шығыс" қаласы Равалпиндимен ұласып жатыр. Сонымен қатар, елдің солтүстігіндегі тынымсыз пуштун тайпаларын орталықтан басқару оңай болды. Пәкістан өзі ойлағандай дәстүрлі ислам мемлекеті бола алмады. Саяси және экономикалық күшке ие болу үшін, оған батыстық тәсілдер - парламенттік демократия және нарықтық экономиканы енгізу қажет болды. Батыстық бағытта модернизациялау тегіс болмады. Өйткені елде қайта-қайта әскери төңкерістер болып жатты. Осындай топтардың басшыларының бірі - генерал Мұхаммен 3ия-Уль-Хан өзі құлатқан премьер-министр, өзінің әлеуметтік-саяси реформалары мен әйгілі 3улФакир Алихан Бхуттоны (1928 - 1979 жж) өлтірді.

Бірақ әкесінің ісін қызы Беназир Бхутто жалғастырды. Ол мұсылман мемлекеттері ішіндегі әйгілі саясаткер-әйел. Ол екі рет премьер-министр болды.

Пәкістан ХХ ғасырдың аяғында өзінің өңдеуші өнеркәсібін (негізгісі тоқыма) дамытты. Өйткені мақта елдің ауыл шаруашылық өнімінің негізін қалады. Осылайша саяси және экономикалық талпыныстарымен Пәкістан аймақтық державаға айналуды көздеді. Бұл мақсатты АҚШ-та (Үндістан мен Иранға қарсыластықтан пайда көру үшін) қолдады. Қытаймен сауда қарым-қатынаста болу үшін екі елді байланыстыратын Пәкістан биік таулы Қарақорым тас жолын (шоссе) салды. .

Бесөзен. Пәкістанның басты жер өңдеу аймағы Инд өзені маңындағы құнарлы Пенджаб жазығы. Инд - бұл тұщы судың негізгі көзі және электр энергиясын өндірудің негізгі көзі болып табылады. Инд өзенінің 5 саласы бар: Джелам, Рави, Чинаб, Биас және Сатлеж. Бұл осы аймақтың «Пенджаб» (бес су) деп аталуына себеп болды. Елдің басқа бөліктеріндегі шөлдер мен шөлейттер ірі ирригациялық құрылымдар арқылы құнарлы егістіктерге айналды.




20 сабақ.

САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫС №2

(Орталық, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азия елдері бойынша)

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Орталық, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азия елдерінің экономикалық-географиялық жағдайына баға бере білуге, картографиялық мәліметтермен жұмыс жасай білу және оларды жинақтай, қорытындылай білу дағдыларын қалыптастыру

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: практикалық

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар


Сарамандық жұмыс барысы:

Сұрақтар мен тапсырмалар.

  1. Орталық, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азия елдерінің ЭГЖ-на баға беру.

  2. Кескін картаға Орталық, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азия елдерінің шекараларын белгілеп, астаналарын, ірі қалаларын, өзендері мен көлдерін түсіру.

  3. Астаналарының географиялық координаталарын анықтау.

Елдер

Астаналары

Географиялық координаталары





  1. «Орталық, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азия елдерінің табиғат ресурстары» атты жиынтық кесте құрастыру

Негізгі ресурс түрлері

Таралған аумақтары

Пайдаланылу деңгейі






5. Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азияның өздерің таңдап алған екі еліне

салыстырмалы сипаттама беру.

Жеке елге сипаттама беру жоспары.

  1. Тарихи-географиялық орны.

  2. ЭГЖ-ның ерекшеліктері.

  3. Аумағы және әкімшілік бөлінуі.

  4. Мемлекеттің қалыптасу тарихы және геосаяси жағдайы.

  5. Табиғаты және табиғат ресурстары.Экологиялық проблемалары.

  6. Туристік объектілері.

  7. Халқы.Халықтың ұлттық және тілдік құрамы. Қоныстану ерекшеліктері. Урбандалу. Еңбек ресурстары. Халықтың тұрмысы мен мәдениеті.

  8. Шаруашылығы. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының салалық құрамы, даму бағыттары. Көлік және қызмет көрсету. Ішкі экономикалық айырмашылықтары. Ірі қалалары.

  9. Сыртқы экономикалық байланыстары. Қазақстанмен өзара қарым-қатынасы.


21 сабақ

АВСТРИЯ

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Австрия Республикасының табиғат жағдайлары, шаруашылығы, тарихы мен сыртқы экономикалық байланыстары туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар


Жаңа сабақ: Австрия Республикасы

АВСТРИЯ, Австрия Р е с п у б л и к а с ы - Орталық Еуропадағы мемлекет.

Жер аумағы 83,9 мың км2.

Халқы 8,17 млн. (2005).

Астанасы - Вена қ.

Әкімш.аумақтық бөлінісі жағынан 9 федералдық жерден тұрады.

Халқының 98%-і австриялықтар,

Дінге сенушілердің 84%-і католиктер.

Мемл. тілі - неміс тілі.

Заң шығарушы органы - екі палаталы парламент.

Мемлекет басшысы - федералдық президент.

Табиғаты. А. - таулы ел. Жерінің көбін Шығыс Альпі таулары алып жатыр. Ең биік жері - Биік Таузрн жотасындағы Грос- Глокнер шыңы (3997 М). Кен байлықтарынан қоңыр көмір, мұнай мен газ, теміp кентасы, магнезит, графит, қорғасын, мырыш, мыс, ас тұзы өндіріледі. Климаты қоныржай, шығысында континенттік болып келеді. Орташа тeмп-pa қаңтарда -1-40С, шілдеде 150-180С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. тау аңғарларында 500 мм-ден Альпі тауларында 2000 мм-ге жетеді. Кеме жүзетін үлкен өз. - Дунай. Жерiнің 38%-і орман, ол негізінен тау беткейлерін көмкерген.

Экономикасы. Австрия экономикасы нapықтық қатынастар негізінде дамыған иңдустриялы-аграрлы мемлекет. Ел экон-сына ГФР компанияларының ықпалы күшті. Австрия жылына 0,5 млн. т көмір, 1,0 млн. т мұнай, 4,5 млн. т болат және 54,9 млн. кВт сағ электр энергиясын өндіреді ([996 ж.). Дамушы өнеркәсіп салаларынан қара металлургия, алюминий өнеркәсібі, машина жасау (станоктар, транспорттық машиналар, электротех. бұйымдар), химия өнеркәсібі (азот тыңайтқышы, күкірт қышқылы, жасаңды талшық, резина шығару), ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі өркендеген.

А/ш-ңда мал ш-ның маңызы өте үлкен. Егіншілікпен қатар бау-бақша, жүзім шаруашылықтары дамыған. Австрияның ұлттық табысы жылына 202,8 млрд. американ доллары болса, оны жан басына шаққанда 25,2 мың доллардан келеді. Соңғы көрсеткіш бойынша Австрия Еуропа экон. аймағы бойынша алтыншы opындa. Экспортқа жылына 55 млрд. доллардың өнімі шығарылып, 65 млрд. доллардын өнімі сырттан әкелінеді. Ал дүн. жүз. ішкі жиынтық өнімдегі А-ның үлесі 0,5%-тен сәл артық.

Тарихы. А. атауы алғашқы рет 996 ж. 1 қарашада жазылған құжатта кездеседі. 1156 жылдан бастап Австрия - "Қасиетті Рим империясы" құрамындағы герцогтық. 13 ғ-дың соңынан онда Габсбургтер әулеті билік жүргізді, 1453 жылдан - эрцгepцoгтық.

18 ғ. Габсбургтер Бельгияны, Италияны, поляк, украин жерлерінің біразын өзіне қаратты. 17-18 ғ-ларда А. монархиясы Түркиямен, Франциямен, Пруссиямен болған соғыстарға қатысты. 1804 жылдан Габсбургтер империясы болып аталды. 1859 ж. Франция мен Италияға қарсы соғыста Ломбардиядан айырылды. 1866 ж. Пруссияға қарсы соғыста жеңіліс тапты.

1867 ж. Австрия-Венгрия монархиясы құрылды. l-дүн. жүз. соғыста Австрия - Венгрия Германияның басты одақтасы болды. Австрия-Венгрия монархиясы ыдырағаннан кейін 1918 ж. қарашада А. республикасы құрылды.

1938 ж. наурызда герман әскерлері А-ға басып кіріп, Германияға қосып алды (эншлюс). А-ның фашистер үстемдік еткен 7 жылы оның тариxындaғы ең қаралы кезең болды. 1943 ж. Мәскеуде КСРО, Англия, АҚШ Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде қабылдaнғaн декларация бойынша Германияның А-ны қосып алуы заңсыз деп танылды. 1945 ж. наурызда Кеңес әскерлері А шекарасынан өтіп, 13 сәуірде Венаны азат eтті. Бірақ А бірден тәуелсіз мемлекет бола алмады. Бірнеше жыл бойы ол Франция, АҚШ, Ұлыбритания және КСРО арасыңда 4 оккупац. аймаққа бөлінген қалпыңда қала берді.

1955 ж. 15 мамырда Венада КСРО, АҚШ, Англия, Франция, Австрия мемлекеттерінің өкілдері А-ның тәуелсіздігін қалпынa келтіру туралы шартқа қол қойды. А-дан шетел әскерлері шығарылды, сөйтіп ол қайтадан тәуелсіз ел болып, сол жылы қазан айыңда елдің парламенті А-ның тұрақты бейтараптығы туралы конституциялық заң қабылдады, ал 1955 ж. желтоқсаңда БҰҰ-ға мүше болып қабылданды. А-ның сыртқы саясаты 1955 ж. 15 мамырдағы шартта көрсетілген міндеттемелер мен тұpaқты бейтараптық мәртебесіне негізделген. 1996 жылдың қаңтарынан Еуропалық Одаққа мүше болып қабылданды. 1992 ж. 19 ақпанда Қазақстан Республикасымен дипломат. қатынастар орнатты.





22 сабақ

АНДОРРА КНЯЗЬДІГІ мен ВАТИКАН

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Андорра Князьдігі және Ватикан қала-мемлекеттерінің мемлекеттік құрылымы, халқы, шаруашылығы, тарихы мен мәдениеті, саяси жағдайлары туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар


Жаңа сабақ: Андорра Князьдігі және Ватикан қала-мемлекеті.

А н д о р р а к н я з д ы ғ ы (Андорра-ла Вьеха) - Еуропадағы шағын мемлекет. Франция мен Испания аралығында, Шығыс Пиреней аумағыңда орналасқан.

Жер көлемі 465 км2,

Халқы 66,9 мың адам (2005),

Олардың ішінде байырғы халқының (аңдорралықтар) саны 19 мың шамасыңда, қалғаңдары португалдықтар,испандықтap, француздар.

Ұлттық мейрамы - 8 қыркүйек, Богородица Меритксельская күні (А-ның желепжебеушісі).

1993 ж. 14 наурызда өткен референдумда мақұлданған елдің жаңа Конституциясы бойынша Андорра парламенттік княздық болып табылады. 1278 жылдан бері Урхель епископы (Сеу-де-Урхель қ., Испания) мен Франция президентінің тарихи қалыптасқан қос басшылығы сақталған. Олар - Андорра тәуелсіздiгінің, Испания және Франциямен достық қарым-қатынасының кепілі. Өкіметтің заң шығарушы органы - бір палаталы Бас Кеңес (1419 жылдан бері жұмыс істейді), ол үкімет қызметіне бақылау жасайды және мемл. бюджетті бекітеді, парламент төрағасын және оның орынбасарларын үкімет басшысын сайлайды. 1981 ж. жүргізілген "институттар реформасы" бойынша құрамында 8 министрі бар Атқару кеңесі құрылып, оған елдің ішкі және сыртқы саясатына басшылық ету жүктелді. Бас кеңесте 5 саяси партия өкілдері бар.

Андорра жөніңдегі алғашқы мәліметтер 778 ж. арабтардан жеңілген вестготтардың Сеуде-Урхель қ-н тастап, Пиренейдің биік шатқалдарына барып паналауын сипаттайтын жазбалар да кездеседі. Император Ұлы Карл арабтардың әрі қарай ілгерілеуін тоқтатып, Андорраны Урхель епископының қарамағына береді. Орта ғ-ларда Андорра Урхель епископы мен граф де Фуаның иелiгі болды. Кейін граф де Фуаның бұл құқы француз корольдеріне ауысты. 1993 ж. дейін А. Франция мен Испанияның протектораты ретінде саналған княздық болды. Жалпыға бірдей сайлау құқы ерлер үшің 1933 ж., әйелдер үшін 1970 ж. енгізілді. Жаңа Конституцияның Андорраның мемл. құрылысы жөніндегі баптарына 1993 жылғы 1 маусымда өзгерістер енгізілді, Испания Корольдirі, Француз Респ. және А княздығы арасыңда шарт жасалып, А-ның жаңа тәуелсіз мәртебесі тиянақталды. А 1993 ж. БҰҰ-на, 1994 ж. Еуропа Кеңесіне, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ-ке мүше болып қабылданды. 1996 ж. шілдеде А Ядролық қаруды таратпау жөніңдегі шартқа ресми түрде қocылды. Халқының негізri табыс көзі (1993 ж. жан басына 15411 АҚШ долларынан келді) - саудамен шетелдік туризм (жылына 12 млн-ға дейін адам келіп кетеді), экономикасының маңызды саласы - темекі өсіру және өңдеу. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары бар. Таулы өңірлерінде мал ш-мен айналысады. Teгiн және міндетті бастауыш білім беру жүйесі енгізілген. Елдегі сауаттылық деңгейі 100%-ке жуық.


Ватикан

ВАТИКАН, Ватикан қ а ла - м е м л е к е т і - католик шіркеуінің орталығы. Рим папасы орналасқан мекен. Рим қаласының батыс жағыңда.

Жер көлемі 0,44 км2. Бұл жерден тыс Римнің іші мен сыртыңда В-ға қарайтын 3 собор бар (жалпы көлемі 0,7 км2).

Тұрғын халқы 1 мың адам шамасында. Көпшілігі діни мекемелердің қызметкерлері. В. азаматтығын тек 700-дей адам ғана алған.

Ресми тілдері: латын және Италия тілдері.

В. абсолютті теократиялық монархия. Мемлекет басшысы - Рим папасы (1978 ж. 16 қазаннан бері - Иоанн Павел 11). Оның қолыңда барлық билік (заң шығару, атқару, сот төрелігі) шоғырланған. Бұған қоса Рим папасы сыртқы елдермен қарым-қатынасты да жеке өзі шешеді (қ. Рим папасы). Папаның жанындағы кеңесші орган Кардиналдар кеңесі. Олар аса маңызды шірқеу істерін қарайды және өз аралары нан Рим папасын сайлауға қатысады. Кардиналдардың 1/3 бөлігі Рим куриінің (В. үкіметі) құрамына кіреді. Үкімет В-ның діни, саяси, экон. істерінің барлығына басшылық жасайды. Рим куриінің құрамына мемл. секретариат, 9 конгрегация (діни мекемелер), З трибунал, 12 комиссия, Т.б. мекемелер кіреді. Мемл. хатшы (премьер-министр) қызметін 1990 жылдан бері архиепископ

А. Содана атқаруда. В. тарихы 756 Ж. Папа облысы құрылған кезден басталады. 1870 ж. Италия әскерлері Папа облысын басып алып, астананы Римге көшірді.

1929 ж. жасалған Латеран келісімі (конкордат) бойынша, Италия жағы В. мемлекетінің тәуелсіздігін мойыңдады. 1984 ж. екі арада жаңа конкордат жасалып, италиялықтарға дін еркіңдігі берілді. Қазір әлемде 800 млн-нан аса христиан-католик тұрады (1999). Олардың ішіңде Рим папасының саясатын жүргізетін 1,7 млн. дін қызметкері, 0,4 млн. священник, 2 мыңнан аса монастырьлар бар. Бұған қоса В. діни емес ұйымдар (кәсіподақ, жастар, әйелдер, т.б.) арасында да үлкен беделге ие. Бұл ұйымдардың көбі В-ның мемл. хатшысы басқаратын халықар. католик ұйымдарына кіреді. В. басшылығы әлемдегі шешуі аса күрделі мәселелерге (қарулы қақтығыстар, жұмыссыздық, кедейшілікпен, аштықпен күрес, Т.б.) үнемі араласып отырады. Бұл қызметтеріне кететін шығыңды олар өз есептерінен төлейді. В. дүние жүзіңдегі аса бай мемлекеттердің бірі (алтын қоры - 13 млрд. долл.).

В. сәулет өнерінің тарихы 4 - 5 ғ-лардан бастау алады. Әлемдік сәулет өнерінің көрнекті үлгісі - әйгілі Әулие Петр соборы орналасқан алаң (сәулетші Л. Бернини, 1657 - 6З) В-ға кіретін салтанатты қақпа қызметін атқарады. Собордан солт-ке қарай ауқымды сарай ансамблі (55 мың м2) басталады (15 - 16 ғ-лар). Онда Николай V Сикстин, Паопин капеллалары, Бельведера, Сан-Дамозо сарайлары (150З - 45 ж.), сарайларға көтерілетін Король басқышы (166З- 66) бар. Сарайларда Ватикан кітапханасы, ежелгі дәуір мүсін өнерінің музейлері, т.б. мұражайлар шоғыры, ал В. бау-бақшаларында Пий ІУ казиносы, Ватикан пинакотекасы (17 ғ-ға дейінгі италиялық кескіндеу өнерінің мұралары сақталған), Т.б. тарихи-мәдени ғимараттар орналасқан. Соңдай-ақ, Римдегі Сан-Джовани ин Латерано, Санта-Мария Маджоре және Сан Паоло фуори ле Мура (бәрі де ІҮ ғ салынған). Латеран(16ғ) сарайлары, Кастель-Гандольфодағы папаның жаздық резиденциясы т.б ғимараттар Ватиканның меншігі болып табылады.


23 сабақ

БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІ

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Бельгия Корольдігінің мемлекеттік құрылымы, табиғат жағдайлары мен ресурстары, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: Б ел ь г и я К о р о л ь д і г і

БЕЛЬГИЯ (Belgium), Б ел ь г и я К о р о л ь д і г і - Бат. Еуропадағы мемлекет. Жері - 30,5 мың қм2.

Халқы - 10,4 млн. (2005-ж).

Халықтың орналасу тығыздығы – 1км2 – 340 адамнан келеді.

Астанасы - Брюссель (1 млн.)

Ірі қалалары:Антверпен,Гент, Льеж.

Әкімш. жағынан 10 провинцияға бөлінеді.

Ресми тілдері - француз, нидерланд (фламанд) және неміс тілдері.

Халқының 70%-і христиан-католиктер. Ислам дінін 200 мыңдай адам ұстанады. Ақшасы - бельгия франкі.

Ұлттық мейрамы 21 шілде (Леопольд І-нің парламентте Конституцияға адал болуға ант берген күні) мен 15 қараша (король әулетінің 1866 ж. таққа отырған күні).

Мемлекеттік құрылысы. Бельгия - конституциялық монархия. Қазіргі конституциясы 1831 ж. қабылданып, оған бірнеше рет өзгерістер енгізілді. Мемл. басшысы - король. Заң шығару билігін король мен парламент жүргізеді. Парламент - өкілдер палатасынан (150 депутат) және сенаттан (71 мүше) тұрады. Атқарушы билікті парламент алдында есеп беретін үкімет жүзеге асырады. Провинцияларды король тағайындайтын губернаторлар басқарады.

Табиғаты. Бельгия жерінің жазықтығымен, жылы климатымен ерекшеленеді. Арденна тауы Б-ның оңт.-шығыс бөлігін алып жатыр. Ең биік жері - Ботранж шоқысы (649 М). Қаңтардағы орташа темп-ра 30С, шілдеде 18 - 190С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 700 - 900 мм, Арденна тауыңда 1250 мм. Басты өзендері: Маас және Шельда. Өзендер бір-бірімен каналдар арқылы жалғасқан. Теңіз жағалауы мен өзен сағалары құнарлы аллювийлі шөгінді топырақты келеді, ал қалғаны күлгін топырақты және ормаңды жерлері құба топырақты. Бельгия жерін марал, елік, қабан, орман мысығы мен құндыз, құстардан қырғауыл, құр, т.б. мекендейді.

Тарихы. Бельгия жерінде ерте заманда кельттердің белг (елдің атауы осыдан шыққан) тайпалары өмір сүрген. Олардан қалған тарихи қоныстар ашель мәдениетіне жатады. Б.з.б. 57 ж. Рим империясы белгтер елін жаулап алады да, елдің оңт.батыс бөлігіңде Бельгика провинциясын құрады, ал 3-4 ғ-ларда бұл жерге герман тайпалары - франктер, ішінара фриздер мен сакстер көшіп келе бастады. Б. жері 5 - 9 ғ-ларда Франк мемлекетінің құрамына кірді де, кейіннен бытыраңқылыққа ұшырап, бірнеше графтықтардың құрамына бөлініп кетті. Орналасқан жері қолайлы болғандықтан 12 - 13 ғ-ларда Еуропаның "шеберханасына " және халықар. сауданың маңызды торабына айналды. 16 ғ-да қазіргі Б. аумағындағы Нидерланд, Люксембург жері және Солт. Францияның бір бөлігі бірігіп, Нидерланд деп аталды да, 1621 ж. Испанияға қосылды. Испан тағына мұрагерлік үшін болған соғыстың (1701-14) нәтижесінде Нидерланд Испаниядан австриялық Габсбургтер әулетіне өтті. 1794 ж. Б. Наполеон империясы құрамына еніп, ол құлағаннан кейін, Вена конгресінің (1814-15) шешімі бойынша Голландиямен бірге Вильгельм І бастаған Нидерланд корольдігіне бірікті. Осы кездерде Б-да өнеркәсіп жедел дамыды. Темір жолдар салынып, банкілер көптеп ашылды.

1830 ж. 25 тамызда Брюссельде Голландия үстемдігіне қарсы көтерілістен соң, 10 қарашада ашылған Ұлттық конгресс елдің тәуелсіздігін жариялады. 1831 ж. Б. мәңгі-бақи бейтарап мемлекет және конституциялық монархия болып жарияланды. 19 ғ-дың екінші жартысында Б. өнеркәсібінде көмір өндіру, темір жол салу зор қарқынмен дамыды. l-дүниежүз. соғыс (1914 - 18) кезінде Германия Б-ға басып кірген соң (1914, 4 тамыз), оның бейтараптығы бұзылып, Антанта жағында соғысты. 1940 ж. 10 мамырда неміс-фашист армиясы елді тағы басып алып, 1944 ж. қыркүйекке дейін билік жүргізді. Соғыстан кейін 1947 - 49 ж. Спаак үкіметі Б-ны Маршалл жоспарына қосқаннан кейін, ел экономикасына шетел капиталы (негізінен АҚШ) тартылды. 1970 ж. басталған конституциялық реформа 1989 ж. 1 қаңтарда елді ресми түрде федеративтік мемлекет болып құрылуға алып келді.

Бельгия - БҰҰ-на, Солт. Атлантика ұйымына (НАТО), Еуропа Одағына, Бенилюкс елдер одағына, т.б. халықар. ұйымдарға мүше 1992 ж. қазақстан дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Б. Батыс Еуропа елдерінің мемлекетаралық саяси, әскери және экон. одақтарының орталығы болып табылады. Ел астанасы Брюссельде Солт. Атлантика Одағының (НАТО), Еуропа Одағының, Бенилюкс елдері одағының штаб-пәтерлері орналасқан.

Экономикасы. Бельгия - әлемдегі өнеркәсібі жоғары дамыған елдердің бірі. Ең төм. айлық жалақы - 40 мыңдай бельгия франкі (1100 АҚШ долл.) болса, жұмыс істемейтіңдерге 20 - 27 мыңдай (700 - 850) жәрдемақы төленеді. Қара металлургия - Бельгия өнеркәсібінің ежелгі салаларының бірі. Химия және электротехника өнімдерін шығару, машина жасау, құрылыс материалдарын дайындау, ағаш өңдеу (жиҺаз, қағаз), т.б. дамыған. А. ш. жалпы ішкі өнімнің 2,5%-ін береді. Әлемдік саудадағы үлесі 2,7%. Экспортқа автомоб. бөлшектерін, химия мен металлургия өнімдерін, тағамдар мен киім-кешек шығарады. Сырттан минералдар, металл бұйымдары әкелінеді.

Негізгі сауда серіктестері: Еуропа Одағына мүше мемлекеттер, АҚШ.

Бельгия кәсіпкерлері Қазақстанда да біріккен кәсіпорындар құрып ел экономикасының әр түрлі салаларында қызмет атқаруда.


24 сабақ

ШВЕЙЦАРИЯ

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Швейцария Конфедерациясының мемлекеттік құрылымы, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: Швейцария Конфедерациясы

Швейцария Конфедерациясы – Орталық Еуропадағы мемлекет. Солтүстігінде Германиямен, батысында Франциямен, шығысында Австриямен, оңтүстігінде Италиямен шектеседі.

Жер аумағы - 41,3 мың км2.

Халқы - 7,24 млн. (2005).

Халықтың орналасу тығыздығы - 1км2-ге – 175,3 адамнан келеді.

Астанасы - Берн қ.

Мемлекеттік тілі – неміс, француз, итальян

Мемлекеттік құрылысы. Швейцария - федерациялық республика. Әкімш. жағынан 23 кантонға және 3 жартылай кантонға бөлінеді.

Қазіргі конституциясы 1874 ж. қабылданған. Одақтық өкімет билігіне соғыс пен бітім, сыртқы сауда, армия құру т. б. күрделі мәселелер жатады. Мемл. басы президентті Ұлттық советтің мүшелері 1 жылға сайлайды. Өкіметтің жоғ. заң шығаратын органы - екі палаталы парламент - Одақтық жиналыс, Ұлттық совет пен кантондар Советінен құрылады. Өкіметтің жоғ. атқару билігі үкіметке - Одақтық советке (7 мүше) жүктелген. Бұл совет мүшелерінің әрқайсысы бір департаментті (мин-ті) басқарады. Республика президенті мен вице-президентінің қызметін Одақтық советтің мүшелері кевенпелi атқарады. Барлық кантондар мен жартылай кантондардың өзіндік конституциясы бар; өкіметтің заң шығару функциясы - үлкен советке (парламент), атқару міндеттері - кантондық советтерге (үкіметке) жүктелген. Округтар мен қауымдарда өзін-өзі басқаратын органдар - азаматтардың жалпы жиналыс (неміс кантондарында) және қауымдық советтері (франц. контондарында) сайланады. Сот жүйесі федерациялық және кантондық деп бөлінеді..

Табиғаты. Швейцария - таулы ел. Территориясының 60%-ін Швейцария Альпісі, 1/3-не жуығын Швейцария таулы үстірті, 1/10-ін биіктігі орташа Юра тауы алып жатыр. Ең биік жері - Пеннин Альпісіндегі Дюфур тауы, 4638 м. Маңызды асулары Сен-Готард (2112 М), Симплон (2009м), Үлкен Сен-Бернар (2472 ж), Фурка (2436 М). Пайдалы қазындылары - тас тұзы, графит, қоңыр көмір.

Климаты негізінен қоңыржай жылы, ылғалды, тауларында қоңыржай салқын. Швейцария таулы үстіртінде қаңтардың орташа темп-расы -1,50 С, шілдеде 17,30 С. Жылдық жауын-шaшыны 800-1000 мм, Альпі тау аралық аңғарларында жерортатеңіздік климат белгілері басым; мұнда қаңтардың орташа темп-расы –

70 С, шілдеде 120 С. Жылдық жауын-шашыны 2000 мм. Өзендерінің суы мол, энергия қорына бай. Ірі өзендері - Рейн, Рона, Инн, Тичино, По. Көлдері көп, ірілері - Женева (582 км2) , Боден (538 км2) , Невшатель, Цюрих, Фирвальдштет. Жері қоңыр ормандық, күлгін және таулық шалғынды топырақты келеді. Швейцария таулы үстіртінде және оның беткейлерінің 800-900 м биіктікке дейінгі бөлігінде табиғи өсімдік жамылғысы сақталмаған, толық өңделген. Территориясының 25%-ы орман. Тау етектерінде жалпақ жапырақты (емен, шамшат) және кейбір беткейлерде қылқан жапырақты (1800 м биіктік шамасында) орман қалыптасқан. Таудың 2600-3000 м биіктігінде субальпілік және альпілік шалғын өседі. Жануарлар дүниесі қоңыр аю, түлкі, жабайы мысық, тау ешкісі, қоян, сусар, бұғы, альпі суыры және құстың көптеген түрлерінен құралады; өзен-көлдері балыққа бай.

Экономикасы. Швейцария жоғары дамыған индустриялы-аграрлы ел. Швейцария өнеркәсібінде жоғарытехнологиялық өнімдер шығаруға маманданған. Өнеркәсіптің негізгі салалары микроэлектроника, биотехнология, электротехника және фармацевтикалық өнеркәсіп салалры. Банк ісі мен сақтандыру секторлары экономикадағы негізгі рөлдердің бірін атқарады. Машина жасау, фармацевтика және химия өнеркәсіптері дамыған.Мұнай өңдейтін заводтар мен қара және түсті металлургия кәсіпорындары жұмыс істейді. Мал шаруашылығы, көкеніс және жүзім шаруашылықтары дамыған. Туризм ісі де жақсы жолға қойылған.

Импорты: тұрмыстық және электрондық құралдар, тамақ өнімдері, болат және шойын, мұнай өнімдері т.б.

Экспорты: машиналар, сағаттар, текстиль, дәрі-дәрмек, электр құралдары, органикалық химия өнімдері т.б.

Негізгі сауда серіктестері: Германия, Франция, Италия, АҚШ.

25 сабақ

ИСЛАНДИЯ

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Исландияның географиялық орны, табиғат жағдайлары, мемлекеттік құрылымы, халқы, тарихы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар


Жаңа сабақ: И с л а н д и я Р е с п у б л и к а с ы

ИСЛАНДИЯ (Jsland), И с л а н д и я Р е с п у б л и к а с ы - Aтлант мұхитының солт. бөлігіндегі Исланд аралын алып жатқан мемлекет. Солтүстігін Гренланд теңізі, шығысын - Норвег теңізі, батысын - Дат бұғазы шайып жатыр.

Жер аумағы - 103 мың км2.

Халқы - 292 мың адам.(2005 ж)

Халықтың орналасу тығыздығы - 1км2 – 2,8 адамнан келеді.

Астанасы- Рейкьявик қ-сы.

Ұлттық валютасы – Исланд кронасы

Әкімш. жағынан округтарға (Сислаларға) бөлінеді (құрамына 124 ауылдық өңірлер мен қалалар енетін 23 округке).

Мемлекеттік құрылысы. Исландия - республика. Қазіргі конституциясы - 1944 ж. 17 маусымда күшіне енген. Мемл. басшысы - президент, оны халық 4 жылға сайлайды. Заң шығару билігі президентке және екі палаталы парламентке - альтингке берілген. Альтинг депутаттары (60 адам) пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау негізінде сайланады.

21 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау правосы беріледі. Жергілікті басқару органдары - қалалардағы сайланып қойылатын муниципалитеттер. Oкpyгтapды орталық үкімет тағайындаған чиновниктер басқарады. Сот жүйесі төменгі соттар, қалалық және апелляцпялық, Жоғарғы соттардан құралады.

Табиғаты. Исланд аралы - су астындағы Солтүстік Атлант жотасының жалғасы. Ол вулкандық процестердің салдарынан пайда болған. Жерінің көбі қырат (биік. 400-800 м). кей жерлерінде биікт. 1000-1500 м-ге жететін тау массивтері кездеседі. Ең биік тауы - Хваннадальсхнукур Byлканы (2119 м).

200-ге тарта вулкан бар, олардың 30-ы әлі сөнбеген. Пайдалы қазындылары: исланд шпаты, күкірт.

Климатына (субарктикалық, теңіздік) Гольфстрим ағысы күшті әсер етеді. Қаңтардың орташа температурасы 00 С - 20 С, шілдеде 10-110 С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері – 500-ден - 4000 мм-ге дейін. Жерінің 11,4%-ін

мұз басып жатыр. Басты өзені - Тьоурсау (237 км). Өзендері кеме жүзуге жарамсыз, бірақ гидродроэнергияға (2,5 млн. квт) бай. Ең ірі көлі - Тингвадлаватн (83 км2). Аралдың жиек жағының топырағы - вулкан әрекеті әсер eткен шымтезек аралас топырақ, қалған жерлері арктикалық, батпақ топырақты келеді. Өсімдікке өте кедей; негізінен мүк және қына тектес өсімдіктер өседі. Ақ түлкі, солтүстік бұғысы, қара күзен, ақ аю (солтүстік жағалауында), итбалық, морж кездеседі. Іргелес теңіздері балыққа бай. Исландияда Тингведлир ұлттық бағы және басқа 5 табиғи қорық бар.

Халықтың ұлттық және діни құрамы. Ұлттық құрамы негізінен біртекті, яғни халықтың 90%-дан астамын исланд тілінде сөйлейтін скандинавтардың ұрпақтары болып табылатын исланддықтар құрайды. Сонымен қатар елде даттықтар мен норвегтер т.б ұлттар тұрады.

Мемлекеттік тілі – исланд тілі, сонымен қатар ағылшын тілі де кең тараған. Мемлекеттік діні – лютерандық (96%), католиктер мен христианның басқа тармақтары 3%-ды құрайды.

Экономикасы. Исландия экономикасы орташа дамыған елдер қатарына жатады. Өнеркәсіптің басты саласы – балық аулау және оны өңдеу. Балық өнімдерін экспортқа шығаруда дүние жүзінде басты орындардың бірін алады. Балық өңдеудің ірі орталықтары – Рейкьявик, Сиглуфьордур, Акурейри, Вестманнаэйяр. Табиғи ыстық суды пайдалану кең дамыған: ол астанадағы үйлерді жылытуға, теплица шаруашылығында т.б. пайдаланылады. Химия, алюминий, цемент, кеме жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің шағын кәсіпорындары бар.

Ауыл шаруашылығының басты саласы – етті-жүнді (қой), және сүтті мал (сиыр) өсіру. Егістік жерлерінде жемшөп пен картоп егіледі, жылыжайларда (теплица) помидор, қияр өсіріледі.

Экспорты: балық және мал шаруашылығы өнімдері т.б.

Импорты: мұнай, машина, жеңіл және тамақ өнеркәсібі өнімдері т.б.

Негізгі сауда серіктестері – Германия, Франция, Дания, Швеция, АҚШ, Норвегия.


26 сабақ.

НОРВЕГИЯ КОРОЛЬДІГІ

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Норвегия Корольдігінің экономикалық-географиялық жағдайы, мемлекеттік құрылымы, халқы, экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: Н о р в е г и я К о р о л ь д і г і

НОРВЕГИЯ (Norge), Н о р в е г и я К о р о л ь д і г і (Kongeriket Norge)Солт. Европадағы мемлекет. Батысын және қиыр солтүстігін Скандинавия түбегі алып жатыр. Солтүстігі - Баренц теңізі, батысы - Норвегия, Солтүстік теңіздер, оңтүстігін Скагеррак бұғазы алып жатыр. Құрлықта Швециямен, қиыр шығысында Финляндия және Россиямен шектеседі.

Жер аумағы - 385,2 мың км2.

Халқы 4,6 млн адам (2005).

Халықтың орналасу тығыздығы – 1км2 – 11,9 адамнан келеді.

Астанасы - Осло қ.

Әкімш. жағынан 19 фюлькеге ( губерния) бөлінеді (құрамына 435 коммуна кіретін). Солтүстік Мұзды мұхиттағы Шпицберген архипелагы, Медвежий аралы, Атлант мұхитының солт. бөлігіндегі Ян-Майен, оңт. бөлігіндегі Буве аралдары Норвегияға қарайды.

Мемлекеттік құрылысы. Норвегия - копституциялы монархия. Қазіргі конституциясы 1814 ж. 17 мамырда қабылданған (1905 және 1946 ж. едәуір өзгертілген, толықтырылған). Мемл. басшысы - король. Формальды түрде корольдің билігі зор: премьер-министр мен министрлерді т. б. қызмет адамдарын тағайындап босатуға, соғыс жариялауға бітім жасауға ерікті, қарулы күштеріне қолбасшы және мемл. шіркеу басы да сол. Заң шығарушы органы - парламент - стортинг (155 депутаты 4 жылға сайланады.). 20-ға толған азаматтар сайлауға құқылы. Атқарушы үкімет билігі премьер-министр басқаратын үкімет қолында. Король мен барлық министрлер ерекше орган - Мемл. кеңес құрады. Ол айрықша заң жобалары мен ел басқару мәселесін қарайды. Король тағайындайтын фюлькесман, оның жанындағы фюлькестинг қала, село коммуналық кеңестерінің өкілдерінен тұрады. Коммуналарды жергілікті өкілдер басқарады. Норвегияның сот жүйесі: 1-2 инстанция сотын және Жоғ. сотты король тағайындайды.

Табиғаты. Норвегия - таулы ел. Территориясының 2/3бөлігі теңіз деңгейінен 500 м биік жатыр. Бат. жағалауы фьордтармен тілімделген. Жағасы негізінен тік биік жартасты (Согне-фьорд, Хардангер-фьорд) келеді, Жайпақ жағалауының кей жерлерінде Тронхеймс-фьорд және Осло-фьорд сияқты қойнаулар, көптеген ірі (Лофотен, Вестерелон, Сенья, Магерё, Сёрё) және шағын аралдар, шхерлер бар. Ел территориясының басым бөлігіне Скандинавия таулары (ең биік жері Гальхёпигген (2469 м) жайласқан; жергілікті жерде фьельд аталатын бұның оңт. жағы Ютунхеймен, Доврефьелль, ІОстедальсбре, Телемарк литол. таулы үстірттерден құралады. Норвегияның таулы өңірлерінде рельефтің пенеплен, нyнaтак, қоймаңдай тас сияқты формалары көп кездеседі.

Климаты - негізінен қоңыржай; қиыр солтүстігінде субарктикалық, теңіз жағалауында мұхиттық климат. Ауа райына жылы Солт. Атлант ағысы көп әсер етеді. Қаңтар айындағы ауа темп-расы теңіз жағалауында -2-40 С, Скандинавия тауларында -90 С, оңт. жағында -10-120 С; шілдеде 10-150 С, кейде тіпті солтүстігінің өзінде ауа температурасы +250 С-қа дейін көтеріледі.. Жылдық жауын-шашын мөлшері тау жоталарының бат. беткейлерінде 2000-3000 мм, шығ. беткейлерінде 300-800 мм. Таулық мұздықтар ауд. 5000 км2.

Норвегия территориясында жер беті ағын суларының торы өте жиі. Таулы аймақтармен ағатын өзендерінің суы мол, аңғарлары өте енсіз, арналары шоңғалды келеді; су құламалары кездеседі. Өзендері қар-жаңбыр суларымен қоректенеді, көктемде және жазда тасиды; энергия қорына бай. Ірі өзендері - Гломма, Логен (Гудбрансдаль), Логен (Нумедаль) . Көлдерінің жалпы ауданы территориясының 4%-н; негізінен мұздықтар және тектоник. қозғалыстар әсерінен пайда болған. Ең ірі көлі - Мьёса.

Н-да тундралық күлгін топырақ басым тараған; оңтүстігі ғана таулы шөгінді топырақты. Шыршалы, қарағайлы, орманды алқаптар жиі кездеседі. Түлкі, сілеусін, құну, сусар, бұлан, ақкіс, солтүстік бұғысы, қоян, тиін т. б. мекендейді. Теңіздері балыққа бай. Жануарлар мен өсімдік дүниесін сақтау үшін Бёргефьелль, Роннане, Нордкап-Хорнвика, Нордмарка, Фокстумюра, Юнкердальсура ұлттық парктері мен қорықтар құрылған. Табиғи жағдайына қарай Н. территориясы – Финмаркен таулы Үстірті (жері таулы тундралы және орманды тундралы, климаты өте қатал), Хьелен таулы аймағы мен Лофотен-Вестеролен аралдары (рельефінде алпілік формалар басым, қылқан және ұсақ жапырақты орманды келеді), Батыс Жағалау (ірі фьордтармен тілімделген, мұхиттың климаты), Биік Фьельдтер өңірі (таулы тундралы және тундралы шалғынды өсімдік өседі, көп жылғы қар жамылғысы және мұздықтар шоғырланған), Скандинавия тауларының шығыс беткейлері (ірі өзен аңғарларымен тілімделген, тайгалық орман жамылған) аудандарға бөлінеді.

Халқы. Н.- бір ұлтты ел; халқының 98%-і норвегтер. Олардан басқа саам (20 мың), квен (норвегия финдері) , оңт. аймақтарында шведтер (20 мың), даттap (18 мың), немістер (10 мың) тұрады.

Ресми тілі - норвег тілі. Діні жөнінен Н. тұрғындарының 87,8%-ы протестантизмнің лютерандық тобына жатады. Ресми календары григориандық. Ірі қалалары Осло, Берген, Тронхейм, Ставангер, Кристиансанн, Драммeн.

Экономикасы. Норвегия өнеркәсібі дамыған ел. Норвегияда суэнергетикасы, орман, балық, минералдық ресурстар, мұнай т.б. табиғи байлықтар мол. Экономикасында теңіздегі кеме қатынасы мен балық аулаудың маңызы зор. Машина жасау, металл өңдеу және экспортқа байланысты электротехника, кеме жасау салалары дамыған. Норвегияда темір рудасы, титан, пирит, мыс, мырыш, тас көмір, мұнай және газ өндіріледі. Энергетикасы СЭС-терге және импорттық мұнайға негізделген. Жалпы электр энергиясын өндірудің 99%-ы СЭС-тердің үлесіне тиеді. Ірі СЭС-тері: Токке, Рана, Винье, Тонстад, Эура, Недре-Рессога, Нес, Сульдаль, Нуре, Фортун, Люсе, Матре.

Ауыл шаруашылығында негізгі сала - мал шаруашылығы. Таулы рельеф басым болғандықтан жері ауыл шаруашылығына аз игерілген.

Экспорты: мұнай және мұнай өнімдері, машина жасау және балық өңдеу өнеркәсіптері өнімі, электорметаллургия, электрохимия, целлюлоза-қағаз т.б.

Импорты: кеме, машина және өнеркәсіп жабдықтары, автомобиль, қара металдар, мата, азық-түлік т.б.

Негізгі сауда серіктестері: Ұлыбритания, Германия, Нидерланд, Швеция, Франция, АҚШ.




27 сабақ.

ФИНЛЯНДИЯ

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Финляндияның мемлекеттік-әкімшілік құрылысы, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: Финляндия

Астанacы: Хельсинки

Жер көлемі: 338 145 км2

Халқы: 5,23 млн адам (2003)

Халықтың орналасу тығыздығы 1км2 – 15,5 адамнан келеді.

Ресми тілі: фин, швед

Мемлекеттік құрылымы: республика

Ақша бірлігі: евро

Сауаттылық деңгейі: 99 %

Орташа өмір сүру жасы: 75

1 дәрігерге: 410 адам.

Әкімшілік жағынан Финляндия 11 лянға (провинцияға) және парламенті мен үкіметі, өзіндік туы бар автономиялық Аланд аралына бөлінеді.

Финляндия - жазықтар, өзендер мен көлдердің жері. Оның ландшафты соңғы мұз басудың нәтижесі. Ормандар, торф батпақтары, ірі көлдер және Финландия жағалауында шашырап орналасқан аралдар ерекше бір ою жасап тұрады. Бұл табиғаты сұлу солтүстік елдің көп жерін қарағай, шырша және қайыңды ормандар алып жатыр, (территориясының 76% орман, 8% - егістік жерлер, 1% - жайылымдар, қалғаны - 15%) сонымен қатар жері жарты жылдай қар астында жатады. Территориясының үштен бір бөлігі Поляр шеңберінен тыс жатыр. Бұл елдің ең жоталы аймағы, ол солтүстікбатыста Норвегиямен шекарада, тауларға алмасады. Жаз айларында қиыр Солтүстікте күн жылына 73 күн ұясына батпай, 24 сағат сөткесіне жарық шашып тұрады. Бұл құбылыс - поляр күні деп аталады. Ал қыста ұзақ поляр түні басталады: күн жылына 51 күн көкжиектен көтерілмейді. Көп ғасыр бойы Финляндия Швецияның қол астында болып, кейін Ресей империясының құрамына кіреді. Тек 1917 жылы ғана тәуелсіздік алады. Тілі және мәдени дәстүрлері бойынша Финляндия Солтүстік Еуропаның басқа елдерінен біршама ерекшеленеді.

Халықтың ұлттық және діни құрамы. Ұлттық құрамы: 93% - финдер, 6% - шведтер, 1% - саамдар және карель тайпалары. Діни құрамы: лютерандық - 89%, православ - 1%, христиан конфессиялары - 5 %, қалғаны - 5 %.

Тілдік құрамы: 93,5% - фин тілінде, 5,9% - швед тілінде сөйлейді. Сонымен қатар ағылшын және неміс тілдері де тараған.

Лапландия. Лапландия деп Норвегия, Швеция және Финляндияның солтүстігіндегі географиялық ауданды айтады. Бұл қатал климатты жерде саамдар немесе лопарилер қоныстанған. Олар аңшылық, балық аулау және марал өсірумен айналысады. Бірақ қалыптасқан өмір салты біртіндеп өзгеруде. Аңыз бойынша Аяз Ата осы Лапландияда мекен етеді деп мыңдаған балалар осында оған хат жолдайды.

Орман шаруашылығы. Орман және ағаш өндеу өнеркәсібі ел экономикасының басты саласы. Швеция сияқты Финляндия да алдыңғы қатарлы еуропалық қарағай мен шыршаның жұмсақ ағашын өндіруші ел. Бірінші, ағашты комбинатқа әкеледі, онда оны қоймалжың масса пайда болғанша қайнатады. Ал бөлінген метил спиртін химия өндірісінде қолданып, ағаш массасынан фанера, картон және қағаз жасайды.

Хельсинки. Үш жағынан су шайып жатқан Финляндияның астанасы Хельсинки кеңістік пен еркіндік сезімімен таң қалдырады. Оның керемет үлкен әрі әдемі айлақтарында базарлар орналасқан. Ашық аспан астында балық, жеміс-жидек, көкөністер мен гүлдер сатылады. Ескі және жаңа ғимараттардың үйлесімді көршілес орналасуы фин архитектурасының ерекше белгісі болып табылады.

Көлдер. Финляндияда 50 000-нан артық көл бар. Олар территорияның 10 пайызын алып жатыр. Олар әдемілігімен өздеріне көптеген елдерден туристерді тартуда. Ең ірі Сайма көлінде бірнеше жүз арал бар. Жағалық аралдар арасында паромдар қатынайды. Суық әрі ұзақ қыс кезінде көлдер қатып қалатындықтан мұз жарғыш кемелер сауда кемелеріне жол салып отырады.

Сауна. Финдер саунаны көп ғасырлар бойы пайдаланып келеді. Ыстық, құрғақ монша әрқайсысының үйінде бар. Ол ағашпен қапталған, әр түрлі биіктікте ағаш сөрелері бар, қызған ыстық тастар жатқан пеші бар өте үлкен емес ағаш бөлме. Уақытымен тастарға ыстық бу пайда болу үшін су шашып қояды. Ауа өте ыстық, бірақ құрғақ - ылғалдылық 15 пайыздан жоғары емес. Финдер, көбінесе, отбасымен аптасына бір рет міндетті түрде саунаға келеді. Саунаны ұнататындар өздерін қайыңнан жасалған сыпыртқымен ұрғылайды: бұл қан aйналымды жақсартып, организмді сергітеді.

Ұлттық парк. Куопио қаласының шығысында, шамамен 95 шақырым жердегі Пиелинен көлінің батыс жағалауында Коли ұлттық паркі орналасқан. Колидің жоталары - 2 млрд жыл бұрын пайда болған тау тізбегінің қалдығы. Жыл сайын мұнда 120 000-нан астам туристер әдемі пейзажға қарап, орман ішінде серуендеу үшін келеді.


28 сабақ

ШВЕЦИЯ КОРОЛЬДІГІ

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Швеция Корольдігінің географиялық орны, мемлекеттік құрылымы, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: Швеция Корольдігі

Швеция Корольдігі – Солт. Еуропадағы мемлекет. Скандинавия түбегінің оңт; оңт-батыстан солт; солт-шығысқа қарай 1600 км-ге, шығыстан батысқа 400 км-ге созыла орналасқан. Батысында Норвегиямен, солт.- шығысында Финляндиямен шектеседі. Оңтүстігі және шығысы Балтық теңізі мен Ботния шығанағымен шайылады. Оңт.-бат. жағалауы Скагеррак, Каттегат, Эресунн бұғаздары арқылы Даниямен ұласады. Балтық теңізіндегі Готланд және Эланд аралдары Швецияға қарайды.

Жер аумағы - 449,97 мың км2.

Халқы - 9,01 млн адам (2005-ж).

Халқының орналасу тығыздығы – 1 км2-ге 20 адамнан келеді.

Астанасы-Стокгольм

Әкімш. жағынан 21 ленге (округ) бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Швеция - конституциялық монархия. Қазіргі конституциясы 3 актыдан тұрады: мемлекетті басқару формасы және король тағын мұралау туралы ант (1974 ж. 27 ақпанда қабылданды), баспасөз бостандығы туралы акт (1974 ж. 7 ақпан).

Мемл. басшысы - король, ол үкімет органы - Мемл. Кеңеспен бірге өкіметтің атқару билігін жүргізеді. Заң шығаратын жоғ. органы - бір палаталы парламент (риксдаг), оны халық 3 жылға сайлайды. Парламент заң қабылдайды, мемл. бюджетін бекітіп, салықтар мен кірістерді, қарыз алуды белгілейді, халықар. келісім, шарттарды ратификациялайды т. б. күрделі мемл. маңызы зор мәселелерді шешеді. Орталық өкімет билігінің провинциялардағы (лёндердегі) өкілдігі (10 мүшеден құрылатын арнайы әкімш. бюроны басқаратын) губернаторға жүктелген. Провинциялар мен коммуналардың өзін-өзі басқаратын органы - ландстигтерді халық 3 жылға сайлайды. Сот жүйесіне: Жоғ. сот, 6 апелляциялық, қалалық және округтық соттар жатады. Арнайы соттар ретінде: мүлік бөлу, полициялық әкімш. юстиция соттары құрылған..

Табиғаты. Ш. қоңыржай белдеудің солт. бөлігін құрайтын Атлант маңы секторында жайласқан. Табиғи жағдайы жөнінен көпшілік жері тайга және аралас ормандық зона аралықта, қиыр оңт.-шығ. жағы жалпақ жапырақты ормандық зона аралықта. Теңіздік жағасы онша тілімделмеген жарқабақты келеді. Ботния шығанағы жағалауы тегіс, аккумуляциялық шөгінділерден қалыптасқан. Шхер және риф көп кездеседі, сондықтан да кеме жүзуге онша қолайлы емес. Рельефі жөнінен Ш. жері таулы үстіртті және белесті жазық келеді. Территориясының 22%-ға жуығының теңіз деңгейінен биікт. 400 м-ден астам, 48%-дайы 100-400 м 30%-і 100 м-ден төмен. Рельефінің қазіргі пішіндерінің қалыптасуына Балтық қалқаны және төрттік мұз басу әсер етті. Елдің бат. және солт.-бат. шетін Скандинавия тауларының шығ. сілемдері алып жатыр. Ш-ның ең биік жері Кебнекайсе тауы (2123 м) осында. Бұл таулық сілемдер шығысында Норланд таулы үстіртіне (елдің көпшілік жерін қамтиды) ұласады. Орта Ш-да Орталық көлді ойпат қалыптасқан. Мұнда терең ойыстардың кейбіреулері теңіз бен көл шөгінділеріне толған, кейбіреулері көлге айналған. Эланд және Готланд аралдарының рельефі ізбес тастық және құмдық үстірттен қалыптасады. Пайдалы қазындылары - темір, уран, марганец, мыс, полиметалл рудалары, алтын,күміс т.б.

Климаты қоңыржай. Теңіз ауа массасы жетпейтін (тау жоталары кедергі болады) солт. бөлігінде континенттік қоңыржай және арктикалық суық ауа қабаттарының ықпалы күшті, соған байланысты мұнда қысы суық, жазы салқын континенттік климат құбылыстары басым. Қаңтардың орташа темп-расы солтүстігінде -140С, оңтүстігінде 10С; шілдеде 110-170 С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 450-1500 мм. Жер бетінің ағын су торы өте жиі; өзендері қысқа, мол сулы келеді. Ағын су қоры негізінен қар және жаңбыр суынан қалыптасып отырады. Басты өзендері:Даль-Эльв, Турне-Эльв, Клар-Эльв, Онгерман-Эльв. Ең ұзын су жүйесі Венерн-Гёта, 720 км. Жерінің 9%-н көлдер алып жатыр; бұлардың көпшілігі Орт. көлді ойпатта және Норланд өңірінде. Ірі көлдері - Венерн (бүкіл Бат. Европадағы үлкен көл), Веттерн, Ельмарен, Меларен, Турнетреск, ең терең көлі - Хурнаван (221 м). Жерінде негізінен күлгін және батпақ топырақ түрлері басым таралған. Көлді өңірлерде сазды, тау беткейлерінде, таулық үстірттерде таулық-тундралық топырақ қабаттары тараған. Территориясының жартысынан астамы орман; қылқан жапырақты ағаш түрлері басым өседі. Жерінің 14%-і батпақ. Жануарлар дүниесінде ормандық түрлер басым. Суыр, қоңыр аю, қасқыр, сілеусін, түлкі, қоян, кірпі т. б. кездеседі. Су құстары көбірек тараған. Өзен мен көлдері балыққа бай. Табиғи жағдайы, өсімдік және жануарлар дүниесін сақтау үшін елде 16 ұлттық парк құрылған, бұлар 6000 км2 жерді қамтиды.

Халқы. Тұрғындарының 90%-ы шведтер; 3%-ы финдер мен саамдар (лапландтар), қалғандары неміс, норвег, даттардан құралады. Мемл. тілі швед тілі, діні – лютерандық (79%), сонымен қатар католиктер мен православтар, баптистер де бар. Шведтер өздерінің этникалық құрамы және тілі жөнінен норвегтермен және даттармен туыс. Халықтың табиғи өсуі жағынан Ш. Европада ең соңғы орындардың бірінде. Ірі қалалары: Стокгольм, Гётеборг, Мальмё.

Экономикасы. Швеция жоғары дамыған индустриялы-аграрлы ел. Экономикасының негізгі салаларын орман, су энергетикасы және темір рудалары құрайды. Швеция кеме жасаудан, целлюлоза шығарудан, темір рудаларын өндіруден дүние жүзінде алдыңғы орындарда. Машина жасау, электроника, химиялық өнімдер шығару салалары дамыған. Ауыл шаруашылығының басты саласы – етті-сүтті мал шаруашылығы, сонымен қатар шошқа және бұғы шаруашылықтарына да көп көңіл бөлінеді. Егіншілігінде мал азық дақылдарын егу басым және астық дақылдар мен техникалық дақылдар да өсіріледі. Елде ірі теңіз флоты бар.

Экспорты: машина жасау өнеркәсібі өнімдері, темір рудасы, целлюлоза-қағаз, ағаш өнімдері, химиялық тауарлар т.б.

Импорты: кейбір машиналар түрлері, мұнай және мұнай өнімдері, химикаттар, автомобиль, мат, азық-түлік өнімдері т.б.

Негізгі сауда серіктестері: Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Норвегия.


29 сабақ.

САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫС №3.

(Орталық, Оңтүстік және Солтүстік Еуропа елдері бойынша)

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Орталық, Оңтүстік және Солтүстік Еуропа елдерінің экономикалық-географиялық жағдайына баға бере білуге, картографиялық мәліметтермен жұмыс жасай білу және оларды жинақтай, қорытындылай білу дағдыларын қалыптастыру

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: практикалық

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Сарамандық жұмыс барысы:

Сұрақтар мен тапсырмалар.

  1. Орталық, Оңтүстік және Солтүстік Еуропа елдерінің ЭГЖ-на баға беру.

  2. Кескін картаға Орталық, Оңтүстік және Солтүстік Еуропа елдерінің шекараларын белгілеп, астаналарын, ірі қалаларын, өзендері мен көлдерін түсіру.

  3. Астаналарының географиялық координаталарын анықтау.

Елдер

Астаналары

Географиялық координаталары





  1. «Еуропаның ірі қалалары», «Еуропаның туристік объектілері» атты тақырыптарда қысқаша хабарламалар әзірлеу.

  2. Ақпарат көздерін пайдаланып, Еуропадағы әлеуметтік-экономикалық даму үлгісі әрқилы екі елді (таңдау бойынша) негізгі көрсеткіштері (мемлекеттік құрылымы, табиғи-ресурстық мүмкіншіліктері, халқының саны мен құрамы, экономикалық әлеуеті) бойынша салыстырып, талдау жасау.

30 сабақ

АЛБАНИЯ

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Албанияның географиялық орны, табиғат жағдайлары, ресурстары, тарихы, халқы, шаруашылығы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: Албания

АЛБАНИЯ Балкан түбегінің оңт.-батыс бөлігінде, Адрия, Ион теңіздері жағaлауында орналасқан мемлекет.

Мемлекет басшысы - президент.

Жер аумағы - 28,7 мың км2

Халқы - 3,1 млн. адам (2005-ж)

Астанасы - Тирана қ.

Әкімш.- аумақтық тұрғысынан 35 округке бөлінеді.

Албанияның негізгі халкы - албандap (96%-ға жуық).

Халықтың - 75%-ы мұсылмандар.

Ірі қалалары: Тирана, Дурри, Шкодep, Влера, Корча, Эльбасан.

Табиғаты. Елдің Адрия теңізі жағалayы ойпатты (ені 40 - 45 км) және едәуір бөлігі орманды келеді. Өсімдігі мен топырағына қарай төменгі белдеу (1700 - 2000 м-ге дейін), таудағы орманды белдеу (2000 м-ден астам). биік альпілік шалғынды белдеулерге бөлінеді. Климаты субтропиктік жерортатеңіздік. Жазық жерлерде жазда ауа райы құpғaқ және ыстық; шілденің орташа температурасы 24 - 250С, қысы жылы, ылғалды, қаңтар айының орташа темп-расы 8 - 90С-ты көрсетеді. Таулы жерлерде күн суық, әрі ылғалды. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1000 мм-ден астам. Ірі өзендері: Дрин, Мати, Шкумбини, Семани, Вьоса; басты көлдері: Шкодер, Охрид, Препа. Негізгі кен байлықтары - хромит, мыс, никель рудалары; тау етектерінде мұнай, битум шығатын жерлер бар.

Тарихы. Албания жеріндегі ежелгі халық - пеласгилер неолит дәуірінде өмір сүрген. Б.з.б. 2 мыңжылдықтaн бастап бұлар иллириялықтар деп аталды. 2 ғ. өткеннен кейін оларды римдіктер жаулап алды. Рим империясы тарағаннан кейін Албания Византия кұрамына кірді (4-5 ғ.). Кейін Византия қарамағында калған Даррахи қ-нан басқа жері Болғар мемл-не қосылды. 11 - 14 ғ-да да Албания территориясы түрлі өзгерістерге ұшырады. 14 ғ-дың ақырында түріктер Албанияны өздеріне бағындырғаннан кейiнгi мерзімде елде ислам діні тарала бастады. Албания 20 ғ-дың бас кезіне дейін Осман империясының кұрамында болды. 1-Балқан соғысында Түркия жеңілгеннен кейін, 1912 ж. 28 қарашада Влерада Албанияның тәуелсіздiri жарияланды. Бірақ іс жүзінде басқа мемл-терге тәуелді күйінде қала берді. 1-дүн. жүз. соғыстың соңында Албанияға грек, серб, италия әскерлері басып кірді. Кең көлемдегі халық қозғалысының нәтижесінде 1920 ж. 21 - 31 қаңтарда Албанияның тәуелсіздігі калпына келтірілді. 1939 ж. 7 сәуірде фашистік Италия Албанияны басып алды. Елде қайтадан ұлт-азаттық қозғалыс өрістеді. Неміс басқыншылары жеңілгеннен кейін 1944 ж. 20 қазанда Уақытша демокр. үкімет құрылып, 1946 ж. 11 қаңтарда Албания халық респ. болып жарияланды, наурызда конституция қабылданды. 1946- 91 ж. Албанияда бір партиялы (Албан еңбек партиясы, 1985 жылға дейін Э. Ходжа басқарған) режим өмір сүрді. Соғыстан кейінгі жылдары жер реформасы жүргізілді, кәсіпорындар, банктер, көлік және байланыс құралдары национализацияланып, ел экономикасы шаруашылықты жүргізудің жоспарлы жүйесіне көшірілді.

1944 - 48 ж. Албания Югославиямен, кейін КСРО және Шығ. Еуропа елдерімен тығыз қарым-қатынаста болды. 1949 ж. Экон. өзара көмек кеңесіне мүше болып қабылданды, 1955 ж. Варшава келісім шартына қол қойды, БҰҰ-на қабылданды. 60-жылдардың бас кезінен Албания КСРО-мен қарым-қатынастарын үзді,

1968 ж. Варшава ұйымынан шықты. 1976 ж. желтоқсаннан бұл мемл. Албания Халық Социалистік Республикасы болып аталды. 1989 жылдан Албанияда жүргізіле бастаған түбірлі өзгерістер тоталитарлық жүйенің жойылуына әкелді. Елдің қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру мемл.-құқықтық құрылымдардың жаңалануымен қатар жүрді. 1991 ж. сәуір айында Албания респ-сы болып жарияланды. 1992 ж. наурыз айында өткізілген кезектен тыс парламент сайлауында ел басқару тізгіні Демокр. партияға ауысты. 1996 ж. мамыр - маусым айларында өткен парламент сайлауында да Демокр. партия Халық жиналысында 87% орынға ие болды. Сыртқы саясатының басым бағыттары АҚШ және Батыс Еуропа елдерімен ынтымақтастық қатынастар орнату деп жарияланды.

Экономикасы. Албания – аграрлы-индустриялы ел. Ұлттық табыстың

14%-і өнеркәсіптің, 55%-і ауыл шаруашылығы үлесіне тиеді (1990). Пайдалы кен қазбалары: мұнай, табиғи газ, лигнит, хром, мыс және темір-никель кендері. Ауыл ш-ның негізгі саласы - eгiн ш. (барлық егістік жерінің 60%-інде дәнді дақылдар өсіріледі). Экспорт сыртқы сауда айналымының үштен бірін құрайды. Сыртқа тау-кен өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылады. Басқа елдерден түрлі машиналар мен құралдар, өнеркәсіпке қажетгі шикізат, тағам әкелінеді. Әкімш.әміршілдік жүйені нарықтық қатынастар механизмімен ауыстыруға бағытталған экон. реформалар шаруашылық және қаржы-қаражат жүйесінің дағдарысы, тұрмыс нарқының қымбаттауы жағдайында жүзеге асырылуда. Жан басына шаққанда ұлттық табыс жылына 300 - 400 долларға дейін төмендеді (1996).


31 сабақ.

БОЛГАРИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ.

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Болгария Республикасының географиялық орны, мемлекеттік құрылымы, табиғат жағдайлары, экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: Болгария Республикасы

БОЛГАРИЯ (България), Болгария Республикасы - Балкан түбегінің шығыс бөлігіндегі мемлекет.

Жер аумағы - 110 мың км2.

Халқы – 7,8 млн адам (2005-ж)

Халқының орналасу тығыздығы 1км2-ге 70, 3 адамнан келеді.

Негізгі халқы болгарлар (85%), буған қоса түрік, сыған, армян, грек, т.б. ұлттар өкілдері тұрады.

Астанасы - София қ. (1,5 млн.).

Мемл. тілі - болгар тілі.

Халқының көпшілігі православие дінін ұстанады, 13%-ы мұсылмандар (1995).

Болгария - парламенттік республика. Мемлекет басшысы - президент.

Жоғарғы заң шығару органы - бір палаталы Халық жиналысы.

Атқарушы билікті Министрлер Кеңесінің төрағасы жүргізеді.

Табиғаты. Жерінің солт-н Дунай жазығы, шығысын Добруджа үстірті және оңт-н Стара-Планина тауы (Балкан) алып жатыр. Климаты көп жерінде қоңыржай континенттік, тек оңт-нде ғана жерортатеңіздік. Жауын - шашынның жылдық мөлш.: жазықта 450 - 600 мм, тауда 850 - 1300 мм. Болгария жерінде өзен көп. Басты өзендері: Дунай, Искыр, Марица, Струма,т.б. Көлдердің басым көпшілігі Рила, Пирин тауларында. Жерінің 30%-ы орманды. Қара теңіз жағалауында көптеген демалыс орындары орналасқан.

Тарихы. Болгария жерін адамдар палеолит дәуірінде қоныстана бастаған. Б.з.б. 8 - 6 ғасырлардағы грек тіліндегі деректерге қарағанда, бұл жерлерді фракийлер қоныстанған. 1 ғ-да фракийлерді Рим империясы бағындырып, мұнда Мезия мен Фракия провинцияларын құрады. 395 ж. Болгария жері Византия империясының құрамына кірді. 7 ғ-дың 70-жылдарында Аспарух (Исперих) хан бастаған бұлғарлар (түркі тайпалары) Азов т. маңы мен Солт. Кавказ өңірінен көшіп келіп, 680 ж. Балкан таулары мен Дунайдың төм. ағысында славян-бұлғар тайпалары мемлекетінің негізін қалады. 9 ғ-да Сердиканы, Адрианопольді және т.б. аймақтарды қосып алу нәтижесінде бұл мемлекет шекарасы кеңейді. Бірінші Болгар патшалығы (1018 - 1186) Византияға бағынған. 1187 - 1396 жылдардағы Екінші Болгар патшалығы алғашқыда Батуға салық төлесе, 13 ғ-дың аяғы мен 14 ғ-дың басында Ноғай ордасына тәуелді болды. Бытыраңқылықтағы Болгария жерлерін 14 ғ-дың аяғында Осман сұлтандығы өзінде бағындырады. 15 ғ-дан бастап қалалар көркейіп, елдің әл-ауқаты артты, болгар шонжарларының бір бөлігі ислам дінін қабылдады. Өндірістік қатынастар, сауда дамып, ірі жәрмеңкелерде тауар айналымы артты. Орыс-түрік соғыстары (18 - 19 ғ-лар) болгарларды тәуелсіздік үшін күреске жұмылдырды. "Ізгілікті жасақ" (1862), "Орталық астыртын болгар комитеті" (1866), "Болғар қоғамы" (1868) секілді Бухаресте құрылған ұлттық ұйымдар Осман сұлтандығы шеңберінде Болгарияға автономия беруді талап етті. 1877 - 78 жылдардағы орыс-түрік соғысына болгар жасақтары Ресей жағында соғысады. Сан-Стефан бітім шарты (1878) бойынша, Болгария дербес мемлекет құруға қол жеткізді. Бірақ, Берлин конгресінің шешімімен (1878) солт. бөлігінде Түркияға тәуелді Болгария князьдігі (1879 жылдан астанасы София), оңт. бөлігінде Осман сұлтандығы құрамында автономиялық Шығыс Румелия (басты қ-сы Пловдив) провинциясы құрылады. 1885 ж. 6 қыркүйекте болған көтеріліс нәтижесінде Шығыс Румелия Болгария князьдігіне қосылды да 1908 ж. 22 қыркүйекте Болгария өзін толық тәуелсіз ел деп жариялады. 1-Балкан соғысында (1912 13) Болгария Түркияның біраз бөлігін өзіне қаратқанмен, 2-Балкан соғысында (1913) қайта айырылып қалды. Болгария l-дүние жүз. соғыс кезінде Германия мен Австрия-Венгрия жағында болды.

2-дүние жүз. соғыс қарсаңында Болгария бейтарап саясат ұстанғанмен, 1941 ж. наурызда Германия, Италия және Жапония арасындағы үштік одақ пактісіне қосылды. 1944 ж. 9 қыркүйекте Болгария жеріне Кеңес Армиясы кірген соң, мемлекеттік монархиялық құрылымы жойылды. 1946 ж. 15 қыркүйектен 1989 жылға дейін Болгария социалистік даму жолын тандаған елдер қатарында Варшава шартына, экономикалық өзара көмек кеңесіне мүше болды. 1989 жылдан елде саяси өзгерістер, демократиялық жаңғыру, экон. нарықтық қатынастарға көшу басталды. 1991 жылға дейін үкіметті басқарып келген Болгария компартиясы биліктен кетті. 1996 ж. қарашада Демократиялық күштер одағының өкілі П.Стоянов президент болып сайланды. Болгария БҰҰ-на, Еуропа Кеңесіне, т.б. халықар. ұйымдарға мүше. 1992 ж. Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Екі ел арасында сауда және достық туралы келісімдер жасалынды.

Экономикасы. Болгария 1947 жылға дейін аграрлы ел болатын. 1947 - 90 ж. индустриялды-аграрлы мемлекетке айналды. 1996 ж. жан басына шаққандағы орташа жылдық табыс 1160 АҚШ долларын құрады. Экономикасының негізі машина жасау, тамақ өнеркәсібі, қара және түсті металлургия, химия және мұнай-химия өнімдерін шығару, ағаш өңдеу салаларынан тұрады. Ауыл шаруашылығында дәнді дақылдар (бидай, жүгері), темекі, көкөніс, жеміс өсіріледі. Райхан майын экспортқа шығаруда дүние жүзінде 1- ші орын алады. Экспортқа машина, пластмасса өнімдерін, темекі, шарап шығарылады. Қара теңіз жағалауында туризм дамыған. 1994 ж. елдің ішкі жиынтық өнімі 10 млрд. долларды құрады.


32 сабақ

БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНА

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Босния және Герцеговинаның экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНА

БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНА - Балкан түбегінің орталығында, негізінен, Динар таулы қыратын алып жатқан мемлекет.

Жерінің аумағы 51,3 мың км2.

Халқы 3,9 млн адам (2005-ж)

Халқының орналасу тығыздығы 1км2-ге 76,3 адамнан келеді.

Халқының 31,4%-і сербтер, 17,3%-і - хорваттар, қалғандары албан, түрік және т.б. ұлттар өкілдері.

Астанасы - Сараево қ.

Ресми тілдері: босния, серб, хорват тілдері.

Тұрғындарының көпшілігі мұсылмандар (40%-ы), бұған қоса православие (31%) және католик (15%) дініндегілер де тұрады.

Париж бейбіт келісімі бойынша Босния мен Герцеговинаны 3 адамнан тұратын Президиум басқарады. Заң шығарушы орган - Парламент ассамблеясы, үкіметті Министрлер кеңесі басқарады.

Табиғаты. Босния мен Герцеговинаның жер бедері таулы. Климаты жерортатеңіздік, континенттік. Қаңтар айының көп жылдық орташа темп-расы

-1 - 30С, шілдеде 200С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлш. 400-600 мм. Тау аңғарларымен өзен арналарыңда емен, шырша, қайың аралас орман өскен. Кен байлықтары: темір, қорғасын, мырыш, боксит және т.б.

Тарихы. Қазіргі Босния мен Герцеговина жерін 6 - 7 ғ-ларда славяндар қоныстана бастады. Олар 7 - 14 ғ-ларда алдымен князьдікке, кейіннен корольдікке бірікті. 15 ғ-дан бастап Осман сұлтандығына бағынды. Ал 1878 ж. Австрия - Венгрияның қол астына өтті. l-дүниежүз. соғыстан кейін, 1918 жылдан бастап Югославия корольдігінің қол астына көшті. 1941 ж. елді Германия басып алып, "тәуелсіз Хорват үкіметінің" басқаруына берді. 2-дүниежүз. соғыстан кейін Югославияның құрамына oдaқтac 6 республиканың бірі ретінде кірді. 1990 ж. қараша айында Босния мен Герцеговина республикасында 1-рет көппартиялық сайлау өтті. Нәтижесінде республика түрғындары мұсылман, серб, хорват болып 3-ке бөлініп, өзара қақтығыстар орын алды. 1992 ж. сәуір айында мұсылмандар мен хорваттар елдің тәуелсіздігін жариялады да, БҰҰ-ның құрамына кірді. Бұған серб тұрғындары көнбей, екі жақ ортасында қарулы қақтығыстар басталып, соғыс 1995 жылдың қыркүйек айына дейін созылды. АҚШ, Ресей және Еуропа Одағы елдерінің араласуымен 1995 ж. 14 желтоқсанда Босния мен Герцеговина Югославия, Хорватия өзара бейбіт келісімге қол қойды.

Экономикасы. Елде металлургия, машина жасау, химия, көмір өндірістері жақсы дамыған. Босния мен Герцеговинаның экономикасына елдегі азаматтық соғыс (1992-1995 ж. қарашасына дейін) үлкен зардап әкелді. Ел экономикасының қалпына келуіне көптеген мемлекеттердің көмек қолын созуы мол ықпалын тигізді. Ел экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құрайды. Ауыл шаруашылығында негізгі дақылдар – темекі, қант қызылшасы, жүгері және бидай.Сербиямен шекаралас ауданда жеміс-жидек, әсіресе өрік көптеп өсіріледі. Таулы аудандарда қой шаруашылығы дамыған.

Экспорты: текстиль, темекі және ауыл шаруашылығы өнімдері т.б

Импорты: азық-түлік тағамдары, машина жасау өнімдері т.б

Негізгі сауда серіктестері: Хорватия, Германия, Италия, Словения.

33 сабақ

ВЕНГРИЯ

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Венгрияның географиялық орны, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі, мәдениеті туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ: Венгрия

Астанасы: Будапешт.

Жер көлемі: 93 030 км2.

Халқы: 10,1 млн адам (2005-ж)

Халықтың орналасу тығыздығы 1км2-ге – 108,6 адамнан келеді.

Ресми тілі: венгр тілі.

Діні: католиктер - 68%, протестанттар - 25%, қалғаны - 7%.

Мемлекеттік құрылымы: республика.

Ақша бірлігі: форинт.

Сауаттылық деңгейі: 99%.

Орташа өмір сүру жасы: 70 жас.

1 дәрігерге: 340 адам.

Табиғаты мен климаты. Дунай өзені Венгрияны екіге бөліп жатыр. Шығысында Венгрия территориясының жартысын алып жатқан Ортадунай жазығының бір бөлігі - Альфельд жатыр. Солтүстік шекараны бойлай таулар орналасқанмен, Ортадунай жазығы - бұл, негізінен, екінші ірі өзен Тиса ағып жатқан ойпат. Дунайдың батысында Трансданубия таулы аймағы орналасқан. Мұнда Баконь тауы бар, ол Балатон көлін (Орталық Еуропадағы ең ірі тұщы көл) бойлай орналасқан. Венгрияның климаты қоңыржай континентальды:суық бұлтты қыс, жылы жаз, күзгі және көктемгі жауындары мол. Қаңтардың орташа температурасы - 10 С, шілдеде +210С шамасында. Жылдық жауын-шашын мөлшері 450-900 мм шамасында.

Шектесетін елдері: солтүстігінде – Словакия, солтүстік-шығысында-Украина, шығысында – Румыния, оңтүстігінде – Сербия, Хорватия, Словения, батысында – Австриямен шектеседі.

Әкімшілік бөлінісі. Венгрия 19 медьеге (облыс) және медьемен тең дәрежедегі қала болып есептелетін – Будапешт қаласына бөлінеді.

Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі. Ортадунай жазығының қара топырағы өте құнарлы. Осыған вегетациялық кезеңге сәйкес келетін мол жауын-шашынды құрғақ әрі жұмсақ климатқа байланысты Венгрияда жер өңдеу өте жақсы дамыған. Көп жерлерде бақтар, жүзім және дәнді дақылдар мен жемістер өсіріледі. Мал шаруашылығы да, негізінен, шошқа және құс өсіру дамыған.

ІІ дүниежүзілік соғысқа дейін Венгрия аграрлы ел болып саналды, тек соғыстан кейін 1949-1989 жылдары Венгрия құрамында болған социалистік лагерь елдерінің қаржылық қолдауының арқасында венгр кәсіпорындары дами бастады. Болат, алюминий және цемент өндіру бірінші дәрежелі сала болды. Сонымен қатар тері өңдеу, автомобиль, станок жасау өнеркәсібі мен тыңайтқыштар өндірісі маңызды салаға жатты. Тоқтаусыз индустриалды даму қоршаған ортаның өте ластануына әкелді. Әсіресе, Балатон көлі мен Дунайдың салалары, жалпақ жапырақты ормандар зардап шекті.

Венгрлер. ХІХ ғ. Венгрияның территориясы үлкенірек болған. Оған Хорватия, Трансильвания, Словакия және Закарпатье кірді. І дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекет өзінің шеткі провинцияларынан айырылып қалды. Бүгінде халықтың 95% венгрлер (немесе мадьярлар) Венгрияға 1100 жыл бұрын қоныс аударып келген тайпалардың ұрпақтары. Ежелгі мадьярлар жоғары дамыған мәдениеті бар халық болды, бұл осы күнге дейін әсіресе, Альфельдтің қалалары мен ауылдарында сақталып келеді. Мұнда ұлттық киім, фольклор және ұлттық тағамдар әлі сақталған.

Будапешт Дунай патшасы. Венгрияның астанасы әрі ірі қаласы - Будапешт. Бұл қала ежелгі Обуда, Буду және Пешт қалаларының қосылуынан пайда болды. Дунайдың батыс жағалауындағы Буду алғашқы Венгр корольдығының астанасы болды. Пешт - шығыс жағалаудағы қала сауда мен өнеркәсіп орталығы ретінде дамыған. 1849 ж. Буду мен Пешт қалаларын қосатын Дунай арқылы көпір салынды. Будапештте венгр студенттерінің жартысынан көбі оқитын университеттер мен институттар орналасқан. Қалада шетел компаниялары салатын капиталдың 2/3 бөлігі шоғырланған. Венгрияға жылына 15 млн. турист келеді, соның көпшілігі Будапештке келеді.

Емдік сулар. Будапешттегі түрік моншаларының ұлы архитектуралары бұрындары елдің біраз бөлігі Осман империясының құрамында болғандығының дәлелі болып табылады. Жер астынан геотермальды және минералды бұлақтар шығып жатқан жерлерде көптеген курорттар орналасқан. Адамдар ежелден осы жерлерге ауруларын емдеу үмітімен келіп жатады.

Венгр асханасы. Ұлттық тағамы - әлемге әйгілі гуляш жемістермен қуырылған сиыр еті. Гуляшқа паприка деп аталатын қызыл бұрыш қышқыл дәмді береді. Венгр асханасының басқа да әйгілі тағамдары бар. Мысалы, бауыр паштетімен пісірілген бәліш, т.б. паприка өсірудің әлем бойынша 40% Венгрия үлесіне тиеді.


34 сабақ.

ҚОРЫТЫНДЫ САБАҚ.

(сынақ-тест)

Сабақ мақсаты:

А) білімділік: Осы курс бойынша алған оқушылардың білімдерін тексеру,

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақ түрі: сынақ

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Тест жұмысының сұрақтары:

  1. Маңызды теңіз жолдарының қиылысында ... елдері жатыр.

А) Орта Азия В) Шығыс Азия С) Оңтүстік Шығыс Азия Д) Орталық Азия Е) Солтүстік Азия

2. Бәдәуилер өзінің түйе, ешкі, табындарымен жайылымнан-жайылымға ... көшіп жүреді.

А) Орталық Азияда В) Оңтүстік Батыс Азияда С) Шығыс Азияда

Д) Оңтүстік Шығыс Азия Е) Қазақстанда

3. Конституциялық монархиялар болып табылатын Азия елдері:

А) Вьетнам, Лаос, Мьянма. В) Ирак, Түркия, Ауғанстан.

С) Пәкістан, Иран, Моңғолия. Д) Малайзия, Бутан, Иордания.

Е) Филиппин, Бангладеш, Сирия.

4. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда негізгі болып табылатын дәнді дақыл:

А) бидай В) жүгері С) күріш Д) тары Е) арпа

5. Оңтүстік-Батыс Азия халқының басым бөлігі ұстанатын дін:

А) буддизм В) христиандық С) индуизм Д) ислам Е) синтоизм

6. Оңтүстік-Батыс Азия елдеріне ... жатады.

А) Әзербайжан, Кипр. В) Вьетнам, Пәкістан. С) Грузия, Ливан.

Д) Непал, Армения. Е) Сирия, Ирак.

7. Иран Ислам Республикасының астанасы:

А) Багдад В) Дамаск С) Тегеран Д) Кабул Е) Манила

8. Моңғолияның ақша бірлігі:

А) динар В) рупи С) лира Д) тугрик Е) йена

9. Азияның оңтүстігінде, Шығ. Гималайда орналасқан мемлекет. Друкюл немесе "айдаһар елі" деп те аталынады.

А) Бруней В) Бутан С) Малайзия Д) Лаос Е) Камбоджа

10. Абсолюттік монархия байқалатын Азия елі:

А) Малайзия В) Сауд Арабиясы С) Жапония Д) Сирия Е) Ирак

11. Швейцарияда басым болып табылатын үш тіл:

А) ағылшын, француз, неміс. В) неміс, француз, итальян.

С) француз, испан, британ. Д) орыс, ағылшын, неміс.

Е) Швейцарияның мемлекеттік тілі – бір ғана швейцар тілі.

12. Электр энергиясының 99%-н СЭС беретін ел:

А) Дания В) Финляндия С) Исландия Д) Бельгия Е) Норвегия

13. Ватикан мемлекеті орналасқан:

А) Францияда В) Италияда С) Данияда Д) Бельгияда

Е) Польшада

14. Термальдық суларды жылытуға және жағуға кеңінен пайдаланатын мемлекет:

А) Исландия В) Ирландия С) Португалия Д) Болгария Е) Венгрия

15. Солтүстік Еуропа елдерінен артығын көрсет.

А) Норвегия В) Швеция С) Финляндия Д) Австрия Е) Исландия

16. Швецияның әкімшілік бөлінісі:

А) штаттар В) лен (округ) С) провинциялар Д) кантондар Е) облыстар

17. София ... астанасы.

А) Венгрияның В) Румынияның С) Болгарияның

Д) Польшаның Е) Македонияның

18. Ағаш сүрегін және оның өнімдерін шығаруда жетекші елдер:

А) Болгария, Польша В) Италия, Дания С) Андорра, Австрия

Д) Швейцария, Бельгия Е) Финляндия, Швеция

19. Әйгілі Әулие Петр соборы қай елде орналасқан.

А) Андорра В) Ватикан С) Люксембург Д) Монако Е) Сан-Марино

20. Райхан майын экспортқа шығаруда дүние жүзінде 1- ші орын алатын Еуропа елі:

А) Венгрия В) Босния және Герцеговина С) Румыния

Д) Болгария Е) Македония

21. Федеративті мемлекеттерден артығын көрсет.

А) Малайзия В) Пәкістан С) Біріккен Араб Әмірлігі

Д) Үндістан Е) Ирак

22. Камбоджаның мемлекеттік тілі:

А) урду В) кхмер С) араб Д) тагал Е) парсы

23. Бангладештегі халықтың орналасу тығыздығы:

А) 1 км2-ге – 235 адам В) 367 адам С) 493 адам Д) 658 адам Е) 976 адам

24. Территориясында 200-ден аса вулкан орналасқан ел:

А) Дания В) Норвегия С) Исландия Д) Финляндия Е) Швеция

25. Филиппин архипелагында қанша арал бар?

А) 1000-ға жуық В) 3645 арал С) 5854 арал Д) 7 мыңнан аса

Е) 10 мыңдай

26. «Аяз атаның мекені» аталған жер:

А) Исландия В) Дания С) Лапландия Д) Ирландия Е) Бельгия

27. Мекке мен Медине қалалары орналасқан ел:

А) Сирия В) Сауд Арабиясы С) Біріккен Араб Әмірлігі Д) Бахрейн Е) Бруней

28. Дүние жүзіне өзінің банктерімен танымал мемлекет.

А) Румыния В) Малайзия С) Сирия Д) Ливан Е) Швейцария

29. Сауд Арабиясының мемлекет басшысы:

А) король В) әмір С) президент Д) шейх Е) сұлтан

30. Аталған елдердің ішіндегі жер аумағы жөнінен үлкен мемлекет.

А) Ауғанстан В) Ирак С) Сирия Д) Моңғолия Е) Швеция









Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ұлттық энциклопедия «Қазақстан» /1-10 том/. Алматы- 1998-2005

  2. География және табиғат.

Ғылыми-педагогикалық журнал.2004. №4-6 2005. №1-6; 2006. №1-2; 2007.№1-2; 2008. №1-2; 2009. №1-2; 2010.№1

3. Бушуева Л. Новейший справочник по странам мира. Ростов-2009

4. Романцова С.А. Страны мира от А до Я. Новый информационный справочник. Харьков – 2007

5. Бейсенбаев А.М. Бейсенбаева Н.Ә. «Талапкер» топтамасы. География:

6-10 сыныптар. «Арман» баспасы. 2004.

6. Климанова О.А. География в таблицах. 6-10 кл. Справочное пособие. Москва. «Дрофа» - 2008.

7. Гарапова Ғ.С. Жақанбаева Н.М. География: жоғарғы оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық-тест. Алматы: Шың-кітап – 2007.

8. Интернет сайттары































МАЗМҰНЫ:

  1. Түсінік хат..........................................................................................................3

  2. Мақсат міндеттері.............................................................................................4

  3. Бағдарламаның тақырыптық жоспары............................................................6

  4. Ауғанстан...........................................................................................................8

  5. Бахрейн Әмірлігі.............................................................................................10

  6. Біріккен Араб Әмірлігі...................................................................................11

  7. Иран Ислам Республикасы............................................................................13

  8. Ирак..................................................................................................................14

  9. Ливан................................................................................................................16

  10. Сирия Араб Республикасы.............................................................................17

  11. Сауд Арабиясы Корольдігі.............................................................................19

  12. Сарамандық жұмыс №1..................................................................................21

  13. Монғолия..........................................................................................................21

  14. Бруней сұлтандығы.........................................................................................23

  15. Вьетнам............................................................................................................25

  16. Малайзия..........................................................................................................26

  17. Филиппин.........................................................................................................28

  18. Тайланд.............................................................................................................31

  19. Камбоджа Корольдігі......................................................................................33

  20. Бангладеш........................................................................................................34

  21. Бутан Корольдігі..............................................................................................37

  22. Пакистан Ислам Республикасы.....................................................................38

  23. Сарамандық жұмыс №2..................................................................................41

  24. Австрия Республикасы...................................................................................42

  25. Андорра Князьдігі және Ватикан..................................................................44

  26. Бельгия Корольдігі..........................................................................................44

  27. Швейцария Конфедерациясы.........................................................................48

  28. Исландия Республикасы.................................................................................50

  29. Норвегия Корольдігі.......................................................................................51

  30. Финляндия.......................................................................................................54

  31. Швеция Корольдігі..........................................................................................55

  32. Сарамандық жұмыс №3..................................................................................58

  33. Албания............................................................................................................58

  34. Болгария Республикасы..................................................................................60

  35. Босния және Герцеговина...............................................................................62

  36. Венгрия Республикасы...................................................................................64

  37. Қорытынды сабақ (сынақ-тест)......................................................................65

  38. Пайдаланған әдебиеттер.................................................................................68








Який Хайрат

«Елтану»













Шығаруға ұсынған:

Зеренді ауданы

Бірлестік орта мектебі





















Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Бірлестік ауылы

Тел: 87163251109

Элек/адрес: Hairat_78@mail.ru



Автор
Дата добавления 23.11.2015
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1274
Номер материала ДВ-181945
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх