Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Презентации / Эмоциялық үрдістер мен жағдай. Жігер. Жігерлік үрдістер.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Эмоциялық үрдістер мен жағдай. Жігер. Жігерлік үрдістер.

библиотека
материалов
Эмоциялық үрдістер мен жағдай. Жігер. Жігерлік үрдістер.
Сезім немесе эмоция дегеніміз - адамның басқа адамдарға өзіне, қоршаған ортағ...
Сезімдерді стеникалық және астеникалық деп екі топқа бөлеміз. Стеникалық сезі...
Сезімдердің жылдамдығының, күші мен тұрақтылығының үйлесіп келуіне байланысты...
Құмарлық (страсть) та ұзақ мерзімді және тұрақты эмоциялық жағдай болып табыл...
Сезімдер атап көрсетілгендей, адамның қажеттіліктерімен және оны қанағаттанды...
Жоғары сезімдер адамгершілік, эстетикалық және интеллектуалдық болып бөлінеді...
Ерік (жігер) Бұл алға қойған мақсатты орындау жолында кездесетін қиыншылдықта...
Ерік сапалары: Тәртіптік мен жинақылық. Тәртіптік дегеніміз адамның өз қиял-қ...
Мақсатқа жету қиындықтар мен кедергілерді жеңумен байланысты. Бұл қиындықтар...
Жоғары адамгершілік сезімдерге: отансүйгіштік, жауға жеккөрушілікпен қарау, б...
Ерік үрдісінің сатылары Даярлық кезеңі - бұл ойлау әрекетінің кезеңі, әртүрлі...
Табандылық - алға қойған мақсатты орындау жолында кездескен кедергілер мен қи...
Тоқтамға келу - адамның өз бетімен жауапты шешімдер; қабылдау және іс-әрекетт...
Жақсы әдеттерге дағдылану арқылы ерік күшін нығайту Әр жаста балаларда ерікті...
18 1

Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Эмоциялық үрдістер мен жағдай. Жігер. Жігерлік үрдістер.
Описание слайда:

Эмоциялық үрдістер мен жағдай. Жігер. Жігерлік үрдістер.

№ слайда 2
Описание слайда:

№ слайда 3 Сезім немесе эмоция дегеніміз - адамның басқа адамдарға өзіне, қоршаған ортағ
Описание слайда:

Сезім немесе эмоция дегеніміз - адамның басқа адамдарға өзіне, қоршаған ортаға қатынасын білдіретін психикалық жағдайы және көңіл күйі.

№ слайда 4 Сезімдерді стеникалық және астеникалық деп екі топқа бөлеміз. Стеникалық сезі
Описание слайда:

Сезімдерді стеникалық және астеникалық деп екі топқа бөлеміз. Стеникалық сезім дегеніміз - адамның белсенділігі арттыратын, күші мен қуатын еселейтін, адамды жігерлендіретін сергектікке бағыттайтын сезім. Стеникалық сезім («стенос»-грек сөзі, қазақшалағанда күш деген мағынаны береді), мысалы: күшті қуаныш, ашу сезімдері жатады. Астеникалық сезім дегеніміз - адамның белсенділік қуатын азайтатын, адамды тежеп отыратын сезім. Астеникалық сезім («астенос» - грек сөзі, қазақшалағанда әлсіздік мағынасында қолданылады), мысалы, нәзіктік, қайғықасірет, қорқыныш сезімдерін жатқызуға болады.

№ слайда 5 Сезімдердің жылдамдығының, күші мен тұрақтылығының үйлесіп келуіне байланысты
Описание слайда:

Сезімдердің жылдамдығының, күші мен тұрақтылығының үйлесіп келуіне байланысты эмоциялық жағдайдың түрлеріне бөлінеді. Олардың негізгілеріне көңіл-күй, аффект, құмарлық, жігерлену, стресс жатады. Көңіл-күй (настроение) - онша білінбейтін, ұзаққа созылған'' эмоциялық жағдай, ол негізінен өзінің әлсіз немесе орташа күшімен және көп жағдайда тұрақтылығымен ерекшеленеді. Кей жағдайда адамның көңіл-күйі күні бойы, аптасына, айына және одан да көпке созылуы мүмкін. Адамның көңіл-күйі әртүрлі болатындығы белгілі. Мысалы: шалт, қайғылы, жабырқау және т.б. көңіл-күй жақсы және жаман болып келеді. Аффект - латын сөзі, қазақшалағанда жан толқынысы деген мағынада қолданылады. Аффектілер деп ерекше күшті, тез пайда болатын және адамды билеп кететін, қысқа мерзімде жүріп өтетін эмоциялық жағдайды айтамыз. Мысалы: қуаныш, қорқыныш, қайғы және т.б аффектілерін атауға болады. Аффектілер негізінен күшті тітіркендіргіштердің әсерінен болады. Аффектілер көп жағдайда кенеттен болады, бірнеше минут жүріп өтеді де, адамды тез арада билеп әкетеді.

№ слайда 6 Құмарлық (страсть) та ұзақ мерзімді және тұрақты эмоциялық жағдай болып табыл
Описание слайда:

Құмарлық (страсть) та ұзақ мерзімді және тұрақты эмоциялық жағдай болып табылады. Бірақ көңіл-күйдең айырмашылығы құмарлық күшті эмоциялық жағдай. Мысалы, адамдарда байқалатын білімге, жаңалық ашуға, музыкаға, еңбекке құмарлықты айтуға болады. Бұл жағымды құмарлықтың үлгілері. Жағымды құмарлықтар адамды үлкен, жасампаздық іс-әрекетке итермелейтін күш болып табылады. «Стресс» - ағылшын созі, қазақшалағанда күйзеліс мағынасында қолданылады. Күйзеліс - кез-келген күшті әсерден адамда пайда болатын психологиялық күй. Стресс ұғымын канадалық физиолог Г.Селье 1936 жылы енгізді. Эмоциялық күйзелістік жағдайлар қиын ахуалдарда пайда болады және орасан зор ішкі күйзелістің нәтижесінде аңғарылады.

№ слайда 7 Сезімдер атап көрсетілгендей, адамның қажеттіліктерімен және оны қанағаттанды
Описание слайда:

Сезімдер атап көрсетілгендей, адамның қажеттіліктерімен және оны қанағаттандыру мүмкіндіктерімен байланысты. Қажеттіліктердің сипатына байланысты жай және жоғары сезімдер деп бөлінеді. Жай сезімдерге белгілі бір физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру немесе қанағаттандырмаумен байланысты сезімдерді жатқызамыз. Мысалы, аштық, шөлдеу, тою, жүрегі айну сияқты эмоциялық жағдайлармен байланысты сезімдер жатады. Жоғары сезімдер рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру; немесе қанағаттандырмау негізінде пайда болады. Жоғары сезімдер анық байқалатын қоғамдық сипатта болады және адамның қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтары мен құбылыстарына қатынасын білдіреді. Жоғары сезімдердің мазмұны олардың бағыттылығы адамның көзқарасымен, адамгершілік мінез-құлық ережелерімен және эстетикалық бағалауларымен анықталады.

№ слайда 8 Жоғары сезімдер адамгершілік, эстетикалық және интеллектуалдық болып бөлінеді
Описание слайда:

Жоғары сезімдер адамгершілік, эстетикалық және интеллектуалдық болып бөлінеді. Адамгершілік сезімдер - қоғамдық өмірдің талабына сәйкес керінетін адамның жоғары сезімдерінің бір түрі. Бұлардың мазмұны да, құрылымы да өте күрделі. Мұндай сезімдер тобына жолдастық, достық, махаббат, адамдық, шыншылдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілік, елжандылық, ұят, ұлттық мақтаныш, қазақстандық патриотизм т.б. жатады. Эстетикалық сезімдер - болмыстағы шындықтың сұлулығын, әдемілігін, әсемдігін қабылдаудан туатын көңіл-күй. Эстетикалық сезім табиғат көріністерінен, әуезді әуендерден, әсерлі оқиғалардан, өнер туындыларынан пайда болады. Адамның эстетикалық сезімі өз ортасына, тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Интеллектуалдық сезімдер - адамның ақыл-ой, іс-әрекетімен байланысты. Интеллектуалдық сезімдерге таң қалу, әуестену, өзіне-өзі сену, қанағаттану сезімдерін жатқызуға болады. Интеллектуалдық сезімдер танымдық іс-әрекетте пайда болады. Бұл сезімдер әртүрлі теориялық және тәжірибелік мәселелерді қойғанда, міндеттерді шешкенде, ғылыми жаңалық ашқанда, ойлап тапқанда, қандай да болсын жаңаны меңгергенде және танығанда пайда болады және көңіл күйді білдіреді. Теориялық және тәжірибелік міндеттерді шешкенде адам ерекше жағымды сезімде болады.

№ слайда 9
Описание слайда:

№ слайда 10 Ерік (жігер) Бұл алға қойған мақсатты орындау жолында кездесетін қиыншылдықта
Описание слайда:

Ерік (жігер) Бұл алға қойған мақсатты орындау жолында кездесетін қиыншылдықтар мен кедергілерді жеңуге бағытталған адамның саналы психологиялық іс-әрекеті. Адам алдына әртүрлі мақсат қояды. Сол мақсатты орындау жолында ерік-қайраты мен күш-жігерін жұмсайды. Кей жағдайда мақсатты орындау ешқандай қиындықты, күш жұмсауды қажет етпейді. Ерікті үрдістер әр уақытта еріксіз белсенділіктің негізіне байланысты іске асады.

№ слайда 11 Ерік сапалары: Тәртіптік мен жинақылық. Тәртіптік дегеніміз адамның өз қиял-қ
Описание слайда:

Ерік сапалары: Тәртіптік мен жинақылық. Тәртіптік дегеніміз адамның өз қиял-қозғалысын ойы мен тілегін әр уақытта ұжымның ырқына бағындыра алу қабілеті Ерік дегеніміз алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиеті Ұстамдылық дегеніміз адамның оқыс қимыл қозғалысынан орынсыз сөйлеуден босқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті Тоқтамға келгіштік дегеніміз адамның кейбір қиын қыстау кезеңдерінде қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетті болуы Табандылық - алған бетінен қайтпай қайткен күнде де көздеген мақсатына жету

№ слайда 12 Мақсатқа жету қиындықтар мен кедергілерді жеңумен байланысты. Бұл қиындықтар
Описание слайда:

Мақсатқа жету қиындықтар мен кедергілерді жеңумен байланысты. Бұл қиындықтар мен кедергілер екі түрлі болады: сыртқы және ішкі. Сыртқы қиындықтар мен кедергілерге адам санасынан тыс объективтік қиындықтар мен кедергілер, сыртқы қолайсыздықтар, басқа адамдардың қарсы тұруы жатады. Ішкі қиындықтар мен кедергілерге адамның өзіне байланысты қажет нәрсені істеуге адамның қарсы тұруы, қарама-қарсы талпынулардың болуы, адамның енжарлығы, жағымсыз көңіл-күй, ойламай әрекет ету әдеті, жалқаулық, қорқыныш сезімі және т.б. жатады.

№ слайда 13 Жоғары адамгершілік сезімдерге: отансүйгіштік, жауға жеккөрушілікпен қарау, б
Описание слайда:

Жоғары адамгершілік сезімдерге: отансүйгіштік, жауға жеккөрушілікпен қарау, борыш сезімі, ар-ождан сезімі жатады. Мысалы, Александр Матросовтың, Нұркен Әбдіровтың, Талғат Бигелдиновтің, Боран Нысанбаевтың, Қайырғали Смағұловтың, Мәншүк Маметованың, Әлия Молдағұлованың және басқалардың ¥лы Отан соғысындағы тамаша ерлік істері кейінгі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Сондықтан да адамдар ерік арқылы өз сезімдерін басқару мен бақылауды іске асырады. Адамның барлық іс-әрекетінде ерік аңғарылады. Адамның әрекеті әртүрлі талпыныстармен анықталады. Талпыныстар адамда өзінің өмір сүруін қамтамасыз етуде және сұраныстарын қанағаттандыруда, оның өмір сүру үрдісінде пайда болады. Адамда әртүрлі әрекетке итермелейтін көптеген талпыныстарда оның белсенділігі қаланған, белгілі бір жағдайда өмірлік міндеттер сипатына ие болатын психологиялық тұрғыдан ұмтылу, қажет ету түрінде іске асады. Адам мақсатты түрде оны шешуге ұмтылады. Қажет ету ұмтылу, талпынудың әртүрлі түрі, демек түрткілерді әрекеттерінің, іс-әрекеттің қылығы мен түрі сипатына ие болатын жеке тұлғаның барлық талпыну күштерінің жиынтығы түрткілер саласы немесе жеке тұлғаның бағыттылығы деп аталатын адамның психикалық өмірінің ерекше мәнді саласы ұйымдасады. А дамда ұйымдасқан іс-әрекетке талпынулар өзінің мәні мен психологиялық табиғаты бойынша әртүрлі сипатқа ие болады Адамның түрткілер саласында оның әртүрлі іс-әрекеттерінің негізі қаланған - ерікті және еріксіз, саналы және санасыз. Түрткілер саласы адамның талпынуларының өзекті және мүмкіншілігі бар саласы ретінде ерекше құрылымы болады. Түрткілер саласы адамның ерікті іс-әрекетіне тікелей қатысы бар; себебі түрткілер саласында адамды ерікті іс-әрекеттерді орындауға бағыттап отыратын және ерікті іс-әрекетті іске асырудың сипатын, психологиялық шарттарын анықтайтын талпыну күштерінің негіздері жатыр. Түрткі - французша мотив, қазақша “себеп, қозғаймын” деген мағынаны білдіреді. Адамды түрлі іс-әрекетке итермелейтін себеп.

№ слайда 14 Ерік үрдісінің сатылары Даярлық кезеңі - бұл ойлау әрекетінің кезеңі, әртүрлі
Описание слайда:

Ерік үрдісінің сатылары Даярлық кезеңі - бұл ойлау әрекетінің кезеңі, әртүрлі мүмкіншіліктерді ойластыру, ой елегінен өткізу. Кез-келген ерікті әрекет мақсатты әрекет ретінде әр уақытта да әрекеттің мақсатын қоюдан және түсінуден басталады. Бірақ жалғыз ғана мақсатты қою жеткіліксіз, әрекеттің пайда болуы үшін, мақсатқа жету үшін табанды ұмтылу қажет. Мақсаттың мәнін жете түсіну керек. Адам алдына қойған мақсатының үлкен қоғамдық мәнін түсінгенде, ол кездесетін қиыншылықтарды жеңуге қабілетті болып табылады. Шешім қабылдау - бұл белгілі бір мақсатқа, сол мақсатты орындауға апаратын іс-әрекеттің белгілі бір тәсіліне немесе белгілі жолдарына тоқтау. Мысалы, мамандық таңдауға байланысты түрткілердің күресі нәтижесінде мектеп бітіруші университеттің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын таңдау туралы шешім қабылдайды. Жоспарлау - бұл алға қойған мақсатты орындауға бағытталған тиімді тәсілдер мен құралдарды іздестіруден тұратын күрделі ақыл-ой әрекеті. Жоспарлау үрдісінде барлық мүмкін болатын және қажетті әрекеттер, қиыншылықтар мен кедергілер ескеріледі, әрекеттің нәтижесіне алдын ала бағалау беріледі. Алынған шешімді орындау - келесі негізгі кезең. Шешімнің әрекетке өтуін орындау деп атайды. Ерікті үрдісте ең негізгісі алынған шешімді орындау болып табылады. Орындауда адамның еркі аңғарылады.

№ слайда 15 Табандылық - алға қойған мақсатты орындау жолында кездескен кедергілер мен қи
Описание слайда:

Табандылық - алға қойған мақсатты орындау жолында кездескен кедергілер мен қиыншылықтарды жеңе отырып, ұсынған шешімдерді аяғына дейін жеткізу, күш жігерді жүмсау. Ұлы Отан соғысында бүкіл кеңес халқы мен әскеріміз ерекше ерлік пен табандылықтың үлгісін көрсете білді. Табанды адам алғашқы кездескен сәтсіздіктерге мойынсұнбай, керісінше одан да жігерлене түседі, бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Табандылықтан еріктің жағымсыз сапасы - қыңырлықты айыра білуіміз керек. Қыңыр адам өзінің көзқарасының қает екенін біле тұра, өз көзқарасынан таймайды, өз пікірінде қалуға тырысады. Бұл әлсіз еріктің нәтижесі болып табылады. Мақсатқа ұмтылушылық - алға қойған мақсатын қайткен күнде де орындап шығудан, бастаған істі нәтижелі етіп тындырудан көрінетін еріктің сапасы. Бұл ұстанған бағытына, бет алысына, танымы мен сеніміне қалтқысыз сене білетін адамдарда жиі кездеседі. Мақсатқа ұмтылушылық- алған беттен қайтпайтын күшті ерік-жігері бар кісінің сапасы. Адамның мақсатқа ұмтылушылық қуаты, үміт-арманы, алға қарай ілгерілеу талабы неғұрлым тартымды, әрі биік болса, оның қабілет, талабы да жоғары болады.

№ слайда 16 Тоқтамға келу - адамның өз бетімен жауапты шешімдер; қабылдау және іс-әрекетт
Описание слайда:

Тоқтамға келу - адамның өз бетімен жауапты шешімдер; қабылдау және іс-әрекетте оларды жүзеге асыруға қабілеттілігі. Әрекет белгілі бір шамада тәуекелге барумен және бірнеше баламаның біреуін таңдау қажеттілігімен байланысты күрделі жағдайда ерекше айқын көрінеді. Тоқтамға келу, сондай-ақ тез қабылданған шешім үшін батыл түрде жауапкершілікті озіне алуды, іс-қимылдың дер кезінде болуын, оны тез орындай білуді білдіреді. Ұстамдылық пен өзін-өзі бақылау - жеке тұлғаның жағымды қасиеттерінің бірі, әр уақытта да өзін және езінің мінез-құлқын қадағалап отыру өзін-өзі бақылай білуі. Қызбалығы мен үстірт әрекетін тежей алу оларды тәртіп ережелерімен талаптарына бағындыруы. Өте қиын және күрделі жағдайларда салқынқандылық таныта білуі және жағымсыз мінез-құлық әрекеттерін дер кезінде тежеп отыруы - ұстамды адамдарға тән сала. Батылдық пен ерлік деп алға қойған мақсатты орындау жолында, адам өміріне қауіпті болуына қарамастан, кездескен кедергілерді жеңе білуде байқалатын күш-жігерді айтамыз. Ерлік тек батылдықты ғана қажет етпейді, сонымен қатар табандылықты, ұстамдылықты, салқынқандылықты да қажет етеді. Ерлік пен батылдық бір-бірімен байланысты: мысалы, ерлік пен батылдықтың көптеген үлгілерін фашист басқыншыларына қарсы күресте кеңес адамдары көрсете білді.

№ слайда 17 Жақсы әдеттерге дағдылану арқылы ерік күшін нығайту Әр жаста балаларда ерікті
Описание слайда:

Жақсы әдеттерге дағдылану арқылы ерік күшін нығайту Әр жаста балаларда еріктің мынадай элементтерін байқауға болады, атап айтқанда саналы түрде бір нәрсені істеуге ұмтылу, қажет ету, таңдау, шешімге келу және күш-жігер жұмсау. Балаларда белгілі бір талпыну түрінде сезіммен бірге өте ерте аңғарылады. Бірақ, баланың бұл талпыныстары әлі де саналы сипатта болмайды. Мысалы, екі жас шамасында балада тәрбиені және ойын әрекетінің әсерімен белгілі тәжірибе жинақталады, балада елестеулер қалыптасады, қиялдың негіздері пайда болады баланың ой өрісі дами бастайды. Бірақ, бұл талпыныстар көп уақытқа дейін негізінен эмоциялық көңіл-күйдің әсерімен іске асады. Бұл қарапайым еріктік әрекеттер. Бірте-бірте тұрақты жаттығулардың нәтижесінде болады. Саналы еріктің күш-жігерге; қабілеттілігі дами бастайды. Бұл жаттығулар алғашқы: сатыларында негізінен үлкендердің басшылығымен іске асады. Шәкірттердің ерік әрекеттерін дамытуда оқу әрекетінің атқаратын рөлі ерекше. Баланың мектепке келуі оның өмірінде ерекше оқиға болып табылады. Егер де мектепке дейінгі кезеңде баланың негізгі іс-әрекеті ойын әрекеті болса, ал мектепке келгеннен кейін, балалардың алдына ерекше міндеттер, жүктеледі. Оның негізгі іс-әрекеті оқу әрекеті болып табылады. Ерікті тәрбиелеу еріктің жағымды сапаларын дамыту және бекіту болып табылады. Ерікті тәрбиелеу ойлау мен сезімді тәрбиелеумен тығыз байланысты. Бірақ, ерікті тәрбиелеуді тек қана ойлау мен сезімді дамыту деп түсінбеу керек. Барлық адамгершілік ережелерді жақсы білу және саналы түсіну, өзінің сезімдерінде терең көңіл-күйде болуы мүмкін. Мысалы, көптеген нәзік жанды адамдар ерекше ойлау қабілетімен шынайы да ыстық сезімімен қатар, әрекетсіздігімен және еріктің әлсіздігімен ерекшеленеді. Ерікті тәрбиелеу - бұл жалпы алғанда жеке тұлганы тәрбиелеу. Ерікті адам бұл шын ақылмен, анық шығармашылық қиялымен, күшті моралдық сезімдерімен ерекшеленеді. Бізге шығармашылықпен ынталы шешімге келе білетін, өз күшіне сенімді, батыл, табанды, ержүрек, тәртіпті - бір сөзбен айтқанда ерік-жігері күшті адамдар қажет.

№ слайда 18
Описание слайда:


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 15.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров2256
Номер материала ДВ-529785
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх