Инфоурок Другое Другие методич. материалыЕнгізілген өзгерістердің тиімді болғандығын қалай білуге болады?

Енгізілген өзгерістердің тиімді болғандығын қалай білуге болады?

Скачать материал

 

Енгізілген өзгерістердің тиімді болғандығын қалай білуге  болады?

 

Мектептегі іс-әрекетті зерттеу барысында жаңа білім беру үдерісі аясында мектептің даму жоспарына енгізген өзгерістерімнің қаншалықты тұрғыда тиімді болғанын саралайтын уақытта жетті. Іс-әрекетті зерттеу жұмысым барысында жүргізген жұмыстарымның қорытындысына үңілер болсам, біршама өзгерістерге бетбұрыс жасағанымды байқадым.

Мектептегі  тәжірибелік кезеңде жүзеге асырылатын іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлау арқылы мен мектеп проблемасын қарастырып, оларға жан-жақты талдау жасау  мүмкіндігіне ие болдым.

Зерттеулер мен ғылыми тәжірибелерді басшылыққа ала отырып алғашқы тәжірибелік кезеңге келген  күннен бастап мектептің даму  жоспарына өзгеріс енгізуге мүмкіндік беретін нақты іс-шараларды ұйымдастырып өткіздім.

Кәсіби әңгіме барысында даму жоспарының мақсаты мен күтілетін нәтижелерін әріптестеріме таныстыру барысында өзгеріс енгізуге дайын, ұстанымдарымыз бен көзқарастарымызда ортақ ұқсастық бар әріптестерім  өз ойларын, ұсыныстарын білдіре отырып бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін көрсетті.

Өз мектебімде әріптестеріме қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесуді басты мақсат етіп алдым.

Мектептегі тәжірибе кезеңінде «Ынтымақ39» қоғамдастығының құрамына кіріп, қызығушылық танытқан мұғалімдер арасында «Шаңырақ» атты топ құрып, жаңа идеяларды іске асыру үшін жұмысты жоспарлап алдым.

Өзгерісті жүзеге асыру мақсатында коуч және тәлімгермен бірлесе отырып жұмыс атқардым.

Коучинг сабақтарының басты мақсаты:

·        әріптестерімізді оқыту болса, олар арқылы оқушыларды оқыту; оқытудың тиімділігін арттыру;

·        оқушылардың белсенділіктерін жетілдіру.

Коучпен жұмыс жасаудағы мақсатым:

·        оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру;

·        кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіру.

Осы мақсатты жүзеге асырудағы алғашқы қадамым оған коучинг туралы мағлұмат беруден басталды.

Келесі қадам іс- тәжірибеде көрсету болды. Оқытудың жаңа заманауи әдіс-тәсілдерін  өз әріптестеріме үйрету  мақсатында көшбасшы мұғалім ретінде алғашқы коучингті  өзім өткізуді дұрыс деп шештім.  Коучинг сессиямның басты мақсаты әріптестерімді оқыту болса, олар арқылы оқушыларды оқыту, оқытудың тиімділігін арттыра отырып  белсенділігін шыңдау болды. Ол үшін өзім «Оқу процесінде  сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану тиімділігі» тақырыбында коучинг өткіздім. Коучингке қатысқан ұстаздар топ ережесінің болғаны дұрыс екендігіне көз жеткізгендерін атап өтті. Өздерінің шыдамсыздық танытып оқушыға ойлануға мүмкіндік бермейтіндіктерін айтты. Сонымен қатар топта жұмыс жасау балалардың белсенділігін арттыратынын, бірақ бұл жұмыста бағалау қиын екендігін алға тартты. Өз түйгенім коучинг барысында бейнетүсірілім жасалып жатқан соң, нақты тақырып айтылмаған соң ба алғаш бастаған кезде олар ашылып өз ойларын жеткізуге қысылып отырғандай көрінді. Соңына қарай белсене жұмыс жасай бастады. Стикерлердегі рефлексияларды оқып талдау жасаған кезімде мұғалімдердің жаңа әдіске деген қызығушылықтарын, оң көзқарастарын байқадым. Бұдан өзімнің даму жоспарына енгізгелі отырған өзгерістерім мен жоспарды іске асыру үшін жүргізгелі отырған іс-шараларымның нәтижелі болатындығына көз жеткізгендей болдым.

Екінші коучингтің тақырыбы: «7 модульдің ықпалдасуы - оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытады» тақырыбында коучингті өткізді. Мақсаты: 7 модульді қолдану арқылы оқытуды тиімді өткізу негіздерін қарастыру болды. Пән мұғалімдеріне негізгі түсінік беріліп, шығармашылық тапсырмалар орындады. Топтастыру қызықтыруды ояту үшін, ой тудыруды күшейту үшін қолданылады. Постер шығармашылықты қажет ететін жұмыс түрі. Кері байланыс кезінде  мұғалімдер тарапынан кездесетін кедергілерді нақты көрсете алмайтындары көрінді. Коучингтің мұғалімдер қауымына бергені көп болды деп ойлаймын. Қазақ тілі мұғалімі А.А. «Балаға балық ұстап берсең, бір күнгі аштықтан құтқарасың, балық ұстауды үйретсең өмірлік аштықтан құтқарасың», «Білгенім-бір тоғыз, білмейтінім-тоқсан тоғыз»деп мақалдай кетті. Осы мақалдардың мағынасы коучингке қатысушы әріптестеріме терең ой салғаны сөзсіз. Осы жүргізген коучингтерді бақылай отырып мұғалімдердің көзқарастарының өзгере бастағаны аңғарылды.

 Алғашқы коучингте мұғалімдер бойында қобалжу, сенімсіздік, тұйықтық байқалған. Әр коучинг соңында кері байланыс, топ ережесінің болғаны тиімді болды. Нәтижесінде коучингтан кейін рефлексивті есеп арқылы мұғалімдердің топпен жұмыс жасай білуі, өзара қарым-қатынасқа түсуі, өздерін-өзі реттей білуі, ынтымақтастыққа түсуі, жаңа әдіс – тәсілдерді меңгергендері анықталды.

Коучтің рефлексиясы: Коучинг барысында топтық жұмыстың тиімді жақтарын көрдім. Топтарға проблемалық сұрақтар қою нәтижесінде әр топ мүшесі ойларын еркін жеткізе алды, өз ойларын түйіндей білуге үйренді. Сонымен қатар әр топтың мүшелері арасында рөлдер бөлінді, көшбасшы анықталды, проблемалық сұрақты шешуге шығармашылықпен қарады. Мұғалімдер өз ойының салмақ дәрежесін анықтай алды, өзінің және әріптестерінің іс-әрекетін бағалауға дағдыланды. Бірін бірін тыңдай білуге, өзгенің ойын сыйлауға, көзқарастарын қабылдауға дағдыланды. Сонымен қатар кері әсері, яғни тиімсіз жақтарын да байқадым. Бас кезінде мұғалімдер өз ойларын толық айтып жеткізе алмады. Кейбір топ мүшелері көрінбей, елеусіз қалып қойып жатты. Мұғалімдер өздерінің теориялық білімдерін, тәжірибеде іске асыруға қиналды. Сондықтан мен келешекте осы олқылықты жою үшін  Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын  үйретуге, сыни ойлау білуге дағдыландыруды жолға қою керек екендігіне көз жеткіздім.  

Келесі коучингті тақырыбы: «Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту негізінде оқу белсенділіктерін арттыру» тақырыбын алдық. Сыни тұрғыдан ойлау модулі арқылы талантты және дарынды оқушыларды анықтауға, оқушылар көшбасшылығын қалыптастыруға бағыт - бағдар алады. Коучинг аяқталған соң коучпен өткен коучинг жайлы сұхбаттастық. Ол өзінің жұмысын қорытындылай келе өзіне де қызықты болғанын, өз әрекеттерін ойлана келе жасау керектігін әр сұрақты нақты қоюға тырысқандығын атап өтті. Бірақ өз әріптестеріне коучинг жүргізген біраз қиындық туғызғанын атады. Өзінің қобалжығанын айтты. Сондықтан кей жағдайда ойын толық жеткізе алмағандығын атады. Оның өзіне берген есебін тыңдай келе келесі коучингқа дайындалу кезінде ақпаратты молырақ алуы өзіне сенімділігін арттыратынын атап өттім. Сонымен қатар формативті бағалауды түрлендіруді ұсынып отырдым.

 Коучингті  талдау нәтижесінде мен мынандай қорытындыға келдім: мұғалімдердің белсенді қарым-қатынасқа түсуі   жағымды көңіл күй орнатты, жоспарлаған барлық іс-әрекеттер  сәтті орындалып отырды, мұғалімдер алған мәліметтер мен стратегияларды өз сабақтарында қолданатынын айтып ойларын білдірді. Мені барған сайын коучингке қатысушылардың өз істеріне жауапкершілікпен қарайтыны, өзін- өзі бағалауда сын тұрғысынан қарауға тырысатындығы қуантты.

Тәлімгерлік және коучингтік үдерістің нәтижелі өтуі менің көшбасшылық қырынан танылуымның тағы бір сатысы болды. Бірінші бетпе – бет кезеңінен оқып үйреніп келген тәжірибемді мектептегі тәжірибе кезеңінде басқа әріптестеріме үйретуді мақсат еттім. Таңдап алған тәлімалушыларым жоспарлаған зерттеулердің нәтижелі жүргізілуіне өз үлестерін  тигізді. Тәлімгерлікті информатика пәні мұғалімі  Д есімді әріптесіме жүргіздім. Ол өзінің оқушыларының аз да болса жаңа әдіс – тәсіл арқылы білім сапаларын көтертіп, ой – тұжырымдарын еркін жеткізуге төселулерін жақсартуды мақсат еткенін атап өтті. Келесі қадамдарда оның жұмысын жоспарлаудан бастауды жөн көрдік. Орта мерзімді жоспарды нақтылағаннан соң сабақ жоспарларын кеңесе отырып бірлесе жасадық. Өтілген сабақтан соң өз жұмысына рефлекция жасауды ұсындым. Әр жұмысына есеп бере отырып келесі сабақтарында сәтсіздіктерін жойып отыруға кеңес бердім.Әріптесімнің тәжірибесін шыңдаудағы алғашқы қадамым оның сабағына қатысып іс – тәжірибесімен танысу болды. Жалпы мұғалім сабақты сұрақтар қоюдан бастайды. Сұрақ қою арқылы оқушыларды сабаққа тартады. Өз сабағында мүмкіндігінше оқушыларының ойларын тыңдауға тырысатындығы көрінді. Топта жұмыс жасаудың тиімділігін, оқушылардың өзара қарым – қатынасқа түсуі арқылы, диалогқа түсу арқылы оқушыларының өз ойлары мен дәлелдемелерін айту барысында өздерін басқа оқушылармен санаса және салыстыра отырып, ойын толық, мәнерлі түсіндіре алуларына ықпал жасайтынын байқадым. Әдіс-тәсілдер арқылы оқушының ойлануына, қай жұмысты қандай жолмен орындаған тиімді болатыны туралы ойланып қысқа мерзімді сабақ жоспарын құр кезінде нысана алғаны байқалады.

Бірінші сабақ «Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар» тақырыбы бойынша 6 «б» сыныбында сабақ  жүргізді. Сабақтың мақсаты: Ақпаратты қорғау тәсілдерін, вирусқа қарсы бағдардамалар түрлерін және жұмыс істеу, ақпаратты вирусқа тексеру, емдеу және жою жұмыстары туралы түсінік беру. Сабақ соңында оқушылар ақпаратты қорғау тәсілдерін, вирусқа қарсы бағдарламалар түрлерімен жұмыс істеуді, ақпаратты вирусқа тексеруді, емдеуді және жою жұмыстары туралы танысып,  қорытынды жасау қабілеттері артты.

Тәліптің рефлексиясы: Осы сабағымда сын тұрғысынан ойландыратын «Венн диаграммасы» стратегиясы бойынша өз ойларын интерактивті тақтаға түсірді. Бір кемшілігі оқушылар бірін-бірі тыңдамай, белсенді оқушылар өздерін таныта түскісі келеді. Ол үшін сөйлеу мен тыңдау дағдыларын дамыту, өз ойларын дәлелді жеткізуге машықтандыру қажет. Сабақ қорытындысы бойынша бағалау қиынға соқты.

Екінші сабақ «Есептеу техникасының даму тарихы»тақырыбы. Сабақтың мақсаты: Есептеуіш техникасының  даму тарихын білу және  жұмыс істеу қағидаларын ажырата алу. Д оқушылардың қызығушылығын ояту барысында оқушылар сұрақ бойынша өздерінің ойларын еркін айтуы кезінде көзге түсті. Осыдан кейін жаңа тақырып бойынша «Джигсо» әдісін қолдана отырып,  әр топқа оқулықтағы  мәтінді азат жолдан басталған  бөлімге бөліп, топ ішінде жұмыс істеуге берілді. Мұндай топтастыру нәтижесінде оқушылар біріншіден, өзінің тапсырмасын жеке дара, топта орындауға тырысты, менің байқағаным Топтық жұмыс арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптасуы, өздерінің  тақырыптары бойынша бір-бірлеріне ойларын бөлісіп әңгімелесуі, сабаққа деген қызығушылықтарын көрдім.  Сабақ  аяғында оқушылар «Мұғалім енді сабақ осылай үнемі өтеді ме?» деген сұрақтар қойды. Бұл үлкен өзгеріс, білім саласындағы үлкен жетістік деп айта аламын.

Тәліптің рефлексиясы: Бүгінгі сабақ мен үшін жақсы өтті. Алға қойған мақсатыма жеттім. Сыныпты тпоқа бөлдім, өйткені оқушылар өз беттерімен ізденіп, өз ойларын жеткізе білуді үйренді. Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға тырыстым.  Бір кемшілігі  білмеген оқушы топтың ішінде көрінбей қалады. Бұндай жағдайда, елеусіз қалған оқушыға келешекте деңгейлік тапсырма беріп жұмыс жасату керек деп түйдім.

Үшінші сабақтың тақырыбы «ЭЕМ-ның даму кезеңдері». Сабақтың мақсаты: Электронды есептеуіш машиналарының даму кезеңдерін білуі тиіс. Бұл жерде тәлімгер қысқа мерзімді жазуды үйренді, және оның тиімділігіне көңіл бөле білді. Осы сабақтағы келесі тапсырма оқушыларға арналған деңгейлі нашар, орта және жақсы оқитын балаларға арналған ауызша жауап беру, топ ішінде талқылау, логикалық ойлау және танымдылық жаттығуы. Топ ішінде пікірлесу, тақтаға шығып айту. Бұл тапсырманы  СТО-ны қолдану арқылы  жүргізді. Жаңа материалды меңгеру барысында оқушыларға әр түрлі сұрақтар қойылды. Ол сұрақтардың  нәтижесінде оқушылардың сабаққа деген белсенділік танытқанын, өз ойын еркін жеткізе білуі, әр топта көшбасшы, қабілетті балалар бар екендігін анықтауға септігін тигізді, оқушы үні қалыптасты және оқушылар деңгейлеріне байланысты бір-біріне көмек бере алды.  Бұл жерден мұғалімнің шеберлігін көре аламыз.

Сабақтың ең соңғы қорытынды кезеңінде оқушылардың жаңа сабақты қаншалықты меңгергендігін анықтау мақсатында қорытынды, бекіту  үшін «Сабақ не туралы болды?»,  «Не білдім?,  Тағы не білгім келеді?» деген сұрақтар қойдым.

Тәліптің рефлексиясы: Оқушылардың бойында өзгерістің болғаны айқын көрінді. Жеті модульдің тығыз байланыстылығы білімді көтеруші жүйе екенін түсіндім. Осы модульдарды сабақта қолдану маған өте тиімді болды. Себебі мұғалім мен оқушы және оқушы мен оқушы арасында өзара диалог орнатылып оқушылар ойын жеткізе алады. Сабақ барысында ынталандырылған оқушылар өзінің оқу үлгеріміне назар аударып өзінің қателерін анықтап, алдағы сабақта меңгеруіне тиіс білімдерімен дағдылары қалыптасты. Сонымен бірлесіп жасаған жұмыстан нәтиже аламыз.

 Сабақтар барысында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ, СТО, ОүБ және ОБ, модульдерін ықпалдастыра отырып, жеке, жұптық, топтық жұмыстар ұйымдастырылды. «Өрмекші торы», «Джигсо», «Insert», «Кубизм» әдіс-тәсілдері орынды қолданылып, «Блоб  ағашы» тәсілі арқылы кері байланыс жасалынып, сабақтан алған әсерлерін, қаншалықты деңгейде сабақты меңгергенін көрсете отырып, әр оқушы өз орынын көрсетіп отырды. Сын тұрғысынан ойлаудың INSERT стратегиясын қолдана отырып Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді? сұрақтары арқылы рефлексия жасап отырды. Сабақтарда қолданылған әрбір әдіс-тәсіл  тиімді болды деп есептеймін:  олар оқушының білім деңгейін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар ары қарай дамуына  мүмкіндік берді. Сабақтарда оқушының пәнге деген қызығушылығының артқаны байқалғанымен, стратегиялардың бірнеше түрін қолданған сабақтың  асығыс іске асырылатындығын байқадық.  Осыдан келіп кедергінің тағы бір маңызды тұсы  уақытты тиімді пайдалана алмау және компьютерде жұмыс істеуге уақыттың жетіспеуі.

Сабақтарға қатыса отырып оқушылардың топпен жұмыс жүргізудің қаншалықты тиімді болғанын аңғардым. Оқушылар біршама ашылғанын , өз ой - пікірлерін емін - еркін жеткізе алатынын, топқа бөліну кезінде тез орындарын таба білуі, жұппен, топпен жұмыс кезінде уақытты тиімді пайдалана отырып өз тұжырымдарын ортада талқылай алатындықтарын байқадым. Топпен жұмыс кезінде өздерін жайлы сезінді. Түсініксіз болған жағдайда сұраудан қорықпады.

Lessоn Study сабағының  да мұғалімдер мен оқушылардың сабақ барысында дамып, жетілуіне әсері мол болды. Оған дәлел бақылаушы мұғалімдердің пікірлері. Олардың айтуынша, дәстүрлі сабақтарда оқушыларды сабақтарда оқушыларды зерттеуге мүмкіндік бола бермейді, нашар оқитын оқушылар жақсы оқитын оқушылардан қалып қояды. LessenStudy сабақтарында  бақылаушы мұғалімдердің көмегімен барлық оқушыларды зерттеуге, тиімді әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтауға болады. Осындай тиімділігін байқауға алынған сауалнамалар дәлел. Мысалы:А деңгейлі оқушы:Топта жұмыс істеуде  өз үшін қандай жағымды жақтары болды деген сұраққа?Топтық жұмыс барысында бір-бірімізге қолдау көрсеттік, танымдылық артады, бірлесе жұмыс істеп үйрендік, өз бетімізше білім алып үйрендік, бір-бірімізді сыйлап үйрендік деп жазды. В деңгейлі оқушы «Сабақта саған не ұнады?» - деген сұраққа сыни ойлап үйрендім, сабақтарда көбінесе оқушылар қатысып отырады, мұғалім тек қана бағыт көрсетіп, қолдап отырады-деген жауап болды. С деңгейлі оқушыдан: «Сен неге үйрендің?»деген сұраққа «Мен постерге өз ойымды жазуды үйрендім, өз бетінше жұмыс жасап үйрендім»-деп жазып, өз ойын білдіріпті.

Осы зерттеулерден бұл әдіс - тәсілдерді әр мұғалім сабақтарында қолданып, әр оқушыға сәл еркіндік беріп, шыдамдылық танытса, оқушының бойынан көшбасшылық қабілетті де, жақсы нәтижені де байқауға болатынын байқадым. Сондықтан әр сабақта әртүрлі әдіс - тәсілдердің әр мұғалім өзі үшін, сыныбы үшін тиімдісін қолдана білсе, сабақтардан жақсы нәтиже көруге болады.

Бұл әдіс – тәсілдердің қаншалықты тиімді болғанын анықтау мақсатында ата – анамен кездестім. Кездесу барысында бала бойынан не байқағанын сұрадым. Ол кісі баласының жақсы қадамға басқандығын атап өтті. Сабаққа деген қызығушылығы артып , көп ізденетінін, интернет желісін көп пайдаланатынын, құрбы –құрдастарымен телефон арқылы да пікір алмасып жататындығы байқалғанын атап өтті. Сабақтарының қызықты өтетініне қуанғанын, жетістіктерін мақтаныш ететінін айтты. Оқушы бойындағы өзгерістер туралы ата - анамен сұхбаттасу нәтижесінде аңғардым.

Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдер білім сапасын жақсартуда септігін тигізеді деп ойлаймын.

Зерттеу жұмысының нәтижелі өтуіне әріптестерімнен құрылған «Ынтымақ39» мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығының мүшелерінің үлесі зор болды. Өткізілген іс-шаралардың кері байланысын осы қоғамдастық арқылы жүзеге асырып отырдым.Осы жұмыстарды атқару барысында түйгенім мұғалім жүйелі жұмыс жүргізіп отырса білім сапасын арттыруға болатындығына сенемін. Туындаған қиындықтардың шешімін осы алған білімімді бөлісу арқылы әріптестеріммен бірлесе отырып шешуді  мақсат етіп отырмын. Болашақта тәлім алушыма 7 модульді толық меңгертуді, сынып сабақтарында тиімді қолдануды жоспарлап отырмын. Lesson Study мектеп ұжымымен өткізуді жоспарлап, бірлесе жұмыс жасауды жоспарлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Енгізілген өзгерістердің тиімді болғандығын қалай білуге болады?"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 993 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.11.2016 2260
    • DOCX 382.7 кбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сыздыкова Айжан Тлеужановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сыздыкова Айжан Тлеужановна
    Сыздыкова Айжан Тлеужановна
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9287
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегия продаж и продуктовая линейка: успех в современном бизнесе

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продажи и самопрезентация в социальных сетях

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 111 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека