Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / Енгізу және шығару операторлары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Енгізу және шығару операторлары

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы:

Енгізу және шығару операторлары
Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: Сабақта оқушыларға мәліметтерді енгізу және шығару операторларының жазылу ережесін түсіндіру, теориялық білімдерін жетілдіру, Оқушылардың Паскаль программалау тілінде сауатты программа құра алатындығын тексеру
б) дамытушылығы: Жұмыс істеу принциптерін түсіну мен қатар алгоритммен программалау тілінде жазылу ерекшеліктерін ұғынып, қарапайым сызықтық программаларды жазуға дағдыландыру.

В) тәрбиелілігі: ойлау, өзін - өзі тексеру қабілетін арттыру. Компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру. Оқушының пәнге деген қызығушылығын және шығармашылығын арттыру.
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап
Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту тақырыбы.
Көрнекіліктері: 1интерактивті тақта, компьютер, сызбалар.
Оқыту формасы: Блум жүйесінің элементтері
І. Психологиялық даярлықты қамтамсыз ету (оқушыларды түгендеп бүгінгі сабаққа назар аударту)
ІІ. Білім (дағдысы бойынша).
Үй тапсырмасын пысықтау: қайталау сұрақтары.
А) Операторлардың жалпы жазылу түрі қалай сипатталады?
BEGIN
1 - оператор
2 - оператор
--------
П - оператор
END
Б) Тілдің қарапайым объектілеріне қандай ұғымдар жатады.
(«сан»тұрақты: айнымалы: функция: өрнек: идентификатор)
В) паскаль тілінде қандай сандар пайдаланамыз? (ондық, оналтылық бүтін сандар)
Г) Алгоритм дегеніміз не? (берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру). Алгоритмді өмірмен байланыстырып мысал келтір:
Д) Блок - схема дегеніміз не? (алгоритм схемасы)

Ой сергіту
• Программада әрбір жолдан кейін қандай тыныс белгі қойылады?
• Программа қандай оператормен басталады?
• Программаның негізгі бөлігі қандай түйінді сөзбен басталып, қандай сөзбен аяқталады?
• Var операторының қызметі қандай?
• Const операторының қызметі қандай?
• Өрнек деген не?
• Өрнекті Паскаль тілінде жаз
• Қандай оператор меншіктеу операторы деп аталады.
• Кім тапқыр?
ІІІ. ТҮСІНУ (дағдысы бойынша) енгізу, шығару операторларына түсінік беру, Енгізу операторы read (ағылшынша оқу) идинтификаторынан және айнымалылар тізімінен тұрады, мәндерді оқып, айнымалыға меншіктейді. Жазылуы (read(): мысалы: read (а, в, с):
Readln операторының read операторынан айырмашылығы Readln операторы қатар жазылса, келесі мәні жаңа жолдан теру керек.
Мысалы: var a, b, c: real;
Begin
read (a, b);
read (с, d);
readln (c, d);
Ескерту: енгізу операторының соңынан нүкте - үтір (;) қойылады.
Мәлімет шығару операторы Write (жазу) идентификатордан және айнымалы тізімнен тұрады, өрнектің нәтижесін экранға шығарады.
Жазылуы: Write (): мысалы: Write (153); (өрнек тұрақты түрде берілген)
Write (а+в/с); өрнектің нәтижесі шығады. Writ (а[1]); өрнек индексті айнымалы түрінде берілген.

Есеп. Екі бүтін санды қосып, қосындысын экранда шығару.
program qq;
var a, b, c: integer; сипаттау бөлімі
begin
read ( a, b ); енгізу операторы
c:= a + b; меншіктеу операт негізгі бөлім
writeln ( c ); шығару операторы
end.
Осы программаның орындалуын оқушыларға түсіндіру,
Программаны орындау үшін
1) F9( программаны орында) пернесін басамыз.
2) а және в айнымалыларына мән енгізу керек. Мысалы, 9 5 сандарын енгізіп, enter пернесін басамыз.
3) Экранға с - ның мәні 14 шығады.
ІҮ. ТАЛДАУ (дағдысы бойынша) енгізу мен шығару операторларының ұқсастығымен айырмашылығын ВЕНН диаграммасы арқылы салыстыру

1
Ұзындығы а - ға тең, ені в - болатын тіктөртбұрыштың ауданын анықтайтын бағдарлама жазу:
Алдымен бізге тіктөртбұрыштың анықтайтын формуланы білуіміз керек. Ол S:=a*b
Алдымен Блок - схемасы мен алгоритмін қарастырып көрейік
Блок - схема Алгоритм

алг тіктөртбұрыш ауданын анықтау
нақты а, в
нәтиже S
басы
а, в енгізу
S=a+b
S шығару
соңы

Енді осы алгоритм бойынша бағдарлама құрамыз:
Program pr1;
Var a, b, s: real;
Begin
Write(‘a, b мәндерін енгіз’);
Read(a, b);
S:=a*b;
Write(‘S:=’, S);
End.
Программаны компьютерде орындап, нәтижесін талдау.
Есеп.
№2
Тік төртбұрыштың периметрін есептеу программасын құрып, қорытындысын шығарып мән беріңдер

V Үй жұмысы
Қайталау. №16, 17
VI. Сабақтың қорытындысы

• Оператор дегеніміз не, олар қандай топтарға жіктеледі?
• Нәтижені экранға шығарудың қандай жолдарын білесіңдер?
• Экранға түсініктеме ретінде қолданылатын сөз тіркестері қалай шығарылады?
• Енгізу және шығару операторларының атқаратын негізгі міндеттері қандай?




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 09.11.2015
Раздел Информатика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров684
Номер материала ДВ-136601
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх