Выдаём удостоверения и дипломы установленного образца

Получите 5% кэшбэк!

Запишитесь на один из 793 курсов и получите 5% кэшбэк стоимости курса на карту

Выбрать курс
Инфоурок Коррекционное обучение Другие методич. материалыЕрігіштікке әсер ететін факторлар. Ерігіштікті есептеу

Ерігіштікке әсер ететін факторлар. Ерігіштікті есептеу

Скачать материал
библиотека
материалов

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3C Ерітінділер мен ерігіштік

Мектеп:

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ерігіштікке әсер ететін факторлар. Ерігіштікті есептеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.3.4 қаныққан және қанықпаған ерітіндінің анықтамасын білу және ажырата алу;

7.2.3.7 ерігіштікке температураның әсерін білу және түсіну;

7.2.3.8 буландырудың қарапайым техникасын қолдана отырып, заттың 100 г судағы ерігіштігін есептей білу, анықтамада берілген ерігіштікпен салыстыру;

7.2.3.6 кристалды өсіру және кристалдардың дұрыс геометриялық пішінін белгілеу

Сабақ мақсаттары

  • Қаныққан, қанықпаған ерітінді ұғымдарын біледі;

  • Ерігіштікке температураның әсерін біліп, түсінеді;

  • Кейбір тұздардың суда ерігіштік графигімен жұмыс жасай алады.

Жетістік критерийлері

  • ерігіштік туралы түсінеді және сұрақтарға дұрыс жауап бере алады;

  • заттардың ерігіштігі туралы болжам жасай алады;

  • нәтижелер кестесін рәсімдеп және толықтырып жаса алады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады:

- тақырып бойынша дұрыс лексиканы пайдалану және аса қаныққан ерітіндіде кристалдың өсу процесін ауызша сипаттай білу

Пәнге қатысты лексика және терминология:

сулы, сусыз, еритін, ерімейтін, қаныққан, аса қаныққан

еріген зат, еріткіш, ерітінді, кристалл

кептіріп буландыру, ерігіштік, кристалдану, геометриялық

кристалды енгізу, салу, өсіру

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Алдымен біз концентрленген ерітінді жасаймыз.

Содан кейін біз өсірмекші кристалымызды ерітіндіге саламыз.

Осы сәтте кристалл өскенге дейін

x (сағат, күннен) кейін кристалл n есе үлкен болады.

Құндылықтарды дарыту

Ашықтық, өмір бойы оқу,жауаптылық

Пәнаралық байланыс

Физика пәнімен байланыс

Бастапқы білім

Бұл тарау 5-сыныпта «Жаратылыстану» пәні бойынша алынған білімі мен түсінігіне негізделген. Оқушылар барлық заттардың бірдей дәрежеде ерімейтіндігін түсінулері және заттардың ерігіштігі еріткішке де байланысты болатындығын түсінулері керек. Оқушылар қаныққан ерітінді мен ерітіндінің кристалдануы туралы түсінікке ие болулары керек.


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Ұйымдастыру

2 минут

Сәлемдесу. Жағымды атмосфера қалыптастыру.


Білімді жаңғырту

5 минут

10 минут







































10 минут






































10 минут

































10 минут






















30 минут






































5-7 минут

Өтілген тақырыптарды еске түсіріп, қайталау.

1-тапсырма

  • Еріген зат, еріткіш және олардың әрекеттесуінің өнімінен тұрaтын гомогенді қоспa қалай aтaлады?

  • Бір зат екіншісімен сaлыстырғанда қаншалықты еритінін көрсететін ұғым қалай aтaлaды?

  • Берілген темперaтурaдa одан әрі зат ери алатын ерітінді қaлaй аталады?

  • Кристaлл түзілгеннен кейін темперaтурa қaлaй өзгереді?

Жауап

  • Ерітінді

  • Ерігіштік

  • Қанықпаған

  • Көбейеді


2- тапсырма

Төмендегі заттардың суда ерігіштігін жіктеңіздер: Ас тұзы, құм, спирт, гипс, мыс сульфаты, кальцийдің карбонаты, кальцийдің гидроксиді.

Жауабы:

  • Суда еритіндер: спирт, ас тұзы, мыс сульфаты.

  • Суда аз еритіндер: гипс, кальцийдің гидроксиді.

  • Суда ерімейтіндер: кальцийдің карбонаты, құм.


3- тапсырма

Арман тәтті шай ішкенді жақсы көреді. Әдетте ол бір стақан шайға 2 қасық қант салатын да онысы толық еріп кететін. Ал бүгін, ол ұйқылы ояу жүріп өзіне 7 ас қасық қант салып алды, бірақ – та ол қантының барлығы ерімегенін көрді .

  • 2 ас қасық қанты бар ерітінді қалай аталады ?

  • 7 ас қасық қанты бар ерітінді қалай аталады ?

Барлық қант еріп кету үшін Арманға көмек көрсетіңіз (өз ұсынысыңызды) айтыңыз

а) қанықпаған в) аса қаныққан с) қыздыру

 

Жаңа сабақ:


Заттың белгілі бір еріткіште еру қабілеті. Белгілі бір жағдайдағы заттың ерігіштігінің сипаттамасы ретінде оның қаныққан ерітіндідегі концентрациясы алынады. 


Кейбір тұздардың суда ерігіштік графигімен жұмыс.

hello_html_41787cc0.png

1. 70 градус температурада ерігіштігі ең жоғары тұзды көрсетіңіз.

2. Натрий сульфаты бөлме температурасында (22 градус) аса қаныққан ерітіндісін дайындауда, 100 грамм суға қанша грамм тұзды еріту қажет?

3. Калий нитратының қаныққан ерітіндісін дайындау үшін, 80 грамм тұзды 100 грамм суда ерітсек температурасы қаншаға тең?

4. Барий нитратының қаныққан ерітіндісінде 100 грамм суда, 40 градустан 90 градус аралығындағы тұздың массасы қанша грамм?

Топтық жұмыс: Оқушылар қоржыннан асық алу арқылы топқа бөлінеді. Тапсырмаларды орындау уақыты: 10 минут.

Тапсырма: Айгүл әртүрлі температурада екі тұздың суда ерігіштігін анықтады. Осы тұздардың ерігіштігін табыңыз (Оқушыларға кейбір тұздардың суда ерігіштік графигі беріледі).

Ерітіндінің температу

расы

Судың массасы

Тұздың массасы

Ерігіштігі

(грамм)

1

90

300 г.

180 г.


2

80

500 г.

150 г.


3

30

300 г.

120 г.


4

90

250 г.

150 г.


Осы тұздардың атын атаңыз

1 тұз бұл: _____________________________________________

2 тұз бұл: _____________________________________________

3 тұз бұл: _____________________________________________

4 тұз бұл: _____________________________________________

(E) Оқушылар бөлме температурасы жағдайында мыс купоросының концентрліерітіндісін дайындайды (немесе мұғалім жасап көрсете алады). «Мыс купоросының «өсіруші» кристалын салады және оны өсіреді, әртүрлі топтағы оқушыларәртүрлі қосылыстарды пайдалана алады.

(E) Оқушылар кристалдардыңкең спектрін оқып таниды, белгілейді және геометриялық пішіндер эскизін жасайды.


ИКР – тапсырмасы

Ержан үй жағдайында кристалл өсіруды ұйғарды. Ол салқын суда мыс купаросын ерітеді. Дайындалған ерітіндіні сүзіп, кристалл алу үшін салқын бөлме температурасында бірнеше күнге қалдырды. Бірнеше күн өткеннен кейін ол кристалдың көлемі кішкентай екендігін байқады. Сондықтан, ол үлкен көлемдегі кристалл алу үшін ыстық суда мыс купаросын ерітіп, алынған ерітіндіден кристалл өсіру үшін салқын бөлмеге қалдырды. Белгілі уақыт өткеннен соң Ержан төменде берілген суреттегі кристалды алды:

hello_html_m3208c07.jpg









Практикалық жұмыс №9

Тақырыбы: Тұз кристалдарын өсіру

Мақсаты: 7.2.3.6 кристалды өсіру және кристалдардың дұрыс геометриялық пішінін белгілеу

Реактивтер: дистильденген су, мыс купоросы түзуі, затравка – мыс купоросының кристалы.

Жабдықтар: 500мл стақан, шыны таяқша, «құм монша», электр плитасы, таразы, Петри табақшасы.

Жұмыс барысы:

  • 500 мл стақанға 300 мл су құю, 200 г мыс купоросын қосып, стақанды плитаға немесе «құм моншаға» қою

  • Мыс купоросы ерігенге дейін ерітіндіні араластырып тұру

  • «Құм моншасы» бар стақанды алып, керамика плитасына қою.

  • Ерітіндіні суытуға уақыт беріп, оған затравканы- жіпке байланған мыс сульфатының кристаллигін қосу. Затравка еруі мүмкін, бірақ бұл аса маңызды емес. Ерітіндіні салқындату кезінде жіпте шағын кристалдар қалыптасады, ал негізгі мөлшері шөгінге түседі.

  • Ерітіндіден кристалдары бар жіпті алу және шөгінді ерігенге дейін стақанды қайтадан «құм моншаға» қою.

  • Моншадан стақанды алмастан, қызуды сөндіру, Петри табақшасымен жауып, ерітіндіге жартылай сууға уақыт беру.

  • Ерітіндіге кристалдары бар жіпті салып, стақанды жабу және келесі күнге дейін қалдыру.

  • Бақылау жүргізу, кристалдың пішінін салу және оның көлемін өлшеу.

Нәтиже:

Қорытынды:..............................................................................................................................................................


ИКР – сұрақ

  • А. Не себепті Ержанның бірінші тәжірибесінде алынған кристалдың көлемі кішкентай болды?

  • В. Екінші тәжірибеде алынған кристалдың геометриялық пішінінің дұрыс болмау себебін түсіндіріңіз:

  • С. Кристалл алу үшін не себепті ерітіндіні салқын бөлмеге қалдыру қажет:

  • D. Ержан дұрыс геометриялық пішінді, көлемі үлкен кристалл алу үшін орындауы керек іс – әрекеттің алгоритімін ұсыныңыз:


Жауабын тексеру:


  • A) Себебі салқын суда мыс купаросының аз мөлшері ериді.

  • B)Себебі Ержан алынған ерітіндіні кристал өсірмес бұрын сүзген жоқ.

  • C) Себебі температура төмендеген сайын заттардың ерігіштігі кемиді.

  • D)

1. Мыс купаросын ыстық суда еріту

2. Алынған ерітіндіні сүзу

3. Кристалл өсу үшін салқын бөлмеге қалдыру






Таратпа қағаздар
























Таратпа қағаздар























Таратпа қағаздар

Қосымша №1

Рефлексия Үйге тапсырма

3 минут

Оқушылардан «Басбармақ» әдісі арқылы кері байланыс алынады.

Өтілген тақырыптарды қайталау.


Қосымша ақпарат

Дифференциация – көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ
Құндылықтар

Бұл сабақта дифференциация жиі қолданылып тұрады. Үлгерімі төмен оқушылар көмек парақтарын алады, ал аса қабілетті оқушыларға мұғаліммен метакогнитивті сұрақ-жауап пайдалануы арқылы өз түсінігін кеңейту ұсынылады.

Бұл сабақта бағалау үшін көп мүмкіндіктер бар. Бағалау мұнда көбінесе формальды емес: оқытушы оқушыларға мұқият сұрақтар қойып, үлгерімі жоғары оқушыларға жоғары деңгейлі сұрақтарды қою арқылы, жеке оқушылардың қабілетін байқауға болады.  Бағалауға және дифференциация қолдануға қолайлы сәттер курсивпен ерекшеленген.


Рефлексия

Сабақ мақсаты/зерттеу мақсаты дұрыс қойылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқу атмосферасы қандай болды? Мен жоспарлаған дифференциация жақсы жұмыс істеді ме? Уақытты тиімді пайдалана алдым ба? Менің жоспарым бойынша қандай өзгерістер болды және неге?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Қысқаша бағалау

Қандай екі зат барынша жақсы болды (сабақ беру мен игеруді қарастыру)?

1:

2:

Қандай екі зат сабақты жақсартты (сабақ беру мен игеруді қарастыру)?

1:

2:

Менің келесі сабағым өтетін сынып пен жеке тұлғаларға қатысты осы сабақта мен не игердім? 




















Қосымша №1

7___сыныбы Күні_________ Оқушының аты-жөні _________________________


Тақырыбы: Ерігіштікке температураның әсерін білу және түсіну.


Оқу мақсаты: Температураның ерігіштікке әсерін білу және түсіну.


Тапсырма №1.

Ерітінді дегеніміз-

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Тұздар суда ерігіштігіне қарай:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Тапсырма №2.

Төмендегі графикте А, Б, В, Г тұздарының суда ерігіштігі берілген. Тапсырмаларды орындай отырып, дұрыс (true) немесе бұрыс (false) екендігін анықтаңыздар.


hello_html_m1f669610.png

  1. А заты 300-тан жоғары температурада ерігіштігін тоқтатады_________

  2. 90 градус температурадан ерігіштігі ең жоғары Б, В тұздары_________

  3. Бөлме температурасында (22 градус) ешқандай тұз ерімейді__________

  4. 300-600 аралығында Б тұзының 12 грамдайы ғана ериді______________

  5. 90 градуста 400 граммнан артық еритін А тұзы_________

  6. Егер А заты 100 грамм суда 120 грамм ерісе, онда 50 г суда 600 граммы ериді_________

  7. 60 градуста Б және В тұздарының ерігіштігі бірдей_________







  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Проверен экспертом
Общая информация
Учебник: «Химия. Вводный курс», Габриелян О.С., Остроумов И.Г., Ахлебинин А.К.
Тема: Практическая работа № 4. Выращивание кристаллов соли (домашний эксперимент)

Номер материала: ДБ-1307090

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Подростковый возраст - важнейшая фаза становления личности»
Курс профессиональной переподготовки «Основы религиозных культур и светской этики: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Управление персоналом и оформление трудовых отношений»
Курс повышения квалификации «Педагогическая риторика в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Основы местного самоуправления и муниципальной службы»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и предоставление туристских услуг»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания конституционного права с учетом реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Применение MS Word, Excel в финансовых расчетах»
Курс повышения квалификации «Финансы: управление структурой капитала»
Курс повышения квалификации «Основы менеджмента в туризме»
Курс повышения квалификации «Психодинамический подход в консультировании»
Курс профессиональной переподготовки «Разработка эффективной стратегии развития современного ВУЗа»
Курс профессиональной переподготовки «Управление информационной средой на основе инноваций»
Курс профессиональной переподготовки «Стратегическое управление деятельностью по дистанционному информационно-справочному обслуживанию»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.