Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы""Ер ақын, ерен ақын, ерекше ақын" атты тәрбие сағаты

""Ер ақын, ерен ақын, ерекше ақын" атты тәрбие сағаты

Скачать материал

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ер ақын, ерен ақын, ерекше ақын

Мақсаты:
а) Оқушыларға жыр алыбы Жамбыл Жабаев туралы мәлімет беру.
ә) Ақынның еңбектерімен таныстыру.
б) Ақынның өлең жолдары арқылы оқушылардың бойындағы Отансүйгіштік қасиеттерін нығайту.

Көрнекілігі: Ақынның портреті, өлеңдері.


Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Салеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз өте қызық болғалы тұр.

ІІ. Ой қозғау

  • Балалар, тақтаға назар аударайықшы. Бұл кім деп ойлайсыңдар? Неге біз бүгін дәл осы тұлғаға тоқталғалы отырмыз?

  • Ия, дұрыс айтасыңдар, бұл – Жамбыл Жабаев. Біз биыл бұл кісінің 170 жылдығын атап өтеміз.

ІІІ. Ақынның өмірі мен өнері туралы мәлімет беру

Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.
Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгіледі.

Халық поэзиясы көбіне ауызша айтылады, кейін назарға түсіріліп оқылады. Оның көркемдеу құралдары да басқаша, көбіне байырғы тіл әдісімен баяндалады. Оның талантты өкілдері нағыз көркем сөз шебері болып, айтулы ақын дәрежесіне көтеріледі. Кеңес заманында халық поэзиясының ірі өкілдерінің бірі – Жамбыл Жабайұлы болды. Жамбыл қазіргі Жамбыл облысында Шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1946 жылы ақпан айында туған. Жамбыл жоқшылық тұрмыста өседі. Ес білген соң әкесі оны ауыл молдасына оқуға береді. Бірақ молдалардың қорлығына шыдай алмай Жамбыл оқуды тастап кетеді. Жаратылысында пысық, зерек бала оқып білім алмаса да, жастайынан ән мен өлеңге құмар болады, ауызекі естіген өлеңдерін жаттап алып жүреді.
Ес білгеннен өр мінезді, тентектеу болып өскен бала
Жамбылдың қызықты қылықтары көп болған. Жамбыл жасынан – ақ домбыра үйреніп, ақын болуды армандайды. Ол осы өнерінің шетжағасын көрсете бастаған кезінен-ақ өзі құрбылас жас ақындардан әлдеқайда озат көрініп, жұрт көзіне түсе бастайды. Әкесінің домбыраны жақтырмайтынын білсе де, ән мен жырдың айрылмас адал серігі болған. Бұған Жамбылдың 13-14-ке келген кезінде әкесінің үстіне домбырамен келіп:

Батаңды маған бер,әке,
Тіліме менің ер,әке,
Жапаның ұлы ақын боп,
Жақсы істепті ... дер әке! –


деп, батыл тұрып бата сұрағаны дәлел. Әкесі ризашылығын бермегеніне қарамастан, қайсар бала алған бетінен қайтпай Жетісу бойына атағы шыққан Сүйенбай ақынға барып сөзін сынатып, оның батасын алған. Елдің ежелгі дәстүрі бойынша шәкірт ақын ұстаз тұтқан белгілі ақынға барып, өз өнерін сынатып, одан бата алатын болған.
Сүйінбай жас ақынның талантын көріп: «Балам, өз өлеңіңді шығар, бірақ оның жұрт жаттап алатын, ешкім ұмытпайтын өлең болсын, сенің өлеңің жеке адамдардың көңілін көтеріп, солардың сүйініп отыратын өлеңі болмасын, бүкіл халықтың сүйіп тыңдайтын өлеңі болсын. Көмекейің емес, жүрегің сөйлейтін болсын. Шыныңды айт, әділдікті жырла, көне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, тың жолға, даңғыл жолға түс, төңірегіңде не болып жатыр, соны аңғар, соны біл» - депті.
Жамбыл Сүйінбайдан ең алдымен импровизаторлық өнерді – ойлаған жерден сөз тауып, өлеңді жылдам шығарғыштықты, шешендік пен тапқырлықты үйренеді. Кейін Жамбылдың:

Менің пірім Сүйінбай,
Сөз сөйлеген сыйынбай
Сырлы сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай.
Сүйінбай деп сөйлесем
Жыр келеді бұрқырап-

Қара дауыл құйындай – деп бастайтыны да сондықтан екен. ХІХ ғасырдың 70-80 жылдарында белгілі ақын болады.
Жамбылдың ақындық қызметінде
Айтыс елеулі орын алады. Жамбыл өзінің ақындық өнерін көбінесе осы Айтыстар үстінде көрсете білді. Жамбылдың Айтыстаға бір ерекшелігі - өзінің ақындық өнерін тиісті идеялық бағытта пайдалана білгендігі. Ақын Айтыста қалың көпшіліктің көңіліне қонымды ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік сияқты мәселелерді қозғайды. Айтыс үстінде халық атынан сөйлеп, халыққа арқа сүйеп отыратын Жамбылдың бұрынғы Айтыстарының ішінде, әсіресе оның Құлмамбет ақынмен Айтысы ерекше көзге түседі: жалпы сол кездердегі Айтыстар сияқты, бұл Айтыста да Жамбыл мен Құлмамбеттің әрқайсысы өз руларының атынан сөйлейді. Құлмамбет албан, дулат руларының атынан сөйлеп, сол руларының байлары мен билерін мақтайды. Жамбыл да өз руы атынан айтады, бірақ ол сөзін байлық, мол мүлікке қарай емес, адамгаршілікке, ерлік, әділдікке қарай бұрады. Сөйтіп, Жамбылдың Айтысында ру мүдделерінен гөрі халық мүдделері тереңірек көтеріледі. Бұл Айтыста Құлмамбет Шапырашты - кедей, Сұраншы, Саурық дегендердің ажалынан өлмей, жаудан өлгенін, өзің де кескінсіз екенсің деп сөгеді. Жамбыл оған Шапырашты елінің байлығын, Алматының салтанатын мақтай келіп, Сұраншы мен Саурықтың өлімі ерлік өлім екенін, ерлердің жорық тарихын зор мақтап, байлыққа батырлықты қарсы қояды. Батырлар елді жаудан қорғап өлетін болса, Құлмамбеттің ағасы Мақсұтты ағайындарымен ұрсысып, аяқ-асты даудан өлгендігін бетіне басады. Мені қара күңнің баласы деп кемсітесің, сен өзің қашып келген ақтабан ұрысың, басыңда бір тал қыл жоқ деп кемітіп жырлайды.
Құлмамбетке Жамбыл орынды, өтімді пікірмен шығады.
Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт
Қарынбайдай сараңдар толып жатыр
Оны мақтап әуре болмай, жөніңе қайт.
Жамбыл сөзі әрі дәлелді, әрі басым шығады да
Айтыста Жамбыл жеңеді.
ХІХ ғасырда белгілі
Айтыс дәстүрін, Айтыс мектебін жасаған Орынбай, Шөже, Кеншінбай, Түбек, Жанақ, Ақан сері, Біржан, Сара, Ақсұлу, Әсет, Ырысжан, Сүйінбай, Майкөт, Майлықожа, Құлыншақ тағы басқа көтпеген ақындар болды. Ақындардың ел аузына таралған ХІХ ғасырдың орта кезінен бастап орыс, Қазақ ғалымдары тұңғыш рет жазып алған қағазға түсіре бастаған әрбір Айтыстарын – аяқталған жеке-жеке шығарма деуге болады. Айтыс дәстүрінен үлгі алған Жамбылдың өз Айтыстарында енді бір жаңа ақынның өнер жолына ұмтылудың беті бар еді.
Жамбыл Айтыстарының ішінде аяқталған шығарма Құлмамбетпенен, Сарыбаспенен, Досмағамбетпенен Айтыстары. Бұл Айтыстарда көрінетін жаңа бет алыс, алдымен, ақынның өмір шындығымен суреттеуге салып отыруы, екіншіден жеке Айтысты желелі шығарма дәрежесіне жеткізуі.
Ал Сарыбаспен, Досмағанбетпен
Айтыстары да сюжеттік мотиві кең. Ол сүре Айтыс. Мұнда жеке батырлардың жорығы да, ел тарихының шежіресі де, тарихы аңыз, оқиғалар да, қоғамдық өмірдің шындық бейнесі де, әралуан адамдардың образы да таратылып, айқын жырланған. Себебі Жамбыл Айтыстарын әрі Айтыс ретінде, әрі сюжетті дастан ретінде тану қажет. Үлкен бір жиында тоғыз ақынды бірдей жеңіп, өзіне тең келетін ақын жоқтығын айтып, тасып отырады. Осы елде Жамбыл деген ақын бар дейді, маған соны шақырып келтір деп тілек білдіреді. Сол сияқты Жамбыл да, Сүйімбай, Шөжедей бергі ақындық дәстүрді, өзі сол жолды қуған алып екендігін айтып, Досмағамбетті Айтысқа шақырады. Сол Айтыста Досмағамбет Жамбылға қарап өзін таудан аққан бұлақтай сөзі мол, тұлпар аттай жүйрік ақынмын, байлығым, салтанатым сенің аймағыңды он орап алады, Қолдай, Маман, Желдібайлар байларым бар, маған теңі келер жерің жоқ, елің де, өзің де қу кедей, киер киімің жоқ, келер жерің жоқ, ішер асқа жарымай, өлеңмен қайыр тілеп, күн көріп жүрген қойдың кәпірі азбанындай ақынсың – деп соқтығады.
Сонда
Жамбыл: оған қарсы шығады. Өлеңнің асау теңіздей нажағайдай оқ боп атылатын сөзім бар ақынмын, апшыңды қуырып, алды-артыңды орап алайын, елді қорғаған батырың қайда? Еліме шапқан жауға қара түнек орнатып, қару жарағын асынып, Алатауға қарай асынған Қарасайдай ерлерің жоқ, немен мақтанасың? Өзіңе бір тиындық пайдасы жоқ, тайын мінуге бермейтін байды несіне мақтадың. Сенің молдалығың да байға сатулы – деп айқасады. Тарихи елдерді жырлау идеясы Сарыбаспен Айтысуда тереңдей түседі. Бұл Айтыстағы тарихи ерлерді жырлау идеясы Сарыбаспен Айтысында тереңдей түседі.
Көп
Айтыстың ішінен сынаулылары ғана Совет жылдарында ақынның өз айтуынан хатқа түскен. Ақын жастау кезінде Айкүміспен, Бөлектің қызымен қысқа қайым Айтысқа түскен. Кейініректегі көлемді де сөз сайыстары: «Жамбыл мен Құлмамбет» (1897 ж.) «Жамбыл мен Сарыбас ақын» (1885 ж.), «Жамбыл мен Досмағамбет» (1907 ж.), «Жамбыл мен Шашубай» (1909 ж.) жұртшылыққа кеңінен мәлім. Сара ақынмен қағысу (1875 ж.), Майкөтпен дидарласу (1891 ж.), Жамбылдың Шыбыл шалға айтқаны (1890 ж.), Жамбыл мен Бөлтірік (1890 ж.) – бұлардың бәрі де төкпе ақындықтың тамаша үлгілері қатарына қосылады. Сонымен Жамбылдың Айтыстарында ерлікті жырлау, мотиві белгілі бір даму жолдарымен келіп, зор батырлық дастан жасауға негіз болады.

1945 жылы 22 маусымда Жамбыл дүние салды.
1946 жылы февральда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті. Мерейтойына қарай ақынның таңдамалы шығармаларының академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты. Жамбыл Жабаев Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен наградталған.

ІV. Қорытынды сөз

  • Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Үйден ақынның бір өлеңін жаттап келіңдер.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал """Ер ақын, ерен ақын, ерекше ақын" атты тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Флорист

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 976 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.02.2016 2225
    • DOCX 23 кбайт
    • 33 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сатыбалдиева Ажар Кушимхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 71078
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 218 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 551 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 782 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Мини-курс

Медико-педагогические аспекты обучения и тренировки

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление внутренних барьеров: убеждения, зависимости, и самооценка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 183 человека из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе