Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / "Ер есімі, ел есінде!"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

"Ер есімі, ел есінде!"

библиотека
материалов

Күні 12.02.15

Сынып: 10

Ашық тәрбие сағаты: «Ер есімі, ел есінде!»

Мақсаты: Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 26 жыл толған айтулы күнді атап өту.

Білімділігі: Қажетсіз соғыстың қасіреті жайлы мағлұматтар беру; Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. “Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу.

Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.

Әдісі: еске алу сабағы

Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд. Интерактивтік тақта, бейнесюжеттер, кітап көрмесі, сахнаның безендірілуі.

Жоспар:

  1. Ашылуы

  2. Қонақтарды таныстыру

  3. Ауған ақиқаты Ауған соғысы тарихына қысқаша мәлімет

  4. Ардагермен сұхбат

  5. Қорытынды

1-жүргізуші: 1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды.

1979 жылы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Оған 22000 қазақстандық қатысты.

2-жүргізуші: Құрметті кеш қонақтары, ұстаздар, оқушылар. Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылуына 26 жыл толуына байланысты « Ер есімі, ел есінде!» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!

Кешімізді ашу үшін сөз мектебіміздің директоры Базарбаева Мүслима Толыбайқызына беріледі.

1-жүргізуші:

Сол Ауғанда талай досты жерледік

Қарлы шыңға күн түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік

Армысыздар қымбатты бүгінгі кездесуіміздің аса құрметті қонақтары, ұстаздар және оқушылар!

Әнұран.

2 - Жүгізуші:

1989 жылы, Ақпан айының 15-де талай аналарды перзеттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді? деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

1 -Жүргізуші:

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!

Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз.

Рахмет отырыңыздар!

« Қажетсіз соғыстың қасіреті» - Баянбамашы – Абуова Айзада

1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды.1979 жылы маусымда Орта Азия республикаларының түпкілікті ұлтынан жасақталған арнайы батальон құру жөнінде шешім қабылданды. Айрықша мақсаттағы батальон үшін әскер құрамы Түркістан және Орта Азия округтерінің, мұсылман ұлты өкілінен, әсіресе барлаушылар, атқыштар, танкішілер бөлімшелерінен таңдалып алынып, шығыс тілін білу және қайратты болу басты талап болды. Ол арнайы екі топқа бөлінген бес ротадан тұрды. Баталонь командирі болып өзбек ұлтының өкілі майор Хабид Тәжібайұлы Халбаев тағайындалды. Жаз бойы әскер құрамы мамандықтар бойынша атыс тактикаларын игеруге және жалықпай дене шынықтыру ісіне, қару жарақтың бар түрінен ату, бетпе – бет айқасу, жүгіру, мина істерін игеруге дайындалды. Мұсылмандық батальон 10-12-қарашада Ташкент, Шыршық әуежайынан ұшырылып Ауғанстандағы Баграм авиабазасына түсірілді. Барлық офицерлер мен солдаттарға ауғандық әскери киімдер кигізді. 1979 жылы 10-желтоқсанда КСРО Қорғаныс министрі Устинов Бас штаб бастығы Огарковы өзіне шақыртып алып, оған саяси бюро Ауғанстанға Кеңес әскерлерін енгізу үшін алдын ала шешім қабылдағанын айтып 75-80 мың адамды дайындау тапсырмасын берді. Соңғы шешім 16-желтоқсан күні 12-де шағын Кеңес басшыларының тобымен шешілді.16-желтоқсанда 40-армия құрылып, оның басшылығына генерал-лейтенант Тухариновты тағайындады. 40-армияның далалық басқармасын толық жауынгерлік әрекетке келтіріп, Түркістан әскери округінен атқыштар және танкішілер полкін және тағы бір дивизияны толық соғыс қимылына тағайындау тапсырылды. Барлық 100-ге жуық бірлестіктер ұрысқа бағытталды. Әскерді жасақтау үшін резервтен 50 мың аға офицерлер, сержанттар шақырылды. Ауыл шаруашылығынан 8 мыңға жуық автомобильдер мен басқа техникалар бөлінді. 24-желтоқсан күні бірінші жазбаша құжат пайда болды. 1979 жылы 25-желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15-00-де КСРО Қорғаныс министрі бұйрығымен Ауғанстанға Кеңес әскерін енгізу басталды. Кеңес әскерінің Ауғанстанға енгізілгені Кеңес басшыларының өрескел әрекеті болды. Бұл дүние жүзінде Кеңес Одағына деген қырғи қабақ соғыстың жаңа толқынын туғызды. Ресми деректер бойынша бұл соғыста 15 мыңнан астам Кеңес солдаттары мен офицерлері қаза тапты, 35 мың адам жараланды. Кеңес әскерінің соғыс әрекеттері КСРО-ға 5 млрд сом шығын әкелді. Ауған соғысының ел басына әкелген қайғы-қасіретінде шек жоқ. 1979 жылы 25-желтоқсанда басталып 110 айға созылған соғысқа Қазақстаннан 21979 адам қатысты. Оның 780-і соғыста құрбан болды, 22-сі іс-түссіз жоғалды. Қаза тапқандар түгелімен дерлік Қазақстанға әкелініп жерленді.

Ауған соғысына Тасқала селосынан қатысқан жауынгерлер:

  1. Тасимов Серік

  2. Кадралиев Серік

  3. Жексенғалиев Зейнолла

  4. 1- жүргізуші: Ауған жеріне жіберілген Кеңес әскерлерінің дені орта азиялық және қазақстандықтардан құралғаны белгілі. Соғыс қасіретін көрген бүгінгі кешіміздің Ауған соғысының ардагерлерімен және қонақтарымен танысайық.

1. Тасимов Серік

2. Кадралиев Серік

3.Жексенғалиев Зейнолла

4. Ауылымыздың иманы

5.

6.

1-оқушы: Гүлзер

Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан бұл соғыс,

Бейбіт күнде басталған.

Келеді қос жанары отша жанып,

Ағалардың ерлігіне елі қанық.

Есімі ешқашанда ұмытылмайды,

Тарихта аңыз болып қалары анық.

2-оқушы: Айжан

Біліммен қашанда жақсы өлмесін,

Ұмытылмас жылдар өтіп қастерлі есім.

Әркімнің көкірегінен көрем ылғи

Ауғанның батырының жас бейнесін.

Еркіндікті аңсап өткен ер елім,

Менің де бар әлі саған берерім.

Ел боламыз ынтымақты, бірлікті,

Болашаққа ойым таза, сенемін

Өзгелермен терезесі теңескен,

Өтіп кетті талай асу белестер.

Биіктерден әрқашанда көрініп,

Жанды қайта тұлғалары көп өшкен.

Ән -

2 - Жүргізуші:

Ардагерлер

Айтса ертек көргендері

Табандары таймаған өрден кері

Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,

Кеуде толы жарқырап ордендері.

Сөз кезегі Ауған сығысының ардагерлері мен кешіміздің қонақтарына беріледі.

1 - Жүргізуші

Ендігі сөз кезегі мектебіміздің  алғашкы әскери  дайындық  пәні мұғалімі Спанов Хамит Сүйінұлына беріледі.

2 - Жүргізуші

Бәріміз де Отанды сүйетін, елін, жерін қорғайтын батыр атаның ұрпақтарымыз. Егеменді Қазақстанның патриот ұландарымыз.

Ән -

1-жүргізуші: Енді осы атаулы күнге орай тарих беттерін парақтап, сол бір жылдары көзімен көрген арқаттық ауған соғысының ардагерлерін әңгімеге тартайық.

Еркін микрофон, сұрақ қоям деушілерге рұқсат.

(Сұрақтар қойылады)

1) Сіздермен бірге қазақ жауынгерлері болды ма?

2) Сіздің Ауғанстанға аттанғаныңызды тума-туыстарыңыз білді ме?

3) Ауған жерінде болғанда ауғандықтардың қандай екенін байқадыңыз?

4) Бұл сұм соғысқа өз еркімен аттандыңыз ба?

5) Ауған соғысы туралы фильмдердің шындыққа жанасатындары бар ма?

6) Сіздермен шақырылған жігіттердің қаншасы елге оралмады?

7) Соғыстың алдында сіздерге жаттықтыру істерін жүргізді ме, әлде қару беріп жібере салды ма?

8) Қазіргі кезде сіздерге үкімет тарапынан қандай көмек көрсетіліп отыр?

9) Ауғанстанда тұратын қазақтар жайлы білеміз. Соғыс кезінде қандастарымызды кездестірдіңіз бе?

(Кеш аяқталысымен естелік сыйлықтар тапсырылады. Жерлес жазушылардың кітаптары құттықтау сөздерімен естелікке ұсынылады.)

Қорытынды.

Ерлік – елдің туы. Ел қуаты – батырлары, сақадай сарбаздары. Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан.

«Отан үшін күрес – ерге тиген үлес». Халықтың осы даналығы қайда жүрсек те қашанда жүрек дәптерінде, сана сахнасында сақтаулы жүрсе, қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпас.

Құрметті кеш қонақтары, ұстаздар, оқушылар!

Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылуына 26 жыл толуына байланысты « Ер есімі, ел есінде!» атты кездесу кешіміз аяқталды.

Қош сау болыңыздар!

Ән - «Атамекен» - хор.





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-059802

Похожие материалы