Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Рабочие программы / "Ер есімі - ел есінде" атты кластан тыс шара
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Ер есімі - ел есінде" атты кластан тыс шара

библиотека
материалов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



Ойыл аграрлық колледжі



Бекітемін:________________

Директордың тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары: Г.Айтқұлова







Тәрбие сағаты









Тақырыбы: Ер есімі – ел есінде








Дайындаған: Кемелов



















2013-2014 оқу жылы

Тақырыбы: Ер есімі – ел есінде

Мақсаты:
1.
Оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы, ел еркіндігін, бостандығын қанымен қорғаған қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстыру.
2. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, ата - бабаларымыздың ерліктеріне сүйене отырып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға, оны қорғауға деген ой - өрісін дамыту.
3. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі - өнеге тұтуға баулу.
Көрнекілігі: Ұлы Отан туралы жазылған кітаптардан көрме, нақыл сөздер жазылған плакаттар. Ұлы Отан соғысы батырларының суреттерінен фото - монтаж, слайд, буклеттер.

Көрініс «Бейбіт өмір».
(Ауыл өмірі. «Желсіз түнде жарық ай» әні ойнап тұрады. Сахнада 10 шақты ауыл жастары қыдырыстап жүр)

1 - жігіт: Оу, қыздар, жігіттер, бұл не тұрыс? Көңілімізді көтеріп, Абай атамыздың бір әнін шырқасақ қайтеді?!
1 - қыз: Дұрыс айтасың. Айтсақ айтайық.
(Осы кезде «Желсіз түнде жарық ай» әні басталып айтылады, қалғандары қосылады. Ән аяқтала бергенде күн райы бұзылып, күн күркірейді.
Радиодан дауыс естіледі.)
Радио дауысы: Тыңдаңыздар! тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы 22 - маусымда фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.
(Осы дауыс естіліп тұрғанда ауыл адамдары жинала бастайды. Сахнадағы адамдар тып - тыныш бола қалады.
1 - келіншек: «Соғыс, соғыс» дейді, естідіңдер ме?
2 - келіншек: Сұмдық – ай, соғыс дей ме? Енді қайттік? Күніміз не болар екен?
Жылап - сықтау басталады.
1 - келіншек: Қойыңдар, жамандық шақырмаңдар! Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?!
1 - азамат: Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер.
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер, - деген бар емес пе?!
Жыламаңдар! Көз жастарыңды тыйыңдар!

2 - азамат: «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген дана халқымыз. Ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен бел жатыр.
1 - азамат: Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз! Ендеше Отан үшін аттанайық!
Барлығы: Отан үшін аттанайық.
Ұлы Отан соғыс туралы кино көрсетіледі.
Сахнаға екі жүргізуші шығады:

1 – жүргізуші: 1941 жылы 22 - маусым күні таңғы сағат 4 - те бейбіт елімізге Фашистік Германия тұтқиылдан опасыздықпен соғыс ашты. Суық хабар сол сәтте - ақ кең байтақ елімізге, жер - жерлердегі ауыл селоларға тарады. Отанымызға қатерлі күн туды. Мөлдір аспанды қара бұлт торлады, шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара күнге айналдырмақ ниетпен Адольф Гитлер бастаған Фашистік Германияның зобалаңы, соғыс жарасы әлі күнгі адамзат баласының жүрегінде Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер азаматтары, қаракөз қыздары майданға аттанды. Дүниедегі бейбітшілік бағытына сұрапыл соғыс қаһарын төкті.

2 - жүргізуші: Біздің кең байтақ Қазақстанымызда да соғыс оты
шарпылмаған шаңырақ кемде - кем. Жүз мыңға тарта ата - әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде - ақ майданға аттанды. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды.

1 - оқушы: Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы ғасырдың, қай жылы.
Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

2 - оқушы: Аңыздардан тере жүріп мақсаты
Рас, рас көзімізден жасақты,
Бірақ сол дауыл жылдар, от жылдар
Бәрімізден бір - бір батыр жасапты.
Батырлар биі
1 - жүргізуші: Отанымызды қасық қанымен, албырт жанымен қорғаған аты аңызға айналған батырларымыздың ерліктері тарихта мәңгілік сақталып қалды. Кеңес Одағы Батыры атағын алғандар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рақымжан Қошқарбаев, Төлеген Тоқтаров.

1 - оқушы: Бауыржан Момышұлы 1910 - жылы 24 желтоқсан Жамбыл облысы, Көлбастау ауылында момын шаруа отбасында дүниеге келген. Кеңес жазушысы 1942 - жылдан бері КПСС мүшесі. Даңқты жауынгер, гвардия полковнигі, хатшы, аты аңызға айналған батыр. Президент жарлығымен қаһарман атанды.
2 - оқушы: Бауыржан Момышұлы - қара басы,
Халқымыздың болған адам садағасы.
Бауыржан Момышұлы – қазақ деген,
Ғаламат ұлы сөздің баламасы.

Халқындай ол да бағлан, ол да батыр
Халқындай ол да кеніш, ол да тақыл.
Қайыспас қара емендей қайран ерді,
Халқына теңеу мәні сонда жатыр.
3 - оқушы: Әлия Молдағұлова 1924 - жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданында дүниеге келді. 2 жасында жетім қалып, Әубәкір ағасы тәрбиесінде болды. Содан кейін Санкт-Петербург қаласында балалар үйінде тәрбиеленді. 19-ға толмаған 1943 - жылы Кеңес Одағы батыры атағын алды.

4 - оқушы: Даламыздың даңқысың,
Балауса гүл Әлия!
Шоқ жұлдыздай жарқырап,
Ағып түскен Әлия!
Мәңгі жасап жерде енді,
Биіксің сен Әлия!
Саған деген еліңнің,
Көңілі шексіз дария.

« Әлия» әні.
5 - оқушы: Мәншүк Мәметова 1922 - жылы 8 - қазан Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауылында дүниеге келді. Әкесі Ахмет - дәрігер. Мәншүк дәрігер боламын деген. 1943 - жылы 15 - қазанда қаза тапты. 21 - жасында Кеңес Одағы батыры болды.

6 - оқушы: Қыр қызы орындады берген антын,
Халқына адал болу ердің салты.
Ел үшін қасық қанын аямаған,
Жүректе мәңгі өшпейді Мәншүк аты.
Ай өтпек, жылдар өтпек, ғасыр өтпек
Жеңіспен майдан бітіп, жас ер жетпек.
Ерлігі ел жүрегін тебіренткен,
Ұрпаққа үлгі болып Мәншүк кетпек.

Баймутов Әділ «Мәншүк апай» әнін орындайды.

1 - жүргізуші: Ұлы Отан соғысында біздің де жерлестеріміз қатысты. Олар: Мәлік Ғабдуллин, Баян Жангалов, Шестаков Александр Иванович және т. б
Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі, КСРО Педагогика ғылымдары Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылымына еңбегі сіңген қайраткер Ғабдуллин Мәлік Ғабдоллаұлы 1915 жылы қарашаның 15 - жұлдызында Көкшетау облысы Зеренді ауданына қарасты Қойсалған ауылында дүниеге келді.
Алтын бесік Отанын кеудесімен қорғаған, ата мұрасын жадына тоқып ерен қызмет жасаған М. Ғабдуллиннің өнегелі туған халқына кеңінен мәлім.

1941 жылы ел басына күн туып Ұлы Отан соғысы басталғанда алғашқылардың бірі болып өз еркімен майданға аттанады. М. Ғабдуллин майданда қаһармандықтың асқан үлгісін көрсетіп, “Қызыл Жұлдыз”, “Қызыл Ту”, “І дәрежелі Отан соғысы” орденімен, “Москваны қорғағаны үшін”, “Германияны жеңгені үшін”, “Венаны алғаны үшін” медальдарымен марапатталды. Неміс - фашист басқыншыларымен шайқаста көрсеткен ерліктері үшін 1943 жылдың 30 қаңтарында КСРО Жоғары Кеңесінің Жарлығымен М. Ғабдуллин Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. «Алтын Жұлдыз» медалі мен «Ленин» ордені қатар берілді. М. Ғабдуллин 1973 жылдың 2 қаңтарында қайтыс болды. М. Ғабдуллин атына Алматы, Астана және Көкшетау қалаларында көшелердің аты берілді. Өзі тұрған және жұмыс істеген үйлерге мемориалдық тақталар қойылды. Көкшетау қаласында мұражай ашылды.

1 - жүргізуші: Халқымыздың зердесіне 1945 - жылдың 9 - мамыры мәңгілік сақталады, ғасырлар бойы ұмытылмайды. Себебі бұл - Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталған күні. Әлем фашистік құлдық қаупінен азат етілген күн.
2 - жүргізуші: Иә, бұл Жеңіс күні.
1 - жүргізуші: Биыл көпұлтты Қазақстан әлемдегі бүкіл адамзатпен бірге үлкен мерекені фашистік Германиямен соғыстағы Жеңістің 68 жылдығын атап өтеді. 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні - әрқашан біздің тарихымыздағы қасиетті мерекелердің бірі болып қала береді.
1 - оқушы: 68 - жыл бейбіт көктем таң атқалы,
68 - жыл шуақты күн таратты әнін.
Есімде содан бері 68 рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
2 - оқушы: Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
3 - оқушы: 68 жыл - үзілмеді құстар әні
кетті енді сұм соғыстың қыспағы әрі
68 жыл - жауымыздың ажал оғы
біздің ел үстіменен ұшпағалы.
Оқушылар «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орында
йды.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 20.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров217
Номер материала ДВ-173421
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх