Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Рабочие программы / "Ер Төстік - халық арманы"

"Ер Төстік - халық арманы"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған

мамандандырылған № 30 мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Аманкулова Шолпан Ксембаевна


Қазақ әдебиеті

5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ер Төстік – халық арманы

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: ертегінің мазмұнын меңгеріп, әдеби талдау арқылы ертегінің көңіл толқытар тұстарын мәнерлеп, өзіндік пікір айтуға дағдыландыру, сыни көзқарас қалыптастыру.

2. Дамытушылық: оқушының ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту.

3. Тәрбиелік: Адал достыққа, қайырымдылыққа, адамгершілікке, батылдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жалпылау және қорытындылау сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: пікір алмасу, өз ойын әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау

Көрнекілігі: слайдтар, үлестірме қағаздары, суреттер

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, зейіндерін сабаққа аудару. Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, топқа бөлінеді

ІІ Ой қозғау

Интерактивті тақтадан мультфильм көрсету.

  • Балалар, бұл мультфильм не туралы?

  • Ер Төстік ертегісі туралы.

  • Балалар, үйге осы «Ер Төстік» ертегісін оқып келуге тапсырылған

болатын. Ендеше, бүгінгі біздің мақсатымыз – ертегі мазмұнын толық меңгеру, талдау, Ер Төстік бойындағы ізгі қасиеттерден үлгі алу және шығармашылық қабілеттерімізді барынша көрсете білу. Жалпы ертегі дегеніміз не? Ертегінің неше түрі бар? Еске түсірейікші.

  • Ертегі – ауыз әдебиетінің бір түрі. Онда өмірде кездесетін, мүлде

кездеспейтін немесе ойдан шығарылған оқиғалар баяндалатын көркем шығарма. Ертегінің үш түрі бар: қиял-ғажайып, хайуанаттар туралы, шыншыл ертегілер.

  • «Ер Төстік» ертегісі ертегінің қай түріне жатады?

ІІІ. Топпен жұмыс

І топ – Жүйрік

ІІ топ – Тұлпар

ІІІ топ - Батыр

Шығарманың мазмұнын еске түсіру үшін алдарыңа сұрақтар берілген болатын. Сол сұрақтарға толық жауап берейік.

Сұрақтар

  1. Төстік өмірге қалай келді?

  2. Төстік сегіз ағасын қайдан тапты?

  3. Ерназар тоғыз ұлын қалай үйлендірді?

  4. Кенжекей неге атасына «Сорқұдықтың басына қонбасын» деді?

  5. Төстік жер астына қалай түсіп кетті?

  6. Жер астында Жылан Бапы хан Төстікті қайда жұмсайды?

  7. Төстікке кімдер көмекке келді? (Епті, Желаяқ, Саққұлақ,

Таусоғар, Көлтауысар, Қырағы)

  1. Темір хан мен Кеще хан Төстікті өлтіру үшін қандай амалдар жасайды?

  2. Жер үстіне шығарда Ер Төстік қандай қиындықтарға тап болады?

  3. Алып қарақұс Ер Төстікке өз алғысын қалай білдірді?

  4. Шойынқұлақ деген кім және ол Төстікке қандай қастандық жасады?

Шойынқұлақ – мыстан кемпірдің баласы. Ол өте айлалы мықты жау. Ол өзінің жанын қайқы қаракер еліктің ішіне сақтайды, сондықтан оны ешбір жан жеңе алмайтын. Ер Төстік Шойынқұлақты жеңеді.

  1. Күңке Төстікке Шойынқұлақтан құтылу үшін қалай көмектесті?

  2. Ертегі қалай аяқталады?

ІV. Мәтінмен жұмыс

  • Балалар енді ертегі мазмұнын бір ретке келтіріп, жүйелеп алайық.

Ол үшін қате орналасқан жоспар атауларын ретке келтірейік.

Жоспар

1. Тоғыз ұлды үйлендіру.

2. Ер Төстіктің ағаларын іздеп шығуы

3. Ер Төстіктің дүниеге келуі.

4. Төстіктің жер астына түсуі.

5. Шойынқұлақ пен Ер Төстік.

6. Елге оралу.

7. Ерназардың Сорқұдықтың басына қонуы

8. Ер Төстік және оның адал достары.

Дұрысы

  1. Ер Төстіктің дүниеге келуі.

  2. Ер Төстіктің ағаларын іздеп шығуы

  3. Тоғыз ұлды үйлендіру.

  4. Ерназардың Сорқұдықтың басына қонуы

  5. Төстіктің жер астына түсуі.

  6. Ер Төстік және оның адал достары

  7. Шойынқұлақ пен Ер Төстік.

  8. Елге оралу.

Суретпен жұмыс

  • Ертегінің мазмұнына байланысты кім сурет салды? (Оқушыларды

сурет бойынша сөйлету)

  • Өздеріңе ұнаған эпизодқа байланысты көрініс қойыңдар

Кейіпкер бейнесі

  • Енді, балалар, ертегідегі кейіпкерлердің іс-әрекетін көрсету арқылы

оларға мінездеме берейік.

  • Ертегінің басты кейіпкері кім? Төстік ең алдымен қандай адам? (Батыр)

Оның батырлығын ертегінің қай тұсынан байқауға болады?

Топтастыру

resrt2


  • Ер Төстіктің көмекшілері кімдер? (Кенжекей, Шалқұйрық, Күңке, жер

астының өнерпаздары, жыландар)

  • Ертегіде қандай жағымсыз кейіпкерлер бар?

І топ – Кенжекейге

ІІ топ – Ер Төстікке

ІІІ топ – Мыстан кемпірге мінездеме беріңдер.

V «Кім көп біледі?» ойыны

Қазақ халқы өз елінің батырларын дәріптеп, ерлігіне сүйсініп, ойларын тұжырымдап көптеген мақал-мәтелдер шығарған. Сондай-ақ достықты да қадірлеуге шақырған. Ал жылқы малы - батырдың әрқашан серігі, астындағы көлігі. Ер Төстікке қиындықта серік болған қай жануар? Сондықтан І топқа дос туралы, ІІ топқа батыр туралы, ІІІ топқа жылқы малы туралы мақал-мәтел айту тапсырылады. Кім көп мақал айтады?

І. 1. Дос – ажарың, жолдас – базарың.

  1. Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады.

  1. Досы жоқ адам - тұзы жоқ тағам.

  2. Өз басыңды дауға берсең де

Жолдасыңды жауға берме.

ІІ. 1. Батыр туса - ел ырысы

Жаңбыр жауса – жер ырысы.

2. Ерлік білектен емес, жүректен.

3. Ердің екі сөйлегені – өлгені.

4. Қоянды қамыс өлтіреді,

Ерді намыс өлтіреді.

  1. Елін сүйген ер болар.

ІІІ. 1. Жылқы – малдың патшасы,

Түйе – малдың қасқасы.

  1. Жүйрік ат – бірде ат, бірде қанат.

  2. Жылқылы елде жау көп,

Жатақ елде дау көп.

  1. Жүйрікті кекіл қағысынан байқайды.

  2. Жүйрік атқа жел қамшы.

VІ. Бүгінгі өмірмен байланыс

  • Ертегі сендерге несімен ұнады?

  • Бұл ертегіден біз халықтың қандай арманын көре аламыз?

Өз елін қорғайтын батырдың болғанын қалады. Зұлымдықты әділеттік жеңетініне сенген. Жақсы өмірді аңсаған. Алысқа тез жетуді, ғажап күшті болуды, көкке ұшуды, жер астына түсіп, асыл қазынасын алып, пайдалануды армандаған. Сол армандарының бәрін осы ертегіден арқау еткен.

  • Ал қазіргі кезде сол халықтың арманы орындалды ма?

  • Төстіктің достары кімдер еді? Бұлар қазіргі кезде қандай техникаға сәйкес келеді?

  • Саққұлақ қазіргі кездегі не? – радио, телефон

  • Көреген қазіргі өмірдегі не? – ғаламтор, теледидар

  • Тыңшы – сөзді тыңдауға арналған арнайы құрылғылар

  • Көлтауысар - өрт сөндіретін техника

  • Таусоғар – бульдозер, кран

  • Қазіргі желаяқтар кімдер? (Ольга Шишигина)

  • Таусоғарлар бар ма? (Қажымұқан Мұңайтпасов)

ХХХ жазға олимпиада чемпиондары зіл темір көтерушілер: Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, т.б.

Қорыту

Сонымен, балалар, «Ер Төстік» ертегісі халық қиялынан, арманынан туған ертегі. Халықтың сол кездегі арманы бүгінгі таңда орындалып, біз бақытты өмір сүрудеміз. Сондай-ақ адам баласына қастандық жасаушылар қаншама күшті айлалы болса да, олар мақсаттарына жете алмайды. Оларды қарапайым адамдар, еңбек ерлері жеңеді. Яғни жауыздықты әрқашан жақсылық жеңеді деген идея бүгінгі күні де өз мәнін жойған жоқ.

Үйге тапсырма: «Халық арманынан туған кейіпкер» тақырыбына ойтолғау жазу.

Бағалау


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 14.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров990
Номер материала ДВ-338106
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх