Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / "Ер туса ерлігі,бірге туады"

"Ер туса ерлігі,бірге туады"

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

фоталар 80ж 009Ер туса, ерлігі бірге туады.

Разаев Айтқазы Семей облысы, Көкпекті ауданының «Оянбірлік» ауылында дүниеге келген. Осы ауылдағы «Оянбірлік» жеті жылдық мектебіндегі 147 баланың бірі болып, бес кластық білім алды. Еңбек жолын Шұғылбай ауылында бастаған. Ел басына күн туған ауыр шақта облыс, аудан, ауыл көлемінен әскер қатарына ер азаматтарды майданға шақырып, аттандырды. Ер азаматтар Отан қорғауға кеткен сәтте тылдағы еңбектің басым ауыртпашылығы әйелдерге, қарттарға, жастарға, жасөспірімдерге, балаларға түсті. Әскер қатарына жасы жетпеген Айтқазы атамыз Шұғылбай ауылында егістік даласында, мал қыстақтарында егін ору кезінде қиын жұмыстарды атқара жүріп майданға өз үлесін қосты.

1943 жылы 28 желтоқсанда Айтқазы атамыз Көкпекті военкоматынан әскер қатарына алынды. Алғашқы ұрысқа қатысуы бірінші Украинадан басталды. Сұрапыл соғыс кезінде майдангер жауынгер соғыстың қиыншылықтарымен ауыртпашылықтарын майдандас достарымен бірге көрді. Алғашқы «Мықты жауынгер» атты құттықтау қағазын бөлімше командирі И.Тарасов 1944 жылы тапсырды. Жауынгерлік борышын атқарған жерлес атамыз Польшаны азат етуге қатысады. Отанды қорғау абыройлы борышым деп санаған Айтқазы атамыздың нағыз патриот, жігерлі азамат екеніне марапат қағаздары мен медаль, ордендері дәлел. Әскери билетінде көрсетілген 1944 ж. (№ 1504281) «Ерлігі үшін» медальі мен (№2682204) « Қызыл жұлдыз» ордені, (№ 2654349) «Ерлігі үшін» медальдарының иегері. Соғыстан кейін әскери қызметін жалғастырып, 1949 жылы кіші сержант атағымен туған ауылына оралады. Ұлы Отан соғысының жеңісіне «30 жыл», «35 жыл» толу мерекелік медальдарымен т.б. осы сынды марапаттардың иегері. Туған ауылына келген атамыз өз отауын тігіп шаңырақ көтереді. Зайыбы Разаева Тыныштықпен 10 бала өсіріп тәрбиеледі. Соғыстан кейінгі жылдары Шұғылбай ауылындағы Тельман атындағы (қазіргі I.Жансүгіров) тоғызжылдық мектепте шаруа ісінің меңгерушісі қызметін атқарды. Ажалға кім қарсы тұрған? Ардагер атамыз 1980 жылы желтоқсан айында науқастанып дүние салды. Атамызды көрмесек те отты жылдар кезіндегі деректерге сүйене отырып, келешек ұрпақ, біздер зерттеп, ізденіс жұмыстарын жалғастырып келеміз. «Майдангердің басынан кешкен бір оқиғасы

Соңғы зеңбіректің үні өшкелі қашан? Ұлы Отан соғысының женіспен аяқталғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де жылдар жылжып ұрпақ

жаңарып жатса да, отты жылдар оқиғалары халық жадынан кетер емес.

Мен Тельман атындағы орта мектепте (қазіргі I.Жансүгіров) оқып жүргенде тарих пәнінің мұғалімі Көшкімбаева Бағи апайымыз әр жылы 9 мамыр күні Ұлы Жеңіске арналған кештер, кездесулер өткізетін. Сол кездерде ауылда соғыс ардагерлер бір шама болатын. Әзкенов Айдарбек, Ақтанов Қасымхан, Закиров Сабыр, Омарбеков Слям, Омарбеков Мауытқазы, Бәткенов Нұрғазы, Бахтин Көшербай, Шөмшеков Нұғыман, Разаев Айтқазы аталарымыз Ұлы Отан соғысы туралы естеліктер айтқан кезде, оқушылар отты жылдар әңгімелерін қызыға тыңдайтын. Өкінішке орай бүгінгі таңда ортамызға келіп жас ұрпаққа соғыс жайлы әңгіме айтар ауыл ортасында соғыс ардагерлері де қалмады.

Сол кездесулердің бірінде Разаев Айтқазы атамыз айтқан бір әңгімесі есімде қалыпты.«Құдай мені сақтады» деп әңгімесін бастады. «Соғыстың күшті жүріп жатқан кезі болатын, неміс басқыншылары үздіксіз өз қарулы күштерінің арқасында кеңес әскерін соғыс өртіне тұншықтырып отырды. Орманда біздің бөлімше осы соғысқа қарсы күрес жүргізді. Түс мезгілі өтіп кетсе де ауқаттанып алуға әредік те болмады. Біраз тыныштық бола қалғанда жерге картоп пісіріп жеуге кірістік.

Шаршаған ағаларым, достарым ең жасымыз сен деп көмілген картопты әкелуге жіберетін. Үлкенді сыйлап өскен халықпыз ғой, әйтеуір жұмсаса жүгіре жөнелетінмін. Кенеттен әуеде әскери самолеттер қаптап, оқ жаудырды. Картопты алып жүгіріп келсем жаудың бомбасы менің достарымның барлығын жалмап үлгеріпті. Айдалада жалғыз қалған мен қатты қайғырып, жылағаным әлі есімде деп аяқтады».

Сол кезде соғыс ардагерлері біздің көргенімізді сендерге бермесін, тек елде тыныштық, бейбітшілік болсын деп баталары мен тілектерін жаудыратын.

Қызы Галя Айтқазықызының әңгімесі

Әкем екінші дүние жүзілік соғысқа қатысып, өз халқының бостандығы үшін талай ерлік істер жасады. Бірақ ол ерліктері мен сұрапыл соғыс жайлы айтқанды ұнатпайтын. Ондай соғыс балаларымның басына қайтып келмесін деп отыратын.

Әкеміз бейбіт өмірден кейінгі аз ғұмырын еңбек ету мен балаларын тәрбиелеп өсіруге арнады. Ол өз жұмысын ұнататын. Жұмысына бар ынта жігерімен кірісіп, тыңғылықты да, таза істейтін. Өзгеден де соны талап ететін. Мінезі қатал, талапшыл болды. Үйді таза ұстауды, таза жүруді, еңбек етуді әкемізден үйрендік. Ол кісінің тағы да бір мінезі дейін бе, әлде әдеті ме екен? Түскі асты 12 00 , де кешкі тамақты 19 00 де бір мезгілде ішетін. Осы әдетінен бір айныған емес. Тамақ ішіп отырып сөйлемейтінбіз, не мына тамақты ішпеймін деп мінез де көрсетпейтінбіз. Өйткені әкеміз ондай қылығымызды ұнатпайтын «Сөйлеп отырып ішкен тамақ, ас болмайды»- дейтін. Шешемізге «Тамағың дәмді болды» деп алғысын білдіріп отыратын. Балаларымның бәрі білімді болса деп армандайтын. Әсіресе қыздарым оқысын, кейін өз тамағын, киімін тауып кисін. Біреудің қолына телмірмесін деп, мені мұғалімдік оқуға өзі апарып түсірген. Менен кейінгі сіңілілерімді дәрігерлік оқуға түсірген. Басқа балалары да оқыды. Әкемнің арманы орындалды деп ойлаймын.

Байжұманов Кәйкен Жәкежанқызының әңгімесінен

Мен 1948-49 жылдары Телман атындағы сегіз жылдық мектепте 36 жыл жұмыс істедім. 1985 жылы 24 тамызда құрметті демалысқа шықтым.

Разаев Айтқазымен 1949 жылдан бастап 36 жыл бірге қызмет істедім. Айтқазы мектепте есепші қызметін атқарды. Біраз жылдардан кейін осы мектепте шаруашылық бөлімін басқарды. Ол кезде мектеп директоры Байжұманов Жұмағали болған.

Айтқазы алғаш солдаттан келгенде үстінде сұр шинелі бар, кеудесі медальдарға толы, дәл есімде жоқ майор ма, лейтенант па, әлде кіші сержант па, әйтеуір киіміне қарағанда шенді біреу секілді болып маған көрінді.

Айтқазы бізге соғыс жайлы әңгімені көп айтатын. Соғыс кезінде әсіресе судың тапшы болғанын, шөлдің қанбайтындығын көп айтатын.

Мінезі өте жайдары, қалжыңбас, бірақ жұмыс бабында қатал, өз ісіне тиянақты болды.

РАЗАЙҰЛЫ АЙТҚАЗЫНЫҢ АНАСЫНА ХАТЫ


1)Қолыма алдым қаламды,

Сағынып асыл анамды.

Сәлем жолдап отырмын,

Таңып қойып жарамды.

Жарадан бастап сөзімді,

Қорқытып сізді алдым ба?

Лүпілдеп тұрған сезімге,

Оқыста ақау салдым ба?

Кешір мені, анашым,

Кір түспесін көңілге.

Балаңның болған жарасы,

Қауіпті емес өмірге.

Аластады жау оғын,

Советтік озық дәрігер.

2)Жауынгерді қорғайды,

Жандары болып әбігер.

Апта ма, ай бола ма,

Сауығып әбден шығармын.

Құртуға жауды біржола,

Қатысуға құмармын.

Ақырғы жеңіс, шаттық күн-

Әр жауынгер тілегі.

Дұшпанды қуу күндіз- түн,

Зор міндет деп біледі.

Ажал бізді қоршаған,

Сан кездестім бетпе-бет.

Айлакер, зұлым болса да,

Алдырмадым жекпе- жек.

Санасында жауынгер,


Ажалдан күшті ұят бар.

Партия берген күш-жігер,

3)Таусылмайтын қуат бар.

Сан ерлікті жасалған,

Естіп жатқан боларсыз.

Қан төгісте жиһангер

Келмейді жеңіс оларсыз.

Денемен жапты пулемёт,

Матросов құрбымыз.

Неткен ерлік керемет,

Аламыз одан үлгі біз.

Берілгендік Отанға,

Кіршіксіз сүю өз елін.

Жауға деген ыза-кек,

Өртейді ерлер өзегін. Жауынгерлік берген ант,

Жібермеске кезегін.

Керек болса жан пида,

Халқым үшін таза едім

Жеңеміз фашист залымды,

Оған кәміл сенеміз.

4)Партия серті нанымды,

Бостандық алар еліміз.

Мені ойлап көп босама,

Көппен көрген ұлы той.

Балаң дара болса да,

Миллиондардың бірі ғой.

Жыламаңыз, анашым,

Жамандыққа жорыма.

Жұрт серпіліп қарасын,

Амандыққа жоры да,

Гүл егіп қой жолыма!


Калинин обл.Бежецк қаласы. № Қаңтар.1944жыл 3336 госпиталь.

.

Осы өлең жолдары құдайдың құлағына шалынды ма? Соғыстан кейінгі жылдары туған ауылына оралып, өмірін еңбекпен ұштастыра отырып, отбасын құрып, бала тәрбиелеп ауылымыздың ардақты азаматтарының бірі болды.

Разаев Айтқазының марапаттары.




фоталар 80ж 012фоталар 80ж 013фоталар 80ж 016

C:\Users\hp1\Desktop\Айтқазы ата\001 (2).jpgфоталар 80ж 015фоталар 80ж 014

C:\Users\hp1\Desktop\Айтқазы ата\001.jpgC:\Users\hp1\Desktop\Айтқазы ата\003 (3).jpgC:\Users\hp1\Desktop\Айтқазы ата\002 (3).jpgC:\Users\hp1\Desktop\Айтқазы ата\001 (10).jpgC:\Users\hp1\Desktop\Айтқазы ата\1 001 (2).jpgC:\Users\hp1\Desktop\Айтқазы ата\008.jpg



C:\Users\hp1\Desktop\Айтқазы ата\001 (6).jpgC:\Users\hp1\Desktop\Айтқазы ата\001 (7).jpgC:\Users\hp1\Desktop\Айтқазы ата\1 001.jpgC:\Users\hp1\Desktop\Айтқазы ата\001 (9).jpgC:\Users\hp1\Desktop\Айтқазы ата\002.jpgC:\Users\hp1\Desktop\Айтқазы ата\007.jpg

ШҚО

Көкпекті ауданы

Шұғылбай ауылы

Валиханова №1

«І.Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ

Рабочи-872348-20-525, Директор-87234820520

Vko_jansugurov_@mail.ru
















































Автор
Дата добавления 09.02.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров78
Номер материала ДВ-431836
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх