Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Ересек адамдардың сауатсыздығын жою

Ересек адамдардың сауатсыздығын жою

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ересек адамдардың саутсыздығын жою.
Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға 20 - ғасырдың 20 - 30 жылдардағы Қазақстан мәдениетінің жай - күйі туралы жан - жақты мағлұматтар беру.

Дамытушылық: Тарихи оқиғалар мен үдерістердің дамуын тарихи - әдеби деректер арқылы баяндатып оқушыларда өткенге ғылыми көзқарас қалыптастыру, салыстыра алу, талдай білу, пікірін білдіру қабілеттерін дамыту. Тарихи таным - түсініктерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың бойында өз Отанына, халқына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыра отырып, патриоттыққа, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақ типі: Сын тұрғысынан дамыта оқыту

Пән аралық байланыс: Адам және қоғам, әдебиет, география

Өмірмен байланыс: ҚР - ның Президентінің 2050 бағдарламасы мен 2013 және 2014 - жылғы Жолдаулары.

Көрнекілігі: фотосуреттер, Қазақстанның 20 - 30 жылдардағы картасы.

Әдіс - тәсілдер: Топпен жұмыс, сәйкестендіру, Венн диаграммасы, ассосация жекелей, фронтальді, жартылай ізденушілік, шығармашылық, сұрақ - жауап, проблемалық, оқулықпен жұмыс, эссе жазу, Т – кестесі
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру: Сәлемдесу, сыныпты түгендеу, сыныпты топқа бөлу

1 - «Қызығушылықты ояту»

2. Үй тапсырмасын тексеру: «Ой қозғау»

Қазақстанның 20 - 30 жылдардағы қоғамдық – саяси өмірі.

20 - жылдардағы қоғамдық – саяси өмірдің сипаты, республикада

партия мен комсомолдың орталық органдарының құрылуы.

Ауылдық жерде мәдени - ағарту жұмыстарының өрістеуі.

Қазақ АКСР - інің одақтас республика болып құрылуы.

Өткенді қайталау: өткен тақырыптар бойынша тест жұмысын алу.

1. «20 - ғасыр басында қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» - деген пікірді кім айтты? (А. Байтұрсынұлы)
2. «Түрксіб» темір жол құрылысы қай жылы басталды? (1927 – жылы)
3. Орал - Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик? (Губкин)

4. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясын ашқан ақын? (Жамбыл Жабаев)
5. 1924 - 1929 жж. Қазақстанның астанасы қай қала? (Қызылорда)



Жаңа сабаққа даярлық: Үй жұмысын жаңа тақырыппен байланыстыра отырып, сабақтың мақсатын оқушыларға таныстырып өту.

5. Жаңа сабақ: 1920 – 1930 - жылдардағы Қазақстан мәдениеті

Жоспар:
1. Ересек адамдардың сауатсыздығын жою.
2. Халық ағарту ісінің дамуы.
3. Кәсіптік білім берудің жайы.
4. Ғылыми – зерттеу жұмыстарының дамуы.
5. Әдебиеттің дамуы.
6. Қазақ өнерінің гүлденуі.
7. Мәдениетті дамыту жолында кездескен қиындықтар мен нәубеттер.
2 тақырыпшадан топтарға бөліп беру. Сұрақтар беру арқылы қорыту.
1. 20 - 30 жж. әдебиеттің дамуына үлесін қосқан қайраткерлер мен олардың жарық көрген еңбектері
2. 20 - жылдардың аяқ кезінде әдебиетке келіп қосылған жастар:
3. Аудармалар; Халық ақындары, олардың жырына арқау болған тақырыптар; басқа
ұлттар әдебиеті
4. “Қазақтың 1000 әні” еңбегінің авторы?
5. 1925 - ж. Парижде өзінің орындаушылық шеберлігімен көзге түскен қазақ әншісі?
6. Сандар сөйлейді: 1926 - ж., 1933 - ж., 1937., 1938 - ж.
1. 20 - ж. басында техникумдар не үшін ашылды?
2. Сандар сөйлейді: 1928 - ж, 1931 - 32ж, 1929, 1930ж.
3. Қазіргі әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті қай жылы ашылды?
4. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанда қандай, қанша оқу орны жұмыс істеді?
5. КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасы қай жылы құрылды?
6. Қазақстандағы ғылыми зерттеулер мен ғалымдардың еңбегі?Жалпы сыныпқа бейне сұрақ: Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың Қазақстан ғылымында алатын орны ерекше. Ғалымға қай жылы, қоғамға сіңірген еңбегі үшін Лениндік сыйлық берілді? Және ол құрастырып шығарған орта мектепке арналған алғашқы оқулық қандай оқулық?
1. Сандар сөйлейді: 1924 - ж, 1928 - ж, 1931 - ж, 1939 - ж.
2. Ең алдымен кімдердің арасында сауатсыздықты жою қажеттігі туындады? Ол не үшін қажет болды?
3. Халық ағарту ісінде қандай Заң іске асырылды?
4. Қазақ мектептерін дамытуға үлес қосқан қазақ ғалымдары, мемлекет қайраткерлері:
5. Қазақ тілді мектептерден басқа қандай мектептер жұмыс істеді?
6. 30 - жылдардың екінші жартысынан бастап халық ағарту жұмысы ілгері басты. Неліктен?
Білім беру жүйесінде балаларға білім беретін мектептер қандай сатылардан тұрды?
6. Бекіту:
20 - ғасырдың 20 - 30 жылдардағы мәдениет пен 21 - ғасыр басындағы қазіргі кездегі мәдениетпен салыстыру жасау. Өз өлкеміздің мәдениетіне де тоқталып өту
Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасы бойынша Қазақстан халқына Жолдауының «2030 Қазақстан мұраты» бөлімі бойынша бір ғасыр аралығындағы жағдайды салыстыра отырып, өз ойларын айту (1930 - 2030 жж.)
7. Қорытынды:
8. Үйге тапсырма беру: қосымша деректерді оқу, даталарды жаттау, дәптерге “Т” кестесін орындау.
9. Бағалау.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 01.03.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров289
Номер материала ДВ-498186
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх